9) клиринг ұйымының қаржы құралдарымен жасалған мәмілелердің өлшемдерін есепке алуы мен растауы тәртібін;
10) сауда-саттыққа клирингтік қатысушылардың талаптарын және (немесе) міндеттемелерін айқындау тәртібін;
11) клиринг қызметінің нәтижелері бойынша міндеттемелерді орындаудың тәртібін, шарттарын және тәсілдерін;
12) клиринг ұйымының сауда-саттыққа клирингтік қатысушыларға қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша клиринг қызметінің нәтижелері жөніндегі есептерді ұсыну тәртібін;
13) қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша клиринг қызметінің нәтижелері жөніндегі ақпаратты дайындау және есеп айырысу ұйымына, сауда-саттықты ұйымдастырушыға және (немесе) тауар биржасына беру тәртібін;
14) клиринг ұйымы мен сауда-саттыққа клирингтік қатысушылар арасындағы қатынастарды айқындайтын клирингтік қызмет көрсетуді жүзеге асыру туралы шарттардың үлгі нысандарын;
15) клиринг ұйымы есеп айырысу ұйымымен, сауда-саттықты ұйымдастырушымен және (немесе) тауар биржасымен жасайтын шарттың мазмұнына қойылатын талаптарды;
16) клиринг ұйымының орталық контрагенттің функцияларын орындауы тәртібі мен шарттарын айқындайтын ережелерді;
17) осы Заңның 77-2-бабында белгіленген, клиринг ұйымының функцияларын іске асыру үшін айқындалуы қажет ережелерді қамтиды.
3. Осы баптың 2-тармағында санамаланған құжаттар клиринг ұйымының қағидаларын құрайды және клиринг ұйымының жекелеген құжаттары ретінде ресімделеді не клиринг ұйымының бірыңғай қағидаларының құрамына енгізіледі.
16-тарау. Орталық депозитарий
2005.08.07 ж. № 72-IІІ ҚР Заңымен 78-бап өзгертілді (бұр. ред. қара); 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 78-бап жаңа редакцияда (бұр.ред. қара)
78-бап. Орталық депозитарий қызметiнiң негiзгi қағидаттары
1. Орталық депозитарийдің бағалы қағаздар рыногында қызметті жүзеге асыруының шарттары мен тәртібі осы Заңда, уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде және орталық депозитарийдің ішкі құжаттарында -қағидалар жинағында белгіленеді.
2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды
1-1. Орталық депозитарий шарт негізінде шетелдік қаржы ұйымдарына және «Астана» халықаралық қаржы орталығының аумағында тіркелген ұйымдарға қызмет көрсетуге құқылы.
Орталық депозитарий мен шетелдік қаржы ұйымы немесе «Астана» халықаралық қаржы орталығының аумағында тіркелген ұйым арасында жасалған шартта көрсетілетін қызметтер тізбесі қамтылуға тиіс, оларды көрсету шарттары мен тәртібі, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, тараптардың келісімімен таңдалған елдің құқығына сәйкес немесе «Астана» халықаралық қаржы орталығының актілеріне сәйкес айқындалады.
2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред. қара); 2012.26.11 № 57-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2016.29.03. № 479-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді
2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі, тізбесі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалатын бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары және халықаралық қаржы ұйымдары ғана орталық депозитарийдiң құрылтайшылары мен акционерлері бола алады.
Орталық депозитарийдiң акцияларын Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің тікелей және (немесе) жанама иелену үлесі орталық депозитарийдiң дауыс беретін акцияларының жалпы санының елу пайызынан астамын құрайды.
Қор биржасын қоспағанда, бағалы қағаздар нарығына әрбір кәсіби қатысушының және әрбір халықаралық қаржы ұйымының орталық депозитарийінің акцияларын иелену үлесі орталық депозитарийдің орналастырылған акцияларының жалпы санының бес пайызынан аспайды.
2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Мыналар орталық депозитарийдің клиенттері болып табылады:
1) уәкілетті органның лицензиясы негізінде немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес номиналды ұстау шоттарын жүргізу құқығымен бағалы қағаздар нарығында брокерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдар;
2) уәкілетті органның лицензиясы негізінде немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес номиналды ұстау шоттарын жүргізу құқығынсыз бағалы қағаздар нарығында брокерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдар;
3) уәкілетті органның лицензиясы негізінде немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бағалы қағаздар нарығында дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдар;
4) шетелдiк депозитарийлер, қаржы құралдарының кастодиандары және (немесе) номиналды ұстаушылары болып табылатын депоненттер;
5) қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша клирингтік қызметті және (немесе) орталық контрагенттің қызметін жүзеге асыратын ұйымдар;
6) шетелдік дилерлер және (немесе) қор биржасының мүшелері және (немесе) клирингтік ұйымның клирингтік қатысушылары болып табылатын өзге де заңды тұлғалар;
2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен 6-1) тармақшамен толықтырылды
6-1) «Астана» халықаралық қаржы орталығының аумағында бағалы қағаздармен мәмілелерді тіркеуді жүзеге асыратын ұйым.
2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 7) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
7) номиналды ұстау туралы шарт талаптарына және орталық депозитарийдің қағидалар жинағына сәйкес осы тұлғалардың жекелеген деректемелерін ашып көрсетпей, депонент ұсынған мәліметтердің негізінде орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде қосалқы шоттар ашылған тұлғаларды қоспағанда, депоненттердің клиенттері;
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 8) тармақшамен толықтырылды (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 8) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
8) іскерлік қатынастар орнату рәсімінен өткен өзге де жеке және заңды тұлғалар.
79-бап. Орталық депозитарийдi басқару
1. Орталық депозитарийдiң органдары, олардың функциялары мен өкiлеттiктерi, олардың шешiмдерiн қалыптастыру және қабылдау тәртібі осы Заңмен, уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiсiмен, орталық депозитарийдiң жарғысымен және оның iшкi құжаттарымен белгiленедi.
2005.08.07 ж. № 72-IІІ ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды; 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 1-1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред. қара)
1-1. Осы Заңның 54-бабының талаптары орталық депозитарийдің басшы қызметкерлеріне қолданылады.
2. Орталық депозитарийдiң директорлар кеңесiнiң құрамына уәкiлеттi органның өкiлi тұрақты негiзде дауыс беру құқығымен кiредi.
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 80-бап жаңа редакцияда (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
80-бап. Орталық депозитарийдің қызметін жүзеге асыру тәртібі
1. Депозитарийлік қызметті жүзеге асыру процесінде орталық депозитарий:
1) депоненттерге қаржы құралдарын номиналды ұстау қызметтерін көрсетеді;
2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында жасалған мәмілелер бойынша және оның депоненттерінің, сондай-ақ өзге де клиенттердің қатысуымен ұйымдастырылмаған бағалы қағаздар нарығында жасалған мәмілелер бойынша қаржы құралдарымен есеп айырысуларды жүзеге асырады;
2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 2-1) тармақшамен толықтырылды
2-1) Қазақстан Республикасының резидент-қаржы ұйымдарына және (немесе) шетелдік депозитарийлер, кастодиандар және (немесе) қаржы құралдарының номиналды ұстаушылары болып табылатын депоненттерге олардың клиенттері-Қазақстан Республикасының резиденттерін қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мақсаттары үшін тиісінше тексеру жөніндегі қызмет көрсету шарты негізінде көрсетеді;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасына және өзінің қағидалар жинағына сәйкес мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарға депозитарийлік қызмет көрсетуді жүзеге асырады;
2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 3-1) тармақшамен толықтырылды
3-1) бағалы қағаздар нарығында қызметтің барлық немесе жекелеген түрлерін жүргізуге арналған лицензиядан айырылған және өз клиентіне активтерді қайтару жөніндегі міндеттемелерді орындамаған номиналды ұстаушының клиентіне номиналды ұстаудағы активтерді қайтаруды жүзеге асырады, сондай-ақ уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде және орталық депозитарийдің қағидалар жинағында айқындалған тәртіппен мұндай клиенттің активтеріне қатысты басқа операцияларды жүзеге асырады;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа да қызмет түрлерін көрсетеді.
2. Орталық депозитарий банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыруға арналған лицензиясы болған кезде уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген тәртіппен:
1) заңды тұлғалардың банктік шоттарын ашуды және жүргізуді;
2) жеке тұлғалардың банктік шоттарын ашуды және жүргізуді;
3) банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың корреспонденттік шоттарын ашуды және жүргізуді;
2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
4) аударым операцияларын: төлемдер мен ақша аударымдары бойынша жеке және заңды тұлғалардың тапсырмаларын орындауды;
2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 5) тармақшамен толықтырылды
5) қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын қоспағанда, шетел валютасымен айырбастау операцияларын;
2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 6) тармақшамен толықтырылды
6) сейфтік операцияларды: құжаттандырылған нысанда шығарылған бағалы қағаздарды және өзге де қаржы құралдарын сақтау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыруға құқылы.
Орталық депозитарийде уәкілетті органның осы тармақтың 4) тармақшасында көрсетілген қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиясы болған кезде, орталық депозитарий қаржы құралдарын өтеу және (немесе) олар бойынша кірісті төлеу кезінде төлем агентінің функцияларын жүзеге асыруға құқылы.
3. Орталық депозитарий қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша клирингтік қызметті жүзеге асырады немесе клирингтік ұйымдарға және (немесе) ұйымдастырылған және (немесе) ұйымдастырылмаған бағалы қағаздар нарығының орталық контрагенттеріне уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде және орталық депозитарийдің қағидалар жинағында белгіленген шарттармен және тәртіппен қызметтер көрсетеді.
4. Орталық депозитарий бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімдер жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыру процесінде:
1) бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімдер жүйесін қалыптастыруды, жүргізуді және сақтауды;
2) тіркелген тұлғаға бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімдер жүйесінде жеке шот ашуды;
3) тіркелген тұлғаның жеке шоты бойынша бағалы қағаздармен мәмілелерді тіркеуді;
4) тіркелген тұлғаның бағалы қағаздары бойынша құқықтарды растауды;
5) бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімдер жүйесін өзекті жай-күйде ұстауды;
6) бағалы қағаздардың қайталама нарығында айналыстағы бағалы қағаздар санының уәкілетті орган тіркеген санына сәйкестігін бақылауды жүзеге асырады;
7) орталық депозитарийдің қағидалар жинағында айқындалған мәселелердің тізбесі бойынша бағалы қағаздарды ұстаушыларға ақпарат беруді;
8) эмитентке оның сұрау салуы негізінде бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімдер жүйесін құрайтын ақпаратты беруді;
9) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімдер жүйесін құрайтын мәліметтерді алу құқығына ие мемлекеттік органдарға осы Заңның 43-бабына сәйкес ақпарат беруді;
10) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асырады.
2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
5. Бағалы қағаздарды ұстаушылардың тiзiлiмдері жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыру тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде және орталық депозитарийдің қағидалар жинағында белгіленеді.
6. Мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздардың эмитенті орталық депозитариймен бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімдер жүйесін жүргізуге арналған шарт жасасуға міндетті.
7-тармақ 2019 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
7. Бағалы қағаздар мен өзге де қаржы құралдарының саудасын ұйымдастыру жөніндегі қызмет шеңберінде орталық депозитарий мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) бағалы қағаздардың биржадан тыс нарығының интеграцияланған ақпараттық жүйесін пайдалану және ұстау;
2) өз клиенттеріне бағалы қағаздардың биржадан тыс нарығының интеграцияланған ақпараттық жүйесіне қол жеткізуді ұсыну;
3) ұйымдастырылмаған бағалы қағаздар нарығында бағалы қағаздармен және өзге де қаржы құралдарымен мәмілелер жасасу үшін орталық депозитарий клиенттерінің арасында бағалы қағаздардың және өзге де қаржы құралдарының белгіленімдерімен алмасуды ұйымдастыру;
4) орталық депозитарий клиенттерінің арасында бағалы қағаздармен және өзге де қаржы құралдарымен мәмілелер жасасу туралы хабарлар алмасуды ұйымдастыру;
5) осы Заңда көзделген өзге де функциялар.
8. Орталық депозитарий уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде және орталық депозитарийдің қағидалар жинағында айқындалған тәртіппен ұйымдастырылған және ұйымдастырылмаған бағалы қағаздар нарығында туынды қаржы құралдарымен жасалған мәмілелер тізілімдерінің жүйесін қалыптастыруды және жүргізуді жүзеге асырады.
2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 8-1-тармақпен толықтырылды
8-1. Орталық депозитарий өз қызметін жүзеге асыру үшін пайдаланылатын меншікті бағдарламалық өнімді әзірлеуге және одан әрі жетілдіруге құқылы.
9. Орталық депозитарий мынадай:
1) өз мұқтажы үшін сатып алынған мүлікті жалдауға (жалға) беруді қоса алғанда, өз мүлкіне билік ету;
2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2) бағалы қағаздар нарығындағы қызметке, сондай-ақ қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимылға байланысты мәселелер бойынша консультациялық және ақпараттық көрсетілетін қызметтерді ұсыну;
3) бағалы қағаздар нарығындағы қызмет мәселелері бойынша арнайы әдебиеттерді ақпарат жеткізгіштерінің кез келген түрлерінде өткізу;
4) бағалы қағаздар нарығындағы қызмет саласында оқытуды ұйымдастыру;
5) орталық депозитарийдің интернет-ресурсында орталық депозитарий мен оның клиенттері ұсынатын көрсетілетін қызметтер туралы жарнаманы, сондай-ақ орталық депозитарийдің қағидалар жинағында айқындалған өзге де ақпаратты жариялау;
6) орталық депозитарийдің материалдық-техникалық құралдары мен жабдықтарын жалдауға (жалға) беру жағдайларын қоспағанда, қаржы нарығындағы қызметке жатпайтын кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға құқылы емес.
2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 9-1-тармақпен толықтырылды
9-1. Орталық депозитарий мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен, сондай-ақ мемлекет қатысатын кредиттік бюро жүйесінен осы бапта көрсетілген қызметті жүзеге асыру кезінде пайдаланылатын ақпаратты растау мақсатында қажет болатын ақпаратты алуға құқылы;
10. Орталық депозитарийдің қызметін жүзеге асыру талаптары мен тәртібі осы Заңда, уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде және орталық депозитарийдің қағидалар жинағында белгіленеді.
2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 11-тармақпен толықтырылды
11. Орталық депозитарий уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде және орталық депозитарийдің қағидалар жинағында белгіленген тәртіппен және шарттарда инвесторлар үшін эмитент және оның бағалы қағаздары туралы ақпарат беруді жүзеге асырады.
81-бап. Орталық депозитарийдiң ережелер жинағы
2008.23.10. № 72-IV ҚР Заңымен 1 тармақ өзгертiлдi (бұр.ред. қара); 2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
1. Орталық депозитарийдiң қағидалар жинағы орталық депозитарийдiң бағалы қағаздар рыногы субъектiлерiмен өзара қарым-қатынасын айқындайды.
Орталық депозитарийдің қағидалар жинағын сақтау орталық депозитарийдің көрсетілетін қызметтерін пайдаланатын барлық субъектілер үшін міндетті болып табылады. Орталық депозитарийдің қағидалар жинағын орталық депозитарийдің директорлар кеңесі бекітеді.
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Орталық депозитарийдің қағидалар жинағында:
1) депозитарийлік қызметті жүзеге асыру;
2) бағалы қағаздарды ұстаушылар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерге қатысушылар тізілімдерінің жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыру;
3) мемлекеттік бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін жүргізу;
4) банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыру (банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыруға арналған лицензия болған кезде);
5) қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша клиринг қызметін жүзеге асыру;
6) төлем агентінің функцияларын жүзеге асыру (банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыруға арналған лицензия болған кезде);
2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 6-1) тармақшамен толықтырылды
6-1) Қазақстан Республикасының резидент-қаржы ұйымдарына қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мақсаттары үшін тиісінше тексеру жүргізу бойынша қызметтер көрсету;
7) ұйымдастырылған және ұйымдастырылмаған нарықтарда, туынды қаржы құралдарымен жасалған мәмілелер тізілімін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыру;
2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 7-1) тармақшамен толықтырылды
7-1) номиналды ұстауды есепке алу жүйесінен орталық депозитарийдің есепке алу жүйесіне деректер ұсыну, сондай-ақ орталық депозитарийдің көрсетілген электрондық деректерді қабылдауды, өңдеуді және сақтауды жүзеге асыруы;
8) бағалы қағаздарға халықаралық сәйкестендіру нөмірлерін (ІSІN кодтарын) және үлестер мен өзге де қаржы құралдарына сәйкестендіргіштер беру;
9) тармақша 2019 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
9) бағалы қағаздармен және өзге де қаржы құралдарымен сауданы ұйымдастыру жөніндегі қызметті жүзеге асыру тәртібі;
10) Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де қағидалар қамтылуға тиіс.
2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен 3-тармақпен толықтырылды; 2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертiлдi (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Орталық депозитарий қағидалар жинағы қабылданған не оларға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген күннен кейін он жұмыс күнi iшiнде бұл жөнінде уәкілетті органды осы құжаттарды қоса бере отырып, хабардар етеді.
82-бап. Орталық депозитарийдiң қызметiн шектеу
1. Орталық депозитарий:
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертiлдi (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының заңнамасына және орталық депозитарийдің қағидалар жинағына сәйкес өз функцияларын орындауды басқа да тұлғаларға беруге;
2) 2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен алып тасталды (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2-1) 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред. қара); 2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3) тармақша өзгертілді
3) орталық депозитарийдің клиенті (орталық депозитарий депонентінің клиенті), орталық депозитарийдің есепке алу жүйесіндегі жеке шоттарда (қосалқы шоттарда) ескерiлетiн қаржы құралдары туралы коммерциялық құпияны жария етуге;
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4) орталық депозитарий клиенттерінің және орталық депозитарий депоненттері клиенттерінің құқықтарын және мүдделерiн бұзатын iс-әрекеттер жасауға құқылы емес.
2. Уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актілерінде белгiленген жағдайларды қоспағанда, орталық депозитарий заңды тұлғаларды құруға және оның қызметiне қатысуға құқылы емес.
17-тарау. Сауда-саттықты ұйымдастырушы
83-бап. Сауда-саттықты ұйымдастырушының ұйымдық құрылымы
1. Сауда-саттықты ұйымдастырушының ұйымдық құрылымына қойылатын талаптар уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiсiмен белгiленедi.
2008.23.10. № 72-IV ҚР Заңымен (бұр.ред. қара); 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред. қара) 2-тармақ өзгертiлдi
2. Қор биржасының сауда жүйесінде қаржы құралдарымен жасалған мәмілелерге мониторинг жүргізуді және талдауды жүзеге асыру мақсатында қор биржасының ұйымдық құрылымына қор биржасының сауда жүйесiнде жасалатын мәмiлелердi қадағалау жөніндегі қызметтi жүзеге асыратын құрылымдық бөлiмшесi кіруге тиіс.
Қор биржасының аталған құрылымдық бөлiмшесiнiң қызметiн жүзеге асыру тәртібі уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiсiмен белгiленедi.
2007.19.02. № 230-III ҚР Заңымен 84-бап өзгертілді (бұр. ред. қара); 2007.21.07. № 309-III ҚР Заңымен 84-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара )
84-бап. Сауда-саттықты ұйымдастырушыны басқару
1. Сауда-саттықты ұйымдастырушының органдары, олардың функциялары және өкілеттіктері, олардың шешімдерді қалыптастыру және қабылдау тәртібі Қазақстан Республикасының заңнамасымен, сауда-саттықты ұйымдастырушының жарғысымен және оның ішкі құжаттарымен айқындалады.
2008.20.11. № 88-IV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред. қара); 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред. қара); 2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред. қара); 2012.26.11 № 57-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2015.27.04. № 311-V ҚР Заңымен (бұр.ред. қара); 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді
2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі акционері болып табылатын жағдайды қоспағанда, сауда-саттықты ұйымдастырушының әрбір акционерінің өзінің үлестес тұлғаларымен бірлескен үлесі орналастырылған акциялардың жалпы санының жиырма пайызынан аспауға тиіс.
2008.20.11. № 88-IV ҚР Заңымен (бұр.ред. қара); 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред. қара); 2015.27.04. № 311-V ҚР Заңымен (бұр.ред. қара); 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3-тармақ өзгертілді
3. Сауда-саттықты ұйымдастырушының әрбір акционері, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген жағдайларды қоспағанда, «бір акция - бір дауыс» принципі бойынша дауыс береді.
Сауда-саттықты ұйымдастырушының «алтын акциясының» иесі сауда-саттықты ұйымдастырушы органдарының шешімдеріне вето қоюға құқығы бар Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі болып табылады.
2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред. қара); 2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен (2019 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 4-тармақ өзгертілді
4. Сауда-саттықты ұйымдастырушының директорлар кеңесінің құрамына уәкілетті органнан және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінен бір-бір өкіл тұрақты негізде дауыс беру құқығымен кіреді.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің талабы орталық депозитарийге қолданылмайды.
2008.23.10. № 72-IV ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертiлдi (бұр.ред. қара); 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред. қара)
5. Листинг, делистинг немесе бағалы қағаздар тiзiмiнiң санаттарын алмастыру мәселелерi бойынша шешiмдерді қор биржасының листинг комиссиясы қабылдайды.