2008.24.12. № 111-III ҚР Заңымен 7) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
7) агроөнеркәсіптiк кешен мен ауылдық аумақтар саласында жедел ақпарат жинауды жүргiзу және оны облыстың жергiлiктi атқарушы органына (әкiмдiгiне) беру;
2014.17.01. № 165-V ҚР Заңымен 7-1) тармақшамен толықтырылды
7-1) тиісті өңірде азық-түлік тауарлары қорларын есепке алуды жүргізу және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi атқарушы органдарына (әкiмдiктерiне) есептілік ұсыну;
2008.24.12. № 111-III ҚР Заңымен 8) тармақшамен толықтырылды; 2011.26.01. № 400-IV ҚР Заңымен 8) тармақша өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.17.01. № 165-V ҚР Заңымен 8) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
8) ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін және тұратын денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарды Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген әлеуметтік қолдау шараларын қолдану жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;
2014.17.01. № 165-V ҚР Заңымен 8-1) тармақшамен толықтырылды
8-1) «Агроөнеркәсіп кешеніндегі үздік кәсіп иесі» конкурсын өткізу;
2011.26.01. № 400-IV ҚР Заңымен 9) тармақшамен толықтырылды (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді)
9) жергілікті мемлекеттік басқару мүдделерінде Қазақстан Республикасының заңнамасында жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру кіреді.
2013.03.07. № 121-V ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
5. Республикалық маңызы бар қаладағы (астанадағы) аудандар, аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар, ауылдық округтер әкiмдерiнiң құзыретiне:
1) 2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2) 2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2014.17.01. № 165-V ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3) Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен ауыл шаруашылығы жануарларын бiрдейлендiруді жүргізуге қатысу;
2014.17.01. № 165-V ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4) ауыл шаруашылығы жануарларын қолдан ұрықтандыратын, мал шаруашылығы өнiмi мен шикiзатын дайындайтын мемлекеттік пункттердің, сою алаңдарының (ауыл шаруашылығы жануарларын сою алаңдарының), мал қорымдарының (биотермиялық шұңқырлардың), пестицидтердi, улы химикаттарды және олардың ыдыстарын арнайы сақтау орындарының (көмінділердің) жұмыс iстеуiне жәрдемдесу;
5) агроөнеркәсiптiк кешен мен ауылдық аумақтар саласында жедел ақпарат жинауды жүзеге асыру және оны аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергiлiктi атқарушы органдарына (әкiмдiктерiне) беру;
6) ауыл шаруашылығы санағын жүргiзуге қатысу;
7) микрокредит беру бағдарламаларына қатысуы үшiн табысы төмен адамдарды анықтау;
2011.26.01. № 400-IV ҚР Заңымен 8) тармақша өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
8) ауылдық елдi мекендердi абаттандыру, жарық беру, көгалдандыру және санитариялық тазарту жөніндегi жұмыстарды ұйымдастыру;
2014.17.01. № 165-V ҚР Заңымен 8-1) тармақшамен толықтырылды
8-1) «Агроөнеркәсіп кешеніндегі үздік кәсіп иесі» конкурсын өткізу;
2011.26.01. № 400-IV ҚР Заңымен 9) тармақшамен толықтырылды (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді)
9) жергілікті мемлекеттік басқару мүдделерінде Қазақстан Республикасының заңнамасында олардың қарауына жатқызылған өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру кіреді.
8-бап. Жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамыту саласындағы құзыреті
Жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамыту саласындағы құзыретiне Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгiленген өкiлеттiктер шегінде жергілiктi маңызы бар мәселелердi шешуге халықтың қатысуын қамтамасыз ету кіредi.
3-тарау. АГРОӨНЕРКӘСIПТIК КЕШЕНДI ЖӘНЕ АУЫЛДЫҚ АУМАҚТАРДЫ ДАМЫТУДЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ
9-бап. Агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу
1. Агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу азық-түлік қауiпсіздiгін, агроөнеркәсіптік кешен өнiмi нарықтарының тұрақтылығын қамтамасыз етуге, кәсіпкерлiктің тиiмдi жүйесiн құруға, отандық өнiмнiң бәсекелестiк артықшылығын қолдауға, сондай-ақ, өсiмдiк шаруашылығын, мал шаруашылығын, балық шаруашылығын, ауыл шаруашылығы шикiзатын қайта өңдеудi және тамақ өнеркәсiбін дамыту үшiн жағдай жасау арқылы ауыл халқының тұрмыс деңгейiн көтеруге, ветеринариялық-санитариялық және фитосанитариялық қауіпсiздiктi, техникалық жарақтандыру мен басқа да iлеспе қызмет салаларын қамтамасыз етуге, ауылдық аумақтардың әлеуметтiк және инженерлiк инфрақұрылымын дамытуға бағытталған.
2. Агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу:
1) агроөнеркәсіптік кешен мен ауылдық аумақтар саласында кредит берудi дамыту;
2) агроөнеркәсiптiк кешендi субсидиялау;
2012.10.07. № 33-V ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) сатып алу және тауар интервенцияларын жүргізу;
2014.17.01. № 165-V ҚР Заңымен 3-1) тармақшамен толықтырылды
3-1) ауылшаруашылық өнімін кепілдендірілген сатып алу бағасы бойынша сатып алу;
4) мамандандырылған ұйымдар құру;
5) агроөнеркәсiптік кешен тауарларының экспорты мен импортын реттеу;
6) агроөнеркәсіптiк кешендi техникалық жарақтандыру;
7) агроөнеркәсіптiк кешендi ақпараттық-маркетингтiк қамтамасыз ету;
8) агроөнеркәсіптiк кешенді ғылыми, нормативтік-әдістемелік қамтамасыз ету және ол үшін кадрлар даярлау;
9) ауылдық аумақтардың әлеуметтiк және инженерлiк инфрақұрылымының дамуын инвестициялауды жүзеге асыру;
10) ауылды оңтайлы қоныстандыруды ұйымдастыру;
11) ветеринариялық-санитариялық және фитосанитариялық қауіпсiздiктi қамтамасыз ету;
2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен 11-1) тармақшамен толықтырылды
11-1) суармалы жерлердің мелиорациялық жай-күйінің мониторингі және оны бағалау шығындарын қаржыландыру;
12) салықтық, бюджеттік, кедендiк-тарифтiк, техникалық реттеу шаралары мен Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес өзге де шараларды қолдану арқылы жүзеге асырылады.
3. Агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды мемлекеттік реттеудiң осы баптың 2-тармағында белгiленген iс-шаралары:
1) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерiне;
2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарына сәйкес көзделген бағыттар бойынша қаржыландырылады.
Осы ic-шараларды қаржыландырудың жыл сайынғы көлемi тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңмен және мәслихаттардың жергiлiктi бюджет туралы шешiмдерiмен белгiленедi.
10-бап. Агроөнеркәсiптiк кешен мен ауылдық аумақтар саласында кредит берудi дамыту
1. Агроөнеркәсіптiк кешен мен ауылдық аумақтар саласында кредит берудi дамытуды мемлекеттік реттеу Қазақстан Республикасының бюджеттік заңнамасына сәйкес бюджеттік кредит беру не мамандандырылған ұйымдардың жарғылық капиталын қалыптастыруға немесе ұлғайтуға қатысу арқылы жүзеге асырылады.
2. Агроөнеркәсіптiк кешен мен ауылдық аумақтар саласында кредит берудi дамыту осы Заңның 9-бабының 3-тармағында көзделген ережелер ескеріле отырып:
1) ауыл шаруашылығы өндiрiсiнiң инфрақұрылымын құру және дамыту;
2010.21.01. № 242-IV ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) ауыл шаруашылығы техникасы мен технологиялық жабдықтарының, балық шаруашылығына арналған жабдықтардың және аулау құралдарының лизингi;
3) агроөнеркәсiптiк кешенде кредит берудi жүзеге асыратын кредиттiк серiктестiктердi ұйымдастыру және оларға кредит беру;
4) ауылдық жерлердегi кәсiпкерлiк қызметтiң ауыл шаруашылығына жатпайтын түрлерiне кредит беру;
5) ауыл шаруашылығы өнiмін сатып алу, өндiру, қайта өңдеу және өткізу;
2010.21.01. № 242-IV ҚР Заңымен 5-1) тармақшамен толықтырылд (2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
5-1) жасанды түрде балық өсіру және балық өнімін өңдеу;
2016.09.04. № 499-V ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
6) ауыл халқына микрокредит берудi, сондай-ақ осы Заңда көзделген жағдайларда жеке және заңды тұлғаларға субсидиялар төлеуді ұйымдастыру жасалған шарт негізінде Ұлттық пошта операторының өндірістік объектілері арқылы жүргiзiледi.
11-бап. Агроөнеркәсiптiк кешендi субсидиялау
1. Агроөнеркәсiптiк кешен субъектiлерiн субсидиялау:
1) агроөнеркәсiптiк кешен салаларын дамытуға бағытталған субсидиялаудың экономикалық тиiмдiлігі;
2) өндiрiлген өнiмнiң сапасын және бәсекеге қабілеттілігiн арттыру жағдайында агроөнеркәсiптiк кешен салаларының дамуын экономикалық ынталандыру ретiнде жүзеге асырылады.
2011.26.01. № 400-IV ҚР Заңымен (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді
2. Агронеркәсіптік кешенді субсидиялау агронеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен осы Заңның 9-бабының 3-тармағында көзделген ережелер ескеріле отырып, мынадай бағыттар бойынша:
2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакциядаі (бұр.ред.қара)
1) агроөнеркәсіптік кешен субъектілері үшін ауыл шаруашылығы техникасының лизингі, кредиттер және технологиялық жабдық лизингі бойынша сыйақы мөлшерлемелерін арзандату;
2014.17.01. № 165-V ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды
1-1) агроөнеркәсіптік кешен субъектісі инвестициялық салынымдар кезінде жұмсаған шығыстардың бір бөлігінің орнын толтыру бойынша субсидиялау;
2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен 1-2) тармақшамен толықтырылды (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
1-2) ауыл шаруашылығы малын сатып алуға кредит беру және лизинг кезінде сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау;
2) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2007 жылғы 27 наурыздағы № 242-III ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
3) тұқым шаруашылығын дамыту;
4) мал шаруашылығы өнiмiнiң өнiмдiлiгi мен сапасын арттыру;
2010.21.01. № 242-IV ҚР Заңымен 4-1) тармақшамен толықтырылд (2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
4-1) акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімділігін және өнімінің сапасын арттыру;
2007 жылғы 27 наурыздағы № 242-III ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакциядаі (бұр. ред. қара); 2009.11.12. № 229-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.26.01. № 400-IV ҚР Заңымен (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 5) тармақша өзгертілді
5) басым дақылдар өндіруді субсидиялау арқылы өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыру, жанар-жағармай материалдарының және көктемгі егіс пен егін жинау жұмыстарын жүргізуге қажетті басқа да тауар-материалдық құндылықтардың құнын арзандату;
2009.11.12. № 229-IV ҚР Заңымен 5-1) тармақшамен толықтырылды
5-1) отандық ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге тыңайтқыштардың (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) құнын арзандату;
2009.11.12. № 229-IV ҚР Заңымен 5-2) тармақшамен толықтырылды; 2012.10.07. № 33-V ҚР Заңымен 5-2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5-2) өсімдіктерді қорғау мақсатында ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтердің, биоагенттердің (энтомофагтардың) және биопрепараттардың құнын арзандату;
2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен 5-3) тармақшамен толықтырылды; 2014.17.01. № 165-V ҚР Заңымен 5-3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5-3) ауылшаруашылық тауарларын өндiрушiлерге суды беру бойынша көрсетiлетiн қызметтердiң құнын субсидиялау;
2014.17.01. № 165-V ҚР Заңымен 5-4) тармақшамен толықтырылды
5-4) шитті мақта мен мақта талшығы сапасының сараптамасына арналған шығындарды субсидиялау;
2014.17.01. № 165-V ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
6) ауылшаруашылық өнiмiн өндiруді басқару жүйелерiн дамыту;
7) асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту;
2009.11.12. № 229-IV ҚР Заңымен 8) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
8) жемiс-жидек дақылдарының және жүзiмнің көп жылдық көшеттерiн отырғызу және өсіру (оның ішінде қалпына келтіру);
2009.11.12. № 229-IV ҚР Заңымен мазмұн 8-1), 8-4) тармақшалармен толықтырылды
8-1) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын сатып алу кезінде халықтың табысы аз топтарын қолдау;
8-2) ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өсіру;
8-3) отандық ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу үлесін ұлғайту;
8-4) 2015.27.11. № 424-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2014.17.01. № 165-V ҚР Заңымен 8-5) тармақшамен толықтырылды
8-5) қайта өңдеуші кәсіпорындардың ауылшаруашылық өнімін тереңдете қайта өңдеп өнім шығаруы үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялау;
2014.17.01. № 165-V ҚР Заңымен 8-6) тармақшамен толықтырылды
8-6) агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің қарыздарын кепілдендіру мен сақтандыру шеңберінде субсидиялау;
2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен 8-7) тармақшамен толықтырылды (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді және 2020 ж. 31 желтоқсанға дейін қолданылады)
8-7) агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдарға есептелген қосылған құн салығы шегінде бюджетке төленген қосылған құн салығы сомасын субсидиялау;
2015.29.10. № 373-V ҚР Заңымен 8-8) тармақшамен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
8-8) ауыл шаруашылығы кооперативтерінің тексеру одақтарының ауыл шаруашылығы кооперативтерінің ішкі аудитін жүргізуге арналған шығыстарын субсидиялау;
9) агроөнеркәсiптiк кешендi субсидиялаудың Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген өзге де бағыттары бойынша жүзеге асырылады.
3. 2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2009.11.12. № 229-IV ҚР Заңымен 4-тармақпен толықтырылды; 2011.26.01. № 400-IV ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Агроөнеркәсіп кешенін субсидиялау:
2015.04.12. № 435-V ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
1) субсидия алушы мемлекеттік статистика органдарына алынған өнімнің жалпы түсімі және оның ай сайын жұмсалуы туралы дәйекті мемлекеттік статистикалық есептілікті беру туралы агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы және ауылдық аумақтарды дамыту саласындағы уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша міндеттеме қабылдаған жағдайда, агроөнеркәсіптік кешенді субсидиялау қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
2) 2015.04.12. № 435-V ҚР Заңымен алып тасталды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен 5-тармақпен толықтырылды (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді және 2020 ж. 31 желтоқсанға дейін қолданылады); 2015.27.11. № 424-V ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
5. Осы баптың 2-тармағының 8-7) тармақшасында көзделген қосылған құн салығы сомасын субсидиялау тиісті жылы мынадай ауыл шаруашылығы өнімдерін:
1) тірі ірі қара малды;
2) тірі жылқыларды және басқа да жылқы тұқымдас жануарларды;
3) тірі түйелерді және түйе тектілерді;
4) тірі қойлар мен ешкілерді;
5) тірі шошқаларды;
6) тірі үй құсын;
7) тауықтың шағылмаған жаңа жұмыртқасын;
8) ірі қара малдың, шошқалардың, қойлардың, ешкілердің, жылқылар мен жылқы тұқымдас жануарлардың жас немесе тоңазытылған етін;
9) сауын ірі қара малдың шикі сүтін;
10) үй құсының жас немесе тоңазытылған етін;
11) картопты;
12) сәбізді;
13) қырыққабатты;
14) баклажанды;
15) қызанақты;
16) қиярды;
17) сарымсақты;
18) пиязды;
19) қант қызылшасын;
20) алмаларды;
21) алмұрттарды;
22) айваны;
23) өріктерді;
24) шиені;
25) шабдалыны;
26) қара өрікті;
27) ірі қара малдың, жылқы тұқымдас жануарлардың, қойлардың, ешкілердің түтілген жүнін, терісі мен иленбеген былғарысын өткізуден түскен табысы күнтізбелік жыл қорытындысы бойынша жылдық жиынтық табысының кемінде 90 пайызын құрайтын агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдарға ұсынылады.
Осы тармақты қолдану мақсатында өнім түрлерін айқындау (осы тармақтың бірінші бөлігінің 1) тармақшасында көрсетілген өнім түрінен басқа) техникалық реттеу саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен Экономикалық қызмет түрлері бойынша өнім сыныптауышына сәйкес жүзеге асырылады.
Осы тармақта көзделген субсидияны беру, сондай-ақ субсидия беру үшін белгіленген шарттар орындалмаған жағдайда, осындай субсидия шеңберінде алынған ақшаны қайтару тәртібі мен мерзімдерін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органмен және салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органмен келісу бойынша агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті орган бекітеді.
12-бап. Аграрлық азық-түлiк нарықтарын мемлекеттік реттеу
1. Азық-түлiк қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету және отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлердi қолдау мақсатында аграрлық азық-түлiк нарықтарын мемлекеттік реттеу:
2012.10.07. № 33-V ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) сатып алу және тауар интервенцияларын жүргізу;
2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2015.08.06. № 317-V ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кедендік-тарифтік, тарифтік емес реттеу шараларымен ішкi нарықты қорғау, арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шараларын қолдану арқылы жүзеге асырылады.
2009.11.12. № 229-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.26.01. № 400-IV ҚР Заңымен (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді; 2012.10.07. № 33-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Азық-түлік тауарларының нарығын тұрақтандыру мақсатында мемлекет сатып алу және тауар интервенцияларын жүзеге асырады.
2011.26.01. № 400-IV ҚР Заңымен (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.10.07. № 33-V ҚР Заңымен (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3-тармақ жаңа редакцияда
3. Сатып алу және тауар интервенцияларын мамандандырылған ұйымдар азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорларын қалыптастыру және пайдалану қағидаларына сәйкес жүзеге асырады.
2012.10.07. № 33-V ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Егін жинау кезеңінде өсімдік шаруашылығы өнімдері бойынша тауар интервенцияларын жүзеге асыруға жол берілмейді.
5. 2012.10.07. № 33-V ҚР Заңымен алып тасталды (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
13-бап. Ветеринариялық-санитариялық және фитосанитариялық қауiпсіздiктi қамтамасыз ету
1. Ветеринариялық-санитариялық және фитосанитариялық қауiпсіздiктi қамтамасыз ету Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
2. Мемлекет ауыл шаруашылығы өнiмінің сапасы мен қауіпсiздігін халықаралық талаптарға сәйкес келтiру мақсатында:
2014.17.01. № 165-V ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау мен қадағалауды және фитосанитариялық бақылауды жүргiзу;
2014.17.01. № 165-V ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2) ветеринария саласындағы уәкiлеттi органның ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтетiн тiзбе бойынша жануарлардың аса қауіпті ауруларының профилактикасы, диагностикасы және оларды жою;
2014.17.01. № 165-V ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3) ауыл шаруашылығы жануарларын қолдан ұрықтандыратын, мал шаруашылығы өнiмi мен шикiзатын дайындайтын мемлекеттiк пункттердi, сою алаңдарын (ауыл шаруашылығы жануарларын сою алаңдарын), мал қорымдарын (биотермиялық шұңқырларды), пестицидтердi, улы химикаттарды және олардың ыдыстарын арнайы сақтау орындарын (қорымдарды) ұйымдастыру;
4) Қазақстан Республикасының аумағын қорғауға және мал мен адамға ортақ аурулардың таралуына жол бермеуге бағытталған ветеринариялық iс-шараларды;
5) зиянды және аса қауiптi зиянды организмдердiң таралуына жол бермеуге, Қазақстан Республикасының аумағын карантиндiк объектiлерден қорғауға, сондай-ақ олардың таралу ошақтарын анықтауға, шектеуге және жоюға бағытталған фитосанитариялық iс-шараларды;
6) малдың және адамның денсаулығына қауіп төндiретiн малды, малдан алынатын өнiмдер мен шикiзатты алып қою және жою салдарынан агроөнеркәсiптiк кешен субъектiлерiне келтiрiлген залалды өтеу iс-шараларын жүзеге асырады.
2014.17.01. № 165-V ҚР Заңымен 13-1-баппен толықтырылды
13-1-бап. Ауылшаруашылық өндірісіне агрохимиялық қызмет көрсетуді қамтамасыз ету
1. Ауылшаруашылық өндірісіне агрохимиялық қызмет көрсетуді Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын мемлекеттік мекеме жүзеге асырады.
2. Мемлекеттік мекеменің функциялары:
топырақты агрохимиялық зерттеп қарауды жүргізу;
ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің құнарлылығына мониторинг жүргізу;
топырақ құнарлылығы деңгейінің болжамы мен динамикасын жүргізу;
агрохимикаттарды сынақтан өткізу;
ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің агрохимиялық жай-күйі туралы ақпараттық деректер банкін құру және жүргізу;
өсімдік шаруашылығы өнімінің және оны қайта өңдеуден алынған өнімдердің сапасын бағалау болып табылады.
3. Мемлекеттік мекеме:
топырақты агрохимиялық зерттеп қарауды жүргізу;
агрохимикаттарды сынақтан өткізу;
агрохимикаттардың сандық және сапалық көрсеткіштерін айқындау;
өсімдік шаруашылығы өнімінің және оны қайта өңдеуден алынған өнімдердің сапасын бағалау;
жер учаскелері меншік иелерінің және жер пайдаланушылардың өтініші бойынша топырақтың құрамындағы макро-, микроэлементтерді, ауыр металдарды, су сіріндісін қосымша зерттеп қарауды жүргізу;
сынақтан өткізу нәтижелері бойынша қорытынды бере отырып, аспаптар мен зертхана жабдығын, агрохимия саласындағы химиялық талдамалардың әдістемелерін байқаудан өткізу;
топыраққа, өсімдік шаруашылығы өніміне және оны қайта өңдеуден алынған өнімдерге, агрохимикаттарға химиялық талдаулар жүргізудің, тыңайтқыштар жүйесін жасаудың, жер учаскелерін пайдаланудың әдістері мен қағидалары жөнінде консультациялық қызметтер көрсету бойынша ақылы қызметтер көрсетуге құқылы.
4. Мемлекеттік мекемені қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
14-бап. Агроөнеркәсiптiк кешендi техникалық қамтамасыз ету
Агроөнеркәсiптiк кешендi техникалық қамтамасыз етудi мемлекеттік реттеу:
1) машина-трактор паркiн және технологиялық құрал-жабдықтарды жаңартуды ұйымдастыру;
2) машина-технологиялық станциялар (сервис орталықтары) желісін дамыту және олардың қызметiнiң мониторингiн жүзеге асыру;
3) ауыл шаруашылығы машиналарын жасаудың отандық және шетелдiк өндiрiсi өнiмдерiн сынақтан және мiндеттi сертификаттаудан өткізу;
4) мемлекеттік техникалық инспекция жүргiзу арқылы жүзеге асырылады.
2014.17.01. № 165-V ҚР Заңымен 14-1-баппен толықтырылды
14-1-бап. Агрохимикаттарды мемлекеттік тіркеу
1. Агрохимикаттарды мемлекеттік тіркеу оларды сынақтан өткізу қорытындылары бойынша жүргізіледі.
2. Мемлекеттік тіркеуден өткен агрохимикаттарды қолдануға рұқсат етіледі және оларды агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті орган агрохимикаттардың тізіміне енгізеді.
3. Сынақтан өткізу және ғылыми зерттеулер үшін әкелінетін тәжірибелік үлгілерді қоспағанда, мемлекеттік тіркеуден өтпеген агрохимикаттарды өндіруге, әкелуге, сақтауға, тасымалдауға, өткізуге және қолдануға тыйым салынады.
Сынақтан өткізу және ғылыми зерттеулер үшін әкелінетін агрохимикаттардың көлемін агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті орган айқындайды.
4. Агрохимикаттарды сынақтан өткізу жеке және заңды тұлғалардың қаражаты есебінен жүргізіледі.
15-бап. Агроөнеркәсiптiк кешендi ақпараттық-маркетингтiк қамтамасыз ету
1. Агроөнеркәсiптiк кешендi ақпараттық-маркетингтік қамтамасыз ету:
1) агроөнеркәсіптiк кешеннiң ақпараттық-маркетингтiк жүйесiн ұйымдастыру;
2007 жылғы 27 наурыздағы № 242-III ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды