10. Еркін кеден аймағы кедендік рәсімінің қолданылуы осы баптың 12 және 13-тармақтарында көзделген жағдайларда, сондай-ақ мынадай жағдайларда:
1) еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлар және (немесе) еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлардан дайындалған (алынған) тауарлар өздерінің тұтынушылық қасиеттерін жоғалтып және өздері арналғандай түрде пайдалануға жарамсыз болып, АЭА аумағынан көму, залалсыздандыру, кәдеге жарату немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де тәсілмен жою үшін әкетілсе, тауарларды кедендік рәсімдермен орналастырмай аяқталады. Бұл ретте еркін кеден аймағы кеден рәсімінің қолданылуы көмілген, залалсыздандырылған, кәдеге жаратылған немесе өзге тәсілмен жойылған тауарлар санына сәйкес келетін және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айқындалатын еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлардың бір бөлігіне қатысты көму, залалсыздандыру, кәдеге жарату немесе өзге де тәсілмен жою мүмкіндігі туралы мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру жолымен аяқталады, онда көму, залалсыздандыру, кәдеге жарату немесе өзге де тәсілмен жою тәсілі мен орны көрсетіледі. Еркін кеден аймағы кеден рәсімімен орналастырылған тауарларды көму, залалсыздандыру, кәдеге жарату немесе өзге де тәсілмен жою мүмкіндігі туралы мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындысы тауарлар авария немесе еңсерілмейтін күш әсері салдарынан қайтарымсыз жоғалған жағдайларда талап етілмейді. Осындай тауарларға қатысты еркін кеден аймағы кедендік рәсімін аяқтау үшін тауарлардың авария немесе еңсерілмейтін күш әсері салдарынан қайтарымсыз жоғалу фактісін растайтын құжаттар ұсынылуға тиіс.
Еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды көму, залалсыздандыру, кәдеге жарату немесе өзге де тәсілмен жою кеден органы белгілеген мерзімдерде, осы тауарларды іс жүзінде көму, залалсыздандыру, кәдеге жарату немесе өзге де тәсілмен жою үшін қажетті уақыт, оларды көму, залалсыздандыру, кәдеге жарату немесе өзге де тәсілмен жою тәсілі мен орны негізге алынып, сондай-ақ егер қорытындыда осындай мерзімдер көрсетілген болса, тауарларды көму, залалсыздандыру, кәдеге жарату немесе өзге де тәсілмен жою мүмкіндігі туралы мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысында көрсетілген мерзімдер ескеріліп жүргізіледі.
Тауарларды көму, залалсыздандыру, кәдеге жарату немесе өзге де тәсілмен жою еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлардың декларанты есебінен жүргізіледі.
Тауарларды көму, залалсыздандыру, кәдеге жарату немесе өзге де тәсілмен жою еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларға бақылауды жүзеге асыратын кеден органы кеден органының, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің өкілдерінен құратын комиссияның қатысуымен және декларанттың қатысуымен жүргізіледі. Қажет болған жағдайда, еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларға бақылауды жүзеге асыратын кеден органы өзге де мемлекеттік органдардың мамандарын және тәуелсіз сарапшыларды тартуға құқылы.
Тауарларды іс жүзінде көмгеннен, залалсыздандырғаннан, кәдеге жаратқаннан немесе өзге де тәсілмен жойғаннан кейін уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша, тауарларды көму, залалсыздандыру, кәдеге жарату немесе өзге де тәсілмен жою актісі жасалады, онда мынадай негізгі мәліметтер:
тауарларды көму, залалсыздандыру, кәдеге жарату немесе өзге де тәсілмен жою күні мен орны;
еркін кеден аймағы кедендік рәсіміне өтініш берген тұлға туралы мәліметтер;
тауарларды көму, залалсыздандыру, кәдеге жарату немесе өзге де тәсілмен жою кезінде қатысқан тұлғалар туралы мәліметтер;
көмілген, залалсыздандырылған, кәдеге жаратылған немесе өзге де тәсілмен жойылған тауарлардың атауы, өлшем бірліктеріндегі саны;
тауарларды көму, залалсыздандыру, кәдеге жарату немесе өзге де тәсілмен жою тәсілі;
уәкілетті орган бекіткен нысанға сәйкес өзге де мәліметтер қамтылады.
Тауарларды көму, залалсыздандыру, кәдеге жарату немесе өзге де тәсілмен жою актісі барлық комиссия мүшелерінің және қатысқан адамдардың қол қоюымен расталады, үш данада ресімделеді: бірінші данасы кеден органында сақталады; екінші данасы қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне беріледі; үшінші данасы декларантта қалады.
Тауарларды көму, залалсыздандыру, кәдеге жарату немесе өзге де тәсілмен жою фактісі фото және (немесе) бейнетүсірілім қолданылып тіркеледі, оның нәтижелері кеден органында сақталатын, тауарларды көму, залалсыздандыру, кәдеге жарату немесе өзге де тәсілмен жою актісіне қоса беріледі.
Еркін кеден аймағы кедендік рәсімі осы тармақшаның ережелері ескеріле отырып, тауарларды іс жүзінде көмумен, залалсыздандырумен, кәдеге жаратумен немесе өзге де тәсіл арқылы жоюмен аяқталады;
2) еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлар авария немесе еңсерілмейтін күш әсері салдарынан жойылса және (немесе) қайтарымсыз жоғалса не қалыпты жағдайларда тасымалдау (тасу) және (немесе) сақтау кезінде табиғи кему салдарынан қайтарымсыз жоғалса және осындай жойылу немесе қайтарымсыз жоғалу фактісін кеден органы уәкілетті орган айқындаған тәртіппен таныса;
3) еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлар және еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлардан дайындалған (алынған) тауарлар осы Кодекстің 285-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес тұтынылса;
4) табиғи тозу салдарынан болған өзгерістерді, сондай-ақ қалыпты жағдайларда тасымалдау (тасу) және (немесе) сақтау кезінде табиғи кему салдарынан болған өзгерістерді қоспағанда, өзгеріссіз күйде қалған, порттық АЭА немесе логистикалық АЭА аумағында еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлар осындай порттық АЭА-мен немесе логистикалық АЭА-мен шектесетін әкету орны арқылы Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағының шегінен тыс жерге әкетілсе, тауарларды кедендік рәсімдермен орналастырмай аяқталады.
11. Осы баптың 10-тармағының 1), 2) және 4) тармақшаларында көзделген жағдайларда еркін кеден аймағы кедендік рәсімінің қолданылуын аяқтау тәртібін уәкілетті орган айқындайды.
Осы баптың 10-тармағының 3) тармақшасында көзделген жағдайда еркін кеден аймағы кедендік рәсімінің қолданылуын аяқтау тәртібін Комиссия айқындайды.
12. АЭА-ның жұмыс істеуі тоқтатылған немесе АЭА аумағында еркін кеден аймағы кедендік рәсімінің қолданылуын тоқтату туралы шешім қабылданған кезде еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған және АЭА аумағында қызметті жүзеге асыру (жүргізу) туралы келісімді (шартты) (АЭА-дағы қызмет талаптары туралы шартты, инвестициялық декларацияны, кәсіпкерлік бағдарламаны) іске асыру үшін АЭА резиденті (қатысушысы, субъектісі) пайдалануға енгізген және қолданатын жабдық немесе АЭА аумағында жылжымайтын мүлік объектілерін құру үшін пайдаланылған және осындай жылжымайтын мүлік объектілерінің құрауыш бөлігі болатын тауарлар болып табылатын тауарларға қатысты еркін кеден аймағы кедендік рәсімінің қолданылуы көрсетілген тауарларды уәкілетті орган айқындаған тәртіппен кедендік рәсімдермен орналастырмай аяқталады.
Комиссия көрсетілген тауарларға қатысты еркін кеден аймағы кедендік рәсімінің қолданылуын аяқтау тәртібін айқындауға құқылы.
Көрсетілген тауарлар еркін кеден аймағы кедендік рәсімінің қолданылуы аяқталған күннен бастап Еуразиялық экономикалық одақтың тауарлары мәртебесіне ие болады.
13. Тұлға АЭА аумағында қызметті жүзеге асыру (жүргізу) туралы келісімнің (шарттың) (АЭА-дағы қызмет талаптары туралы шарттың, инвестициялық декларацияның, кәсіпкерлік бағдарламаның) қолданылу мерзімінің өтуіне және осы келісімнің талаптарын орындауына байланысты АЭА резиденті (қатысушысы, субъектісі) мәртебесін жоғалтқан жағдайда, еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған және АЭА аумағында қызметті жүзеге асыру (жүргізу) туралы келісімді (шартты) (АЭА-дағы қызмет талаптары туралы шартты, инвестициялық декларацияны, кәсіпкерлік бағдарламаны) іске асыру үшін АЭА резиденті (қатысушысы, субъектісі) пайдалануға енгізген және қолданатын жабдық немесе АЭА аумағында жылжымайтын мүлік объектілерін құру үшін пайдаланылған және осындай жылжымайтын мүлік объектілерінің құрауыш бөлігі болатын тауарлар болып табылатын тауарларға қатысты еркін кеден аймағы кедендік рәсімінің қолданылуы көрсетілген тауарларды уәкілетті орган айқындаған тәртіппен кедендік рәсімдермен орналастырмай аяқталады.
Комиссия көрсетілген тауарларға қатысты еркін кеден аймағы кедендік рәсімінің қолданылуын аяқтау тәртібін айқындауға құқылы.
Көрсетілген тауарлар еркін кеден аймағы кедендік рәсімінің қолданылуы аяқталған күннен бастап Еуразиялық экономикалық одақтың тауарлары мәртебесіне ие болады.
14. АЭА резиденті (қатысушысы, субъектісі) болып табылатын тұлға таратылған (қызметі тоқтатылған) кезде еркін кеден аймағы кедендік рәсімінің қолданылуын аяқтау уәкілетті орган айқындаған тәртіппен жүзеге асырылады.
288-бап. Еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылатын (орналастырылған) шетелдік тауарларға қатысты кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі міндеттің туындауы және тоқтатылуы, оларды төлеу мерзімі және есептеу
1. Еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылатын (орналастырылған) шетелдік тауарларға қатысты кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі міндет декларантта осы тармақтың екінші және үшінші бөліктерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, тауарларға арналған декларацияны кеден органы тіркеген кезден бастап туындайды.
Тауарларға арналған декларация берілгенге дейін шығаруға өтініш берілген, еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылатын (орналастырылған) шетелдік тауарларға қатысты кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі міндет тауарларға арналған декларация берілгенге дейін тауарларды шығару туралы өтініш берген тұлғада тауарларға арналған декларация берілгенге дейін тауарларды шығару туралы өтінішті кеден органы тіркеген кезден бастап туындайды.
Порттық АЭА немесе логистикалық АЭА аумағында еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылатын (орналастырылған) шетелдік тауарларға қатысты кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі міндет декларантта оларды порттық АЭА немесе логистикалық АЭА аумағына әкелген кезден бастап туындайды.
2. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттің аумағынан порттық АЭА немесе логистикалық АЭА аумағына әкелінетін және осы Кодекстің 284-бабының 4-тармағына сәйкес кедендік декларациялауға жатпайтын шетелдік тауарларға қатысты кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі міндет қызметтер көрсету туралы шарт жасасқан порттық АЭА немесе логистикалық АЭА резидентінде (қатысушысында, субъектісінде) осындай тауарлар порттық АЭА немесе логистикалық АЭА аумағына әкелінген кезден бастап туындайды.
3. Еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарларға қатысты кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі міндет осы Кодекстің 285-бабының 10-тармағына сәйкес осындай тауарларды және (немесе) еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлардан дайындалған (алынған) тауарларды иелену, пайдалану және (немесе) оларға билік ету құқықтары берілген және еркiн кеден аймағы кедендік рәсіміне сәйкес тауарларды пайдалану шарттарын сақтау жөніндегі декларанттың міндеті және осындай кедендік рәсімінің қолданылуын аяқтау жөніндегі міндет осы Кодекске сәйкес жүктелген тұлғаларда осындай тұлғаларға декларанттың көрсетілген міндеттері жүктелетін кезден бастап туындайды.
4. Еркiн кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылатын (орналастырылған) шетелдік тауарларға қатысты кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі міндет осы баптың 1, 2 және 3-тармақтарында көрсетілген тұлғаларда мынадай мән-жайлар басталған кезде:
1) осы Кодекстің 287-бабының 5-тармағы 2) тармақшасының төртінші абзацында көрсетілген тауарларды экспорт кедендік рәсімімен орналастырумен еркін кеден аймағы кедендік рәсімінің қолданылуын аяқтауды қоспағанда, осы Кодекстің 287-бабына сәйкес, оның ішінде осы баптың 7-тармағында көрсетілген мән-жайлар басталғаннан кейін еркін кеден аймағы кедендік рәсімінің қолданылуын аяқтағанда;
2) экспорт кедендік рәсімімен орналастырылған, осы Кодекстің 287-бабының 5-тармағы 2) тармақшасының төртінші абзацында көрсетілген тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкеткенде;
3) еркін кеден аймағы кедендік рәсімінің қолданылуы тоқтатылған тауарларды және (немесе) қолданылуы тоқтатылған осындай кедендік рәсімді қолдану шеңберінде еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлардан дайындалған (алынған) тауарларды осы Кодекстің 209-бабының 7-тармағына сәйкес кедендік рәсімдермен орналастырғанда;
4) кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі міндетті орындағанда және (немесе) олар осы баптың 8-тармағына сәйкес есептелген және төлеуге жататын мөлшерде өндіріп алынғанда;
5) еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлардың және (немесе) еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлардан дайындалған (алынған) тауарлардың авария немесе еңсерілмейтін күш әсері салдарынан жойылу және (немесе) қайтарымсыз жоғалу фактісін не қалыпты жағдайларда тасымалдау (тасу) және (немесе) сақтау кезінде табиғи кему салдарынан осы тауарлардың қайтарымсыз жоғалу фактісін, осы Кодекске сәйкес осындай жойылуға немесе қайтарымсыз жоғалуға дейін осы шетелдік тауарларға қатысты кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу мерзімі басталған жағдайларды қоспағанда, кеден органы уәкілетті орган айқындаған тәртіппен танығанда;
6) тауарларға арналған декларацияны не тауарларға арналған декларация берілгенге дейін тауарларды шығару туралы өтінішті тіркеу кезінде туындаған кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі міндетке қатысты - еркін кеден аймағы кедендік рәсіміне сәйкес тауарларды шығарудан бас тартылғанда;
7) тауарларға арналған декларацияларды тіркеу кезінде туындаған кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі міндетке қатысты - осы Кодекстің 184-бабына сәйкес тауарларға арналған декларация кері қайтарып алынғанда және (немесе) осы Кодекстің 192-бабының 5-тармағына сәйкес тауарлар шығарылымы жойылғанда;
8) тауарлар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тәркіленгенде немесе мемлекет меншігіне айналдырылғанда;
9) кеден органы тауарларды осы Кодекстің 52-тарауына сәйкес кідірткенде;
10) қылмыстық құқық бұзушылық туралы хабарламаны тексеру барысында, қылмыстық іс немесе әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізу барысында алып қойылған немесе тыйым салынған және егер бұрын осындай тауарларды шығару жүргізілмесе, оларды қайтару туралы шешім қабылданған тауарларды уақытша сақтауға қойғанда немесе кедендік рәсімдердің біреуімен орналастырғанда тоқтатылады.
5. Еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарларға қатысты кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі міндет осы баптың 1 және 3-тармақтарында көрсетілген тұлғаларда еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды және (немесе) еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлардан дайындалған (алынған) тауарларды иелену, пайдалану және (немесе) оларға билік ету құқықтарын беру кезінде, егер осындай тауарларды иелену, пайдалану және (немесе) оларға билік ету құқықтарын беру кезінде декларанттың еркін кеден аймағы кедендік рәсіміне сәйкес тауарларды пайдалану шарттарын сақтау жөніндегі міндеті және декларанттың мұндай кедендік рәсімнің қолданылуын аяқтау жөніндегі міндеті осындай құқықтар берілген тұлғаларға жүктелсе, осы Кодекстің 285-бабының 10-тармағына сәйкес еркін кеден аймағы кедендік рәсімінің қолданылуы аяқталмай тоқтатылады.
6. Кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі міндет осы баптың 7-тармағында көрсетілген мән-жайлар басталған кезде орындауға жатады.
7. Мынадай мән-жайлар басталған кезде кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу мерзімі болып:
1) еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарларды және (немесе) еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлардан дайындалған (алынған) тауарларды, осы Кодекстің 287-бабы 1-тармағы 3) тармақшасының үшінші және төртінші абзацтарында көзделген жағдайларда, осындай тауарлар еркін кеден аймағы кедендік рәсімінің қолданылуы аяқталмай әкетілуі мүмкін жағдайларды қоспағанда, осындай тауарларға қатысты еркін кеден аймағы кедендік рәсімінің қолданылуы аяқталғанға дейін не осы Кодекстің 285-бабының 4-тармағында көрсетілген жағдайларда кеден органының рұқсатынсыз АЭА аумағынан әкеткен жағдайда - АЭА аумағынан әкету күні, ал егер бұл күн анықталмаса, - еркін кеден аймағы кедендік рәсімі қолданылатын АЭА аумағынан осындай әкету фактісі анықталатын күн;
2) еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды және (немесе) еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлардан дайындалған (алынған) тауарларды еркін кеден аймағы кедендік рәсімінің қолданылуын аяқтамай өзге тұлғаға берген жағдайда, осы Кодекстің 285-бабының 8 және 10-тармақтарына сәйкес осындай тауарларды беруді қоспағанда, тауарларды беру күні, ал егер бұл күн анықталмаса, - осындай беру фактісі анықталған күн;
3) осы Кодекстің 285-бабы 4-тармағының 1) 2) 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген жағдайларда АЭА аумағынан әкетілген тауарлар осы Кодекстің 285-бабы 5-тармағының бірінші бөлігіне сәйкес кеден органы белгілеген мерзім өткенге дейін АЭА аумағына қайтарылмаған жағдайда - осы мерзім өткен күн;
4) осы Кодекстің 285-бабы 4-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген жағдайда АЭА аумағынан әкетілген тауарларға қатысты осы Кодекстің 285-бабы 5-тармағының екінші бөлігіне сәйкес кеден органы белгілеген мерзім өткенге дейін еркін кеден аймағы кедендік рәсімінің қолданылуы аяқталмаған жағдайда - осы мерзім өткен күн;
5) еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарларды және (немесе) еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлардан дайындалған (алынған) тауарлардың авария немесе еңсерілмейтін күш әсері салдарынан жойылуын және (немесе) қайтарымсыз жоғалуын не қалыпты жағдайларда тасымалдау (тасу) және (немесе) сақтау кезінде табиғи кему салдарынан қайтарымсыз жоғалуды қоспағанда, осындай тауарларды жоғалтқан жағдайда - тауарларды жоғалтқан күн, ал егер бұл күн анықталмаса, - осындай жоғалу фактісі анықталған күн;
6) осы Кодекстің 287-бабы 10-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген тауарларды көму, залалсыздандыру, кәдеге жарату немесе өзге де тәсілмен жою фактісін растайтын құжаттарды кеден органына ол белгілеген мерзімде ұсынбаған жағдайда - осындай тауарларды АЭА аумағының шегінен тыс жерге әкеткен күн;
7) осы Кодекстің 287-бабының 5-тармағы 2) тармақшасының төртінші абзацында көрсетілген тауарларға қатысты экспорт кедендік рәсімінің қолданылуы осы Кодекстің 219-бабы 5-тармағының үшінші бөлігіне сәйкес тоқтатылған жағдайда, осындай кедендік рәсімнің қолданылуы тоқтатылған кезде АЭА аумағында болатын көрсетілген тауарларға қатысты экспорт кедендік рәсімі қолданылуының тоқтатылуын қоспағанда, - осы Кодекстің 219-бабы 5-тармағының бірінші бөлігінде белгіленген мерзім өткен күннен кейінгі күн есептеледі.
8. Егер осы баптың 7-тармағында көрсетілген мән-жайлар еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарларға қатысты басталса, кедендік әкелу баждары, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары осындай шетелдік тауарлар тарифтік преференциялар мен кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу жөніндегі жеңілдіктер қолданылмай, ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен орналастырылғандай етіп төлеуге жатады.
Егер осы баптың 7-тармағында көрсетілген мән-жайлар еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлардан дайындалған (алынған) тауарларға қатысты басталса және осы Кодекстің 286-бабына сәйкес еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлар осындай тауарларда сәйкестендірілсе, еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған және еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлардан дайындалған (алынған) тауарларды дайындау үшін пайдаланылған шетелдік тауарларға қатысты кедендік әкелу баждары, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары осындай шетелдік тауарлар тарифтік преференциялар мен кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу жөніндегі жеңілдіктер қолданылмай, ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен орналастырылғандай етіп төлеуге жатады.
Осы тармақтың бірінші және екінші бөліктерінде көрсетілген жағдайларда кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын есептеу үшін осындай тауарларды еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастыру үшін берілген тауарларға арналған декларацияны кеден органы тіркеген күні, тауарларды еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастыру кезінде тауарларға арналған декларация берілгенге дейін шығарылуы жүргізілген тауарларға қатысты - тауарларға арналған декларация берілгенге дейін тауарларды шығару туралы өтінішті кеден органы тіркеген күні, ал егер осы Кодекске сәйкес тауарларды еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастыру кедендік декларациялаусыз жүзеге асырылса, - порттық АЭА немесе логистикалық АЭА аумағына тауарларды әкелу күні қолданылатын кедендік әкелу баждарының, салықтардың, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының мөлшерлемелері қолданылады.
9. Егер осы баптың 7-тармағында көрсетілген мән-жайлар еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлардан дайындалған (алынған) тауарларға қатысты басталса және осы Кодекстің 286-бабына сәйкес еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлар осындай тауарларда сәйкестендірілмесе, кедендік әкелу баждары, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлардан дайындалған (алынған) осындай тауарлар тарифтік преференциялар мен кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу жөніндегі жеңілдіктер қолданылмай, ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен орналастырылғандай етіп төлеуге жатады.
Көрсетілген жағдайда кедендік әкелу баждары, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары осы Кодекстің 8 және 13-тарауларына сәйкес есептеледі.
Кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын есептеу үшін еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлардан дайындалған (алынған) тауарларға қатысты осы баптың 7-тармағына сәйкес кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу мерзімі болып табылатын күні қолданылатын кедендік әкелу баждарының, салықтардың, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының мөлшерлемелері қолданылады.
Егер тауарлардың кедендік құнын айқындау үшін, сондай-ақ кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын есептеу үшін шетел валютасын Қазақстан Республикасының ұлттық валютасына қайта есептеуді жүргізу талап етілсе, мұндай қайта есептеу осы баптың 7-тармағына сәйкес кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу мерзімі болып табылатын күні қолданылатын валюта бағамы бойынша жүргізіледі.
Егер кеден органында тауарлар туралы (сипаттамасы, атауы, саны, шығарылған жері және (немесе) кедендік құны) нақты мәліметтер болмаса, төлеуге жататын кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын есептеуге арналған база кеден органында бар мәліметтердің негізінде айқындалады, ал тауарларды сыныптау осы Кодекстің 40-бабының 4-тармағы ескеріліп жүзеге асырылады.
Егер тауардың коды Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына сәйкес белгілер саны оннан аз топтама деңгейінде айқындалса, мыналарды:
кедендік әкелу баждарын есептеу үшін осындай топтамаға кіретін тауарларға сәйкес келетін кедендік баж мөлшерлемелерінің ең жоғарысы қолданылады;
салықтарды есептеу үшін кедендік баж мөлшерлемелерінің ең жоғарысы белгіленген осындай топтамаға кіретін тауарларға сәйкес келетін қосылған құн салығы мөлшерлемелерінің ең жоғарысы, акциздер мөлшерлемелерінің ең жоғарысы қолданылады;
арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын есептеу үшін осы тармақтың жетінші бөлігі ескеріле отырып, осындай топтамаға кіретін тауарларға сәйкес келетін арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары мөлшерлемелерінің ең жоғарысы қолданылады.
Арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары осы Кодекстің 5-тарауына сәйкес расталған тауарлардың шығарылған жері және (немесе) көрсетілген баждарды айқындау үшін қажетті өзге де мәліметтер негізге алынып есептеледі. Тауарлардың шығарылған жері және (немесе) көрсетілген баждарды айқындау үшін қажетті өзге де мәліметтер расталмаған жағдайда, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, егер тауарды сыныптау он белгі деңгейінде жүзеге асырылса, Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасының нақ сол кодындағы тауарларға не егер Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына сәйкес тауар кодтары белгілер саны оннан аз топтама деңгейінде айқындалса, топтамаға кіретін тауарларға қатысты белгіленген арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары мөлшерлемелерінің ең жоғарылары негізге алынып есептеледі.