Уәкілетті орган кәсіпкерлік қызмет субъектілерінің хабарламасында көрсетілген жаңартылатын энергия көздерін және (немесе) қайталама энергетикалық ресурстарды пайдалану объектісін жоспарланып отырған іске қосу бойынша мерзімдер асып кеткен жағдайда, осы субъектінің өтініші негізінде мерзімдерді түзетуді жүргізеді.»;
6-тармақ алып тасталсын;
7-тармақта:
екінші бөліктегі «және тасқындық электр энергиясын өндіру мен желіге жіберуді (суды табиғат қорғау мақсатында ағызу кезеңінде және тасқындық электр энергиясы көлемінде) жүзеге асыратын энергия өндіруші ұйымдар (гидроэлектр станциялары)» деген сөздер алып тасталсын;
үшінші бөлік алып тасталсын;
6-тармақтың 10) тармақшасының он бесінші және он алтыншы абзацтары 2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі
мынадай мазмұндағы 7-1-тармақпен толықтырылсын:
«7-1. Осы Заңның 9-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес жаңартылатын энергия көздерін және (немесе) қайталама энергетикалық ресурстарды пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдардан электр энергиясын сатып алуды жүзеге асыратын басым тұтынушылар Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен энергия беруші ұйымдардың осы электр энергиясын беруге көрсетілетін қызметіне арналған тарифке уақытша төмендету коэффициентін алуға құқылы.»;
11) 10-баптың 5-тармағындағы «және жылу» деген сөздер алып тасталсын;
12) 11-1-бап мынадай мазмұндағы үшінші, төртінші және бесінші бөліктермен толықтырылсын:
6-тармақтың 12) тармақшасының екінші және үшінші абзацтары 2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі
«Осы Заңның 9-бабы 2-2-тармағы екінші бөлігінің күші энергия өндіруші ұйымдары 2020 жылы электр энергиясын қаржы-есеп айырысу орталығына сатуды жүзеге асырған басым тұтынушыларға олар қаржы-есеп айырысу орталығымен жасасқан сатып алу-сату шарттарының қолданысы тоқтатылғанға дейін қолданылады.
Осы Заңның 9-бабы 7-1-тармағының күші 2022 жылғы 1 қаңтарға дейін туындаған құқықтық қатынастарға қолданылмайды.
Осы Заңның 9-бабы 8-тармағының күші жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдарға қатысты олардың жаңартылатын энергия көздерін қолдау бойынша қаржы-есеп айырысу орталығымен электр энергиясын сатып алу-сату шарттарының қолданысы тоқтатылғаннан кейін қолданысын тоқтатады.».
7. «Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы» 2012 жылғы 13 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 8-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Тұтынушылар Қазақстан Республикасының жылу энергетикасы туралы заңнамасына және жасалған шарттарға сәйкес жылу энергиясын есепке алу аспаптарының болуына немесе болмауына, тұтыну көлеміне қарай және (немесе) өзге де өлшемшарттар бойынша сараланған тарифтер бойынша тұтынылған жылу энергиясы үшін ақы төлеуді жүргізеді.»;
7-тармақтың 2) тармақшасы 2026 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
2) мынадай мазмұндағы 15-1-баппен толықтырылсын:
«15-1-бап. Ғимараттардың, құрылыстар мен құрылысжайлардың энергия тиімділігі сыныбының талаптарына сәйкестігін жобадан кейінгі талдау
1. Ғимараттардың, құрылыстар мен құрылысжайлардың энергия тиімділігі сыныбының талаптарына сәйкестігін жобадан кейінгі талдау (бұдан әрі - жобадан кейінгі талдау) жаңа ғимараттар, құрылыстар мен құрылысжайлар салу немесе бұрыннан бар ғимараттарды, құрылыстар мен құрылысжайларды өзгерту (кеңейту, жаңғырту, техникалық қайта жарақтандыру, реконструкциялау, күрделі жөндеу) жобалары бойынша іске асырылған қызметтің сәйкестігін растау мақсатында уәкілетті орган айқындаған тәртіппен жүргізіледі.
2. Жобадан кейінгі талдау тиісті ғимарат, құрылыс және құрылысжай пайдалануға берілгеннен кейін он сегіз ай ішінде жүргізіледі.
3. Осы баптың 2-тармағында көрсетілген мерзімнен кешіктірілмей жобадан кейінгі талдау нәтижелері бойынша қорытынды дайындалады, онда жаңа ғимараттар, құрылыстар мен құрылысжайлар салу немесе бұрыннан бар ғимараттарды, құрылыстар мен құрылысжайларды өзгерту (кеңейту, жаңғырту, техникалық қайта жарақтандыру, реконструкциялау, күрделі жөндеу) жобалары бойынша іске асырылған қызметтің сәйкестігі немесе сәйкес еместігі туралы тұжырым жасалады.
4. Жобадан кейінгі талдау қорытындылары бойынша ғимараттардың, құрылыстар мен құрылысжайлардың энергия тиімділігі сыныбының талаптарына сәйкес еместігі анықталған жағдайда, тиісті ғимараттың, құрылыстың және құрылысжайдың тапсырыс берушісі мен құрылыс салушысына Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында айқындалған мерзім ішінде олардың осындай сәйкессіздікті жоюы үшін қорытынды жіберіледі.»;
7-тармақтың 3) тармақшасы 2026 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
3) 20-бап мынадай мазмұндағы 6-3) тармақшамен толықтырылсын:
«6-3) жобадан кейінгі талдауды жүзеге асырады;».
8. «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына:
8-тармақтың 1) тармақшасы 2027 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
1) 1-қосымшаның 5-жолы 3-бағаны 1-тармағының 3) тармақшасындағы «жылумен жабдықтау, сондай-ақ қонысаралық аумақтарда орналасатын өндiрiстiк кешендердi жылумен жабдықтау схемаларын» деген сөздер «жылумен жабдықтауды, сондай-ақ қонысаралық аумақтарда орналасатын өндiрiстiк кешендердi жылумен жабдықтауды дамыту схемаларын» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 3-қосымшаның 8-тармағы «объектілерін» деген сөзден кейін «, жылу энергиясы көздерін, орталықтандырылған жылумен жабдықтау жүйесінің жылу желілерін» деген сөздермен толықтырылсын.
9. «Табиғи монополиялар туралы» 2018 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 4-бапта:
9-тармақтың 1) тармақшасының екінші және үшінші абзацтары 2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі
10) тармақшаның екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«орталықтандырылған немесе жергілікті жылумен жабдықтау жүйелеріне жататын, жалпы белгіленген қуаты сағатына жиырма Г/кал-ды қоса алғанға дейін болатын жылыту қазандықтарынан жылу энергиясын өндіру, беру, тарату және өткізу жөніндегі;»;
мынадай мазмұндағы 11-1) тармақшамен толықтырылсын:
«11-1) негізделмеген кіріс - уәкілетті органның ведомствосы бекіткен тарифті асырып көрсету, оның ішінде көрсетілетін қызметтерді есепке алу аспабының көрсеткіштері, тұтыну көлемі, шамасы және нормалары бойынша құқыққа сыйымсыз есепке жазу және (немесе) тарифтік сметада көзделген амортизациялық аударымдар қаражатын мақсатсыз пайдалану, уәкілетті органның ведомствосы бекіткен мөлшердің бес пайызынан астамға тарифтік смета шығындарының баптарын орындамау, инвестициялық бағдарламаларды орындауға тарифтік сметада көзделген қаражатты игермеу немесе мақсатсыз пайдалану нәтижесінде субъект алған қосымша кіріс;»;
16) тармақшада:
үшінші абзац «су бұру» деген сөздерден кейін «, сондай-ақ жылу энергиясын беру және тарату» деген сөздермен толықтырылсын;
төртінші абзацтағы «жылу энергиясымен жабдықтау» деген сөздер «жылу энергиясын өткізу» деген сөздермен ауыстырылсын;
19) тармақшадағы «жылу энергиясымен жабдықтаудың» деген сөздер «жылу энергиясын өткізудің» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 32-1) тармақшамен толықтырылсын:
«32-1) уәкілетті органның ақпараттық жүйесі - табиғи монополиялар және қоғамдық маңызы бар нарықтар саласындағы тарифтік реттеу жүйесі;»;
9-тармақтың 2) тармақшасы 2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі
2) 5-баптың 1-тармағының 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) топырақтың жылуын, жерасты суларын, өзендерді, су айдындарын, өнеркәсіптік кәсіпорындар мен электр станцияларының, кәріздік-тазарту құрылысжайларының сарқынды суларын пайдалана отырып өндірілген жылу энергиясын қоспағанда, орталықтандырылған жылумен жабдықтау жүйелерінде және жергілікті жылумен жабдықтау жүйелерінде жылу энергиясын өндіру, беру, тарату және өткізу жөніндегі;»;
3) 8-бапта:
мынадай мазмұндағы 4-1) және 17-1) тармақшалармен толықтырылсын:
«4-1) табиғи монополиялар субъектілерінің ұсынылған деректері негізінде сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізілімін қалыптастырады және жүргізеді;»;
«17-1) бекітілген инвестициялық бағдарламаның орындалуына техникалық сараптама жүргізу, реттеліп көрсетілетін қызметтердің сапасы мен сенімділігі көрсеткіштерін сақтау және табиғи монополиялар субъектілері қызметінің тиімділігі көрсеткіштеріне қол жеткізу үшін уәкілетті тұлғаларға (сарапшыларға, сараптама ұйымдарына) қойылатын өлшемшарттар мен талаптарды айқындайды;»;
24-3) тармақшадағы «жергілікті атқарушы органға,» деген сөздер «жергілікті атқарушы органға мүлікті сенімгерлік басқару шартын және (немесе)» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 24-4) және 24-5) тармақшалармен толықтырылсын:
«24-4) халықаралық қаржы ұйымдарынан, мамандандырылған салалық банктерден, Қазақстанның Даму Банкінен және Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінен қарыздар тарту үшін табиғи монополиялар субъектілерінің кредиттік келісімдерін келіседі;
24-5) табиғи монополиялар субъектісінің меншігіндегі, реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсыну кезінде технологиялық циклде пайдаланылатын мүлікті сенімгерлік басқару шартын келіседі;»;
25) тармақша «атқарушы органдардан» деген сөздерден кейін «немесе мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органнан» деген сөздермен толықтырылсын;
35-1) тармақша «атқарушы органдарға» деген сөздерден кейін «немесе мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органға» деген сөздермен толықтырылсын;
4) 9-бап мынадай мазмұндағы 2-3) тармақшамен толықтырылсын:
«2-3) уәкілетті орган айқындайтын тәртіпке сәйкес реттеліп көрсетілетін қызметтердің сапасы, сенімділігі және табиғи монополиялар субъектілері қызметінің тиімділігі көрсеткіштерін белгілеуге қатысады;»;
5) 15-бапта:
7-тармақтың бірінші бөлігінің 15) тармақшасы мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:
«Жылу энергетикасы саласындағы реттеліп көрсетілетін қызметтер үшін Қазақстан Республикасының жылу энергетикасы саласындағы заңнамасына сәйкес бекітілген жылумен жабдықтауды дамыту схемалары да реттеліп көрсетілетін қызметтердің жоспарланып отырған көлемін растайтын құжаттар болып табылады;»;
10-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес табиғи монополия субъектісі тарифті, тарифтік сметаны және инвестициялық бағдарламаны бекітуге арналған өтінімге қоса берілетін, сондай-ақ бекітілген тарифтік сметаның орындалуы, бекітілген инвестициялық бағдар ламаның орындалуы туралы есептерге қоса берілетін есеп-қисаптардың, құжаттардың, ақпараттың және басқа да материалдардың толықтығы, негізділігі мен анықтығы үшін жауапты болады.»;
мынадай мазмұндағы 16-1-тармақпен толықтырылсын:
«16-1. Табиғи монополия субъектісі тарифті саралауды қолдану кезінде алынған қосымша кірісті инвестициялық бағдарламаны ұлғайтуға жұмсауға міндетті.»;
22-тармақтың 9) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«9) сырттағы ауаның нақты температурасын ескере отырып, жылу энергиясын өткізу бойынша реттеліп көрсетілетін қызметтің құнын қайта есептеу тәртібі;»;
23-тармақ мынадай мазмұндағы 13-1), 15), 16) және 17) тармақшалармен толықтырылсын:
«13-1) бекітілген инвестициялық бағдарламаның орындалуына техникалық сараптама жүргізу, реттеліп көрсетілетін қызметтердің сапасы мен сенімділігі көрсеткіштерін сақтау және табиғи монополиялар субъектілері қызметінің тиімділігі көрсеткіштеріне қол жеткізу үшін уәкілетті тұлғаларға (сарапшыларға, сараптама ұйымдарына) қойылатын өлшемшарттар мен талаптар;»;
«15) халықаралық қаржы ұйымдарынан, мамандандырылған салалық банктерден, Қазақстанның Даму Банкінен және Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінен қарыздар тарту үшін табиғи монополиялар субъектілерінің кредиттік келісімдерін уәкілетті органның келісу тәртібі;
16) табиғи монополиялар субъектілері реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсынған кезде технологиялық циклде пайдаланылатын және мүлікті балансқа және (немесе) сенімгерлік басқаруға беру жоспарына сәйкес жергілікті атқарушы органдардан табиғи монополия субъектісіне берілетін мүлікті беру шартын мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органмен, жергілікті атқарушы органмен келісу тәртібі;
17) табиғи монополиялар субъектілері реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсынған кезде технологиялық циклде пайдаланылатын мүлікті балансқа және (немесе) сенімгерлік басқаруға беру жоспарын жергілікті атқарушы органмен келісу тәртібі.»;
6) 17-бапта:
2-тармақ мынадай мазмұндағы 10) тармақшамен толықтырылсын:
«10) экономикалық және технологиялық тұрғыдан оң әсер алу мақсатында жұмыс істеп тұрған өндірістерді жаңғыртуға (техникалық қайта жарақтандыруға) және кеңейтуге, қазіргі заманғы инфрақұрылым құруға және оны дамытуға бағытталған реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсыну кезінде инновацияларды енгізу.»;
мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
«3. Осы Заңда және тарифтерді қалыптастыру қағидаларында белгіленген тарифтік реттеудің ынталандырушы әдісі бойынша тарифті есептеу тетігіне қолданылмайтын осы Заңның жекелеген талаптары, оның ішінде табиғи монополиялар субъектілерінің міндеттері тарифтік реттеудің ынталандырушы әдісі бойынша тариф бекітілген табиғи монополиялар субъектілеріне қолданылмайды.»;
7) 19-баптың 1-тармағы «қарау кезінде тариф» деген сөздерден кейін «, егер мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартында немесе концессия шартында өзгеше көзделмесе,» деген сөздермен толықтырылсын;
8) 21-бапта:
6-тармақтың бірінші абзацы «жобаларды» деген сөзден кейін «, сондай-ақ уәкілетті орган бекіткен Қазақстан Республикасындағы Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарын» деген сөздермен толықтырылсын;
7-тармақтың екінші бөлігі «жобалар» деген сөзден кейін «, сондай-ақ уәкілетті орган бекіткен Қазақстан Республикасындағы Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттары» деген сөздермен толықтырылсын;
9) 22-бапта:
1-тармақтың 9-1) тармақшасындағы «оны» деген сөз «мүлікті, оның ішінде басқа энергия беруші ұйымдардан электр желілерін» деген сөздермен ауыстырылып, «атқарушы органдардан» деген сөздерден кейін «, мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органнан» деген сөздермен толықтырылсын;
4-тармақтың екінші бөлігінде:
1) тармақшадағы «және 3)» деген сөздер «, 3) және 9-2)» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) тармақшадағы «, 9-1) және 9-2)» деген сөздер «және 9-1)» деген сөздермен ауыстырылсын;
10) 24-бапта:
1-тармақтың 1) тармақшасы «, сондай-ақ осы Заңның 25-бабының 6-2-тармағында көзделген ақпаратты мемлекеттік қала құрылысы кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде орналастырумен және (немесе) оны жаңартып отырумен» деген сөздермен толықтырылсын;
5-тармақтың бірінші бөлігі «кеңсесі арқылы» деген сөздерден кейін «немесе уәкілетті органның ақпараттық жүйесі арқылы» деген сөздермен толықтырылсын;
11) 26-бапта:
1-тармақ мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
«3-1) уәкілетті органды міндетті түрде хабардар ете отырып, төтенше жағдайлардың немесе авариялардың алдын алу үшін шұғыл жөндеу жұмыстарын жүзеге асыру мақсатында бекітілген тарифтік сметада шығындар баптарын дербес қайта бөлуге;»;
2-тармақтың бірінші бөлігінде:
мынадай мазмұндағы 7-1) тармақшамен толықтырылсын:
«7-1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпке сәйкес есепке алу аспаптарының көрсеткіштері немесе көрсетілетін қызметтерді тұтыну нормалары бойынша тұтынушыларға көрсетілген қызмет үшін есепке жазуды жүргізуге;»;
11) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«11) сырттағы ауаның нақты температурасын ескере отырып, жылу энергиясын өткізу бойынша реттеліп көрсетілетін қызметтің құнын тұтынушыларға тікелей не тұтынушының тұрған жерін анықтау мүмкін болмаған жағдайда, жылу энергиясын өткізу бойынша реттеліп көрсетілетін қызметке ақы төлеу кезінде тарифті төмендету арқылы қайта есептеуді жүргізуге;».
2-бап.
1. Осы Заң:
1) 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 2-тармағын;
2) 2024 жылғы 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 4-тармағы 37) тармақшасының үшінші абзацын;
3) 2024 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 4-тармағы 30) тармақшасының екінші - он тоғызыншы абзацтарын;
4) 2024 жылғы 1 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 4-тармағы 37) тармақшасының екінші абзацын;
5) 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 4-тармағы 2) тармақшасының қырқыншы және қырық бірінші абзацтарын және 24) тармақшасының он үшінші, он төртінші, он бесінші және он жетінші абзацтарын;
6) 2025 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 4-тармағы 2) тармақшасының жиырма алтыншы және жиырма жетінші абзацтарын, 6) тармақшасының үшінші және төртінші абзацтарын, 22) тармақшасының екінші, үшінші, төртінші және бесінші абзацтарын, 6-тармағы 10) тармақшасының екінші, үшінші, төртінші, он бесінші және он алтыншы абзацтарын, 12) тармақшасының екінші және үшінші абзацтарын, 9-тармағы 1) тармақшасының екінші және үшінші абзацтарын және 2) тармақшасын;
7) 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 7-тармағының 2) және 3) тармақшаларын;
8) 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 8-тармағының 1) тармақшасын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
2. «Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-1-бабы 2024 жылғы 1 сәуірден бастап 1 желтоқсанға дейін мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
«7-1-бап. Электр энергетикасы саласындағы лицензиялау
Электр энергетикасы саласындағы жекелеген қызмет түрлері Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес лицензиялауға жатады.
Энергиямен жабдықтау мақсатында электр энергиясын сатып алуды осы қызмет түрімен айналысуға арналған лицензиясы бар энергиямен жабдықтаушы ұйымдар жүзеге асырады.
Энергиямен жабдықтау мақсатында электр энергиясын сатып алу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға арналған лицензия Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 124-5-бабы 2 және 3-тармақтарының талаптарына сәйкес бағаларды мемлекеттік реттеу қолданылатын, қоғамдық маңызды нарық субъектісі мәртебесі бар ұйымдарға беріледі.».
3. Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 124-5-бабы 2 және 3-тармақтарының талаптарына сәйкес бағаларды мемлекеттік реттеу қолданылатын, қоғамдық нарық субъектісі мәртебесі бар энергиямен жабдықтаушы ұйымдарға берілген лицензиялар қолданысын 2025 жылғы 1 қаңтарға дейін сақтайды деп белгіленсін.
4. Осы баптың 3-тармағында көрсетілген энергиямен жабдықтаушы ұйымдар 2025 жылғы 1 қаңтарға дейінгі мерзімде «Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабының 13-тармағында айқындалған энергия беруші ұйымдарға тұтынушыларды беруді қамтамасыз етуге міндетті.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. ТОҚАЕВ
Астана, Ақорда, 2024 жылғы 8 шілде
№ 121-VIII ҚРЗ