9) тармақша:
1-тармақтың 87) тармақшасының бесінші абзацы 2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
«халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және» деген сөздерден кейін «немесе» деген сөзбен толықтырылсын;
1-тармақтың 87) тармақшасының алтыншы және жетінші абзацтары 2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Осы тармақшаның ережелері осы Кодекстің 228-бабының 7-1-тармағында көзделген жағдайда да қолданылады;»;
1-тармақтың 87) тармақшасының сегізінші абзацы 2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
10) және 11) тармақшалар «халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және» деген сөздерден кейін «(немесе)» деген сөзбен толықтырылсын;
1-тармақтың 87) тармақшасының тоғызыншы абзацы 2018 ж. 29 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді
17) тармақшадағы «Заңына» деген сөз «Кодексіне» деген сөзбен ауыстырылсын;
1-тармақтың 87) тармақшасының оныншы абзацы 2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
21) және 25) тармақшалар «халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және» деген сөздерден кейін «(немесе)» деген сөзбен толықтырылсын;
1-тармақтың 87) тармақшасының он бірінші және он екінші абзацтары 2020 ж. 1 қаңтардан бастап 2027 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылады
мынадай мазмұндағы 28) тармақшамен толықтырылсын:
«28) сот шешімі бойынша өзіне қатысты қайта құрылымдау жүргізілген, 2013 жылдың 31 желтоқсанында дауыс беретін акцияларының 90 пайыздан астамы ұлттық басқарушы холдингке тиесілі банкке немесе бұрын осындай банк болып табылған заңды тұлғаға ұйғарылған, кешірілуге жататын борышы осындай заңды тұлғаның басқару органы 2019 жылғы 1 шілдеге дейін бекіткен тізбеге енгізілген және уәкілетті органға 2019 жылғы 1 тамыздан кешіктірілмей ұсынылған кредиттер (қарыздар) бойынша және (немесе) кредитке (қарызға) байланысты берешек бойынша тұрақсыздық айыптары (айыппұлдар, өсімпұлдар);»;
1-тармақтың 87) тармақшасының он үшінші және он төртінші абзацтары 2018 ж. 1 қаңтардан бастап 2021 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылады
мынадай мазмұндағы 29) тармақшамен толықтырылсын:
«29) алыс-беріс жасаушы жылу энергиясын алуға және жабдықтың пайдалану режимі мен технологиялық сипаттамаларына негізделген мұнай өнімдерін өндірудің өзге де технологиялық процестеріне берген және мұнай өңдеу зауыты тұтынған технологиялық отын көлемі.»;
1-тармақтың 88) тармақшасы 2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
88) 226-бапта:
1-тармақтың 24) тармақшасы «халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және» деген сөздерден кейін «(немесе)» деген сөзбен толықтырылсын;
2-тармақтың екінші және үшінші бөліктері «халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және» деген сөздерден кейін «(немесе)» деген сөзбен толықтырылсын;
1-тармақтың 89) тармақшасы 2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
89) 227-баптың 3-тармағы «халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және» деген сөздерден кейін «(немесе)» деген сөзбен толықтырылсын;
90) 228-бапта:
6-тармақ:
1-тармақтың 90) тармақшасының үшінші абзацы 2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
он төртінші абзац «халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және» деген сөздерден кейін «(немесе)» деген сөзбен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Тіркелген активтердің құрамынан алып тасталған, осы баптың 2-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген активтердің бастапқы құны осындай активтердің тіркелген активтер құрамынан шығып қалған күнге халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және (немесе) Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес айқындалған, қайта бағалануы мен құнсыздануы есепке алынбаған баланстық құны болып табылады.»;
7-тармақта:
1-тармақтың 90) тармақшасының жетінші абзацы 2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
екінші абзацтағы «халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және» деген сөздерден кейін «(немесе)» деген сөзбен толықтырылсын;
үшінші абзац мынадай редакциясында жазылсын:
«және (немесе)»;
төртінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«жарғылық капиталға салымның құны, оның ішінде, егер қатысу үлесі жарғылық капиталға салым ретінде алынған болса, салымның құны,»;
бесінші, жетінші және тоғызыншы абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:
«және (немесе)»;
1-тармақтың 90) тармақшасының он төртінші - отызыншы абзацтары 2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
мынадай мазмұндағы 7-1-тармақпен толықтырылсын:
«7-1. Резидент-заңды тұлға бейрезидент-заңды тұлғадан сатып алу нәтижесінде алған, осы баптың 2-тармағының 6) және 7) тармақшаларында көрсетілген активтердің бастапқы құны мынадай тәртіппен айқындалады:
сатып алу-сату шартында немесе активтер соған сәйкес сатып алынған келісімнің өзге де түрінде көрсетілген активтерді сатып алуға бейрезидент-заңды тұлға шеккен іс жүзіндегі шығындар,
немесе
егер активтер бейрезидент-заңды тұлғаның жарғылық капиталына салым ретінде алынған болса - жарғылық капиталға салымның құны,
немесе
егер активтер бейрезидент-заңды тұлғаны қайта ұйымдастыру нәтижесінде алынған болса - беру актісінде немесе бөлу балансында көрсетілген құн,
немесе
егер активтерді бейрезидент-заңды тұлға осы бейрезидент-заңды тұлға акционері (қатысушысы, құрылтайшысы) болып табылатын заңды тұлға таратылған немесе осындай заңды тұлғаның жарғылық капиталы азайтылған, сондай-ақ заңды тұлға бейрезидент заңды-тұлғадан акцияларды, осы заңды тұлғаға қатысу үлесін немесе оның бір бөлігін сатып алған кезде мүлікті бөлу нәтижесінде алған болса - бейрезидент-заңды тұлға мүлікті бөлу кезінде заңды тұлғадан алатын (алған), оның ішінде беру күні осындай мүліктің берілгенін растайтын және тараптардың қолымен куәландырылған құжатта көрсетілген, қайта бағалау мен құнсыздану есепке алынбастан заңды тұлғаның бухгалтерлік есепке алуында көрсетілуге жататын (көрсетілген), бұрын енгізілгеннің орнына алатын (алған) мүліктің баланстық құны,
қосу
егер бейрезидент-заңды тұлға берілетін заңды тұлғаның жарғылық капиталына салымдарды жүзеге асырған болса - жарғылық капиталға осындай салымдардың құны,
қосу
резидент-заңды тұлға оны сатып алғаннан кейін заңды тұлғаның жарғылық капиталына салымдардың құны.
Егер активтердің құны шетел валютасында айқындалған болса, мұндай құн жоғарыда көрсетілген операциялар және (немесе) әрекеттер жасалған күннің алдындағы соңғы жұмыс күні айқындалған валюта айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша теңгемен қайта есептеледі.
Бұл ретте, бастапқы құн тараптардың қолымен куәландырылған, осындай активтердің өткізілуін растайтын құжатта көрсетілуге жатады.
Осы тармақ бастапқы құнын растайтын құжаттардың нотариат куәландырған көшірмелері болған кезде осындай активті қабылдаған резидент-заңды тұлғаның активті кейіннен сату мақсаттары үшін қолданылады.
Егер активтерді беруші және сатып алушы тұлғалардағы қатысу үлестерінің, бағалы қағаздардың немесе басқа да үлестік қатысу нысандарының кемінде тоқсан тоғыз пайызы тікелей немесе жанама түрде бір жеке тұлғаға тиесілі болса, осы тармақтың ережелері қолданылады.»;
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«10. Осы баптың мақсаттары үшін жарғылық капиталға салым құны:
жарғылық капиталға салым ретінде, оның ішінде жарғылық капиталға қосымша салым ретінде берілген (алынған) активтің қабылдау-беру актісінде немесе активті қабылдау мен беруді, оның құнын растайтын өзге де басқа құжатта көрсетілген, бірақ төлеу есебіне актив берілген (алынған) жарғылық капиталға салым сомасынан аспайтын құны;
жарғылық капиталға салым ретінде, оның ішінде жарғылық капиталға қосымша салым ретінде енгізілген (алынған), бірақ төлеу есебіне ақша берілген (алынған) жарғылық капиталға салым сомасынан аспайтын ақша сомасы болып табылады.»;
1-тармақтың 91) тармақшасы 2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
91) 229-бап мынадай мазмұндағы 7-тармақпен толықтырылсын:
«7. Міндеттемелерді есептен шығарудан түсетін кіріске екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын, Қазақстан Республикасының Үкіметі жалғыз акционері болып табылатын ұйым есептен шығарған берешек бойынша міндеттемелердің мөлшерін азайту жатпайды.»;
1-тармақтың 92) тармақшасы 2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
92) 231-бапта:
2-тармақ «халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және» деген сөздерден кейін «(немесе)» деген сөзбен толықтырылсын;
4-тармақтың екінші бөлігінің бірінші абзацы «халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес және» деген сөздерден кейін «(немесе)» деген сөзбен толықтырылсын;
93) 232-бапта:
1-тармақтың 93) тармақшасының екінші - қырық төртінші абзацтары 2020 ж. 1 қаңтардан бастап 2027 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылады
мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
«2-1. Осы Кодекстің 250-бабының 1-тармағына сәйкес провизиялар (резервтер) құру жөніндегі шығыстар сомасын шегеруге құқығы бар банк осы тармақта белгіленген тәртіппен және шарттарда кредит (қарыз) бойынша борыш кешірілген жағдайда, есепті және (немесе) алдыңғы салық кезеңдерінде шегерімге жатқызылған провизиялар (резервтер) сомаларын провизиялар (резервтер) мөлшерлерін төмендетуден түсетін кіріс деп танымайды.
Осы тармақтың ережелері сот шешімі бойынша өзіне қатысты қайта құрылымдау жүргізілген, 2013 жылғы 31 желтоқсанда дауыс беретін акцияларының 90 пайыздан астамы ұлттық басқарушы холдингке тиесілі банкке немесе бұрын осындай банк болып табылған заңды тұлғаға қолданылады.
Осы тармақтың ережелері банк өзіне қарсы осы Кодекстің 250-бабының 1-тармағына сәйкес есепті және (немесе) алдыңғы салық кезеңдерінде шегерімге жатқызылған провизиялар (резервтер) құрған кредит (қарыз) бойынша борышқа қатысты қолданылады, ол мыналардан тұрады:
негізгі борыш бойынша берешек;
2012 жылғы 31 желтоқсаннан кейін есепке жазылған сыйақы бойынша берешек;
кредитке (қарызға) байланысты берешек.
Осы тармақ кредит (қарыз) бойынша борышты және (немесе) кредитке (қарызға) байланысты берешекті кешірген жағдайда, мынадай шарттар бір мезгілде орындалған кезде қолданылады:
1) кредит (қарыз) 2009 жылғы 1 қазанға дейін берілсе;
2) кредит (қарыз) бойынша және (немесе) кредитке (қарызға) байланысты берешек бойынша борышкер осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген банктің немесе бұрын осындай банк болып табылған заңды тұлғаның басқару органы 2019 жылғы 1 шілдеге дейін бекіткен және 2019 жылғы 1 тамыздан кешіктірмей уәкілетті органға ұсынылған, борышы кешірілуге жататын борышкерлердің тізбесінде (тізбелерінде) көрсетілген болса;
3) кредит (қарыз) бойынша борышты және (немесе) кредитке (қарызға) байланысты берешекті кешіру осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген банктің немесе бұрын осындай банк болып табылған заңды тұлғаның басқару органы 2019 жылғы 1 шілдеге дейін бекіткен және 2019 жылғы 1 тамыздан кешіктірілмей уәкілетті органға ұсынылған, борышы кешірілуге жататын борышкерлердің тізбесінде (тізбелерінде) көрсетілген сома шегінде жүргізілсе;
4) мыналарға берілген кредит (қарыз) бойынша бір және (немесе) одан көп құжат болса:
бейрезидентке берілген кредит (қарыз) бойынша:
борышкер-жеке тұлғаға және (немесе) лауазымды адамға немесе борышкер-заңды тұлға қабылдаған шешімдерді өзгеше түрде тікелей немесе жанама айқындауға мүмкіндігі болған адамға қатысты қылмыстық іс қозғау туралы шет мемлекеттің құқық қорғау органына арыз;
борышты өндіріп алу туралы, кепілге өндіріп алуды қолдану және (немесе) кепілге жоғалтқан құқықтарды қалпына келтіру туралы Қазақстан Республикасының немесе шет мемлекеттің сотына талап қою;
борышкерде және борышкермен бірлесіп аталған банк алдында ортақ немесе субсидиарлық жауаптылықта болатын үшінші тұлғаларда өндіріп алу қолданылуы мүмкін мүлік, оның ішінде ақша, бағалы қағаздар немесе кірістер болмаған және оның мүлкін немесе кірістерін анықтау бойынша қабылданған шаралар нәтижесіз болған жағдайда, атқарушылық құжатты банкке қайтару туралы сот орындаушысының заңды күшіне енген қаулысы немесе шет мемлекеттің өзге де құжаты;
борышты өндіріп алудан, кепілге жоғалтқан құқықтарды қалпына келтіруден, борышкердің мүлкіне, оның ішінде ақшасына, бағалы қағаздарына немесе кірістеріне өндіріп алуды қолданудан бас тарту туралы шет мемлекет сотының заңды күшіне енген шешімі;
борышкерді банкрот деп тану туралы шет мемлекет сотының заңды күшіне енген шешімі және (немесе) конкурстық іс жүргізуді аяқтау туралы ұйғарым;
таратылуына байланысты борышкерді немесе кепіл берушіні заңды тұлғалардың тізілімінен шығару туралы шет мемлекеттің құзыретті органының құжаты;
резидентке берілген кредит (қарыз) бойынша:
борышкер-жеке тұлғаға және (немесе) лауазымды адамға немесе борышкер-заңды тұлға қабылдаған шешімдерді өзгеше түрде тікелей немесе жанама айқындау мүмкіндігі болған адамға қатысты қылмыстық іс қозғау туралы Қазақстан Республикасының құқық қорғау органына арыз;
банктің арызы бойынша Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының шаралар жүргізгенін немесе қылмыстық іс қозғалғанын растайтын құжат.
Бейрезиденттерге берілген кредиттер (қарыздар) бойынша осы тармақшада көзделген құжаттардың болуы мынадай жағдайларда талап етілмейді:
ипотека шартын жасасу күні негізгі борышты толық қамтамасыз еткен кепілге қойылған мүлік соттан тыс тәртіппен сауда-саттықта негізгі борыш сомасынан төмен баға бойынша сатылғаннан кейін кредит бойынша өтелмеген борыш сомасы кешірілген кезде;
банк талап ету құқығын беру күні бейрезидент болып табылатын үшінші тұлғаға кредит (қарыз) бойынша дисконтпен талап ету құқығын берген кезде, егер басқаға беру жүргізілген кредит (қарыз) бойынша талап ету құқығының құны - бағалаушы мен осындай үшінші тұлға немесе банк не банктің мүддесін білдіретін немесе осындай банктің мүддесі үшін мүлікті басқаруға шет мемлекеттің соты тағайындаған тұлға арасындағы шарт бойынша бағалау қызметі туралы Қазақстан Республикасының немесе шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес жүргізілген бағалау туралы есепте айқындалған банктің талап ету құқығының нарықтық құнына тең болса, талап етілмейді. Осы абзацтың мақсаттары үшін дисконт деп банк басқаға беруді жүргізген кредит (қарыз) бойынша талап ету құқығының құны мен кредит бойынша талап ету құқығының құны арасындағы теріс айырма танылады;
банктің басқару органы мынадай құжаттардың болмауына байланысты шет мемлекеттің құқық қорғау органына немесе сотына жүгіну мүмкін емес екенін құжаттамалық растаған жағдайда:
қылмыстық және (немесе) азаматтық істер бойынша Қазақстан Республикасы мен осындай шет мемлекет арасындағы құқықтық көмек туралы келісім;
кредит (қарыз) берілгенін растайтын шарттың түпнұсқасы;
кредит (қарыз) бойынша борыш сомасы және осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген банктің талап ету құқығының бағалаушы мен борышкер немесе осындай банк арасындағы шарт бойынша бағалау қызметі туралы Қазақстан Республикасының немесе шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес жүргізілген бағалау туралы есепте айқындалған нарықтық құны арасындағы айырма ретінде айқындалатын борыштың бір бөлігі борышты кешіру күні бейрезидент болып табылатын борышкерге кешірілген кезде, бұл ретте, егер:
кредит (қарыз) берілген шартқа борыштың қалған бөлігін (бұдан әрі - борыш қалдығы) өтеу шартымен борыштың бір бөлігін кешіру көзделетін, борышкер қол қойған өзгеріс болса;
осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген банк:
осы баптың 1-тармағына сәйкес борыш қалдығы мөлшерінде құрылған провизиялар (резервтер) мөлшерін төмендетуден түсетін кірісті таныса;
осы Кодекстің 286 және 287-баптарында көзделген кіріске түзету жүргізбесе;
борыштың бір бөлігі кешірілгеннен кейін құрылған, борыш қалдығының сомасына қарсы провизиялар (резервтер) бойынша шығыстар сомасын шегерімге жатқызбаса;
5) кредит (қарыз) бойынша кредиттік бюрода Қазақстан Республикасының кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы заңнамасына сәйкес банк берген, осындай кредит (қарыз) бойынша борыш сомасы туралы ақпарат болса;
6) кредит (қарыз) бойынша осы Кодекстің 250-бабының 1-тармағына сәйкес шегерімге жатқызылған провизиялар (резервтер) құрылған осындай кредит (қарыз) бойынша бастапқы бухгалтерлік құжат болса;
7) кредит (қарыз) бойынша кредиттік тіркелімде банк Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне берген ақпарат болса, қолданылады.
Бұл ретте, борышы кешірілуге жататын кредиттер (қарыздар) бойынша борышкерлердің тізбесінде әрбір кредит (қарыз) бойынша:
1) кредиттік дерекнаманың нөмірі;
2) кредитті (қарызды) беру күні;
3) қарыз алушының (бірлесіп қарыз алушының) тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе) және (немесе) атауы;
4) кредит (қарыз) бойынша 2012 жылғы 31 желтоқсаннан кейін есепке жазылған сыйақы және негізгі борыш бөлінісінде кешірілуге жататын борыштың шекті сомасы көрсетіледі.
Осы тармақтың ережелері банк жұмыскеріне, банк жұмыскерінің жұбайына (зайыбына) және жақын туыстарына берілген кредиттерге (қарыздарға) қолданылмайды.»;
5-тармақта:
1-тармақтың 93) тармақшасының қырық алтыншы, қырық жетінші абзацтары 2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«7) екінші деңгейдегі банктің, ипотекалық ұйымның, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымның (кредиттік серіктестік пен ломбардты қоспағанда) бастапқы құжаттарына сәйкес кредит (қарыз, ипотекалық қарыз, ипотекалық тұрғын үй қарызы, микрокредит) бойынша талап ету құқығы басқаға берілген күні екінші деңгейдегі банк, ипотекалық ұйым, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйым (кредиттік серіктестік пен ломбардты қоспағанда) басқаға беруді жүргізген кредит (қарыз, ипотекалық қарыз, ипотекалық тұрғын үй қарызы, микрокредит) бойынша талап ету құқығының құны мен екінші деңгейдегі банктің, ипотекалық ұйымның, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымның (кредиттік серіктестік пен ломбардты қоспағанда) борышкерден алуына жататын кредит (қарыз, ипотекалық қарыз, ипотекалық тұрғын үй қарызы, микрокредит) бойынша талап ету құқығының құны арасындағы теріс айырма бөлігінде екінші деңгейдегі банктің, ипотекалық ұйымның, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымның (кредиттік серіктестік пен ломбардты қоспағанда) кредит (қарыз, ипотекалық қарыз, ипотекалық тұрғын үй қарызы, микрокредит) бойынша талап ету құқықтарын «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы», «Жылжымайтын мүлік ипотекасы туралы» және «Микроқаржылық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының заңдарында көрсетілген заңды тұлғаларға беруі;»;
8) тармақша:
1-тармақтың 93) тармақшасының қырық тоғызыншы абзацы 2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
«қарыз» деген сөзден кейін «, ипотекалық қарыз, ипотекалық тұрғын үй қарызы» деген сөздермен толықтырылсын;
1-тармақтың 93) тармақшасының елуінші абзацы 2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
«халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және» деген сөздерден кейін «(немесе)» деген сөзбен толықтырылсын;
1-тармақтың 93) тармақшасының елу бірінші және елу екінші абзацтары 2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«9) осы Кодекстің 250-бабының 1, 3-тармақтарына сәйкес провизиялар (резервтер) құру бойынша шығыстар сомасын шегеруге құқығы бар салық төлеушінің кредит (қарыз, ипотекалық қарыз, ипотекалық тұрғын үй қарызы) бойынша үмітсіз берешекті және ол бойынша сыйақыны кешіруіне байланысты борышкерге қойылатын талап ету мөлшерін кредиттер (қарыздар, ипотекалық қарыз, ипотекалық тұрғын үй қарызы) бойынша үмітсіз берешектің және олар бойынша сыйақының салықтық кезеңде кешірілген жалпы сомасының салықтық кезеңнің басындағы кредиттер (қарыздар, ипотекалық қарыздар, ипотекалық тұрғын үй қарыздары) бойынша негізгі борыш сомасына және олар бойынша сыйақыларға арақатынасының ең жоғары мөлшері шегінде азайту. Бұл ретте мұндай арақатынастың ең жоғары мөлшері 0,1 коэффициентке тең;»;
1-тармақтың 93) тармақшасының елу үшінші және елу төртінші абзацтары 2020 ж. 1 қаңтардан бастап 2021 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылды
мынадай мазмұндағы 12) тармақшамен толықтырылсын:
«12) қайта ұйымдастыру нәтижесінде өзіне «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 61-4-бабында көзделген операцияны жүзеге асырған банк қосылған, осы Кодекстің 250-бабының 1-тармағына сәйкес провизиялар (резервтер) құру бойынша шығыстар сомасын шегеруге құқығы бар банктің 2018 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша кредит (қарыз) бойынша үмітсіз берешекті және ол бойынша сыйақыны кешіруі.»;
1-тармақтың 93) тармақшасының елу бесінші және елу алтыншы абзацтары 2020 ж. 1 қаңтардан бастап 2027 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылады
мынадай мазмұндағы 7-тармақпен толықтырылсын:
«7. Осы баптың 1 және 5-тармақтарында көзделген ережелер сот шешімі бойынша өзіне қатысты қайта құрылымдау жүргізілген, 2013 жылғы 31 желтоқсанда дауыс беретін акцияларының 90 пайыздан астамы ұлттық басқарушы холдингке тиесілі, бұрын банк болып табылған заңды тұлғаға қолданылады.»;
94) 233-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
«3. Борышкер іс жүзінде төлеген сома мен талап ету құқығын сатып алу құны арасындағы оң айырма екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын, Қазақстан Республикасының Үкіметі жалғыз акционері болып табылатын ұйымнан кредиттер (қарыздар, микрокредиттер) бойынша талап ету құқығын сатып алатын салық төлеушінің талап ету құқығын басқаға беруден түсетін кіріс болып табылады.
Талап ету құқығын басқаға беруден түсетін кіріс оң айырма туындайтын (ұлғаятын) салықтық кезеңде танылады. Бұл ретте, алдыңғы салық кезеңдерінде бұрын танылған оң айырма ескерілмейді.»;
1-тармақтың 95) тармақшасы 2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
95) 238-баптың 3-тармағы «халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және» деген сөздерден кейін «(немесе)» деген сөзбен толықтырылсын;
96) 239-бапта:
1-тармақтың 96) тармақшасының екінші абзацы 2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
бірінші бөлік «халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және» деген сөздерден кейін «(немесе)» деген сөзбен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Осы бапта белгіленген шарттар сақталмаған кезде әлеуметтік сала объектілерін пайдаланудан болатын кірістер мен шығыстарды салықтық есепке алу жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен жүргізіледі.»;
97) 241-бапта:
1-тармақтың бірінші бөлігінде:
1-тармақтың 97) тармақшасының үшінші - бесінші абзацтары 2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) дивидендтер;»;
2) тармақша алып тасталсын;
4), 7) және 11) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«4) «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес кепілдік жағдайларды реттеу үшін резервті ұлғайтуға бағытталған қаражат шегінде Тұрғын үй құрылысының бірыңғай операторы алған кепілдік жарналар сомасы;»;
«7) «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес көппәтерлі тұрғын үйлер құрылысы аяқталғаннан кейін төлемдер бойынша талаптарды қанағаттандыру тәртібімен Тұрғын үй құрылысының бірыңғай операторы алған ақша сомасы;»;
«11) мыналар:
акционерлік инвестициялық қорлар Қазақстан Республикасының инвестициялық және венчурлық қорлар туралы заңнамасына сәйкес инвестициялық қызметтен алған және акционерлік инвестициялық қордың кастодианы ескерген;
«Астана» халықаралық қаржы орталығының қолданыстағы құқығына сәйкес тіркелген инвестициялық қорлар алған және инвестициялық қордың кастодианы немесе басқарушы компаниясы ескерген инвестициялық кірістер;»;
22) тармақшадағы «Тұрғын үй құрылысына кепілдік беру қорының» деген сөздер «Тұрғын үй құрылысы бірыңғай операторының» деген сөздермен ауыстырылсын;
25) тармақшадағы «құны алып тасталуға жатады.» деген сөздер «құны;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 26) және 27) тармақшалармен толықтырылсын: