2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 9) тармақшамен толықтырылды (2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
9) аңшылардың және аңшылық шаруашылық субъектілерінің қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастықтары, сондай-ақ балықшылардың және балық шаруашылығы субъектілерінің қоғамдық бірлестіктері кіреді.
2010.21.01. № 242-IV ҚР Заңымен 6-2-баппен толықтырылды; 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 6-2-бап өзгертілді (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6-2-бап. Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттік басқару органдары мен лауазымды адамдар
Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттік басқару органдарына және лауазымды адамдарға Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасының Үкіметі, оның аумақтық бөлімшелері бар ведомстволарын қоса алғанда, уәкілетті орган жатады.
7-бап. Балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттік басқарудың ерекшелiктерi
Балық ресурстарының және басқа су жануарларының пайдаланылуын мемлекеттік есепке алу, кадастры, мониторингi және бақылау, сондай-ақ олардың зерттелуi, қорғалуы мен өсiмiн молайту мемлекеттік басқарудың бiртұтас жүйесiн құрайды және балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде бассейндiк принцип бойынша жүзеге асырылады.
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 8-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен 8-бапқа енгізілетін өзгерістерді қараңыз
8-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы құзыретi
Қазақстан Республикасының Үкiметi:
1) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттiк саясаттың негiзгi бағыттарын әзiрлейдi және оның iске асырылуын қамтамасыз етедi;
2) жануарлар дүниесiн иелену, пайдалану және оған билiк ету құқығын жүзеге асырады;
3) уәкiлеттi органның және жергiлiктi атқарушы органдардың жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану мәселелерi жөнiндегi қызметiне басшылық жасауды жүзеге асырады;
4) уәкiлеттi органды айқындайды;
5) Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенция бойынша міндеттемелерді орындау үшін әкімшілік органды және ғылыми ұйымдарды айқындайды;
6) тірі күйінде бекіре тұқымдас балықтарды, олардың ұрықтандырылған уылдырығын (будандастырылған түрлерін қоспағанда) Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге шығару туралы шешім қабылдайды;
7) жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген түрлерiн, олардың бөліктерін немесе дериваттарын алып қою туралы шешім қабылдайды;
8) жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген түрлерiнің тізбесін бекітеді және оларды басқа санаттарға ауыстырады;
9) ерiксiз немесе жартылай ерiктi жағдайларда өсетiн жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген түрлерiнің, олардың бөліктерінің және дериваттарының халықаралық саудасына шектеулер енгiзедi;
10) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;
11) жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторлардың және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мамандандырылған ұйымдар инспекторларының арнайы құралдар мен қызметтік қаруды қолдану, сондай-ақ қорықшылардың қызметтік қаруды қолдану қағидаларын бекітеді;
12) өзіне Қазақстан Республикасының Конституциясымен, заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жүктелген өзге де функцияларды орындайды.
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 9-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен 9-бапқа енгізілетін өзгерістерді қараңыз
9-бап. Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы қызметті жүзеге асыратын уәкiлеттi органның, оның аумақтық бөлімшелерінің және Қазақстан Республикасының өзге де мемлекеттік органдарының құзыретi
1. Уәкілетті орган:
1) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады және салааралық үйлестіруді жүзеге асырады;
2) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласында жергілікті атқарушы органдарды үйлестіруді және оларға әдістемелік басшылық жасауды жүзеге асырады;
3) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласында нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және бекітеді;
4) жануарлар дүниесiн қорғау жөнiндегi мемлекеттiк инспектор актiлерiнiң нысандарын, оларды жасау мен берудiң тәртiбiн әзірлейді және бекітеді;
5) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы нормативтердi әзiрлейдi және бекітеді;
6) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттiк бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын уәкiлеттi органның және оның аумақтық бөлімшелерінің лауазымды адамдарының, сондай-ақ жануарлар дүниесiн қорғауды тiкелей жүзеге асыратын мемлекеттiк мекемелер мен ұйымдар жұмыскерлерiнiң айырым белгілері бар нысанды киiм (погонсыз) үлгiлерiн, оны киіп жүру тәртiбiн және онымен қамтамасыз ету нормаларын әзірлейді және бекітеді;
7) жануарлар дүниесiн пайдаланғаны үшiн төлемақы мөлшерлемелерін және Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы заңнамасын бұзудан келтiрiлген зиянның орнын толтыру мөлшерiн айқындаудың, сондай-ақ балық ресурстарына келтірілетін және келтірілген зиянның, оның ішінде шаруашылық қызметі нәтижесінде болмай қоймайтын зиянды өтеу мөлшерін есептеудің әдiстемелерiн әзiрлейдi және бекiтедi;
8) аңшы, балықшы және қорықшы куәлiктерiнің нысанын және оны беру тәртiбiн әзірлейді және бекітеді;
9) жануарлар дүниесiнiң объектiлерiн, олардың бөлiктерi мен дериваттарын, оның iшiнде сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген санаттарға жатқызылған жануарлар түрлерiн әкелуге және әкетуге рұқсаттар бередi;
10) Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның күшін қолданылатын жануарлар түрлерін Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге рұқсаттар беруді жүзеге асырады;
11) жануарлар дүниесiн пайдалануға арналған биологиялық негiздеме дайындаудың тәртiбiн әзірлейді және бекітеді;
12) балық аулау және балық шаруашылығын жүргізу шарттарының үлгілік нысанын әзірлейді және бекітедi;
13) аңшылық және балық шаруашылықтары субъектілерін дамыту жоспарының үлгілік нысанын әзірлейді және бекітеді;
14) жолдаманың үлгiлік нысанын, сондай-ақ оны беру тәртібін әзiрлейді және бекітеді;
15) сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген санаттарға жатқызуды қоспағанда, осы Заңның 3-бабы 1-тармағының 4), 5) және 6) тармақшаларында көзделген санаттарға жатқызылған жануарлар түрлерiнiң тізбелерін айқындайды және оларды бiр санаттан екiншiсiне ауыстырады;
16) қолдануға рұқсат етілген кәсіпшілік және кәсіпшілік емес балық аулау құралдарының түрлері мен тәсілдерінің тізбесін әзірлейді және бекітеді;
17) жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы ғылыми-зерттеулер мен жобалау-іздестіру жұмыстарын жүргізуді ұйымдастырады және (немесе) қамтамасыз етеді;
18) халықаралық және республикалық маңызы бар сулы-батпақты алқаптардың тізімдерін әзірлейді және бекітеді;
19) жануарлар дүниесін мемлекеттік есепке алуды, оның кадастры мен мониторингін жүргізуді ұйымдастырады;
20) су тарту құрылыстарының балық қорғау құрылғыларына қойылатын талаптарды әзірлейді және бекітеді және оларды орнатуды келіседі;
21) уылдырық шашу кезеңінде балық аулауға тыйым салынған, сондай-ақ балық аулауға тыйым салынған су айдындарында және (немесе) учаскелерiнде су көлігі қозғалысының тәртібін әзірлейді және бекітеді;
22) ішкі және сыртқы нарықтардағы сауда үшін бекіре тұқымдас балық түрлерінің уылдырығын таңбалау тәртібін және сыртқы нарықта бекіре тұқымдас балық түрлерінің уылдырығымен сауда жасауға арналған таңба нысанын әзірлейді және бекітеді және ішкі нарықта саудалауға таңба беруді жүзеге асырады;
23) бақылау үшін аулауды, интродукциялау, реинтродукциялау және будандастыру мақсатында аулауды жүзеге асырады, балықтың қырылу қаупі бар су айдындарында және (немесе) учаскелерінде аулауды ұйымдастырады;
24) екі және одан да көп облыста орналасқан балық шаруашылығы су айдындарында, сондай-ақ сирек кездесетін және жойылып кету қаупі бар жануарлар түрлерін ғылыми-зерттеу үшін аулау мақсатында жануарлар әлемін пайдалануға рұқсат береді;
25) Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасы талаптарының сақталуын айқындау мақсатында жануарлар дүниесін пайдаланушылардың қызметін тексереді;
26) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген құзыреті шегінде әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер бойынша іс жүргізуді жүзеге асырады;
27) жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласында мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;
28) зоологиялық коллекциялар тізілімін жүргізеді, интернет-ресурста орналастырады және тоқсан сайын жаңартады;
29) аңшылық шаруашылықтар, өсімін молайту учаскелері мен тыныштық аймақтары, балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің шекаралары аншлагтарының үлгілерін, сондай-ақ аң аулау мен балық аулау үшін тыйым салынған мерзімдер мен орындарды, балық ресурстарын және басқа да су жануарларын аулауды есепке алу журналының (кәсіпшілік журналдың) нысанын әзірлейді және бекітеді;
30) балықтардың қырылуына сөзсіз әкеп соғатын қырылу қаупі туындаған және су объектілеріне немесе олардың бөліктеріне ағымдағы балық шаруашылық мелиорациялауды жүргізу жолымен мұндай қатердің бетін қайтару мүмкін болмаған жағдайларда ғылыми ұсынымдар негізінде балықтарды мелиорациялық аулау туралы шешім қабылдайды;
31) жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;
32) 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
33) жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласында құрметті атақтар, төсбелгілерін және құрмет грамоталарын беру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
34) қорықшының төсбелгісінің және айырым белгілері бар арнайы киімінің нысанын әзірлейді және бекітеді;
35) Қазақстан Республикасының аумағында шаруашылықаралық аңшылықты ұйымдастыру жөніндегі қағидаларды әзірлейді және бекітеді;
36) Қазақстан Республикасының аумағында шаруашылықішілік аңшылықты ұйымдастыру жөніндегі қағидаларды әзірлейді және бекітеді;
37) Қазақстан Республикасының аумағында жануарлар түрлерін есепке алуды жүргізу жөніндегі нұсқаулықты әзірлейді және бекітеді;
38) аңшылық минимумды әзірлейді және бекітеді;
39) аңшылардың және аңшылық шаруашылығы субъектілерінің қоғамдық бірлестіктері республикалық қауымдастығының аңшылық минимумды жүргізу қағидаларын әзірлейді;
40) аңшылардың және аңшылық шаруашылығы субъектілерінің қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастықтарын, сондай-ақ балықшылар мен балық шаруашылығы субъектілерінің қоғамдық бірлестіктерін аккредиттеу қағидаларын әзірлейді, оларды аккредиттеуді жүргізеді;
41) аңшы куәліктерін беру жөніндегі есептіліктің нысанын әзірлейді және бекітеді;
42) Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның І және ІІ қосымшаларына түрлері енгізілген жануарларды қолдан өсіруді жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларды әкімшілік органда тіркеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
43) су айдындарына балық жіберу, су объектілерін балық шаруашылық мелиорациялау жөніндегі жұмыстарды жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
44) халықаралық, республикалық және жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің тізбесін әзірлейді және бекітеді;
45) су айдындарын халықаралық және республикалық маңызы бар сулы-батпақты алқаптарға жатқызу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
46) Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасын бұзумен келтірілген зиянның орнын толтыру мөлшерін әзірлейді және бекітеді;
47) табиғи мекендеу ортасынан алынған бекіре тұқымдас балықтарды және олардың уылдырығын мемлекеттік монополия субъектісі болып табылатын мемлекеттік кәсіпорынның өткізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
48) жануарлар дүниесін мемлекеттік қорғау туралы ережені әзірлейді және бекітеді;
49) жануарлар дүниесі объектілерін, олардың бөліктері мен дериваттарын пайдалануға шектеулер мен тыйым салуды белгілеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
50) жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын уәкілетті орган мен оның аумақтық бөлімшелерінің лауазымды адамдарының, сондай-ақ мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың жануарлар дүниесін тікелей қорғауды жүзеге асыратын, айырым белгілері бар (погондарсыз) нысанды киімді киюге құқығы бар жұмыскерлерінің тізбесін әзірлейді және бекітеді;
51) жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторлар мен жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мамандандырылған ұйымдар инспекторларының арнайы құралдар мен қызметтік қаруды қолдану, сондай-ақ қорықшылардың қызметтік қаруды қолдану қағидаларын әзірлейді;
52) Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның күші қолданылатын жануарлар түрлерін Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге әкімшілік органның рұқсаттар беру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
53) балықтың қайдан ауланғаны туралы анықтама нысанын әзірлейді және бекітеді;
54) сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген жануарлардың түрлерін интродукциялау, реинтродукциялау мен будандастыру туралы шешім қабылдайды;
55) жануарлар дүниесі объектілерін алып қою лимиттерін әзірлейді және бекітеді;
56) жануарлар дүниесі объектілерін алып қою квоталарын бөлу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
57) аң аулау, балық аулау қағидаларын әзірлейді және бекiтедi;
58) аңшылық шаруашылығын жүргiзу қағидаларын және балық шаруашылығын жүргiзу қағидаларын әзірлейді және бекiтедi;
59) жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсаттар беру қағидаларын әзірлейді және бекiтедi;
60) жануарларды интродукциялауды, реинтродукциялауды және будандастыруды жүргiзуге рұқсат беру қағидаларын әзірлейді және бекiтедi;
61) жануарлардың санын реттеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
62) жануарлар дүниесі объектілерін, олардың бөліктері мен дериваттарын пайдалануға шектеу мен тыйым салуды енгізу туралы шешім қабылдайды, тиісті ғылыми ұйымдар берген, мемлекеттік экологиялық сараптамадан өткізілуге тиіс биологиялық негіздеменің негізінде оларды пайдалану орындары мен мерзімдерін белгілейді;
63) жануарлар дүниесін мемлекеттік есепке алуды, оның кадастры мен мониторингін жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
64) зоологиялық коллекциялар жинау мен мемлекеттiк есепке алу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
65) аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерiн бекiтiп беру жөнiнде конкурс өткiзу қағидаларын және конкурсқа қатысушыларға қойылатын бiлiктiлiк талаптарын әзірлейді және бекiтедi;
66) аң аулау және балық аулау объектiлерi болып табылатын жануарлардың құнды түрлерiнiң тiзбесiн әзірлейді және бекiтедi;
67) аңшылық және балық шаруашылықтары субъектілерінің қорықшылық қызметі туралы үлгілік ережені әзірлейді және бекітеді;
68) дериваттар тізбесін әзірлейді және бекітеді;
69) жануарларды еріксіз және жартылай ерікті жағдайларда ұстау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
70) аңшылықта пайдаланылатын аңшы жыртқыш құстарды есепке алуды жүргізу және тіркеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
71) жануарларды интродукциялау және реинтродукциялау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
72) балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін акваөсіруді дамыту үшін пайдалану қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
73) балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін ерекше құнды объектілерге жатқызу, олардың шекараларын белгілеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
74) балық шаруашылығы су айдындарының резервтік қорындағы және (немесе) учаскелер мен аңшылық алқаптардағы жануарлар дүниесінің өсімін молайтуды және оларды мемлекеттік есепке алуды ұйымдастырады және қамтамасыз етеді;
75) жануарларды интродукциялауға, реинтродукциялауға және будандастыруға рұқсат береді;
76) жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы жергілікті атқарушы органдарға мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асырады;
77) екі және одан да көп облыс аумағында орналасқан халықаралық және республикалық маңызы бар су айдындарының балық шаруашылығы учаскелерін бекітіп беру бойынша конкурс өткізеді;
78) осы Заңда, өзге де заңдарда, Қазақстан Республикасының Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Аумақтық бөлімшелер өз қызметiн уәкiлеттi орган белгiлеген құзырет шегiнде жүзеге асырады.
2. Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы қызметті жүзеге асыратын өзге де мемлекеттік органдарының құзыретi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленеді.
10-бап. Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы жергiлiктi мемлекеттік басқару органдарының құзыретi
1. Қазақстан Республикасының жергiлiктi өкiлдi органдары:
1) 2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану мәселелерi бойынша жергiлiктi атқарушы органдар басшыларының есептерiн қарайды;
2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 3) тармақшамен толықтырылды (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді)
3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету жөніндегі өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
2010.21.01. № 242-IV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Қазақстан Республикасының жергiлiктi атқарушы органдары:
1) 2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды
1-1) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;
2) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану жөніндегі өздеріне ведомстволық бағыныстағы органдар мен ұйымдардың қызметiн үйлестiру мен бақылауды жүзеге асырады;
2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
3) жергiлiктi маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің тiзбесiн бекiтедi;
2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
4) жануарлар дүниесiн пайдаланушыларға Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру мен аңшылық және балық шаруашылықтарының қажеттіліктері үшін сервитуттарды белгілеу жөнiнде шешiмдер қабылдайды;
2010.21.01. № 242-IV ҚР Заңымен 5) тармақшамен толықтырылды
5) 2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 5-1) тармақшамен толықтырылды
5-1) жануарларға ауырып қалған, бекітіліп берілмеген аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде олардың қырылу қаупі төнген жағдайда оларға көмек көрсету жөніндегі іс-шараларды ұйымдастырады;
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 5-2) - 5-10) тармақшалармен толықтырылды
5-2) аңшылық шаруашылығының мұқтаждықтары үшін жануарлар дүниесін пайдаланушыларға аңшылық алқаптарды бекітіп беру бойынша конкурстар өткізеді;
5-3) бір облыстың аумағында орналасқан, жергілікті, халықаралық және республикалық маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарын бекітіп беру бойынша конкурстар өткізеді;
5-4) сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген жануарлар түрлерiн интродукциялау, реинтродукциялау және будандастыру, сондай-ақ қолдан өсiру жөнiндегi қызметтi ұйымдастырады;
5-5) аңшылық алқаптарының резервтiк қорында жануарлар дүниесiн қорғауды ұйымдастырады және қамтамасыз етедi;
5-6) балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерiнiң резервтiк қорын қорғауды ұйымдастырады және қамтамасыз етедi;
5-7) ғылыми ұсынымдар негізінде балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін паспорттауды жүргізеді;
5-8) рекреациялық балық аулау аймағын белгілейді;
5-9) балық шаруашылығы учаскелерінің шекараларын белгілейді, ұйықтарды (ұйықтық учаскелерді) ашады және жабады;
5-10) екі және одан да көп облыс аумағында орналасқан балық шаруашылығы су айдындарында ғылыми-зерттеу үшін аулау, сондай-ақ сирек кездесетін және құрып бара жатқан жануарлар түрін қоспағанда, жануарлар әлемін пайдалануға рұқсат береді;
2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 6) тармақшамен толықтырылды (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді)
6) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 11-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
11-бап. Жануарлар дүниесiн мемлекеттік есепке алу, оның мемлекеттік кадастры мен мониторингi
Жануарлар дүниесiн қорғауды, өсiмiн молайтуды және пайдалануды қамтамасыз ету үшiн жануарлар түрлерінің жай-күйі мен географиялық таралуы туралы, олардың саны, жүйелi байқау нәтижелерi, оларды шаруашылықтағы пайдалану көлемдерi туралы мәлiметтер жиынтығын және басқа да қажеттi деректердi құрайтын жануарлар дүниесiн мемлекеттік есепке алу, оның мемлекеттік кадастры мен мониторингi жүргiзiледi.
2010.21.01. № 242-IV ҚР Заңымен 11-1-баппен толықтырылды (2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
11-1-бап. Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттік монополия
1. Бекіре тұқымдас балықтарды табиғи мекендеу ортасынан алып қою, оларды сатып алу, олардың уылдырығын және өнімінің басқа да түрлерін өңдеу және экспорттау жөніндегі қызмет мемлекеттік монополияға жатады және оны мемлекеттік кәсіпорын ғана жүзеге асырады.
2. Өнімді мемлекеттік монополия субъектісінен сатып алған жеке және заңды тұлғалар оны одан әрі қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыруға құқылы.
2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Бекіре тұқымдас балықтар кездейсоқ ауланған жағдайда тіршілік етуге қабілетті дара нұсқалары - табиғи мекендеу ортасына жіберілуге, ал тіршілік етуге қабілетсіз (өлі) дара нұсқалары өтеусіз негізде мемлекеттік монополия субъектісіне тапсырылуға тиіс.
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4. Бекіре тұқымдас балықтарды қолдан өсіру мақсатында өсімді молайту кешені мемлекеттік кәсіпорындарының, сондай-ақ ғылыми-зерттеу үшін аулау кезінде заңды тұлғалардың оларды табиғи мекендеу ортасынан алып қоюы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен жүзеге асырылады.
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5. Мемлекеттік монополия субъектісі өткізетін өнімнің бағасын монополияға қарсы органмен келісу бойынша уәкілетті орган белгілейді.
3-тарау. Жануарлар дүниесiн қорғау
12-бап. Жануарлар дүниесiн қорғау жөніндегі негiзгi талаптар
2007.09.01. № 213-III ҚР Заңымен ; 2010.21.01. № 242-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді
1. Жануарлар дүниесiнiң жай-күйiне, мекендейтiн ортасына, көбею жағдайларына және жануарлардың өрiс аудару жолдарына әсер ететін немесе әсер етуі мүмкін болатын қызмет жануарлар дүниесінiң, олар мекендейтін ортаның сақталуы мен өсiмiн молайтуды және келтірілетін және келтірілген, оның ішінде болмай қоймайтын зиянды өтеудi қамтамасыз етудiң талаптары , оның ішінде экологиялық талаптар сақтала отырып жүзеге асырылуға тиiс.
2. Жануарлар дүниесiнiң жай-күйiне және олар мекендейтiн ортаға әсер ететiн немесе әсер етуi мүмкiн қызметтi жүзеге асыру кезiнде мынадай негiзгi талаптардың сақталуы қамтамасыз етiлуге тиiс:
1) жануарлар дүниесiнiң табиғи еркiндiк жағдайындағы биологиялық сан алуандығы мен үйiрлiк тұтастығын сақтау;