3. Осы баптың бірінші бөлігінде белгіленген талаптар орындалмаған жағдайда, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізу осы Кодексте көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.
898-бап. Айыппұл салу туралы қаулыны орындау бойынша iс жүргiзудi аяқтау
Айыппұл толық өндіріп алынған айыппұл салу туралы қаулы орындалғаны туралы белгi соғылып, қаулы шығарған органға (лауазымды адамға) қайтарылады.
899-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау құралы не нысанасы болған нәрсені, сол сияқты әкімшілік құқық бұзушылық жасау нәтижесінде алынған мүлікті тәркілеу туралы қаулыны орындау
1. Судьяның әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаудың құралы не нысанасы болған нәрсені, сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылық жасау нәтижесінде алынған мүлікті, оның ішінде кірістерді (дивидендтерді), ақша мен бағалы қағаздарды тәркілеу туралы қаулысын заңнамада көзделген тәртіппен - сот орындаушысы, ал қаруды, оқ-дәрiлерді, арнаулы жедел-iздестiру iс-шараларын жүргiзуге арналған арнаулы техникалық құралдар мен ақпаратты қорғаудың криптографиялық құралдарын және есірткі заттарын тәркілеу туралы қаулысын iшкi iстер органы орындайды.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаудың құралы не нысанасы болған тәркіленген нәрсені өткізу немесе одан әрі пайдалану Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен жүргiзiледi.
900-бап. Арнайы құқықтан айыру туралы қаулыны орындайтын органдар
1. Тракторларды, өздiгiнен жүретiн машиналар мен техниканың басқа да түрлерiн қоспағанда, көлiк құралдарын басқару құқығынан айыру туралы судьяның қаулысын iшкi iстер органдарының лауазымды адамдары орындайды.
2. Тракторды, өздiгiнен жүретiн машинаны немесе техниканың басқа да түрлерiн басқару құқығынан айыру туралы судьяның қаулысын өздiгiнен жүретiн машиналар мен техниканың басқа да түрлерiнiң техникалық жай-күйiне мемлекеттiк қадағалауды жүзеге асыратын органдардың лауазымды адамдары орындайды.
3. Кемелердi, оның iшiнде шағын көлемдi кемелердi басқару құқығынан айыру туралы судьяның қаулысын кемелердi, оның iшiнде шағын көлемдi кемелердi пайдалану қағидаларының сақталуына мемлекеттiк қадағалауды жүзеге асыратын органдардың лауазымды адамдары орындайды.
4. 2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
5. Аң аулау құқығынан айыру туралы судьяның қаулысын аң аулау қағидаларының сақталуына мемлекеттiк қадағалауды жүзеге асыратын органдардың лауазымды адамдары орындайды.
6. Қаруды алып жүру және сақтау құқығынан айыру туралы соттың қаулысын iшкi iстер органдарының лауазымды адамдары орындайды.
901-бап. Арнайы құқықтан айыру туралы қаулыны орындау тәртiбi
1. Көлiк құралдарын, кемелердi немесе техниканың өзге де түрлерiн басқару құқығынан айыру туралы қаулыны орындау, егер жүргiзушi, кеме жүргiзушiсi немесе тракторшы-машинист (тракторшы) көлiк құралдарының, кемелердiң (оның iшiнде шағын көлемдi кемелердiң) және басқа да техниканың барлық түрлерiн басқару құқығынан айырылған болса, тиiстi жүргiзушi куәлiгiн, кемелердi, оның iшiнде шағын көлемдi кемелердi басқару құқығына куәлiктi немесе тракторшы-машинист (тракторшы) куәлiгiн алып қою арқылы жүргiзiледi.
2. Егер жүргiзушi, кеме жүргiзушiсi немесе тракторшы-машинист (тракторшы) көлiк құралдарының, кемелердiң, оның iшiнде шағын көлемдi кемелердiң немесе өзге де техниканың барлық түрлерiн басқару құқығынан айырылмаған болса, онда жүргiзушi куәлiгiнде, шағын көлемдi кеменi басқару құқығына куәлiкте немесе тракторшы-машинист (тракторшы) куәлiгiнде олардың көлiк құралдарының, шағын көлемдi кемелердiң, өздiгiнен жүретiн құрылғылардың қандай түрлерiн басқару құқығынан айырылғаны туралы атап көрсетіледі.
3. Көлiк құралдарын немесе кемені басқару құқығына куәлiктi алып қою тәртiбiн уәкiлеттi орган белгiлейдi.
4. Көлiк құралдарын, кеменi басқару құқығынан не тракторды немесе өзге де өздiгiнен жүретiн машинаны басқару құқығынан айырылған жүргiзушi (кеме жүргiзушiсi) немесе тракторшы-машинист (тракторшы) жүргiзушi куәлiгiн, кеме басқару құқығына куәлiктi немесе тракторшы-машинист (тракторшы) куәлiгiн тапсырудан жалтарған жағдайда, iшкi iстер органдары, кемелердi, оның iшiнде шағын көлемдi кемелердi пайдалану қағидаларының сақталуына мемлекеттiк қадағалауды жүзеге асыратын органдар, сондай-ақ өздiгiнен жүретiн машиналар мен техниканың басқа да түрлерінің техникалық жай-күйiне мемлекеттiк қадағалауды жүзеге асыратын органдар белгiленген тәртiппен жүргiзушi куәлiгiн, кеме басқару құқығына куәлiктi немесе тракторшы-машинист (тракторшы) куәлiгiн алып қоюды жүргізеді.
5. Әкiмшiлiк жазаның осы түрi қолданылған адамға арнайы құқығынан айыру мерзiмi өткеннен кейiн алып қойылған құжаттары белгiленген тәртiппен қайтарылады.
902-бап. Аң аулау құқығынан айыру туралы қаулыны орындау тәртiбi
1. Аң аулау құқығынан айыру туралы қаулыны орындау аңшылық билеттi алып қою арқылы жүргізіледі.
2. Аң аулау құқығынан айырылған тұлға аңшылық билетiн тапсырудан жалтарған жағдайда, аңшылық билетті алып қоюды аң аулау қағидаларының сақталуына мемлекеттiк қадағалауды жүзеге асыратын органдар белгiленген тәртiппен жүргізеді.
903-бап. 2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
904-бап. Қаруды алып жүру және сақтау құқығынан айыру туралы қаулыны орындау тәртiбi
Қаруды алып жүру және сақтау құқығынан айыру туралы қаулыны орындау iшкi iстер органдарының тиiстi куәлiкті және қаруды заңнамада көзделген тәртiппен алып қоюы арқылы жүргізіледі.
905-бап. Рұқсаттан айыру не оның қолданылуын тоқтата тұру туралы қаулыны орындау
Жеке тұлғаны, дара кәсiпкердi немесе заңды тұлғаны рұқсаттан айыру не оның қолданылуын тоқтата тұру туралы қаулы осы Кодексте және рұқсаттар мен хабарламалар туралы заңнамада белгiленген тәртiппен орындалады.
906-бап. Рұқсаттан айыру не оның қолданылуын тоқтата тұру туралы қаулыны орындайтын органдар
Жеке тұлғаны, дара кәсiпкердi немесе заңды тұлғаны рұқсаттан айыру не оның қолданылуын тоқтата тұру туралы қаулыны рұқсат берген органдардың лауазымды адамдары орындайды.
907-бап. Рұқсаттан айыру не оның қолданылуын тоқтата тұру туралы қаулыны орындау тәртiбi
1. Жеке тұлғаны, дара кәсiпкердi немесе заңды тұлғаны рұқсаттан айыру туралы қаулыны орындау рұқсатты алып қою және (немесе) рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімінен рұқсатты алып тастау арқылы жүргізіледі.
2. Жеке тұлға, дара кәсiпкер немесе заңды тұлға рұқсатты тапсырудан жалтарған жағдайда, рұқсат берген орган - рұқсатты алып қою және рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімінен рұқсатты алып тастау үшін заңнамада көзделген шараларды қолданады.
908-бап. Рұқсаттан айыру не оның қолданылуын тоқтата тұру мерзiмдерiн есептеу
1. Рұқсаттан айыру не оның қолданылуын тоқтата тұру мерзімі рұқсаттан айыру (қолданылуын тоқтата тұру) туралы қаулы заңды күшiне енген күннен бастап есептеледi.
2. Белгiлi бiр қызмет түрiне рұқсаттан айыру мерзiмi өткеннен кейiн әкiмшiлiк жазаның осы шарасы қолданылған тұлға лицензияны заңнамада белгiленген тәртiппен алады.
Рұқсаттың қолданылуын тоқтата тұру мерзiмi өткеннен кейiн әкiмшiлiк жазаның осы шарасы қолданылған тұлғаға алынып қойылған рұқсат белгiленген тәртiппен қайтарылады.
3. Рұқсаттың қолданылуы әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулыда көрсетілген күннен бастап және сонда көрсетiлген мерзiмге тоқтатыла тұрады.
909-бап. Қызметтi тоқтата тұру не оған тыйым салу туралы қаулыны орындау
1. Заңды тұлғаның немесе дара кәсiпкердiң қызметiн тоқтата тұру не оған тыйым салу түрiнде әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулыны судья шығарады және шешiм заңды күшiне енгеннен кейін заңды тұлғаның құрылтайшысы немесе дара кәсiпкер дереу орындауға тиiс.
2. Өміріне және денсаулығына келтірілген зиянды өтеу, алименттерді өндіріп алу бойынша, еңбек шарты бойынша жұмыс істейтін тұлғалардың еңбегіне ақы мен өтемақы төлеу, әлеуметтік аударымдар, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша, айыппұлдарды төлеу бойынша төлемдерді қоспағанда, заңды тұлғаның және дара кәсiпкердiң қызметi тоқтатыла тұрған кезеңде олардың банк шоттарындағы ақшаларын пайдалану құқығы тоқтатыла тұрады. Қоғамдық бiрлестiктiң қызметi тоқтатыла тұрған кезеңде оған бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалануға, үгiт және насихат жүргiзуге, митингiлер, демонстрациялар және басқа да бұқаралық іс-шараларды өткiзуге, сайлауға қатысуға тыйым салынады. Егер қызметiн тоқтата тұрудың белгiленген мерзiмі iшiнде қоғамдық бiрлестiк бұзушылықты жойса, онда қаулыда көрсетілген мерзiм өткеннен кейiн қоғамдық бiрлестiк өз қызметiн қайта бастайды.
3. Заңды тұлға құрылтайшысы (басқарушы орган, лауазымды адам) немесе дара кәсiпкер олардың қызметiн тоқтата тұру не оған тыйым салу түрiндегi судья қолданған әкiмшiлiк жазаны өз еркiмен орындамаған жағдайда, қаулыны уәкiлеттi орган атқарушылық iс жүргiзу тәртiбiмен орындайды.
910-бап. Қызметті тоқтата тұру не оған тыйым салу туралы қаулыны орындау тәртiбi
1. Уәкiлеттi лауазымды адам ұйымдардың, жекелеген өндiрiстердiң жұмысын iшiнара немесе толық тоқтата тұрады, ғимараттарды, құрылыстарды, жекелеген үй-жайларды, қоймаларды, электр желiлерiн, жылыту аспаптарын пайдалануға тыйым салады.
2. Заңды тұлғаларды тiркеудi жүзеге асыратын орган заңды тұлғаның қызметiне тыйым салу (тарату) туралы шешiмдi ала отырып, заңнамада көзделген қызметке тыйым салу (тарату) тәртiбiнiң сақталуын тексередi және он тәулік iшiнде заңды тұлға қызметiнiң тоқтатылғанын тiркейді, бұл жөнінде мемлекеттiк статистика саласындағы уәкілетті органға хабарланады.
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 910-1-баппен толықтырылды
910-1-бап. Рұқсаттың (оның жекелеген кіші түрінің) қолданысын тоқтата тұру туралы қаулыны, сондай-ақ қызметті немесе оның жекелеген түрлерін тоқтата тұру туралы қаулыны тоқтату
1. Жазаны тағайындау үшін негіз болған мән-жайлардың жойылғаны анықталған жағдайларда, тиісті жазаны қолданған судья, уәкілетті орган (лауазымды адам) рұқсаттың (оның жекелеген кіші түрінің) қолданысын тоқтата тұру туралы қаулыны, сондай-ақ осы Кодекстің 187 (бірінші және төртінші бөліктерінде), 191 (бірінші бөлігінде), 281 (үшінші бөлігінде), 282 (бесінші және он екінші бөліктерінде), 333 (екінші бөлігінде), 427 (бірінші бөлігінде), 445 (бірінші, екінші, үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы және оныншы бөліктерінде), 445-1 (бірінші, екінші, үшінші және төртінші бөліктерінде), 462 (үшінші бөлігінде), 464 (бірінші бөлігінде), 485-1 (бірінші бөлігінде), 489-1 (екінші бөлігінде), 604 (екінші бөлігінде)-баптарында көзделген қызметті немесе оның жекелеген түрлерін тоқтата тұру туралы қаулыны орындауды әкімшілік жауаптылыққа тартылған тұлғаның немесе оның өкілінің (заңды өкілінің) өтінішхаты негізінде мерзімінен бұрын тоқтата алады.
2. Рұқсаттың (оның жекелеген кіші түрінің) қолданысын тоқтата тұру, сондай-ақ қызметті немесе оның жекелеген түрлерін тоқтата тұру түріндегі әкімшілік жаза қолданған сот, орган (лауазымды адам) өтінішхат келіп түскен күні екі тәулік ішінде осы Кодекстің 804-бабына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманы жасауға уәкілеттік берілген лауазымды адамға бұзушылықтардың жойылғаны жөнінде қорытындыны беру туралы сауал жібереді.
3. Тиісті сауал келіп түскен кезде қорытынды дайындау мақсатында лауазымды адам осы баптың бірінші бөлігінде көзделген әкімшілік жаза қолдануға негіз болған мән-жайлардың жойылуын тексереді.
Қорытынды сауалды алған кезден бастап бес тәулік ішінде жазбаша нысанда беріледі.
Аталған қорытынды сот, орган (лауазымды адам) үшін міндетті болып табылмайды, бірақ қорытындымен келіспеушілік уәжді болуы тиіс.
4. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген әкімшілік жазаны қолданған сот, орган (лауазымды адам) өтінішхатты осы Кодекстің 44-тарауында көзделген тәртіппен өтінішхат келіп түскен күннен бастап он тәулік ішінде қарайды. Бұл ретте әкімшілік жауаптылыққа тартылған адам немесе оның өкілі (заңды өкілі) өтінішхатты қарауға қатысу үшін шақырылады, олар түсініктеме беруге және құжаттар ұсынуға құқылы.
5. Ұсынылған құжаттарды зерттегеннен кейін сот, орган (лауазымды адам) өтінішхатты қанағаттандыру немесе оны қанағаттандырудан бас тарту туралы қаулы шығарады.
6. Рұқсаттың (оның жекелеген кіші түрінің) қолданысын тоқтата тұру, сондай-ақ қызметті немесе оның жекелеген түрлерін тоқтата тұру түріндегі әкімшілік жазаны орындауды мерзімінен бұрын тоқтату туралы қаулыда осы Кодекстің 822-бабында көзделген мәліметтер, сондай-ақ рұқсаттың (оның жекелеген кіші түрінің) қолданысын қайта бастау не бұрын тоқтатыла тұрған қызметті қайта бастау күні көрсетіледі.
7. Рұқсаттың (оның жекелеген кіші түрінің) қолданысын тоқтата тұру, сондай-ақ қызметті немесе оның жекелеген түрін тоқтата тұру түріндегі әкімшілік жазаны орындауды мерзімінен бұрын тоқтату туралы өтінішхатты қанағаттандырудан бас тарту туралы қаулы шағым жасауға жатпайды.
911-бап. Құрылысты мәжбүрлеп бұзу туралы қаулыны орындау
1. Заңсыз тұрғызылып жатқан немесе тұрғызылған құрылысты мәжбүрлеп бұзу туралы соттың қаулысын өзiне қатысты осы әкiмшiлiк жаза шығарылған тұлға орындайды.
2. Заңсыз тұрғызылып жатқан немесе тұрғызылған құрылысты мәжбүрлеп бұзу түрiнде сот қолданған әкiмшiлiк жаза өз еркiмен орындалмаған жағдайда, қаулыны уәкiлеттi орган атқарушылық iс жүргiзу тәртiбiмен орындайды.
912-бап. Құрылысты мәжбүрлеп бұзу туралы қаулыны орындау бойынша шығыстар
Заңсыз тұрғызылып жатқан немесе тұрғызылған құрылысты мәжбүрлеп бұзып тастау құқық бұзушының есебiнен жүзеге асырылады.
913-бап. Әкiмшiлiк қамаққа алу туралы қаулыны орындау
1. Судьяның қамаққа алу туралы қаулысын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен iшкi iстер органдары және әскери полиция органдары орындайды.
2. Әкiмшiлiк қамаққа алынған тұлғалар iшкi iстер органдары айқындайтын орындарда күзетпен ұсталады. Әкiмшiлiк қамаққа алу туралы қаулыны орындау кезiнде қамаққа алынғандардың жеке басы жете тексеріледі.
Әскери қызметшiлер әкiмшiлiк қамаққа алуды гауптвахталарда өтейдi.
3. Әкiмшiлiк қамаққа алу жазасын өтеу Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген қағидалар бойынша жүргізіледі.
914-бап. Әкiмшiлiк қамаққа алу жазасын өтеуден жалтару салдары
Егер әкiмшiлiк қамаққа алынған тұлға әкiмшiлiк қамаққа алу мерзiмi өткенге дейiн оны өтейтiн орынды өз бетiмен тастап кетсе, өтеген мерзімі судьяның қаулысымен әкімшілік қамаққа алу мерзiмiне толық немесе iшiнара есептелмеуi мүмкiн. Бұл ретте судья әкiмшiлiк қамаққа алуды өтеу мерзiмiнiң басталуын жаңадан белгiлейдi.
915-бап. Мүлiктiк залалды өтеу бөлiгiнде қаулыны орындау
Осы Кодекстiң 59-бабына сәйкес өндiрiп алуға жататын мүлiктiк залалды өтеу бөлiгiнде әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулы заңнамада белгiленген тәртiппен орындалады.
916-бап. Шетелдiктерді және азаматтығы жоқ адамдарды Қазақстан Республикасынан әкiмшiлiк жолмен шығарып жiберу туралы қаулыны орындау
1. Шетелдiктердi немесе азаматтығы жоқ адамдарды Қазақстан Республикасынан әкiмшiлiк жолмен шығарып жiберу туралы қаулыны орындау Қазақстан Республикасынан шығарып жiберiлетiн адамға бақылау жасала отырып, өздігінен кетуi арқылы жүргiзiледi.
Шығарып жіберу бойынша шығыстарды шығарып жіберілетін заңсыз көшіп келушілер, көшіп келушіні Қазақстан Республикасына шақырған жеке немесе заңды тұлғалар көтереді. Аталған адамдардың шығарып жіберу бойынша шығыстарды жабуға қаражаты болмаған не жеткіліксіз болған жағдайларда, тиісті іс-шараларды қаржыландыру бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі.
Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес, осы адамдарды жеткізген көлік ұйымы келу құқығынсыз келген адамдарды Қазақстан Республикасының аумағынан әкету үшін жауапты болып табылады.
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 2-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Шығарып жіберу туралы сот шешімін орындамаған және шешімде көрсетілген мерзімде Қазақстан Республикасының аумағынан кетпеген адам заңнамада белгіленген тәртіппен шығарып жіберілуге жатады.
3. Егер шығарып жiберiлетiн адамды шет мемлекеттің өкiлiне беру Қазақстан Республикасының аталған мемлекетпен шартында көзделмесе, шығарып жiберу Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі айқындайтын орында жүзеге асырылады.
4. Егер шығарып жiберу Қазақстан Республикасының аталған мемлекетпен шартында көзделсе, шетелдiктердi немесе азаматтығы жоқ адамдарды Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы арқылы өткiзу пунктінен шығарып жiберу туралы аумағына (аумағы арқылы) аталған адам шығарып жiберiлетiн шет мемлекеттiң билігi хабардар етiледi.
5. Әкiмшiлiк жолмен шығарып жiберу туралы қаулыны орындау екiжақты немесе бiржақты акт түрiнде ресiмделедi.
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 917-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
917-бап. Шетелдiктерді және азаматтығы жоқ адамдарды Қазақстан Республикасынан әкiмшiлiк жолмен шығарып жiберу туралы қаулыны орындауды жүзеге асыратын органдар
Шетелдiктерді немесе азаматтығы жоқ адамдарды Қазақстан Республикасынан әкiмшiлiк жолмен шығарып жiберу туралы қаулыны мыналар орындайды:
1) осы Кодекстiң 510 (төртінші бөлігінде), 513 (екiншi бөлігінде), 514 (екінші бөлігінде), 516 (екінші бөлігінде), 517 (екінші, төртінші, алтыншы, жетінші бөліктерінде)-баптарында көзделген құқық бұзушылықтар жасалған кезде - Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметi;
2) осы Кодекстiң 109, 449 (үшінші бөлігінде), 490 (үшінші, жетінші бөліктерінде), 495 (екінші бөлігінде), 496 (екінші және үшінші бөліктерінде), 510 (төртінші бөлігінде), 517 (екінші, төртінші, бесінші бөліктерінде)-баптарында көзделген құқық бұзушылықтар жасалған кезде -iшкi iстер органдары.
918-бап. Жол жүрiсi қағидаларын бiлудi тексеру туралы қаулыны орындау
Жол жүрiсi қағидаларын бiлудi тексеру туралы қаулыны заңнамада белгiленген тәртiппен ішкi iстер органдары орындайды.
2016.22.12. № 28-VI ҚР Заңымен 918-1-баппен толықтырылды
918-1-бап. Қаруды қауіпсіз ұстау қағидаларын білуін тексеру туралы қаулыны орындау
Қаруды қауіпсіз ұстау қағидаларын білуін тексеру туралы қаулыны Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ішкі істер органдары орындайды.
53-тарау. Қорытынды ережелер
2015.31.10. № 378-V ҚР Заңымен 919-бап жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
919-бап. Осы Кодексті қолдану тәртібі
1. Осы Кодекс қолданысқа енгізілгенге дейін әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға уәкілеттік берілген сот, органдар (лауазымды адамдар) шығарған және орындалмаған әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулылар, әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы заң әкімшілік құқық бұзушылық үшін жауаптылықты жеңілдететін немесе күшін жоятын не әкімшілік құқық бұзушылық жасаған тұлғаның жағдайын өзгеше жолмен жақсартатын жағдайда заңның кері күшін белгілейтін осы Кодекстің 5-бабына оларды сәйкес келтіру мақсатында қайта қаралуға жатады. Бұрын шығарылған қаулыларды қайта қарауды өзіне қатысты қаулы шығарылған тұлғаның арызы бойынша қаулы шығарған сот судьясы, органның лауазымды адамы жүргізеді.
2. 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін шығарылған сот актілеріне осы Кодексте белгіленген тәртіппен шағым жасалуы, наразылық келтірілуі мүмкін.
2016.08.04. № 491-V ҚР Заңымен 919-1-баппен толықтырылды
919-1-бап. Осы Кодекстің бабының қолданысын тоқтата тұру
Осы Кодекстің 329-бабының қолданысы 2018 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын.
920-бап. Осы Кодексті қолданысқа енгізу тәртібі
1. Осы Кодекс қолданысқа енгізілген күннен бастап:
2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 5-6, 24-құжат; № 17-18, 241-құжат; № 21-22, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 33-құжат; № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4, 25-құжат; № 5, 30-құжат; № 11, 56, 64, 68-құжаттар; № 14, 109-құжат; № 15, 122, 139-құжаттар; № 18, 142-құжат; № 21-22, 160-құжат; № 23, 171-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 10, 55-құжат; № 15, 86-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 139, 140-құжаттар; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; № 7-8, 19-құжат; № 9, 26-құжат; № 13, 53-құжат; № 14, 58-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 21-22, 86, 87-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 19, 20-құжаттар; № 3, 22-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 72, 77-құжаттар; № 13, 85, 86-құжаттар; № 15, 92, 95-құжаттар; № 16, 98, 102-құжаттар; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 16, 18-құжаттар; № 3, 20, 23-құжаттар; № 4, 28, 33-құжаттар; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 12, 88-құжат; № 13, 99-құжат; № 15, 106-құжат; № 16, 131-құжат; № 17, 136, 139, 140-құжаттар; № 18, 143, 144-құжаттар; № 19, 146, 147-құжаттар; № 20, 152-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 12, 48, 51-құжаттар; № 13-14, 54, 57, 58-құжаттар; № 15-16, 62-құжат; № 20, 88-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 126, 128, 129-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 7, 21-құжаттар; № 9-10, 47, 48-құжаттар; № 13-14, 62, 63-құжаттар; № 15-16, 70, 72, 73, 74, 75, 76-құжаттар; № 17, 79, 80, 82-құжаттар; № 18, 84, 86-құжаттар; № 19, 88-құжат; № 23, 97, 115, 117-құжаттар; № 24, 121, 122, 125, 129, 130, 133, 134-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 1, 4, 5-құжаттар; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 32-құжаттар; № 8, 41-құжат; № 9, 44-құжат; № 11, 58-құжат; № 13, 67-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112, 114-құжаттар; № 20-21, 119-құжат; № 22, 128, 130-құжаттар; № 24, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3, 7, 9-құжаттар; № 2, 19, 25, 26, 28-құжаттар; № 3, 32-құжат; № 6, 50-құжат; № 8, 64-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 115, 116-құжаттар; № 14, 117-құжат; № 16, 128, 129-құжаттар; № 17, 136-құжат; № 19, 145-құжат; № 21, 161-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 9, 11, 13, 14, 16-құжаттар; № 3, 21, 22, 25, 26, 27-құжаттар; № 4, 32-құжат; № 5, 35, 36-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 12, 84, 85-құжаттар; № 13, 91-құжат; № 14, 92, 93, 94-құжаттар; № 15, 97-құжат; № 20, 121-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 10, 11, 13-құжаттар; № 4, 21-құжат; № 7, 36-құжат; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 54, 56-құжаттар; № 13, 62, 63, 64-құжаттар; № 14, 72, 74, 75-құжаттар; № 15, 77, 78, 79, 81, 82-құжаттар; № 16, 83-құжат; № 23-24, 116-құжат; 2014 ж., № 1, 6, 9-құжаттар; № 2, 10, 11-құжаттар; № 3, 21-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 7, 37-құжат; № 8, 44, 46, 49-құжаттар; 2014 жылғы 14 маусымда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 10 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы) күші жойылды деп танылсын.
2014.29.12. № 272-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2016.09.04. № 500-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2017.27.12. № 126-VІ ҚР Заңымен (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-бөлік жаңа редакцияда
2. Осы Кодекс:
1) мұнай өнімдерін өндірушілер үшін - 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап;
мұнай өнімдерін берушілер, импорттаушылар, мұнай өнімдерін бөлшек сауда арқылы өткізушілер, мұнай берушілер үшін: