4) талап ету құқығын басқаға беру шартын жасасқаннан кейін төлемдердің әрбір қарыз алушы бөлінісінде таратып жазылуын бере отырып, қарыз алушылардан алынған ақшаны микрокредит беру туралы шарт бойынша құқық (талап ету) берілген тұлғаның банктік шотына берешекті өтеу есебіне аударуға міндетті.
9. Сатып алынған құқықты (талап етуді) бастапқы кредиторға кері сатуды (қайтаруды), құқықты (талап етуді) коллекторлық агенттіктерге, секьюритилендіру мәмілесі кезінде Қазақстан Республикасының жобалық қаржыландыру және секьюритилендiру туралы заңнамасына сәйкес құрылған арнайы қаржы компаниясына, сондай-ақ өзге де микроқаржы ұйымдарына беруді (қайта беруді) қоспағанда, жеке тұлғамен жасасылған микрокредит беру туралы шарт бойынша микроқаржы ұйымының құқығы (талап етуі) өткен тұлғаның осындай құқықты (талап етуді) өзге тұлғаларға қайта беруіне тыйым салынады.»;
5) 21-бапта:
3-тармақтағы «4 және 5-тармақтарында» деген сөздер «4, 5, 5-1 және 6-тармақтарында» деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақта:
1) тармақшадағы «анықтау және алдын ала тергеу органдарына:» деген сөздер «қылмыстық қудалау функциясын жүзеге асыратын мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдарға:» деген сөздермен ауыстырылсын;
7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«7) оңалту және банкроттық саласындағы уәкілетті органға: өзі жөнінде соттың банкрот деп тану туралы заңды күшіне енген шешімі бар тұлғаға қатысты, банкроттық және (немесе) оңалту туралы іс қозғалғанға дейін бес жыл ішіндегі кезең үшін прокурордың санкциясымен беріледі.»;
мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:
«5-1. Микрокредит беру құпиясы банк омбудсманына оның қарауында жатқан, қарыз алушылардың - жеке тұлғалардың өзі бойынша құқық (талап ету) осы Заңның 9-1-бабының 4 және 5-тармақтарында көрсетiлген тұлғаға берілген микрокредит беру туралы шарттан туындайтын келіспеушіліктерді реттеу жөніндегі жүгінулері бойынша ашылуы мүмкін.»;
6-тармақта:
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) микроқаржы ұйымдарының негізгі борыш және (немесе) есепке жазылған сыйақы бойынша мерзімі өткен берешегі бар микрокредитке байланысты ақпаратты осы Заңның 9-1-бабының 4 және 5-тармақтарында көрсетілген тұлғаларға беруі;»;
мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
«3) микроқаржы ұйымдарының коллекторлық агенттікке осы коллекторлық агенттікпен берешекті өндіріп алу туралы жасасқан шарт шеңберінде микрокредит жөнінде ақпарат беруі микрокредит беру құпиясының ашылуы болып табылмайды.».
6) 28-баптың 1-тармағының бірінші бөлігіндегі «осы Заңның» деген сөздер «Қазақстан Республикасы заңдарының» деген сөздермен ауыстырылсын.
9. «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 9, 51-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 2, 3-құжат; № 8, 45-құжат; № 9, 46-құжат; № 11, 57-құжат; № 16, 79-құжат; № 19-II, 103-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 21-I, 128-құжат; № 21-III, 135-құжат; № 22-II, 144, 145-құжаттар; № 22-V, 156, 158-құжаттар; № 22-VI, 159-құжат; № 23-I, 169-құжат; 2016 ж., № 1, 2, 4-құжаттар; № 6, 45-құжат; № 7-I, 50-құжат; № 7-II, 53-құжат; № 8-I, 62-құжат; № 8-II, 68-құжат; № 12, 87-құжат; 2017 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4, 7-құжат):
2-қосымша мынадай мазмұндағы 29-1-жолмен толықтырылсын:
«
29-1. | Коллек-торлық агенттіктерді есептік тіркеу | Коллекторлық агенттіктің коллекторлық агенттіктер тізіліміне енгізілгені туралы хабарламасы | Мерзімсіз рұқсат; конкурс рәсімін қолдануға келмейді; рұқсат беру кезінде осы Заңның 25-бабы 3-тармағы бірінші бөлігінің және 26-бабы 1, 2-тармақтарының күші қолданылмайды |
».
10-тармақ 2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізіледі
10. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне екінші деңгейдегі банктердің жұмыс істемейтін кредиттері мен активтері, қаржылық қызметтер көрсету және қаржы ұйымдары мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 22-VI, 159-құжат; 2016 ж., № 12, 87-құжат):
1-баптың 10-тармағында:
6) тармақшаның он сегізінші абзацы «қаржы ұйымдарын,» деген сөздерден кейін «кредиттік бюроларды, микроқаржы ұйымдары мен коллекторлық агенттіктерді,» деген сөздермен толықтырылсын;
10) тармақшаның жетінші абзацы «микроқаржы ұйымдарының,» деген сөздерден кейін «коллекторлық агенттіктердің,» деген сөздермен толықтырылсын.
11. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу және кедендік әкімшілендіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2016 жылғы 30 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2016 ж., № 22, 116-құжат):
1-бапта:
2-тармақтың 136) тармақшасының бесінші абзацы «уәкілетті орган» деген сөздерден кейін «Апелляциялық комиссияның шешімін ескере отырып,» деген сөздермен толықтырылсын;
3-тармақтың 18) тармақшасының жиырма алтыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Шағымды қарау аяқталғаннан кейін кеден ісі саласындағы уәкілетті орган Апелляциялық комиссияның шешімін ескере отырып, жазбаша нысанда уәжді шешім шығарады.».
2-бап.
1. Осы Заң, мыналарды:
1) 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-бабының 7-тармағын;
2) 2017 жылғы 1 қазаннан бастап қолданысқа енгізілетін 1-бабының 5-тармағы 2) тармақшасының жиырма бірінші абзацын, 4) тармақшасын, 8-тармағы 4) тармақшасының төртінші абзацын;
3) 2020 жылғы 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілетін 1-бабының 10-тармағын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
2. Осы Заңның 1-бабының 5-тармағы 2) тармақшасының жиырма бірінші абзацын және 8-тармағының 4) тармақшасы төртінші абзацының талаптары 2017 жылғы 1 қазаннан бастап жасасылған банктік қарыз шарттарына немесе микрокредит беру туралы шарттарға қолданылады деп белгіленсін.
3. Осы Заңның 1-бабының 5-тармағы 4) тармақшасының талабы 2017 жылғы 1 қазанға дейін жасасылған банктік қарыз шарттарына қолданылмайды деп белгіленсін.
4. Банктер, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар, микроқаржы ұйымдары осы Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап алты ай ішінде нысанасы «Коллекторлық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңында айқындалған коллекторлық қызметтің белгілеріне сәйкес келетін қызметтерді көрсету болып табылатын, жеке және (немесе) заңды тұлғалармен жасасылған шарттарды бұзуға міндетті.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген талап орындалмаған жағдайда, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі банкке, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға, микроқаржы ұйымына Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген ықпал ету шаралары мен санкцияларды қолдануға құқылы.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Н. НАЗАРБАЕВ
Астана, Ақорда, 2017 мамырдың 6-ы.
№ 63-VІ