3) астық сақтау шартының талаптарына сәйкес және астық қолхатын ұстаушының бұйрығы негізінде осы Заңның 31-бабында көзделген және осы астық қолхаты бойынша астықты сақтағаны үшін берешегінің болмауы жағдайларын қоспағанда, сақтаулы астықтың тиісті көлемін босату жолымен астық қолхатын өтеуге міндетті.
4) 2015.04.12. № 435-V ҚР Заңымен алып тасталды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
15-бап. Астық қабылдау кәсiпорнының астық сақтау жөніндегі шығындарының орнын толтыру
1. Астық қабылдау кәсiпорнының астық сақтау жөніндегі шығындарының орнын толтыру шартқа сәйкес жүзеге асырылады.
2. Астық қабылдау кәсiпорнының:
1) астық қолхатын ұстаушымен келiсе отырып, ақшалай не сақтаулы астықтың тиiстi мөлшерiн ұстап қалу жолымен оны кейiн астық рыногында еркiн өткізу арқылы сақтау жөніндегі шығындарын жабуға;
2) астық қолхатын ұстаушының мүдделерiн көздеп өзге де операциялар бойынша шартта көзделген немесе заң актілерінде белгіленген шығындардың орнын толтыруға құқығы бар.
ҚР 13.10.03 ж. № 488-II Заңымен (бұр. ред. қара); 2009.11.12 № 229-ІV Заңымен 16-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
16-бап. Астық қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындауға кепілдік беру жүйесі және қоры (қорлары)
1. Астық қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындауға кепілдік беру қорымен (қорларымен) жасалған шарттардың негізінде астық қабылдау кәсіпорындары ғана астық қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындауға кепілдік беру жүйесіне қатысушы бола алады.
Астық қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындауға кепілдік беру жүйесіне қатыспайтын астық қабылдау кәсіпорындары астық қолхаттарын және олардың бөліктерін ұстаушылардың алдында өздерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыруды жүзеге асырады, ол сақтауға қабылданған астық сапасының жоғалу немесе нашарлау фактісі болған кезде астық қолхатын әрбір ұстаушыға сапасы жолғалған немесе нашарлаған астықтың өтемі кезінде қалыптасқан нарықтық құнының кемінде сексен проценті мөлшерінде сақтандыру төлемдерін франшиза талаптарын қолданбастан төлеуді қамтамасыз етеді.
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр. ред.қара)
2. Астық қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындауға кепілдік беру жүйесіне қатысушы астық қабылдау кәсіпорны сақтауға қабылдаған астық сапасының жоғалу немесе нашарлау фактісі басталған кезде астық қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындауға кепілдік беру қоры (қорлары) осы астық қабылдау кәсіпорнының астық қолхаттарын ұстаушылар алдындағы міндеттемелерін сақтауға тапсырылған, сапасы жоғалған немесе нашарлаған астықтың өтем кезінде қалыптасқан нарықтық құнының кемінде сексен проценті мөлшерінде ақшалай өтейді.
Астық сапасының жоғалу немесе нашарлау фактісін жергілікті атқарушы органның құрылымдық бөлімшесі белгілейді.
Астық қабылдау кәсіпорнының астық қолхаттарын ұстаушылар алдындағы міндеттемелерін өтеуді жүзеге асырған астық қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындауға кепілдік беру қорына (қорларына) астық қолхатын ұстаушының осы астық қабылдау кәсіпорнына талап ету құқығы оның төлеген сомасы шегінде көшеді.
Астық қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындауға кепілдік беру жүйесіне қатысушы астық қабылдау кәсіпорындары астық қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындауға кепілдік беру қорына (қорларына) астық қолхаттары бойынша міндеттемелердің орындалуына кепілдік беру мақсатында астық қолхаттарының тізілімін беруге міндетті.
3. Астық қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындауға кепілдік беру жүйесіне қатысушы астық қабылдау кәсіпорындары Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өз мүлкін және өзге де мүліктік мүдделерді сақтандыруы (өзара сақтандыруы) мүмкін.
4. Осы Заңға сәйкес уақытша басқару енгізілген астық қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындауға кепілдік беру жүйесіне қатысушы астық қабылдау кәсіпорнының астық қолхаттарын ұстаушыларының талаптарын қанағаттандыруды астық қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындауға кепілдік беру қоры (қорлары) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бірінші кезектегі тәртіппен жүргізеді.
ҚР 13.10.03 ж. № 488-II Заңымен 16-1-баппен толықтырылды; 2009.11.12 № 229-ІV Заңымен 16-1-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2016.09.04. № 502-V ҚР Заңымен 16-1-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
16-1-бап. Қырман шаруашылықтары және сервистік-дайындау орталықтары
Қырман шаруашылығы деп жеке немесе заңды тұлғаға меншік құқығымен тиесілі және астық пен тұқымның тауарлық партияларын қалыптастыру және оларды сақтау мақсатында астықты бастапқы өңдеуге арналған техникалық құрылыс танылады.
Қырман шаруашылығы сервистік-дайындау орталығы түрінде құрылуы мүмкін.
Қырман шаруашылығында және (немесе) сервистік-дайындаушы орталықта жүзеге асырылатын қызмет лицензиялауға жатпайды. Осы қызметті жүзеге асыратын тұлғалардың астық қолхаттарын шығаруға құқығы жоқ.
6-тарау. Астық қабылдау кәсіпорындарының қызметін реттеу
13.10.03 ж. № 488-II (бұр. ред. қара); 2004.20.12. № 13-III (бұр. ред. қара); 2006.10.01. № 116-III (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2007.26.07. № 313-III (2007 жылдың 9 тамызынан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен 17-бап өзгертілді; 2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен 17-бап өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
17-бап. Астық қабылдау кәсiпорындарының қызметiн реттеу тәсiлдерi
Астық қолхаттарын шығару арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету, астық иелерінің мүдделерін қорғау жөніндегі қызметті лицензиялау кезінде астық қабылдау кәсіпорындарының саралану талаптарына сәйкес келуін қамтамасыз ету мақсатында астық қабылдау кәсіпорындарының қызметін реттеу:
1) белгiленген тәртiппен астық қабылдау кәсiпорындары орындауға мiндеттi нормативтiк құқықтық актiлер шығару;
2) астық қабылдау кәсiпорындары астық қолхаттарын шығару арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптарын сақтау нысанасындағы қызметiн, сондай-ақ астық қолхаттары тiзiлiмiнiң деректерiне сәйкес астықтың сандық-сапалық есепке алынуын және сақталуын қамтамасыз етудi жүргізу талаптарын инспекциялау (тексеру);
3) астық қабылдау кәсiпорындарына, сондай-ақ олардың лауазымды адамдарына заңдарға сәйкес санкциялар салу арқылы жүзеге асырылады.
4) 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды.
18-бап. Басым жағдайға ие болған астық қабылдау кәсiпорындары көрсететiн қызметтердiң бағасын (тарифтерiн) мемлекеттік реттеу
Рынокта басым жағдайға ие болған астық қабылдау кәсiпорындары көрсететiн қызметтердiң бағасын (тарифтерiн) мемлекеттік реттеудi Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен реттеушi орган жүзеге асырады.
ҚР 13.10.03 ж. № 488-II Заңымен 19-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
19-бап. Астық қабылдау кәсiпорындарының қызметiн шектеу
2007.26.07. № 313-III ҚР Заңымен (2007 жылдың 9 тамызынан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді
1. Астық қабылдау кәсiпорындары астық қолхаттарын шығару арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсетуге жатпайтын қызметтi жүзеге асыруға, оның iшiнде, үшiншi тұлғалардың мiндеттемелерi бойынша кепiлдiк беруге және мүлiктi кепiлге салуға құқылы емес, оған мыналар кiрмейдi:
1) ұн өнiмдерiн, құрама-жем, нан-бөлке және макарон бұйымдарын өндiру мен сату;
2007.26.07. № 313-III ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2007 жылдың 9 тамызынан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) жанар-жағармай материалдарын, қатты отынды сақтау жөнiнде қызмет көрсету.
2008 ж. 21 қарашадағы № 89-ІV ҚР Заңымен тармақ 3) тармақшамен толықтырылды (ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік жиырма күн өткен соң қолданысқа енгізілді)
3) телекоммуникация құралдарын орнату үшін астық қабылдау кәсіпорынының өндірістік емес алаңдарын беру жөнінде қызмет көрсету.
2012.10.07. № 33-V ҚР Заңымен 4) тармақшамен толықтырылды
4) жанар-жағармай материалдарын сақтау үшін мұнай өнімдерінің базалары мен резервуарларды жалға беру жөнінде қызметтер көрсету.
Бұл орайда жоғарыда тiзбеленген қызмет түрлерiне байланысты пайдаланылатын құрылыстар астық қоймасымен (элеватормен, астық қабылдау пунктiмен) технологиялық байланыста болуға және (немесе) бір аумақта не оған iргелес жатқан аумақта болуға тиiс. Астық қабылдау кәсiпорындары астық қолхаттарын шығару арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызмет пен астық қолхаттарын шығару арқылы қойма қызметіне байланысты емес қызмет операцияларының бөлек есебін жүргiзуді қамтамасыз етуге мiндеттi.
2. Рынокта басым жағдайға ие болған астық қабылдау кәсiпорындарының:
1) көрсетілетiн қызмет үшiн осы Заңның 18-бабына сәйкес реттеушi орган белгiлегеннен артық мөлшерде ақы алуына;
2) көрсетілетiн қызметтерге қол жеткізу жағдайларын күштеп таңуына немесе көрсетiлетiн қызметтердiң тұтынушыларын кемсiтушілiкке немесе тұтынушылардан белгiленген тарифтерде ескерілмеген ақы алу есебiнен табыс табуға әкеп соғатын өзге де әрекеттер жасауына тыйым салынады.
20-бап. Астық қабылдау кәсiпорнының аудитi
1. Астық қабылдау кәсiпорнының жылдық қаржылық есебiнiң дұрыстығын, сондай-ақ оның iсiнiң ағымдағы жай-күйiн тексеру және растау үшiн астық қабылдау кәсiпорны жыл сайынғы мiндеттi аудиторлық тексерулер жүргiзiп отырады.
2. Егер кәсiпорынның басқару органы астық қабылдау кәсіпорнының жылдық қаржылық есебiне, сондай-ақ оның iсiнiң ағымдағы жай-күйiне аудиторлық тексеру жүргiзуден жалтарса, кез келген мүдделi тұлғаның арызы бойынша қабылданған сот шешiмiмен тексеру тағайындалуы мүмкiн.
3. Тексеру комиссиясының (ревизордың) астық қабылдау кәсiпорны басқару органының қызметiн тексерудi жүзеге асыруы астық қабылдау кәсiпорнын аудит жүргiзу мiндетiнен босатпайды.
21-бап. 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2014.07.11. № 248-V ҚР Заңымен 22-бап жаңа редакцияда (бұр. ред.қара)
22-бап. Астық қабылдау кәсiпорны қызметiнiң негiзгi көрсеткiштерiн жариялау
Астық қабылдау кәсiпорындары Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген нысан бойынша жылдық балансты және пайда мен залал туралы есептi, олардың мемлекеттік кіріс органдарына тапсырылатын мерзiмi келгеннен кейiн күнтiзбелiк бiр ай iшiнде бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды.
23-бап. Құжаттардың есепке алынуы және сақталуы
1. Астық қабылдау кәсiпорындары өздерiнiң астықпен жасаған операцияларын көрсететiн құжаттардың қатаң есепке алынуы мен сақталуын қамтамасыз етуге мiндеттi.
2. Сақталуға тиiстi құжаттардың тiзбесi және олардың сақталу мерзiмдерi заңдармен белгiленедi.
24-бап. 2007.26.07. № 313-III ҚР Заңымен алып тасталды (2007 жылдың 9 тамызынан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
24-1-бап. 2007.26.07. № 313-III ҚР Заңымен алып тасталды (2007 жылдың 9 тамызынан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
13.10.03 ж. № 488-II (бұр. ред. қара); 2006.10.01. № 116-III (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 25-бап өзгертілді
25-бап. Астық қабылдау кәсiпорындарының жауапкершiлiгi
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр. ред.қара); 2016.09.04. № 502-V ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2020 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады) (бұр.ред.қара), 1-тармақтың 2020 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылатын редакциясын қараңыз
1. Астықты сақтау, сандық-сапалық есепке алу, сондай-ақ астық қолхаттарын беру, олардың айналымы және өтелуі, астық қолхаттарын ұстаушылардың мемлекеттік электрондық тізілімін қалыптастыру және жүргізу мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерді бұзушылықтар анықталған, астық қабылдау кәсіпорындарының лауазымды адамдарының осы астық қабылдау кәсіпорны шығарған астық қолхаттарын ұстаушылардың мүдделеріне қауіп төндіретін заңсыз әрекеттері немесе әрекетсіздігі анықталған жағдайларда, жергілікті атқарушы органның құрылымдық бөлімшесі астық қабылдау кәсіпорнына мынадай жауапкершілік түрлерінің бірін қолдануға:
2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген негiздер бойынша айыппұл салуға және өндiрiп алуға;
2) 2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен алып тасталды (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
3) осы Заңның 28-бабында белгiленген жағдайларда астық қабылдау кәсiпорнын уақытша басқаруды енгізуге құқылы.
2007.26.07. № 313-III ҚР Заңымен (2007 жылдың 9 тамызынан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді
2. Астық қолхаттарын шығару арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметтi тиiстi лицензиясыз жүргiзген жағдайда, осы операциялардан (қызметтен) түскен табыстар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тиiстi бюджетке алынады.
3. Астық қабылдау кәсiпорындарына, олардың лауазымды адамдарына айыппұл салу және оны өндiрiп алу Қазақстан Республикасының заң актілерiнде белгiленген тәртiппен жүргiзiледi.
13.10.03 ж. № 488-II (бұр. ред. қара); 2006.29.12. № 209-III (бұр. ред . қара) ҚР Заңдарымен 26-бап өзгертілді; 2007.26.07. № 313-III ҚР Заңымен 26-бап жаңа редакцияда (2007 жылдың 9 тамызынан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен 26-бап өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
26-бап. Астық қолхаттарын шығару арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығына лицензияның күшін тоқтата тұру, лицензиядан айыру
Астық қолхаттарын шығару арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығына лицензияның күшін тоқтата тұру, лицензиядан айыру Қазақстан Республиккасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.
ҚР 13.10.03 ж. № 488-II Заңымен 27-бап өзгертілді (бұр. ред. қара); 2007.12.01 № 222-III ҚР Заңымен 27-бап жаңа редакцияда (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара)
27-бап. 2007.26.07. № 313-III ҚР Заңымен алып тасталды (2007 жылдың 9 тамызынан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
ҚР 13.10.03 ж. № 488-II Заңымен 28-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
28-бап. Астық қабылдау кәсiпорнын уақытша басқару
1. Астық қабылдау кәсiпорнын уақытша басқару астық қабылдау кәсiпорындарының астық қолхаттары бойынша мiндеттемелерiн қамтамасыз ету мақсатында олар жөнiнде әкiмшiлiк, заңдық, қаржылық, ұйымдықтехникалық және басқа да iс-шаралар мен рәсiмдер кешенiн мәжбүрлеп жүргiзу болып табылады.
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр. ред.қара)
2. Астық қабылдау кәсiпорнын уақытша басқару мынадай фактілердің бірі анықталған кезде сот шешімімен енгізіледі:
1) астық сақтау жөніндегі шарттық мiндеттемелердi үнемi тиiсiнше орындамауы;
2) астық қолхаттарымен қамтамасыз етілген астық мөлшерінің астық қабылдау кәсіпорнында сақтаулы астықтың нақты мөлшерінен асып кету.
3. Астық қабылдау кәсiпорнын уақытша басқаруды уақытша басқару жөніндегі комиссия мен уақытша әкiмшiлiк жүзеге асырады.
4. Астық қабылдау кәсiпорнын уақытша басқару астық қабылдау кәсiпорнының қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.
2007.26.07. № 313-III ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (2007 жылдың 9 тамызынан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5. Уақытша басқару кезеңiнде заңсыз әрекеттермен астық қабылдау кәсiпорнына келтiрген залал үшiн уақытша басқару жөніндегі комиссияның мүшелерi, уақытша әкiмшiлiктiң мүшелерi Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленгендей жауапты болады.
29-бап. 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред.қара)
2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен 30-бап өзгертілді (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2009.11.12 № 229-ІV Заңымен 30-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
30-бап. Уақытша басқару жөніндегі комисия
1. Уақытша басқару жөніндегі комиссия уәкілетті органның, облыстың жергілікті атқарушы органының, астық қабылдау кәсіпорнының, сол астық қабылдау кәсіпорны берген астық қолхаттарын ұстаушылардың, астық қабылдау кәсіпорны қатысу шартын жасасқан астық қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындауға кепілдік беру қорының (қорларының) өкілдерінен тұрады.
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред.қара)
2. Уақытша басқаруды енгізу туралы шешім қабылданғанға дейін жергілікті атқарушы органның құрылымдық бөлімшесі астық қабылдау кәсіпорнына, астық қабылдау кәсіпорны қатысу шартын жасасқан астық қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындауға кепілдік беру қорына (қорларына) және сол астық қабылдау кәсіпорны берген астық қолхаттарын ұстаушылардың барлығына үш күн мерзімде уақытша басқару жөніндегі комиссияның құрамына кандидатуралар ұсыну туралы ұсыныс жібереді.
Кандидатуралар ұсынылмаған не ұсынудан бас тартылған жағдайда, жергілікті атқарушы органның құрылымдық бөлімшесі уақытша басқару жөніндегі комиссияны өз бетінше құруға құқылы.
3. Уақытша басқару жөніндегі комиссияның құзыретіне:
1) уақытша әкімшіліктің мүшелерін қызметке тағайындау (қызметтен босату);
2) уақытша әкімшіліктің қызмет нәтижелері туралы есебін бекіту;
3) уақытша әкімшіліктің қызметін бақылау кіреді.
4. Егер астық қабылдау кәсіпорны астық қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындауға кепілдік беру қорының (қорларының) қатысушысы болмаса, уақытша басқару жөніндегі комиссиядағы өкілдердің шешім қабылдау кезіндегі дауыстары мынадай проценттік қатынаспен бөлінеді:
1) астық қолхаттарын ұстаушылар - елу процент;
2) астық қабылдау кәсіпорны - жиырма бес процент;
3) уәкілетті орган - жиырма бес процент.
5. Астық қабылдау кәсіпорны астық қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындауға кепілдік беру қорына (қорларына) қатысқан жағдайда уақытша басқару жөніндегі комиссиядағы өкілдердің шешім қабылдау кезіндегі дауыстары мынадай проценттік қатынаспен бөлінеді:
1) астық қолхаттарын ұстаушылар - жиырма бес процент;
2) астық қабылдау кәсіпорны - жиырма бес процент;
3) уәкілетті орган - жиырма бес процент;
4) астық қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындауға кепілдік беру қоры (қорлары) - жиырма бес процент.
6. Уақытша басқару жөніндегі комиссия жалпы дауыс санының кемінде үштен екісіне ие өкілдер қатысқан кезде шешім қабылдауға құқылы.
Уақытша басқару жөніндегі комиссияның шешімі көпшілік дауыспен қабылданады.
7. Уақытша басқару жөніндегі комиссияны құрудың, оның қызметін ұйымдастырудың өзге мәселелері Қазақстан Республикасының заңнамасымен айқындалады.
31-бап. Уақытша әкiмшiлiк
1. Уақытша әкiмшiлiктi уақытша басқару жөніндегі комиссия тағайындайды.
2. Астық қабылдау кәсiпорнын уақытша басқару қолданылған кезеңде:
1) астық қабылдау кәсiпорнын басқару жөніндегі барлық өкiлеттiк уақытша әкiмшiлiкке көшедi;
2) құрылтайшылардың (акционерлердiң) астық қабылдау кәсiпорнын басқару жөніндегі құқықтары тоқтатыла тұрады;
3) астық қабылдау кәсiпорнын басқару органдары мен оның басшы қызметкерлерiнің өкілеттiгi тоқтатыла тұрады;
4) уақытша әкiмшілiкке айтпай және оның жазбаша келісімiнсiз астық қабылдау кәсiпорнының атынан және соның есебiнен жасалған барлық мәмiлелер жарамсыз деп танылады.
3. Уақытша әкiмшiлiк:
1) осы Заңда белгiленген құзыретi шегiнде астық қабылдау кәсiпорны қызметiнiң барлық мәселелерi бойынша өз бетiмен шешiмдер қабылдауға;
2) астық қолхаттарында көрсетiлген астық көлемiнiң жиырма процентiне дейiнгi мөлшерiнде солардан туындайтын барлық талаптардың қанағаттандырылуын уақытша басқару кезеңiне тоқтата тұруға;
3) астық қабылдау кәсiпорнының ол берген астық қолхаттары бойынша мiндеттемелерiн қалпына келтiруге бағытталған шарттар жасасып, құжаттарға қол қоюға;
4) астық қабылдау кәсiпорнының атынан және оның мүдделерi үшiн өкiлдiктi, соның iшiнде сотта да жүзеге асыруға;
5) астық қабылдау кәсiпорны астық қолхаттарын орындауға кепiлдiк беру қорына қатысқан жағдайда, аталған қорға сол астық қабылдау кәсiпорны берген астық қолхаттарынан туындайтын мiндеттемелер бойынша берешектi бiрiншi кезектегi тәртiппен өтеу туралы талап қоюға;
6) астықтың сақталуына байланысты өндiрiстiк мәселелердi бағалау үшiн тәуелсiз сарапшылар тартуға;
7) астық қабылдау кәсiпорнын уақытша басқару кезеңiне Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес құзыретi шегiнде бұйрықтар шығаруға құқылы.
4. 2007.15.05. № 253-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
32-бап. 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред.қара)
2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен 33-бап өзгертілді (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 33-бап жаңа редакцияда (бұр. ред.қара)
33-бап. Астық қабылдау кәсiпорнын уақытша басқаруды тоқтату
1. Астық қабылдау кәсiпорнын уақытша басқару мынадай негiздер:
1) сот шешiмiмен белгiленген уақытша басқару мерзiмiнiң өтуi;
2) соттың уақытша басқаруды мерзiмiнен бұрын аяқтау туралы шешiм қабылдауы бойынша тоқтатылады.
2. Уақытша басқаруды мерзімінен бұрын аяқтау негіздерінің бірі мыналар:
1) астық қабылдау кәсіпорнының шығарылған астық қолхаттары бойынша өз міндеттемелерін орындау қабілеттілігін қалпына келтіруі;
2) уақытша басқару кезеңінде басқа астық қолхаттарын ұстаушылардың талаптарын тиісінше орындауға әсер ететін мән-жайлар болмаған кезде астық қолхаттарын ұстаушылардың барлық мәлімделген талаптарын толық көлемде қанағаттандыру болып табылады.
3. Астық қабылдау кәсiпорнын уақытша басқаруды оның енгiзiлуiне әкеп соққан себептердiң жойылуына байланысты аяқтау (оның iшiнде мерзiмiнен бұрын тоқтату) сот шешімінің негізінде қабылданған осы астық қабылдау кәсiпорнына қатысты барлық шектеулердiң күшi жойылуына әкеп соғады.
4. Егер астық қабылдау кәсіпорнын уақытша басқару астық қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындау мүмкіндігін қалпына келтіруге алып келмеген жағдайда, уақытша әкімшілік:
1) облыстың тиісті жергілікті атқарушы органына астық қабылдау кәсіпорнын астық қолхаттарын бере отырып, қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығына лицензиядан айыру туралы ұсыныс енгізеді;
2) уақытша басқару мерзімі аяқталғанға дейін астық қабылдау кәсіпорнын мәжбүрлі тарату туралы сотқа талап арыз береді.
Астық қабылдау кәсіпорнын мәжбүрлі тарату туралы талап арызды қарау кезеңінде уақытша басқару тоқтатылған жағдайда талапкердің барлық құқықтары мен міндеттері уақытша әкімшілік функцияларын жүзеге асыратын тұлғаларға өтеді.
2007.26.07. № 313-III ҚР Заңымен 6-1-тараумен толықтырылды (2007 жылдың 9 тамызынан бастап қолданысқа енгізілді)
6-1-тарау. Астықты экспортқа шығарушылардың және астық қабылдау кәсіпорындарының қызметін тексеру
2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 33-1-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
33-1-бап. Астық қабылдау кәсіпорындарының қызметін тексеру
1. Астық қабылдау кәсіпорындарының қызметін тексеруді уәкілетті орган өзі дербес не басқа да мемлекеттік органдарды тарта отырып жүргізеді.
2. Астық қабылдау кәсіпорындары тексеруге берілген тапсырмада көрсетілген мәселелер бойынша тексеру жүргізуде уәкілетті органға жәрдем көрсетуге, сондай-ақ тексеру жүргізу үшін қажетті барлық ақпарат көздеріне қолжетімділікті қамтамасыз етуге міндетті.
3. Уәкілетті органның жұмыскерлеріне астық қабылдау кәсіпорнының қызметін тексеру барысында алынған мәліметтерді жария етуге не үшінші тұлғаларға беруге тыйым салынады.
4. Тексеруді жүзеге асыратын тұлғалар астық қабылдау кәсіпорнының қызметін тексеру барысында алынған және коммерциялық құпияны құрайтын мәліметтерді жария еткені үшін Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылықта болады.