Тауарлар туралы нақты мәліметтер кейіннен анықталған кезде кедендік әкелу баждары, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары осындай нақты мәліметтер негізге алынып есептеледі және осы Кодекстің 11-тарауына және 141-бабына сәйкес кедендік әкелу баждарының, салықтардың, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының артық төленген және (немесе) артық өндіріп алынған сомасын есепке жатқызу (қайтару) жүзеге асырылады не осы Кодекстің 87 және 137-баптарына сәйкес әрекеттер, осы Кодекстің 12-тарауына және 142-бабына сәйкес, төленбеген сомаларды өндіріп алу жүзеге асырылады.
10. Осы баптың 8-тармағына сәйкес төленетін (өндіріп алынатын) кедендік әкелу баждарының, салықтардың, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының сомаларынан, егер тауарлар еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған күннен бастап кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу мерзімі өткен күн аралығында көрсетілген сомаларға қатысты оларды төлеуді кейінге қалдыру берілетін болса, пайыздар төлеуге жатады. Көрсетілген пайыздар осы Кодекстің 93-бабына сәйкес есепке жазылады және төленеді.
11. Кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі міндет орындалғаннан кейін және (немесе) олар өндіріп алынғаннан (толық немесе ішінара) кейін еркін кеден аймағы кедендік рәсімінің қолданылуы аяқталған не осы Кодекстің 287-бабының 5-тармағы 2) тармақшасының төртінші абзацында көрсетілген, экспорт кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлар Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкетілген не осы Кодекстің 209-бабының 7-тармағына сәйкес тауарлар шетелдік тауарларға қолданылатын кедендік рәсімдермен орналастырылған не осындай тауарларды кеден органдары осы Кодекстің 52-тарауына сәйкес кідірткен жағдайда, осы бапқа сәйкес төленген және (немесе) өндіріп алынған кедендік баждардың, салықтардың, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының сомалары осы Кодекстің 11-тарауына және 141-бабына сәйкес есепке жатқызуға (қайтаруға) жатады.
289-бап. Еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарларды және еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлардан дайындалған (алынған) тауарларды жекелеген кедендік рәсімдерге орналастырған кезде оларға қатысты кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын есептеу және төлеу ерекшеліктері
1. Еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған және еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды қайта өңдеу жөніндегі операцияларға ұшырамаған шетелдік тауарларды ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен орналастырған кезде кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын есептеу үшін осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген жағдайды қоспағанда, тауарларды еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастыру үшін берілген тауарларға арналған декларацияны кеден органы тіркеген күні, ал еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастыру кезінде тауарларға арналған декларация берілгенге дейін шығару жүргізілген тауарларға қатысты - тауарларға арналған декларация берілгенге дейін тауарларды шығару туралы өтінішті кеден органы тіркеген күні қолданылатын кедендік әкелу баждарының, салықтардың, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының мөлшерлемелері қолданылады.
Еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған, АЭА аумағында қызметті жүзеге асыру туралы шартты іске асыру үшін АЭА резиденті (қатысушысы, субъектісі) пайдалануға енгізген және қолданатын жабдықты, сондай-ақ порттық АЭА немесе логистикалық АЭА аумағында еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен орналастырған кезде кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын есептеу үшін тауарларды ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен орналастыру үшін берілген тауарларға арналған декларацияны кеден органы тіркеген күні қолданылатын кедендік әкелу баждары, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының мөлшерлемелері қолданылады.
2. Еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлардан дайындалған (алынған) тауарларды осы Кодекстің 207-бабы 2-тармағының 1), 5), 7), 10) және 14) тармақшаларында көрсетілген кедендік рәсімдермен орналастыру кезінде:
1) осы Кодекстің 286-бабына сәйкес жүзеге асырылатын, еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарларды көрсетілген тауарларда сәйкестендіру кезінде кедендік әкелу баждары, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары еркiн кеден аймағы кедендiк рәсiмiмен орналастырылған және еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырған шетелдік тауарлардан дайындалған (алынған) тауарларды дайындау үшін пайдаланылған шетелдік тауарларға қатысты есептеледі. Бұл ретте кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын есептеу үшін еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен тауарларды орналастыру үшін берілген тауарларға арналған декларацияны кеден органы тіркеген күні, ал еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастыру кезінде тауарларға арналған декларация берілгенге дейін шығару жүргізілген тауарларға қатысты - тауарларға арналған декларация берілгенге дейін тауарларды шығару туралы өтінішті кеден органы тіркеген күні қолданылатын кедендік әкелу баждарының, салықтардың, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының мөлшерлемелері қолданылады;
2) еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлардан дайындалған (алынған) тауарларға қатысты - тауарларға арналған декларацияны кеден органы тіркеген күні еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарларды осы Кодекстің 286-бабына сәйкес жүзеге асырылатын, еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлардан дайындалған (алынған) тауарларда сәйкестендіру болмаған кезде кедендік әкелу баждары, салықтар еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлардан дайындалған (алынған) тауарларға қатысты есептеледі. Бұл ретте кедендік әкелу баждарын, салықтарды есептеу үшін осы Кодекстің 207-бабы 2-тармағының 1), 4), 5), 7), 10) және 14) тармақшаларында көрсетілген кедендік рәсімдермен орналастыру үшін берілген тауарларға арналған декларацияны кеден органы тіркеген күні қолданылатын кедендік әкелу баждарының, салықтардың мөлшерлемелері қолданылады. Мұндай жағдайда еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлардан дайындалған (алынған) тауарлардың есептік құны адвалорлық мөлшерлеме бойынша кедендік әкелу баждарын есептеуге арналған база болып табылады, оны айқындау тәртібін Комиссия белгілейді.
3. Еркін кеден аймағы кедендік рәсімінің қолданылуы еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлардан дайындалған (алынған) тауарларды осы Кодекстің 287-бабының 8 және 9-тармақтарына сәйкес кедендік рәсімдермен орналастыру арқылы аяқталған кезде кедендік әкелу баждары, салықтар еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлардан дайындалған (алынған) тауарларға қатысты есептеледі. Бұл ретте кедендік әкелу баждарын, салықтарды есептеу үшін тауарларды осы Кодекстің 207-бабы 2-тармағының 1), 4), 5), 7), 10) және 14) тармақшаларында көрсетілген кедендік рәсімдермен орналастыру үшін берілген тауарларға арналған декларацияны кеден органы тіркеген күні қолданылатын кедендік әкелу баждарының, салықтардың мөлшерлемелері қолданылады.
4. Егер осы баптың 1, 2 және 3-тармақтарында көрсетілген жағдайларда кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын есептеу үшін шетел валютасын Қазақстан Республикасының ұлттық валютасына қайта есептеуді жүргізу талап етілсе, мұндай қайта есептеу әрбір жағдай үшін белгіленген, кедендік әкелу баждардың, салықтардың, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының мөлшерлемелерін қолдану күні қолданылатын валюта бағамы бойынша жүргізіледі.
290-бап. Еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлардан дайындалған (алынған) тауарлардың мәртебесін айқындау
1. Егер еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлардан дайындалған (алынған) тауарлар Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкетілетін болса, осындай тауарлардың мәртебесі тауарларды жеткілікті қайта өңдеу өлшемшарттарына сәйкес айқындалады, олар:
1) Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына сәйкес тауарлар кодының кез келген алғашқы төрт белгісі деңгейінде өзгеруінен;
2) пайдаланылатын материалдар құнының пайыздық үлесі немесе қосылған құны түпкі өнімнің бағасындағы тіркелген үлеске жеткен кездегі тауарлар құнының өзгеруінен (адвалорлық үлес қағидасы);
3) тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың тауарлары деп тану үшін жеткілікті өндірістік және технологиялық операциялар жасаудың қажетті шарттарын орындаудан көрінуі мүмкін.
2. Еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлардан дайындалған (алынған) тауарлар Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкету мақсаттары үшін, егер тауарларды дайындау (алу) жөніндегі операцияларды жасау нәтижесінде мынадай шарттардың біреуі орындалса:
1) осы баптың 3-тармағында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына сәйкес тауарлардың коды кез келген алғашқы төрт белгісі деңгейінде өзгергенде;
2) осы баптың 3-тармағында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлар құнының пайыздық үлесі түпкі өнімнің бағасындағы тіркелген үлестен аспаса немесе қосылған құн түпкі өнімнің бағасындағы тіркелген үлеске жететін болса;
3) осы баптың 3-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген жағдайды қоспағанда, тауарларға қатысты еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлардан дайындалған (алынған) тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың тауарлары деп тану үшін жеткілікті шарттар орындалғанда, өндірістік және технологиялық операциялар жасалғанда, Еуразиялық экономикалық одақтың тауарлары деп танылады.
3. Еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлардан дайындалған (алынған) тауарлар, егер өзге шарттардың орындалуына қарамастан, осындай тауарларға қатысты жеткілікті қайта өңдеу өлшемшарттарына сай келмейтін операциялар ғана жасалса, Еуразиялық экономикалық одақтың тауарлары деп танылмайды.
Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына сәйкес тауарлар кодының кез келген алғашқы төрт белгісі деңгейінде өзгеруі және адвалорлық үлес қағидасы, егер еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлардан дайындалған (алынған) тауарларға қатысты еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлардан дайындалған (алынған) тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың тауарлары деп тану үшін жеткілікті шарттардың, өндірістік және технологиялық операциялардың тізбесі айқындалса, еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлардан дайындалған (алынған) тауарларды жеткілікті қайта өңдеу өлшемшарттары ретінде қолданылмайды.
4. Еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлардан дайындалған (алынған) тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың тауарлары деп тану үшін жеткілікті шарттардың, өндірістік және технологиялық операциялардың тізбесін, сондай-ақ жасалуы еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлардан дайындалған (алынған) тауарлардың мәртебесін айқындау кезінде жеткілікті қайта өңдеу өлшемшарттарына сай келмейтін операциялар тізбесін Комиссия айқындайды.
5. Адвалорлық үлес қағидасын еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлардан дайындалған (алынған) тауарларды жеткілікті қайта өңдеу өлшемшарты ретінде пайдалану тәртібін Комиссия айқындайды.
Адвалорлық үлес қағидасы Еуразиялық экономикалық одақтың тауарларын жөндеу жөніндегі операцияларды жасау кезінде жеткілікті қайта өңдеу өлшемшарты ретінде қолданылмайды.
6. Еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлардан дайындалған (алынған) тауарлардың мәртебесін уәкілетті мемлекеттік орган немесе Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің уәкілетті ұйымы айқындайды.
7. Еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлардан дайындалған (алынған) тауарлардың мәртебесін растайтын құжат ретінде уәкілетті мемлекеттік орган немесе Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің уәкілетті ұйымы еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлардан дайындалған (алынған) тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың тауарлары деп тану туралы қорытынды немесе еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлардан дайындалған (алынған) тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың тауарлары емес деп тану туралы қорытынды береді.
Көрсетілген қорытындылардың нысандарын, осындай қорытындылардың электрондық құжаттар түріндегі құрылымы мен форматын, оларды толтыру тәртібін, сондай-ақ оларды беру және қолдану тәртібін Комиссия айқындайды.
8. Еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлардан дайындалған (алынған) тауарлардың мәртебесін растайтын құжат болмаған, жойылған немесе жарамсыз деп танылған кезде осындай тауарлар еркін кеден аймағы кедендік рәсімінің қолданылуы аяқталған кезде оларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкету мақсатында Еуразиялық экономикалық одақтың тауарлары ретінде, ал өзге мақсаттарда - шетелдік тауарлар ретінде қаралады.
291-бап. Шектері Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасының учаскелерімен толық немесе ішінара тұспа-тұс келетін АЕА еркін кеден аймағы кедендік рәсімін қолдану ерекшеліктері
2019.03.04. № 243-VI ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Осы бапта көзделген еркін кеден аймағы кедендік рәсімін қолдану ерекшеліктері Қазақстан Республикасының арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы заңнамасында айқындалған, шектері Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасының учаскелерімен толық немесе ішінара тұспа-тұс келетін бір АЭА-ға қатысты қолданылады.
2. Уәкілетті орган белгілеген тәртіппен айқындалатын, кедендік операцияларды жасауға және (немесе) еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды пайдалануға (сақтауға) арналған, шектері Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасының учаскелерімен толық немесе ішінара тұспа-тұс келетін арнайы экономикалық аймақ аумағының бөліктері шектері Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасының учаскелерімен толық немесе ішінара тұспа-тұс келетін арнайы экономикалық аймақтың кедендік бақылау аймақтары болып табылады.
3. Шектері Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасының учаскелерімен толық немесе ішінара тұспа-тұс келетін АЭА аумағын жайластыру ерекшеліктерін, мұндай аумақты қоршау және бейнебақылау жүйесімен жарақтандыру жөніндегі талаптарды қоса алғанда, уәкілетті орган бекітеді.
4. Шектері Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасының учаскелерімен толық немесе ішінара тұспа-тұс келетін АЭА аумағында бақылау-өткізу режимін қамтамасыз ету, осындай аумаққа адамдардың кіруін қоса алғанда, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетімен келісу бойынша уәкілетті орган айқындаған тәртіппен жүзеге асырылады.
5. Шектері Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасының учаскелерімен толық немесе ішінара тұспа-тұс келетін АЭА аумағына әкелінген тауарлар осындай АЭА аумағына әкелген күнінен бастап еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылды деп есептеледі.
2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
6. Шектері Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасының учаскелерімен толық немесе ішінара тұспа-тұс келетін АЭА аумағына шектес жатқан шет мемлекеттердің аумағынан әкелінетін тауарлар, мынадай жағдайларды:
1) шектері Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасының учаскелерімен толық немесе ішінара тұспа-тұс келетін АЭА аумағынан осындай тауарлар әкетілген;
2) осындай тауарлар декларанттың таңдауы бойынша декларацияланған;
2019.03.04. № 243-VI ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
3) тауарлар Қазақстан Республикасының арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы заңнамасына сәйкес жылжымайтын мүлік объектілерін және (немесе) инфрақұрылым объектілерін салу және (немесе) реконструкциялау үшін әкелінген;
4) тауарлар осындай АЭА аумағына осы Кодекстің 285-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында айқындалған операцияларды жасау үшін әкелінген жағдайларды қоспағанда, кедендік декларациялауға жатпайды.
Осы тармақтың бірінші бөлігі 1) тармақшасының ережелері өзінің шектері Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасының учаскелерімен толық немесе ішінара тұспа-тұс келетін АЭА аумағына осы баптың 7-1-тармағының ережелері ескеріле отырып, кейіннен пошта байланысының тағайындалған операторының Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан тыс жерге әкетуіне жататын пошта жөнелтілімдерін қалыптастыру мақсаттары үшін іргелес жатқан шет мемлекет аумағынан әкелінетін тауарларға қатысты қолданылмайды.
7. Осы баптың 6-тармағында көрсетілген тауарларға қатысты осы Кодекстің 285-бабы 1-тармағының 1), 2), 3) тармақшаларында айқындалған операцияларды жасауға, сондай-ақ халықаралық пошта жөнелтілімдерінің партияларын қалыптастыруға жол беріледі.
2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 7-1-тармақпен толықтырылды
7-1. Пошта байланысының тағайындалған операторы осы баптың 6-тармағының екінші бөлігінде көрсетілген тауарлардан қалыптастырған халықаралық пошта жөнелтілімдерінің партиясы осындай халықаралық пошта жөнелтілімдерін осы Кодекстің 370-бабында көзделген ерекшеліктерді қолданып, кедендік транзит кедендік рәсіміне орналастыра отырып, өзінің шектері Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасының учаскелерімен толық немесе ішінара тұспа-тұс келетін АЭА аумағынан Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан тыс жерге әкетілуге жатады. Бұл ретте пошта байланысының тағайындалған операторы Дүниежүзілік пошта одағының актілерінде халықаралық пошта жөнелтілімдерінің қалыптастырылған партияларына қатысты көзделген құжаттарды өзінің шектері Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасының учаскелерімен толық немесе ішінара тұспа-тұс келетін АЭА аумағында ресімдейді.
Пошта байланысының тағайындалған операторы осындай тауарлардан халықаралық пошта жөнелтілімдерінің партияларын қалыптастыру жөніндегі операцияларды жасау үшін іргелес жатқан шет мемлекеттің аумағынан әкелінетін шетелдік тауарларды есепке алуды жүргізеді.
Пошта байланысының тағайындалған операторы бақылаушы мемлекеттік органның немесе құқық қорғау органының сұрау салуы бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген тауарлар туралы мәліметтерді береді.
2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 8-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
8. Шектері Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасының учаскелерімен толық немесе ішінара тұспа-тұс келетін АЭА аумағына еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлар, сондай-ақ кедендік транзит кедендік рәсімін қоспағанда, өзге де кедендік рәсімдермен орналастырылған тауарлар қойылуы және пайдаланылуы мүмкін.
Уәкілетті орган шектері Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасының учаскелерімен толық немесе ішінара тұспа-тұс келетін АЭА аумағына әкелу кезінде еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастыруға жатпайтын тауарлардың тізбесін және санаттарын бекітуі мүмкін.
9. Шектері Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасының учаскелерімен толық немесе ішінара тұспа-тұс келетін АЭА аумағында тауарларды пайдалану және (немесе) оларға билік ету, осындай тауарларды өткізуді қоса алғанда, шектеусіз жүзеге асырылады.
Шектері Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасының учаскелерімен толық немесе ішінара тұспа-тұс келетін АЭА аумағына әкелінген шетелдік тауарларды өткізу осындай АЭА аумағында бажсыз сауда дүкендерінде жүзеге асырылады.
Осы тармақтың екінші бөлігінде және осы баптың 16-тармағында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, жеке тұлғалардың шектері Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасының учаскелерімен толық немесе ішінара тұспа-тұс келетін АЭА аумағында шетелдік тауарларды өткізуіне тыйым салынады.
10. Шектері Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасының учаскелерімен толық немесе ішінара тұспа-тұс келетін АЭА-ға шектес жатқан шет мемлекеттің аумағынан тауарларды әкелу кезінде тасымалдаушы осы баптың 6-тармағында айқындалған жағдайларда кедендік декларациялауға жататын тауарларды Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған межелі орнына немесе осындай АЭА аумағында орналасқан кедендік бақылау аймағына жеткізуге тиіс.
Бұл ретте тауарлардың орамасын бұзуға, сондай-ақ салынған пломбаларды, басылған мөрлерді және өзге де сәйкестендіру құралдарын өзгертуге, алып тастауға, жоюға, бүлдіруге немесе ауыстыруға жол берілмейді.
11. Осы баптың 6-тармағында айқындалған жағдайларда, тасымалдаушы кеден органын осы баптың 12-тармағында көзделген құжаттар мен мәліметтерді ұсыну жолымен Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына кедендік декларациялауға жататын тауарлардың келуі және осындай тауарлар мен көлік құралдарын межелі орнына немесе осындай АЭА аумағында орналасқан кедендік бақылау аймағына жеткізу туралы тауарлар межелі орнына немесе осындай АЭА аумағында орналасқан кедендік бақылау аймағына жеткізілген кезден бастап бір сағаттың ішінде, ал тауарлар кеден органының жұмыс уақытынан тыс кезде жеткізілген жағдайда - кеден органының жұмыс уақыты басталған кезден бастап бір сағат ішінде хабардар етуге міндетті.
12. Тауарлар мен көлік құралдары межелі орнына немесе шектері Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасының учаскелерімен толық немесе ішінара тұспа-тұс келетін АЭА аумағында орналасқан кедендік бақылау аймағына келген кезде тасымалдаушы мынадай құжаттар мен мәліметтерді:
құжаттарды:
көлік құралына арналған құжаттарды;
көлік (тасымалдау) құжаттарын;
тасымалданатын тауарларға арналған тасымалдаушыда бар коммерциялық құжаттарды;
мынадай:
тауарларды жөнелтуші ел мен межелі елдің атауы;
тауарларды жөнелтуші мен алушының атауы және мекенжайы;
жүк орындарының саны туралы, оларды таңбалау туралы және тауарлар орамаларының түрлері туралы;
тауарлардың атауы, ірі габаритті жүктерді қоспағанда, тауарлардың брутто салмағы (килограммен) не тауарлардың көлемі (текше метрмен);
Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелуге тыйым салынған немесе шектеу қойылған тауарлардың болуы туралы мәліметтерді ұсынады.
13. Осы баптың 6-тармағында айқындалған жағдайларда, тасымалдаушы немесе осы Кодекстің 149-бабында көрсетілген өзге де мүдделі тұлға келу туралы хабардар еткен кезден бастап кеден органы жұмыс уақытының үш сағаты ішінде кедендік декларациялауға жататын тауарларға қатысты:
1) тауарларды уақытша сақтауға орналастырумен;
2) тауарларды межелі орнынан уақытша сақтау орнына дейін тасымалдаумен (тасумен);
3) тауарларды кедендік декларациялаумен;
4) тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкетумен байланысты кедендік операциялардың біреуін жасауға міндетті.
14. Шектері Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасының учаскелерімен толық немесе ішінара тұспа-тұс келетін АЭА аумағында орналасқан кедендік бақылау аймағына тауарларды әкелген кезде осы баптың 11-тармағына сәйкес берілген хабарлама осындай АЭА-ға тауарларды әкелу туралы хабарлама болып табылады.
2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 14-1-тармақпен толықтырылды
14-1. Осы баптың 11, 12, 13 және 14-тармақтарының ережелері іргелес жатқан шет мемлекеттің аумағынан әкелінетін шетелдік тауарлардан халықаралық пошта жөнелтілімдерінің партияларын қалыптастыру жөніндегі операцияларды жасау үшін осындай тауарларға қатысты қолданылмайды.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген тауарларға қатысты, көрсетілген тауарлардан халықаралық пошта жөнелтілімдерінің партияларын қалыптастыруға, қалыптастырылған халықаралық пошта жөнелтілімдерін осы баптың 7-1-тармағына сәйкес өзінің шектері Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасының учаскелерімен толық немесе ішінара тұспа-тұс келетін АЭА аумағынан әкету кезінде Дүниежүзілік пошта одағының актілерінде көзделген құжаттарды ресімдеуге байланысты кедендік операцияларды жасау тәртібін уәкілетті орган кеден саясаты саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша айқындайды.
15. Шектері Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасының учаскелерімен толық немесе ішінара тұспа-тұс келетін АЭА аумағында:
1) радиациялық бақылауды және мемлекеттік бақылаудың өзге де түрлерін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен тиісті уәкілетті органдар жүзеге асырады;
2) осы Кодекске сәйкес кеден органдарына жүктелген радиациялық бақылауды межелі (жөнелту) орны болып табылатын бақылау-өткізу пункті арқылы тауарларды өткізген кезде кеден органдары жүзеге асырады.
16. Шектері Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасының учаскелерімен толық немесе ішінара тұспа-тұс келетін АЭА аумағында еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларға және (немесе) еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды пайдалана отырып дайындалған (алынған) тауарларға қатысты басқа да операциялармен қатар осы Кодекстің 285-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды қайта өңдеу жөніндегі операцияларды жасау кезінде тауарларды жұмсауға (тұтынуға) қарағанда өзгеше тауарларды тұтынуға жол беріледі.