4) мұра қалдырушының еркi мен заң актілеріне сәйкес мұра- герлерге өздеріне тиесілi мүлікті беруге;
5) мұрагерлердің оларға жүктелген өсиеттік бас тартуды орын- дауын қамтамасыз етуге (осы Кодекстің 1057-бабы);
6) өсиеттік жүктеудi атқаруға не өсиет бойынша мұрагерлерден өсиеттік жүктеудi атқаруды талап етуге (осы Кодекстің 1058-бабы);
7) мұраны борыштардан тазартуға тиіс.
3. Өсиетті орындаушы өз атынан сот істеріне және мұраны басқару мен өсиеттi орындауға байланысты басқа iстерге араласуға құқылы, сондай-ақ мұндай iстерге қатысуға тартылуы мүмкін.
4. Өсиеттi орындаушы мұраны борыштардан тазарту, мұра қалдырушыға тиесілi сомаларды өндіріп алу және барлық мұрагер- лердің мұраны иеленуге кірісуi үшін қажеттi қисынды мерзім iшін- де өз қызметін жүзеге асырады.
5. Өсиетті орындаушының мұраны басқару мен өсиетті орын- дау жөніндегi қажеттi шығындарды мұраның есебінен өтеуге құқығы бар. Өсиетте өсиетті орындаушыға мұраның есебінен сый- ақы төлеу көзделуі мүмкін.
6. Өсиет орындалғаннан кейін өсиеттi орындаушы мұрагерлер- ге олардың талап етуі бойынша есеп беруге міндетті.
59- тарау. Заңды мұрагерлік 1060-бап. Жалпы ережелер
1. Заң бойынша мұрагерлер осы Кодекстің 1061-1064-бапта-
рында көзделген кезек тәртібімен мұрагерлікке шақырылады.
2. Заң бойынша мұрагерлік кезінде, бір жағынан, асырап алынған және оның ұрпақтары және екіншi жағынан, асырап алушы мен оның туыстары қандас туыстарға теңестіріледі.
Асырап алынғандар мен олардың ұрпақтары асырап алы- нушының туған ата-анасы, оның басқа да қандас туыстары қайтыс болғаннан кейін заң бойынша мұрагер болмайды.
Асырап алынушылардың ата-анасы мен оның басқа да қандас туыстары асырап алынушы және оның ұрпақтары қайтыс болған- нан кейін заң бойынша мұрагер болмайды.
3. Заң бойынша мұрагерлердің әрбір келесі кезегі алдыңғы кезектегі мұрагерлер болмаған, оларды мұрадан шеттеткен, олар мұраны қабылдамаған не одан бас тартқан жағдайда, осы кодекстің 1074-бабының 5-тармағында аталған жағдайларды қоспағанда, мұрагерлік құқығын алады.
4. Осы Кодекстің заң бойынша мұрагерлердi мұрагерлікке шақырудың кезектілігi туралы және олардың мұрадағы үлестерінің мөлшері туралы ережелері мүдделі мұрагерлердің мұра ашылған- нан кейін жасалып, нотариат куәландырған келісімімен өзгертілуi мүмкін. Мұндай келісім оған қатыспайтын мұрагерлердің, сон- дай-ақ міндеттi үлеске құқығы бар мұрагерлердің құқықтарын қозғамауы тиіс.
1061-бап. Заң бойынша мұрагерлердің біріншi кезегi
1. Заң бойынша мұрагер болу құқығын бірінші кезекте мұра қалдырушының балалары, оның ішінде ол қайтыс болғаннан кейін тірі туған балалары, сондай-ақ мұра қалдырушының жұбайы (зай- ыбы) мен ата-анасы тең үлеспен алады.
2. Мұра қалдырушының немерелері мен олардың ұрпақтары ұсыну құқығы бойынша мұра алады.
1062-бап. Заң бойынша мұрагерлердің екіншi кезегі
1. Егер бірінші кезектегі мұрагерлер болмаса, заң бойынша мұрагер болу құқығын екіншi кезекте мұра қалдырушының бір әке, бір шешеден туған және әкесі немесе шешесі бөлек аға-інілері мен апа-қарындастары (сіңлілері), сондай-ақ оның әкесі жағынан да, анасы жағынан да атасы мен әжесі - тең үлеспен алады.
2. Мұра қалдырушының бір әке, бір шешеден туған және әкесі немесе шешесі бөлек аға-інілері мен апа-қарындастарының (сіңлілерінің) балалары (мұра қалдырушының немере іні-қарын- дастары, жиендері) мұраны ұсыну құқығы бойынша алады.
1063-бап. Заң бойынша мұрагерлердің үшіншi кезегi
1. Егер бірінші және екінші кезектегі мұрагерлер болмаса, заң бойынша мұрагер болу құқығын үшінші кезекте мұра қалдырушы- ның әкесімен бірге туған ағалары мен апалары, нағашы ағалары мен нағашы апалары тең үлеспен алады.
2. Мұра қалдырушының немере аға-інілері, апа-қарындастары (сіңлілері) мұраны ұсыну құқығы бойынша алады.
1064-бап. Кейінгi кезектегi мұрагерлер
1. Егер бірінші, екінші және үшінші кезектегі мұрагерлер бол- маса, заң бойынша мұрагерлік құқығын мұра қалдырушының ал- дыңғы кезектердегі мұрагерлеріне жатпайтын, үшінші, төртіншi және бесінші туыстық дәрежесіндегі туыстары алады.
Туыстық дәрежесі туыстарды бір-бірінен сатылап алшақтата- тын туу санымен айқындалады. Мұра қалдырушының өзінің дүни- еге келуі бұл қатарға жатпайды.
2. Осы баптың 1-тармағына сәйкес мұрагерлікке:
төртіншi кезектегi мұрагерлер ретінде үшіншi туыстық дәреже- сіндегi туыстар - мұра қалдырушының арғы аталары мен әжелері;
бесінші кезектегі мұрагерлер ретінде төртінші туыстық дәре- жесіндегі туыстар - мұра қалдырушының туған немере іні-қарын- дастарының, жиендерінің балалары (шөбере iні-қарындастары, жи- еншарлары) және оның аталары мен әжелерінің туған аға-інілерi мен апа-қарындастары (сіңлілері);
алтыншы кезектегі мұрагерлер ретінде бесінші туыстық дәре- жесіндегі туыстар - мұра қалдырушының шөбере іні-қарындаста- рының, жиеншарларының балалары, оның немере аға-інілері мен апа-қарындастарының (сіңлілерінің) балалары және оның екі ата- дан қосылатын аталары мен әжелерінің балалары шақырылады.
3. Егер алдыңғы кезектердегi мұрагерлер болмаса, заң бой-
ынша жетінші кезектегі мұрагерлер ретінде мұра қалдырушымен кемінде он жыл бір отбасында тұрған мұра қалдырушының өгей әкесіне не өгей шешесіне еріп келген аға-інілері мен апа-қарын- дастары (сіңлілері), өгей ұлдары, өгей қыздары, өгей әкесі және өгей шешесі шақырылады.
1065-бап.
Ескерту. 1065-бап алып тасталды - Қазақстан Республикасы- ның 2007.01.12. № 225 Заңымен.
1066-бап.
Ескерту. 1066-бап алып тасталды - Қазақстан Республикасы- ның 2007.01.12. № 225 Заңымен.
1067-бап. Ұсыну құқығы бойынша мұрагерлік
1. Мұра ашылғанға дейін немесе мұра қалдырушымен бір мезгілде қайтыс болған заңды мұрагердің үлесi осы Кодекстің 1061-бабының 2-тармағында, 1062-бабының 2-тармағында және 1063-бабының 2-тармағында көзделген жағдайларда ұсыну құқығы бойынша оның тиісті ұрпақтарына өтеді және олардың арасында тең бөлінеді.
2. Мұра ашылғанға дейін немесе мұра қалдырушымен бір мезгілде қайтыс болған және осы Кодекстің 1045-бабына сәйкес мұра алу құқығын иелене алмайтын мұрагердің ұрпақтары ұсыну құқығы бойынша мұрагер болмайды.
1068-бап. Мұра қалдырушының асырауындағы еңбекке жарамсыз адамдар
1. Егер мұра қалдырушымен бірге тұрғандығына немесе тұр- мағандығына қарамастан, мұра қалдырушы қайтыс болғанға дей- iн кемінде бір жыл оның асырауында болса, осы Кодекстің 1062, 1063, 1064-баптарында көрсетілген, заң бойынша мұрагерлерге жататын, мұраның ашылу күніне дейін еңбекке жарамсыз болған, бірақ мұрагерлікке шақырылатын кезектегі мұрагерлердің тобына кірмейтін азаматтар заң бойынша осы кезектегi мұрагерлермен бір- ге және тең мұра алады.
2. Осы Кодекстің 1061, 1062, 1063, 1064-баптарында аталған мұрагерлер тобына кірмейтін, бірақ мұраның ашылу күніне еңбекке жарамсыз болып табылған және мұра қалдырушы қайтыс болғанға дейін кемінде бір жыл оның асырауында болған және онымен бірге тұрған заң бойынша мұрагерлер мұрагер болуға шақырылатын ке- зектегi мұрагерлермен бірге және тең мұра алады.
Заң бойынша басқа мұрагер болмаған кезде осы баптың 2-тар- мағында көрсетілген мұра қалдырушының асырауындағы еңбекке жарамсыз адамдар сегізінші кезектегі мұрагерлер ретінде өз бетін- ше мұра алады.
1069-бап. Мұрадағы міндеттi үлеске құқық
1. Мұра қалдырушының кәмелетке толмаған немесе еңбекке жарамсыз балалары, сондай-ақ оның еңбекке жарамсыз жұбайы мен ата-анасы, өсиеттің мазмұнына қарамастан, заң бойынша мұрагерлік кезінде олардың әрқайсысына тиесілі болатын үлестің (міндеттi үлес) кемінде жартысын мұраға алады.
2. Мұндай үлеске құқығы бар мұрагер өсиет бойынша және (немесе) заң бойынша мұрадан алатынның барлығы, оның ішінде әдеттегі үй жабдықтары мен үй-іші тұрмысында ұсталатын заттар- дан тұратын мүліктің құны және мұндай мұрагердің пайдасына белгіленген өсиеттік бас тартудың құны, міндетті үлеске есепте- леді.
3. Мұрадағы міндетті үлеске құқығы бар мұрагер үшін өсиет- те белгіленген кез келген шектеулер мен жүктеулер өзіне ауысатын мұраның міндетті үлесінен асатын бөлігіне қатысты ғана жарамды болады.
1070-бап. Мұра алу кезіндегi ерлі-зайыптылардың құқықтары
1. Ерлі-зайыптыларға өсиетке немесе заңға орай тиесілі мұра- герлік құқықтың мұра қалдырушымен некеде тұру жағдайына бай- ланысты оның басқа да мүліктік құқықтарына, оның ішінде мүлік- тің некеде тұрғанда бірге тапқан бөлігіне меншік құқығына қатысы жоқ.
2. Егер мұра қалдырушымен неке мұра ашылғанға дей- iн iс жүзінде тоқтатылғандығы және ерлі-зайыптылардың мұра
ашылғанға дейін кемінде бес жыл бөлек тұрғандығы дәлелденсе, сот шешімімен ерлі-зайыптылар заң бойынша мұрагерліктен шет- тетілуі мүмкін.
1071-бап. Мұраны қорғау және заң бойынша мұрагерлік кезінде оны басқару
1. Мүліктің бір бөлігi өсиет бойынша мұраға қалдырылған жағдайда мұра қалдырушы тағайындаған өсиеттi орындаушы мұраның заң бойынша мұрагерлік тәртібімен ауысатын бөлігін де қоса алғанда, барлық мұраны қорғауды және оны басқаруды жүзеге асырады.
Егер заң бойынша мұрагерлер мұраның заң бойынша мұрагер- лік тәртібімен ауысатын бөлігіне қатысты көрсетілген міндеттердi атқару үшін мұраны сенімгерлікпен басқарушыны тағайындауды талап етпесе, тұтас алғанда бүкіл мұраны қорғау және оны басқа- ру жөніндегі міндеттерді осы Кодекстің 1059-бабына сәйкес өсиет бойынша мұрагерлер немесе сот тағайындаған өсиетті орындаушы жүзеге асырады.
2. Мұраны сенімгерлікпен басқарушыны заң бойынша бір неме- се бірнеше мұрагердің өтінішімен мұраның ашылған жерi бойынша нотариус тағайындайды. Мұраны басқарушыны тағайындаумен не- месе оны таңдаумен келіспеген заң бойынша мұрагер сотта мұраны сенімгерлікпен басқарушының тағайындалуына дау айтуға құқылы.
3. Егер заң бойынша мұрагерлер болмаса не белгісіз болса, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары мұраны сенімгерлікпен басқарушыны тағайындау туралы нота- риусқа жүгінуге тиіс. Заң бойынша мұрагерлер келген жағдайда, олардың талап етуі бойынша мұраны сенімгерлікпен басқарушы мұраның есебінен оған қажеттi шығындар өтеліп, қисынды сыйақы төлене отырып кері шақырып алынуы мүмкін.
4. Мұраны сенімгерлікпен басқарушы заңды мұрагерліктің ерекшеліктерінен өзгеше туындамағандықтан, өсиеттi орында- ушыға қатысты осы Кодекстің 1059-бабында көзделген өкілеттіктi жүзеге асырады.
5. Мұраны сенімгерлікпен басқарушының мұра есебінен мұра- ны қорғау және оны басқару жөніндегі қажетті шығындарды өтет- тіруге, ал егер оның мұрагерлермен келісімінде өзгеше көзделмесе, сыйақы алуға да құқығы бар.
60- тарау. Мұра алу
1072-бап. Мұраны қабылдау
1. Мұрагер мұраны алу үшін оны қабылдауға тиіс.
2. Мұрагердің мұраның бір бөлігін қабылдағаны өзіне тиесілi барлық мұраны қабылдағанын білдіреді.
Мұрагерді бір мезгілде бірнеше негіздер бойынша мұра алуға шақырған кезде мұрагер осы негіздердің бірi бойынша, оның бірне- шеуi бойынша немесе барлық негіздер бойынша өзіне тиесілi мұра- ны қабылдай алады.
Мұраны шартпен немесе ескертпелермен қабылдауға жол берілмейді.
3. Мұраны бір немесе бірнеше мұрагердің қабылдағаны мұра- ны қалған мұрагерлердің қабылдағанын білдірмейді.
4. Қабылданған мұра, оны іс жүзінде қабылдаған уақытқа қа- рамастан, сондай-ақ мұрагердің мұраға қалдырған мүлікке құқығы мемлекеттік тіркелуге тиістi болғанда, мұндай құқықтың мемлекет- тік тіркелген кезіне қарамастан, мұраның ашылған күнінен бастап мұрагерге тиесілі деп танылады.
1072-1-бап. Мұра қабылдау тәсілдерi
1. Мұраны қабылдау мұра ашылған жердегi нотариусқа немесе заңға сәйкес мұра алу құқығы туралы куәлікті беруге уәкілетті ла- уазымды адамға мұрагердің мұраны қабылдау туралы өтінішін не мұрагердің мұраға құқық туралы куәлік беру туралы өтінішін беру арқылы жүзеге асырылады.
Егер мұрагердің өтінішін нотариусқа басқа адам берсе немесе ол почта арқылы жіберілсе, өтініштегі мұрагердің қолын нотари- ус, нотариат әрекеттерін жасауға уәкілетті лауазымды адам (ocы Кодекстің 1051-бабының 5-тармағы) немесе осы Кодекстің 167-ба-
бының 3-тармағына сәйкес сенімхатты куәландыруға уәкілеттi адам куәландыруға тиіс.
Егер сенімхатта мұраны алуға өкілеттік арнайы көзделсе, мұра- ны өкіл арқылы қабылдау мүмкін болады. Заңды өкілдің мұраны қа- былдауы үшін сенімхат талап етілмейді.
2. Егер мұрагер мұрагерлікті іс жүзінде қабылдағанын куәлан- дыратын iс-әрекеттер жасаған болса, атап айтқанда, мұрагер:
мұраға алынған мүлікті иеленуге немесе басқаруға кіріссе; мұраға алынған мүліктi сақтау, оны қол сұғудан немесе үшіншi
тұлғалардың талаптарынан қорғау жөнінде шаралар қабылдаса; мұраға алынған мүліктi ұстау шығыстарын өз есебінен жүргізсе; өз есебінен мұра қалдырушының қарыздарын төлеген немесе
мұра қалдырушыға тиесілі ақшаны үшінші тұлғалардан алған болса, өзгеше дәлелденгенге дейін мұрагер мұраны қабылдады деп таны- лады.
1072-2-бап. Мұраны қабылдау мерзімi
1. Мұраның ашылу күнінен бастап алты ай iшінде мұра қабыл- дануы мүмкін.
Мұра азаматтың болжамды қайтыс болған немесе ол қайтыс болды деп жарияланған күні ашылған жағдайда (осы Кодекстің 1042-бабының 2-тармағы) - мұра қалдырушы қайтыс болған күннен бастап алты айдың iшінде, ал ол қайтыс болды деп жарияланған кез- де, егер соттың шешімінде өзге күн көрсетілмесе, азаматты қайтыс болды деп жариялау туралы сот шешімi заңды күшіне енген күннен бастап мұра қабылдануы мүмкін.
2. Егер мұрагерлік құқығы басқа адамдар үшін мұрагердің мұрадан бас тартуы, басқа мұрагердің мұраны қабылдамауы немесе мұрагердi осы Кодекстің 1045-бабында белгіленген негіздер бойын- ша мұрадан шеттету салдарынан туындаса, мұндай адамдар оларда мұраға құқық туындаған күннен бастап алты айдың iшінде мұраны қабылдай алады.
1072-3-бап. Белгіленген мерзімнің аяқталуына қарай мұраны қабыл- дау
Егер мұрагер мұраны қабылдау үшін белгіленген мерзімдi (осы Кодекстің 1072-2-бабы) дәлелді себептер бойынша өткізіп алған болса және мұраны қабылдау үшін белгіленген мерзімді өт- кізіп алған мұрагер бұл мерзімді өткізу себептері жойылғаннан кейін алты айдың ішінде сотқа жүгінген жағдайда осы мерзімдi өткізіп алған мұрагердің өтініші бойынша сот бұл мерзімді қал- пына келтіре алады және мұрагер мұраны қабылдады деп тани алады.
Мұрагер мұраны қабылдады деп танылған кезде сот барлық мұрагерлердің мұрагерлік мүліктегi үлестерін анықтайды және қажет болған жағдайда жаңа мұрагердің мұрадан өзіне тиесілi үлесін алу құқығын қорғау жөнінде шаралар белгілейді. Бұған дейін берілген мұраға құқық туралы куәліктерді сот жарамсыз деп таниды.
1072-4-бап. Мұраны қабылдау құқығының ауысуы (мұрагерлік трансмиссия)
Егер заң бойынша немесе өсиет бойынша мұрагер мұраны осы Кодекстің 1072-2-бабында белгіленген мерзімде қабылдап үлгермей, мұра ашылғаннан кейін қайтыс болса, онда мұраның оған тиесілі үлесін қабылдау құқығы оның мұрагерлеріне ауыса- ды.
Қайтыс болған мұрагердің осы құқығын оның мұрагерлерi мұраны қабылдауға арналған мерзімнің қалған бөлігі ішінде жал- пы негіздерде жүзеге асыра алады.
Егер мерзімнің қалған бөлігі үш айдан аз болса, ол үш айға дейін ұзартылады.
Мұраны қабылдау үшін белгіленген мерзім аяқталғаннан кейін, егер сот қайтыс болған мұрагердің мұрагерлерінің осы мерзімді өткізіп алу себептерін дәлелді деп тапса, онда сот олар- ды осы Кодекстің 1072-3-бабына сәйкес мұраны қабылдады деп тануы мүмкін.
Мұрагердің осы Кодекстің 1069-бабына сәйкес міндетті үлес ретінде мұраның бір бөлігін қабылдау құқығы оның мұрагерлері- не ауыспайды.
1073-бап. Мұраға құқық туралы куәлік беру
1. Мұра ашылған жер бойынша нотариус мұрагердің өтінішімен оған мұрагерлікке құқық туралы куәлік беруге міндетті.
2. Мұрагерлікке құқық туралы куәлік мұра ашылған күннен бастап алты ай өткеннен кейін беріледі.
Өсиет бойынша да, заң бойынша да мұрагерлік кезінде, егер нотариуста куәлік берілуін сұраған адамдардан басқа тиісті мүлік- ке не бүкіл мұраға қатысты басқа мұрагерлер туралы анық деректер болмаса, куәлік аталған мерзім өткенге дейін де берілуi мүмкін.
3. Мұраға құқық туралы куәлікті беру бойға біткен, бірақ әлi туылмаған мұрагер болған кезде ол туылғанға дейін тоқтатыла тұрады.
1074-бап. Мұрадан бас тарту құқығы
1. Мұрагер мұра ашылған күннен бастап алты айдың ішінде мұрадан бас тартуға құқылы. Дәлелді себептер болған жағдайда бұл мерзімді сот ұзартуы мүмкін, алайда бұл екі айдан аспауға тиіс.
2. Мұрадан бас тарту мұрагердің мұраның ашылған жері бой- ынша нотариусқа арыз беруімен жасалады.
Егер сенімхатта бас тартуға өкілеттік арнайы көзделсе, мұра- дан өкіл арқылы бас тартуға болады.
3. Мұрадан бас тартуды кейіннен күшін жоюға немесе қайта- рып алуға болмайды.
4. Мұрагер өзіне сол үшін берілген мерзім өткеннен кейін мұрадан бас тарту құқығын жоғалтады. Егер ол мұраға қалдырған мүлікті іс жүзінде иеленуге кіріссе не оған билік етсе, не оның осы мүлікке құқықтарын куәландыратын құжаттарды алуға өтініш жа- саса, ол бұл құқықты аталған мерзім өткенге дейін де жоғалтады.
5. Мұрагер мұрадан бас тартқан кезде өзінің өсиет бойынша немесе кез келген кезектегі заң бойынша мұрагердің қатарындағы басқа адамдардың пайдасына, оның ішінде ұсыну құқығы бойын- ша мұра алуға шақырылған адамдардың пайдасына бас тартатын- дығын көрсетуге құқылы.
Өсиет қалдырушы мұрадан айырған мұрагерлердің пайдасына мұрадан бас тартуға жол берілмейді.
6. Егер мұрагер өсиет бойынша да, заң бойынша да мұрагерлікке шақырылса, ол осы негіздемелердің біреуі бойынша немесе екі не- гіздеме бойынша өзіне тиесілi мұрадан бас тартуға құқылы.
7. Мұрагер мұраның басқа бөлігі мұраға қалдырылуына қара- мастан, үстелу құқығы бойынша өзіне тиесілі мұрадан бас тартуға құқылы (осы Кодекстің 1079-бабы).
8. Осы бапта көзделген жағдайларды қоспағанда, мұраның бір бөлігінен бас тартуға, мұрадан Ескерту жасап немесе шарт қойып бас тартуға жол берілмейді.
1075-бап. Өсиеттік бас тартуды алудан бас тарту құқығы
1. Бас тартылушы өсиеттік бас тартудан бас тартуға құқылы. ішінара бас тартуға, Ескерту жасап, шарт қойып немесе басқа адам- ның пайдасына бас тартуға жол берілмейді.
2. Осы бапта көзделген құқық бір мезгілде мұрагер болып табы- латын бас тартылушының мұрадан бас тарту құқығына байланысты емес.
3. Егер бас тартылушы осы бапта көзделген құқықты пайдалан- са, өсиеттік бас тарту жүктелген мұрагер оны орындау міндетінен босатылады.
1076-бап. Мұраны бөлу
1. Мұраны қабылдаған кез келген заң бойынша мұрагер мұраны бөлудi талап етуге құқылы.
Мұраны бөлу мұрагерлердің келісімі бойынша оларға тиесілi үлестерге сәйкес, ал келісімге қол жетпеген кезде - сот тәртібімен жүргізіледі.
Егер мұраның құрамына мұраға қалдырушының құқықтары тір- келмеген және тіркелмесе туындаған деп есептелмейтін мүлік кірсе, мұрагерлер арасында мүлікті бөлу мұраға қалдырушының құқықта- ры заңнамада белгіленген тәртіппен тіркелгеннен кейін жүргізіледі.
2. Осы баптың ережелерi барлық мұра немесе оның бір бөлі- гі мұрагерлерге нақты мүлік көрсетілмеген үлеспен өсиет етілген жағдайда, мұрагерлердің арасында мұраны өсиет бойынша бөлуге қолданылады.
1077-бап. Болмаған мұрагерлердің құқықтары
1. Егер мұрагерлердің арасында тұратын жері белгісіз адамдар болса, қалған мұрагерлер, өсиеттi орындаушы (мұраны басқарушы) және нотариус олардың тұратын жерін анықтауға және оларды мұрагерлікке шақыруға қисынды шаралар қолдануға міндетті.
2. Егер тұратын жері анықталған, мұрагерлікке шақырылып, болмай қалған мұрагер осы Кодекстің 1074-бабында көзделген мерзім ішінде мұрагерліктен бас тартпаса, қалған мұрагерлер өз- дерінің мұраны бөлісуді жүргізу ниеті туралы хабардар етуге мін- детті.
Егер осының алдындағы бөлікте көзделген хабардар ету кезі- нен бастап үш айдың ішінде болмай қалған мұрагер мұраны бөлу туралы келісімге қатысу тілегі туралы қалған мұрагерлерді хабар- дар етпесе, қалған мұрагерлер болмаған мұрагерге тиесілі үлестi бөлек шығарып, өзара келісім бойынша бөлістi жүргізуге құқылы.
3. Егер мұра ашылған күннен бастап бір жылдың ішінде бол- маған мұрагердің тұратын жері анықталмаса және оның мұрадан бас тартқандығы туралы мәліметтер болмаса, қалған мұрагерлер бөлісті осы баптың 2-тармағы екінші бөлігінің ережелері бойынша жүргізуге құқылы.
4. Iште қалған, бірақ әлі тумаған мұрагер болған кезде мұраны бөлу тек мұндай мұрагер туғаннан кейін ғана жүргізілуi мүмкін.
Егер іште қалған мұрагер тірі туса, қалған мұрагерлер оған тиесілі мұралық үлесті бөліп шығару арқылы ғана мұра бөлудi жүргізуге құқылы. Жаңа туған баланың мүдделерін қорғау үшін бөліске қатысуға қорғаншылық және қамқоршылық органның өкілi шақырылуы мүмкін.
1078-бап. Жекелеген мұрагерлердің мұраға кіретін мүлікке басым құқығы
1. Мұра ашылғанға дейінгi бір жыл iшінде мұра қалдырушымен бірге тұрған мұрагерлер тұрғын үйді, сондай-ақ үй жабдықтары мен үй-ішi тұрмысы заттарын мұраға алуға басым құқыққа ие болады.
2. Мұра қалдырушымен бірге мүлікке ортақ меншік құқығы бар мұрагерлер ортақ меншікте болған мүлікті мұраға алуға басым құқыққа ие болады.
3. Осы баптың 1 және 2-тармақтарында аталған басым құқықты жүзеге асырған кезде бөліске қатысатын басқа да мұра- герлердің мүліктік мүдделері сақталуға тиіс. Егер өздеріне тиесілi үлестерді беру үшін мұраны құрайтын мүлік жеткіліксіз болса, ба- сым құқықты жүзеге асыратын мұрагер оларға тиісінше ақшалай немесе мүліктік өтемақы беруге тиіс.
1079-бап. Мұралық үлестердің үстелуi
1. Мұрагер мұрадан бас тартқан не ол осы Кодексте аталған мән-жайлар бойынша шығып қалған жағдайда мұраның мұндай мұрагерге есептелуге тиіс бөлігi мұрагерлікке шақырылған заң бойынша мұрагерлерге түседі және олардың арасында өздерінің мұралық үлестеріне бара-бар бөлінеді.
Егер мұра қалдырушы барлық мүлікті өзі тағайындаған мұра- герлерге өсиет етсе, мұрадан бас тартқан немесе шығып қалған мұрагерге тиесілі мұра бөлігі өсиет бойынша қалған мұрагерлерге түседі және өсиетте өзгеше көзделмегендіктен, олардың арасында өздерінің мұралық үлестеріне бара-бар бөлінеді.
2. Осы баптың 1-тармағындағы ережелер:
1) егер бас тартқан немесе шығып қалған мұрагердің орнына мұрагер қосымша тағайындалса;
2) мұрагер белгілi бір тұлғаның пайдасына мұрадан бас тартқан кезде;
3) заң бойынша мұрагерлік кезінде мұрагердің бас тартуы немесе шығып қалуы келесі кезектегі мұрагерлерді мұрагерлікке шақыруға әкеп соққан жағдайларда қолданылмайды.
1080-бап. Мұраның есебінен төлеуге жататын шығындар
Мұра қалдырушының қайтыс болар алдындағы науқасы туғы- зған қажетті шығындарды, мұра қалдырушыны жерлеуге арналған шығындарды, мұраны қорғауға, басқаруға, өсиеттi орындауға, сон- дай-ақ өсиетті орындаушыға немесе мұраны сенімгерлікпен басқа- рушыға сыйақы төлеуге байланысты шығындарды өтеу туралы талаптар ол мұрагерлер арасында бөлінгенге дейін мұра есебінен қанағаттандырылуға тиіс. Бұл талаптар барлық басқа, оның ішінде
кепілмен қамтамасыз етілген талаптардың алдында мұраның құ- нынан басымдықпен қанағаттандырылуға тиіс.
1081-бап. Мұра қалдырушының борыштарын кредит берушілердің өндіріп алуы
Мұра қалдырушының кредит берушілері өздерінің мұра қал- дырушының міндеттемелерінен туындайтын талаптарын өсиеттi орындаушыға (мұраны сенімгерлікпен басқарушыға) немесе әрбір мұрагерге ауысқан мүлік құнының шегінде ортақ борышқорлар ретінде жауап беретін мұрагерлерге қоюға құқылы.