1-тармақтың 97) тармақшасының он төртінші абзацы 2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
«26) зиянды өтеу резервін және сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резервін ұлғайтуға бағытталған қаражат шегінде «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының инвестициялық кірістері;
27) банк (микроқаржылық ұйым) берген кредит (қарыз, микрокредит) бойынша Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес міндеттемелер тоқтатылған кезде:
негізгі борышты кешіру;
сыйақы, комиссия, тұрақсыздық айыбы (өсімпұл, айыппұл) бойынша берешекті кешіру;
банктің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның, сондай-ақ коллекторлық агенттіктің сотқа берілетін талап қою арызынан алынатын мемлекеттік бажды осындай тұлға үшін төлеуі нәтижесінде қарыз алушы алған кіріс түрінде пайда болған кіріс алып тасталуға жатады.»;
2-тармақта:
1-тармақтың 97) тармақшасының жиырмасыншы абзацы 2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
1) тармақша алып тасталсын;
1-тармақтың 97) тармақшасының жиырма бірінші және жиырма екінші абзацтары 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
2) тармақшадағы «төлейтін дивидендтер алып тасталуға жатпайды.» деген сөздер «төлейтін;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
«3) бейрезидент-заңды тұлғаның Қазақстан Республикасындағы тұрақты мекемесі алған дивидендтер алып тасталуға жатпайды. Бұл ретте, осы тармақшаның ережелері осы Кодекстің 645-бабы 9-тармағының 3), 4) және 5) тармақшаларында айқындалған шарттар орындалған кезде дивидендтерге қолданылмайды.»;
98) 242-бапта:
1-тармақтың 98) тармақшасының екінші - тоғызыншы абзацтары 2021 ж. 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді
мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
«3-1. Осы Кодекстің 412-бабы 1-тармағының 8) тармақшасында аталған тұлғалардан тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алған кезде оларға байланысты шығыстар бойынша шегерімдер осы баптың 3-тармағының ережелері сақталған және электрондық нысандағы шот-фактура болған жағдайда жүргізіледі, бұл ретте бұған:
осы Кодекстің 412-бабы 13-тармағының 4), 5) және 6) тармақшаларында көзделген жағдайлар;
бейрезиденттен жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу бойынша шығыстар;
Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумақтарынан Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген тауарлар;
Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағына әкелінген, Еуразиялық экономикалық одақтың кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес декларациялауға жататын тауарлар кірмейді.
Осы Кодекстің 412-бабы 2-тармағының 1) тармақшасында көзделген жағдайда, шегерімдер қағаз жеткізгіштегі шот-фактура болған кезде жүргізіледі.
Осы бөлімнің мақсаттары үшін шот-фактураны жазып беру күні шығыстарды тану күніне әсер етпейді.»;
1-тармақтың 98) тармақшасының оныншы абзацы 2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
4 және 5-тармақтар «халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және», «халықаралық қаржылық есептілік стандарттарын және» деген сөздерден кейін «(немесе)» деген сөзбен толықтырылсын;
99) 243-бапта:
1-тармақтың 99) тармақшасының екінші, үшінші абзацтары 2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
9-тармақ мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:
«Осы тармақтың екінші бөлігінің 2) және 3) тармақшаларында көзделген шегерімдер есепке жатқызылатын қосылған құн салығының сомасы түзетілуге тиіс салықтық кезеңде жүргізіледі.»;
1-тармақтың 99) тармақшасының төртінші және бесінші абзацтары 2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
10-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Осы тармақтың бірінші бөлігі 1) және 2) тармақшаларының ережелері есепті салықтық кезеңде алдыңғы және (немесе) оның алдындағы салықтық кезеңдер үшін мүшелік жарналар төленген жағдайда да қолданылады.»;
1-тармақтың 99) тармақшасының алтыншы және жетінші абзацтары 2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«15. Салық төлеуші Қазақстан Республикасының заңнамасында және (немесе) Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда айқындалған тәртіппен иеленетін және (немесе) пайдаланатын (оның ішінде лицензиялық немесе қосалқы лицензиялық шарт (келісім) негізінде) фирмалық атаумен, тауар белгісімен және (немесе) қызмет көрсету белгісімен тауарды өндіруді және (немесе) өткізуді жүзеге асыратын осындай салық төлеуші мұндай тауарға меншік құқығының бар-жоғына қарамастан, оны сату көлемдерін ұстап тұруға және (немесе) ұлғайтуға бағытталған қызмет бойынша шығыстарды шегерімге жатқызады.»;
мынадай мазмұндағы 17-тармақпен толықтырылсын:
«17. Салық төлеуші жұмыскердің пайдасына төлеген жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасында белгіленген шектерде шегерімге жатады.»;
1-тармақтың 100) тармақшасы 2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
100) 244-бапта:
тақырыптағы «Салық төлеушінің басқару органы мүшелерінің қызметтік іссапарлары және сапарлары» деген сөздер «Қызметтік іссапарлар» деген сөздермен ауыстырылсын;
3 және 4-тармақтар алып тасталсын;
101) 246-бапта:
1-тармақтың 101) тармақшасының екінші абзацы 2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
4-тармақтың екінші бөлігі «халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және» деген сөздерден кейін «(немесе)» деген сөзбен толықтырылсын;
5-тармақта:
1-тармақтың 101) тармақшасының төртінші абзацы 2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
2) тармақшасының жетінші абзацы «халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және» деген сөздерден кейін «(немесе)» деген сөзбен толықтырылсын;
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«3) шекті коэффициент қаржы ұйымдары (микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдарды қоспағанда) үшін - 7-ге, өзге заңды тұлғалар үшін, оның ішінде микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдар үшін 4-ке тең.»;
1-тармақтың 102) тармақшасы 2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
102) 248-бапта:
1-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын, Қазақстан Республикасының Үкіметі жалғыз акционері болып табылатын ұйымның талап ету құқықтары бойынша, банктік кредит (қарыз) шарттары және микрокредиттер беру туралы шарттар бойынша соттың заңды күшіне енген шешімі негізінде айыппұлдар мен өсімпұлды жылдық жиынтық кірістің құрамына қосуға байланысты осы баптың 4-тармағына сәйкес есептелетін үш жылдық кезең ішінде қанағаттандырылмаған талаптар күмәнді талаптар болып танылады.»;
2-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын, Қазақстан Республикасының Үкіметі жалғыз акционері болып табылатын ұйымның талап ету құқықтары бойынша, банктік кредит (қарыз) шарттары және микрокредиттер беру туралы шарттар бойынша соттың заңды күшіне енген шешімі негізінде айыппұлдар мен өсімпұлды жылдық жиынтық кіріс құрамына қосуды жүзеге асырған тұлғада күмәнді талаптар шегерімге жатады.»;
1-тармақтың 103) тармақшасы 2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
103) 249-бапта:
2-тармақ «халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және» деген сөздерден кейін «(немесе)» деген сөзбен толықтырылсын;
3-тармақта:
бірінші абзац «халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және» деген сөздерден кейін «(немесе)» деген сөзбен толықтырылсын;
2) тармақша «халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және» деген сөздерден кейін «(немесе)» деген сөзбен толықтырылсын;
104) 250-бапта:
1-тармақтың үшінші бөлігінің 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) құжаттық есеп-қисаптар, кепілдіктер және факторингтік операциялар бойынша дебиторлық берешекке;»;
1-тармақтың 104) тармақшасының төртінші және бесінші абзацтары 2020 ж. 1 қаңтардан бастап 2027 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылады
мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
«3-1. Осы баптың 1-тармағының ережелері сот шешімі бойынша өзіне қатысты қайта құрылымдау жүргізілген, 2013 жылғы 31 желтоқсанда дауыс беретін акцияларының 90 пайыздан астамы ұлттық басқарушы холдингке тиесілі, бұрын еншілес банк болып табылған заңды тұлғаға қолданылады.»;
1-тармақтың 105) тармақшасы 2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
105) 252-баптың 1-тармағы төртінші бөлігінің екінші абзацы «алынған жылы» деген сөздерден кейін «немесе алынған кезінен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде» деген сөздермен толықтырылсын;
106) 257-бапта:
1-тармақтың 106) тармақшасының екінші - бесінші абзацтары 2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
1-тармақта:
бірінші бөліктің 2) тармақшасы «халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және» деген сөздерден кейін «(немесе)» деген сөзбен толықтырылсын;
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Жұмыс беруші жұмыскерді оқытуға, жұмыскердің біліктілігін арттыруға және (немесе) оны қайта даярлауға жұмсаған іс жүзіндегі шығыстар да шегерімге жатады.»;
мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
«4. Салық агенті жұмыскердің пайдасына төлеген ерікті зейнетақы жарналары шегерімге жатады.»;
107) 258-баптың 2-тармағында:
екінші бөліктің үшінші абзацы «сәйкес» деген сөзден кейін «2018 жылғы 1 қаңтардан кейін,» деген сөздермен толықтырылсын;
үшінші бөлік «аяқтаған жағдайда,» деген сөздерден кейін «жер қойнауын пайдалану құқығын жер қойнауын пайдаланудың лицензиялық режиміне қайта ресімдеуге байланысты жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың қолданылуы тоқтатылған жағдайды қоспағанда,» деген сөздермен толықтырылсын;
1-тармақтың 108) тармақшасы 2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
108) 260-баптың 1-тармағының екінші бөлігі 17) тармақшасындағы «қорғаныш жатады.» деген сөздер «қорғаныш;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 18) тармақшамен толықтырылсын:
«18) қышқылдандыруға арналған күкірт қышқылы жатады.»;
109) 264-бапта:
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«4) жеке кәсіпкерлік субъектісі іс жүзінде жұмыстарды орындамай, қызметтер көрсетпей, тауарларды тиеп-жөнелтпей жасаған, жазып берілуі заңды күшіне енген сот актісімен немесе қылмыстық тергеп-тексеру органының сотқа дейінгі тергеп-тексеруді ақталмайтын негіздер бойынша тоқтату туралы қаулысымен танылған шот-фактурада және (немесе) өзге де құжатта көрсетілген сома бойынша шығыстар;»;
21) тармақшадағы «шығыстары шегерімге жатпайды.» деген сөздер «шығыстары;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 22) тармақшамен толықтырылсын:
«22) республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және төлем жасау күні қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 1000 еселенген мөлшерінен асатын сомада төлем кезеңділігіне қарамастан, қосылған құн салығы ескеріле отырып, қолма-қол ақшамен есеп айырысу арқылы төлеу жүргізілген азаматтық-құқықтық мәміле бойынша қосылған құн салығын төлеуші ретінде тіркеу есебінде тұрған дара кәсіпкердің немесе қосылған құн салығын төлеуші ретінде тіркеу есебінде тұрған басқа дара кәсіпкердің пайдасына заңды тұлғаның немесе заңды тұлғаның шығыстары шегерімге жатпайды.»;
1-тармақтың 110) тармақшасы 2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
110) 266-бапта:
1-тармақтың 1) тармақшасы «халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және» деген сөздерден кейін «(немесе)» деген сөзбен толықтырылсын;
2-тармақтың 2) тармақшасының үшінші абзацы және 11) тармақшасы «халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және» деген сөздерден кейін «(немесе)» деген сөзбен толықтырылсын;
111) 267-баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің бірінші абзацы «жүзеге асыратын» деген сөздерден кейін «уәкілетті» деген сөзбен толықтырылсын;
1-тармақтың 112) тармақшасы 2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
112) 268-бапта:
2-тармақтың үшінші абзацы «халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және» деген сөздерден кейін «(немесе)» деген сөзбен толықтырылсын;
3, 4 және 5-тармақтар «халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және» деген сөздерден кейін «(немесе)» деген сөзбен толықтырылсын;
6-тармақтың бірінші бөлігі «халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және» деген сөздерден кейін «(немесе)» деген сөзбен толықтырылсын;
7-тармақтың бірінші бөлігі «халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және» деген сөздерден кейін «(немесе)» деген сөзбен толықтырылсын;
12 және 16-тармақтар «халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және» деген сөздерден кейін «(немесе)» деген сөзбен толықтырылсын;
1-тармақтың 113) тармақшасы 2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
113) 270-бапта:
2-тармақтың 2) тармақшасы «халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және» деген сөздерден кейін «(немесе)» деген сөзбен толықтырылсын;
3-тармақтың екінші бөлігі «халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және» деген сөздерден кейін «(немесе)» деген сөзбен толықтырылсын;
10-тармақтың 2) тармақшасы «халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және» деген сөздерден кейін «(немесе)» деген сөзбен толықтырылсын;
114) 271-баптың 7-тармағы мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:
«Осы тармақтың мақсаттары үшін жерасты суларын өндіруді жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушы жерасты суларын өндіруге осындай құқықты иеленгендіктен ғана жер қойнауын пайдаланушы болып табылатын және өндірілген жерасты суын алкогольсіз сусындар өндіру үшін пайдаланатын жағдайда, жерасты суларын өндіруге арналған келісімшарт жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт деп танылмайды.»;
1-тармақтың 115) тармақшасы 2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
115) 272-баптың 1-тармағы бірінші бөлігі 2) тармақшасының үшінші абзацы «халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және» деген сөздерден кейін «(немесе)» деген сөзбен толықтырылсын;
116) 274-бапта:
2-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Осы тармақтың мақсаттары үшін жерасты суларын өндіруді жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушы жерасты суларын өндіруге осындай құқықты иеленгендіктен ғана жер қойнауын пайдаланушы болып табылатын және өндірілген жерасты суын алкогольсіз сусындар өндіру үшін пайдаланатын жағдайда, жерасты суларын өндіруге арналған келісімшарт жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт деп танылмайды.»;
1-тармақтың 116) тармақшасының төртінші абзацы 2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
3-тармақтың бірінші бөлігінің 1) тармақшасы «халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және» деген сөздерден кейін «(немесе)» деген сөзбен толықтырылсын;
1-тармақтың 117) тармақшасы 2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
117) 276-баптың 2-тармағының төртінші абзацы «халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және» деген сөздерден кейін «(немесе)» деген сөзбен толықтырылсын;
1-тармақтың 118) тармақшасы 2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
118) 280-баптың 1-тармағы «халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және» деген сөздерден кейін «(немесе)» деген сөзбен толықтырылсын;
119) 288-бапта:
1-тармақтың 119) тармақшасының екінші және үшінші абзацтары 2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
1-тармақтың бірінші бөлігі 4) тармақшасының екінші бөлігі бесінші абзацындағы «шығыстарды қамтиды.» деген сөздер «шығыстарды;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы алтыншы абзацпен толықтырылсын:
«білім алатын адам оқыту кезеңінде Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде уақытша болған кезеңде науқастанып қалған жағдайға арналған сақтандыру бойынша іс жүзінде жұмсалған шығыстарды қамтиды.»;
2-тармақтың 8) тармақшасы бірінші бөлігінің төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«жер қойнауын пайдаланушылар (жер қойнауын пайдаланушы) болып табылатын тұлғалардың (тұлғаның) мүлкі осындай эмитент-заңды тұлға немесе қатысу үлесі өткізілетін осындай заңды тұлға активтерінің құнында немесе қатысу үлесі өткізілетін осындай консорциум қатысушылары активтерінің жалпы құнында осындай өткізу күніне 50 пайыздан аз болады деген шарттар орындалған кезде резидент-заңды тұлға шығарған акцияларды немесе резидент-заңды тұлғаға немесе Қазақстан Республикасында құрылған консорциумға қатысу үлестерін өткізуден туындаған залалдарға азайтылған резидент-заңды тұлға шығарған акцияларды немесе резидент-заңды тұлғаға немесе Қазақстан Республикасында құрылған консорциумға қатысу үлестерін өткізу кезінде құн өсімінен түсетін кірістер.»;
120) 290-бапта:
1-тармақтың 120) тармақшасының екінші абзацы 2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
2-тармақтың екінші бөлігінің 3) тармақшасындағы «кәсіпкерлік» деген сөз «жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын ұйымдардың кәсіпкерлік қызметін қоспағанда, кәсіпкерлік» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Осы Кодекстің мақсаттары үшін әлеуметтік саладағы қызметті жүзеге асыратын ұйымдарға Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері мен Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері құрған ұйымдар да жатады, олар есепті салықтық кезеңде, сондай-ақ есепті салықтық кезеңнің алдындағы салықтық кезеңде мынадай шарттардың біріне сай келуі:
1) жұмыскерлер болып табылатын мүгедектердің орташа саны жұмыскерлердің жалпы санының кемінде 51 пайызын құрауы;
2) жұмыскерлер болып табылатын мүгедектердің еңбегіне ақы төлеу бойынша шығыстар еңбекке ақы төлеу жөніндегі жалпы шығыстардың кемінде 51 пайызын (есту, сөйлеу, сондай-ақ көру қабілетінен айырылған мүгедектер жұмыс істейтін мамандандырылған ұйымдарда - кемінде 35 пайызын) құрауы керек.
Бұл ретте, осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген шартқа сәйкес келуді:
жаңадан құрылған (пайда болған) ұйымдар - әділет органында тіркеу жүзеге асырылған есепті салықтық кезеңде;
ұзақ мерзімді келісімшарт шеңберінде қызметін жүзеге асыратын ұйымдар осындай келісімшарттың бүкіл қолданылу кезеңі ішінде айқындайды.
Осы тармақта көзделген ұйымдардың кірістері, егер кірістердің 90 пайызы осындай ұйымның жұмыскерлері болып табылатын мүгедектердің қатысуымен өндіру жүзеге асырылған өндірілген (дайындалған) тауарларды өткізуден, жұмыстарды орындаудан, қызметтерді көрсетуден және алынған кірістерді осындай ұйымның қызметін жүзеге асыруға бағыттаудан алынған (алынуға жататын) болса, салық салынуға жатпайды.»;
1-тармақтың 121) тармақшасы 2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
121) 292-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 13), 14) және 15) тармақшалармен толықтырылсын:
«13) меншікті активтерді жарғылық капиталға беру арқылы күмәнді және үмітсіз активтерді сатып алатын ұйымды дербес өзі немесе банктермен бірлесіп құру, оларды басқару, оның ішінде сенімгерлік басқаруға беру арқылы басқару, иелену және (немесе) оларды өткізу;
14) банктерден және (немесе) бұрын банктер болып табылған заңды тұлғалардан сатып алынған және (немесе) алынған және халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес активтер ретінде есепке алынатын талап ету құқықтарын өтеу есебіне қабылданған мүлікті өткізу;
15) талап ету тоқтатылған міндеттемелерді ішінара немесе толық есептен шығару.»;
122) 293-бапта:
1-тармақтың 1) тармақшасы «және (немесе) бербоут-чартер, тайм-чартер шарттары бойынша көрсетілетін қызметтерді ұсынатын» деген сөздермен толықтырылсын;
2-тармақ «жүк тасымалдау» деген сөздерден кейін «және (немесе) бербоут-чартер, тайм-чартер шарттары бойынша көрсетілетін қызметтерді ұсыну» деген сөздермен толықтырылсын;»;
4-3-тармақтың бесінші бөлігіндегі «индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органмен» деген сөздер «техникалық реттеу саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органмен» деген сөздермен ауыстырылсын;
123) 294-бапта:
1-тармақтың 123) тармақшасының екінші - он сегізінші абзацтары 2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
1-тармақтың бірінші бөлігінде:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) осындай тұлға мынадай тұлғалардың бірі болып табылғанда:
бейрезидент-заңды тұлға;
заңды тұлға құрмай кәсіпкерлік қызметті ұйымдастырудың өзге шетелдік нысаны (бұдан әрі - ұйымның өзге нысаны);
өзімен жасалған қосарланған салық салуды болғызбау және салықтарды төлеуден жалтаруға жол бермеу мәселелерін реттейтін халықаралық шарт күшіне енген шет мемлекетте тіркелген немесе инкорпорацияланған немесе өзге де түрде құрылған бейрезидент-заңды тұлғаны және (немесе) ұйымның өзге нысанын қоспағанда, бұл ретте мұндай шет мемлекетте пайда салығының номиналды мөлшерлемесі осы Кодекстің 313-бабының 1-тармағында көзделген Қазақстан Республикасындағы корпоративтік табыс салығы мөлшерлемесінің 75 пайызынан астамын құрауы шарт.
Осы тармақшаны қолдану мақсаттары үшін пайда салығының номиналды мөлшерлемесі Қазақстан Республикасындағы корпоративтік табыс салығы мөлшерлемесінің 75 пайызынан астамын құрайтын, өзімен жасалған қосарланған салық салуды болғызбау және салықтарды төлеуден жалтаруға жол бермеу мәселелерін реттейтін халықаралық шарт күшіне енген елдердің тізімін уәкілетті орган есепті кезеңнен кейінгі жылдың 31 желтоқсанынан кешіктірмей бекітеді;»;
2) тармақшаның бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) есепті кезеңнің 31 желтоқсанына осындай тұлға мынадай шарттардың біріне сай келгенде:»;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Мынадай шарттардың біріне сай келетін құрылымдық бөлімше немесе тұрақты мекеме бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесі болып танылады:
1) ол жеңілдікті салық салынатын мемлекетте тіркелген болуы;
2) ол шет мемлекетте тіркелген және осы баптың 4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес айқындалған пайда салығының тиімді мөлшерлемесі 10 пайыздан кем болуы керек.
Бұл ретте, осындай құрылымдық бөлімшені немесе тұрақты мекемені осы баптың 1-тармағы бірінші бөлігі 1) және 2) тармақшаларының шарттарына бір мезгілде сай келетін тұлға құруға тиіс.
Осы баптың 1-тармағында және осы тармақтың бірінші және екінші бөліктерінде айқындалған шарттар бір мезгілде мынадай шарттарға сәйкес келетін бақыланатын шетелдік компанияларға және бақыланатын шетелдік компаниялардың тұрақты мекемелеріне қолданылмайды:
1) бақыланатын шетелдік компания немесе бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесі жеңілдікті салық салынатын мемлекеттерде тіркелмесе;
2) әрбір бақыланатын шетелдік компания немесе бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесі кірісінің жиынтық сомасы республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және салықтық кезеңнің бірінші күні қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 150 495 еселенген мөлшерінен кем болса.
1-тармақтың 123) тармақшасының он тоғызыншы абзацы 2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
Егер осы баптың 1-тармағында немесе осы тармақтың бірінші және екінші бөліктерінде айқындалған шарттарға сәйкес келетін тұлғада тиісті кезеңнің қорытындылары бойынша бекітілген жеке шоғырландырылмаған қаржылық есептілікте қаржылық залалы болса, онда мұндай тұлға бақыланатын шетелдік компания және (немесе) бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесі болып танылмайды.
1-тармақтың 123) тармақшасының жиырмасыншы - елу төртінші абзацтары 2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
Осы тараудың мақсаттары үшін кірістің жиынтық сомасы осы Кодекстің 314-бабында белгіленген салықтық кезеңнің соңғы жұмыс күні айқындалған валюта айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша теңгемен қайта есептеледі.
Егер кірістің жиынтық сомасы көрсетілген валюта өздеріне қатысты Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі ұлттық валютаның есепті салықтық кезеңде қолданыста болған ресми бағамын белгілейтін шетел валюталарының тізбесіне енгізілмеген болса, онда кірістің жиынтық сомасы резиденттік елдегі салықтық кезеңнің соңғы жұмыс күні бақыланатын шетелдік компанияның резиденттік елінің орталық банкі немесе бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесі айқындаған еуроға қатысты валютаның соңғы бағамы қолданыла отырып, теңгемен қайта есептеледі.»;
4-тармақта:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) аудиттелген қаржылық есептілік - аудитті орындауға құқығы бар тұлға жүргізген аудиттің нәтижесі болып табылатын қаржылық есептілік;»;