бірінші абзацтағы «1-тармағының 2), 2-1), 3) және 4) тармақшаларында» деген сөздер «1-тармағының 2), 2-1) және 4) тармақшаларында және 3-тармағында» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 4), 5) және 6) тармақшалармен толықтырылсын:
«4) баланың осы Заңның 4-бабы 1-тармағының 2-1) тармақшасында көрсетілген жәрдемақыны төлеу үшін кәмелетке толуы;
5) жәрдемақы алушыға қатысты жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу туралы немесе хабар-ошарсыз жоғалу фактісі туралы растайтын құжаттың болуы;
6) жәрдемақы алушы - шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның жеке басын куәландыратын құжаттың, қандас куәлігінің қолданылу мерзімінің өтуі.»;
екінші бөлік алып тасталсын;
9) 11-1-баптың 1-тармағында:
бірінші бөлікте орыс тіліндегі мәтінге түзету енгізілді, мемлекеттік тілдегі мәтін өзгермейді;
екінші және үшінші бөліктер алып тасталсын.
10. «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» 2008 жылғы 29 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына:
15-бап мынадай мазмұндағы 8-тармақпен толықтырылсын:
«8. Осы Заңның 6-бабы 1-тармағының 6) және 8) тармақшаларында көрсетілген негіздер бойынша өмірлік қиын жағдайда жүрген адамдар (отбасылар) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін субъектілерді таңдауды әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы арқылы жүзеге асырады.».
11. «Құқық қорғау қызметі туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына:
84-бап мынадай мазмұндағы сегізінші бөлікпен толықтырылсын:
«2012 жылғы 1 қаңтарға дейін қызметтен шығарылған прокуратура органдары қызметкерлерінің Қазақстан Республикасының зейнетақы заңнамасына сәйкес еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін алуға құқығы бар. Зейнетақы төлемдерінің мөлшері Қазақстан Республикасының зейнетақы заңнамасында белгіленген тәртіппен жүргізілген жыл сайынғы арттырулар ескеріле отырып, қызметтен шығарылған күнге белгіленеді, төлем еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін тағайындауға өтініш жасалған күннен бастап жүзеге асырылады.».
12. «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 4-баптың 2-тармағының үшінші бөлігінде:
мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
«2-1) Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының мөлшерлемелеріне «0» түзету коэффициенті қолданылған қызмет түрлері бойынша еңбек, кәсіпкерлік қызмет, жеке практикамен айналысу кезеңдері;»;
4) тармақшадағы «16» деген цифрлар «18» деген цифрлармен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 8-1) тармақшамен толықтырылсын:
«8-1) төтенше жағдай, шектеу іс-шаралары қолданылған кезеңде қызметтің шектелуіне байланысты кірісінен айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемді алу кезеңдері;»;
2) 13-баптың 1-тармағында:
7) тармақшадағы «16» деген цифрлар «18» деген цифрлармен ауыстырылсын;
11) тармақшадағы «соғыс мүгедектерi» деген сөздер «Ұлы Отан соғысының мүгедектері» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 15-бапта:
2-тармақта:
бірінші бөліктегі «1995» деген цифрлар «1998» деген цифрлармен ауыстырылсын;
екінші бөліктегі «Байқоңыр» кешенiнiң ресейлiк ұйымдарында жұмыс iстеген кезеңде алынған кірісті қоспағанда, 1998 жылғы 1 қаңтардан басталған кезең үшін» деген сөздер «Осы баптың 3-тармағына сәйкес айқындалатын кірісті қоспағанда,» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақтың бірінші бөлігіндегі «орташа айлық кірістің мөлшерi жұмыс берушi беретiн кіріс туралы анықтамамен расталатын кіріске сәйкес белгiленедi» деген сөздер «, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының мөлшерлемелеріне «0» түзету коэффициенті қолданылған қызмет түрлері бойынша еңбек, кәсіпкерлік қызмет, жеке практикамен айналысу кезеңі үшін орташа айлық кірістің мөлшерi кірістер туралы анықтамамен расталатын кіріске сәйкес белгіленеді» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 16-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Өтініш берушінің қалауы бойынша Қазақстан Республикасында төтенше жағдай, шектеу іс-шаралары қолданылған айлар орташа айлық кірістің мөлшерін айқындаған кезде алып тасталады және олардың тура алдындағы немесе олардан кейінгі басқа айлармен ауыстырылады.»;
5) 20-баптың 1-тармағының 11-1) тармақшасы «қайтару» деген сөзден кейін «, тоқтату» деген сөзбен толықтырылсын;
6) 30-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:
«Осы Заңның 31-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында және 32-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында аталған адамдардың мерзімсіз белгіленген бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігі алынған жағдайда, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін зейнетақы төлемдері мүгедектікті алу туралы мәліметтер алынған айдан кейінгі айдан бастап тоқтатылады.»;
7) 34-баптың 9-тармағының 4-1) тармақшасы «қайтару» деген сөзден кейін «, тоқтату» деген сөзбен толықтырылсын;
8) 37-бапта:
2-тармақ «жарналарын» деген сөзден кейін «, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын» деген сөздермен толықтырылсын;
2-1-тармақ алып тасталсын;
3-тармақта:
бірінші бөлік «Мемлекеттік корпорацияға» деген сөздерден кейін «міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есепке алуға арналған» деген сөздермен толықтырылсын;
екінші бөліктегі «Салымшы» деген сөз «Міндетті зейнетақы жарналарының салымшысы, агент және өзі үшін міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары аударылған жеке тұлға» деген сөздермен ауыстырылсын;
9) 39-баптың 3-тармағында:
бірінші бөлік алып тасталсын;
екінші бөлікте:
«ашуға қайта өтініш» деген сөздер «қайтадан ашу» деген сөздермен ауыстырылсын;
«берілмейді» деген сөз «жүзеге асырылмайды» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Бұл ретте, жеке тұлғаның пайдасына міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын төлеген агент бұрын ашылған, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есепке алуға арналған жеке зейнетақы шотына міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есепке жатқызылған күннен бастап міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартқа қосылған болып есептеледі.».
13. «Мемлекеттік сатып алу туралы» 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына:
51-баптың 2-тармағының 2) тармақшасындағы «жеке оңалту» деген сөздер «мүгедекті оңалтудың жеке» деген сөздермен ауыстырылсын.
14. «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 11-баптың 1-тармағында:
6) тармақшадағы «жұмыс іздеп жүрген адамдарға және жұмыссыздарға жеке өзі барған немесе ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және (немесе) ұялы байланыс желісінің абоненттік құрылғысы арқылы өтініш жасаған кезде оларды лайықты жұмыстың бар екендігі туралы міндетті түрде хабардар ете отырып,» деген сөздер «халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган айқындаған тәртіппен, жұмыс іздеп жүрген адамдарды және жұмыссыздарды лайықты жұмыстың бар екендігі туралы міндетті түрде хабардар ете отырып, оларға» деген сөздермен ауыстырылсын;
11-1) тармақша алып тасталсын;
2) 13-бапта:
1 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Жұмысы және (немесе) табысы (кірісі) жоқ, лайықты жұмыс іздеп жүрген адам жұмысқа орналасуына жәрдемдесу үшін өтініш жасаған кезде тұрғылықты жері бойынша халықты жұмыспен қамту орталығында тікелей не «электрондық үкімет» веб-порталы немесе Мемлекеттік корпорация арқылы немесе «Электрондық еңбек биржасы» мемлекеттік ақпараттық порталы арқылы жұмыс іздеп жүрген адам ретінде тіркеледі.»;
«3. Жұмыс іздеп жүрген және халықты жұмыспен қамту орталығынан (кент, ауыл, ауылдық округ әкімінен) немесе «Электрондық еңбек биржасы» мемлекеттік ақпараттық порталы арқылы лайықты жұмыс туралы ұсыныс алған адам - халықты жұмыспен қамту орталығын, ал ауылдық елді мекенде тұратын адам - кент, ауыл, ауылдық округ әкімін ұсынылған лайықты жұмысқа келісетіні немесе одан бас тартатыны туралы халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган айқындаған тәртіппен хабардар етуге тиіс.»;
3) 14-бапта:
4-тармақ алып тасталсын;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органда тiркелген және халықты жұмыспен қамту орталығынан (кент, ауыл, ауылдық округ әкімінен) немесе «Электрондық еңбек биржасы» мемлекеттік ақпараттық порталы арқылы лайықты жұмыс туралы ұсыныс алған жұмыссыздар - халықты жұмыспен қамту орталығын, ал ауылдық елдi мекендерде тұратын жұмыссыздар - кент, ауыл, ауылдық округ әкiмiн ұсынылған лайықты жұмысқа келісетіні немесе одан бас тартатыны туралы халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган айқындаған тәртіппен хабардар етуге тиіс.»;
4) 27-баптың 1-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) мүгедектерді;».
15. «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» 2019 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 1-бапта:
25) тармақшадағы «; уәкілетті орган;» деген сөздер «; орталық атқарушы орган;» деген сөздермен ауыстырылсын;
27) тармақшада:
«уәкiлеттi орган» деген сөздер «орталық атқарушы орган» деген сөздермен ауыстырылсын;
«және қадағалау функцияларын жүзеге асыратын орталық атқарушы орган» деген сөздер «функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттік орган» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 29) тармақшамен толықтырылсын:
«29) «Электрондық еңбек биржасы» мемлекеттік ақпараттық порталы - еңбек нарығының бірыңғай ақпараттық базасын қамтитын ақпараттық жүйе.»;
2) 10-бапта:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«10-бап. Орталық атқарушы органның құзыретi»;
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«Орталық атқарушы орган:»;
4) тармақшадағы «және қадағалау» деген сөздер алып тасталсын;
3) 11-баптың 3-тармағының екінші бөлігіндегі «және уәкілетті» деген сөз «және орталық атқарушы» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 12-баптың 1-тармағында:
1), 2), 3) және 4) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«1) қорға еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем тағайындау туралы өтінішті:
жалпы еңбекке қабілеттіліктен айырылу дәрежесі алғаш рет белгіленген кезде МӘС бөлімшесі арқылы;
өтініш жасаған кезде жалпы еңбекке қабілеттіліктен айырылу дәрежесі белгіленген кезде Мемлекеттік корпорация арқылы беруге;
2) қорға Мемлекеттік корпорация арқылы асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем тағайындау туралы өтініш беруге;
3) қорға жұмысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем тағайындау туралы өтінішті:
егер адам жұмыссыз ретінде тіркелген болса, Мемлекеттік корпорация арқылы;
жұмыссыз ретінде тіркеу кезінде халықты жұмыспен қамту орталығы арқылы;
жұмыссыз ретінде тіркелгені туралы мәліметтер болған кезде «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы;
«Электрондық еңбек биржасы» порталында жұмыссыз ретінде тіркелген кезде аталған портал арқылы беруге;
4) қорға Мемлекеттік корпорация арқылы жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты кірісінен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем тағайындау туралы өтініш беруге;»;
мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
«4-1) қорға бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты кірісінен айырылу жағдайына арналған әлеуметтік төлем тағайындау туралы өтінішті:
Мемлекеттік корпорация арқылы;
«электрондық үкімет» веб-порталы арқылы беруге;»;
5) 13-баптың 1-тармағының 1) тармақшасындағы «уәкілетті» деген сөз «орталық атқарушы» деген сөздермен ауыстырылсын;
6) 15-баптың 6-тармағының 2) тармақшасындағы «белгіленген кірістерден төленбейді.» деген сөздер «белгіленген;» деген сөзбен ауыстырылып, екінші бөлігі алып тасталсын;
7) 18-баптың 1-тармағындағы «уәкілетті» деген сөз «орталық атқарушы» деген сөздермен ауыстырылсын;
8) 19-бапта:
1-тармақтың бірінші бөлігіндегі «уәкілетті» деген сөз «орталық атқарушы» деген сөздермен ауыстырылсын;
8-тармақтың екінші бөлігіндегі «Тағайындалу мерзімі» деген сөздер «Егер осы баптың 5-тармағында өзгеше көзделмесе, тағайындалу мерзімі» деген сөздермен ауыстырылсын;
8) 20-баптың 4-тармағында:
мынадай мазмұндағы үшінші және төртінші бөліктермен толықтырылсын:
«Бұл ретте, Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша әлеуметтік аударымдар мөлшерлемесіне «0» түзету коэффициенті қолданылған қызмет түрлері бойынша еңбек, кәсіпкерлік қызмет, жеке практикамен айналысу кезеңдерінде алынған кіріс - төлеуші беретін кірістер туралы анықтама негізінде кірістің орташа айлық мөлшерін айқындау кезінде ескеріледі.
Төтенше жағдай, шектеу іс-шаралары қолданылған кезеңде қызметтің шектелуіне байланысты кірісінен айырылу жағдайына арналған әлеуметтік төлемді алу кезеңдері кірістің орташа айлық мөлшері есебінен алып тасталады және кірістің орташа айлық мөлшерін айқындау кезеңі басталардың тура алдындағы басқа айлармен ауыстырылады.»;
үшінші бөліктегі «төртінші» деген сөз «алтыншы» деген сөзбен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы сегізінші бөлікпен толықтырылсын:
«Қатысу өтілінің коэффициентін айқындау кезінде төтенше жағдай, шектеу іс-шаралары қолданылған кезеңде қызметтің шектелуіне байланысты кірісінен айырылу жағдайына арналған әлеуметтік төлемді алу кезеңдері, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша әлеуметтік аударымдар мөлшерлемесіне «0» түзету коэффициенті қолданылған қызмет түрлері бойынша еңбек, кәсіпкерлік қызмет, жеке практикамен айналысу кезеңдері есепке жатқызылады.»;
9) 21-бапта:
7-тармақтың екінші бөлігі алып тасталсын;
8-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Бұл ретте, әлеуметтік аударымдар есептелетін объект ретінде есепке алынған кірістің орташа айлық мөлшері, кірісті ауыстыру коэффициенті және қатысу өтілінің коэффициенті осы Заңның 20-бабының 4-тармағына сәйкес айқындалады.»;
11) 22-баптың 2-тармағында:
екінші бөлік алып тасталсын;
үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Бұл ретте, кірісті ауыстыру коэффициенті 0,4-ті құрайды, ал әлеуметтік аударымдар есептелетін объект ретінде есепке алынған кірістің орташа айлық мөлшері мен қатысу өтілінің коэффициенті осы Заңның 20-бабының 4-тармағына сәйкес айқындалады.»;
12) 23-баптың 3-тармағында:
мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Әлеуметтік аударымдар есептелетін объект ретінде есепке алынған кірістің орташа айлық мөлшерін айқындау кезінде осы Заңның 20-бабы 4-тармағының үшінші және төртінші бөліктерінде көзделген ережелер ескеріледі.»;
үшінші бөліктегі «төртінші» деген сөз «бесінші» деген сөзбен ауыстырылсын;
13) 24-баптың 4-тармағында:
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Бұл ретте, кірісті ауыстыру коэффициенті 0,4-ті құрайды, ал әлеуметтік аударымдар есептелетін объект ретінде есепке алынған кірістің орташа айлық мөлшері осы Заңның 20-бабы 4-тармағының екінші, үшінші және төртінші бөліктеріне сәйкес айқындалады.»;
бесінші бөлік алып тасталсын;
14) 27-баптың 1-тармағының 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5) Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұруға рұқсат алғанға дейін алушының «Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген негіздер бойынша Қазақстан Республикасының азаматтығын тоқтату фактілерінің анықталуы туралы, оның ішінде ақпараттық жүйелерден алынған мәліметтер келіп түскен айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатыла тұрады.»;
15) 33-баптың 2-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) тізбесі мен лимиттерін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын қаржы құралдарына орналастыру;»;
16) 34-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi қор активтерiн Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған қаржы құралдарының тізбесі мен лимиттеріне сәйкес орналастыруды жүзеге асырады.»;
17) 40-баптың 2-тармағында:
«20-бабы 4-тармағының үшінші және төртінші бөліктері» деген сөздер «20-бабы 4-тармағының бесінші және алтыншы бөліктері» деген сөздермен ауыстырылсын;
«23-бабы 3-тармағының үшінші және төртінші бөліктері» деген сөздер «23-бабы 3-тармағының төртінші және бесінші бөліктері» деген сөздермен ауыстырылсын.
16. «Ардагерлер туралы» 2020 жылғы 6 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына:
7-бапта:
1) тармақшадағы «үш дәрежелі Даңқ, үш дәрежелі Еңбек Даңқы ордендерінің» деген сөздер «үш дәрежелі Еңбек Даңқы орденінің» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) тармақшадағы «атағына» деген сөз «, «Халық қаһарманы» атақтарына» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
«5) жасына байланысты зейнетақы төлемдерін немесе еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін алушылар болып табылатын және бұрынғы КСР Одағының немесе Қазақстан Республикасының ордендерімен немесе медальдарымен наградталған не бұрынғы КСР Одағының немесе Қазақстан Республикасының құрметті атақтарына ие болған, не Қазақстан Республикасының құрмет грамоталарымен наградталған, не Қазақстан Республикасының ведомстволық наградаларымен наградталған адамдар.
Осы тармақшаның бірінші бөлігінде аталған адамдарға осы Заңның 12-бабы 1-тармағының 1), 2), 4) және 5) тармақшаларында және 2-тармағында көзделген әлеуметтік қолдау шаралары қолданылмайды.».
2-бап. Осы Заң 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 8-тармағы 2) тармақшасының үшінші абзацын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
3-бап.
1. Осы Заңның 1-бабы 6-тармағы 4) тармақшасының жиырма жетінші абзацы және 8-тармағы 15) тармақшасының бесінші абзацы 2023 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады деп белгіленсін.
2. Осы Заңның 1-бабы 6-тармағы 4) тармақшасының он екінші және он тоғызыншы абзацтарының, 8-тармағы 15) тармақшасының жиырма төртінші және отыз үшінші абзацтарының қолданысы 2022 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұру кезеңінде осы абзацтар мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
«4) Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүлік туралы заңнамасында көзделген сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізіліміне және (немесе) Ұлттық әл-ауқат қорының және дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызын тікелей немесе жанама түрде Ұлттық әл-ауқат қоры иеленетін заңды тұлғалардың сенімсіз әлеуетті өнім берушілерінің (өнім берушілердің) тізбесіне енгізілмеген;»;
«4) Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүлік туралы заңнамасында көзделген сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізіліміне және (немесе) Ұлттық әл-ауқат қорының және дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызын тікелей немесе жанама түрде Ұлттық әл-ауқат қоры иеленетін заңды тұлғалардың сенімсіз әлеуетті өнім берушілерінің (өнім берушілердің) тізбесіне енгізілген;»;
«6) Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүлік туралы заңнамасында көзделген сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізіліміне және (немесе) Ұлттық әл-ауқат қорының және дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызын тікелей немесе жанама түрде Ұлттық әл-ауқат қоры иеленетін заңды тұлғалардың сенімсіз әлеуетті өнім берушілерінің (өнім берушілердің) тізбесіне енгізілмеген;»;
«4) Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүлік туралы заңнамасында көзделген сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізіліміне және (немесе) Ұлттық әл-ауқат қорының және дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызын тікелей немесе жанама түрде Ұлттық әл-ауқат қоры иеленетін заңды тұлғалардың сенімсіз әлеуетті өнім берушілерінің (өнім берушілерінің) тізбесіне енгізілген;».
3. Осы Заңның 1-бабы 8-тармағы 5) тармақшасы оныншы абзацының қолданысы 2023 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұру кезеңінде осы абзац мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
«8. Мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасы мүгедектікті белгілеу мерзіміне әзірленеді.».
4-бап. Жеті жастан он алты жасқа дейінгі мүгедек балаларға тағайындалған мүгедектігі бойынша мемлекеттік базалық әлеуметтік жәрдемақы, сондай-ақ Ресей Федерациясының заңнамасына сәйкес мүгедектігі бойынша зейнетақы алған жағдайда, Байқоңыр қаласында тұратын жеті жастан он алты жасқа дейінгі мүгедек балаларға тағайындалған арнаулы мемлекеттік жәрдемақы мүгедектік тобын белгілеу үшін қайта куәландырудан өткенге дейін бұрын тағайындалған мөлшерде сақталады.
Мүгедектік тобын белгілеу үшін жетіден он алты жасқа дейінгі мүгедек балаларды қайта куәландыру кезінде мүгедектік тобы белгіленген мерзімге - осы Заң қолданысқа енгізілген күннен басталған кезең, осы кезең ішінде мүгедектік тобына әсер ететін мән-жайлар туындаған жағдайларды қоспағанда, есепке жатқызылады, бірақ ол алты айдан аспауға тиіс.
Мүгедек балаларға мүгедектігі бойынша мемлекеттік базалық әлеуметтік жәрдемақы, сондай-ақ белгіленген мүгедектік тобы бойынша Ресей Федерациясының заңнамасына сәйкес мүгедектігі бойынша зейнетақы алған жағдайда, Байқоңыр қаласында тұратын мүгедек балаларға арнаулы мемлекеттік жәрдемақы осы баптың екінші бөлігінде көрсетілген кезеңге қосымша ақы төлене отырып, қайта куәландырылған күннен бастап қайта есептеледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. ТОҚАЕВ
Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2021 жылғы 12 қазан
67-VII