ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
ЗАҢЫ
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жылу
энергетикасы, электр энергетикасы және реттеліп көрсетілген қызметтер
мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне:
1) 124-5-бапта:
2-тармақтағы «1) және 3) тармақшаларында» деген сөздер «1) тармақшасында» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақтың бірінші абзацындағы «1) және 3) тармақшаларында» деген сөздер «1) тармақшасында» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 129-бапта:
2-тармақ «8,» деген цифрдан кейін «8-1,» деген цифрлармен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 8-1-тармақпен толықтырылсын:
«8-1. Осы Кодекстің 131-бабының 1, 2 және 3-тармақтарын, 131-1, 144-4 және 157-баптарын қоспағанда, осы тараудың күші:
1) энергетикалық жабдықты пайдалану және оның техникалық жай-күйі, энергия өндіруші ұйымдар (жаңартылатын энергия көздерін қоспағанда), энергия беруші ұйымдар және жүйелік оператор бөлігінде электр энергетикасы;
2) жылу энергетикасы объектілерін пайдалану және олардың техникалық жай-күйі, жылу өндіруші және жылу тасымалдаушы субъектілер бөлігінде жылу энергетикасы саласындағы мемлекеттік бақылауға қолданылмайды.»;
17-тармақтың бірінші бөлігі «6,» деген цифрдан кейін «8-1,» деген цифрлармен толықтырылсын;
19-тармақтың бірінші бөлігі «6,» деген цифрдан кейін «8-1,» деген цифрлармен толықтырылсын;
3) 138-бап мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
«1-1) жылу энергетикасы саласында;»;
4) 165-баптың 1-тармағында:
1) тармақша «, ұлттық компаниялар үшін осы нарық субъектісінің дауыс беретін акцияларына (жарғылық капиталға қатысу үлестеріне, пайларға) тиесілі дауыстардың жалпы санының кемінде қырық пайызына билік ету құқығына жол беріледі» деген сөздермен толықтырылсын;
9) тармақша «, ұлттық компаниялар үшін осы нарық субъектісінің дауыс беретін акцияларына (жарғылық капиталға қатысу үлестеріне, пайларға) тиесілі дауыстардың жалпы санының кемінде қырық пайызына билік ету құқығына жол беріледі» деген сөздермен толықтырылсын;
5) 324-бап мынадай мазмұндағы 10-1-тармақпен толықтырылсын:
«10-1. 124-5-баптың 2 және 3-тармақтары 2025 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады деп белгіленсін.».
2-тармақ 2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
2. 2017 жылғы 27 желтоқсандағы «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне:
72-баптың 8-тармағындағы «8. Пайдалы қатты» деген сөздер «8-1. Пайдалы қатты» деген сөздермен ауыстырылсын.
3. 2021 жылғы 2 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Экология кодексіне:
1) 147-бап мынадай мазмұндағы 10-1-тармақпен толықтырылсын:
«10-1. Жұмыс істеп тұрған І санаттағы объектілерді пайдалану салдарын жою жөніндегі жұмыстардың құнына пайдалану аяқталғаннан кейін қоршаған орта құрамдастарына ықтимал теріс әсер ететін жабдықты залалсыздандыруға, бөлшектеуге және құрылысжайларды бұзуға арналған шығыстар енгізілуге тиіс.
Объектілерді пайдалану салдарын жою жөніндегі жұмыстардың құнына кірмеген күрделі құрылыс объектілері (ғимараттар, құрылысжайлар, кешендер) бойынша қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бекіткен әдістемеге сәйкес қайта бейіндеу және (немесе) оларды өзгелей пайдалану жөніндегі жоспарлар әзірленуге тиіс.»;
2) 418-баптың 15-тармағындағы «2021» деген цифрлар «2026» деген цифрлармен ауыстырылсын.
4. «Электр энергетикасы туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) кіріспедегі «және жылу» деген сөздер алып тасталсын;
2) 1-бапта:
2-1), 2-2), 2-3), 2-4), 2-5), 2-6), 2-7), 2-8), 2-9), 2-10) және 2-13) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«2-1) «Авария» режимі - Қазақстанның бірыңғай электр энергетикалық жүйесінің немесе оның жекелеген бөліктерінің орнықты жұмысын сақтау үшін жүйелік оператор енгізетін шара;
2-2) әзірлік паспорты - энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлігін растайтын, жыл сайын берілетін құжат;
2-3) бірыңғай сатып алушы - осы Заңда көзделген тәртіппен электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті орталықтандырылған сатып алуды және электр қуатының жүктеме көтеруге әзірлігін қамтамасыз ету бойынша орталықтандырылған қызмет көрсетуді жүзеге асыратын, уәкілетті орган айқындайтын заңды тұлға;
2-4) генерациялайтын қондырғы - электр энергиясын өндіретін құрылғы;
2-5) генерацияның маневрлік режимі бар генерациялайтын қондырғы - реттеуші электр қуаты бар генерациялайтын қондырғы;
2-6) генерацияның маневрлік режимі бар жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға арналған аукциондық сауда-саттық (бұдан әрі - аукциондық сауда-саттық) - аукциондық сауда-саттықты ұйымдастырушы аукцион негізінде электрондық жүйеде ұйымдастыратын және өткізетін, генерацияның маневрлік режимі бар жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салу жөніндегі жобаларды іріктеуге және электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке олардың жеке тарифтерін айқындауға бағытталған процесс;
2-7) генерацияның маневрлік режимі бар жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға арналған аукциондық сауда-саттыққа қатысушы (бұдан әрі - аукциондық сауда-саттыққа қатысушы) - аукциондық сауда-саттықты ұйымдастырушының электрондық жүйесінде тіркеуден өткен және қатысушы мәртебесін алған заңды тұлға;
2-8) генерацияның маневрлік режимі бар жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға арналған аукциондық сауда-саттықты ұйымдастырушы (бұдан әрі - аукциондық сауда-саттықты ұйымдастырушы) - уәкілетті орган айқындайтын, осы Заңда көзделген тәртіппен аукциондық сауда-саттықты ұйымдастыру мен өткізуді жүзеге асыратын, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайызынан астамы мемлекетке және онымен үлестес тұлғаларға тиесілі заңды тұлға;
2-9) генерацияның маневрлік режимі бар жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салу кезінде электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке арналған жеке тариф - аукциондық сауда-саттықтың қорытындылары бойынша айқындалған тариф;
2-10) генерация-тұтынудың жоспарлы сальдосы - электр энергиясын өндіру-тұтынудың сағаттық тәуліктік графигінде жүйелік оператор бекіткен, электр энергиясының теңгерімдеуші нарығы субъектісінің электр энергиясын өндіру мен тұтыну (операциялық тәуліктердің бір сағаты үшін) мәндерінің кВт. сағаттағы айырмасы;»;
«2-13) гибридті топ - электр энергиясын өндіру кезінде жаңартылатын энергия көздерін пайдаланудың жиынтық үлесі кемінде жиырма бес пайыз болатын, бір энергия торабында орналасқан және уәкілетті орган бекіткен тәртіппен гибридті топтар тізбесіне енгізілген электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектілерінің тобы;»;
мынадай мазмұндағы 2-14), 2-15), 2-16), 2-17), 4-1) және 4-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«2-14) гибридті топ әкімшісі - гибридті топқа кіретін энергия өндіруші ұйымдардан электр энергиясын осы гибридті топ ішінде тұтынушыларға және (немесе) электр энергиясының теңгерімдеуші нарығында кейіннен өткізу (сату) мақсатында алуды (сатып алуды) жүзеге асыратын, гибридті топқа кіретін, сондай-ақ гибридті топқа кіретін энергия өндіруші ұйымдар мен электр энергиясын тұтынушылар үшін теңгерім провайдері болып табылатын заңды тұлға;
2-15) гибридті топ тұтынушысы - электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектісі болып табылатын және гибридті топтардың тізбесіне енгізілген тұтынушы;
2-16) диспетчерлік технологиялық басқару - диспетчер жүзеге асыратын және диспетчерлік және технологиялық басқарудың автоматтандырылған жүйелері арқылы электр желілерінің жұмыс істеу режимдерін бақылау және басқару міндеттерін шешуге, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың істен шығулар мен зақымдануларға ден қою және оларды жою шараларын қолдануды қажет ететін технологиялық бұзушылықтардың туындау алғышарттары немесе туындауы туралы хабарларын қабылдауға және өндеуге арналған процесс;
2-17) жаңадан пайдалануға берілетін энергия өндіруші ұйымдардың электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке арналған жеке тариф - жобаны іске асыру үшін тартылған тиісті қарыздар бойынша күрделі шығындар мен сыйақылар сомасын қайтаруды және инвестицияланған капиталға рентабельділік нормасын қамтитын, мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органның деректері бойынша айқындалатын инфляция деңгейіне жыл сайынғы индекстеуге немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің деректері бойынша айқындалған ұлттық валютаның шетел валюталарына айырбастау бағамының өзгеруін ескеріп жыл сайынғы индекстеуге жататын, жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға уәкілетті орган өткізген тендердің қорытындылары бойынша айқындалған тариф;»;
«4-1) жасыл тариф - уәкілетті орган бекіткен жаңартылатын энергия көздерін қолдауға арналған тарифті айқындау қағидаларына сәйкес электр энергиясын бірыңғай сатып алушы белгілейтін жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері өндіретін электр энергиясын бірыңғай сатып алушының сатуына арналған тариф;
4-2) жасыл энергияны тұтынушы - электр энергиясын бірыңғай сатып алушыдан осы Заңға сәйкес айқындалатын жасыл тарифтер бойынша жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері өндіретін электр энергиясын сатып алатын электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектісі;»;
6) және 7) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«6) жүйелік қызметтер көрсету - осы Заңға сәйкес жүйелік оператор көрсететін қызметтер;
7) жүйелік оператор - орталықтандырылған оралымды-диспетчерлік басқаруды, басқа мемлекеттердің энергия жүйелерімен қатарлас жұмыс істеуді қамтамасыз етуді, Қазақстан Республикасының бірыңғай электр энергетикалық жүйесінде теңгерімді ұстап тұруды, жүйелік қызметтер көрсетуді және электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектілерінен қосалқы көрсетілетін қызметтерді сатып алуды, сондай-ақ ұлттық электр желісіне техникалық қызмет көрсету мен оны пайдалану әзірлігінде ұстап тұруды жүзеге асыратын және оның дамуын қамтамасыз ететін ұлттық компания;»;
8), 8-1), 9) және 10) тармақшалар алып тасталсын;
15) тармақшадағы «немесе жылу» деген сөздер алып тасталсын;
4-тармақтың 2) тармақшасының жиырма алтыншы және жиырма жетінші абзацтары 2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі
мынадай мазмұндағы 20-4) тармақшамен толықтырылсын:
«20-4) отын-энергетика кешенін басқарудың бірыңғай мемлекеттік жүйесі (бұдан әрі - уәкілетті органның ақпараттық жүйесі) - электр энергетикасы субъектілерін мониторингтеу және олармен өзара іс-қимыл жасау бойынша электр энергетикасы саласындағы уәкілетті органның ақпараттық жүйесі;»;
24-2) тармақшадағы «және (немесе) жылу желілерінің» деген сөздер «станциялары мен желілерінің» деген сөздермен ауыстырылсын;
24-4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«24-4) тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы уәкілетті орган - электр энергиясын тұтыну және осы салада әдістемелік қамтамасыз ету бөлігінде электр энергетикасы саласындағы басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;»;
25) тармақшадағы «және (немесе) жылу» деген сөздер алып тасталсын;
27-1) және 27-2) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«27-1) ұлттық электр желісі арқылы электр энергиясын беру бойынша көрсетілетін қызмет - жүйелік оператор электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектілеріне және басқа мемлекеттердің ұйымдарына осы Заңда айқындалған тәртіппен көрсететін қызмет;
27-2) ұлттық электр желісін пайдалану бойынша көрсетілетін қызмет - Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасына сәйкес электр энергиясын беру саласына жататын, осы Заңда айқындалған тәртіппен жүйелік оператор электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектілеріне көрсететін, ұлттық электр желісіне техникалық қызмет көрсету мен оны пайдалану әзірлігінде ұстап тұруды қамтамасыз ету бойынша көрсетілетін қызмет;»;
29) тармақша алып тасталсын;
32) тармақшадағы «және жылу» деген сөздер алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 32-3) тармақшамен толықтырылсын:
«32-3) электр энергиясын коммерциялық есепке алу - электр энергиясын беру шарттары бойынша, сондай-ақ электрмен жабдықтау шарттары бойынша тараптар арасында өзара есеп айырысу үшін қажетті электр энергиясын есепке алу;»;
33) тармақшадағы «және жүйелік оператор қалыптастыратын электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектілерінің тізбесіне енгізілген цифрлық майнерлер» деген сөздер «, жүйелік оператор қалыптастыратын электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектілерінің тізбесіне енгізілген цифрлық майнерлер және гибридті топтар әкімшілері» деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақтың 2) тармақшасының қырқыншы және қырық бірінші абзацтары 2025 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
34) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«34) электр энергиясына кепілдік беріп жеткізуші - тұтынушыларды энергиямен жабдықтаушы басқа да барлық ұйымдар энергиямен жабдықтауды тұтынушының кінәсінан емес тоқтатқан жағдайларда тұтынушыларды энергиямен жабдықтауды жүзеге асыратын, әрбір аумақтық бірлік (облыс) үшін уәкілетті орган өңірдегі жұмыс істеп тұрған энергиямен жабдықтаушы ұйымдар арасынан айқындайтын энергиямен жабдықтаушы ұйым;»;
48) тармақшадағы «немесе жылу» деген сөздер алып тасталсын;
49) тармақшадағы «және (немесе) жылу» деген сөздер алып тасталсын;
3) 3-бапта:
1-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) энергия тұтынушылардың сұранысын барынша қанағаттандыру және электр энергиясы нарығына қатысушылардың құқықтарын қорғау;»;
2-тармақта:
1) тармақшадағы «басқару» деген сөз «электр энергиясының көтерме сауда нарығында басқару» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) электр энергиясының бөлшек сауда нарығы субъектілері болып табылатын тұтынушылардың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес электр энергиясын берушіні таңдау құқығы;»;
4) және 5) тармақшалардағы «және жылу» деген сөздер алып тасталсын;
11) тармақша алып тасталсын;
3-тармақтың 5) тармақшасындағы «стандарттауды;» деген сөз «стандарттауды қамтиды.» деген сөздермен ауыстырылып, 6) және 7) тармақшалар алып тасталсын;
4) мынадай мазмұндағы 3-2-баппен толықтырылсын:
«3-2-бап. Электр энергетикасы саласындағы мемлекеттік реттеудің негізгі қағидаттары
Электр энергетикасы саласындағы мемлекеттік реттеу мынадай негізгі қағидаттарға негізделеді:
1) электр энергетикасы кешенін жоспарлы және орнықты дамыту;
2) электр энергетикасы саласындағы барлық субъектілердің мүдделерін сақтау;
3) электр энергиясын өндіру, беру және тұтыну процесінде тиімді әдістер мен технологияларды пайдалану;
4) электр энергиясын пайдалану кезінде адамдардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін, қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ету;
5) электр энергетикасын пайдалану саласындағы қауіпсіздікті мемлекеттік реттеудің міндеттілігі.»;
5) 4-бап мынадай мазмұндағы 1-3), 1-4) және 1-5) тармақшалармен толықтырылсын:
«1-3) тұтынушылардың сатып алынған электр энергиясына уақтылы ақы төлемеуі салдарынан туындаған залал және (немесе) ақша қаражатының тапшылығы пайда болған жағдайда, электр энергиясын бірыңғай сатып алушыны мемлекеттік қаржылай қолдауды жүзеге асырады;
1-4) осы Заңның 15-6-бабының 7-2-тармағында айқындалған жағдайда, жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғылар салу үшін тендер жеңімпазын айқындайды;
1-5) Қазақстан Республикасының Конституциясында, Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде өзіне жүктелген өзге де функцияларды орындайды.»;
6) 5-бапта:
5) және 6) тармақшалар алып тасталсын;
4-тармақтың 3) тармақшасының үшінші және төртінші абзацтары 2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі
мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын:
«6-1) уәкілетті органның ақпараттық жүйесінің жұмыс істеуі қағидаларын әзірлейді және бекітеді;»;
7), 7-1), 7-2), 7-3), 9), 10), 11), 12), 13), 14), 15), 16), 17), 18), 19), 20), 21), 22), 23), 25), 26), 27), 28), 29), 30), 30-1), 30-2), 30-3), 30-4), 31), 32), 33), 35), 36), 37), 39), 41), 42), 44) және 45) тармақшалар алып тасталсын;
47) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«47) осы Заңның мақсаттары мен міндеттеріне және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес электр энергетикасы саласындағы нормативтік құқықтық актілерді, техникалық регламенттерді, нормативтік техникалық құжаттарды әзірлейді және бекітеді;»;
47-1), 48, 49) және 51) тармақшалар алып тасталсын;
53) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«53) орталықтандырылған сауда нарығы операторын айқындайды;»;
54), 56), 57), 59), 61), 64), 69), 70-5), 70-7), 70-9), 70-10), 70-13), 70-14), 70-17), 70-19), 70-20), 70-21), 70-29), 70-30), 70-31), 70-32) және 70-33) тармақшалар алып тасталсын;
70-35) және 70-36) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«70-35) электр энергиясын беру саласындағы ұйымдардың қолда бар активтерді кеңейту, жаңғырту, реконструкциялау, жаңарту, ұстап тұру және жаңа активтерді құру жөніндегі жобаларды іске асыру үшін тартылған халықаралық қаржы ұйымдарының қарыздарын өтеуге және оларға қызмет көрсетуге арналған шығындарын субсидиялау кезінде облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарын үйлестіруді жүзеге асырады;
70-36) электр энергиясын беру саласындағы ұйымдардың қолда бар активтерді кеңейту, жаңғырту, реконструкциялау, жаңарту, ұстап тұру және жаңа активтерді құру жөніндегі жобаларды іске асыру үшін тартылған халықаралық қаржы ұйымдарының қарыздарын өтеуге және оларға қызмет көрсетуге арналған шығындарын субсидиялау қағидаларын бекітеді;»;
70-37), 70-38), 70-39), 70-40), 70-41), 70-42), 70-43) және 70-44) тармақшалар алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 70-49), 70-50), 70-51), 70-52), 70-53), 70-54) және 70-55) тармақшалармен толықтырылсын:
«70-49) гибридті топтардың тізбесін қалыптастыру тәртібін бекітеді және оны жүргізеді;
70-50) әзірлік паспортын алу үшін көлемі Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес келетін, әзірлік паспортын алу үшін ұсынылған құжаттарға қосымша түсіндірмелер, материалдар мен негіздемелер қажет болған жағдайда әзірлік паспортын ескертулерсіз немесе ескертулермен береді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы заңнамасында белгіленген шарттар мен талаптардың орындалғанын растайтын ұсынылған құжаттардың көлемі, мазмұны сәйкес келмеген жағдайда әзірлік паспортын беруден бас тартады;
70-51) технологиялық бұзушылықтарды есепке алуды жүргізеді;
70-52) электр энергетикасы кәсіпорындары комиссияларының объектілер мен жабдықтың күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлігін бағалау жөніндегі жұмысына қатысады;
70-53) қызметтің басталуы немесе тоқтатылуы туралы хабарламаларды қабылдауды жүзеге асырады, сондай-ақ санатына сәйкес энергетикалық сараптама жүргізу жөніндегі сараптама ұйымдарының тізілімін жүргізеді, интернет-ресурсқа орналастырады және жаңартады;
70-54) табиғи монополиялар салаларындағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органға электр энергиясын беру бойынша қызмет көрсететін табиғи монополия субъектісі қызметінің осы Заңның 13-1-бабы 6-тармағының талаптарына сәйкес еместігі туралы ақпаратты жібереді;
70-55) энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдардың негізгі жабдығының тозуына мониторингті жүзеге асырады;»;
7) 5-1-бапта:
2), 3), 4) және 5) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«2) электрмен жабдықтау саласындағы нормативтік техникалық құжаттаманы өз құзыреті шегінде әзірлейді және бекітеді;
3) электрмен жабдықтау саласында әдістемелік қамтамасыз етуді ұйымдастырады;
4) жылу энергиясын тұтыну бөлігінде электр энергетикасы саласында ғылыми зерттеулер жүргізуді ұйымдастырады;
5) есепке алу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін электрмен жабдықтау бойынша коммуналдық көрсетілетін қызметтерді тұтыну нормаларын есептеудің үлгілік қағидаларын әзірлейді және бекітеді;»;
5-1), 5-2), 5-3), 5-4) және 5-5) тармақшалар алып тасталсын;
8) 5-2-баптың екінші бөлігіндегі «, жылу энергиясын өндіру, беру және онымен жабдықтау» деген сөздер алып тасталсын;
9) 6 және 6-1-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
«6-бап. Электр энергетикасы саласындағы мемлекеттік бақылау
1. Энергетикалық жабдықты пайдалану және оның техникалық жай-күйі, энергия өндіруші ұйымдар (жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдарды қоспағанда), энергия беруші ұйымдар және жүйелік оператор бөлігінде электр энергетикасы саласындағы мемлекеттік бақылауды (бұдан әрі - мемлекеттік бақылау) мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі мемлекеттік орган (бұдан әрі - бақылау органы) бақылау субъектілері (объектілері) қызметінің Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкестігі тұрғысынан осы Заңға сәйкес - қашықтан бақылау және тексеру, Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексі мен осы Заңға сәйкес тергеп-тексеру нысанында жүзеге асырады.
2. Бақылау органы мемлекеттік бақылауды Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жоспардан тыс тексеру, электр энергетикасы саласындағы бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асырады.
Электр энергетикасы саласындағы бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне және осы Заңның 6-1-бабына сәйкес жүзеге асырылады.
3. Энергетикалық жабдығы бар жеке немесе заңды тұлғалар, энергия өндіруші ұйымдар (жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдарды қоспағанда), энергия беруші ұйымдар және жүйелік оператор бақылау субъектілері (объектілері) болып табылады.
4. Бақылау органы мемлекеттік бақылауды:
1) Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы заңнамасы талаптарының сақталуына, сондай-ақ энергетикалық жабдықты пайдалану кезінде техникалық және технологиялық нормалардың сақталуына;
2) энергетикалық жабдықты, электр станцияларын, электр желілерін, тұтынушылардың электр қондырғыларын қауіпсіз пайдалану жөніндегі талаптардың сақталуына;
3) электр энергиясын өндірудің, берудің, жабдықтаудың және тұтынудың сенімділігі мен қауіпсіздігіне;
4) техникалық пайдалану қағидалары мен қауіпсіздік техникасы қағидаларын білуін тексеруден өтпеген жұмыскерлерді электр қондырғыларында жұмыс істеуге жібермеу немесе жұмыстан шеттету бойынша;
5) энергия өндіруші ұйымдардың (жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдарды қоспағанда), энергия беруші ұйымдардың және жүйелік оператордың, оның ішінде күзгі-қысқы кезеңге даярлығына және жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуіне жүзеге асырады.
6-1-бап. Электр энергетикасы саласындағы бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау
1. Электр энергетикасы саласындағы бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау Қазақстан Республикасының электр энергетикалық кешенінің қауіпсіз, сенімді және тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатында жүргізіледі.
2. Электр энергетикасы саласындағы бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау мыналарды:
1) Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкес жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдар беретін ақпаратты және ай сайынғы есептілікті;
2) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы заңнамасын сақтау мәселелері бойынша - оны бұзушылық туралы ақпарат келіп түскен кезде, электр энергетикасы саласындағы бақылау органының сұрау салуы бойынша алынған ақпаратты;
3) электр энергетикасы кәсіпорындары комиссияларының объектілер мен жабдықтың күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлігін бағалау жөніндегі жұмысына қатысу кезінде алынған құжаттамалар мен материалдарды талдау арқылы жүргізіледі.
3. Электр энергетикасы саласындағы бақылау субъектісіне бармай профилактикалық бақылау жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйым дарға, энергиямен жабдықтаушы ұйымдар мен тұтыну шыларға қатысты жүргізіледі.
4. Бақылау органы электр энергетикасы саласындағы бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша электр энергетикасы саласындағы бақылау субъектісінің әрекеттерінен (әрекетсіздігінен) бұзушылықтарды анықтаған жағдайда, бұзушылықтарды жою туралы ұсынымды ресімдейді және бұзушылықтар анықталған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде жібереді.
5. Бұзушылықтарды жою туралы ұсыным электр энергетикасы саласындағы бақылау субъектісіне жеке қолын қойғызып немесе жөнелту және алу фактілерін растайтын өзге тәсілмен табыс етілуге тиіс.
Төменде санамаланған тәсілдердің бірімен жіберілген бұзушылықтарды жою туралы ұсыным мынадай жағдайларда:
1) қолма-қол - қорытындыға алғаны туралы белгі қойылған күннен бастап;
2) поштамен - хабарламасы бар тапсырысты хатпен;
3) электрондық тәсілмен - бақылау органы сұрау салған кезде электр энергетикасы саласындағы бақылау субъектісінің хатта көрсетілген электрондық мекенжайына бақылау органы жөнелткен күннен бастап тиісті түрде табыс етілді деп есептеледі.
6. Бұзушылықтарды жою туралы ұсынымды алған электр энергетикасы саласындағы бақылау субъектісі ол табыс етілген күннен кейінгі күннен бастап он жұмыс күні ішінде бақылау органына бұзушылықтарды жою туралы ұсынымда көрсетілген бұзушылықтарды жоюдың нақты мерзімдерін көрсете отырып, анықталған бұзушылықтарды жою жөніндегі іс-шаралар жоспарын ұсынуға міндетті.