45-бап. Рұқсаттың және (немесе) рұқсатқа қосымшаның қолданысын тоқтата тұру, қайта бастау, одан айыру (оны қайтарып алу)
1. Рұқсаттың және (немесе) рұқсатқа қосымшаның қолданысын тоқтата тұру Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртіппен және негіздер бойынша жүзеге асырылады.
2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды
1-1. Лицензиат немесе екінші санаттағы рұқсатты иеленуші болып табылатын жеке немесе заңды тұлғаның рұқсат беру органына ерікті түрде өтініш жасауы рұқсаттың және (немесе) рұқсатқа қосымшаның қолданысын тоқтата тұруға негіз бола алады.
2. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, жүзеге асыру үшін берілген, қолданысы тоқтатыла тұрған рұқсат және (немесе) рұқсатқа қосымша жекелеген қызмет түрлерін (кіші түрлерін) немесе әрекеттерді (операцияларды) лицензиаттардың немесе екінші санаттағы рұқсатты иеленушілердің жүзеге асыруына жол берілмейді.
3. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбесе, рұқсатты және (немесе) рұқсатқа қосымшаны тоқтата тұру үшін негіз болған бұзушылықтар жойылған кезде лицензиат немесе екінші санаттағы рұқсатты иеленуші рұқсаттың және (немесе) оған қосымшаның қолданысын тоқтата тұру мерзімі өткенге дейін рұқсат беру органына растайтын құжаттардың көшірмелерін қоса бере отырып, бұзушылықтардың жойылғаны туралы өтініш беруге құқылы.
Рұқсат беру органы өтініш берушінің бұзушылықтардың жойылғаны туралы өтініш берген күнінен бастап он жұмыс күні ішінде осы Заңның 51-бабы 2-тармағында көзделген тәртіппен бұзушылықтардың жойылғанын тексереді.
Өтініш берушінің бұзушылықтарды жойған фактісі расталған жағдайда, рұқсат беру органы осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген мерзімде рұқсаттың және (немесе) рұқсатқа қосымшаның қолданысын қайта бастау туралы шешім қабылдайды.
Бұл ретте рұқсаттың және (немесе) рұқсатқа қосымшаның қолданысы осы тармақтың үшінші бөлігінде көрсетілген шешім қабылданған кезден бастап қайта басталады.
4. Лицензиат немесе екінші санаттағы рұқсатты иеленуші тоқтата тұру мерзімі өткенге дейін рұқсатты және (немесе) рұқсатқа қосымшаны тоқтата тұру үшін негіз болған бұзушылықтардың жойылғаны туралы өтінішті бермеген жағдайда, рұқсат беру органдары тоқтата тұру мерзімі өткен кезден бастап он жұмыс күні ішінде рұқсаттан және (немесе) рұқсатқа қосымшадан айыру (оны қайтарып алу) рәсіміне бастамашылық жасайды.
Рұқсаттан және (немесе) оған қосымшадан айыру (оны қайтарып алу) туралы мәселені қарау процесінде лицензиат немесе екінші санаттағы рұқсатты иеленуші бұзушылықтың жойылған фактісін дәлелдеуге құқылы. Бұл жағдайда рұқсат беру органы осы баптың 3-тармағының екінші және үшінші бөліктерін басшылыққа алуға тиіс.
2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
5. Рұқсаттан айыру (оны қайтарып алу) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртіппен және (немесе) негіздер бойынша жүзеге асырылады.
2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 6-тармақпен толықтырылды
6. Лицензиаттың, екінші санаттағы рұқсатты иеленушінің ерікті түрде өтініш жасауына байланысты рұқсаттың және (немесе) рұқсатқа қосымшаның қолданысы тоқтатыла тұрған кезден бастап Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жыл сайынғы лицензиялық алымды немесе төлемді төлеу жөніндегі барлық міндеттемелер тоқтатылады.
2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 7-тармақпен толықтырылды
7. Осы баптың 1-1-тармағында көзделген негіз бойынша тоқтатыла тұрған рұқсаттың және (немесе) рұқсатқа қосымшаның қолданысын қайта бастау лицензиаттың немесе екінші санаттағы рұқсатты иеленушінің рұқсат беру органына өтініш жасауы бойынша жүзеге асырылады.
Рұқсат беру органы осы өтініштің негізінде үш жұмыс күні ішінде рұқсаттың және (немесе) рұқсатқа қосымшаның қолданысын қайта бастау туралы шешім қабылдайды.
2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 8-тармақпен толықтырылды
8. Рұқсаттың және (немесе) рұқсатқа қосымшаның қолданысын қайта бастау туралы шешім қабылданған кезден бастап лицензиат, екінші санаттағы рұқсатты иеленуші үшін Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жыл сайынғы лицензиялық алымды немесе төлемді төлеу жөніндегі міндеттемелер қайта басталады.
8-тарау. ХАБАРЛАМА ЖАСАУ ТӘРТІБІ
46-бап. Хабарлама жасау тәртібі
1. Хабарламалардың толық тізбесі осы Заңға 3-қосымшада көзделеді.
2. Өтініш берушілер рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы хабарламаларды қабылдауды жүзеге асыратын мемлекеттік органға хабарламаларды жібереді.
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Нормативтік құқықтық актілерде көзделген жағдайларда мәліметтер нысанын ұсыну арқылы өтініш берушілер хабарлама жасау тәртібі енгізілген қызметті немесе әрекеттерді жүзеге асыруға нормативтік құқықтық актілерде қойылатын талаптарға өздерінің сәйкестігін мәлімдейді.
4. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбесе, өтініш беруші тиісті хабарлама жіберілгеннен кейін қызметті немесе белгілі бір әрекеттерді жүзеге асыруға бірден кірісуге құқылы немесе оларды тоқтатуға міндетті.
Жекелеген қызмет түрлерінің немесе әрекеттердің ерекшеліктері ескеріле отырып, жекелеген жағдайларда Қазақстан Республикасының заңдарында хабарламаны жіберу мерзімдері белгіленуі мүмкін.
5. Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларда қажетті құжаттар хабарламаға қоса беріледі, бұл ретте Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстардан алынуы мүмкін құжаттарды және өзге де ақпаратты өтініш берушілерден талап етуге тыйым салынады.
Хабарламада және (немесе) хабарламаға қоса берілетін құжаттарда қамтылған мәліметтердің анықтығы үшін өтініш беруші жауапты болады.
6. Қызметтің нақты түріне немесе әрекетке қатысты рұқсат беру тәртібінің орнына хабарлама жасау тәртібі енгізілген кезде, хабарлама жасау тәртібін енгізу кезіне қызметтің осы түріне немесе әрекетке арналған жарамды рұқсаты болған жеке және заңды тұлғалар хабарламаны жіберген болып есептеледі және рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізіліміне автоматты түрде енгізіледі.
7. Жеке тұлғаның заңды мекенжайы, заңды тұлғаның орналасқан жері, хабарламада көрсетілген қызметті немесе әрекеттерді жүзеге асыру мекенжайы, сондай-ақ, олар туралы ақпарат хабарламада толтыру үшін міндетті болып табылатын тіркеу деректері өзгерген жағдайда, өтініш беруші өзгеріс болған күннен бастап он жұмыс күні ішінде осы бапта белгіленген тәртіппен көрсетілген өзгерістер туралы хабарлама жіберуге міндетті.
47-бап. Хабарлама жіберілгенін растау
Өтініш берушілердің өтініштері бойынша хабарламаны қабылдауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдар өтініш жасалған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде өтініш берушілерге рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімінен өтініш берушілердің жіберген хабарламалары туралы үзінді көшірмелер береді.
Мемлекеттік органдар мен үшінші тұлғалар өтініш берушінің хабарламаны жібергенін растауды хабарламаларды қабылдауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдардан немесе рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімінен алады.
2015.24.11. № 419-V ҚР Заңымен 9-тараудың тақырыбы өзгертілді (бұр.ред.қара)
9-тарау. ЛИЦЕНЗИЯЛАУДЫ, РҰҚСАТ БЕРУ РӘСІМДЕРІН ЖӘНЕ ХАБАРЛАМАЛАР ЖАСАУДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ КЕЗІНДЕГІ ақпараттық-коммуникациялық ТЕХНОЛОГИЯЛАР
48-бап. Лицензиялауды, рұқсат беру рәсімдерін және хабарламалар жасауды электрондық нысанда жүзеге асыру
1. Лицензиялау және хабарламаларды жіберу рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі және рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімі пайдаланыла отырып, электрондық нысанда жүзеге асырылады.
Рұқсат беру рәсімдері рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі және рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімі пайдаланыла отырып, осы Заңның 52-бабы 3-тармағының ережелері ескеріліп, электрондық нысанда жүзеге асырылады.
Электрондық құжат нысанында берілген рұқсаттардың қағаз жеткізгіштегі рұқсаттармен мәні бірдей.
Рұқсат беру органдары қағаз нысанында жүзеге асырылған рұқсат беру рәсімдері туралы ақпаратты рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізіліміне рұқсат беру рәсімін жүзеге асырумен бір мезгілде енгізуге міндетті.
Осы тармақтың төртінші бөлігінде белгіленген талаптардың орындалмағаны үшін рұқсат беру органы жауапты болады.
Осы тармақтың күші автоматтандыруға жатпайтын рұқсаттарға қолданылмайды.
2015.17.11. № 408-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Қаржы саласындағы және қаржы ресурстарын шоғырландыруға байланысты қызметке берілетін рұқсаттарды қоспағанда, Мемлекеттік корпорация арқылы рұқсат алу үшін өтініш беруші орналасқан жеріне қарамастан Мемлекеттік корпорацияға өтініш жасауға құқылы.
2015.17.11. № 408-V ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Өтініш беруші Мемлекеттік корпорация арқылы рұқсат беру рәсімінен өту үшін өтініш жасаған жағдайда - Мемлекеттік корпорацияның қызметкері электрондық өтінішті немесе өзге де осыған ұқсас құжатты өзінің қызмет бабында пайдалану үшін берілген электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырады. Мұндай куәландыру өтініш берушінің жазбаша келісімі негізінде жүзеге асырылады.
4. Өтініш беруші рұқсатты және (немесе) рұқсатқа қосымшаны қағаз жеткізгіште алуға өтініш жасаған жағдайда, рұқсат және (немесе) рұқсатқа қосымша электрондық нысанда ресімделеді, басып шығарылады және рұқсат беру органының мөрімен және рұқсат беру органы басшысының қолымен куәландырылады.
5. Рұқсатты және (немесе) рұқсатқа қосымшаны электрондық нысанда беру мүмкіндігі болмаған жағдайда, рұқсат және (немесе) рұқсатқа қосымша қағаз жеткізгіште беріледі.
6. Өтініш рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы электрондық нысанда берілген жағдайда, лицензиар және екінші санаттағы рұқсатты беруге уәкілетті орган өтінішті тіркеуді бір жұмыс күні ішінде жүргізеді.
49-бап. Рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімі
1. Рұқсат беру органдары рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімін тұрақты негізде жүргізеді.
Хабарламалар бойынша рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімін Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда хабарламаларды қабылдауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдар жүргізеді.
2. Мемлекеттік органдар өз өкілеттіктерін жүзеге асыру үшін рұқсаттар мен хабарламалар туралы ақпаратты рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімінен, көрсетілген ақпаратты растауды жеке және заңды тұлғалардан қосымша талап етпестен алуға міндетті.
2016.29.03. № 479-V ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Мемлекеттік электрондық рұқсаттар мен хабарламалар тізілімі тәуекелдерді бағалау жүйесі мен тексерулер жүргізу кестесін қалыптастыру үшін негіз болып табылады.
4. Жеке немесе заңды тұлғаның қызметі немесе жекелеген қызмет түрлері немесе әрекеттері (операциялары) тоқтатыла тұрған жағдайда, рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізіліміне тиісті мәліметтер енгізіледі.
5. Рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімінен хабарламаны алып тастау өтініш берушінің өтініші, соттың жеке немесе заңды тұлғаның қызметіне немесе жекелеген қызмет түрлеріне немесе әрекеттеріне тыйым салу туралы шешімі бойынша, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де жағдайларда жүзеге асырылады.
6. Рұқсат беру органдарының және хабарламаларды қабылдауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімін жүргізу мүмкіндігі уақытша немесе тұрақты болмаған кезеңде олар барлық қажетті тарихи деректердің тіркелуін және сақталуын қамтамасыз етуге және осындай мүмкіндік пайда болғаннан кейін рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімін тарихи деректермен толықтыруға міндетті.
10-тарау. ЖАУАПТЫЛЫҚ ЖӘНЕ БАҚЫЛАУ
50-бап. Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық
Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.
2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 51-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
51-бап. Хабарламалар бойынша бақылау және рұқсаттық бақылау
1. Рұқсаттық бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес тексеру және профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асырылады.
2. Рұқсат және (немесе) рұқсатқа қосымша берілгенге дейін өтініш берушінің біліктілік немесе рұқсат беру талаптарына сәйкестігін рұқсаттық бақылау бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау тәртібімен жүзеге асырылады, оның нәтижелері бойынша өтініш берушінің біліктілік немесе рұқсат беру талаптарына сай келуі немесе сай келмеуі туралы шешім қабылданады (қорытынды жасалады).
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Лицензиаттардың және екінші санаттағы рұқсаттарды иеленушілердің рұқсат және (немесе) рұқсатқа қосымша берілгеннен кейін (қызметті жүзеге асыру процесінде) Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасын сақтауын рұқсаттық бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне және «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес тексерулер және профилактикалық бақылау арқылы жүзеге асырылады.
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Хабарламаны алғаннан кейін мемлекеттік орган Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне және «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бақылау мен қадағалау қызметін жүзеге асыру процесінде өтініш берушінің Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарында, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларында немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде қызметті жүзеге асыру үшін белгіленген талаптарды сақтауын дербес тексереді.
11-тарау. Қорытынды және өтпелі ережелер
52-бап. Өтпелі ережелер
1. Осы Заңның 3-бабының 2-тармағында көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып, осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін қолданылған және осы Заңға 1, 2 және 3-қосымшаларда көзделген рұқсаттар мен хабарламалар тізбелеріне енбеген рұқсаттар мен хабарламалардың болуы міндетті болып табылмайды және осы рұқсаттарсыз және хабарламаларсыз қызметті немесе әрекеттерді (операцияларды) жүзеге асыру жеке немесе заңды тұлғалар үшін жауаптылыққа әкеп соқпайды.
2. «Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 4-бабының 8-тармағына сәйкес лицензиялануға жатпаған қызмет түрлеріне осы Заң қолданысқа енгізілген кезден бастап, олар осы Заңға 1, 2 және 3-қосымшаларда болған жағдайда, рұқсат беру немесе хабарлама жасау тәртібі жалпы негіздерде қолданылады.
3. Рұқсат беру рәсімдерін жүзеге асыру 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі және рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімі пайдаланыла отырып, электрондық нысанда мұндай мүмкіндік болған жағдайда жүргізіледі.
Рұқсат беру рәсімдерін жүзеге асыру 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі және рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімі пайдаланыла отырып, электрондық нысанда ғана жүргізіледі.
Ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган мен рұқсаттар және хабарламалар саласындағы уәкілетті органның бірлескен бұйрығымен бекітілетін, автоматтандыруға жатпайтын тізбеге енгізілген екінші санаттағы рұқсаттарды қоспағанда, 2015 жылғы 31 желтоқсанға дейін рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімінде рұқсаттарды жинау мен сақтауды немесе рұқсат беру рәсімдерін жүзеге асыруды автоматтандыру енгізілмейтін және қамтамасыз етілмейтін екінші санаттағы рұқсаттардың күші жойылуға жатады.
4. Осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін берілген атом энергиясын пайдалану саласындағы лицензиялар осы Заң қолданысқа енгізілген күннен кейін алты ай ішінде осы Заңға 1-қосымшаға сәйкес мерзімі шектеулі лицензияларға қайта ресімделуге жатады.
53-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
1. Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі.
2. «Лицензиялау туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының күші жойылды деп танылсын (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 2, 10-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 20, 89-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 128, 129-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар; № 9-10, 47-құжат; № 13-14, 62, 63-құжаттар; № 17, 79, 81, 82-құжаттар; № 18, 84, 85-құжаттар; № 23, 100-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 1-2, 4-құжат; № 7, 28-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 111, 112-құжаттар; № 24, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 21, 26-құжаттар; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 17, 136-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 3, 25-құжат; № 12, 84-құжат; № 13, 91-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 4, 21-құжат;№ 10-11, 56-құжат; № 12, 57-құжат; № 16, 83-құжат).
Қазақстан Республикасының
Президенті
Н. НАЗАРБАЕВ
Астана, Ақорда, 2014 жылғы мамырдың 16-ы.
№ 202-V
2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.27.04. № 311-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.03.12. № 432-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2016.29.03. № 479-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2016.07.04. № 487-V ҚР Заңымен (ресми жарияланған күнiнен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізiлдi) (бұр.ред.қара); 2016.09.04. № 496-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2016.09.04. № 502-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2017.27.12. № 126-VІ ҚР Заңымен (2018 ж. 29 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2018.04.07. № 171-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.28.12. № 211-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.21.01. № 217-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.18.03. № 237-VІ ҚР Заңымен (2019 ж. 10 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара); 2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен (2020 ж. 2 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2019.26.12. № 289-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-қосымша өзгертілді
«Рұқсаттар және хабарламалар туралы»
2014 жылғы 16 мамырдағы № 202-V
Қазақстан Республикасының Заңына
1-қосымша
Бірінші санаттағы рұқсаттардың (лицензиялардың)
ТІЗБЕСІ
Р\с № | Лицензияның және оны жүзеге асыру үшін лицензияның болуы талап етілетін қызмет түрінің атауы | Оны жүзеге асыру үшін лицензияның болуы талап етілетін қызметтің кіші түрінің атауы | Ескертпе |
1 | 2 | 3 | 4 |
Телерадио хабарларын тарату саласындағы қызметті лицензиялау |
1. | Теле-, радиоарналарды тарату жөніндегі қызметпен айналысу үшін лицензия | | Иеліктен шығарылмайтын; 1-сынып |
Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану саласындағы қызметті лицензиялау |
2. | Тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі ғылыми-реставрациялық жұмыстарды және (немесе) археологиялық жұмыстарды жүзеге асыру жөніндегі қызметке лицензия | 1. Тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі ғылыми-реставрациялық жұмыстарды жүзеге асыру. 2. Археологиялық жұмыстарды жүзеге асыру. | Иеліктен шығарылмайтын;1-сынып |
Білім беру саласындағы қызметті лицензиялау |
3. | Білім беру қызметімен айналысуға лицензия | 1. Бастауыш білім беру. 2. Негізгі орта білім беру. 3. Жалпы орта білім беру. 4. Біліктіліктер бойынша, әскери, арнаулы оқу орындары үшін мамандықтардың топтары бойынша техникалық және кәсіптік білім беру. 5. Біліктіліктер бойынша, әскери, арнаулы оқу орындары үшін мамандықтардың топтары бойынша орта білімнен кейінгі білім беру. 6. Кадрларды даярлау бағыттары бойынша жоғары білім беру. 7. Кадрларды даярлау бағыттары бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру. 8. Діни білім беру. | Иеліктен шығарылмайтын; 1-сынып |
Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы қызметті лицензиялау |
4. | Іздестіру қызметіне лицензия | 1. Инженерлiк-геодезиялық жұмыстар, оның iшiнде: 1) геодезиялық орталықтарды салу және қалау; 2) жоспарлы-биiктiк түсiру желiлерiн құру; 3) жобалау мен салуға арналған топографиялық жұмыстар (1:10000-нан 1:200-ге дейінгі масштабтағы түсiрулер, сондай-ақ жерасты коммуникациялары мен құрылыстарын түсiрулер, жердегi желiлiк құрылыстар мен олардың элементтерiн трассалау және түсiру); 4) инженерлiк-геологиялық әзiрлемелердi, геофизикалық және басқа да iздестiру нүктелерiн бекiту арқылы нақтыға көшірумен байланысты байланысты геодезиялық жұмыстар. 2. Инженерлiк-геологиялық және инженерлiк-гидрогеологиялық жұмыстар, оның iшiнде: 1) геофизикалық зерттеулер, шолып байқау және түсiру; 2) жер қабаттарын далалық зерттеулер, гидрогеологиялық зерттеулер | Иеліктен шығарылмайтын; 1-сынып |
5. | Жобалау қызметіне лицензия | 1. Қала құрылысын жобалау (тарих және мәдениет ескерткiштерiндегі ғылыми-реставрациялау жұмыстарын қоспағанда, тарихи құрылыс аудандарында қала құрылысын қалпына келтiру үшiн жобалау құқығымен) және жоспарлау, оның iшiнде: 1) жоспарлау құжаттамасын (аумақтарда қала құрылысын жоспарлаудың кешендi схемаларын - аудандық жоспарлау жобаларын, елдi мекендердiң бас жоспарларын, аудандарды, шағын аудандарды, орамдарды, жекелеген учаскелердi егжей-тегжейлi жоспарлау жобалары мен салу жобаларын); 2) елдi мекендердiң (елдi мекендер шекараларының шегiнде орналасатын көше-жол желiлерi мен қалаiшiлiк және сыртқы көлiк объектiлерiнің) және қонысаралық аумақтардың (елдi мекендердiң көше-жол желiсiнен тысқары орналасатын сыртқы көлiк объектiлерi мен коммуникацияларының) көлiк инфрақұрылымын дамыту схемаларын; 3) құрылыс салу жүйесiнде жылу энергиясын өндiру және тасымалдау объектiлерін орналастыра отырып, елдi мекендердi жылумен жабдықтау, сондай-ақ қонысаралық аумақтарда орналасатын өндiрiстiк кешендердi жылумен жабдықтау схемаларын; 4) ауыз су және (немесе) техникалық су көздерiн орналастыра отырып және су ағызарларды трассалай отырып, елдi мекендердi сумен жабдықтау схемаларын, сондай-ақ қонысаралық аумақтарда орналасатын өндiрiстiк кешендердi сумен жабдықтау схемаларын; 5) тұрмыстық, өндiрiстiк және жауын-шашынның сарқынды суларын жинау мен ағызудың орталықтандырылған жүйесiн, бас тазартқыш құрылыстарды, сарқынды суларды буландырғыштар мен қайта генерациялау объектiлерін орналастыруды қоса алғанда, елдi мекендер мен өндiрiстiк кешендердiң кәрiз схемаларын; 6) қонысаралық аумақтарда орналасатын елдi мекендер мен өндiрiстiк кешендердi газбен жабдықтау схемаларын; 7) құрылыс салу жүйесiнде электр энергиясын өндiру және тасымалдау объектiлерін орналастыра отырып, елдi мекендердi электрмен жабдықтау, сондай-ақ қонысаралық аумақтарда орналасатын өндiрiстiк кешендердi электрмен жабдықтау схемаларын; 8) инфрақұрылым объектiлерi мен ақпарат көздерiн орналастыра отырып, елдi мекендер үшiн телекоммуникация және байланыс схемаларын әзiрлеу. 2. Ғимараттар мен құрылыстар үшін сәулеттiк жобалау (тарих және мәдениет ескерткiштерiндегі ғылыми-реставрациялау жұмыстарын қоспағанда, сәулеттiк-реставрациялау жұмыстары үшiн жобалау құқығымен), оның iшiнде объектiлердiң бас жоспарларын, аумақтың инженерлiк дайындығын, жер бедерiн көркейтуді және ұйымдастыруды 3. Құрылыстық жобалау (ғимараттар мен құрылыстарды күрделi жөндеу және (немесе) реконструкциялау үшiн жобалау, сондай-ақ төменде аталған жұмыстардың әрқайсысы үшiн конструкцияларды нығайту құқығымен) және конструкциялау, оның iшiнде: 1) негiздер мен iргетастарды; 2) бетон және темір-бетон, тас және арматура-тас конструкцияларды; 3) металл (болат, алюминий және қорытпа) конструкцияларды. 4. Инженерлiк жүйелер мен желiлердi, оның iшiнде: 1) жылытудың iшкi жүйелерiн (электрмен жылытуды қоса алғанда), желдетудi, кондиционерлеуді, салқын ауамен жабдықтауды, газдандыруды (төмен қысымды газбен жабдықтауды), сондай-ақ олардың қосалқы объектiлерi бар сыртқы желiлерiн; 2) су құбыры (ыстық және суық су) мен кәрiздiң iшкi жүйелерiн, сондай-ақ олардың қосалқы объектiлерi бар сыртқы желiлерiн; 3) тогы әлсiз құрылғылардың (телефондандырудың, өрттен қорғау дабыл құралының) iшкi жүйелерiн, сондай-ақ олардың сыртқы желiлерiн; 4) iшкi және сыртқы электрмен жарықтандыру, 0,4 кВ-ға дейiн және 10 кВ-ға дейiн электрмен жабдықтау жүйелерiн; 5) 35 кВ-ға дейiн, 110 кВ-ға дейiн және одан жоғары электрмен жабдықтауды; 6) магистральдық мұнай құбырларын, мұнай өнiмдерi құбырларын, газ құбырларын (орта және жоғары қысымды газбен жабдықтауды) жобалау. 5. Тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы, оның iшiнде: 1) мектепке дейiнгi білім беруге, жалпы және арнаулы білім беруге, интернаттарға, кадрлар даярлайтын орындарға, ғылыми-зерттеу, мәдени-ағарту және ойын-сауық мекемелерiне, сауда (дәрiханаларды қоса алғанда), денсаулық сақтау (ауруларды емдеу және олардың профилактикасы, оңалту және санаториялық емдеу), қоғамдық тамақтану мен тұрмыстық қызмет көрсету, дене шынықтыру-сауықтыру және спорттық жаттығулар, демалыс пен туризм кәсiпорындарына, сондай-ақ түрлi қоғамдық мақсаттағы үй-жайлары бар өзге де көп функциялы ғимараттар мен кешендерге арналған; 2) көлiк инфрақұрылымына (халыққа тiкелей қызмет көрсетуге арналған) және коммуналдық шаруашылыққа арналған (көлiк құралдарына қызмет көрсетуге арналған, сондай-ақ өзге де өндiрiстiк-шаруашылық мақсаттағы ғимараттар мен құрылыстардан басқа) ғимараттар мен құрылыстарды технологиялық жобалау (құрылыс жобаларының технологиялық бөлiгiн әзiрлеу). 6. Өндiрiстiк мақсаттағы, оның iшiнде: 1) энергетика өнеркәсiбiне арналған; 2) жеңiл және тамақ өнеркәсiбiн қоса алғанда, өңдеу өнеркәсiбiне арналған; 3) ауыр машина жасауға арналған; 4) медицина, микробиология және фармацевтика өнеркәсiбiне арналған; 5) бөгеттер, дамбалар, басқа да гидротехникалық құрылыстарды; 6) мұнара және дiңгек үлгiсiндегi конструкцияларды; 7) көтергіш-көлiктiк құрылғылар мен лифтiлерге арналған объектiлердi технологиялық жобалау (құрылыс жобаларының технологиялық бөлiгiн әзiрлеу). 7. Көлiк инфрақұрылымы, байланыс және коммуникация, оның iшiнде: 1) автомобиль, электр, теміржол және өзге де рельстi, әуе, су көлiгi түрлерiн қоса алғанда, қалаiшiлiк және сыртқы көлiкке; 2) жергiлiктi байланыс, радио-, телекоммуникация желiлерiне; 3) жалпыреспубликалық және халықаралық байланыс (спутниктiк байланысты қоса алғанда) желiлерiне және өзге де телекоммуникация түрлерiне қызмет көрсету объектiлерiн технологиялық жобалау (құрылыс жобаларының технологиялық бөлiгiн әзiрлеу). 8. Мыналарды: 1) теміржол көлiгi қатынасы жолдарын; 2) барлық санаттағы автомобиль жолдарын; 3) қалалық электр көлiгінiң көше-жол желiсiн; 4) көпiрлер мен көпiр өткелдерiн, оның iшiнде көлiк эстакадалары мен көп деңгейлi жолайрықтарын қамтитын технологиялық жобалау (көлiк құрылысы жобаларының технологиялық бөлiгiн әзiрлеу). 9. Өңдеу өнеркәсiбi кәсiпорындарын қоспағанда, ауыл шаруашылығы объектiлерiнiң құрылысын технологиялық жобалау (жобалардың технологиялық бөлiгiн әзiрлеу) | Иеліктен шығарылмайтын; 1-сынып |
6. | Құрылыс-монтаж жұмыстарына лицензия | 1. Жер қабатындағы арнаулы жұмыстар, оның ішінде: 1) іргетас негіздерді орналастыру; 2) жер қабатындағы бұрғылау жұмыстары; 3) суасты-техникалық жұмыстар мен теңiз қайраңындағы жұмыстар. 2. Объектілерді күрделі жөндеу мен реконструкциялауды, оның ішінде: 1) металл конструкцияларды монтаждауды; 2) мұнара және дiңгек үлгiсiндегi құрылыс конструкцияларын, түтiн мұржаларын монтаждауды; 3) көпiрлер мен көпiр өткелдерiнiң тiрек конструкцияларын монтаждауды; 4) гидротехникалық және селден қорғау құрылыстарын, бөгеттердi, дамбаларды; 5) түтiн мұржаларын, күш түсетін құрылыстарды, градирняларды, шахта үстiндегi тоқпақтарды; 6) тау-кен ұңғылау және тоннель жұмыстарын, сүзгілеуге қарсы қалқаларды орналастыруды; 7) көтергіш құрылғылардың (лифтiлердiң, эскалаторлардың, шахта тоқпақтары мен көтергiштерiнiң, аспалы жолдар мен көтергіш құрылыстардың басқа да конструкцияларын) құрылыс конструкцияларын монтаждауды; 8) монолиттi конструкцияларды орналастыру, сондай-ақ құрамабетон және темiр-бетон конструкцияларын монтаждауды, қабырғалар мен аралық қабырғалардың жеке элементтерін қалауды және ойықтарды толтыруды; 9) шатыр жабу жұмыстарын қамтитын ғимараттар мен құрылыстардың (оның iшiнде көпiрлердің, көлiк эстакадаларының, тоннельдер мен жол өткізгілерінің, өзге де жасанды құрылыстардың) тiрек және (немесе) қоршау конструкцияларын салу. 3. Күрделі жөндеу мен реконструкциялауды қамтитын желілік құрылыстарды, оның ішінде: 1) қысыммен жұмыс iстейтiн не жарылу-өрт қаупi бар немесе өзге де қауiптi (зиянды) сұйық немесе газ тектес заттарды сақтауға арналған болат резервуарларды (ыдыстарды); 2) мұнай құбырларының, газ құбырларының кәсiпшiлiк және магистральдық желiлерiн, сондай-ақ мұнай өнiмдерi құбырларының магистральдық желiлерiн; 3) кернеуi 35 кВ-ға дейiнгi және 110 кВ-ға дейiнгi және одан жоғары кернеулі электр беру магистральдық желiлерiн; 4) жалпыреспубликалық және халықаралық байланыс және телекоммуникация желiлерiн салу бойынша арнаулы құрылыс және монтаж жұмыстары. 4. Күрделі жөндеу мен реконструкциялауды, оның iшiнде: 1) теміржол қатынасы жолдарын электрмен жабдықтау желiлерiн, әуе көлiгi кәсiпорындарын электрмен жабдықтау және электрмен жарықтандыру желiлерiн; 2) газбен жабдықтаудың жоғары және орташа қысымды, тұрмыстық және өндiрiстiк газбен жабдықтаудың төмен қысымды желiлерiн, газбен жабдықтаудың iшкi жүйелерiн; 3) суық және ыстық сумен жабдықтау, жылумен жабдықтау желiлерiн, тұрмыстық, өндiрiстiк және жауын-шашынның сарқынды суларының орталықтандырылған кәрiзiн, су құбырының, жылу беру мен кәрiздiң iшкi жүйелерiнiң құрылғысын; 4) электрмен жабдықтау желiлерiн және сыртқы электрмен жарықтандыру құрылғысын, электрмен жарықтандырудың және электрмен жылытудың iшкi желiлерiн қамтитын инженерлiк желiлер мен жүйелердi орналастыру. 5. Күрделі жөндеу мен реконструкциялауды қамтитын автомобиль және теміржол құрылыстарын, оның ішінде: 1) темір жолдарға арналған негiздерді және оның беткi құрылыстарын; 2) I және II техникалық санаттағы автомобиль жолдарының, сондай-ақ жүрдек және реттелетін қозғалыстың қалаiшiлiк магистральдық жолдарының, үздiксiз және реттелетін қозғалыстың жалпықалалық маңызы бар магистральдық көшелерiнiң көлiк жүретiн бөлiгiнiң негiздерi мен жабындыларын, қорғаныш құрылыстары мен оларды жайластыруды; 3) III, IV және V техникалық санаттағы автомобиль жолдарының, сондай-ақ магистральдық болып табылмайтын елдi мекендер көшелерiнiң көлiк жүретiн бөлiгiнiң негiздерi мен жабындыларын, қорғаныш құрылыстары мен оларды жайластыруды; 4) аэродромдардың ұшу-қону жолақтары мен тiкұшақ алаңдарының негiздерi мен жабындыларын салу. 6. Мыналарға: 1) гидротехникалық және мелиоративтiк құрылыстарға; 2) құрылыс материалдарын, бұйымдар мен конструкцияларды өндiруге; 3) театр-ойын-сауық, білім беру, спорт мақсатындағы объектiлерге; 4) байланысқа, авариядан қорғауға, бақылау және дабыл жүйесiне, көлiкте, электр энергетикасы және сумен жабдықтау объектiлерiнде, тiршiлiктi қамтамасыз ететiн өзге де объектiлерде оқшаулауға, сондай-ақ өндiрiстiк мақсаттағы есепке алу және бақылау аспаптарына байланысты технологиялық жабдықты монтаждау, iске қосу-оңдау жұмыстары. | Иеліктен шығарылмайтын; 1-сынып |
7. | 2016.07.04. № 487-V ҚР Заңымен алып тасталды (ресми жарияланған күнiнен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізiлдi) (бұр.ред.қара) |
Көмірсутектер саласындағы қызметті лицензиялау |
8. | Көмірсутектер саласындағы тау-кен өндірістерін (көмірсутектер), мұнай-химия өндірістерін жобалауға (технологиялық) және (немесе) пайдалануға, магистральдық газ құбырларын, мұнай құбырларын, мұнай өнімдері құбырларын пайдалануға арналған лицензия | 1. Мұнайды, газды, мұнай-газ конденсатын өндіру. 2. Көмірсутектер кен орындарында технологиялық жұмыстарды жүргізу (кәсіпшілік зерттеулер; сейсмикалық барлау жұмыстары; геофизикалық жұмыстар). 3. Мұнай; газ; газ конденсаты; қысыммен айдау ұңғымаларындағы атқылау-жару жұмыстары. 4. Құрлықтағы; теңіздегі; ішкі су айдындарындағы көмірсутектер кен орындарында ұңғымаларды бұрғылау. 5. Кен орындарында ұңғымаларды жерасты жөндеу (ағымдағы; күрделі). 6. Көмірсутектер кен орындарында ұңғымаларды цементтеу; сынау; игеру; сынамалау. 7. Көмірсутектер кен орындарында ұңғымаларды консервациялау; жою. 8. Мұнай қабаттарының мұнай беруін арттыру және ұңғымалардың өнімділігін ұлғайту. 9. Құрлықтағы; теңіздегі көмірсутектер кен орындарында төгілуді болғызбау және жою жөніндегі жұмыстар. 10. Мұнай-химия өндірістерін пайдалану. 11. Көмірсутектер кен орындарына арналған жобалау құжаттарын; технологиялық регламенттерді; жобалардың техникалық-экономикалық негіздемесін жасау. 12. Магистральдық газ құбырларын, мұнай құбырларын, мұнай өнімдері құбырларын пайдалану. | Иеліктен шығарылмайтын; 1-сынып |
Өнеркәсіп саласындағы қызметті лицензиялау |
9. | Тау-кен және химия өндiрiстерiн пайдалану жөніндегі қызметті жүзеге асыруға арналған лицензия | 1. Қатты пайдалы қазбаларды (кең таралған пайдалы қазбаларды қоспағанда) өндiру. 2. Қатты пайдалы қазбалардың кен орындарын ашық және жерасты тәсiлдерiмен ашу және әзірлеу. 3. Кен орындарында технологиялық жұмыстарды жүргізу. 4. Пайдалы қазбаларды өндіру үшін жару жұмыстарын жүргізу. 5. Кенiштер мен шахталарды жабу жөніндегі жою жұмыстары 6. Ұңғымаларды жерасты және күрделі жөндеу, жабдықты және агрегаттарды бөлшектеу, ұңғымалар көтергішін орнату. 7. Ұңғымаларды жөндеуден кейін сынау. 8. Ұңғымаларды шаю, цементтеу, сынаудан өткізу және игеру. 9. Химиялық өндірістерді пайдалану. | Иеліктен шығарылмайтын; лицензия беру кезінде осы Заңның 25-бабы 3-тармағы бірінші бөлігінің және 26-бабының 1, 2-тармақтарының күші қолданылмайды; 1-сынып |
10. | 2016.29.03. № 479-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) |
11. | Энергиямен жабдықтау мақсатында электр энергиясын сатып алу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия | | Иеліктен шығарылмайтын; 1-сынып |
Ақпараттандыру және байланыс саласындағы қызметті лицензиялау |
12. | Байланыс саласында қызметтер көрсетуге лицензия | 1. Қалааралық телефон байланысы 2. Халықаралық телефон байланысы 3. Спутниктік жылжымалы байланыс 4. Ұялы байланыс (стандарт атауын көрсете отырып) | Иеліктен шығарылмайтын; 1-сынып |
Есірткінің, психотроптық заттардың, прекурсорлардың айналымы саласындағы қызметті лицензиялау |
13. | Есірткі, психотроптық заттардың, прекурсорлардың айналымы саласындағы қызметті жүзеге асыруға лицензия | 1. Есірткі заттарын әзірлеу, өндіру, өңдеу, тасымалдау, жөнелту, сатып алу, сақтау, тарату, өткізу, пайдалану, жою 2. Психотроптық заттар мен прекурсорларды өндіру | Иеліктен шығарылмайтын; қолданылу мерзімі - 5 жыл; лицензия беру кезінде осы Заңның 25-бабы 3-тармағы бірінші бөлігінің және 26-бабы 1, 2-тармақтарының күші қолданылмайды; 1-сынып |
3. Психотроптық заттар мен прекурсорларды әзірлеу, өндіру, тасымалдау, жөнелту, сатып алу, сақтау, тарату, өткізу, пайдалану, жою | Иеліктен шығарылмайтын; қолданылу мерзімі - 5 жыл; 1-сынып |
4. Құрамында есірткі заттары бар өсімдіктер мен шөптерді өсіру, жинау, дайындау | Иеліктен шығарылмайтын; қолданылу мерзімі - 5 жыл; лицензия беру кезінде осы Заңның 25-бабы 3-тармағы бірінші бөлігінің және 26-бабы 1, 2-тармақтарының күші қолданылмайды; 1-сынып |
5. Құрамында психотроптық заттар бар өсімдіктерді және шөптерді өсіру, жинау, дайындау | Иеліктен шығарылмайтын; қолданылу мерзімі - 5 жыл; 1-сынып |
6. Денсаулық сақтау саласындағы есірткінің, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына байланысты қызметке | Иеліктен шығарылмайтын; қолданылу мерзімі - 5 жыл; 1-сынып |
14. | 2016.29.03. № 479-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) |
Денсаулық сақтау саласындағы қызметті лицензиялау |
2016.29.03. ҚР № 479-V Заңымен 15-жол өзгертілді (2016 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)