4. Мерзімді қалпына келтіру туралы өтініш берумен қатар ол бойынша мерзімі өткізіліп алынған қажетті іс жүргізу әрекеттері жасалуға (құқық қорғау туралы талап қойылуға, шағым берілуге, құжаттар табыс етілуге және т.б.) тиіс.
4-1. Осы баптың үшінші бөлігінде көрсетілген сот өзінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау бойынша процеске қатысушының мүмкіндігін шектеген заңды бұзушылық кезінде (сот отырысының хаттамасын уақтылы жасамау, сот ісін жүргізу тілін білмейтін іске қатысушы адамға сот актісінің аудармасы жоқ көшірмесін табыс ету, сот актісінің қарар бөлігінде шағымдану мерзімін дәл көрсетпеулер), сондай-ақ оған уақытында шағым немесе наразылық келтіруге объективті түрде кедергі жасаған өзге де мән-жайлар болған кезде апелляциялық (жеке) шағым берудің, наразылық келтірудің өтіп кеткен мерзімін қалпына келтіруге міндетті.
5. Соттың өткізіліп алынған іс жүргізу мерзімін ұзартудан және қалпына келтіруден бас тарту туралы ұйғарымына жеке шағым берілуі және наразылық келтірілуі мүмкін.
11-тарау. Сот хабарлаулары мен шақырулары
2012.17.02. № 565-ІV ҚР Заңымен (2012 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.17.11. № 254-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 129-бап өзгертілді
129-бап. Соттың хабарлаулары мен шақырулары
1. Сотқа қатысушы адамдар, олардың өкілдері, сондай-ақ куәлар, сарапшылар, мамандар және аудармашылар сот отырысының немесе жекелеген іс жүргізу әрекеттерін жасаудың уақыты мен орны туралы хабарландырылады және соттың шақыру қағаздарымен сотқа шақырылады.
2. Іске қатысатын адамдар, куәлар, сарапшылар, мамандар және аудармашылар да тапсырылғаны туралы хабарламасы бар тапсырыс хат, телефонограмма немесе жеделхат арқылы не хабарлаудың немесе шақырудың тіркелуін қамтамасыз ететін өзге де байланыс құралдары пайдаланыла отырып хабарландырылуы немесе шақырылуы мүмкін.
3. Хабарлаулар мен шақырулар хабарландырылған немесе шақырылған адамның сотқа уақтылы келуі және іске даярлануы үшін жеткілікті мерзімі болуы есептеле отырып жолдануға тиіс.
4. Хабарлау немесе шақыру хабарландырылатын немесе шақырылатын адамға тарап немесе іске қатысатын басқа да адам көрсеткен мекенжай, ұялы байланыстың абоненттік нөмірі немесе электрондық мекенжай бойынша жіберіледі. Егер сотқа хабарланған мекенжай бойынша азамат іс жүзінде тұрмайтын болса, хабарлау немесе шақыру оның жұмыс орнына жіберілуі мүмкін. Ұйымға арналған хабарлау немесе шақыру оның орналасқан жеріне жіберіледі.
5. Егер тарап хабарлаудың оған түспегенін не кеш түскенін дәлелдемесе, тарапты тиісінше хабардар ету - тараптың көрсетілген мекенжай бойынша тұратын отбасының кәмелетке толған мүшелерінің бірі алған, тапсырылғаны туралы хабарламасы бар тапсырыс хатпен жіберілген хабарлама, телефонограмма немесе жеделхат, сондай-ақ ұялы байланыстың абоненттік нөмірі немесе электрондық мекенжай бойынша не хабарлаудың немесе шақырудың тіркелуін қамтамасыз ететін өзге де байланыс құралдары пайдаланыла отырып, мәтіндік хабарламаның жеткізілгенін растайтын есеп.
2012.17.02. № 565-ІV ҚР Заңымен 130-бап өзгертілді (2012 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
130-бап. Шақыру қағазының немесе өзге де хабарлаудың, шақырудың мазмұны
1. Шақыру қағазында немесе өзге де хабарлауда, шақыруда мыналар болуға тиіс:
1) сотқа хабарланатын немесе шақырылатын адамды көрсету (тегі, аты, әкесінің аты және олар жолданатын адамның тұрғылықты жері не ұйымның атауы мен орналасқан жері);
2) соттың атауы мен нақты мекен-жайы;
3) келетін жері мен уақыты;
4) адресатқа хабарлау немесе оны шақыру жүргізілетін істің атауы;
5) адресат кім ретінде хабарланып немесе шақырылып отырғандығын көрсету;
6) іске қатысушы тұлғаларға іс бойынша оларда бар барлық дәлелдемелерді табыс етуді ұсыну;
7) адресаттың болмауына байланысты шақыру қағазын немесе өзге де хабарламаны, шақыруды алған адамның оны алғашқы мүмкіндік болған кезде адресатқа тапсыруға міндеттілігін көрсету;
8) хабарланатын немесе шақырылатын адамның сотқа келмей қалу салдарын және оның келмеу себебін сотқа хабарлауға міндетті екенін көрсету;
9) шақыру қағазын немесе өзге де хабарлауды, шақыруды жіберуші адамның қолы. Хабарлау немесе шақыру туралы телефонограмма жіберген адам оны кімге және қай уақытта бергендігін көрсете отырып өзінің қол қоюымен куәландыруы тиіс.
2. 2014.17.11. № 254-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
3. Ұялы байланыстың абоненттік нөмірі немесе электрондық мекенжай бойынша жіберілетін хабарламада:
1) хабардар етілетін немесе сотқа шақырылатын адамды көрсету (хабарлама жолданатын адамның тегі, аты, әкесінің аты не ұйымның атауы);
2) соттың атауы мен нақты мекенжайы;
3) келетін жері мен уақытын көрсету;
4) адресатқа хабарлау немесе оны шақыру жүргізілетін істің қысқаша атауы;
5) адресат кім ретінде хабарланып немесе шақырылып отырғандығын көрсету;
6) хабарлама жіберген адамның тегі мен аты қамтылуға тиіс.
Хабарламаның жіберілгендігін растайтын құжат істің материалдарына қоса тіркеледі.
131-бап. Шақыру қағазын жеткізу
1. Шақыру қағаздары хабардар етіліп, тапсырысты хатпен почта арқылы жеткізіледі немесе мұны судья тапсырған адамдар жеткізеді. Шақыру қағазын адресатқа тапсыру уақыты шақыру қағазының сотқа қайтарылуға тиісті түбіршегінде белгіленеді.
2. Сот іске қатысушы адамның келісімімен оның қолына хабарланатын немесе іс бойынша шақырылатын адамға тапсыру үшін шақыру қағазын беруі мүмкін.
3. Шақыру қағазын жеткізу тапсырылған адам оны тапсырған күні көрсетілген және адресаттың шақыру қағазын алғандығы жөнінде қолы қойылған шақыру қағазының түбіршегін сотқа қайтаруға міндетті.
132-бап. Шақыру қағазын тапсыру
1. Шақыру қағазы жіберілген азаматқа табыс етіліп, сотқа қайтарылуға тиісті түбіршегіне оның өз қолы қойылады. Ұйымға жіберілген шақыру қағазы оның өкіліне немесе басқару қызметін атқаратын тиісті адамға табыс етіледі, ол шақыру қағазының түбіршегіне оны алғандығы жөнінде өзінің қызметін, тегін және аты-жөнін көрсетіп қол қояды.
2. Егер шақыру қағазын жеткізуші адам іс бойынша хабарланатын немесе шақырылатын азаматты тұрғылықты жерінен немесе жұмысынан таба алмаса, онда шақыру қағазы олардың келісімімен - онымен бірге тұратын отбасының ересек мүшелерінің біріне, ал олар болмаған жағдайда тұрғын үй-пайдалану ұйымына, жергілікті өзін-өзі басқару органына немесе адресаттың тұрғылықты жері бойынша тиісті атқарушы органға немесе оның жұмыс орнындағы әкімшілікке тапсырылады. Бұл жағдайларда шақыру қағазын қабылдап алған адам шақыру қағазының түбіршегіне өзінің тегін, атын, әкесінің атын, сондай-ақ адресатқа қатыстылығын немесе атқаратын қызметін көрсетуге міндетті. Шақыру қағазын қабылдап алған адам мүмкіндігінше кідіртпей шақыру қағазын адресатқа тапсыруға міндетті.
3. Адресат уақытша болмаған жағдайда, шақыру қағазын жеткізуші адам шақыру қағазының түбіршегіне адресаттың қайда кеткендігін және оның қашан қайтып келуі мүмкін екендігін белгілейді. Бұл мәліметтерді - тұрғын үй-пайдалану ұйымы, жергілікті өзін-өзі басқару органы немесе адресаттың тұрғылықты жері бойынша тиісті атқарушы орган немесе оның жұмыс орны бойынша әкімшілік, ал оларда бұл мәліметтер болмаған жағдайда онымен бірге тұратын отбасының ересек мүшелерінің бірі растауға және куәландыруға тиіс.
133-бап. Шақыру қағазын немесе өзге хабарлауды, шақыруды қабылдаудан бас тартудың салдары
1. Адресат шақыру қағазын немесе өзге хабарлауды, шақыруды қабылдаудан бас тартқан жағдайда оны жеткізуші немесе табыс етуші адам сотқа қайтарылатын шақыру қағазына немесе хабарлауға, шақыруға тиісті белгі соғады. Адресаттың шақыру қағазын немесе хабарлауды, шақыруды қабылдаудан бас тартуы туралы белгіні тұрғын үй-пайдалану ұйымы, жергілікті өзін-өзі басқару органы немесе шақырылған адамның тұрғылықты жері бойынша тиісті атқарушы орган немесе оның жұмыс орны бойынша әкімшілік куәландырады.
2. Шақырылған адамның шақыру қағазынан немесе өзге де хабарлаудан, шақырудан бас тартуы істі қарауға немесе жасалған жекелеген іс жүргізу әрекеттерін жасауға кедергі болмайды.
2012.17.02. № 565-ІV ҚР Заңымен 134-бап жаңа редакцияда (2012 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
134-бап. Іс бойынша іс жүргізу кезінде мекенжайды, ұялы байланыстың абоненттік нөмірін және электрондық мекенжайды ауыстыру
Іске қатысатын адамдар мен олардың өкілдері іс бойынша іс жүргізген уақытта сотқа өз мекенжайының, ұялы байланыстың абоненттік нөмірінің, электрондық мекенжайының ауысқаны туралы хабарлауға міндетті. Мұндай хабарлау болмаған жағдайда шақыру қағазы немесе өзге де хабарлау, шақыру сотқа белгілі соңғы мекенжай, ұялы байланыстың абоненттік нөмірі немесе электрондық мекенжайы бойынша жіберіледі және адресат бұл мекенжай бойынша енді тұрмаса да немесе болмаса да, ұялы байланыстың бұл абоненттік нөмірін немесе электрондық мекенжайды пайдаланбаса да, жеткізілді деп есептеледі.
ҚР 11.07.01 ж. № 238-II Заңымен; 2014.07.11. № 248-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 135-бап өзгертілді
135-бап. Жауапкер болған жердің белгісіздігі және оны іздестіру
1. Жауапкердің іс жүзінде болған жері белгісіз болған жағдайда тұрғын үй-пайдалану ұйымының, жергілікті өзін-өзі басқару органының, немесе жауапкердің соңғы белгілі тұрғылықты жері бойынша тиісті атқарушы органның немесе оның соңғы белгілі жұмыс орны бойынша әкімшіліктің шақыру қағазын немесе өзге де хабарлауды, шақыруды алғанын куәландыратын жазбамен олар сотқа келіп түскеннен кейін сот істі қарауға кіріседі.
2. Мемлекет мүдделеріне орай қойылған, сондай-ақ алименттерді өндіріп алу, асыраушысының жарақат алуымен немесе денсаулығының өзгедей зақымдануымен немесе қайтыс болуымен келтірілген зиянды өтеу туралы талап қоюлар бойынша жауапкердің тұрған жері белгісіз болған кезде сот жауапкерді ішкі істер органдары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет немесе экономикалық тергеу қызметі арқылы іздестіруді жариялауға міндетті. Соттың жауапкерді іздестіруді жариялауы істі қарауға кедергі болмайды.
Iздестiру іс-шаралары барысында жауапкердiң жүрген жерi анықталған кезде оған сотқа шақыру туралы соттың шақыру қағазы табыс етiледi.
3. Жауапкерді іздестіру жөніндегі шығыстарды өндіріп алу іздестіруді жүзеге асыратын органның өтініші бойынша сот бұйрығын беру арқылы жүргізіледі.
12-тарау ҚР 11.07.01 ж. № 238-II Заңымен алып тасталды
2-бөлім. Бірінші сатыдағы сотта іс жүргізу
1-бөлімше. Бұйрық арқылы іс жүргізу
13-тарау. Бұйрық арқылы іс жүргізу
ҚР 05.07.00 ж. № 75-II Заңымен 139-бап өзгертілді
139-бап. Сот бұйрығының негізінде берешекті өндіріп алу
1. Сот бұйрығы өндіріп алушының ақшалай сомаларды өндіріп алу немесе мүлікті борышкерді немесе өндіріп алушыны олардың түсіндірмелерін тыңдау үшін шақырмай-ақ және сотта іс қарамай-ақ, даусыз талаптар бойынша борышкерден талап ету туралы арызы бойынша шығарылған судьяның актісі болып табылады.
2. Сот бұйрығының мазмұны осы Кодекстің 146-бабымен белгіленеді.
3. Сот бұйрығының атқарушылық құжат күші болады. Ол бойынша өндіріп алу бұйрық берілгеннен кейін және сот шешімдерін атқару үшін белгіленген тәртіпте жүргізіледі.
ҚР 05.07.00 ж. № 75-II; 02.03.01 ж. № 162-II; 11.07.01 ж. № 238-II; 10.03.04 ж. № 532-II Заңдарымен ; 2011.22.07. № 479-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.07.11. № 248-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.17.11. № 254-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 140-бап өзгертілді
140-бап. Сот бұйрығы шығарылатын талаптар
Сот бұйрығы:
1) егер талап нотариатта куәландырылған мәмілеге негізделсе;
2) егер ақшаны өндіріп алу туралы талап орындалу мерзімі басталған шарттан туындайтын міндеттеменің орындалмауына негізделсе және міндеттеменің орындалмағанын борышкер жазбаша түрде мойындаса;
3) егер талап төленбеген вексельге, акцептің болмауына және нотариус жасаған акцептің күні белгіленбеуіне білдірілген наразылыққа негізделсе;
4) егер әкеліктің белгіленуіне немесе үшінші тұлғаларды тарту қажеттігіне қатысы жоқ, кәмелетке толмаған балалар үшін алименттерді өндіріп алу туралы талап мәлімделген болса;
5) егер азаматтардан және заңды тұлғалардан салықтар мен басқа да міндетті төлемдер бойынша бересіні өндіріп алу туралы талап мәлімделген болса;
6) егер қызметкерге аударылған, бірақ төленбеген жалақы мен өзге де төлемдерді өндіріп алу туралы талап мәлімделген болса;
7) егер жауапкерді немесе борышкерді іздестіруді жүзеге асыратын орган жауапкерді немесе борышкерді іздестіру жөніндегі шығыстарды өндіріп алу туралы талапты мәлімдеген болса;
7-1) егер Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес лизинг нысанасын даусыз талап ету туралы талап мәлiмделген болса;
10) егер кепіл беруші-борышкерге кепілге салынған затынан өндіріп алу туралы ломбардтың талабы мәлімдеген болса;
11) егер кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған міндетті шығыстарға қатысудан жалтарып жүрген үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелерінен берешекті өндіріп алу туралы, сондай-ақ жария шарттардың негізінде нақты тұтынылған көрсетілетін қызметтер (электрмен, газбен, жылумен, сумен жабдықтау, телефонның және Интернет желісінің, кәбілдік телевизияның көрсетілетін қызметтері, тұрмыстық қатты қалдықтарды тасып шығару) үшін берешекті өндіріп алу туралы талаптар бойынша талап мәлімделген болса;
12) егер берілген сомаларды индекстеу туралы талап мәлімделген болса;
13) егер келісімшарт бойынша әскери қызметшінің бастамасы бойынша келісімшарт мерзімінен бұрын дәлелді себептерсіз бұзылған жағдайда, әскери қызметті өткеру туралы келісімшартта көзделген біржолғы ақшалай сыйақыны өндіріп алу туралы талап мәлімделген болса;
14) егер шартта көзделген мерзім өткенге дейін өз еркімен қызметін тоқтатқан оқу орындарының курсанттарын оқытуға жұмсалған соманы өндіріп алу туралы талап мәлімделген болса;
2014.17.11. № 254-V ҚР Заңымен 15) тармақшамен толықтырылды (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
15) егер, бала асырап алудың күші жойылған жағдайда, жетім баланы және (немесе) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы асырап алуға байланысты төленген біржолғы ақшалай төлемді бюджетке қайтару туралы талап мәлімделген болса шығарылады.
ҚР 05.07.00 ж. № 75-II Заңымен; 2010.02.04. № 262-IV ҚР Заңымен (жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 141-бап өзгертілді
141-бап. Сот бұйрығын шығару туралы арыздың нысаны мен мазмұны
1. Сот бұйрығын шығару туралы арыз осы Кодекстің 3-тарауында белгіленген соттылықтың жалпы ережелері бойынша сотқа беріледі.
2. Арыз жазбаша нысанда беріледі. Арызда:
1) арыз берілетін соттың атауы;
2) өндіріп алушының аты, оның туған күні, айы, жылы, тұрғылықты жері немесе тұрған жері, заңды тұлғаның реквизиттері;
3) борышкердің аты, оның туған күні, айы, жылы, тұрғылықты жері немесе тұрған жері, заңды тұлғаның реквизиттері;
4) өндіріп алушының талаптары және ол негізделген мән-жайлар;
5) мәлім етілген талаптарды растайын қоса тіркелетін құжаттардың тізбесі көрсетілуге тиіс.
3. Мүлік талап етілген жағдайда арызда осы мүліктің құны көрсетілуге тиіс.
4. Арызға өндіріп алушы немесе оның өкілі қол қояды. Өкіл беретін арызға оның өкілеттігін куәландыратын құжат қоса тіркелуге тиіс.
ҚР 24.12.01 № 276-II Заңымен 142-бап өзгертілді
142-бап. Мемлекеттік баж
1. алынып тасталды
2. Арызды қабылдаудан бас тартылған жағдайда өндіріп алушы енгізген мемлекеттік баж қайтарылады.
3. Сот бұйрығының күші жойылған жағдайда өндіріп алушы енгізген мемлекеттік баж қайтарылмайды.
4. Өндіріп алушы борышкерге талап қою бойынша іс жүргізу тәртібімен талап қойған жағдайда ол баждың төленуге тиісті шотына есептеледі.
2014.17.11. № 254-V ҚР Заңымен 143-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
143-бап. Сот бұйрығын шығару туралы арызды қабылдаудан бас тарту және қайтару негіздері
1. Судья сот бұйрығын шығару туралы арызды осу Кодекстің 153, 154-баптарында көзделген негіздер бойынша қабылдаудан бас тартады немесе қайтарады. Сонымен бірге, судья арызды, егер:
1) мәлім етілген талап осы Кодекстің 140-бабымен көзделмесе;
2) борышкер Қазақстан Республикасы соттарының юрисдикциясы шегінен тыс болса;
3) мәлім етілген талапты растайын құжаттар табыс етілмесе;
4) табыс етілген құжаттар негізінде шешу мүмкін емес құқық туралы даулардың болуы көзделсе;
5) арыздың нысаны мен мазмұны осы Кодекстің 141-бабының талаптарына сай келмесе;
6) арызға мемлекеттік баж төленбесе, қайтарады.
2. Судья сотқа арыз келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде арызды қабылдаудан бас тарту немесе арызды қайтару туралы ұйғарым шығарады.
3. Арызды қабылдаудан бас тарту туралы ұйғарым арыз берушінің осы талап бойынша талап қою жөніндегі іс жүргізу тәртібімен талап қою мүмкіндігіне кедергі келтірмейді.
Сот бұйрығын беру туралы арызды қайтару туралы ұйғарым оны қайтару үшін негіз болған кемшіліктерді жойғаннан кейін қайтадан беруге кедергі келтірмейді.
Сот бұйрығын беру туралы арызды қабылдаудан бас тарту туралы немесе арызды қайтару туралы ұйғарым шағым жасалуға, наразылық білдірілуге жатпайды.
2014.17.11. № 254-V ҚР Заңымен 144-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
144-бап. Арыздағы кемшіліктерді жою
1. Судья сот бұйрығын шығару туралы арызды қабылдауға және егер арыз осы Кодекстің 141-бабының талаптарына сай келмесе, өз ұйғарымымен өндіріп алушыға кемшіліктерді жою үшін үш жұмыс күнінен аспайтын мерзім белгілеуге құқылы.
2. Егер өндіріп алушы судьяның нұсқауларына сәйкес ол белгілеген мерзімде кемшіліктерді жойса, мемлекеттік бажды төлесе, арыз оны сотқа алғаш тапсырған күні берілген деп есептеледі. Олай болмаған жағдайда судья осы Кодекстің 143-бабының екінші бөлігіне сәйкес арызды қабылдаудан бас тарту туралы ұйғарым шығарады.
145-бап. Сот бұйрығын шығарудың тәртібі мен мерзімі
Мәлім етілген талаптың мәні бойынша сотқа арыз түскен күннен бастап үш күн ішінде судья сот бұйрығын шығарады.
ҚР 05.07.00 ж. № 75-II Заңымен 146-бап өзгертілді
146-бап. Сот бұйрығының мазмұны
1. Сот бұйрығында:
1) жүргізілетін істің нөмірі және бұйрықтың шығарылған күні;
2) соттың атауы, бұйрық шығарған судьяның тегі және аты-жөні;
2006.22.06. № 147-III ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2007.12.01. № 224-III ҚР Заңымен (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2010.02.04. № 262-IV ҚР Заңымен (жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.12.01. № 538-ІV ҚР Заңымен (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); (2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.24.12. № 60-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 3) тармақша өзгертілді; 2014.17.11. № 254-V ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3) өндiрiп алушының тегi, аты және әкесiнiң аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетiлген болса), туған күнi, айы, жылы, оның тұрғылықты немесе орналасқан жерi, оның тұрғылықты жерi бойынша тiркелгенi туралы мәлiметтер мен жеке сәйкестендiру нөмiрi немесе, егер өндiрiп алушы заңды тұлға болып табылса, оның атауы, нақты орналасқан жерi не Бизнес-сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмiнен мәлiметтер, банктік деректемелері және бизнес-сәйкестендiру нөмiрi, сондай-ақ егер бар болса, қалалық немесе ұялы байланыстың абоненттік нөмірлері, электрондық мекенжайы туралы мәліметтер;
2006.22.06. № 147-III ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2007.12.01. № 224-III ҚР Заңымен (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2010.02.04. № 262-IV ҚР Заңымен (жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.12.01. № 538-ІV ҚР Заңымен (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); (2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.24.12. № 60-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 4) тармақша өзгертілді; 2014.17.11. № 254-V ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4) борышкердiң тегi, аты және әкесiнiң аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетiлген болса), туған күнi, айы, жылы, оның тұрғылықты жерi немесе орналасқан жерi, оның тұрғылықты жерi бойынша тiркелгенi туралы мәлiметтер, оның жұмыс орны туралы мәлiметтер мен жұмыс орнының банктік деректемелері (егер сот бұйрығын шығару туралы арызда көрсетiлген болса), оның банктік деректемелері мен жеке сәйкестендiру нөмiрi (егер сот бұйрығын шығару туралы арызда көрсетiлген болса) немесе, егер борышкер заңды тұлға болып табылса, оның атауы, нақты орналасқан жерi не Бизнес-сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмiнен мәлiметтер (егер сот бұйрығын шығару туралы арызда көрсетiлген болса), банктік деректемелері мен бизнес-сәйкестендiру нөмiрi, сондай-ақ егер бар болса және белгілі болса, қалалық немесе ұялы байланыстың абоненттік нөмірлері, электрондық мекенжайы туралы мәліметтер;
5) талапты қанағаттандыруға негіз болған заң;
6) өндіріп алынуға жататын ақша соммаларының мөлшері немесе оның құны көрсетіле отырып, талап етілуге жататын мүліктің белгіленуі;
7) егер оны өндіріп алу заңмен немесе шартпен көзделсе, тұрақсыздық айыбының мөлшері;
2012.17.02. № 565-ІV ҚР Заңымен 8) тармақша өзгертілді (2012 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
8) борышкерден өндіріп алушының пайдасына немесе тиісті бюджетке өндіріп алынуға жататын мемлекеттік баждың сомасы;
9) сот бұйрығына шағым берудің мерзімі мен тәртібі көрсетіледі.
2. Кәмелетке толмаған балаларға алимент өндіріп алу туралы сот бұйрығында осы баптың 1) - 5), 8) тармақшаларында көзделген мәліметтерден басқа, борышкердің туған күні мен туған жері, оның жұмыс орны, оларды күтіп-бағуға алимент алып берілетін әрбір баланың аты мен туған күні, борышкерден ай сайын өндіріп алынатын төлемдердің мөлшері және оны өндіріп алудың мерзімі көрсетіледі.
3. Сот бұйрығына судья қол қояды.
147-бап. Борышкерге сот бұйрығының көшірмесін жіберу
1. Сот бұйрық шығарғаннан кейін судья тапсыру туралы хабарлай отырып, оның көшірмесін дереу борышкерге жібереді.
2. Борышкер сот бұйрығының көшірмесін алған күннен бастап он күн мерзімде байланыстың кез келген құралдарын пайдалана отырып, мәлімделген талапқа келіспеген қарсылығын бұйрық шығарған сотқа жіберуге құқылы.
ҚР 11.07.01 ж. № 238-II Заңымен; 2009.10.12. № 227-IV ҚР Заңымен (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 148-бап өзгертілді
148-бап. Сот бұйрығының күшін жою
1. Егер борышкерден белгіленген мерзімде мәлім етілген талапқа келіспеген қарсылық түссе, судья сот бұйрығының күшін жойып, ол туралы ұйғарым шығарады. Сот бұйрығының күшін жою туралы ұйғарымда судья өндіріп алушы мәлім еткен талаптың талап қою бойынша іс жүргізу тәртібімен қойылуы мүмкін екенін түсіндіреді. Сот бұйрығының күшін жою туралы ұйғарымның көшірмесі оны шығарғаннан кейін үш күннен кешіктірілмей тараптарға жіберіледі.
1-1. Егер борышкер болмаған жағдайда, құқықтары мен міндеттері сот бұйрығымен қозғалған тұлғадан шығарылған сот бұйрығының заң талаптарына сәйкес келмейтіндігі туралы арыз келіп түссе, судья сот бұйрығының күшін жояды.
2. Сот бұйрығының күшiн жою туралы қаулы шағымдануға немесе наразылық келтiруге жатпайды.
2012.17.02. № 565-ІV ҚР Заңымен 149-бап өзгертілді (2012 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
149-бап. Өндіріп алушыға сот бұйрығын беру
1. Егер белгіленген мерзімде борышкерден сотқа қарсылық келіп түспесе, судья өндіріп алушыға оны орындауға көрсету үшін соттың мөрімен куәландырылған сот бұйрығын береді.
2. Өндіріп алушының өтінуі бойынша сот бұйрығы тікелей соттың орындауы үшін жіберілуі мүмкін.
3. Тиісті бюджеттің кірісінде борышкерден мемлекеттік бажды өндіріп алу үшін соттың мөрімен куәландырылған сот бұйрығының жеке данасы тікелей соттың орындауы үшін жіберіледі.
4. Өндіріп алушыға берілген сот бұйрығының көшірмесі сот жүргізетін істе қалады.
2014.17.11. № 254-V ҚР Заңымен кодекс 13-1-тараумен толықтырылды
13-1-тарау. Істерді жеңілдетілген іс жүргізу тәртібімен қарау
149-1-бап. Жеңілдетілген іс жүргізу тәртібі
1. Сот жеңілдетілген іс жүргізу тәртібіндегі істерді осы тарауда белгіленген ерекшеліктерді ескере отырып, осы Кодексте көзделген талап қою бойынша іс жүргізудің жалпы қағидалары бойынша қарайды.
2. Судья жеңілдетілген іс жүргізу тәртібіндегі істерді арыз іс жүргізуге қабылданған күннен бастап бір ай мерзімде жеке-дара қарайды. Жеңілдетілген іс жүргізу тәртібіндегі істерді қарау мерзімі ұзартылуға жатпайды.
149-2-бап. Жеңілдетілген іс жүргізу тәртібімен қаралатын істер
1. Жеңілдетілген іс жүргізу тәртібімен:
1) егер талап қоюдың бағасы заңды тұлғалар үшін - бес жүз айлық есептік көрсеткіштен, дара кәсіпкерлер, жеке тұлғалар үшін бір жүз айлық есептік көрсеткіштен аспаса, ақша өндіріп алу туралы талап арыздар бойынша;