6. Төлем көзінен корпоративтік табыс салығын есептеу, ұстау және бюджетке аудару жөніндегі міндет пен жауапкершілік бейрезидентке кіріс төлейтін және салық агенттері таныған мынадай тұлғаларға жүктеледі:
1) дара кәсіпкер;
2) Қазақстан Республикасында қызметін құрылымдық бөлімше арқылы жүзеге асыратын бейрезидент-заңды тұлға.
Бұл ретте бейрезидент-заңды тұлға оның құрылымдық бөлімшесі Қазақстан Республикасының салық органдарында тіркеу есебіне қойылған күннен бастап салық агенті деп танылады;
3) Қазақстан Республикасында қызметін құрылымдық бөлімше ашпаған тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезидент-заңды тұлға.
Бұл ретте бейрезидент-заңды тұлға оның құрылымдық бөлімше ашпаған тұрақты мекемесі Қазақстан Республикасының салық органдарында тіркеу есебіне қойылған күннен бастап салық агенті деп танылады;
4) бейрезидент-заңды тұлға, оның ішінде депозитарлық қолхаттардың базалық активінің эмитенті;
5) осы баптың 9-тармағының 8) тармақшасында белгіленген шарттар орындалмаған кезде, осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларында көрсетілгендерді қоспағанда, осы Кодекстің 644-бабы 1-тармағының 6) тармақшасында көрсетілген мүлікті сатып алатын бейрезидент-заңды тұлға;
2022.21.12. № 165-VІІ ҚР Заңымен 6) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 21 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді)
6) осы Кодекстің 644-бабы 1-тармағы бірінші бөлігінің 6) тармақшасында көрсетілген кірісті салық органында салық төлеуші ретінде тіркелмеген бейрезидент - заңды тұлғаға төлеген резидент - жеке тұлға.
Бұл ретте, қор биржасында бағалы қағаздармен мәмілелер жасау жағдайларын қоспағанда, осы Кодекстің 644-бабы 1-тармағы бірінші бөлігінің 6) тармақшасында көрсетілген кірісті төлеген резидент - жеке тұлға осы тармақшаның бірінші бөлігін іске асыру мақсатында салық агенті деп танылады.
Бейрезидент - заңды тұлғаның кірістерінен төлем көзінен корпоративтік табыс салығын есептеу, ұстап қалу және бюджетке аудару осы Кодекстің 650-бабында айқындалған тәртіппен жүргізіледі.
2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 7-тармақ өзгертілді (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
7. Ақшаны қолма-қол және (немесе) қолма-қол емес нысандарда, бағалы қағаздарды, қатысу үлесін, тауарларды, мүлікті беру, жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету, Қазақстан Республикасындағы көздерден кірістерді төлеу бойынша бейрезидент алдындағы берешекті өтеу есебіне жүргізілетін борыш талабын есептеп шығару және (немесе) есепке жатқызу кірісті төлеу деп түсініледі.
Осы бөлімнің мақсатында осы Кодекске және Қазақстан Республикасының трансферттік баға белгілеу туралы заңнамасына сәйкес салық салу объектілерін түзету кезінде туындайтын дивидендтерге салық салынған кезде осы Кодекстің 1-бабы 1-тармағының 16) тармақшасына сәйкес кірісті айқындау кірісті төлеу деп түсініледі. Бұл ретте есепті салықтық кезеңнен кейінгі жылдың 31 наурызы кірісті төлеу күні болып табылады.
8. Бейрезидентпен жасалған келісімшарттар Қазақстан Республикасының аумағында және оның шегінен тыс жерде жұмыстардың, қызметтердің алуан түрлерінің орындалуын, көрсетілуін көздейтін ережелер болған кезде осы бапта белгіленген төлем көзінен табыс салығын есептеу және ұстау тәртібі жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің әрбір түріне жеке-жеке қолданылады. Бірыңғай өндірістік-технологиялық цикл шеңберінде бейрезидент орындаған жұмыстардың, көрсеткен қызметтердің әрбір кезеңі бейрезиденттің кірістерінен төлем көзінен табыс салығын есептеу және ұстау мақсатында жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің жекелеген түрі ретінде қаралады.
Бұл ретте жоғарыда көрсетілген келісімшарт бойынша бейрезиденттің жалпы кірістер сомасы негізді түрде Қазақстан Республикасында және оның шегінен тыс жерде жұмыстарды орындаудан, қызметтерді көрсетуден алынған кірістерге бөлінуге тиіс.
Осы тармақтың ережелерін қолдану мақсатында бейрезидент Қазақстан Республикасының және (немесе) шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес жасалған, Қазақстан Республикасында жұмыстарды орындаудан, қызметтерді көрсетуден алынған кірістерге және оның шегінен тыс жерде жұмыстарды орындаудан, қызметтерді көрсетуден алынған кірістерге бейрезиденттің жалпы кіріс сомасын бөлуді растайтын есептік құжаттаманың көшірмелерін көрсетілетін қызметтерді алушыға ұсынуға міндетті.
Осы баптың ережелеріне сәйкес Қазақстан Республикасында салық салуға жататын бейрезиденттің кіріс сомасының төмендеуіне алып келген, бейрезиденттің кірісін осындай бөлу болмаған немесе негізсіз бөлген кезде жоғарыда көрсетілген келісімшарт бойынша Қазақстан Республикасында, сол сияқты оның шегінен тыс жерде жұмыстарды орындаудан, қызметтерді көрсетуден бейрезиденттің алған жиынтық кіріс сомасы салық салуға жатады.
9. Мыналар салық салуға жатпайды:
1) тауар беруге байланысты Қазақстан Республикасының аумағында көрсетілген қызметтерді, орындалған жұмыстарды қоспағанда, сыртқы сауда қызметі шеңберінде Қазақстан Республикасының аумағына тауарлар беруге байланысты төлемдер.
Егер тауарларды беруге арналған шарттың (келісімшарттың) талаптары бойынша мәміле бағасына Қазақстан Республикасының аумағында қызметтер көрсетуге, жұмыстар орындауға шығыстар шартта (келісімшартта) сатып алынған тауарлар және (немесе) осындай шығыстар бойынша сомалар жеке бөлінбей енгізілсе, онда сатып алынған тауарлар құны осындай шығыстар ескеріле отырып, шартта (келісімшартта) көрсетілген мәміле бағасының негізінде айқындалады.
Егер тауарларды беруге арналған шарттың (келісімшарттың) талаптары бойынша мәміле бағасына Қазақстан Республикасының аумағында қызметтер көрсетуге, жұмыстар орындауға шығыстар енгізілсе, бұл ретте сатып алынған тауарлар бойынша сома мұндай шығыстардан жеке көрсетілсе, онда сатып алынған тауарлар бойынша құн осындай шығыстардың құны есепке алынбай айқындалады;
2) резидент-банктердің корреспонденттік шоттарын ашу және жүргізу және олар бойынша есеп айырысуларды, сондай-ақ халықаралық төлем карточкалары арқылы есеп айырысуларды жүргізу жөніндегі қызметтер көрсетуден түсетін кірістер;
2022.11.07. № 135-VІІ ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) бағалы қағаздар бойынша дивидендтер мен сыйақыларды есепке жазу күніне Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін қор биржаларының ресми тізіміндегі осындай дивидендтер мен сыйақылар.
Бұл ретте осы тармақшаның ережелері салықтық кезеңде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өлшемшарттарға сәйкес биржада сауда-саттық жүзеге асырылған бағалы қағаздар бойынша есептелген дивидендтерге қолданылады;
2018.26.12. № 203-VІ ҚР Заңымен (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді, 2029 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылады) (бұр.ред.қара); 2020.10.12. № 382-VI ҚР Заңымен (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 4) тармақша өзгертілді
4) 2022.11.07. № 135-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2020.10.12. № 382-VI ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5) 2022.11.07. № 135-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6) мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар, агенттік облигациялар бойынша сыйақылар және мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар мен агенттік облигацияларды өткізу кезінде құн өсімінен түсетін кірістер;
7) Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін қор биржасында немесе шетелдік қор биржасында осы қор биржасының ресми тізімдерінде өткізу күні болатын бағалы қағаздарды ашық сауда-саттық әдісімен өткізу кезінде құн өсімінен түсетін кірістер;
8) уәкілетті орган бекіткен тізбеге енгізілген жеңілдікті салық салынатын мемлекетте тіркелген тұлғалардың кірістерін қоспағанда, егер осы тармақтың 7) тармақшасында өзгеше белгіленбесе, бір мезгілде мынадай:
акцияларды немесе қатысу үлестерін өткізу күніне салық төлеуші осы акцияларды немесе қатысу үлестерін үш жылдан астам иеленеді;
осындай эмитент-заңды тұлға немесе қатысу үлесі өткізілетін осындай заңды тұлға немесе осындай консорциумға қатысу үлесін өткізетін осындай консорциум қатысушысы жер қойнауын пайдаланушы болып табылмайды;
жер қойнауын пайдаланушылар (жер қойнауын пайдаланушы) болып табылатын тұлғалардың (тұлғаның) мүлкi осындай эмитент-заңды тұлға немесе қатысу үлесі өткізілетін осындай заңды тұлға активтерінің құнында немесе қатысу үлесі өткізілетін осындай консорциум қатысушылары активтерінің жалпы құнында осындай өткізу күніне 50 пайыздан аз болады деген шарттар орындалған кезде осы Кодекстің 644-бабы 1-тармағының 6) тармақшасында көрсетілген, заңды тұлға шығарған акцияларды немесе заңды тұлғаға немесе консорциумға қатысу үлестерін өткізу кезінде құн өсімінен түсетін кірістер.
Салық төлеушінің акцияларды немесе қатысу үлестерін иеленудің осы тармақшаның бірінші бөлігінде көрсетілген мерзімі, егер мұндай акцияларды немесе қатысу үлестерін салық төлеуші бұрынғы меншік иелерінің қайта ұйымдастырылуы нәтижесінде алса, бұрынғы меншік иелерінің акцияларды немесе қатысу үлестерін иелену мерзімдері ескеріле отырып, жиынтық түрде айқындалады.
Үшінші бөліктің қолданысы 2022 ж. 1 қаңтарға дейін тоқтатылды, тоқтатыла тұру кезеңінде осы бөлік 2017.25.12. № 121-VI ҚР Заңының 46-бабының редакциясында қолданылды
Жерасты суларын және (немесе) кең таралған пайдалы қазбаларды өз мұқтажы үшін өндіру құқығына ие болғандықтан ғана жер қойнауын пайдаланушы болып табылатын осындай пайдаланушы, сондай-ақ акциялар немесе қатысу үлестері өткізілген айдың бірінші күнінің алдындағы он екі айлық кезең ішінде Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан өзінің және (немесе) өзара байланысты тарап болып табылатын резидент-заңды тұлғаға тиесілі өндірістік қуаттарда көрсетілген кезеңде көмірді қоса алғанда, өндірілген минералды шикізаттың кемінде 70 пайызын кейінгі қайта өңдеуді (бастапқы қайта өңдеуден кейін) жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушы осы тармақшаның мақсатында жер қойнауын пайдаланушы деп танылмайды.
Көмірді қоса алғанда, кейінгі қайта өңдеуге жіберілген минералды шикізаттың көлемін айқындаған кезде:
бастапқы қайта өңдеуден кейінгі кез келген қайта өңдеу нәтижесінде алынған өнімді өндіруге тікелей жіберілген;
бастапқы қайта өңдеу өнімін кейінгі қайта өңдеуде оны одан әрі пайдалану мақсатында өндіруде пайдаланылған шикізат ескеріледі.
Бұл ретте акциялары немесе қатысу үлестері өткізілетін заңды тұлға немесе консорциум активтерінің құнындағы жер қойнауын пайдаланушылар (жер қойнауын пайдаланушы) болып табылатын тұлғалар (тұлға) мүлкінің үлесі осы Кодекстің 650-бабына сәйкес айқындалады;
9) резидент-сатып алушылар борыштық бағалы қағаздар бойынша оларды сатып алу кезінде төлеген жинақталған (есепке жазылған) сыйақылар сомасы;
10) халықаралық қаржы лизингі шарттары бойынша негізгі құралдарды қаржы лизингіне беруден түсетін кірістер;
11) осы Кодекстің 644-бабы 1-тармағының 3), 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген кірістерді қоспағанда, Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде жұмыстарды орындаудан, қызметтерді көрсетуден түсетін кірістер;
12) Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге бiрыңғай құбыржолдары жүйесi арқылы тасымалданатын шикi мұнайды өткізу сапасы бойынша құнды түзетуге байланысты төлемдер;
13) 2020 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылды (бұр.ред.қара)
14) 2020 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылды (бұр.ред.қара)
2020.10.12. № 382-VI ҚР Заңымен 15) тармақшамен толықтырылды (2020 ж. 1 қаңтардан бастап 2027 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылады)
15) 2012 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанда есепке жазылған сыйақы бойынша берешекті қоса алғанда, борышты кешіру осы Кодекстің 232-бабының 2-1-тармағында белгіленген тәртіппен және шарттарда жүргізілген кредит (қарыз) бойынша берешектің және (немесе) кредитке (қарызға) байланысты берешектің, оның ішінде тұрақсыздық айыбының (айыппұлдар, өсімпұл) сомасы;
16) 2020 ж. 1 қаңтардан бастап 2021 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылды (бұр.ред.қара)
646-бап. Төлем көзінен табыс салығының мөлшерлемелері
2018.26.12. № 203-VІ ҚР Заңымен (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді, 2029 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылады) (бұр.ред.қара); 2022.11.07. № 135-VІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді
1. Егер осы баптың 2, 3, 4 және 5-тармақтарындаөзгеше белгіленбесе, бейрезиденттің Қазақстан Республикасындағы көздерден кірістері мынадай мөлшерлемелер бойынша төлем көзінен салық салуға жатады:
1) осы тармақтың 2) - 5) тармақшаларында көрсетілген кірістерді қоспағанда, осы Кодекстің 644-бабында айқындалған кірістер - 20 пайыз;
2) тәуекелдерді сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру сыйлықақылары - 15 пайыз;
3) тәуекелдерді қайта сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру сыйлықақылары - 5 пайыз;
4) халықаралық тасымал бойынша қызметтер көрсетуден түсетін кірістер - 5 пайыз;
5) құн өсімінен түсетін кірістер, дивидендтер, сыйақылар, роялти - 15 пайыз.
2. Осы Кодекстің 644-бабында айқындалған, уәкілетті орган бекіткен тізбеге енгізілген жеңілдікті салық салынатын мемлекетте тiркелген тұлғаның кірістері 20 пайыз мөлшерлеме бойынша төлем көзінен салық салуға жатады.
2018.26.12. № 203-VІ ҚР Заңымен 3-тармақпен толықтырылды (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді, 2029 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылады)
3. Осы Кодекстің 293-бабы 1-тармағының 6) тармақшасында аталған заңды тұлғалар шығарған акцияларды, осы Кодекстің 293-бабы 1-тармағының 6) тармақшасында аталған заңды тұлғаларға қатысу үлестерін өткізу кезінде құн өсімінен түсетін кірістер, сондай-ақ осы Кодекстің 293-бабы 1-тармағының 6) тармақшасында аталған заңды тұлғалардан алынған дивидендтер 5 пайыз мөлшерлемесі бойынша төлем көзінен салық салуға жатады.
2022.11.07. № 135-VІІ ҚР Заңымен 4-тармақпен толықтырылды (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
4. Уәкілетті орган бекіткен тізбеге енгізілген, жеңілдікті салық салынатын мемлекетте тіркелген тұлғаларға төленетіндерді қоспағанда, бейрезиденттің дивидендтер түріндегі кірістері мынадай шарттар бір мезгілде орындалған кезде 10 пайыз мөлшерлеме бойынша салық салуға жатады:
дивидендтерді есепке жазу күніне салық төлеуші дивидендтер төленетін акцияларды немесе қатысу үлестерін үш жылдан астам иеленеді;
дивидендтерді төлейтін резидент-заңды тұлға дивидендтер төленетін кезең ішінде жер қойнауын пайдаланушы болып табылмайды;
дивидендтерді төлеу күніне дивидендтерді төлейтін резидент-заңды тұлға активтерінің құнында жер қойнауын пайдаланушылар (жер қойнауын пайдаланушы) болып табылатын тұлғалардың (тұлғаның) мүлкі 50 пайыздан аз болады.
Егер осы Кодекстің 293-бабы 1-тармағының 6) тармақшасында аталған заңды тұлғаны қоспағанда, дивидендтерді төлейтін резидент-заңды тұлға есептелген корпоративтік табыс салығын қызмет бойынша, оның ішінде осындай азайту көзделген инвестициялық келісімшарт шеңберінде жүзеге асырылатын қызмет бойынша 100 пайызға азайтуды жүргізген жағдайда, осы тармақтың ережелері мынадай тәртіппен қолданылады:
егер тұтастай алғанда дивидендтерді төлейтін резидент заңды тұлға бойынша есептелген корпоративтік табыс салығының жалпы сомасында 100 пайызға азайтылған корпоративтік табыс салығының үлесі 50 және одан көп пайызды құраса, онда осы тармақтың ережесі қолданылмайды;
егер тұтастай алғанда дивидендтерді төлейтін резидент заңды тұлға бойынша есептелген корпоративтік табыс салығының жалпы сомасында 100 пайызға азайтылған корпоративтік табыс салығының үлесі 50 пайыздан аз болса, онда осы тармақтың ережесі дивидендтердің бүкіл сомасына қолданылады.
Салық төлеушінің акцияларды немесе қатысу үлестерін иеленуінің осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзімі, егер салық төлеуші мұндай акцияларды немесе қатысу үлестерін бұрынғы меншік иелерінің қайта ұйымдастырылуы нәтижесінде алса немесе осы заңды тұлғалардың құрылтайшылары (меншік иелері) сол бір тұлғалар болып табылатын жағдайда бір заңды тұлға басқа заңды тұлғадан сатып алса, бұрынғы меншік иелерінің акцияларды немесе қатысу үлестерін иелену мерзімдері ескеріле отырып, жиынтық түрде айқындалады.
Осы тармақтың ережелері бұрын корпоративтік табыс салығы салынған және резидент-заңды тұлғадан:
акциялар бойынша, оның ішінде депозитарлық қолхаттардың базалық активтері болып табылатын акциялар бойынша төленуге жататын кіріс;
резидент-заңды тұлға өз құрылтайшылары, қатысушылары арасында бөлетін таза кірістің бір бөлігі;
құрылтайшы, қатысушы жарғылық капиталға салым ретінде енгізген мүлікті қоспағанда, резидент-заңды тұлға таратылған кезде немесе құрылтайшылар, қатысушылар салымдарының мөлшерін пропорционалды түрде азайту арқылы не құрылтайшылардың, қатысушылардың үлестерін толық немесе ішінара өтеу арқылы жарғылық капитал азайтылған кезде, сондай-ақ резидент-заңды тұлғаға қатысу үлесін құрылтайшы, қатысушы алып қойған кезде мүлікті бөлуден түсетін кіріс түрінде алынған кірістерге ғана қолданылады.
Бұл ретте дивидендтерді төлейтін резидент-заңды тұлға активтерінің құнындағы жер қойнауын пайдаланушылар (жер қойнауын пайдаланушы) болып табылатын тұлғалар (тұлға) мүлкінің үлесі осы Кодекстің 650-бабына сәйкес айқындалады.
Осы тармақтың мақсатында жерасты суларын және (немесе) кең таралған пайдалы қазбаларды өз мұқтажы үшін өндіру құқығына ие болғандықтан ғана жер қойнауын пайдаланушы болып табылатын осындай пайдаланушы жер қойнауын пайдаланушы болып танылмайды.
2022.11.07. № 135-VІІ ҚР Заңымен 5-тармақпен толықтырылды (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
5. Уәкілетті орган бекіткен тізбеге енгізілген, жеңілдікті салық салынатын мемлекетте тіркелген тұлғаларға төленетіндерді қоспағанда, жер қойнауын пайдаланушы-заңды тұлғалар төлейтін дивидендтер түріндегі бейрезиденттің кірістері мынадай шарттар бір мезгілде орындалған кезде 10 пайыз мөлшерлеме бойынша салық салуға жатады:
дивидендтерді есепке жазу күніне бейрезидент-салық төлеуші дивидендтер төленетін акцияларды немесе қатысу үлестерін үш жылдан астам иеленеді;
дивидендтерді төлейтін резидент болып табылатын жер қойнауын пайдаланушы-заңды тұлға дивидендтер есепке жазылған айдың бірінші күнінің алдындағы он екі айлық кезең ішінде Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан меншікті және (немесе) өзара байланысты тарап болып табылатын резидент-заңды тұлғаға тиесілі өндірістік қуаттарда көрсетілген кезеңде өндірілген көмірді қоса алғанда, минералды шикізаттың кемінде 70 пайызын кейіннен қайта өңдеуді (бастапқы қайта өңдеуден кейін) жүзеге асырады.
Егер осы Кодекстің 293-бабы 1-тармағының 6) тармақшасында аталған заңды тұлғаны қоспағанда, дивидендтерді төлейтін резидент болып табылатын жер қойнауын пайдаланушы-заңды тұлға есептелген корпоративтік табыс салығын қызмет бойынша, оның ішінде осындай азайту көзделген инвестициялық келісімшарт шеңберінде жүзеге асырылатын қызмет бойынша 100 пайызға азайтуды жүргізген жағдайда, осы тармақтың ережелері мынадай тәртіппен қолданылады:
егер тұтастай алғанда дивидендтерді төлейтін резидент-заңды тұлға бойынша есептелген корпоративтік табыс салығының жалпы сомасында 100 пайызға азайтылған корпоративтік табыс салығының үлесі 50 және одан көп пайызды құраса, онда осы тармақтың ережесі қолданылмайды;
егер тұтастай алғанда дивидендтерді төлейтін резидент-заңды тұлға бойынша есептелген корпоративтік табыс салығының жалпы сомасында 100 пайызға азайтылған корпоративтік табыс салығының үлесі 50 пайыздан аз болса, онда осы тармақтың ережесі дивидендтердің бүкіл сомасына қолданылады.
Салық төлеушінің акцияларды немесе қатысу үлестерін иеленуінің осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзімі, егер салық төлеуші мұндай акцияларды немесе қатысу үлестерін бұрынғы меншік иелерінің қайта ұйымдастырылуы нәтижесінде алса, бұрынғы меншік иелерінің акцияларды немесе қатысу үлестерін иелену мерзімдері ескеріле отырып, жиынтық түрде айқындалады.
Осы тармақтың мақсатында көмірді қоса алғанда, кейіннен қайта өңдеуге жіберілген минералды шикізаттың көлемін айқындаған кезде:
бастапқы қайта өңдеуден кейінгі кез келген қайта өңдеу нәтижесінде алынған өнімді өндіруге тікелей жіберілген;
бастапқы қайта өңдеу өнімін кейіннен қайта өңдеуде одан әрі пайдалану мақсатында өндірісте пайдаланылған шикізат ескеріледі.
Осы тармақтың ережелері бұрын корпоративтік табыс салығы салынған және резидент-заңды тұлғадан:
акциялар бойынша, оның ішінде депозитарлық қолхаттардың базалық активтері болып табылатын акциялар бойынша төленуге жататын кіріс;
резидент-заңды тұлға өз құрылтайшылары, қатысушылары арасында бөлетін таза кірістің бір бөлігі;
құрылтайшы, қатысушы жарғылық капиталға салым ретінде енгізген мүлікті қоспағанда, резидент-заңды тұлға таратылған кезде немесе құрылтайшылар, қатысушылар салымдарының мөлшерін пропорционалды түрде азайту арқылы не құрылтайшылардың, қатысушылардың үлестерін толық немесе ішінара өтеу арқылы жарғылық капитал азайтылған кезде, сондай-ақ резидент-заңды тұлғаға қатысу үлесін құрылтайшы, қатысушы алып қойған кезде мүлікті бөлуден түсетін кіріс түрінде алынған кірістерге ғана қолданылады.
Бұл ретте дивидендтерді төлейтін резидент-заңды тұлға активтерінің құнындағы жер қойнауын пайдаланушылар (жер қойнауын пайдаланушы) болып табылатын тұлғалар (тұлға) мүлкінің үлесі осы Кодекстің 650-бабына сәйкес айқындалады.
Осы баптың 4-тармағының және осы тармақтың мақсатында бұрын корпоративтік табыс салығы салынған кірістер мынадай тәртіппен айқындалады:
осы Кодекстің 288-бабында көзделген кірістер мен шығыстар сомасына, сондай-ақ осы Кодекстің 300-бабына сәйкес ауыстырылатын залалдар сомасына азайтылған салық салынатын кіріс,
алу
осы Кодекстің 313-бабының 1 немесе 2-тармағында белгіленген мөлшерлеме мен осы Кодекстің 288-бабында көзделген кірістер мен шығыстар сомасына, сондай-ақ осы Кодекстің 300-бабына сәйкес ауыстырылатын залалдар сомасына азайтылған салық салынатын кірісті көбейту арқылы есептелген корпоративтік табыс салығының сомасы.
Бұрын корпоративтік табыс салығы салынған кіріс дивидендтер бөлінетін әрбір салықтық кезең үшін айқындалады.
Бұл ретте бұрын корпоративтік табыс салығы салынған кірісті айқындау кезінде корпоративтік табыс салығы бойынша төленген аванстық төлемдер сомасы есепке алынбайды.
Осы Кодекстің 314-бабында көрсетілген салықтық кезең аяқталғанға дейін дивидендтер бөлінген және төленген жағдайларда, салық агенті осы баптың 4-тармағының және осы тармақтың ережелерін қолдануға құқылы емес.
Бұл ретте осы баптың 4-тармағында және осы тармақта белгіленген шарттар орындалған кезде тиісті салықтық кезең аяқталғаннан кейін салық агенті осы Кодекстің 211-бабында белгіленген тәртіппен бейрезиденттің кірісінен төлем көзінен ұсталатын корпоративтік табыс салығы бойынша бұрын ұсынылған салықтық есептілікке өзгерістер мен толықтырулар енгізуге құқылы. Корпоративтік табыс салығының артық төленген сомасы туындаған кезде салық агентінің осы Кодекстің 11-тарауының 1-параграфында көзделген тәртіппен осындай соманы есепке жатқызуды және (немесе) қайтаруды жүргізуге құқығы бар.
647-бап. Төлем көзінен корпоративтік табыс салығын аудару тәртібі мен мерзімдері
1. Бейрезиденттің кірістерінен ұсталатын төлем көзінен корпоративтік табыс салығы салық агентінің бюджетке:
1) осы тармақтың 3) тармақшасында көрсетілген жағдайдан басқа кезде, кірістің есепке жазылған және төленген сомалары бойынша - кірісті төлеу жүргізілген ай аяқталғаннан кейін күнтізбелік жиырма бес күннен кешіктірмей, кіріс төленген күннің алдындағы соңғы жұмыс күні айқындалған валюта айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша;
2) кірістің есепке жазылған, бірақ шегерімге жатқызу кезінде төленбеген сомалары бойынша - корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияны тапсыру үшін белгіленген мерзімнен кейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей, бейрезиденттің кірістері шегерімге жатқызылған корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияда, осы Кодекстің 314-бабында белгіленген салықтық кезеңнің соңғы күнінің алдындағы соңғы жұмыс күні айқындалған валюта айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша аударуына жатады.
Осы тармақшаның ережесі өтеу мерзімдері корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияны тапсыру үшін белгіленген мерзімнен кейін күнтізбелік он күн өткен соң басталатын борыштық бағалы қағаздар мен депозиттер бойынша сыйақыларға қолданылмайды. Мұндай жағдайда осы баптың 1-тармағы 1) тармақшасының ережелері қолданылады;