ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
ЗАҢЫ
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне коллекторлық қызмет мәселелері бойынша
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Осы редакция 2019 жылғы 3 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
1. 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2014 ж., № 13-I, 13-II, 83-құжат; № 21, 122-құжат; 2015 ж., № 16, 79-құжат; № 21-III, 137-құжат; № 22-I, 140-құжат; № 22-III, 149-құжат; № 22-V, 156-құжат; № 22-VI, 159-құжат; 2016 ж., № 7-II, 55-құжат; № 8-II, 67-құжат; № 12, 87-құжат; № 23, 118-құжат; № 24, 126-құжат):
1) мазмұнында 214 және 223-баптардың тақырыптары мынадай редакцияда жазылсын:
«214-бап. Заңсыз кәсiпкерлiк, заңсыз банктік немесе коллекторлық қызмет»;
«223-бап. Коммерциялық не банктiк құпияны, микрокредит беру құпиясын, коллекторлық қызмет құпиясын құрайтын мәлiметтердi, сондай-ақ мүлiктi жария етумен байланысты ақпаратты заңсыз алу, жария ету немесе пайдалану»;
2) 214-бапта:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«214-бап. Заңсыз кәсiпкерлiк, заңсыз банктік немесе коллекторлық қызмет»;
бірінші бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Кәсiпкерлiк қызметті, банктік қызметтi (банк операцияларын) немесе коллекторлық қызметті тiркеусіз, сол сияқты осындай қызмет үшін міндетті лицензиясыз не Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасын бұза отырып жүзеге асыру, сол сияқты кәсіпкерлік қызметтің тыйым салынған түрлерімен айналысу, егер бұл іс-әрекеттер азаматқа, ұйымға немесе мемлекетке ірі залал келтірсе не ірі мөлшерде кіріс алумен немесе акцизделетін тауарларды айтарлықтай мөлшерде өндірумен, сақтаумен, тасымалдаумен не өткізумен ұштасса, -»;
3) 223-бапта:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«223-бап. Коммерциялық не банктiк құпияны, микрокредит беру құпиясын, коллекторлық қызмет құпиясын құрайтын мәлiметтердi, сондай-ақ мүлiктi жария етумен байланысты ақпаратты заңсыз алу, жария ету немесе пайдалану»;
бірінші бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Коммерциялық немесе банктік құпияны, микрокредит беру құпиясын, коллекторлық қызмет құпиясын құрайтын мәлiметтердi, сондай-ақ мүлiктi жария ету рәсімін өткізуге байланысты ақпаратты құжаттарды ұрлау, коммерциялық немесе банктік құпияны, микрокредит беру құпиясын, коллекторлық қызмет құпиясын бiлетiн адамдарды немесе олардың жақындарын параға сатып алу немесе оларды қорқыту, байланыс құралдарында ұстап алу, компьютерлiк жүйеге немесе желiге заңсыз кiру, арнайы техникалық құралдарды пайдалану арқылы, сол сияқты бұл мәлiметтердi жария ету не заңсыз пайдалану мақсатында өзге де заңсыз тәсiлмен жинау -»;
екінші бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Өзіне коммерциялық немесе банктік құпияны, микрокредит беру құпиясын, коллекторлық қызмет құпиясын құрайтын мәлiметтер қызметі немесе жұмысы бойынша сенiп тапсырылған адамның оларды иеленушісінiң келiсiмiнсiз, пайдакүнемдiк немесе өзге де жеке басының мүддесiнде жасаған және ірі залал келтірген заңсыз жария етуі немесе пайдалануы -».
2. 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 18-I, 18-II, 92-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; № 24, 145, 146-құжаттар; 2015 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 6-құжат; № 7, 33-құжат; № 8, 44, 45-құжаттар; № 9, 46-құжат; № 10, 50-құжат; № 11, 52-құжат; № 14, 71-құжат; № 15, 78-құжат; № 16, 79-құжат; № 19-I, 101-құжат; № 19-II, 102, 103, 105-құжаттар; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 115-құжат; № 21-I, 124, 125-құжаттар; № 21-II, 130-құжат; № 21-III, 137-құжат; № 22-I, 140, 141, 143-құжаттар; № 22-II, 144, 145, 148-құжаттар; № 22-III, 149-құжат; № 22-V, 152, 156, 158-құжаттар; № 22-VI, 159-құжат; № 22-VII, 161-құжат; № 23-I, 166, 169-құжаттар; № 23-II, 172-құжат; 2016 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 9-құжат; № 6, 45-құжат; № 7-I, 49, 50-құжаттар; № 7-II, 53, 57-құжаттар; № 8-I, 62, 65-құжаттар; № 8-II, 66, 67, 68, 70, 72-құжаттар; № 12, 87-құжат; № 22, 116-құжат; № 23, 118-құжат; № 24, 124, 126, 131-құжаттар; 2017 ж., № 1-2, 3-құжат):
1) мазмұны мынадай мазмұндағы 211-1 және 211-2-баптардың тақырыптарымен толықтырылсын:
«211-1-бап. Қазақстан Республикасының коллекторлық қызмет туралы заңнамасының талаптарын бұзу
211-2-бап. Қазақстан Республикасының заңнамасында кредитордың қарыз алушымен өзара қатынастарына қойылатын талаптар мен шектеулерді банктік қарыз шарты немесе микрокредит беру туралы шарт бойынша құқық (талап ету) берілген тұлғаның бұзуы»;
2) 47-бап мынадай мазмұндағы алтыншы бөлікпен толықтырылсын:
«6. Коллекторлық агенттіктердің тізілімінен шығаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі «Коллекторлық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген негіздер бойынша және тәртіппен жүзеге асырады.»;
3) 211-бапта:
бесінші бөліктің бірінші абзацы «Микроқаржы ұйымдарының», «микроқаржы ұйымының» деген сөздерден кейін тиісінше «, микрокредит беру туралы шарт бойынша құқық (талап ету) берілген тұлғалардың», «микрокредит беру туралы шарт бойынша құқық (талап ету) берілген тұлғаның» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы жетінші бөлікпен толықтырылсын:
«7. Микроқаржы ұйымының, микрокредит беру туралы шарт бойынша құқық (талап ету) берілген тұлғаның микрокредит беру туралы шарт бойынша қамтамасыз ету болып табылатын мүлікке құқық белгілеуші құжаттардың түпнұсқаларын жоғалтуы -
бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.»;
мынадай мазмұндағы ескертпемен толықтырылсын:
«Ескертпе. Осы баптың бесінші және жетінші бөліктерінің мақсаттары үшін микрокредит беру туралы шарт бойынша құқық (талап ету) берілген тұлға деп коллекторлық агенттік, микроқаржы ұйымы, секьюритилендiру мәмілесі кезінде Қазақстан Республикасының жобалық қаржыландыру және секьюритилендiру туралы заңнамасына сәйкес құрылған арнайы қаржы компаниясы түсініледі.»;
4) мынадай мазмұндағы 211-1 және 211-2-баптармен толықтырылсын:
«211-1-бап. Қазақстан Республикасының коллекторлық қызмет туралы заңнамасының талаптарын бұзу
1. Коллекторлық агенттіктің мынадай жосықсыз әрекеттер жасауы, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса:
1) борышкермен және (немесе) оның өкілімен және (немесе) үшінші тұлғамен өзара іс-қимылдың «Коллекторлық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделмеген өзге де тәсілдерін пайдалануы;
2) кредиторға тиісті шарт шеңберінде коллекторлық қызмет бойынша қызметтер көрсету кезінде борышкерден берешекті өтеу есебінен ақшаны (қолма-қол немесе қолма-қол емес нысанда), сондай-ақ өзге де мүлікті қабылдауы;
3) кредиторға тиісті шарт шеңберінде коллекторлық қызмет бойынша қызметтер көрсету кезінде берешекті ақшадан басқа, өзге де мүлікпен өтеуді талап етуі;
4) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, кредитордан және (немесе) оның өкілінен және (немесе) үшінші тұлғалардан алынған коммерциялық немесе Қазақстан Республикасының заңдарымен қорғалатын өзге де құпияны жария етуі -
шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне - бір жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - екі жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне үш жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.
2. «Коллекторлық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жосықсыз әрекеттерді қоспағанда, коллекторлық агенттіктің коллекторлық қызметті жүзеге асыру қағидаларын бұзуы -
шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне - елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - бір жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.
3. Коллекторлық агенттіктің Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне Қазақстан Республикасының коллекторлық қызмет туралы заңнамасына сәйкес талап етілетін ақпаратты бермеуі, сол сияқты бірнеше рет (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде екі және одан да көп рет) уақтылы бермеуі не коллекторлық агенттіктің Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне Қазақстан Республикасының коллекторлық қызмет туралы заңнамасына сәйкес ұсынылуы талап етілетін мәліметтерді қамтымайтын ақпарат беруі не сұратылатын өзге ақпаратты бермеуі, сол сияқты бірнеше рет (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде екі және одан да көп рет) уақтылы бермеуі не анық емес ақпарат не көрінеу анық емес мәліметтер беруі -
шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне - бір жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - бір жүз елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.
211-2-бап. Қазақстан Республикасының заңнамасында кредитордың қарыз алушымен өзара қатынастарына қойылатын талаптар мен шектеулерді банктік қарыз шарты немесе микрокредит беру туралы шарт бойынша құқық (талап ету) берілген тұлғаның бұзуы
1. Банктік қарыз шартының немесе микрокредит беру туралы шарттың талаптарын Қазақстан Республикасының банктік заңнамасында не Қазақстан Республикасының микроқаржы ұйымдары туралы заңнамасында көзделген талаптарды сақтамай өзгерту -
бір жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2. Жеке тұлғамен жасасылған банктік қарыз шарты немесе микрокредит беру туралы шарт бойынша құқық (талап ету) берілген тұлғаның оны «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» және «Микроқаржы ұйымдары туралы» Қазақстан Республикасының заңдарында көзделмеген өзге де тұлғаларға қайта беруі -
бір жүз елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.
3. Талап ету құқығын басқаға беру шарты бойынша кредитордың құқықтары (талап етулері) өткен кезде борышкерден банктік қарыз шартында немесе микрокредит беру туралы шартта көзделмеген комиссиялар мен төлемдер алу -
бір жүз елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.
Ескертпелер.
1. Осы баптың мақсаттары үшін банктік қарыз шарты бойынша құқық (талап ету) берілген тұлға деп коллекторлық агенттік, банк, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым, бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін сатып алатын банктің еншілес ұйымы, екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын ұйым, секьюритилендіру мәмілесі кезінде Қазақстан Республикасының жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру туралы заңнамасына сәйкес құрылған арнайы қаржы компаниясы түсініледі.
2. Осы баптың мақсаттары үшін микрокредит беру туралы шарт бойынша құқық (талап ету) берілген тұлға деп коллекторлық агенттік, микроқаржы ұйымы, секьюритилендіру мәмілесі кезінде Қазақстан Республикасының жобалық қаржыландыру және секьюритилендiру туралы заңнамасына сәйкес құрылған арнайы қаржы компаниясы түсініледі.»;
5) 212-бап мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:
«4. Коллекторлық агенттіктердің Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнің нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес ұсынылуы талап етiлетiн есептілікті ұсынбауы, сол сияқты бiрнеше рет (қатарынан күнтiзбелiк он екi ай iшiнде екi және одан да көп рет) уақтылы ұсынбауы немесе көрінеу анық емес есептілікті ұсынуы -
бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.»;
6) 213-бапта:
оныншы, он екінші және он үшінші бөліктердің бірінші абзацтары «ұйымдардың» деген сөздерден кейін «, банктік қарыз шарты бойынша құқық (талап ету) берілген тұлғалардың» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы он төртінші бөлікпен толықтырылсын:
«14. Банктiң, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымның, банктік қарыз шарты бойынша құқық (талап ету) берілген тұлғаның банктік қарыз шарты бойынша қамтамасыз ету болып табылатын мүлікке құқық белгілеуші құжаттардың түпнұсқаларын жоғалтуы -
бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.»;
мынадай мазмұндағы ескертпемен толықтырылсын:
«Ескертпе. Осы баптың оныншы, он екінші, он үшінші және он төртінші бөліктерінің мақсаттары үшін банктік қарыз шарты бойынша құқық (талап ету) берілген тұлға деп коллекторлық агенттік, банк, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым, бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін сатып алатын банктің еншілес ұйымы, екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын ұйым, секьюритилендіру мәмілесі кезінде Қазақстан Республикасының жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру туралы заңнамасына сәйкес құрылған арнайы қаржы компаниясы түсініледі.»;
7) 227-бап мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:
«4. Коллекторлық агенттіктің өзi қабылдаған және (немесе) оған Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi шектеулi ықпал ету шараларын қолдану арқылы жүктеген мiндеттердi орындамауы, уақтылы орындамауы -
бір жүз елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.».
8) 724-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi осы Кодекстiң 91 (бірінші, екінші, үшінші, бесінші, тоғызыншы, оныншы, он бірінші және он екінші бөліктерінде), 186, 206, 208, 210, 211 (екінші, үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы және жетінші бөліктерінде), 211-1, 211-2, 212, 213, 215, 217, 218, 220, 222, 223, 224, 225, 226, 227, 228 (бірінші, екінші, төртінші, бесінші, алтыншы, сегізінші, тоғызыншы, оныншы, он бірінші, он екінші, он үшінші, он төртінші, он бесінші, он алтыншы, он жетінші, он сегізінші, он тоғызыншы және жиырмасыншы бөліктерінде), 229, 230 (бірінші, үшінші және төртінші бөліктерінде), 231, 232, 239 (үшінші және төртінші бөліктерінде), 242, 243, 244, 247 (төртінші және сегізінші бөліктерінде), 252 (бірінші, үшінші және төртінші бөліктерінде), 253, 254, 255, 256, 257, 258, 259, 260, 261, 262, 263, 264, 265, 286, 464 (бірінші бөлігінде), 497 (жиналуы өзінің құзыретiне кіретін бастапқы статистикалық деректер бөлiгiнде)-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.»;
9) 806-баптың алтыншы бөлігіндегі «227 (бірінші және екінші бөліктерінде)» деген сөздер «227 (бірінші, екінші және төртінші бөліктерінде)» деген сөздермен ауыстырылсын.
3. 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 20-II, 20-III, 112-құжат; 2016 ж., № 1, 4-құжат; № 6, 45-құжат; № 7-II, 55-құжат; № 8-I, 62, 65-құжаттар; № 8-II, 72-құжат; № 12, 87-құжат; № 23, 118-құжат; № 24, 124, 126-құжаттар):
138-бап мынадай мазмұндағы 60-1) тармақшамен толықтырылсын:
«60-1) коллекторлық агенттіктердің қызметіне;».
4. «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 3-4, 23-құжат; № 12, 88-құжат; № 15-16, 100-құжат; № 23, 141-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 2, 184-құжат; № 11-12, 262-құжат; № 19, 370-құжат; 1997 ж., № 13-14, 205-құжат; № 22, 333-құжат; 1998 ж., № 11-12, 176-құжат; 1999 ж., № 20, 727-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 8, 52-құжат; № 10, 123-құжат; 2003 ж., № 15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., № 11-12, 66-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 14, 55-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 4, 24-құжат; № 13, 86-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20-құжат; № 4, 33-құжат; 2009 ж., № 8, 44-құжат; № 13-14, 63-құжат; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 116-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 6-құжат; № 2, 14-құжат; № 13, 91-құжат; № 20, 121-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; 2014 ж., № 10, 52-құжат; № 11, 61-құжат; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 45-құжат; № 22-II, 148-құжат; № 22-VI, 159-құжат; 2016 ж., № 1, 4-құжат; № 6, 45-құжат; № 12, 87-құжат; 2017 ж., № 6, 11-құжат):
1) 15-баптың екінші бөлігінде:
мынадай мазмұндағы 65-1) тармақшамен толықтырылсын:
«65-1) коллекторлық агенттіктің есептілікті ұсыну мерзімдерін, тәртібін, сондай-ақ нысанын;»;
69) тармақша «қаржы ұйымдарын» деген сөздерден кейін «, кредиттік бюроларды, микроқаржы ұйымдарын және коллекторлық агенттіктерді» деген сөздермен толықтырылсын;
2) 20-4-баптың 4-тармағының бірінші абзацы «микроқаржы ұйымдарының,» деген сөздерден кейін «коллекторлық агенттіктердің,» деген сөздермен толықтырылсын;
3) 61-бапта:
1-тармақ «микроқаржы ұйымдары» деген сөздерден кейін «, коллекторлық қызмет» деген сөздермен толықтырылсын;
3-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Қазақстан Ұлттық Банкі коллекторлық агенттіктердің қызметін бақылауды ұйымдастырылу және жүргізілу тәртібі Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінде айқындалатын тексеру нысанында немесе осы Заңға сәйкес бақылау мен қадағалаудың өзге де нысандарында жүзеге асырады.»;
4) 62-5-бап 20) тармақшасындағы «жүргізу жолымен жүзеге асырады.» деген сөздер «жүргізу;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 21) тармақшамен толықтырылсын:
«21) Қазақстан Республикасының коллекторлық қызмет туралы заңнамасы талаптарының сақталуы тұрғысында коллекторлық агенттіктердің қызметін талдау, сондай-ақ «Коллекторлық қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес коллекторлық агенттік ұсынған мәліметтерді, құжаттарды және аудио- және (немесе) бейнежазба материалдарын (болған кезде) талдау жолымен жүзеге асырады.».
5. «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., № 15-16, 106-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 2, 184-құжат; № 15, 281-құжат; № 19, 370-құжат; 1997 ж., № 5, 58-құжат; № 13-14, 205-құжат; № 22, 333-құжат; 1998 ж., № 11-12, 176-құжат; № 17-18, 224-құжат; 1999 ж., № 20, 727-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 8, 52-құжат; № 9, 86-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 5, 31-құжат; № 10, 51-құжат; № 11, 56, 67-құжаттар; № 15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., № 11-12, 66-құжат; № 15, 86-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 140-құжат; 2005 ж., № 7-8, 24-құжат; № 14, 55, 58-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 11, 55-құжат; № 16, 99-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 4, 28, 33-құжаттар; 2008 ж., № 17-18, 72-құжат; № 20, 88-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18, 21-құжаттар; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; № 17-18, 111-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 116-құжат; № 14, 117-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 15-құжат; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 13, 91-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; № 15, 76-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 6, 27-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 61-құжат; № 12, 82-құжат; № 19-I, 19-II, 94, 96-құжаттар; № 21, 122-құжат; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 45-құжат; № 13, 68-құжат; № 15, 78-құжат; № 16, 79-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 115-құжат; № 21-II, 130-құжат; № 21-III, 137-құжат; № 22-I, 140, 143-құжаттар; № 22-III, 149-құжат; № 22-V, 156-құжат; № 22-VI, 159-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 7-II, 55-құжат; № 8-I, 65-құжат; № 12, 87-құжат; № 22, 116-құжат; № 24, 126-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат):
1) 34-бап мынадай мазмұндағы 14-тармақпен толықтырылсын:
«14. Банк, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым банктік қарыз шарты бойынша құқықты (талап етуді) үшінші тұлғаға берген кезде, қарыз алушының құқық (талап ету) берілген үшінші тұлғамен құқықтық қатынастарына Қазақстан Республикасының заңнамасында кредитордың қарыз алушымен банктік қарыз шарты шеңберіндегі өзара қатынастарына қойылатын талаптар мен шектеулердің күші қолданылады.
Өзіне құқық (талап ету) берілген үшінші тұлғаның Қазақстан Республикасының заңнамасында кредитордың қарыз алушымен банктік қарыз шарты шеңберіндегі өзара қатынастарына қойылатын талаптар мен шектеулерді бұзуы Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа алып келеді.»;
2) 36-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Банктік қарыз шарты бойынша міндеттемелерді орындау мерзімінің өтуі болған кезде, бірақ ол басталған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей, банк (банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым) банктік қарыз шартында көзделген тәсілмен және мерзімдерде қарыз алушыны:
1) мерзімі өткен берешектің мөлшерін көрсете отырып, банктік қарыз шарты бойынша төлемдерді енгізу қажеттігі;
2) қарыз алушының банктік қарыз шарты бойынша өз міндеттемелерін орындамауының салдарлары туралы хабардар етуге міндетті.
Банк (банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым) қарыз алушыны хабардар ету үшін коллекторлық агенттікті тартуға құқылы.»;
мынадай мазмұндағы 1-1, 1-2 және 2-1-тармақтармен толықтырылсын:
«1-1. Міндеттемелерді орындау мерзімінің өтуі басталған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде қарыз алушы - жеке тұлға банкке (банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға) баруға және өзінің банктік қарыз шартының талаптарына, оның ішінде:
1) банктік қарыз шарты бойынша сыйақы мөлшерлемесін азайту жағына қарай өзгертуге;
2) шетел валютасымен берілген банктік қарыз бойынша негізгі борыштың қалдық сомасының валютасын ұлттық валютаға өзгертуге;
3) негізгі борыш және (немесе) сыйақы бойынша төлем мерзімін кейінге қалдыруға;
4) берешекті өтеу әдісін немесе берешекті өтеу кезектілігін, оның ішінде негізгі борышты басым тәртіппен өтей отырып өзгертуге;
5) банктік қарыз шартының қолданылу мерзімін өзгертуге;
6) мерзімі өткен негізгі борышты және (немесе) сыйақыны кешіруге, тұрақсыздық айыбының (айыппұлдың, өсімпұлдың) күшін жоюға байланысты өзгерістер енгізу туралы өтінішін негіздейтін банктік қарыз шарты бойынша міндеттемелерді орындаудың мерзімі өтуінің туындау себептері, кірістер және басқа да расталған мән-жайлар (фактілер) туралы жазбаша өтініш ұсынуға құқылы.
1-2. Банк (банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым) қарыз алушының жазбаша өтінішін алған күннен кейін күнтізбелік он бес күн ішінде банктік қарыз шартының талаптарына ұсынылған өзгерістерді қарайды және қарыз алушыға:
1) банктік қарыз шартының талаптарына ұсынылған өзгерістермен келісетіні;
2) банктік қарыз шартының талаптарын өзгерту бойынша өзінің ұсыныстары;
3) банктік қарыз шартының талаптарын өзгертуден бас тарту себептерінің уәжді негіздемесін көрсете отырып, осындай бас тарту туралы жазбаша нысанда хабарлайды.»;
«2-1. Қарыз алушы осы баптың 1-1-тармағында көзделген құқықты іске асырмаған, сондай-ақ осы баптың 1-тармағында көрсетілген хабарламадан туындайтын талаптар қанағаттандырылмаған не қарыз алушы мен банк (банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым) арасында банктік қарыз шартының талаптарын өзгертуге келісім болмаған жағдайларда, банк (банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым) осы баптың 2-тармағында көзделген шаралардан басқа:
1) берешекті сотқа дейін өндіріп алу және реттеу үшін коллекторлық агенттікке беруге құқылы.
5-тармақтың 2) тармақшасының жиырма бірінші абзацы 2017 ж. 1 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді
Банктік қарыз шартында қарыз алушы банктік қарыз шарты бойынша міндеттемелерді орындау мерзімінің өтуіне жол берген жағдайда банктің (банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның) коллекторлық агенттікті тартуға құқығы болған кезде, берешекті сотқа дейінгі өндіріп алу және реттеу үшін коллекторлық агенттікке беруге жол беріледі.
Берешек коллекторлық агенттікте сотқа дейін өндіріп алуда және реттеуде болған кезеңде банк (банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым):
сотқа берешекті өндіріп алу туралы талап қойып жүгінуге;
берешек коллекторлық агенттікте жұмыста болған кезеңде есепке жазылған сыйақыны төлеуді талап етуге, сондай-ақ негізгі борышты және сыйақыны уақтылы өтемегені үшін көрсетілген кезеңге тұрақсыздық айыбын (айыппұлды, өсімпұлды) есепке жазуға құқылы емес;
2) қарыз алушыда банктік қарыз шарты бойынша - қатарынан күнтізбелік тоқсан күннен асатын, жеке тұлғаға берілген ипотекалық қарыз бойынша қатарынан күнтізбелік бір жүз сексен күннен асатын міндеттемелерді орындау мерзімінің өтуі болған кезде, банктік қарыз шарты бойынша құқықты (талап етуді) осы Заңның 36-1-бабының 3 және 4-тармақтарында көрсетілген тұлғаға беруге құқылы емес.».