2) осы Кодекстің 211-бабында көзделген қосымша салықтық есептілікті ұсынуды қоспағанда, бір рет ұсынылады.
631-бап 2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
631-баптың қолданысы 2025 ж. 1 қаңтарға дейін тоқтатылды, тоқтатыла тұру кезеңінде осы бап 2017.25.12. № 121-VI ҚР Заңының 45-2-бабының редакциясында қолданылады (болашақ редакцияны қараңыз)
631-бап. Активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны толтыру ерекшеліктері
1. Активтер мен міндеттемелер туралы декларация осы Кодекстің 630-бабының 1-тармағында аталған жеке тұлғалардың Қазақстан Республикасында және оның шегінен тыс жерде мыналардың болуы туралы ақпаратты көрсетуіне арналады:
2022.21.12. № 165-VІІ ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) құқықтары және (немесе) мәмілелері шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес шет мемлекеттің құзыретті органында мемлекеттік немесе өзге тіркеуге жататын мүлік:
жылжымайтын мүлік, жер учаскелері және (немесе) жер үлестері, әуе және теңіз кемелері, ішкі суда жүзетін кемелер, «өзен - теңізде» жүзетін кемелер;
көлік құралдары, арнайы техника және (немесе) тіркемелер;
Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде шетелдік банктердегі банктік шоттарда жиынтығында барлық банктік салымдар бойынша республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және есепті салықтық кезеңнің 31 желтоқсанында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 1000 еселенген мөлшерінен асатын сомадағы ақша;
Бұл ретте «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде орналасқан шетелдік банктерде шоттарды (салымдарды) ашу және иелену, Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде орналасқан шетелдік банктерде қолма-қол ақша мен құндылықтарды сақтау бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеуді қабылдайтын адамдар активтер мен міндеттемелер туралы декларацияда банктік салым сомасына қарамастан, Қазақстан Республикасының шегінен тыс жердегі шетелдік банктерде ақшасының бар-жоғы туралы ақпаратты көрсетеді;
2022.21.12. № 165-VІІ ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) Қазақстан Республикасындағы және (немесе) оның шегінен тыс жерлердегі мүлік:
тұрғын үй құрылысына үлестік қатысуы туралы шарт бойынша тұрғын ғимараттағы үлес;
Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде құрылған заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлесі;
бағалы қағаздар, туынды қаржы құралдары (орындалуы базалық активті сатып алу немесе өткізу арқылы жүргізілетін туынды қаржы құралдарын қоспағанда), цифрлық активтер;
инвестициялық алтын;
зияткерлік меншік, авторлық құқық объектілері;
республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және жеке тұлғаның активтері мен міндеттемелері туралы декларация тапсырылатын жылдың алдындағы жылдың 31 желтоқсанына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 10000 еселенген мөлшері шегінен аспайтын сомада көрсетілетін қолма-қол ақша;
Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға берешекті қоспағанда, міндеттеменің немесе талаптың туындауына негіз болып табылатын, нотариат куәландырған (айғақтаған) шарт немесе өзге құжат болған кезде басқа тұлғалардың жеке тұлға алдындағы берешегі (дебиторлық берешегі) және (немесе) жеке тұлғаның басқа тұлғалар алдындағы берешегі (кредиторлық берешегі);
3) осы баптың 4-тармағында көрсетілген өзге де мүлік.
2. Активтер мен міндеттемелер туралы декларацияға қосымшалар салықтық бақылау мақсаттары үшін салық органдары пайдаланатын, осы баптың 1-тармағында көрсетілген мәліметтер туралы ақпаратты егжей-тегжейлі көрсетуге арналады.
3. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жеке тұлғалардың декларацияларын ұсыну жөніндегі міндет жүктелген адамдар активтер мен міндеттемелер туралы декларацияға қосымшаларда мүлікті сенімгерлік басқаруға, трастқа беру туралы мәліметтерді де көрсетеді.
2022.21.12. № 165-VІІ ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Активтер мен міндеттемелер туралы декларацияда жеке тұлғаның қалауы бойынша есепті салықтық кезеңнің 31 желтоқсанына Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заңнамасына сәйкес бағалаушы мен салық төлеуші арасындағы шарт бойынша жүргізілген бағалау туралы есепте айқындалған құны болған кезде, басқа мүліктің бір бірлігі үшін бағасы (құны) республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және есепті салықтық кезеңнің 31 желтоқсанына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 1000 еселенген мөлшерінен асып кеткен жағдайда осы мүлік көрсетілуі мүмкін.
Осы тармақшаның бірінші бөлігінің ережесі мемлекеттік немесе өзге тіркеуге жататын мүлікке, сондай-ақ құқықтары және (немесе) мәмілелері мемлекеттік немесе өзге тіркеуге жататын мүлікке қатысты қолданылмайды.
632-бап 2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
632-бап. Активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны тапсыру мерзімдері
2022.21.12. № 165-VІІ ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Егер осы баптың 2-тармағында өзгеше белгіленбесе, активтер мен міндеттемелер туралы декларация:
1) қағаз жеткізгіште тапсырылған жағдайда - декларацияны тапсыру міндеттемесі туындаған ағымдағы жылдың 15 шілдесінен кешіктірілмей;
2) электрондық түрде тапсырылған жағдайда - декларацияны тапсыру міндеттемесі туындаған ағымдағы жылдың 15 қыркүйегінен кешіктірілмей тұрғылықты (болу) жері бойынша тапсырылады.
Активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны тапсыру мерзімдері бөлігінде осы тармақтың бірінші бөлігінің ережелері:
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес сайланбалы лауазымға, мемлекеттік лауазымға не мемлекеттік немесе оларға теңестірілген функцияларды орындауға байланысты лауазымға кандидаттар мен олардың жұбайлары;
«Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы», «Сақтандыру қызметі туралы», «Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушылары болуға ниет білдірген тұлғалар ретінде активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны тапсыратын тұлғаларға қолданылмайды.
2. Дара кәсіпкерлер, жеке практикамен айналысатын адамдар активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны осы баптың 1-тармағында белгіленген мерзімдерде тұрған жері бойынша тапсырады.
2-параграф. Кірістер мен мүлік туралы декларация
633-баптың күшіне енетін мерзімін қараңыз
633-баптың қолданысы 2025 ж. 1 қаңтарға дейін тоқтатылды, тоқтатыла тұру кезеңінде осы бап 2017.25.12. № 121-VI ҚР Заңының 45-3-бабының редакциясында қолданылады (болашақ редакцияны қараңыз)
633-бап. Кірістер мен мүлік туралы декларация
Кірістер мен мүлік туралы декларацияны осы Кодекстің 630-бабының 1-тармағында аталған жеке тұлғалар жыл сайын, активтер мен міндеттемелер туралы декларация ұсынылатын жылдан кейінгі жылдан бастап есепті салықтық кезеңнің 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша ұсынады.
634-бап. Кірістер мен мүлік туралы декларация жасау ерекшеліктері
1-тармақ 2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
1. 2020.10.12. № 382-VI ҚР Заңымен алып тасталды (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2020.10.12. № 382-VI ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Кірістер мен мүлік туралы декларация:
1) - 3) тармақшалар 2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
1) күнтізбелік жылы үшін, оның ішінде Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде алынған кірістер;
2) салықтық шегерімдер;
3) мемлекеттік немесе өзге тіркеуге жататын мүлікті, сондай-ақ құқықтары және (немесе) мәмілелері мемлекеттік немесе өзге тіркеуге жататын мүлікті, оның ішінде Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде сатып алу және (немесе) иеліктен шығару және (немесе) өтеусіз алу;
4) тармақша 2025 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
2020.10.12. № 382-VI ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4) жеке табыс салығы бойынша, оның ішінде осы Кодекстің 351-бабында айқындалған салықтық шегерім қолданылған жағдайда, Қазақстан Республикасында тұрғын үй сатып алуға алған ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша сыйақыны өтеуге жеке тұлғаның шығыстары туралы мәліметтерді банк мекемелерінің беруіне жеке тұлғаның келісімін көрсете отырып, асып кету сомасын есепке жатқызу және қайтару жөніндегі талап;
2020.10.12. № 382-VI ҚР Заңымен 5) - 7) тармақшалармен толықтырылды (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2022.21.12. № 165-VІІ ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5) Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлердегі шетелдік банктердегі банктік шоттарда жиынтығында республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және есепті салықтық кезеңнің 31 желтоқсанына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 1000 еселенген мөлшерінен асатын сомадағы ақша;
Бұл ретте «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде орналасқан шетелдік банктерде шоттарды (салымдарды) ашу және иелену, Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде орналасқан шетелдік банктерде қолма-қол ақша мен құндылықтарды сақтау бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеуді қабылдайтын адамдар кірістер мен мүлік туралы декларацияда банктік салым сомасына қарамастан, Қазақстан Республикасының шегінен тыс жердегі шетелдік банктерде ақшасының бар-жоғы туралы ақпаратты көрсетеді;
2021.20.12. № 85-VII ҚР Заңымен (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2022.21.12. № 165-VІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 6) тармақша өзгертілді
6) есепті салықтық кезеңнің 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша жеке тұлғаның меншік құқығындағы қолда бар мүлік:
шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес шет мемлекеттің құзыретті органында мемлекеттік немесе өзге тіркеуге (есепке алуға) жататын не ол бойынша құқықтар және (немесе) мәмілелер мемлекеттік немесе өзге тіркеуге (есепке алуға) жататын мүлік;
эмитенттері Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде тіркелген бағалы қағаздар, цифрлық активтер;
Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде тіркелген заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлесі;
7) Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға берешекті қоспағанда, міндеттеменің немесе талаптың туындауына негіз болып табылатын, нотариат куәландырған (айғақтаған) шарт немесе өзге де құжат болған кезде басқа тұлғалардың жеке тұлға алдындағы берешегі (дебиторлық берешегі) және (немесе) жеке тұлғаның басқа тұлғалар алдындағы берешегі (кредиторлық берешегі) туралы ақпаратты жеке тұлғалардың көрсетуіне арналады.
3 - 5-тармақтар 2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
2020.10.12. № 382-VI ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Кірістер мен мүлік туралы декларацияға қосымшалар салық органдары салықтық бақылау мақсатында пайдаланатын салықтық міндеттемені есептеу туралы ақпаратты егжей-тегжейлі көрсетуге арналады.
2020.10.12. № 382-VI ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Жеке тұлғалар, оның ішінде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жеке тұлғалардың декларацияларын тапсыру міндеті жүктелген тұлғалар кірістер мен мүлік туралы декларацияда есепті салықтық кезең ішінде мынадай мүлікті, оның ішінде Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде сатып алуға арналған шығыстарды жабу көздері туралы мәліметтерді көрсетеді:
1) мемлекеттік немесе өзге тіркеуге жататын жылжымайтын мүлік, сондай-ақ құқықтары және (немесе) мәмілелері мемлекеттік немесе өзге тіркеуге жататын мүлік;
2) мемлекеттік тіркеуге жататын механикалық көлік құралдары мен тіркемелер;
3) заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлестері;
4) бағалы қағаздар;
5) инвестициялық алтын;
6) туынды қаржы құралдарын (орындалуы базалық активті сатып алу немесе өткізу арқылы жүргізілетін туынды қаржы құралдарын қоспағанда);
7) тұрғын үй құрылысына қатысу үлестері.
Осы мәліметтерді көрсету туралы талап кірістер мен мүлік туралы толық декларацияға қосымшада көрсетіледі.
5-тармақ 2017.25.12. № 121-VI ҚР Заңның 1-бабының 4) тармақшасына сәйкес 2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
5. 2020.10.12. № 382-VI ҚР Заңымен алып тасталды (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
635-бап 2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
635-бап. Кірістер мен мүлік туралы декларацияны тапсыру мерзімдері
1. Егер осы баптың 2-тармағында өзгеше белгіленбесе, кірістер мен мүлік туралы декларация:
1) қағаз жеткізгіште тапсырылған жағдайда - есепті күнтізбелік жылдан кейінгі жылдың 15 шілдесінен кешіктірілмей;
2) электрондық түрде тапсырылған жағдайда - есепті күнтізбелік жылдан кейінгі жылдың 15 қыркүйегінен кешіктірілмей тұрғылықты (болу) жері бойынша тапсырылады.
2. Дара кәсіпкерлер, жеке практикамен айналысатын адамдар кірістер мен мүлік туралы декларацияны осы баптың 1-тармағында белгіленген мерзімдерде тұрған жері бойынша тапсырады.
2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 3-тармақпен толықтырылды; 2020.10.12. № 382-VI ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Егер кірістер мен мүлік туралы декларацияны тапсыру күніне бекітілген қаржылық есептілік болмаған жағдайда, бақыланатын шетелдік компаниялардың немесе бақыланатын шетелдік компаниялардың тұрақты мекемелерінің жиынтық пайдасын есептеу осы Кодекстің 211-бабының ережелері ескеріле отырып, қаржылық есептілік бекітілген күннен кейінгі алпыс жұмыс күні ішінде, бірақ есепті салықтық кезеңнен кейінгі екінші жылдың 31 наурызынан кешіктірілмей тапсырылатын кірістер мен мүлік туралы қосымша декларацияда жүргізіледі.
636-бап 2025 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
636-бап. Күнтізбелік жыл қорытындысы бойынша жеке тұлғаның салық салынатын кірісін айқындау
1. Күнтізбелік жыл қорытындысы бойынша жеке тұлғаның салық салынатын кірісі жеке тұлғаның, оның ішінде дара кәсіпкердің, жеке практикамен айналысатын адамның салық салынатын кіріс сомасы ретінде айқындалады.
Егер жыл қорытындысы бойынша салық салынатын кіріс сомасының теріс мәні болса, онда жеке табыс салығын есептеу мақсатында жыл қорытындысы бойынша салық салынатын кіріс сомасы нөлге тең деп танылады.
2. Жеке тұлғаның, оның ішінде дара кәсіпкердің, жеке практикамен айналысатын адамның салық салынатын кірісі мынадай тәртіппен айқындалады:
жеке практикамен айналысатын адамның және дара кәсіпкердің кірісін қоспағанда, осы Кодекстің 360-бабында көзделген, жеке тұлға өз бетінше салық салуға жататын кірістер
қосу
жеке практикамен айналысатын адамның салық салынатын кірісі
қосу
дара кәсіпкердің салық салынатын кірісі
қосу
осы Кодекстің 327 және 328-баптарында көзделген кірістерді қоспағанда, төлем көзінен салық салуға жататын, салық агенті есептеген кірістердің сомасы,
алу
осы Кодекстің 341-бабында көзделген кірістерді түзету,
алу
осы Кодекстің 342-бабының 1-тармағында көрсетілген салықтық шегерімдер.
3. Патент немесе оңайлатылған декларация негізінде шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлер көрсетілген арнаулы салық режимдері шеңберінде салық салынатын кірістер бойынша жеке табыс салығын есептеуді осы Кодекстің 77-тарауына сәйкес жүргізеді.
637-бап 2025 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
637-бап. Күнтізбелік жылдың қорытындысы бойынша жеке тұлғаның кірістерінен жеке табыс салығын есептеу
1. Күнтізбелік жыл қорытындысы бойынша жеке тұлғаның кірістерінен жеке табыс салығын есептеуді жеке тұлға кірістер мен мүлік туралы декларацияда дербес жүргізеді.
2. Күнтізбелік жыл қорытындысы бойынша жеке тұлғаның кірістерінен жеке табыс салығының сомасы осы Кодекстің 320-бабында белгіленген мөлшерлемелерді жеке тұлғаның салық салынатын кірісінің сомасына қолдану жолымен есептеледі.
2020.10.12. № 382-VI ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Бюджетке төлеуге жататын жеке табыс салығының сомасы мынадай мынадай тәртіппен айқындалады:
осы баптың 2-тармағында айқындалған тәртіппен есептелген жеке табыс салығының сомасы,
алу
осы Кодекстің 327 және 328-баптарында көзделген кірістерді қоспағанда, төлем көзінен салық салуға жататын кірістерден есептелген жеке табыс салығының сомасы,
алу
осы Кодекстің 638-бабына сәйкес есепке жатқызу жүзеге асырылатын жеке табыс салығының сомасы.
638-бап 2025 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
638-бап. Шетелдік салықты есепке жатқызу
1. Резидент-жеке тұлға Қазақстан Республикасының шегінен тыс жердегі көздерден алған кірістерден Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде төленген кіріс салықтарының немесе жеке табыс салығына ұқсас өзге шетелдік салықтың (бұдан әрі осы баптың мақсатында - шетелдік табыс салығы) сомалары осындай шетелдік табыс салығының төленгенін растайтын құжат болған кезде жеке табыс салығының мөлшерлемесі шегінде осы Кодекстің 303-бабында айқындалған тәртіппен Қазақстан Республикасындағы жеке табыс салығын төлеу есебіне есепке жатқызылуға жатады.
2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2020.10.12. № 382-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді
2. Қазақстан Республикасындағы жеке табыс салығын төлеу есебіне бақыланатын шетелдік компанияның қаржылық пайдасынан немесе бақыланатын шетелдік компания тұрақты мекемесінің қаржылық пайдасынан шетелдік табыс салығының мынадай формула бойынша есептелген сомасы есепке жатқызуға жатады:
Се = П х Ү х Мт/100%, мұнда:
Се -шетелдік табыс салығының есепке жатқызылуға жататын сомасы;
П - осы Кодекстің 340-бабына сәйкес резидент-жеке тұлғаның жылдық кірісіне енгізілген, бақыланатын шетелдік компанияның қаржылық пайдасының оң шамасы немесе бақыланатын шетелдік компания тұрақты мекемесінің қаржылық пайдасының оң шамасы;
Ү - осы Кодекстің 297-бабына сәйкес айқындалатын, бақыланатын шетелдік компанияға резиденттің тікелей немесе жанама немесе конструктивті қатысу немесе тікелей немесе жанама немесе конструктивті бақылау коэффициенті;
Мт - табыс салығын, оның ішінде осы Кодекстің 340-бабы 3-тармағының 1) - 10) тармақшаларында көрсетілген кірістерден Қазақстан Республикасында төлем көзінен ұсталған табыс салығын есепке алмағанда, осы Кодекстің 294-бабы 4-тармағының 12) тармақшасына сәйкес есептелген тиімді мөлшерлеме.
Осы тармақтың ережелері жеңілдікті салық салынатын мемлекеттерде тіркелген және (немесе) бақыланатын шетелдік компанияның және (немесе) бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесінің жиынтық пайдасын есептеу кезінде резидент ағымдағы салықтық кезеңде пассив кірістер үлесі бар формуланы пайдаланатын бақыланатын шетелдік компанияға және (немесе) бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесіне қолданылмайды.
Осы тармақтың ережелері шетелдік табыс салығы бақыланатын шетелдік компанияның қаржылық пайдасынан немесе бақыланатын шетелдік компания тұрақты мекемесінің қаржылық пайдасынан мыналар тіркелген мемлекеттерде 10 пайыздан аз болатын тиімді мөлшерлеме бойынша төленген жағдайда қолданылады:
1) бақыланатын шетелдік компания немесе бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесі;
2) тұрақты мекемені құрған бақыланатын шетелдік компания;
3) резидент бақыланатын шетелдік компанияға қатысу үлестерін (дауыс беретін акцияларын) сол арқылы жанама иеленетін не оның жанама бақылауы болатын бақыланатын тұлға.
Егер бақыланатын шетелдік компанияның қаржылық пайдасына немесе бақыланатын шетелдік компания тұрақты мекемесінің қаржылық пайдасына екі және одан көп шет мемлекетте шетелдік табыс салығы салынса, онда тиімді мөлшерлемесі осындай шет мемлекеттерде төленген шетелдік табыс салығының тиімді мөлшерлемелерінен барынша көп шаманы құрайтын шетелдік табыс салығы ғана есепке жатқызуға қабылданады. Осы абзацтың ережелері:
1) бақыланатын шетелдік компанияға қатысу үлестерін (дауыс беретін акцияларын) жанама иеленген немесе жанама бақылау жасаған және бақыланатын шетелдік компанияның қаржылық пайдасынан немесе бақыланатын шетелдік компания тұрақты мекемесінің қаржылық пайдасынан шетелдік табыс салығы (осындай жанама иелену немесе осындай жанама бақылау сол (солар) жүзеге асырылатын бақыланатын тұлға (тұлғалар) тіркелген) екі және одан көп шет мемлекетте төленген кезде, немесе
2) бақыланатын шетелдік компанияға қатысу үлестерін (дауыс беретін акцияларын) тікелей иеленген немесе тікелей бақылау жасаған және бақыланатын шетелдік компания тұрақты мекемесінің қаржылық пайдасынан шетелдік табыс салығы:
бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесі;
тұрақты мекеме құрған бақыланатын шетелдік компания тіркелген шет мемлекеттерде төленген кезде қолданылады.
Резидент бақыланатын шетелдік компанияға қатысу үлестерін (дауыс беретін акцияларын) тікелей және жанама немесе тікелей және конструктивті иеленген не резиденттің тікелей және жанама немесе тікелей және конструктивті бақылауы болған жағдайда, бақыланатын шетелдік компанияның қаржылық пайдасынан немесе бақыланатын шетелдік компания тұрақты мекемесінің қаржылық пайдасынан шетелдік табыс салығының осы тармаққа сәйкес есепке жатқызылуға жататын сомасы бақыланатын шетелдік компанияға қатысу үлестерін (дауыс беретін акцияларын) әрбір тікелей және жанама иелену немесе тікелей және конструктивті иелену не тікелей және жанама бақылау жасау немесе тікелей және конструктивті бақылау жасау бойынша жеке есептеледі. Бұл ретте бақыланатын шетелдік компанияға қатысу үлестерін (дауыс беретін акцияларын) тікелей және жанама иелену немесе тікелей және конструктивті иелену не тікелей және жанама бақылау жасау немесе тікелей және конструктивті бақылау жасау бойынша жеке есептелген осындай шетелдік табыс салығы шамаларының сомасы осы тармаққа сәйкес есепке жатқызылуға тиіс.
Осы тармақты қолдану үшін резидентте осы Кодекстің 303-бабының 4-тармағының бесінші бөлігінде көрсетілген құжаттар болуға тиіс.
639-бап. 2020.10.12. № 382-VI ҚР Заңымен алып тасталды (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
640-бап 2025 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
640-бап. Жеке табыс салығы бойынша асып кету
Жеке табыс салығы бойынша асып кету деп осы Кодекстің 327 және 328-баптарында көзделген кірістерді қоспағанда, төлем көзінен салық салуға жататын кірістерден төлем көзінен ұстап қалған жеке табыс салығының сомасы мен осы Кодекстің 637-бабында айқындалған тәртіппен күнтізбелік жыл қорытындысы бойынша жеке тұлғаның кірістерінен есептелген жеке табыс салығының сомасы арасындағы оң айырма танылады.
641-бап 2025 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
2020.10.12. № 382-VI ҚР Заңымен 641-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
641-бап. Кірістер мен мүлік туралы декларацияда есептелген салықты төлеу тәртібі мен мерзімдері
Күнтізбелік жыл қорытындысы бойынша жеке тұлғаның салық салынатын кірісінен есептелген жеке табыс салығын төлеуді салық төлеуші кірістер мен мүлік туралы декларацияның тапсырылу тәсілдеріне қарай оны тапсыру үшін осы Кодекстің 635-бабында белгіленген мерзімнен кейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей мынадай тәртіппен жүзеге асырады:
1) дара кәсіпкер, жеке практикамен айналысатын адам - тұрған жері бойынша;
2) осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілмеген жеке тұлға - тұрғылықты (болу) жері бойынша.
Жеке тұлға осы Кодекстің 635-бабының 3-тармағында белгіленген мерзімнен кейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей салықтық кезеңнің қорытындылары бойынша, бақыланатын шетелдік компанияның және (немесе) бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесінің жиынтық пайдасынан есептелген жеке табыс салығын төлеуді жүзеге асырады. Бұл ретте осы бөліктің ережелері жеңілдікті салық салынатын мемлекеттерде тіркелген бақыланатын шетелдік компаниялардың және (немесе) бақыланатын шетелдік компаниялардың тұрақты мекемелерінің жиынтық пайдасынан есептелген жеке табыс салығына қолданылмайды.
642-бап 2025 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
642-бап. Резидент-еңбекші көшіп келушінің кірісі
1. Резидент-еңбекші көшіп келушілер жеке табыс салығы бойынша алдын ала төлем төлеуді жүргізеді.
Жеке табыс салығы бойынша алдын ала төлем республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 2 еселенген мөлшерінде еңбекші көшіп келушіге рұқсатты алуға (ұзартуға) арналған өтінішінде резидент-еңбекші көшіп келуші көрсеткен тиісті кезеңнің жұмыстар орындалатын, қызметтер көрсетілетін әрбір айы үшін есептеледі.