Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне
лизинг мәселелерi бойынша өзгерiс пен толықтырулар
енгізу туралы 2000 жылғы 5 шілдедегі № 75-ІІ
Қазақстан Республикасының Заңы
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заң актілеріне өзгерiс пен толықтырулар енгiзiлсiн:
1. "Шетелдiк инвестициялар туралы" 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1994 ж., № 23-24, 280-құжат; 1995 ж., № 20, 120-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., № 14, 274-құжат; 1997 ж., № 11, 143-құжат; № 13-14, 205-құжат; № 17-18, 218-құжат; 1998 ж., № 5-6, 50-құжат; 1999 ж., № 21, 786-құжат):
1-баптың үшiншi бөлiгi "және Қазақстан Республикасының лизинг туралы заңдарында көзделген шарттармен лизинг нысаналарын беру" деген сөздермен толықтырылсын.
2. "Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы" 1995 жылғы 20 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., № 13; № 23, 152-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., № 1, 180-құжат; № 18, 367-құжат; 1997 ж., № 11, 144-құжат; № 12, 189-құжат, № 22, 333-құжат; 1998 ж., № 4, 46-құжат; № 24, 436-құжат; 1999 ж., № 20, 717-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат):
1) 18-бап мынадай мазмұндағы 9-1) тармақшамен толықтырылсын:
"9-1) лизинг нысанасы - Қазақстан Республикасының лизинг туралы заңдарына сәйкес айқындалатын және Қазақстан Республикасына лизинг туралы шартқа сәйкес әкелiнетiн мүлiк;";
2) 65-бап мынадай мазмұндағы төртiншi бөлiкпен толықтырылсын:
"Тауарларды уақытша әкелуге және уақытша әкетуге кеден режимi қолданылатын лизинг нысаналарының тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтедi.";
3) 67-бап мынадай мазмұндағы бесiншi бөлiкпен толықтырылсын:
"Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiткен тiзбеге енгiзiлген лизинг нысаналары үшiн уақытша әкелу мен уақытша әкету мерзiмдерi осы бапта көзделген шектеулер қолданылмай, лизинг шартының талаптарына сәйкес белгiленедi. Осы аталған лизинг нысаналары үшiн уақытша әкелу мен уақытша әкетудiң мерзiмдерiн лизинг шартына енгiзiлген өзгерiстердi көрсету негiзiнде лизинг нысанасын уақытша әкелген немесе уақытша әкеткен адам өтiнiш жасаған жағдайда Қазақстан Республикасының кеден органдары өзгертедi.";
4) 68-баптың бiрiншi бөлiгi мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
"Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiткен тiзбеге енгiзiлген және уақытша әкелiнген немесе уақытша әкетiлген лизинг нысаналары кеден баждары мен салықтарынан толық босатылады.".
3. 1999 жылғы 1 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiне (Ерекше бөлiм) (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1999 ж., № 16-17, 642-құжат; № 23, 929-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат):
564-баптағы "егер" деген сөзден кейiн "заң актілерінде және" деген сөздермен толықтырылсын.
4. 1999 жылғы 13 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Азаматтық iс жүргiзу кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1999 ж., № 18, 644-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат):
1) 139-баптың 1-тармағындағы "жылжымайтын", 141-баптың 3-тармағындағы және 146-баптың 1-тармағының 6) тармақшасындағы "жылжымалы" деген сөздер алып тасталсын;
2) 140-баптың 8) тармақшасындағы "шығарылады" деген сөз алып тасталып, бап мынадай мазмұндағы 9) тармақшамен толықтырылсын:
"9) егер лизинг туралы заң актілеріне сәйкес лизинг нысанасын алып қою туралы талап мәлiмделген болса, шығарылады.".
2-бап. Осы Заң жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Президенті | | | | | | | | | Н.Ә. Назарбаев |