Уәкілетті орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының төлеуіне жататын жарналардың мөлшерлемесін келісуден бас тартқан жағдайда, оның мөлшерін уәкілетті орган айқындайды.»;
5-тармақтың екінші бөлігіндегі «ақпараттандыру саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен бірлесіп құрылған» деген сөздер алып тасталсын;
18-тармақтың 31) тармақшасы 2017 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
31) 79-баптың 1-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Мемлекет қатысатын, дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйым (бұдан әрі - ұйым) дауыс беретін акцияларының жүз пайызы уәкілетті органға тиесілі ұйымдық-құқықтық нысанда құрылған коммерциялық емес ұйым болып табылады.».
19. «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 3, 18-құжат; 2004 ж., № 2, 10-құжат; 2005 ж., № 7-8, 19-құжат; № 17-18, 76-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 10, 52-құжат; 2007 ж., № 2, 14, 18-құжаттар; № 3, 20-құжат; № 8, 52-құжат; № 9, 67-құжат; № 15, 106-құжат; № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 1, 4-құжат; № 9-10, 50-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 8, 41-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 21-құжат; № 10, 86-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 16, 128-құжат; 2012 ж., № 2, 11, 14-құжаттар; № 5, 35-құжат; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 15, 97-құжат; № 20, 121-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 21-22, 114-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 11, 63, 64-құжаттар; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 118, 122-құжаттар; № 23, 143-құжат; 2015 жылғы 29 қазанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруге байланысты өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 27 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2015 жылғы 30 қазанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықты әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 28 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2015 жылғы 3 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы):
11-баптың 1-тармағы екінші бөлігінің екінші абзацы алып тасталсын.
20. «Автомобиль жолдары туралы» 2001 жылғы 17 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 17-18, 246-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 14, 89-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 16, 129-құжат; 2008 ж., № 15-16, 64-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 5, 43-құжат; № 15, 125-құжат; 2012 ж., № 14, 92-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 13, 63-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 8, 44-құжат; № 10, 52-құжат; № 12, 82-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 жылғы 29 қазанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жол-көлік инфрақұрылымын, көліктік логистиканы және авиатасымалды дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 27 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 4-баптың 2-3-тармағы мынадай редакцяда жазылсын:
«2-3. Жалпыға ортақ пайдаланылатын республикалық автомобиль жолдары немесе олардың учаскелері Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде мемлекеттік ислам бағалы қағаздарын шығару талаптарына сәйкес оларды кері сатып алу міндеттемесімен мемлекеттік ислам арнайы қаржы компаниясына сатылуы мүмкін.»;
2) 7-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдары алып жатқан жерлер (Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша мемлекеттік ислам арнайы қаржы компаниясына сатылған жерлерді қоспағанда) мемлекеттік меншікке жатады, бөлінбейді және жеке меншікке берілмеуге тиіс. Жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының жерінде, осы жерлерді пайдаланудың белгіленген келісу тәртібін бұза отырып салынған кез келген құрылыстар заңсыз деп танылады және заңдарда белгіленген тәртіппен оларды өз еркімен құрылыс салуды жүзеге асырған тұлға бұзады не соның есебінен бұзылуға тиіс.»;
3) 11-бап мынадай мазмұндағы 8-5) тармақшамен толықтырылсын:
«8-5) мемлекеттік ислам бағалы қағаздарын шығару туралы шешімдерді қабылдау, олардың негізінде жалпыға ортақ пайдаланылатын республикалық автомобиль жолдарын немесе олардың учаскелерін мемлекеттік ислам бағалы қағаздарын шығару талаптарына сәйкес оларды кері сатып алу міндеттемесімен мемлекеттік ислам арнайы қаржы компаниясының меншігіне сату жүзеге асырылады;»;
4) 12-баптың 2-тармағының 26) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«26) мемлекеттік ислам бағалы қағаздарын шығару талаптарына сәйкес, жалға алушы ретінде жалдау шарттарын, сондай-ақ сервистік агент ретінде сервистік агенттің қызмет көрсетуі шартын, сондай-ақ жалпыға ортақ пайдаланылатын республикалық автомобиль жолдарына немесе олардың учаскелерiне қатысты өзге де шарттарды жасасу;».
21. «Әділет органдары туралы» 2002 жылғы 18 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., № 6, 67-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; № 24, 154-құжат; 2005 ж., № 7-8, 23-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 10, 52-құжат; № 13, 86-құжат; 2007 ж., № 2, 14, 18-құжаттар; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 18, 143-құжат; 2008 ж., № 10-11, 39-құжат; 2009 ж., № 8, 44-құжат; № 15-16, 75-құжат; № 18, 84-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 128-құжат; 2010 ж., № 1-2, 2-құжат; № 5, 23-құжат; № 17-18, 111-құжат; № 24, 145, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3, 7-құжаттар; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 15, 118-құжат; 2012 ж., № 3, 26-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 10, 52-құжат; № 11, 61-құжат; № 14, 84-құжат; № 19-I, 19-II, 94, 96-құжаттар; № 23, 143-құжат; 2015 жылғы 3 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы):
18-баптың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу, филиалдар мен өкiлдiктердi есептiк тiркеу, сондай-ақ Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімін жүргiзу;».
22. «Акционерлік қоғамдар туралы» 2003 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 10, 55-құжат; № 21-22, 160-құжат; 2004 ж., № 23, 140-құжат; 2005 ж., № 14, 58-құжат; 2006 ж., № 10, 52-құжат; № 16, 99-құжат; 2007 ж., № 4, 28, 33-құжаттар; № 9, 67-құжат; № 20, 153-құжат; 2008 ж., № 13-14, 56-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 21, 97-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат; № 17, 81-құжат; № 24, 133-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 2, 21-құжат; № 3, 32-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 11, 14-құжаттар; № 4, 30-құжат; № 13, 91-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; № 15, 81-құжат; 2014 ж., № 4-5, 24-құжат; № 6, 27-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 63-құжат; № 16, 90-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 42, 45-құжаттар; 2015 жылғы 29 қазанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сауда қызметін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 27 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2015 жылғы 29 қазанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруге байланысты өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 27 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 4-1-бапта:
1-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) қоғамның акциялары Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін қор биржасының тізімдер санатында болуға тиіс, енгізілуі және онда болуы үшін қор биржасының ішкі құжаттарымен бағалы қағаздарға және олардың эмитенттеріне арнайы (листингтік) талаптар белгіленеді.»;
мынадай мазмұндағы 5 және 6-тармақтармен толықтырылсын:
«5. Уәкілетті орган қоғамды жария компания деп танудан бас тартуды мынадай негіздердің кез келгені бойынша жүргізеді:
1) қоғамның осы баптың 1-тармағында белгіленген талаптарға сай келмеуі;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құжаттардың толық топтамасын ұсынбау;
3) ұсынылған құжаттардың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі.
6. Уәкілетті орган қоғамды жария компания деп тану туралы құжаттарды уәкілетті органға ұсынған күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде қарайды.»;
2) 13-баптың 4-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) осы Заңның 22-бабының 5-тармағындағы негіздер бойынша дивиденд есептелмеген жағдайларды қоспағанда, артықшылықты акция бойынша дивиденд оны төлеу үшін белгіленген мерзім өткен күннен бастап үш ай ішінде толық мөлшерінде төленбесе, артықшылықты акция акционерге қоғамды басқаруға қатысу құқығын береді.»;
3) 16-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Қоғам акционерлерінің бағалы қағаздарды басымдықпен иелену құқығын іске асыру тәртібін және одан бас тартуды уәкілетті орган белгілейді.»;
4) 21-баптың 1-тармағының үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Қоғамның орналастырылатын акцияларына қор биржасында айналыста болатын бағалы қағаздармен ақы төлеу қор биржасының бағалы қағаздарды бағалау әдістемесіне сәйкес қор биржасы айқындайтын нарықтық баға бойынша жүзеге асырылады. Акцияларға ақы төлеуге енгізілетін бағалы қағаздардың түріне қатысты көрсетілген әдістеме бойынша қор биржасы есептеген мұндай бағалы қағаздардың нарықтық бағасы болмаған жағдайда, олардың құнын бағалауды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес берілген лицензия негізінде әрекет ететін бағалаушы жүргізеді.»;
5) 22-бапта:
5-тармақ мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
«2-1) «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» және «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда;»;
6-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын».
«6. Акционер, осы баптың 5-тармағындағы негіздер бойынша дивиденд есептелмеген жағдайларды қоспағанда, қоғам берешегінің жиналып қалу мерзіміне қарамастан, алынбаған дивидендтердің төленуін талап етуге құқылы.»;
6) 55-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Акционерлердің жалпы жиналысы директорлар кеңесінің барлық немесе жекелеген мүшелерінің өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтатуға құқылы.
Директорлар кеңесінің мұндай мүшесінің өкілеттіктері акционерлердің жалпы жиналысы оның өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату туралы шешім қабылдаған күннен бастап тоқтатылады.»;
7) 67-баптың 4-тармағы алып тасталсын;
8) 73-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Егер қоғамның директорлар кеңесiнiң барлық мүшелерi және жай акцияларды иеленетін барлық акционерлер мүдделi адамдар болып табылған және (немесе) директорлар кеңесі шешім қабылдауға қажетті дауыс санының болмауы себебінен мұндай мәмілені жасасу туралы шешім қабылдай алмаған жағдайларда, мүдделiлiк болуына орай қоғамның мәмiленi жасасуы туралы шешiмді акционерлердің жалпы жиналысы қоғамның дауыс беретін акцияларының жалпы санының жай көпшілік дауысымен қабылдайды.
Бұл ретте акционерлердің жалпы жиналысына негізделген шешімді қабылдауға қажетті ақпарат (құжаттарымен қоса) беріледі.
Егер қоғамның директорлар кеңесiнiң барлық мүшелерi мүдделi адамдар болып табылған және (немесе) директорлар кеңесі шешім қабылдауға қажетті дауыс санының болмауы себебінен мұндай мәмілені жасасу туралы шешім қабылдай алмаған жағдайларда, мүдделiлiк болуына орай қоғамның мәмiленi жасасуы туралы шешiмді жалғыз акционер немесе қоғамның барлық дауыс беретін акцияларын иеленетін адам қабылдайды.»;
9) 79-бапта:
1-тармақта:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) акционерлердің жалпы жиналысы қабылдаған шешімдер;»;
мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
«1-1) директорлар кеңесі мәселелер тізбесі бойынша қабылдаған шешімдер, бұл мәселелер туралы ақпарат қоғамның ішкі құжаттарына сәйкес акционерлердің және инвесторлардың назарына жеткізілуге тиіс;»;
2-2-тармағының бірінші бөлігіндегі «аудиторлық есептерді,» деген сөздерден кейін «акционерлік қоғамдардың үлестес тұлғаларының тізімін,» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
«4. Қоғам директорлар кеңесі қабылдаған шешімдер бойынша мәселелер тізбесін белгілейтін ішкі құжатты әзірлеуге және қоғамның басқару органы оны бекітуге міндетті, бұлар туралы ақпарат акционерлер мен инвесторлар назарына жеткізілуге тиіс.».
23. «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы» 2003 жылғы 3 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 11, 63-құжат; 2005 ж., № 14, 55-құжат; 2006 ж., № 4, 25-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 8, 52-құжат; 2009 ж., № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 17-18, 112-құжат; 2012 ж., № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2014 ж., № 14, 84-құжат; 2015 ж., № 8, 45-құжат):
1) 3-баптың 2-тармағы алып тасталсын;
2) 3-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«3-1. Шектеулі ықпал ету шаралары
Уәкілетті орган Қорға қатысушы - сақтандыру ұйымдарының, Қорға қатысушы - сақтандыру ұйымдарының лауазымды адамдарының немесе қызметкерлерінің Қордың қаржылық жағдайын нашарлататын бұзушылықтарын, құқыққа сыйымсыз әрекеттерін немесе әрекетсіздігін анықтаған жағдайда, уәкілетті орган Қорға қатысушы - сақтандыру ұйымына Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы заңнамасында көзделген шектеулі ықпал ету шараларын және (немесе) санкциялар қолданады.»;
3) 3-2-баптың 1) тармақшасы алып тасталсын;
4) 4-баптың 1-тармағының 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«8) Қордың басшы қызметкерлерін сайлауға (тағайындауға) келісім береді, сондай-ақ келісімді беру тәртібін және келісімді алуға қажетті құжаттардың тізбесін белгілейді;»;
5) 2-тарау мынадай мазмұндағы 4-1-баппен толықтырылсын:
«4-1-бап. Қордың басшы қызметкерлеріне қойылатын талаптар
1. Мыналар Қордың басшы қызметкерлері болып табылады:
1) Қордың басқару органының басшысы мен мүшелері;
2) Қордың атқарушы органының басшысы мен мүшелері;
3) Қордың бас бухгалтері.
2. Мыналар:
1) жоғары білімі жоқ;
2) тізбесін уәкілетті орган белгілейтін халықаралық қаржы ұйымдарында кемінде екі жыл жұмыс өтілі және (немесе) қаржылық қызметтерді көрсету және (немесе) реттеу және (немесе) бақылау мен қадағалау саласында және (немесе) қаржы ұйымдарына аудитті жүзеге асыратын ұйымдарда еңбек өтілі жоқ;
3) мінсіз іскерлік беделі жоқ адам Қордың басшы қызметкері болып тағайындала (сайлана) алмайды.
Мінсіз іскерлік бедел - кәсіпқойлықты, адалдықты растайтын фактілердің болуы, алынбаған немесе жойылмаған сотталғандығының болмауы, оның ішінде қаржы ұйымының, банк және (немесе) сақтандыру холдингінің басшы қызметкері лауазымын атқару және қаржы ұйымының ірі қатысушысы (ірі акционері) болу құқығынан өмір бойына айыру түрінде қылмыстық жаза қолдану туралы заңды күшіне енген сот шешімінің болмауы;
4) уәкілетті орган қаржы ұйымын консервациялау, оның акцияларын мәжбүрлеп иелену, қаржы ұйымын лицензиясынан айыру, сондай-ақ қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен банкрот деп тану туралы шешім қабылдағанға дейін бір жылдан аспайтын кезеңде бұрын қаржы ұйымының басқару органының басшысы, мүшесі, атқарушы органының басшысы, мүшесі, бас бухгалтері, ірі қатысушы - жеке тұлға, қаржы ұйымының ірі қатысушысы-заңды тұлғаның басшысы болып табылған адам қордың басшы қызметкері болып тағайындала (сайлана) алмайды. Көрсетілген талап уәкілетті орган қаржы ұйымын консервациялау, оның акцияларын мәжбүрлеп иелену, қаржы ұйымын лицензиясынан айыру, сондай-ақ қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе оны банкрот деп тану туралы шешім қабылдағаннан кейін бес жыл бойы қолданылады;
5) Қордың және (немесе) қаржы ұйымының басшы қызметкер лауазымына тағайындауға (сайлауға) берілген келісім кері қайтарып алынған адам Қордың басшы қызметкері болып тағайындала (сайлана) алмайды. Аталған талап уәкілетті орган басшы қызметкер лауазымына тағайындауға (сайлауға) берілген келісімді кері қайтарып алу туралы шешімді қабылданғаннан кейін қатарынан соңғы он екі ай ішінде қолданылады.
3. Қордың басшы қызметкері оны тағайындаған (сайлаған) күннен бастап өз қызметін уәкілетті органның келісімінсіз күнтізбелік алпыс күннен аспайтын мерзімде атқаруға құқылы.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзім өткеннен кейін және құжаттардың толық топтамасы уәкілетті органға келісуге табыс етілмеген не уәкілетті орган келісуден бас тартқан жағдайларда, Қор осы адаммен еңбек шартын бұзуға не еңбек шарты болмаған жағдайда, осы басшы қызметкердің өкілеттіктерін тоқтату жөнінде шаралар қабылдауға міндетті.
Уәкілетті органның келісімінсіз Қордың басшы қызметкерінің міндеттерін осы тармақтың бірінші бөлігінде белгіленген мерзімнен асырып атқаруға (уақытша болмағанда оны алмастыруға) тыйым салынады.
Уәкілетті орган Қордың басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) келісім беру үшін ұсынылған құжаттарды уәкілетті органның нормативтік-құқықтық актісінің талаптарына сәйкес құжаттардың толық топтамасы ұсынылған күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде қарайды.
Қор құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған жағдайда, уәкілетті орган оларды қарамастан Қорға қайтарып береді.
4. Уәкілетті орган Қордың басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) келісім беруден мынадай негіздер бойынша бас тартады:
1) басшы қызметкерлерінің осы бапта, сондай-ақ «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабының 20) тармақшасында, 54-бабының 4-тармағында, 59-бабының 2-тармағында, «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабында белгіленген талаптарға сай келмеуі;
2) тестің теріс нәтижесі.
Мыналар тестің теріс нәтижесі болып табылады:
кандидаттың тест нәтижесі дұрыс жауаптың жетпіс пайызынан аз болуы;
кандидаттың не аудармашының (егер бұл аудармашыны кандидат өзі ұсынған болса) уәкілетті орган белгілеген тест тәртібін бұзуы;
кандидаттың келісу мерзімі өткенге дейін уәкілетті орган белгілеген уақытта тестке келмеуі;
3) Қордың уәкілетті органның ескертулерін жоймауы немесе Қордың уәкілетті органның ескертулерін ескере отырып пысықтаған құжаттарды осы баптың 3-тармағында белгіленген уәкілетті органның құжаттарды қарау мерзімі өткеннен кейін ұсынуы;
4) басшы қызметкер өз лауазымын уәкілетті органның келісімінсіз атқаратын осы баптың 3-тармағында белгіленген мерзім өткеннен кейін құжаттарды ұсынуы;
5) уәкілетті орган қолданған шектеулі ықпал ету шараларының және (немесе) санкциялардың болуы.
Осы талап Қор кандидатты келісу туралы өтінішті берген күнге дейін бір жыл бойы қолданылады;
6) басшы қызметкер лауазымын атқаратын (атқарған) не басшы қызметкердің міндеттерін орындайтын кандидаттың өз өкілеттігіне кірген мәселелер бойынша кандидат қаржы ұйымының, Қордың, банк, сақтандыру холдингінің Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзуына алып келген және сол үшін уәкілетті орган осы қаржы ұйымына, Қорға, осы банкке немесе сақтандыру холдингіне қатысты шектеулі ықпал ету шарасын және (немесе) санкция қолданған шешімдерді қабылдау фактілері туралы мәліметтердің уәкілетті органда болуы.
Осы талап уәкілетті орган бұзушылықты анықтаған күннен бастап бір жыл бойы қолданылады;
7) уәкілетті органда кандидаттың бағалы қағаздар нарығында айла-шарғы жасау мақсатында жасалған деп танылған және (немесе) үшінші тұлғаға (үшінші тұлғаларға) нұқсан келтіруге алып келген мәміле тарапы болып табылғандығы туралы мәліметтердің (фактілердің) болуы бойынша бас тартады.
Осы талап санамаланған оқиғалардың ең алдыңғысы басталған:
уәкілетті орган ұйымдастырылған және (немесе) ұйымдастырылмаған бағалы қағаздар нарығында жасалған мәмілелерді айла-шарғы жасау мақсатында жасалған деп таныған;
уәкілетті орган осы мәмілені жасау нәтижесінде үшінші тұлғаға (үшінші тұлғаларға) нұқсан келтірілгенін растайтын фактілерді алған күннен бастап бір жыл бойы қолданылады;
8) кандидаттың уәкілетті орган бағалы қағаздар нарығында айла-шарғы жасау мақсатында жасалған деп танылған мәмілелерді жасағаны үшін оған қатысты санкциялар және (немесе) шектеулі ықпал ету шараларын қолданған қаржы ұйымының қызметкері және (немесе) әрекеттері мәмілеге қатысушы қаржы ұйымына және (немесе) үшінші тұлғаға (үшінші тұлғаларға) нұқсан келтіруге алып келген қаржы ұйымының қызметкері болып табылатындығы туралы мәліметтердің уәкілетті органда болуы бойынша бас тартады.
Осы талап санамаланған оқиғалардың ең алдыңғысы басталған:
уәкілетті орган ұйымдастырылған және (немесе) ұйымдастырылмаған бағалы қағаздар нарығында жасалған мәмілелерді айла-шарғы жасау мақсатында жасалған деп таныған;
уәкілетті орган осы мәмілені жасау нәтижесінде қаржы ұйымына және (немесе) үшінші тұлғаға (үшінші тұлғаларға) нұқсан келтірілгенін растайтын фактілерді алған күннен бастап бір жыл бойы қолданылады.
Осы тармақшаның мақсаты үшін қаржы ұйымының қызметкері деп жоғарыда аталған бұзушылықтарға алып келген мәселелер бойынша шешімдер қабылдау құзыретіне кірген қор биржасының басшы қызметкері не оның міндетін атқарған адам және (немесе) трейдері түсініледі.
5. Уәкілетті орган Қордың басшы қызметкерін сайлауға (тағайындауға) келісім беруден бас тартқан не ол Қордың басшы қызметкері лауазымынан босатылған немесе өзге лауазымға ауыстырылған жағдайларда, осы адам оны сайлауға (тағайындауға) келісім беруден бас тартылғаннан не ол лауазымынан босатылғаннан не өзге лауазымға ауыстырылғаннан кейін кемінде күнтізбелік тоқсан күн өткен соң, бірақ қатарынан он екі ай ішінде екі реттен көп емес, осы Қордың басшы қызметкері лауазымына қайтадан тағайындалу (сайлануы) мүмкін.
6. Уәкілетті орган Қордың басшы қызметкері лауазымына тағайындауға (сайлауға) келісім беруден қатарынан екі рет бас тартқан жағдайда, осы адам уәкілетті орган оны осы Қорда басшы қызметкер лауазымына тағайындауға (сайлауға) келісім беруден екінші рет бас тарту туралы шешім қабылдаған күнінен бастап қатарынан он екі ай өткеннен кейін Қордың басшы қызметкері лауазымына тағайындалуы (сайлануы) мүмкін.
7. Уәкілетті орган Қордың басшы қызметкері лауазымына сайлауға (тағайындауға) берілген келісімді:
1) келісім беруге негіз болған мәліметтердің анық еместігі анықталуы;
2) басшы қызметкерге оны қызметтік міндеттерін орындаудан шеттету түріндегі санкцияларды қолдану;
3) алынбаған немесе жойылмаған сотталғандығының болуы;
4) Қордың аталған басшы қызметкерін (қызметкерлерін) Қор қызметтік міндеттерін орындаудан шеттеткен немесе осы адамдарды уәкілетті орган қызметтік міндеттерін орындаудан шеттеткенге дейін жұмыстан босатқан жағдайларда, осы адамдардың әрекеттерін (әрекетсіздігін) Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сай келмейді деп тануға жеткілікті деректердің болуы негіздері бойынша кері қайтарып алуға құқылы.
Қордың басшы қызметкерін тағайындауға (сайлауға) берілген келісімді уәкілетті органның кері қайтарып алуы осы басшы қызметкерге өзге қаржы ұйымдарында бұдан бұрын берілген келісімді (келісімдерді) кері қайтарып алуға негіз болады.
Уәкілетті орган Қордың басшы қызметкері лауазымына тағайындауға (сайлауға) берген келісімін кері қайтарып алған жағдайда, Қор осы адаммен жасалған еңбек шартын бұзуға не еңбек шарты болмаған жағдайда, осы басшы қызметкердің өкілеттігін тоқтату жөнінде шаралар қолдануға міндетті.».