«О браке (супружестве) и семье»: имущество, нажитое супругами во время брака (супружества), является их общей совместной соб- ственностью и ст. 38 данного кодекса, согласно которой при разде- ле общего имущества супругов и определении долей в этом имуще-
стве доли каждого из супругов признаются равными, если иное не предусмотрено договором между ними.
Судами по-разному определялся размер ставок по уплате го- сударственной пошлины в судах, взимаемых с подаваемых в суд исковых заявлений. Так определением Медеуского районного суда города Алматы исковое заявление об установлении доли умершего отца в совместно нажитом имуществе с умершей матерью (его су- пруги) было возвращено, мотивируя тем, что требования истца но- сят имущественный характер, истцу надлежит произвести оценку имущества и оплатить государственную пошлину в размере одного процента от рыночной стоимости имущества (истцом была опла- чена государственная пошлина в размере 0,5 МРП), в котором ис- тец намерен определить свою долю, что является основанием для возврата иска. Своим определением судебная коллегия по граждан- ским делам Алматинского городского суда, не согласившись с дан- ными выводами суда, отменила определение Медеуского районного суда города Алматы, мотивируя тем, что истец просит определить не свою долю в имуществе, а долю умершего отца в совместном нажитом имуществе с умершей матерью (его супруги). Таким об- разом, судебная коллегия посчитала, что в данном случае требова- ние истца об определении доли относится к категории требований неимущественного характера. С указанной позицией суда нельзя не согласиться.
Право собственности есть признаваемое и охраняемое законо- дательными актами право субъекта по своему усмотрению владеть, пользоваться и распоряжаться принадлежащим ему имуществом. Собственнику принадлежат права владения, пользования и распо- ряжения своим имуществом. Таким образом нотариус в обязатель- ном порядке должен производить выдел доли в совместном имуще- стве, также законодательно урегулировать вопрос об определении долей в общем имуществе одновременно умерших супругов. Но- тариус обязан строго соблюдать требования закона и не уповать на сложившуюся практику. Нотариальная практика должна быть единообразной, нотариальные действия законодательно регламен- тированы. Думаю, кардинальных изменений в законодательство о
наследовании не требуется. На мой взгляд, необходимо внести в законодательство автоматическое установление режима общей до- левой собственности в случае смерти одного из собственников в праве на общее совместное имущество, в том числе в случае смер- ти одного из супругов или одновременной смерти обоих супругов (признать доли равными).
Поставленные в настоящей публикации вопросы нуждаются в дальнейшей практической и научной проработке с целью внесения предложений по совершенствованию наследственного законода- тельства.

IX. ПРИЛОЖЕНИЕ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АЗАМАТТЫҚ КОДЕКСІ (ЕРЕКШЕ БӨЛІМ)
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ 1999 ЖЫЛҒЫ 1 ШІЛДЕДЕГІ № 409 КОДЕКСІ.
6 бөлім Мұрагерлік құқық
57- тарау. Мұрагерлік туралы жалпы ережелер
1038-бап. Мұрагерлік
1. Мұрагерлік - қайтыс болған азамат (мұра қалдырушы) мүл- кінің басқа адамға (адамдарға) - мұрагерге (мұрагерлерге) ауысуы.
2. Қайтыс болған азаматтың мұрасы басқа адамдарға әмбебап құқық мирасқорлығы талаптарымен, егер осы бөлімнің ережелері- нен өзгеше туындамаса, бірыңғай тұтас нәрсе ретінде және бір-ақ мезгілде ауысады.
3. Мұрагерлік осы Кодекспен, ал тікелей өзi белгілеген жағдай- ларда өзге де заң актілерімен реттеледі.
1039-бап. Мұрагерліктің негіздерi
1. Мұрагерлік өсиет және (немесе) заң бойынша жүзеге асы- рылады.
2. Өсиет қалдырылмаған не бүкіл мұраның тағдыры айқындал- маған кезде, сондай-ақ осы Кодексте белгіленген өзге де жағдай- ларда мұрагерлік заң бойынша орын алады.
1040-бап. Мұраның құрамы
1. Мұраның құрамына мұра қалдырушыға тиесілі мүлік, сон- дай-ақ оның қайтыс болуына байланысты қолданылуы тоқтамай- тын құқықтары мен міндеттері кіреді.
Мұраның құрамына мұра қалдырушының тірі кезінде ресім- делмеген мүліктік құқықтарын ресімдеу үшін қажетті құқықтар, оның ішінде оларды тіркеу құқығы да кіруі мүмкін.
2. Мұра қалдырушының жеке басына тығыз байланысты мына құқықтар мен міндеттер:
1) егер заң актілерінде немесе шартта өзгеше белгіленбесе, заңды тұлғалар болып табылатын ұйымдарға мүше болу құқығы;
2) өміріне немесе денсаулығына келтірілген зиянды өтеу құқығы;
3) алименттік міндеттемелерден туындайтын құқықтар мен міндеттер;
4) зейнетақы төлемдеріне, жәрдемақылар мен Қазақстан Ре- спубликасының еңбек заңнамасының және Қазақстан Республика- сының әлеуметтік қорғау туралы заңнамасының негізінде басқа да төлемдер алу құқығы;
5) заңнамалық актілерде белгіленген жағдайларды қоспағанда, мүліктік құқықтармен байланысы жоқ жеке мүліктік емес құқықтар мұраның құрамына кірмейді.
3. Мұра қалдырушыға тиесілі болған жеке мүліктік емес құқықтар мен басқа да материалдық емес игіліктердi мұрагерлердің жүзеге асыруы және қорғауы мүмкін.
1041-бап. Ортақ бірлескен меншік болып табылатын мүлікке мұра- герлік
1. Ортақ бірлескен меншікке қатысушының қайтыс болуы оның меншіктегі үлесін айқындау және ортақ мүлікті бөлу не осы Кодекстің 218-бабында белгіленген тәртіппен одан қайтыс болған қатысушының үлесін бөліп шығару үшін негіз болып табылады. Бұл жағдайда мұра қайтыс болған қатысушының ортақ мүліктегi үлесіне, ал мүліктi заттай бөлу мүмкін болмаған кезде - үлестің құ- нына қатысты ашылады.
2. Ортақ бірлескен меншікке қатысушы ол қайтыс болғаннан кейін осы баптың 1-тармағына сәйкес айқындалатын ортақ мүлік- тегі өз үлесіне өсиет қалдыруға құқылы.
1042-бап. Мұраның ашылуы
1. Мұра азаматтың қайтыс болуы немесе оны қайтыс болды деп жариялау салдарынан ашылады.
2. Мұра қалдырушының қайтыс болған күні, ал оны қайтыс болған деп жариялаған кезде, егер сот шешімінде басқа күн көр-
сетілмесе, азаматты қайтыс болды деп жариялау туралы сот шешімi күшіне енген күн мұраның ашылу уақыты болып табылады.
3. Егер бірінен кейін бірі мұрагер болуға құқылы адамдар бір күнде қайтыс болса, олар бір мезгілде қайтыс болған деп танылады және олардың әрқайсысынан кейін мұрагерлік ашылады да олар- дың әрқайсысының мұрагерлері мұрагерлікке шақырылады.
1043-бап. Мұраның ашылу орны
Мұра қалдырушының соңғы тұрған жері, ал егер ол белгісіз болса - мүліктің немесе оның негізгі бөлігінің орналасқан жерi мұраның ашылу орны болып табылады.
1044-бап. Мұрагерлер
1. Мұра ашылған кезде тірі жүрген, сондай-ақ мұра қалды- рушының тірi кезінде iште қалған және мұра ашылғаннан кейін тірi туған азаматтар өсиет және заң бойынша мұрагер бола алады.
2. Мұра ашылғанға дейін құрылған және мұраның ашылу уақы- тында болған заңды тұлғалар, сондай-ақ мемлекет өсиет бойынша мұрагерлер болуы мүмкін.
1045-бап. Мұрадан лайықсыз мұрагерлердi шеттету
1. Мұра қалдырушыны немесе мүмкін болатын мұрагерлердің біреуін қасақана өлтірген немесе олардың өміріне қастандық жа- саған адамдардың өсиет бойынша да, заң бойынша да мұра алуға құқығы жоқ. Бұған өсиет қалдырушы оның өміріне қастандық жа- салғаннан кейін өздеріне қатысты өсиет қалдырған адамдар кір- мейді.
2. Мұра қалдырушының соңғы еркін жүзеге асыруға қасақана кедергі жасаған және сол арқылы олардың өздерін немесе оларға жақын адамдарды мұрагерлікке шақыруға не мұраның оларға ти- есілі үлесін көбейтуге ықпал жасаған адамдардың өсиет бойынша да, заң бойынша да мұра алуға құқығы жоқ.
3. Балаларына ата-аналық құқықтарынан айырылған және мұра ашылған кезде бұл құқықтарын қалпына келтірмеген ата-аналар- дың балаларынан қалған мұраны, сондай-ақ мұра қалдырушыны күту жөнінде өздеріне заң күшімен жүктелген міндеттердi орында- удан жалтарған ата-аналардың (асырап алушылардың) және кәме- летке толған (асырап алынған) балалардың заң бойынша мұраны алуға құқығы жоқ.
4. Лайықсыз мұрагерлердi мұрагерліктен шеттетуге негіз бола- тын мән-жайларды сот белгілейді.
4-1. Осы баптың негізінде мұрагерлікке құқығы жоқ неме- се мұрагерліктен шеттетілген адам (лайықсыз мұрагер) мұраның құрамынан негізсіз алған барлық мүліктi қайтаруға міндетті.
Мұрагерлік мүлікті қайтару мүмкін болмаған кезде лайықсыз мұрагер оның нарықтық құнын өтеуге міндеті.
5. Осы баптың ережелері өсиеттік бас тартуға да қолданылады (осы Кодекстің 1057-бабы).
Лайықсыз бас тартушы үшін белгілі бір жұмысты орындау не- месе оған белгілі бір қызмет көрсету өсиеттік бас тартудың ныса- ны болған жағдайда, ол өсиеттік бас тартуды орындаған мұрагерге атқарған жұмыстың немесе оған көрсетілген қызметтің құнын өте- уге міндетті.
6. Осы баптың ережелері барлық мұрагерлерге, соның ішінде міндеттi үлеске құқығы бар мұрагерлерге де қолданылады.
58- тарау. Өсиет бойынша мұрагерлік 1046-бап. Жалпы ережелер
1. Азаматтың ол қайтыс болған жағдайда өзіне тиесілі мүлікке
билік ету жөнінде өз ықтиярын білдіруi өсиет болып танылады.
1-1. Өсиетті оны жасаған кезде толық әрекет қабілеттілігі бар азамат жасайды.
2. Азамат өзінің барлық мүлкін немесе оның бір бөлігін заң бойынша мұрагерлер тобына кіретін де, кірмейтін де бір не бірне- ше адамға, сондай-ақ заңды тұлғаларға және мемлекетке өсиет етіп қалдыра алады.
3. Өсиетті өзі жасауға тиіс. Өкіл арқылы өсиет жасауға жол берілмейді.
4. Өсиет қалдырушы себебін түсіндірместен заң бойынша мұрагерлердің біреуін, бірнешеуін немесе барлығын мұрадан ай- ыруға құқылы. Егер өсиеттен өзгеше туындамаса, заң бойынша мұрагерді мұрадан айыру оның ұсынылу құқығы бойынша мұра- герлік етуші ұрпақтарына қолданылмайды.
5. Мұра қалдырушы өзінің кез келген мүлкі, оның iшінде бола- шақта сатып алуы мүмкін мүлкі туралы да өкім бар өсиет жасауға құқылы.
Өсиет қалдырушы мұрагерлердің мұрадағы үлесін кез келген түрде белгілеуі мүмкін, әртүрлі мүлікке қатысты бір немесе бір- неше өсиет жасай отырып, өз мүлкіне немесе оның қандай да бір бөлігіне билік ете алады.
6. Мұра қалдырушы жасалған өсиеттің оны жасағаннан кейін кез келген уақытта күшін жоюға және өзгертуге ерікті және күшін жоюдың немесе өзгертудің себебін көрсетуге міндеттi емес.
7. Мұра қалдырушының өсиетте өзi мұрагер етіп тағайындаған адамдарға, олар қайтыс болған жағдайда өз кезегінде өсиет еткен мүліктi белгілi бір түрде билік ету міндетін жүктеуге құқығы жоқ.
1047-бап. Талап қойылған өсиет
1. Өсиет қалдырушы мұрагер мінез-құлқының сипатына қаты- сты мұра алуды белгілi бір талаппен байланыстыруға құқылы.
2. Мұрагер тағайындау немесе мұра алу құқығынан айыру ту- ралы өкімге енгізілген құқыққа қайшы талаптар маңызсыз болады.
3. Өсиетке енгізілген мұрагердің денсаулық жағдайы бойын- ша немесе өзге де объективтi себептерге байланысты мұрагер үшін орындалмайтын талаптар мұрагердің талап қоюы бойынша жарам- сыз деп танылуы мүмкін.
1048-бап. Мұрагерлердi қосымша тағайындау
1. Өсиет қалдырушы өсиетте көрсетілген мұрагер мұра ашылғанға дейін қайтыс болған, оны қабылдамаған не одан бас тартқан немесе осы Кодекстің 1045-бабындағы тәртіппен лайықсыз мұрагер ретінде мұрагерліктен шеттетілген жағдайда, сондай-ақ мұрагер мұра қалдырушының заңды талаптарын өсиет бойынша орындамаған жағдайда, басқа мұрагер тағайындай алады (мұра- гердi қосымша тағайындау).
2. Осы Кодекстің 1044-бабына сәйкес мұрагер бола алатын кез келген адам қосымша тағайындалған мұрагер болуы мүмкін.
3. Өсиет бойынша мұрагердің қосымша тағайындалған мұра- герге пайдасы тимейтін бас тартуына жол берілмейді.
1049-бап. Мүліктің өсиет етілмей қалған бөлігіне мұрагерлік
1. Мүліктің өсиет етілмей қалған бөлігi осы Кодекстің 1061-1064-баптарындағы тәртіппен мұрагерлікке шақырылған мұрагерлер арасында заң бойынша бөлінеді.
2. Бұл мұрагерлердің қатарына заң бойынша мүліктің басқа бөлігi өсиет арқылы қалдырылған мұрагерлер де кіреді.
1050-бап. Өсиеттің нысаны туралы жалпы ережелер
1. Өсиет оның жасалған жері, күні және уақыты көрсетіле оты- рып, жазбаша нысанда жасалып, нотариатта куәландырылуға тиіс.
2. Мыналар:
1) нотариатта куәландырылған өсиеттер;
2) нотариатта куәландырылғандарға теңестірілетін өсиеттер тиісінше ресімделген болып танылады.
3. Өсиетке өсиет қалдырушының өзi қол қоюы қажет.
Егер өсиет қалдырушы дене кемістіктеріне, науқастығына не- месе сауатсыздығына байланысты өсиетке өзi қол қоя алмаса, оның өтініші бойынша оған нотариустың немесе өсиетті куәландырушы басқа адамның қатысуымен өсиет қалдырушының өсиетке өзі қол қоя алмауының себебін көрсете отырып, басқа азаматтың қол қоюы мүмкін.
4. Осы Кодекстің ережелеріне сәйкес өсиеттi жазу, оған қол қою немесе куәландыру кезінде куәлар қатысуға тиіс болған жағдайлар- да:
1) нотариус немесе өсиеттi куәландыратын өзге адам;
2) пайдасына өсиет жазылған немесе өсиет қалдырудан бас тартылған адам, оның зайыбы, оның балалары, ата-аналары, неме- релері мен шөберелері, сондай-ақ өсиет қалдырушының заң бой- ынша мұрагерлері;
3) толық әрекетке қабілеттілігін иеленбейтін азаматтар;
4) сауатсыз және өсиеттi оқуға қабілетсіз басқа да адамдар;
5) жалған жауап бергенi үшін соттылығы бар адамдар куә бола алмайды, сондай-ақ өсиет қалдырушының орнына өсиетке қол қоя алмайды.
1051-бап. Нотариатта куәландырылған өсиет
1. Нотариатта куәландырылған өсиеттi өсиет қалдырушы жазуы керек не өсиет қалдырушының айтуымен куәның қатысуы арқылы нотариус жазуға тиіс. Өсиет қалдырушының айтуымен өсиет жазылған кезде нотариус жалпы жұрт қабылдаған техника- лық құралдарды (жазу машинкасы, дербес компьютер және т.б.) пайдалануы мүмкін.
2. Өсиет қалдырушының айтуы бойынша нотариус жазған өси- етті өсиетке қол қойылғанға дейін нотариус пен куәның қатысуы арқылы өсиет қалдырушы толық оқып шығуға тиіс.
Егер өсиет қалдырушы дене кемістіктеріне, науқастығына не- месе сауатсыздығына байланысты өсиетті өзі оқи алмайтын болса, ол үшін оның мәтінін нотариустың қатысуымен куә оқып береді, ол туралы өсиет қалдырушының өсиеттi өзi оқи алмауының себептерi көрсетіліп, өсиетте тиісті жазба жасалады.
3. Егер нотариат куәландырған өсиет куәның қатысуымен жа- салса, өсиетте куәның тегі, аты және тұрақты тұратын жері көр- сетілуге тиіс. Осындай мәліметтер өсиетке өсиет қалдырушының орнына қол қойған адамға қатысты да енгізілуі тиіс.
4. Өсиет қалдырушының тілегі бойынша нотариус өсиеттің мазмұнымен таныспай-ақ оны куәландырады (құпия өсиет).
Құпия өсиет, оның жарамсыз болып қалу қаупімен, өсиет қал- дырушының өз қолымен жазылуға және қолы қойылуға, екі куә- ның және нотариустың қатысуымен куәлар қол қоятын конвертке салынып, желімденуге тиіс. Куәлар қол қойған конверт куәлардың және нотариустың қатысуымен, нотариус куәландырып қол қоятын басқа конвертке салынып желімденеді.
4-1. Құпия өсиет жасаған адамның қайтыс болуы туралы куәлік немесе хабарлама ұсынылған кезде нотариус қайтыс болу туралы куәлік немесе хабарлама ұсынылған күннен бастап он күн-
нен кешіктірмей өсиеті бар конвертті кемінде екі куәнің және заң бойынша мұрагерлер арасынан оған қатысуға ниет білдірген мүд- делі адамдардың қатысуымен ашады. Конвертті ашқаннан кейін нотариус ондағы өсиеттің мәтінін бірден жариялайды, одан кейін нотариус өсиеті бар конверттің ашылғанын куәландыратын және өсиеттің толық мәтінін қамтитын хаттама жасайды және куәлар- мен бірге оған қол қояды. Өсиеттің төлнұсқасы нотариуста сақта- лады. Мұрагерлерге хаттаманың нотариат куәландырған көшірмесі беріледі.
5. Нотариус жоқ елді мекендерде тұратын адамдардың өсиетін заң актілерінде нотариат әрекеттерін жасауға уәкілдік берілген лау- азымды адамдар куәландырады.
1052-бап. Нотариатта куәландырылғандарға теңестірілетін өсиеттер
1. Нотариатта куәландырылған өсиеттерге:
1) ауруханаларда, санаторийлерде, өзге де емдеу-профилак- тикалық мекемелерде емделіп жатқан азаматтардың осы мекеме- лердің бас дәрігерлері және кезекші дәрігерлері куәландырған өсиеттері, сондай-ақ медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұй- ымдарда) тұратын қарттар мен мүгедектігі бар адамдардың осы мекемелердің (ұйымдардың) директорлары және бас дәрігерлері куәландырған өсиеттері;
2) госпитальдарда, санаторийлерде және басқа да әскери-ем- деу мекемелерінде емделіп жатқан әскери қызметшілер мен басқа адамдардың осы госпитальдардың, санаторийлердің және басқа да әскери-емдеу мекемелерінің бастықтары, олардың медицина бөлімi жөніндегі орынбасарлары, аға және кезекші дәрігерлері куәланды- рған өсиеттері;
3) жүзу кезінде Қазақстан Республикасының жалауымен теңіз кемелерінде немесе ішкі жүзу кемелерінде жүрген азаматтардың осы кемелердің капитандары куәландырған өсиеттері;
4) барлау және басқа да экспедицияда жүрген азаматтардың осы экспедициялардың бастықтары куәландырған өсиеттері;
5) нотариустары және нотариат әрекеттерін жасауға уәкіл- дік берілген лауазымды адамдары жоқ әскери бөлімдердің, құра-
малардың, мекемелердің, әскери-оқу орындарының орналасқан мекендеріндегі әскери қызметшілердің өсиеттері, сондай-ақ осы бөлімдерде жұмыс істейтін жай адамдардың, олардың отбасы мү- шелерінің және әскери қызметшілердің отбасы мүшелерінің де әскери бөлімдердің, құрамалардың, мекемелер мен оқу орындары- ның командирлерi (бастықтары) куәландырған өсиеттері;
6) бас бостандығынан айыру орындарындағы адамдардың бас бостандығынан айыру орындарының бастықтары куәландырған өсиеттері теңестіріледі.
2. Өсиет қалдырушы, осы баптың 1-тармағында көзделген өси- еттерге, өсиетке өзі де қол қоятын куәның қатысуымен қол қоюға тиіс.
Осы баптың 1-тармағында келтірілген лауазымды адамдар куәландырылған өсиеттің бір данасын нотариат туралы заңдарға сәйкес нотариустың сақтауына беруге міндетті.
Өсиеттің нотариатта куәландырылуы туралы талаптарды қоспағанда, мұндай өсиеттердің өзгелеріне тиісінше осы Кодекстің 1051-бабының ережелері қолданылады.
1053-бап. Өсиеттің күшін жою және оны өзгерту
1. Өсиет қалдырушы өзі жасаған өсиеттің кез келген уақытта күшін жоюға немесе оны өзгертуге құқылы.
2. Өсиеттің күші:
1) нотариат кеңсесіне бұрын өзі жасаған өсиеттің толық күшін жою туралы өтініш беру;
2) жаңа өсиет жасау жолымен жойылуы мүмкін.
3. Өсиет:
1) нотариат кеңсесіне бұрын өзі жасаған өсиеттің белгілі бір бөлігін өзгерту туралы өтініш беру;
2) бұрын жасалған өсиетті бөліктері бойынша өзгертетін жаңа өсиет жасау жолымен өзгертілуi мүмкін.
4. Бұрын жасалып, кейінгi өсиет арқылы толық немесе iшінара күшi жойылған өсиет, егер өсиет қалдырушы өз кезегінде соңғысы- ның күшін жойса немесе өзгертсе, қалпына келтірілмейді.
1054-бап. Өсиеттің құпиясы
Нотариустың, өсиетті куәландыратын басқа адамның, куәлар- дың, сондай-ақ өсиет қалдырушының орнына өсиетке қол қоятын азаматтың мұра ашылғанға дейін өсиеттің мазмұнына, оның жаса- луына, күшi жойылуына немесе өзгертілуіне қатысты мәліметтерді жария етуге құқығы жоқ.
1055-бап. Өсиетке түсінік беру
Нотариус, өсиетті орындаушы немесе сот өсиетке түсінік бер- ген кезде ондағы сөздер мен тіркестердің дәлме-дәл мәні назарға алынады. Өсиеттің қандай да болсын ережесінің дәлме-дәл мағы- насы түсініксіз болған кезде ол осы ережені басқа ережелермен және өсиеттің тұтас мағынасымен салыстыру арқылы анықталады.
1056-бап. Өсиеттің жарамсыздығы
1. Тиісті нысанда жасалмаған өсиет маңызсыз болады. Өсиет- тің жарамсыздығы осы Кодекстің 4-тарауының мәмілелердің жа- рамсыздығы туралы қағидаларына негізделеді.
2. Өсиетті жасаудың, оған қол қоюдың және оны куәландыру- дың осы Кодекспен белгіленген тәртібінің бұзылуы салдарынан өсиеттi жарамсыз деп танудан мүліктік зардап шеккен адамның та- лабы бойынша өсиет жарамсыз деп танылуы мүмкін.
Егер сот мұра қалдырушының өз еркін білдіруін түсінуге әсер етпейді деп белгілесе, өсиетті жасау, қол қою немесе оны растау кезінде жіберілген емле қателерi және техникалық сипаттағы басқа да елеусіз қателер өсиеттi жарамсыз деуге негіз бола алмайды.
3. Өсиеттегi жекелеген өкімдердің жарамсыздығы өсиеттің қалған бөлігінің жарамдылығын қозғамайды.
4. Өсиет жарамсыз деп танылған жағдайда, осы өсиет бойын- ша мұрадан айрылған мұрагер, осы Кодекстің 1060-бабында бел- гіленген тәртіппен заң бойынша мұра алу құқығына ие болады.
1057-бап. Өсиеттік бас тарту (легат)
1. Өсиет қалдырушы өсиет бойынша мұрагерге мұра есебінен өсиеттік бас тартуды орындауды талап ету құқығын алатын бір не-
месе бірнеше адамның (бас тартылушылардың) пайдасына қандай да болсын міндеттемені (өсиеттік бас тарту) орындауды жүктеуге құқылы.
Заң бойынша мұрагерлер қатарына кіретін адамдар да, кірмей- тін адамдар да бас тартылушылар (легатарийлер) болуы мүмкін.
2. Өсиеттік бас тартудың нысанасы мұраның, иеленудің құра- мына кіретін заттарды бас тартылушының меншігіне, пайдала- нуына немесе өзге заттық құқықта беру және оған мұра құрамына кірмейтін мүліктi беру, ол үшін белгілi бір жұмысты орындау, оған белгілi қызмет көрсету және т.б. болуы мүмкін.
3. Өсиет қалдырушы өсиеттік бас тартуды жүктеген мұрагер, оны тек оған ауысқан мұраның шын мәніндегі құны шегінде және мұра қалдырушы қарыздарының өзіне артылған бөліктерін шыға- рып тастап орындауға тиіс.
Егер өсиеттік бас тарту жүктелген мұрагердің мұрадағы мін- деттi үлеске құқығы болса, оның бас тартуды орындау міндетi өзіне ауысқан мұраның оның міндетті үлесінің құнынан асатын құнымен шектеледі.
Егер өсиеттік бас тарту барлық немесе бірнеше мұрагерге жүк- телсе, өсиетте өзгеше көзделмесе, ол мұрагерлердің әрқайсысына мұрадағы үлесіне мөлшерлес салмақ салады.
4. Тұрғын үй немесе өзге де тұрғын үй-жай ауысатын мұрагерге өсиет қалдырушы тұрғын үй-жайды немесе оның белгілі бір бөлі- гін басқа адамға өмір бойы пайдалануға беру міндеттемесін жүк- теуге құқылы. Тұрғын үй-жайға меншік құқығы кейіннен ауысқан жағдайда өмір бойы пайдалану құқығы күшін сақтайды.
Өмір бойы пайдалану құқығы иеліктен айырылмайды, беріл- мейдi және бас тартылушының мұрагерлеріне ауыспайды.
Бас тартылушыға берілген өмір бойы пайдалану құқығы, егер өсиетте өзгеше көрсетілмесе, оның отбасы мүшелерінің тұруына негіз болмайды.
5. Өсиеттік бас тарту жүктелген мұрагер қайтыс болған жағдай- да немесе ол мұраны қабылдамаған жағдайда өсиеттік бас тартуды орындау оның үлесін алған басқа мұрагерге, не мүлік иесіз қалса, мемлекетке ауысады.
Өсиеттік бас тарту мұра ашылғанға дейін немесе ашылғаннан кейін бас тартылушы қайтыс болған жағдайда, бірақ өсиет бойын- ша мұрагер оны қабылдап үлгерген кезге дейін орындалмайды.
6. Бас тартылушы мұра қалдырушының борыштары үшін жа- уап бермейді.
1058-бап. Жүктеу
1. Өсиет қалдырушы өсиет бойынша мұрагерге қандай да болсын әрекет жасау немесе кредит беруші ретінде осы міндеттi атқаруды талап ету құқығын ешкімге ұсынбастан одан тартыну міндетін жүктей алады. Жалпыға пайдалы мақсатты жүзеге асыру үшін осындай міндет мұра қалдырушы жүктеуді атқаруға мүліктің бір бөлігін бөліп шығарған кезде өсиетті орындаушыға жүктелуi мүмкін.
2. Мүліктік сипаты бар әрекеттер мәні болып табылатын жүк- теуге, тиісінше осы Кодекстің 1057-бабының қағидалары қолданы- лады.
3. Егер осы Кодексте көзделген мән-жайлар бойынша мұраның жүктеуді орындау міндеті мойнында болған мұрагерге есептелетін немесе оған тиесілi үлесi басқа мұрагерлерге ауысса, жүктеудi орындау міндеті тоқтатылады.
1059-бап. Өсиеттің орындалуы
1. Өсиет қалдырушы өсиеттi орындауды мұрагер болып табыл- майтын, өсиетте өзi көрсеткен адамға (өсиеттi орындаушыға, өсиет жүктелген өкілге) тапсыра алады. Бұл адамның өсиеттi орындаушы болуға келісімі оның не өсиеттің өзіне өз қолымен жазған жазбада не өсиетке қоса берілген өтініште көрсетілуге тиіс.
Егер өсиетте оның орындаушысы көрсетілмесе, мұрагерлер өзара келісім бойынша өсиеттi орындауды мұрагерлердің біріне не басқа адамға тапсыруға құқылы. Мұндай келісімге қол жетпе- ген жағдайда бір немесе бірнеше мұрагердің талап етуімен өсиеттi орындаушыны сот тағайындауы мүмкін.
Өсиеттi орындаушы өсиет бойынша мұрагерлердi бұл жөнінде күнi бұрын хабардар етіп, өзіне өсиет қалдырушы жүктеген мін-
деттерді атқарудан кез келген уақытта бас тартуға құқылы. Өсиет- ті орындаушы өз міндеттерінен мұрагерлердің арызымен соттың шешімі бойынша да босатылуы мүмкін.
2. Өсиеттi орындаушы:
1) мұраны қорғауды және оны басқаруды жүзеге асыруға;
2) мұраның өз пайдасына ашылуы туралы барлық мұрагерлер мен бас тартылушыларды хабардар ету үшін мүмкін болған барлық шараларды қолдануға;
3) мұра қалдырушыға тиесілi ақша сомасын алуға;