3) 5-1-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Заңды тұлғаның немесе оның оқшауланған бөлімшелерінің Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан мүліктік мүдделерін және Қазақстан Республикасының резиденті болып табылатын жеке тұлғаның мүліктік мүдделерін сақтандыруды, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының резидент сақтандыру ұйымы ғана жүзеге асыра алады.»;
18-тармақтың 4) тармақшасы 2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізіледі
2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
4) 5-1-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Заңды тұлғаның немесе оның оқшауланған бөлімшелерінің Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан мүліктік мүдделерін және Қазақстан Республикасының резиденті болып табылатын жеке тұлғаның мүліктік мүдделерін сақтандыруды Қазақстан Республикасының резидент-сақтандыру ұйымы, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы ғана жүзеге асыра алады.»;
мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
«4. Осы баптың 2 және 3-тармақтарының талаптары Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларда Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарымен шарттар жасасқан жағдайларға қолданылмайды.»;
18-тармақтың 5) тармақшасы 2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізіледі
5) 10-бап:
мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
«1-1) Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы;»;
мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
«2-1) Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокерінің филиалы;»;
6) 15-1-бап мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:
«5-1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының еншілес ұйымдарына, сондай-ақ капиталына сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы қомақты қатысатын ұйымдарға сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы шығарған, субординарлық борыш талаптарына сәйкес келетін облигацияларды иеленуге және (немесе) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына қарыздар ұсынуға тыйым салынады.»;
18-тармақтың 7) тармақшасы 2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізіледі
7) 16-1-бап мынадай мазмұндағы 6 және 7-тармақтармен толықтырылсын:
«6. Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру брокерінің филиалын құруға рұқсат етіледі.
7. Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру брокерінің филиалын ашуға рұқсат беру тәртібі және Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру брокері филиалының қызметін жүзеге асыру тәртібі уәкілетті органның нормативтік-құқықтық актісінде белгіленеді.»;
8) 18-1-баптың 5-тармағында:
бірінші бөлік 3) тармақшадағы «анықтауы негіз болып табылады.» деген сөздер «анықтауы;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
«4) тараптардың келісуі бойынша тапсырыс шартын тоқтату негіз болып табылады.»;
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Сақтандыру агенті осы тармақтың бірінші бөлігінің 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша сақтандыру агенттерінің тізілімінен шығарылған жағдайда, осы тұлғаға ол шығарылған кезден бастап бес жыл бойы сақтандыру агентінің қызметін жүзеге асыруға тыйым салынады.»;
мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Сақтандыру ұйымы мен сақтандыру агенті арасында жасалған тапсырыс шарты осы тармақтың бірінші бөлігінің 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген мән-жайларға байланысты емес негіздер бойынша тоқтатылған жағдайда, сақтандыру агенті туралы ақпарат тапсырыс шарты тоқтатылған күннен бастап бір жыл өткен соң сақтандыру агенттерінің тізілімінен алып тасталуға тиіс.»;
18-тармақтың 9) тармақшасы 2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізіледі
9) 22-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
«3. Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының құқықтық мәртебесі филиалды әділет органдарында Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы ретінде мемлекеттік тіркеумен және сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына рұқсаттың болуымен айқындалады.»;
10) 25-бап мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:
«5-1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, егер акциялар бойынша дивиденттерді есепке жазу пруденциялық нормативтерді уәкілетті органның нормативтік-құқықтық актісінде белгіленген мәннен төмен қарай азаюына алып келетін жағдайда, шығару проспектісімен сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының атқарушы органының артықшылықты акциялар бойынша дивиденттерді есепке жазбау құқығы көзделетін артықшылықты акцияларды шығаруға құқылы.»;
11) 6-тарау мынадай мазмұндағы 25-1-баппен толықтырылсын:
«25-1-бап. Субординарлық борыш
Бір мезгілде мынадай шарттардың болуы қамтамасыз етілмеген міндеттемені субординарлық борышқа жатқызу шарттары болып табылады:
1) қамтамасыз етілмеген міндеттеме шығарылған не алынған мерзім кемінде бес жыл құрайды;
2) кредиторлар қамтамасыз етілмеген міндеттемені өтеу не орындау туралы талапты ол туындаған кезден бастап бес жылдан ерте қоя алмайды;
3) қамтамасыз етілмеген міндеттеме сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының бастамасы бойынша мерзімінен бұрын өтелуі не орындалуы пруденциялық нормативтердің уәкілетті органның нормативтік-құқықтық актісінде белгіленген мәннен төмен қарай азаюына алып келмейтін жағдайда, мерзімінен бұрын өтелуі не орындалуы мүмкін;
4) сақтандыру ұйымы таратылған кезде қамтамасыз етілмеген міндеттеме тоғызыншы кезекте, ал қайта сақтандыру ұйымы таратылған кезде жай акциялардың меншік иелері - акционерлер талап еткенге дейін осы Заңның 72-бабында айқындалған жетінші кезекте қанағаттандырылады.»;
12) 26-бапта:
18-тармақтың 12) тармақшасының екінші абзацы 2014 ж 29 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді
3-тармақтың бірінші бөлігі алып тасталсын;
4-тармақтағы «6,» деген цифрдан кейін «6-1,» деген цифрлармен толықтырылсын;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына ірі қатысушылар - жеке тұлғалар өздеріне меншік құқығында тиесілі мүліктің құнынан аспайтын мөлшерде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларына ақы төлейді. Бұл ретте мүліктің құны (сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының бұрын иеленген акцияларын шегере отырып) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының бұрын иеленген және иеленетін акцияларының жиынтық құнынан кем болмауға тиіс.»;
мынадай мазмұндағы 6-1 және 9-1-тармақтармен толықтырылсын:
«6-1. Егер жеке тұлға уәкілетті органның алдын ала жазбаша келісімін алмай сыйға тарту шарты негізінде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына ірі қатысушы белгілеріне сәйкес келген жағдайда, ол осы баптың 14-тармағында белгіленген талапқа сәйкес тиісті мәртебені иелену туралы өтінішті ұсыну кезінде мынадай:
1) растайтын құжаттардың көшірмелерін қоса бере отырып, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы акцияларының сыйға тарту шарттары мен тәртібі туралы мәліметтерді;
2) осы баптың 6-тармағының 2), 3), 4), 5), 6), 7) және 8) тармақшаларында көзделген құжаттарды;
3) сыйға тарту шартының нысанасы болып табылатын акциялардың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бағалаушы айқындаған құны туралы мәліметтерді қосымша ұсынады.
Сыйға тарту шарты нәтижесінде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын иеленген жеке тұлға сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына ірі қатысушы мәртебесін иеленуге келісім алу үшін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына ірі қатысушы мәртебесін алу туралы өтініш берген күнге мынадай талаптарды қосымша орындайды:
1) жеке тұлғаға тиесілі мүліктің құны (сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының бұрын иеленген акцияларының құнын шегере отырып) сыйға тарту шартының нысанасы болып табылатын акциялардың және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өзі бұрын иеленген акцияларының жиынтық құнынан кем болмауға тиіс;
2) жеке тұлғаның кәсіпкерлік, еңбек немесе басқа да ақысы төленетін қызметінен алынған кірістер, сондай-ақ оның құжатпен расталған ақшалай жинақтары сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сыйға тартылған акцияларының бағалаушы айқындаған құнының кем дегенде жетпіс бес пайызын құрайды.»;
«9-1. Сақтандыру холдингі болуға ниет білдірген тұлға осы баптың 7, 8, 9 және 10-тармақтарында көзделген құжаттар мен мәліметтерден басқа мыналарды:
1) тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерінің, оның ішінде еншілес ұйым қызметіне байланысты тәуекелдерге қатысты жүйелердің бар екенін растайтын құжаттарды;
2) егер өтініш берушінің сақтандыру холдингі мәртебесін иеленуі сақтандыру тобын құруға алып келген жағдайда, сақтандыру тобының пруденциялық нормативтерінің болжамды есеп-қисабын ұсынады.»;
12-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Уәкілетті орган банк холдингі немесе банк болып табылмайтын тұлғаға сақтандыру холдингі мәртебесін иеленуге келісім беру кезінде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының капиталына қомақты қатысуға не еншілес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға (иеленуге) рұқсатты бір мезгілде береді.»;
14-тармақ мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:
«Уәкілетті орган сақтандыру холдингі, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы белгілеріне сәйкес келетін тұлғаға келісім беруден бас тартқан жағдайда, аталған тұлға жазбаша хабарлама алған кезден бастап алты ай ішінде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өзіне тиесілі акцияларының санын осы бапта белгіленгеннен төмен деңгейге дейін азайтуға міндетті.»;
18-тармақ мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:
«Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы - жеке тұлға, өзіне тиесілі акциялар саны сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының орналастырылған акцияларының (артықшылықты және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы иеленгендерін шегере отырып) жиырма бес немесе одан көп пайызына дейін ұлғайған жағдайда, құжаттарға қосымша және осы тармақта көрсетілген мерзімдерде талаптарын уәкілетті орган белгілейтін таяудағы бес жылға арналған бизнес-жоспарды ұсынады.»;
13) 26-1-баптың 1-тармағының 2) тармақшасындағы «34-бабының 2-тармағы 3) - 5) тармақшаларының» деген сөздер «34-бабының 3-тармағы 3), 4), 5) және 6) тармақшаларының» деген сөздермен ауыстырылсын;
18-тармақтың 14) тармақшасы 2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізіледі
14) 27-бап мынадай мазмұндағы 8-тармақпен толықтырылсын:
«8. Осы баптың талаптары осы Заңның 33-бабында көрсетілген Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарына қойылатын талаптарға қайшы келмейтін бөлігінде Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарына қолданылады.»;
15) 32-бапта:
4-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) еншілес ұйымды құрған жағдайда - жарғыны (бар болса) және құрылтай шартын немесе оны құру туралы шешімді, оны иеленген жағдайда - еншілес ұйымның жарғысын (бар болса);»;
6-тармақта:
3) тармақшадағы «2-тармағының 3), 4) және 5) тармақшаларының» деген сөздер «3-тармағының 3), 4) 5) және 6) тармақшаларының» деген сөздермен ауыстырылсын;
8) тармақшадағы «4) тармақшасында» деген сөздер «3) тармақшасында» деген сөздермен ауыстырылсын;
14-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) банк холдингтері немесе банктер болып табылатын және уәкілетті органның «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес берілген тиісті рұқсаты бар сақтандыру холдингтеріне қолданылмайды.»;
15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«15. Егер банк холдингі немесе банк болып табылмайтын сақтандыру холдингі Қазақстан Республикасының заңнамасында капиталға қатысуға тиісті рұқсат беру құжаттарын алу көзделген еншілес қаржы ұйымын құратын немесе иеленетін не қаржы ұйымының капиталында қомақты қатысуды иеленетін жағдайда, уәкілетті орган осы бапта көзделген тиісті құжаттарды ұсынбай-ақ сақтандыру холдингіне қаржы ұйымының акцияларын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мөлшерде иеленуге, пайдалануға және (немесе) иелік етуге құқық беретін тиісті құжатты бере отырып, бір мезгілде еншілес ұйымды құруға немесе иеленуге және (немесе) капиталға қомақты қатысуға рұқсат береді.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің талаптары сақтандыру холдингі мәртебесін иеленуге ниет білдірген тұлғаларға қолданылады.»;
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 16) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
16) 33-бапта:
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына арналған лицензияның қолданылуын тоқтата тұру түріндегі қолданыстағы санкцияның болмауы, сондай-ақ филиал әділет органдарында есептік тіркелген күннің алдындағы үш ай ішінде Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 228-бабының бірінші, екінші, он бірінші бөліктерінде, 229, 230-баптарында, 239-бабының төртінші бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылық үшін әкімшілік жаза қолдану түріндегі санкцияларды уәкілетті органның қолданбауы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалдарын ашудың міндетті шарттары болып табылады.»;
11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«11. Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасында Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарын ашуға тыйым салынады.»;
18-тармақтың 16) тармақшасының алтыншы - он жетінші абзацтары 2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізіледі
13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«13. Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы Қазақстан Республикасының аумағында филиал ашуға рұқсат алу үшін уәкілетті органға мынадай шарттар орындалған кезде жүгінуге құқылы:
1) Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының жиынтық активтерінің сомасы бес миллиард АҚШ долларына тең баламадан төмен болмауы тиіс;
2) Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының барлық сақтандыру секторлары мен сыныптарында сақтандыруды (қайта сақтандыруды) жүзеге асыру бойынша кемінде он жылдық тәжірибесінің болуы тиіс;
3) Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы резиденті болып табылатын мемлекет қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастырудың (жылыстатудың) және терроризмді қаржыландырудың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл саласындағы халықаралық ынтымақтастыққа қатысушы болып табылады, Ақшаны жылыстатуға қарсы күрестің қаржылық шараларын әзірлеу жөніндегі топпен (FATF) ынтымақтаса жұмыс жасайды;
4) уәкілетті орган мен Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы резиденті болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органы арасында ақпарат алмасуды көздейтін келісімнің болуы;
5) тиісті мемлекеттің қаржылық қадағалау органының Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалын ашуға қарсылық білдірмейтіні туралы жазбаша хабарламасының не тиісті мемлекеттің қаржылық қадағалау органының Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы мемлекетінің заңнамасы бойынша мұндай рұқсаттың талап етілмейтіні туралы мәлімдемесінің болуы;
6) тиісті мемлекеттің қаржылық қадағалау органының Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметіне қолданыстағы лицензиясының бар екені туралы жазбаша растау құжатының болуы.
Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалын ашуға рұқсат беру тәртібі уәкілетті органның нормативтік-құқықтық актісінде белгіленеді.
Уәкілетті орган қаржы жүйесінің тұтастығы мен тұрақтылығын қамтамасыз ету, инвесторларды, полис ұстаушыларды және Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы жауапкершілік алған тұлғаларды қорғау мақсатында осы филиалға қатысты уәкілетті органның нормативтік-құқықтық актісінде белгіленген пруденциялық нормативтерді және сақталуы міндетті өзге де нормалар мен лимиттерді, сондай-ақ оның басшы қызметкерлеріне қойылатын талаптарды белгілеуге құқылы.
Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қызметін жүзеге асыру тәртібі мен шарттары уәкілетті органның нормативтік-құқықтық актілерінде белгіленеді.
Осы тармақтың талаптары Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарына қолданылмайды.»;
14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«14. Осы баптың 5, 6, 10 және 12-тармақтарының талаптары орындалмаған жағдайда, уәкілетті орган Қазақстан Республикасы резидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалын немесе өкілдігін және Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өкілдігін жабуды талап етеді.
Осы баптың 2, 7, 8 және 13-тармақтарының талаптары орындалмаған жағдайда, уәкілетті орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген шектеулі ықпал ету шараларының және (немесе) санкциялардың бірін қолданады.»;
17) 34-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«34-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру холдингінің және сақтандыру брокерінің басшы қызметкерлеріне қойылатын талаптар
1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалдары мен өкілдіктерінің басшыларын және олардың бас бухгалтерлерін қоспағанда, басқару органының басшысы мен мүшелері, атқарушы органның басшысы мен мүшелері, бас бухгалтер, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының құрылымдық бөлімшелерінің қызметін үйлестіруді және (немесе) бақылауды жүзеге асыратын және сақтандыру қызметін және (немесе) инвестициялық қызметті жүргізуге негіз болатын құжаттарға қол қою құқығы бар сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өзге де басшылары сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының басшы қызметкерлері болып танылады.
Басшы және оның орынбасарлары, бас бухгалтер сақтандыру брокерінің басшы қызметкерлері болып танылады.
2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, сақтандыру брокері қаржы жылы аяқталғаннан кейін күнтізбелік бір жүз жиырма күн ішінде уәкілетті органға сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, сақтандыру брокері сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру брокерінің барлық басшы қызметкерлеріне қаржы жылы ішінде төлеген кірістер туралы мәліметтерді қамтитын есептілікті уәкілетті органның нормативтік-құқықтық актісінде белгіленген нысан бойынша ұсынуға міндетті.
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру брокерінің басшы қызметкерлеріне еңбекақы төлеу, ақшалай сыйақы, сондай-ақ оларға материалдық көтермелеудің басқа да түрлерін есептеу бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру брокерінің ішкі саясатына қойылатын талаптар уәкілетті органның нормативтік-құқықтық актісінде айқындалады.»;
3. Мыналар:
1) жоғары білімі жоқ;
2) тізбесін уәкілетті орган белгілейтін халықаралық қаржы ұйымдарында осы бапта белгіленген еңбек өтілі және (немесе) қаржылық көрсетілетін қызметтерді ұсыну және (немесе) реттеу және (немесе) қаржы ұйымдарының аудитін жүргізу жөніндегі қызметтер көрсету саласында еңбек өтілі жоқ;
3) мінсіз іскерлік беделі жоқ;
4) уәкілетті орган қаржы ұйымын таратуға және (немесе) оның қаржы нарығында қызметті жүзеге асыруын тоқтатуға алып келген қаржы ұйымын консервациялау не оның акцияларын мәжбүрлеп иелену, оны лицензиясынан айыру туралы шешім қабылдағанға дейін не Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе оны банкрот деп тану туралы сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін бір жылдан аспайтын кезеңде бұрын қаржы қаржы ұйымының басқару органының басшысы, мүшесі, атқарушы органының басшысы, мүшесі, бас бухгалтер, ірі қатысушы - жеке тұлға, сақтандыру ұйымының ірі қатысушысы (сақтандыру холдингі) - заңды тұлғаның басшысы болған адам сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және сақтандыру брокерінің басшы қызметкері болып тағайындала (сайлана) алмайды.
Көрсетілген талап уәкілетті орган қаржы ұйымын таратуға және (немесе) оның қаржы нарығында қызметті жүзеге асыруын тоқтатуға алып келген қаржы ұйымын консервациялау не оның акцияларын мәжбүрлеп иелену, оны лицензиясынан айыру туралы шешім қабылдағаннан кейін не Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе оны банкрот деп тану туралы сот шешімі заңды күшіне енгеннен кейін бес жыл бойы қолданылады;
5) осы және (немесе) өзге қаржы ұйымында басшы қызметкер лауазымына тағайындауға (сайлауға) берілген келісім кері қайтарып алынған адам сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және сақтандыру брокерінің басшы қызметкері болып тағайындала (сайлана) алмайды. Көрсетілген талап уәкілетті орган басшы қызметкер лауазымына тағайындауға (сайлауға) келісімді кері қайтарып алу туралы шешімді қабылдағаннан кейін қатарынан соңғы он екі ай бойы қолданылады.
Сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған не тағайындау (сайлау) күніне дейін үш жыл ішінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін тәртіптік жауаптылыққа тартылған адам да сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының басшы қызметкері болып тағайындала (сайлана) алмайды;
6) қатарынан төрт және одан да көп кезең ішінде шығарылған эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша купондық сыйақы төлеу жөніндегі дефолтқа жол берген не шығарылған эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша купондық сыйақы төлеу бойынша берешегінің сомасы купондық сыйақының төрт еселенген және (немесе) одан да көп мөлшерін құрайтын не шығарылған эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша негізгі борышты төлеу бойынша дефолт мөлшері төлем күніне республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштен он мың есе асатын соманы құрайтын дефолтқа жол берген, бұрын қаржы ұйымының директорлар кеңесінің басшысы, мүшесі, басқарма басшысы, мүшесі, бас бухгалтер, ірі қатысушы (ірі акционер) - жеке тұлға, ірі қатысушы (ірі акционер) - заңды тұлға - эмитенттің директорлар кеңесінің басшысы, мүшесі, атқарушы органның басшысы, мүшесі, бас бухгалтері болған адам сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және сақтандыру брокерінің басшы қызметкері болып тағайындала (сайлана) алмайды. Көрсетілген талап осы тармақшада көзделген мән-жайлар туындаған кезден бастап бес жыл бойы қолданылады.
4. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының атқарушы органының басшысы лауазымына тағайындала (сайлана) алмайды.
Атқарушы орган мүшелерінің саны кемінде үш адам болуға тиіс.
5. Осы баптың 3-тармағының 2) тармақшасында көзделген талапқа сәйкес келуі үшін:
1) бас қаржы ұйымының атқарушы органының мүшесі болып табылатын басқару органының басшысы немесе мүшесі, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы атқарушы органының басшысы, бас бухгалтері және сақтандыру брокерінің басшысы лауазымдарына кандидаттар үшін кемінде үш жыл;
2) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының басқару органының басшысы, атқарушы органының мүшелері, сақтандыру брокерінің бас бухгалтері және басшысының орынбасары лауазымдарына кандидаттар үшін - кемінде екі жыл;
3) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының құрылымдық бөлімшелерінің қызметін үйлестіруді және (немесе) бақылауды жүзеге асыратын және сақтандыру және (немесе) инвестициялық қызметті жүргізуге негіз болатын құжаттарға қол қою құқығы бар сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өзге басшылары лауазымдарына кандидаттар үшін - кемінде бір жыл еңбек өтілі болуы қажет.
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тек қауіпсіздік мәселелеріне, әкімшілік-шаруашылық мәселелеріне ғана жетекшілік ететін басқару органының мүшелері, сондай-ақ атқарушы органның мүшелері лауазымдарына кандидаттар үшін осы баптың 3-тармағының 2) тармақшасында көзделген еңбек өтілінің болуы талап етілмейді.
Осы тармақта айқындалған еңбек өтіліне қаржы ұйымының бөлімшелеріндегі шаруашылық қызметті жүзеге асыруға байланысты жұмыс кірмейді.