2. Медициналық-әлеуметтік сараптама денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган айқындаған тәртіппен берілетін медициналық құжаттар негізінде дәрігерлік-консультациялық комиссияның жолдамасы бойынша жүргізіледі.
3. Медициналық-әлеуметтiк сараптама куәландырылатын адамның клиникалық-функционалдық, әлеуметтiк, кәсiби және психологиялық деректерiн талдау негiзiнде организмнiң жай-күйiн кешендi бағалау негізге алына отырып, халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті орган айқындаған тәртiппен жүзеге асырылады.
4. Қолданылу мерзімі өткен құжаттар және (немесе) құжаттардың толық емес топтамасы ұсынылған кезде медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізуден бас тартылады.
5. Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қорытындысы бойынша, тыныс-тіршілік санаттарының біреуінің (өзін-өзі қарап-күту, жүріп-тұру, еңбек қызметі (еңбекке қабілеттілік), оқып-үйрену, бағдарлай алу, қарым-қатынас жасау, өзінің мінез-құлқын бақылау, ойын қызметі және танымдық қызмет, қозғалыс белсенділігіне қабілеті) шектелуіне алып келетін, организм функцияларының тұрақты бұзылуы болмаған жағдайларда, мүгедектік және (немесе) еңбекке қабілеттіліктен айырылу дәрежесі белгіленбейді.
6. Мүгедектiк тобы жеті жастан бастап белгiленедi.
7. Адамды мүгедек деп тану және (немесе) еңбекке қабілеттіліктен айырылу дәрежесі белгілеу кезінде оның себептері, мерзімдері, әлеуметтік қорғау шараларына қажеттіліктер айқындалады, сондай-ақ мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасының әлеуметтік және кәсіби бөліктері әзірленеді.
8-тармақтың 5) тармақшасының оныншы абзацының қолданысы 2023 ж. 1 қаңтарға дейін тоқтатылды, тоқтатыла тұру кезеңінде осы абзац 3-баптың 3-тармағының редакцияда қолданылды
8. Мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасы мүгедектерге берілетін техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдардың, арнаулы жүріп-тұру құралдарының және көрсетілетін қызметтердің сыныптауышына сәйкес, мүгедектің қажеттіліктерін бағалауға сай мүгедектікті белгілеу мерзіміне әзірленеді.
9. Мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасы организмнің бұзылған және (немесе) жоғалтқан функцияларын қалпына келтіруге және (немесе) олардың орнын толтыруға бағытталған медициналық, әлеуметтік, кәсіби оңалту шараларын қамтитын оңалту іс-шараларының кешенін айқындайды.
Мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасы мүгедек мұқтаж болатын техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдардың, арнаулы жүріп-тұру құралдарының және көрсетілетін қызметтердің атауын да қамтиды.
10. Мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасының медициналық бөлігін медицина қызметкерлері медициналық құжаттар мен ақпараттық жүйелерде толтырады.
11. Мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мүгедекке тегін берілетін оңалту іс-шараларын да, ақысын төлеуге мүгедектің өзі немесе оның жұмыста мертігуіне немесе кәсіптік ауруға шалдығуына кінәлі жұмыс беруші қатысатын оңалту іс-шараларын да қамтиды.»;
6) 14-баптың 5) тармақшасындағы «көлемiн алуға» деген сөздер «көлеміне және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмекке» деген сөздермен ауыстырылсын;
7) 16-1-бапта:
1-тармақта:
«зейнетақы төлемдері» деген сөздер «жасына байланысты зейнетақы төлемдері, еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдері» деген сөздермен ауыстырылсын;
«, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты» деген сөздер «және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша» деген сөздермен ауыстырылсын;
2 және 3-тармақтардағы «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерінің», «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерін» деген сөздер тиісінше «алынған жасына байланысты зейнетақы төлемдерінің, еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерінің», «жасына байланысты зейнетақы төлемдерін, еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін» деген сөздермен ауыстырылсын;
8) 17-баптың 2-тармағында:
«медициналық-әлеуметтiк сараптама қорытындысы негiзiнде айқындалатын» деген сөздер алып тасталсын;
«жеке бағдарламасына сәйкес» деген сөздер «жеке бағдарламасы негізінде» деген сөздермен ауыстырылсын;
9) 19-бап алып тасталсын;
10) 20-бапта:
2-тармақ «iс-шараларды» деген сөздерден кейін «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
«2-1. Мүгедектерді медициналық оңалту медициналық көрсетілетін қызметтердің көлемдерін, оңалтудың түрлері мен жүргізу мерзімдерін көрсете отырып, оңалту іс-шараларының жоспарын көздейді және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган айқындаған тәртіппен медициналық ұйымдар жағдайларында көрсетіледі.»;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламаларына сәйкес мүгедектер мен мүгедек балаларды санаторий-курорттық емдеумен қамтамасыз ету осы Заңның 32-1-бабының 3-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы арқылы халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті орган бекіткен қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады.»;
4-тармақ «жолдама» деген сөзден кейін «осы баптың 4-1 және 5-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда,» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:
«4-1. Жұмыс берушіге қатысты соттың оны банкрот деп тану туралы шешімі заңды күшіне енген жағдайда, жұмыс берушінің кінәсінан жұмыста мертігуге ұшыраған немесе кәсіптік ауруға шалдыққан мүгедекке санаторий-курорттық емделу осы баптың 3-тармағына сәйкес беріледі.»;
11) 21-баптың 1-тармағында:
4) тармақшада:
бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«4) осы Заңның 32-1-бабының 3-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті орган бекіткен қағидаларға сәйкес, әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы арқылы мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектерге жеке көмекшінің әлеуметтік қызметтерін көрсетуді қамтиды.»;
екінші бөлікте:
«мүгедек үшін,» деген сөздер «мүгедекке жеке көмекшінің әлеуметтік қызмет көрсетуі» деген сөздермен ауыстырылсын;
«Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-2-бабында көзделген тәртіппен ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы тағайындалған және төленген кезде жеке көмекшінің әлеуметтік қызмет көрсетуі» деген сөздер «Қазақстан Республикасындағы арнаулы мемлекеттік жәрдемақы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5 және 6-баптарында көзделген тәртіппен арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындалған және төленген кезде жеке көмекшінің әлеуметтік қызмет көрсетуі» деген сөздермен ауыстырылсын;
4-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«4-1) осы Заңның 32-1-бабының 3-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті орган бекіткен қағидаларға сәйкес, әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы арқылы мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес есту кемістігі бар мүгедектерге ымдау тілі маманының әлеуметтік қызметтерін көрсетуді;»;
7) тармақшадағы «мүгедектердi» деген сөз «мүгедекті» деген сөзбен ауыстырылсын;
12) 22-бапта:
1-тармақта:
бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Мүгедектер мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес мүгедектерге берілетін техникалық көмекшi (оpнын толтырушы) құралдардың, арнаулы жүріп-тұру құралдарының және көрсетілетін қызметтердің сыныптауышына сәйкес протездiк-ортопедиялық көмекпен, техникалық көмекшi (орнын толтырушы) құралдармен, арнаулы жүрiп-тұру құралдарымен және көрсетілетін қызметтермен қамтамасыз етіледі.»;
екінші бөліктегі «осы Заңның 32-1-бабына сәйкес олардың құнын жергілікті атқарушы органдардың толық немесе ішінара өтеуі жолымен» деген сөздер «осы Заңның 32-1-бабының 3-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті орган бекіткен қағидаларға сәйкес, әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы арқылы» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақтағы «жеке оңалту» деген сөздер «мүгедекті оңалтудың жеке» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақта:
«таратылған» деген сөзден кейін «, сондай-ақ соттың оны банкрот деп тану туралы шешімі заңды күшіне енген» деген сөздермен толықтырылсын;
«жағдайда» деген сөз «жағдайларда» деген сөзбен ауыстырылсын;
13) 25-баптың 3-тармағының екінші бөлігі «әзiрлеп,» деген сөзден кейін «мүгедектердің қоғамдық бірлестіктерінің бірімен келісуге және» деген сөздермен толықтырылсын;
14) 29-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Білім беру гранттарын алуға, сондай-ақ жоғары білімді кадрлар даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша білім алушылардың құрамына қабылдауға арналған конкурстарға қатысу кезінде балдары тең болған жағдайда, медициналық қорытындыға сәйкес тиісті білім беру ұйымдарында оқуға қарсы көрсетілімдері жоқ бірінші және екінші топтағы мүгедектердің, бала кезінен мүгедектердің, мүгедек балалардың «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабының 5-тармағында көзделген кезектілікке сәйкес артықшылықты құқығы болады.»;
15) 32-1 және 32-2-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
«32-1-бап. Әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы
1. Әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы әлеуметтік-еңбек саласының ақпараттық жүйесі болып табылады және халықтың жекелеген санаттарына осы Заңға және «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, жергілікті атқарушы органдардың тауарлардың және (немесе) көрсетілетін қызметтердің құнын өтеуі шарттарымен оларды сатып алу мүмкіндігін беретін ақпараттандыру объектісін білдіреді.
Мүгедектердің әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталында өнім берушіні таңдауы әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталына мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасы іс-шараларының жіберілуі туралы оларды хабардар еткен күннен бастап екі ай ішінде жүзеге асырылады.
8-тармақтың 15) тармақшасының бесінші абзацы 2023 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылды
2. Әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталын қолдап отыруды және оған жүйелік-техникалық қызмет көрсетуді Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, еңбек нарығын реттеу және жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын іске асыру жөніндегі мемлекеттік саясатты ақпараттық және талдамалық қолдауды қамтамасыз ететін заңды тұлға жүзеге асырады.
3. Мынадай:
1) мүгедек тұратын елді мекенде сымды интернет болмаған;
2) әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталында тіркелген сатып алынатын тауарды және (немесе) көрсетілетін қызметті беруші болмаған;
3) мүгедектің әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы арқылы тауарларды және (немесе) көрсетілетін қызметтерді сатып алудан бас тарту туралы өтініші болған;
4) мүгедектердің жеке тапсырыстары бойынша дайындалатын және (немесе) жеке іріктеу мен теңшеуді талап ететін протездік-ортопедиялық көмекпен, техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдармен, арнаулы жүріп-тұру құралдарымен қамтамасыз етілетін;
5) есту аппараттарымен қамтамасыз ете отырып, есту-протездік көмегі көрсетілетін;
6) кохлеарлық имплантқа сөйлеу процессорын ауыстыру және теңшеу бойынша қызметтер көрсетілетін жағдайларда, тауарларды және (немесе) көрсетілетін қызметтерді сатып алу Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес жүргізіледі.
32-2-бап. Әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталында тауарларды және (немесе) көрсетілетін қызметтерді берушілер
1. Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғалар, заңды тұлғалар әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталында тауарларды және (немесе) қызметтерді берушілер болып табылады.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің талабы жеке көмекшінің әлеуметтік көрсетілетін қызметтеріне қолданылмайды.
Психикалық саулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымдарда есепте тұрған адам жеке көмекші бола алмайды.
2. Тауарларды және (немесе) көрсетілетін қызметтерді берушілерді әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталына жіберу, әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталында оларды тіркеу немесе тіркеуден шығару халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті орган бекіткен қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады.
3. Әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталында мынадай:
1) сәйкестігін міндетті түрде растауға жататын тауарларды беру кезінде сәйкестік сертификаты немесе сәйкестік туралы декларациясы бар;
2) мемлекеттік тіркелуге және қайта тіркелуге тиіс медициналық бұйымдарға жататын техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдар мен арнаулы жүріп-тұру құралдарын беру кезінде тіркеу куәлігі бар;
3) салықтық берешегі және әлеуметтік төлемдер бойынша берешегі жоқ;
4) банкроттық не тарату рәсіміне жатпайтын;
5) Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізіліміне енгізілмеген;
8-тармақтың 15) тармақшасының жиырма төртінші абзацының қолданысы 2022 ж. 1 қаңтарға дейін тоқтатылды, тоқтатыла тұру кезеңінде осы абзац 3-баптың 2-тармағының редакцияда қолданылды
6) Қазақстан Республикасының квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуы туралы заңнамасында көзделген сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізіліміне және (немесе) Ұлттық әл-ауқат қорының сенімсіз әлеуетті өнім берушілерінің (өнім берушілердің) тізбесіне енгізілмеген;
7) тауарларды өткізу және (немесе) қызметтерді көрсету үшін шығарылған жерін, сипаттамаларын және бағасын растайтын құжаттарды ұсынған;
8) санаторий-курорттық емдеуді және медициналық оңалтуды ұсыну кезінде медициналық қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар;
9) ымдау тілі маманының әлеуметтік қызметін көрсету кезінде біліктілігін растайтын құжаты бар өнім берушілер тіркеледі.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің талабы жеке көмекшінің әлеуметтік көрсетілетін қызметтеріне қолданылмайды.
4. Өнім беруші әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталында тіркеуден мынадай:
1) әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталында тіркеуден шығару туралы өтініш берген;
2) кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға қайтыс болған немесе қызметі тоқтатылған, заңды тұлғаның қызметі тоқтатылған;
3) Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізіліміне енгізілген;
8-тармақтың 15) тармақшасының отыз үшінші абзацының қолданысы 2022 ж. 1 қаңтарға дейін тоқтатылды, тоқтатыла тұру кезеңінде осы абзац 3-баптың 2-тармағының редакцияда қолданылды
4) Қазақстан Республикасының квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуы туралы заңнамасында көзделген сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізіліміне және (немесе) Ұлттық әл-ауқат қорының сенімсіз әлеуетті өнім берушілерінің (өнім берушілердің) тізбесіне енгізілген;
5) әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы арқылы өзіне алған міндеттемелерді орындамаған және (немесе) тиісінше орындамаған жағдайларда шығарылады.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің 1), 3) және 4) тармақшаларына сәйкес әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталында тіркеуден шығару өнім берушіні тіркеуден шығару күніне әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы арқылы өзіне алған міндеттемелерді орындаудан босатпайды.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің 5) тармақшасында көрсетілген жағдайларда, мүгедек өнім берушінің өзіне алған міндеттемелерді орындамағаны және (немесе) тиісінше орындамағаны туралы өзіне белгілі болған күннен бастап күнтізбелік он төрт күннен кешіктірмей әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталына тиісті ақпаратты орналастырады. Жергілікті атқарушы орган құратын, өнім беруші тарапынан бұзушылықтардың болуын немесе болмауын айқындайтын комиссия осы ақпаратты орналастырылған күнінен бастап он жұмыс күні ішінде қарайды.
Өнім беруші осы тармақтың бірінші бөлігінің 3) және 4) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталында тіркеуден шығарылған жағдайда, ол туралы мәліметтер тиісті тізілімнен және (немесе) тізбеден алып тасталғаннан кейін әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталында кейіннен тіркеу мүмкін болады.
Өнім беруші осы тармақтың бірінші бөлігінің 5) тармақшасында көзделген негіздер бойынша әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталында тіркеуден шығарылған жағдайда, тіркеуден шығарылған күннен бастап кемінде бір жылдан кейін оны әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталында кейіннен тіркеу мүмкін болады.
5. Өнім беруші әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталында мүгедектерге берілетін техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдардың, арнаулы жүріп-тұру құралдарының және көрсетілетін қызметтердің сыныптауышына сәйкес келетін тауарларды және (немесе) көрсетілетін қызметтерді өткізеді.
Өнім берушілердің әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталында жасалатын шарттың талаптарына сәйкес келмейтін тауарларды және (немесе) көрсетілетін қызметтерді әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы арқылы өткізу фактісі анықталған жағдайда, олардың құны өнім берушілердің қаражаты есебінен өтеледі.»;
16) 3-тарау мынадай мазмұндағы 32-3-баппен толықтырылсын:
«32-3-бап. Мүгедектерді әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы арқылы сатып алынатын тауарлармен және (немесе) көрсетілетін қызметтермен қамтамасыз ету
1. Мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасы негізінде мүгедектер әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы арқылы тауарларды және (немесе) көрсетілетін қызметтерді сатып алуға тапсырысты жүзеге асырады.
Әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы арқылы өткізілетін тауарлар және (немесе) көрсетілетін қызметтер мүгедектерге берілетін техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдардың, арнаулы жүріп-тұру құралдарының және көрсетілетін қызметтердің сыныптауышына сәйкес келуге тиіс.
2. Мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес тауарларды және (немесе) көрсетілетін қызметтерді әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы арқылы сатып алған кезде мүгедектің жергілікті атқарушы органдарға олардың құнын өтетуге, бірақ осы баптың 3-тармағында көзделген кепілдік берілген сома мөлшерінен асырмай өтетуге құқығы бар. Мүгедек кепілдік берілген соманың және сатып алынған тауарлардың және (немесе) көрсетілетін қызметтердің нақты құны арасындағы айырманы меншікті қаражаты есебінен өз бетінше төлейді.
3. Әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы арқылы сатып алынатын тауарлардың және (немесе) көрсетілетін қызметтердің құнын өтеу ретінде берілетін кепілдік берілген сома мынадай мөлшерлерде:
санаторий-курорттық емделуге, протездік-ортопедиялық көмекке, техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдарға, арнаулы жүріп-тұру құралдарына - халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті орган айқындайтын мөлшерде;
жеке көмекшінің әлеуметтік көрсетілетін қызметтеріне - бір сағатқа, бірақ күніне сегіз сағаттан асырмай, әлеуметтік жұмыс жөніндегі маманның жалақысы мөлшерінің есебімен;
ымдау тілі маманының әлеуметтік көрсетілетін қызметтеріне - бір сағатқа, бірақ жылына алпыс сағаттан асырмай, республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен жалақы мөлшерінің он бес пайызы есебімен төленеді.».
9. «Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы» 2005 жылғы 28 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 1-баптың 1) тармақшасының алтыншы абзацындағы «жәрдемақы)» деген сөз «жәрдемақы) түріндегі ақшалай, оның ішінде электрондық ақшамен төленетін төлемдер» деген сөздермен ауыстырылып, жетінші абзацы алып тасталсын;
2) 4-бапта:
1-тармақтың 4) тармақшасындағы «жәрдемақы;» деген сөз «жәрдемақы алуға құқығы бар.» деген сөздермен ауыстырылып, 3) және 5) тармақшалары алып тасталсын;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған адамдардың көпбалалы анаға берілетін жәрдемақыны алуға құқығы бар.»;
3) 5-бапта:
2-тармақта:
бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Жәрдемақы тағайындау туралы өтініш тізбесін уәкілетті мемлекеттік орган айқындайтын құжаттар қоса беріле отырып, осы Заңның 4-бабында көзделген жәрдемақыға құқығы бар отбасының (адамның) тұрғылықты жері бойынша Мемлекеттік корпорацияға беріледі.»;
екінші бөліктегі «бала туғанда берілетін жәрдемақы, бала күтіміне байланысты жәрдемақы, мүгедек баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақы не бала кезінен бірінші топтағы мүгедектің күтіміне байланысты жәрдемақы» деген сөздер «жәрдемақылар» деген сөзбен ауыстырылсын;
үшінші бөліктегі «немесе бала кезінен бірінші топтағы мүгедектік алғаш рет белгіленген», «және бала кезінен бірінші топтағы мүгедектің күтіміне байланысты жәрдемақы» деген сөздер алып тасталсын;
4-тармақта:
бірінші бөліктегі «немесе бала кезінен бірінші топтағы мүгедекке күтімді жүзеге асыратын адам туралы» деген сөздер алып тасталсын;
екінші бөліктегі «немесе бала кезінен бірінші топтағы мүгедекке күтімді жүзеге асыратын адам туралы», «, сондай-ақ бала кезінен бірінші топтағы мүгедектің күтіміне байланысты жәрдемақы» деген сөздер алып тасталсын;
4) 6-бапта:
2-тармақта:
бірінші бөлікте:
«бірінші бөлігінде» деген сөздер «екінші бөлігінде» деген сөздермен ауыстырылсын;
«немесе бала кезінен бірінші топтағы мүгедекке күтімді жүзеге асыратын адам туралы» деген сөздер алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Проактивті көрсетілетін қызмет арқылы жәрдемақылар тағайындалған кезде «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес проактивті көрсетілетін қызмет арқылы жәрдемақы тағайындауға өтініш берушінің келісімін алған күн қызмет көрсетуге өтініш жасалған күн және оның Мемлекеттік корпорацияда тіркелген күні болып есептеледі.»;
5-тармақтағы «және бала кезінен бірінші топтағы мүгедектерге» деген сөздер алып тасталсын;
5) 8-1-баптың 2-тармағындағы «қайтыс болған айды қоса алғанда» деген сөздерден кейін «, ал жәрдемақы алушы Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге тұрақты тұрғылықты тұруға кеткен жағдайда - кеткен айды қоса алғанда» деген сөздермен толықтырылсын;
6) 9-2-бап алып тасталсын;
7) 10-бапта:
1-тармақта:
бірінші бөліктің 5) тармақшасы алып тасталсын;
екінші бөлікте:
«бірінші бөлігінің 1), 2), 2-1) және 3) тармақшаларында» деген сөздер «бірінші бөлігінде» деген сөздермен ауыстырылсын;
«- айлық есептік көрсеткіш мөлшерінің өзгеруі ескеріле отырып, ал осы тармақтың бірінші бөлігінің 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген жәрдемақылар ең төмен күнкөріс деңгейі шамасының өзгеруі ескеріле отырып төленеді, бұлар республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленеді» деген сөздер «республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленетін айлық есептік көрсеткіш мөлшерінің немесе ең төмен күнкөріс деңгейі шамасының өзгеруі ескеріле отырып төленеді» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақтың екінші бөлігінде:
«, сондай-ақ бала кезінен бірінші топтағы мүгедектің күтіміне байланысты жәрдемақының» деген сөздер алып тасталсын;
«басталған кезден бастап, бірақ олар тағайындалған кезден бұрын қайта қаралмайды» деген сөздер «басталған күннен бастап қайта қаралады, бірақ олар тағайындалған күннен ерте емес қайта қаралады» деген сөздермен ауыстырылсын;
8) 11-бапта:
1-тармақта:
бірінші бөлікте:
1-1) тармақшадағы «осы Заңда белгіленген жағдайларды қоспағанда, баланың кәмелеттік жасқа толуы, сондай-ақ кәмелеттік жасқа толғаннан» деген сөздер «, кәмелеттік жасқа толғанынан» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
«5) жәрдемақы алушыға қатысты Қазақстан Республикасының азаматтығын тоқтату фактісінің анықталуы.»;
үшінші бөлік алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Осы Заңның 4-бабының 3-тармағында көзделген жәрдемақыны төлеуді тоқтату үшін мыналар негіз болып табылады:
1) өтініш берушінің жәрдемақының заңсыз тағайындалуына алып келген, анық емес мәліметтер ұсынуы;
2) жәрдемақы алушыны «Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 40-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградасынан айыру;
3) жәрдемақы алушыға қатысты Қазақстан Республикасының азаматтығын тоқтату фактісінің анықталуы.»;
2-тармақта:
бірінші бөліктегі «1-тармағында» деген сөздер «1 және 1-1-тармақтарында» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші бөлік «соттың» деген сөзден кейін «заңды күшіне енген» деген сөздермен толықтырылсын;
3-тармақта:
бірінші бөлікте: