3. Осы баптың 1-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген жағдайларда, патенттік сенiм білдірілген өкіл куәлігі патенттік сенiм білдірілген өкілдің өзінің немесе соған негізі бар үшінші тұлғалардың өтінішінің негізінде аттестаттау комиссиясының шешімімен қайтарып алынады.
Осы баптың 1-тармағы 1) және 2) тармақшаларының негіздері бойынша тізілімнен шығарылған патенттік сенiм білдірілген өкіл тізілімнен шығаруға себеп болған негіздер тоқтатылып, тізілімнен шығару туралы шешім жарияланған күннен бастап үш жыл ішінде аттестаттау комиссиясына өтініш берген жағдайда, біліктілік емтиханын қайта тапсырмай-ақ, патенттік сенім білдірілген өкіл ретінде қайта тіркелуі мүмкін. Аттестаттау комиссиясы ұсынылған құжаттар бойынша осы баптың 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген негіздердің жойылу фактісін анықтайды.
4. Патенттік сенiм білдірілген өкілдердің тізілімінен шығарылған патенттік сенім білдірілген өкіл, бұл туралы мәліметтер енгізілген күннен бастап патенттік сенiм білдірілген өкілдің қызметін жүзеге асыру құқығынан айырылады, ал оны патенттік сенім білдірілген өкіл ретінде тіркеу туралы куәлік қайтарып алынады не оның күші жойылады.
5. Патенттік сенiм білдірілген өкіл осы Заңда белгіленген өз міндеттерін адал орындамаған жағдайда, уәкілетті орган құрамы уәкілетті орган қызметкерлерінің тақ санынан тұратын апелляциялық комиссия құрады.
Апелляциялық комиссия алқалы орган болып табылады және жеке және (немесе) заңды тұлғалардың пікірінше, өздерінің құқықтары мен заңды мүдделерін білдіретін патенттік сенім білдірілген өкілдердің қолданыстағы заңнаманы бұза отырып жасаған іс-әрекеттеріне олардың шағымдарын қарайды.
Патенттік сенiм білдірілген өкілдің іс-әрекеттеріне шағым берген тұлғалар және өздеріне қатысты осындай шағымдар берілген патенттік сенім білдірілген өкілдер апелляциялық комиссияның отырысына қатысуға құқылы.
Шағымды қарау нәтижелері бойынша апелляциялық комиссия уәкілетті органға патенттік сенім білдірілген өкіл куәлігінің күшін жою туралы сотқа талап арыз жолдауға ұсыным жасайды не мынадай:
1) дәлелдемелердің жеткіліксіздігіне байланысты немесе объективті шешім қабылдауға ықпал ететін мән-жайлар анықталғанға дейін шағымның қаралуын кейінге қалдыру туралы;
2) шағымды қанағаттандырудан бас тарту туралы шешімдердің бірін қабылдайды.
Апелляциялық комиссияның шешімі жай көпшілік дауыспен қабылданады және хаттамамен ресімделеді. Апелляциялық комиссияның шешіміне сотқа шағым жасалуы мүмкін.
Апелляциялық комиссия туралы ережені уәкілетті орган бекітеді.
09.07.04 ж. № 586-II ҚР Заңымен 37-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
37-бап. Өнеркәсiптiк меншiк объектiсiн шет елдерде патенттеу
1. Қазақстан Республикасында жасалған өнеркәсiптiк меншiк объектiсiне шет елдерге өтiнiм беру сараптама жасау ұйымына өтiнiм берiлген күннен бастап үш ай өткен соң немесе мемлекеттік құпия болып саналатын мәлiметтердiң болуы белгiленген заңды тәртiппен жүргiзiлетiн тексеру аяқталғаннан кейiн жүзеге асырылуы мүмкiн.
2. Қазақстан Республикасының өз аумағында тұратын азаматтары, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңды тұлғалары өнеркәсiптiк меншiк объектiсiне өтiнiмдi халықаралық патент ұйымына, егер бұл тиiстi халықаралық шартқа қайшы келмесе, сараптама жасау ұйымы арқылы бередi.
3. Қазақстан Республикасында жасалған өнеркәсiптiк меншiк объектiсiне өтiнiм шет елдерге немесе халықаралық патент ұйымына осы бап тәртібін бұза отырып берiлген жағдайда Қазақстан Республикасында бұл өнеркәсiптiк меншiк объектiсiне қорғау құжаты берiлмейдi.
38-бап. Шет елдік жеке және заңды тұлғалар мен азаматтығы жоқ адамдардың құқықтары
1. Шетелдік жеке және заңды тұлғалар осы Заңда көзделген құқықтарды Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттарға орай немесе өзара түсіністік принциптері негізінде Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларымен тең пайдаланады.
2. Қазақстан Республикасында тұратын азаматтығы жоқ адамдар осы Заңда және өнеркәсіптік меншік объектілерін құқықтық қорғауға жататын өзге де актілерде көзделген құқықтарды, егер осы заңнан және басқа да заң актілерінен өзгеше туындамаса, Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларымен тең пайдаланады.
Қазақстан Республикасының