1-1. Өнертабысқа патент беруге өтінім берілген күн белгіленгеннен кейін сараптама жасау ұйымы ол бойынша ресми сараптама жүргізеді.
Ресми сараптама жүргізу барысында осы Заңның 17-бабының 2-тармағында көзделген құжаттардың бар екендігі және оларға қойылатын талаптардың сақталуы тексеріледі.
2. Егер өтiнiм берушi өтiнiм бойынша осы Заңның 21-бабына сәйкес қосымша материалдарды табыс еткен болса, сараптама процесiнде олар өтiнiм берiлген өнертабыстың мәнiн өзгертпейтiні тексерiледi.
Егер қосымша материалдарда өтiнiмнiң бастапқы материалдарында жоқ, өнертабыс формуласына енгізуге жататын белгiлер болса, олар өтiнiм берiлген өнертабыстың мәнiн өзгертедi. Қосымша материалдар өтiнiм берiлген өнертабыстың мәнiн өзгертетiн бөлiгiнде өтiнiмдi қарау кезiнде назарға алынбайды және оны өтiнiш берушi дербес өтiнiм ретiнде ресiмдеуi мүмкiн, бұл жөнiнде өтiнiм берушiге хабарланады.
09.07.04 ж. № 586-II ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
3. Оның құжаттарына қойылатын талаптарды бұза отырып берiлген өтiнiм жөнiнде өтiнiш берушiге оны жiберген күннен бастап үш ай мерзiмде түзетiлген немесе жоқ құжаттарды табыс ету ұсынылған сауал жiберiледi.
Егер өтiнiм берушi аталған мерзiмде сұратылған құжаттарды немесе белгiленген мерзiмдi ұзарту туралы өтiнiштi табыс етпесе, өтiнiм қайтарып алған болып есептеледi.
09.07.04 ж. № 586-II ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
4. Өнертабыс бiрлiгi талабын бұза отырып берiлген өтiнiм бойынша өтiнiм берушіге оған тиiстi хабарлама жiберген күннен бастап үш ай мерзiмде өнертабыстардың қайсысы қаралуға тиiс екенiн хабарлау және қажет болған жағдайларда өтiнiм құжаттарына нақтылау енгізу ұсынылады. Бастапқы өтiнiм материалдарына енген басқа өнертабыстар бөлектелген өтiнiмдермен ресiмделуi мүмкiн. Белгiленген өтiнiмдер басымдығы осы Заңның 20-бабының 5-тармағына сәйкес белгiленедi.
Егер өтiнiм берушi өзiне бiрлiк талаптарының бұзылғаны туралы хабарлама жiберiлген күннен бастап үш ай мерзiмде өнертабыстардың қайсысын қарау қажет екенiн хабарламаса және нақтыланған құжаттарды табыс етпесе, формулада бiрiншi көрсетiлген, сондай-ақ алғашқысымен байланыстылығы соншалықты, олар өнертабыс бiрлiгi талаптарын қанағаттандыратын басқа да өнертабыстар объектiсi қаралады.
09.07.04 ж. № 586-II ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара); 2007.02.03. № 237-III ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
5. Ресми сараптама аяқталғаннан кейін өтінім берушіге оның нәтижесі туралы хабарланады.
09.07.04 ж. № 586-II ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
6. 2007.02.03. № 237-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
09.07.04 ж. № 586-II (бұр. ред. қара); 2007.02.03. № 237-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 7-тармақ жаңа редакцияда; 2012.12.01. № 537-ІV ҚР Заңымен 7-трмақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
7. Ресми сараптама оң нәтижемен аяқталғаннан кейін сараптама жасау ұйымы өтінімге мәні бойынша сараптама жүргізеді.
Өтінімге мәні бойынша сараптама мәлімделген ұсынысты өнертабыс ретінде қорғалатын объектілерге жатқызу мүмкіндігін белгілеуді, техника деңгейін анықтау үшін мәлімделген өнертабысқа қатысты ақпараттық іздестіру жүргізуді, мәлімделген объектінің (объектілердің) өнертабыс бірлігінің талабына және осы Заңның 6-бабында белгіленген патентке қабілеттілік шарттарына сәйкестігіне тексеру жүргізуді қамтиды және өтінімге мәні бойынша сараптамаға ақы төленген жағдайда жүзеге асырылады.
Мәні бойынша сараптама ресми сараптаманың нәтижесі туралы хабарлама жіберілген күннен бастап үш ай ішінде сараптама жасау ұйымына өтінімге мәні бойынша сараптамаға ақы төленгендігін растайтын құжатты берген жағдайда жүргізіледі.
Мәні бойынша сараптамаға ақы төленбеген жағдайда өтінім кері қайтарып алынған болып есептеледі.
09.07.04 ж. № 586-II ҚР Заңымен 8-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
8. Мәнi бойынша өтiнiм сараптамасын жүргiзу кезеңiнде сараптама жасау ұйымы өтiнiм берушiден онсыз сараптама өткізу мүмкiн болмайтын қосымша материалдарды, оның iшiнде өнертабыстың өзгертiлген формуласын сұратып алуға құқылы.
Сараптама жасау ұйымының сұратуы бойынша қосымша материалдар, сұратуға немесе өтiнiмге қарсы қойылатын материалдардың көшiрмелерiн өтiнiм берушi оған сараптама жасау ұйымының сұратуы жiберiлген күннен бастап екi ай iшiнде сұратқан жағдайда, аталған көшiрмелер жiберiлген күннен бастап өнертабыстың мәнi өзгертiлмей үш ай мерзiмде табыс етiлуге тиiс.
Қосымша материалдарға өнертабыстың мәнiн өзгерткен бөлiгiнде осы баптың 2-тармағында белгiленген тәртiп қолданылады. Егер өтiнiм берушi сұрау салынған материалдарды немесе белгiленген мерзiмдi ұзарту туралы өтiнiштi белгiленген мерзiмде табыс етпесе, өтiнiм қайтарып алынған болып есептеледi.
09.07.04 ж. № 586-II ҚР Заңымен 9-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2007.02.03. № 237-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2015.07.04. № 300-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 9-тармақ өзгертілді
9. Егер өтiнiмге мәнi бойынша сараптама жасау нәтижесiнде сараптама жасау ұйымы өтiнiм берушi сұрап отырған құқықтық қорғау көлеміндегі мәлiмделген ұсыныс осы Заңның 6-бабында айқындалған өнертабыстың патент қабiлеттілігi талаптарына сәйкес келетiнiн анықтаса, онда сараптама жасау ұйымы белгiленген басымдықты көрсете отырып патентке өтiнiм берушiмен келісілген өнертабыс формуласымен оң қорытынды береді.
Сараптама ұйымының қорытындысы негiзiнде уәкiлеттi орган он жұмыс күні ішінде өнертабысқа патент беру туралы шешiм шығарады.
Уәкілетті органның өнертабысқа патент беру туралы шешімінің негізінде сараптама ұйымы он жұмыс күні ішінде өтінім берушіге сараптама ұйымының қорытындысын және қорғау құжатын беру үшін баж төлеу қажеттілігі туралы хабарлама жібереді.
Өтінім берушіге уәкілетті органның патент беру туралы шешім қабылдағаны туралы хабарлама жіберілген күннен бастап үш ай ішінде өтінім беруші сараптама ұйымына патентті беруге дайындағаны және жариялағаны үшін тиісті төлемді, сондай-ақ мемлекеттік баж төленгенін растайтын құжатты ұсынады. Көрсетілген құжаттар ұсынылмаған кезде өткізіп алған мерзімді қалпына келтіру төлемінің төленгені туралы құжат ұсынылған жағдайда төлем мерзімі үш ай ішінде қалпына келтірілуі мүмкін. Керісінше жағдайда өтінім кері қайтарып алынды деп есептеледі, өтінім бойынша іс жүргізу тоқтатылады, бұл жөнінде өтінім беруші қалпына келтіру мерзімі өткен күннен бастап бір ай мерзімде хабардар етіледі.
09.07.04 ж. № 586-II (бұр. ред. қара); 2007.02.03. № 237-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 10-тармақ өзгертілді
10. Өтiнiм берiлген өнертабыс өтiнiш берушi сұраған құқықтық қорғау көлемiнде өнертабыстың патент қабiлеттілігi талаптарына сәйкес келмейтiнi анықталған кезде сараптама жасау ұйымының терiс қорытындысы берiледi.
Сараптама жасау ұйымының теріс қорытындысы мына жағдайларда:
1) егер өтінім өнертабыс ретінде қорғалмайтын объектілерге қатысты болса;
2) егер өтінім беруші ұсынылған формулада өтінімнің бастапқы материалдарында жоқ белгілердің болуы туралы немесе өнертабыс ретінде қорғалатын объектіден басқа, өнертабыс ретінде қорғалатын объектілерге жатпайтын ұсынысты да сипаттайтын болса немесе оған қатысты өнертабыс бірлігі талаптары бұзылуына байланысты қарау өткізілмегені туралы хабарланғаннан кейін өнертабыс формуласын өзгертпесе беріледі.
Өтiнiм берушi сараптама жасау ұйымының терiс қорытындысы жiберiлген күннен бастап үш ай мерзiмде уәкiлеттi органға қарсылық бере алады. Қарсылықты шағым кеңесi ол түскен күннен бастап төрт ай мерзiмде қарауға тиiс.
09.07.04 ж. № 586-II ҚР Заңымен 11-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара); 2007.02.03. № 237-III ҚР Заңымен 11-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2015.07.04. № 300-V ҚР Заңымен 11-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
11. Өтінім беруші сараптама ұйымының тиісті қорытындысы берілгенге дейін өтінімді қараудың кез келген сатысында пайдалы модельге патент беру туралы өтінішхат бере алады. Бұл жағдайда сараптама осы Заңның 23-бабына сәйкес жүргізіледі.
09.07.04 ж. № 586-II ҚР Заңымен 12-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
12. Өтiнiм беруші сараптаманың қарсы қойған барлық материалдарымен таныстырылуы мүмкiн. Өтінiм берушi сұратқан материалдарды сараптама жасау ұйымы оған сұрау салынған күннен бастап бiр ай мерзiм iшiнде жiбередi.
09.07.04 ж. № 586-II (бұр. ред. қара); 2007.02.03. № 237-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен; 2015.07.04. № 300-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 13-тармақ өзгертілді
13. Осы баптың 3, 4, 7, 8, 10-тармақтарында көзделген және өтiнiм берушi өткiзiп алған мерзiмдердi өткiзiп алған мерзiмдi қалпына келтiру төлемінің төленгенi туралы құжат тапсырылған жағдайда сараптама ұйымы қалпына келтiруi мүмкiн.
Мерзiмдi қалпына келтiру туралы өтiнiштi өтiнiм берушi өткiзiп алған мерзiм бiткен күннен бастап он екi айдан кешiктiрмей беруi мүмкiн. Мұндай өтiнiшхат сараптама ұйымына сараптамаға сұратылған материалдармен, төлем туралы құжаттармен немесе апелляциялық кеңеске қарсылықпен бiр мезгілде ұсынылады.
Сұрау салуға жауап қайтару немесе осы баптың 3 және 8-тармақтарында көзделген қосымша материалдарды ұсыну мерзімдері - төлем төленген жағдайда, өтінім берушінің белгіленген мерзім өткенге дейін берген өтінішхаты бойынша белгіленген мерзім өткен күннен бастап алты айға дейінгі мерзімге, ал осы баптың 10-тармағында көзделген қарсылықтар беру мерзімдері белгіленген мерзім өткен күннен бастап үш айдан аспайтын мерзімге ұзартылуы мүмкін.
2015.07.04. № 300-V ҚР Заңымен 13-1-тармақпен толықтырылды
13-1. Өтінім берушінің өтінішхаты бойынша өнертабысқа патент беруге арналған өтінімге сараптама, егер мәлімделетін өнертабыс патенттеудің қолайлы шарттары көзделген объектілерге жататын болса, жеделдетілген түрде жүргізіледі.
Сараптаманы жеделдетіп жүргізу өтінім беруші осы баптың 1, 1-1, 2, 3, 4, 5, 7 және 8-тармақтарында көрсетілген талаптарды сақтаған кезде алты ай ішінде:
1) әдеттегі сараптаманың;
2) ақпараттық іздестірудің;
3) мәні бойынша сараптаманың жүргізілуін қамтиды.
Патенттеудің қолайлы шарттары көзделген объектілер тізбесін уәкілетті орган айқындайды.
09.07.04 ж. № 586-II ҚР Заңымен 14-тармақпен толықтырылды
14. Егер өтiнiмдi қарау кезiнде онда мемлекеттік құпияларды құрайтын мәлiметтер анықталса, өтiнiм Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңдарында белгiленген тәртiппен құпияландырылады.
22-1-бап. 2015.07.04. № 300-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2007.02.03. № 237-III ҚР Заңымен тақырыбы өзгертілді (бұр. ред. қара)
23-бап. Пайдалы модельге патент беруге арналған өтінімге сараптама
09.07.04 ж. № 586-II ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2007.02.03. № 237-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2015.07.04. № 300-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді
1. Сараптама ұйымына келіп түскен өтінім бойынша осы Заңның 18-бабы 2-тармағы бірінші бөлігінің 1), 2 және 4) тармақшаларында көзделген өтінім құжаттарының бар екендігі тексеріледі, өтінім берілген күн белгіленеді. Егер өтінім осы Заңның 18-бабы 2-тармағы бірінші бөлігінің 1), 2), 3) және 4) тармақшаларының талаптарын қанағаттандырмаса, сараптама ұйымы өтінім берушіге бұл туралы хабарлайды және жетіспейтін құжаттарды (мәліметтерді) осындай хабарлама жіберілген күннен бастап үш ай ішінде табыс етуді ұсынады. Өтінім беруші сұратылған құжаттарды (мәліметтерді) белгіленген мерзімде ұсынбаған жағдайда өтінім берілмеген болып есептеледі, ол туралы өтінім берушіге тиісті хабарлама жіберіледі.
Сараптама жүргізу барысында осы Заңның 18-бабының 2-тармағында көзделген қажетті құжаттардың бар екендігі және оларға қойылатын белгіленген талаптардың орындалуы тексеріледі, пайдалы модельдің басымдық күні, мәлімделген ұсынысты пайдалы модель ретінде қорғалатын объектілерге жатқызу мүмкіндігі айқындалады, пайдалы модельдің бірлігі тексеріледі.
Мәлiмделген пайдалы модельдiң осы Заңның 7-бабының 1-тармағында белгiленген патент қабiлеттілік талаптарына сәйкестiгiн тексеру жүзеге асырылмайды. Патент өтiнiм берушiнiң тәуекелiмен және жауапкершiлiгiмен берiледi.
09.07.04 ж. № 586-II ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2007.02.03. № 237-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2012.12.01. № 537-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.07.04. № 300-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді
2. Пайдалы модельге өтiнiмнiң сараптамасын өткiзген кезде тиiсiнше осы Заңның 22-бабының 2, 3, 4 және 13-тармақтарындағы ережелер қолданылады.
Егер сараптама нәтижесiнде өтiнiмнiң пайдалы модельдер ретiнде қорғалатын объектiлерге жататыны және құжаттардың белгiленген талаптарға сәйкестiгi анықталса, пайдалы модельге патент беруге сараптама жасау ұйымының оң қорытындысы берiледi.
Сараптама ұйымының қорытындысы он жұмыс күн ішінде патент беру туралы шешiм қабылдау үшiн уәкiлеттi органға жiберiледi, бұл туралы (мұндай шешiм қабылданған жағдайда) өтiнiш беруші хабардар етіледі.
Сараптама ұйымының қорытындысы негізінде уәкілетті орган он жұмыс күн ішінде пайдалы модельге патент беру туралы шешім шығарады.
Уәкілетті органның пайдалы модельге патент беру туралы шешімінің негізінде сараптама ұйымы он жұмыс күні ішінде өтінім берушіге сараптама ұйымының қорытындысын және қорғау құжатын беру үшін баж төлеу қажеттілігі туралы хабарлама жібереді.
Уәкiлеттi органның патент беру туралы шешiм қабылдағаны туралы хабарлама өтiнiш берушіге жiберiлген күннен бастап үш ай iшiнде өтiнiш беруші сараптама жасау ұйымына патент беруге және жариялауға дайындағаны үшiн тиiстi төлемді, сондай-ақ мемлекеттік бажды төлегенін растайтын құжатты ұсынады. Көрсетiлген құжаттар ұсынылмаған кезде өткізіп алған мерзімді қалпына келтіру төлемі туралы құжат ұсынылған жағдайда, төлем мерзімі үш ай ішінде қалпына келтірілуі мүмкін. Керісінше жағдайда өтiнiм кері қайтарып алынды деп есептеледi, өтiнiм бойынша iс жүргiзу тоқтатылады, бұл жөнінде өтiнiм беруші қалпына келтіру мерзімі өткен күннен бастап бір ай мерзімде хабардар етіледі.
09.07.04 ж. № 586-II (бұр. ред. қара); 2007.02.03. № 237-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 3-тармақ өзгертілді
3. Егер сараптама нәтижесiнде өтiнiмнiң пайдалы модельдер ретiнде қорғалмайтын объектiлерге жататыны анықталса, сараптама жасау ұйымының терiс қорытындысы берiледi. Егер өтiнiм берушi ол ұсынған формулада өтiнiмнiң бастапқы материалдарында болмаған белгiлер байқалса немесе пайдалы модель ретiнде қорғалатын объектiден басқа, пайдалы модель ретiнде қорғалатын объектiлерге жатпайтын ұсыныстармен де сипатталса, немесе пайдалы модель бiрлiгi талаптарын бұзуға байланысты қаралмағандығы туралы хабарламадан кейiн формуланы өзгертпесе де, сараптама жасау ұйымының терiс қорытындысы берiледi.
Өтiнiм берушi сараптама жасау ұйымының терiс қорытындысына ол жiберiлген күннен бастап үш ай мерзiм iшiнде уәкiлеттi органға қарсылық беруге құқылы. Қарсылықты оның түскен күнiнен бастап екi ай мерзiмде шағым кеңесi қарауға тиiс.
4. Өтiнiм берушi өтiнім қаралуының кез келген сатысында, сондай-ақ патент иеленушi мен үшiншi тұлғалар патент беру туралы мәлiметтер жарияланғаннан кейiн техникалық деңгейiн анықтау үшiн сонымен салыстыру арқылы пайдалы модельдiң патент қабiлеттілігiн бағалау жүзеге асырылатын ақпараттық iздестiру жүргiзу туралы өтiнiш беруi мүмкiн. Бұл жағдайда тиiсiнше осы Заңның 22-бабы 11-тармағының ережелерi қолданылады.
2007.02.03. № 237-III ҚР Заңымен 24-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2012.12.01. № 537-ІV ҚР Заңымен 24-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
24-бап. Өнеркәсіптік үлгіге берілетін өтінімге сараптама
1. Сараптама жасау ұйымы өнеркәсіптік үлгіге өтінім бойынша ресми сараптама және мәні бойынша сараптама жүргізеді.
2015.07.04. № 300-V ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Ресми сараптама жасау сатысында осы Заңның 19-бабы 2-тармағы 1), 2) және 4) тармақшаларында көзделген өтінім құжаттарының бар екендігі тексеріледі, өтінім берілген күн мен басымдық күні анықталады.
Өнеркәсіптік үлгіге берілетін өтінім құжаттарына қойылатын талаптарды бұза отырып ресімделген өтінім бойынша өтінім берушіге сауал жіберіліп, онда сауал жіберілген күннен бастап үш ай мерзімде түзетілген немесе жетіспейтін құжаттарды табыс ету ұсынылады.
Егер өтінім беруші белгіленген мерзімде сұратылған құжаттарды немесе белгіленген мерзімді ұзарту туралы өтініш хатты табыс етпесе, өтінім кері қайтарып алынған болып есептеледі, ол туралы өтінім берушіге тиісті хабарлама жіберіледі. Бұл мерзім тиісті төлем төленген жағдайда, бірақ үш айдан аспайтындай етіп ұзартылуы мүмкін.
Өнеркәсіптік үлгіге берілген өтінімге осы Заңның 21-бабына сәйкес қосымша материалдар табыс етілген кезде олардың өтінім берілген өнеркәсіптік үлгінің мәнін өзгертпейтіні тексеріледі.
Егер қосымша материалдарда өтінімнің бастапқы материалдарында жоқ белгілер болса, олар мәлімделген өнеркәсіптік үлгінің мәнін өзгертеді. Өтінімді қарау кезінде қосымша материалдардың мәлімделген өнеркәсіптік үлгінің мәнін өзгертетін бөлігі назарға алынбайды және оны өтініш беруші дербес өтінім ретінде ресімдей алады, бұл туралы өтінім берушіге хабарланады.
Ресми сараптама аяқталғаннан кейін ресми сараптаманың нәтижесі туралы өтінім берушіге хабарланады.
2015.07.04. № 300-V ҚР Заңымен 2-1-тармақпен толықтырылды
2-1. Өнеркәсіптік үлгінің бірлігі талаптары бұзыла отырып берілген өтінім бойынша өтінім берушіге тиісті хабарлама жіберілген күннен бастап оған үш ай мерзімде өнеркәсіптік үлгінің қайсысы қаралуға жататынын хабарлау және қажет болған кезде өтінім құжаттарына нақтылауды енгізу ұсынылады. Бастапқы өтінім материалдарына енгізілген басқа да өнеркәсіптік үлгілер бөлектелген өтінімдермен ресімделуі мүмкін. Бөлектелген өтінімдердің басымдығы осы Заңның 20-бабының 5-тармағына сәйкес белгіленеді.
Егер өтінім беруші өзіне бірлік талаптарының бұзылғаны туралы хабарлама жіберілген күннен бастап үш ай мерзімде өнеркәсіптік үлгілердің қайсысы қаралуға жататынын хабарламаған және нақтыланған құжаттарды ұсынбаған жағдайда, сипаттамада бірінші көрсетілген объектіні, сондай-ақ біріншісімен байланыстылығы өнеркәсіптік үлгінің бірлік талабын қанағаттандыратындай басқа да өнеркәсіптік үлгілерді қарау жүргізіледі.
3. Ресми сараптама оң нәтижемен аяқталғаннан кейін сараптама жасау ұйымы өтінімге мәні бойынша сараптама жүргізеді.
Өтінімге мәні бойынша сараптама мәлімделген ұсыныстың өнеркәсіптік үлгі ретінде қорғалатын объектіге жатқызылуы мүмкіндігін анықтауды, көркемдік-конструкторлық шешім деңгейін айқындау үшін мәлімделген өнеркәсіптік үлгіге қатысты ақпараттық іздестіру жүргізуді, мәлімделген шешімнің осы Заңның 8-бабында белгіленген патентке қабілеттілік талаптарына сәйкес келетініне тексеру жүргізуді қамтиды және өтінімге мәні бойынша сараптамаға ақы төленгенін растайтын құжат ұсынылған жағдайда жүзеге асырылады.
Өтінімге мәні бойынша сараптамаға ақы төленгені туралы құжат ресми сараптаманың нәтижесі туралы хабарлама жіберілген күннен бастап үш ай ішінде сараптама жасау ұйымына табыс етіледі.
2015.07.04. № 300-V ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
4. Өтінімге мәні бойынша сараптама жүргізу кезеңінде сараптама жасау ұйымы өтінім берушіден онсыз сараптама жасау мүмкін болмайтын қосымша материалдарды, оның ішінде елеулі белгілердің өзгертілген тізбесін сұратуға құқылы.
Сараптама жасау ұйымының сұратуы бойынша қосымша материалдар сауал жіберілген күннен бастап үш ай мерзімде өнеркәсіптік үлгінің мәні өзгертілместен табыс етілуге тиіс.
Қосымша материалдарға өнеркәсіптік үлгінің мәнін өзгертетін бөлігінде осы баптың 1-тармағында белгіленген тәртіп қолданылады. Егер өтінім беруші сұратылған материалдарды немесе белгіленген мерзімді ұзарту туралы өтініш хатты белгіленген мерзімде ұсынбаса, өтінім кері қайтарып алынған болып есептеледі. Бұл мерзім тиісті төлем төленген жағдайда, бірақ үш айдан аспайтындай етіп ұзартылуы мүмкін.
2015.07.04. № 300-V ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
5. Сараптама жасау ұйымы, егер өтінімге мәні бойынша жүргізілген сараптама нәтижесінде өтінім беруші сұраған көлемдегі құқықтық қорғау мәлімделген ұсынысы осы Заңның 8-бабында айқындалған өнеркәсіптік үлгінің патентке қабілеттілік шарттарына сәйкес келетінін анықтаса, онда сараптама жасау ұйымы белгіленген басымдықты көрсете отырып, өтінім берушімен келісілген елеулі белгілер жиынтығымен бірге патентке оң қорытынды береді.
Сараптама ұйымының қорытындысы негiзiнде уәкiлеттi орган он жұмыс күні ішінде өнеркәсiптiк үлгiге патент беру туралы шешiм шығарады.
Уәкілетті органның өнеркәсіптік үлгіге патент беру туралы шешімінің негізінде сараптама ұйымы он жұмыс күні ішінде өтінім берушіге сараптама ұйымының қорытындысын және қорғау құжатын беру үшін баж төлеу қажеттілігі туралы хабарлама жібереді.
Уәкiлеттi органның патент беру туралы шешiм қабылдағаны туралы хабарлама өтiнiм берушіге жiберiлген күннен бастап үш ай iшiнде өтiнiм беруші сараптама ұйымына патент беруге дайындағаны және жариялағаны үшін тиiстi төлемді, сондай-ақ мемлекеттік баж төлемін растайтын құжатты ұсынады. Көрсетiлген құжаттар ұсынылмаған кезде өткізіп алған мерзімді қалпына келтіру төлемі туралы құжат ұсынылған жағдайда, төлем мерзімі үш ай ішінде қалпына келтірілуі мүмкін. Керісінше жағдайда, өтiнiм кері қайтарып алынды деп есептеледi, өтiнiм бойынша iс жүргiзу тоқтатылады, бұл жөнінде өтiнiм беруші қалпына келтіру мерзімі өткен күннен бастап бір ай мерзімде хабардар етіледі.
6. Мәлімделген өнеркәсіптік үлгінің өтінім беруші сұраған құқықтық қорғау көлемінде өнеркәсіптік үлгінің патентке қабілеттілік шарттарына сәйкес келмейтіні анықталған кезде сараптама жасау ұйымының теріс қорытындысы беріледі.
Сараптама жасау ұйымының теріс қорытындысы, егер өтінім өнеркәсіптік үлгі ретінде қорғалмайтын объектіге жататын болса және, егер өтінім беруші ол туралы хабарланғаннан кейін елеулі белгілердің жиынтығын өзгертпеген, елеулі белгілердің ұсынылған жиынтығында өтінімнің бастапқы материалдарында жоқ белгілер болған немесе өнеркәсіптік үлгі ретінде қорғалатын объектіден басқа, өнеркәсіптік үлгі ретінде қорғалатын объектілерге жатпайтын ұсынысты да сипаттайтын немесе өнеркәсіптік үлгінің бірлігі талаптарының бұзылуына байланысты оған қатысты қарау жүргізілмеген жағдайда да беріледі.
Өтiнiш берушi сараптама жасау ұйымының терiс қорытындысына ол жiберiлген күннен бастап үш ай мерзiмде уәкiлеттi органға қарсылық беруге құқылы. Апелляциялық кеңес қарсылық түскен күнiнен бастап екi ай мерзiмде оны қарауға тиiс.
7. Өтінім беруші сараптама қарсы қойған барлық материалдармен таныса алады. Сараптама жасау ұйымы өтінім берушінің сұратқан материалдарының көшірмелерін сұрау алынған күннен бастап бір ай мерзімде жібереді.
2015.07.04. № 300-V ҚР Заңымен 8-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
8. Осы баптың 2, 3 және 4-тармақтарында көзделген және өтінім беруші өткізіп алған мерзімдерді өткiзiп алған мерзiмдi қалпына келтiру төлемi туралы құжат ұсынылған кезде сараптама ұйымы қалпына келтіруі мүмкін.
Өтінім беруші мерзімді қалпына келтіру туралы өтініш хатты өткізіп алынған мерзім аяқталған күннен бастап алты айдан кешіктірмей бере алады. Мұндай өтінішхат сараптама жасау ұйымына сараптаманың сұратылған материалдарымен немесе апелляциялық кеңеске жасалған қарсылықпен бір мезгілде ұсынылады.
25-бап. Өнеркәсiптiк меншiк объектiсiн тiркеу және қорғау құжатын беру
09.07.04 ж. № 586-II ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
1. Сараптама жасау ұйымы Қазақстан Республикасының Өнертабыстарының мемлекеттік тiзiлiмiне, Қазақстан Республикасының Пайдалы модельдер мемлекеттік тiзiлiмiне немесе Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп үлгiлерi мемлекеттік тiзiлiмiне тиiсiнше өнертабысты, пайдалы модельдi немесе өнеркәсiп үлгiсiн енгiзедi.
09.07.04 ж. № 586-II ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
2. Уәкiлеттi орган патенттi беру туралы мәлiметтердi бюллетеньге жариялай отырып, патент иеленушiге тиiстi қорғау құжатын бередi.
Атына қорғау құжаты сұралған адам бiрнешеу болған жағдайда оларға бiр қорғау құжаты берiледi.
09.07.04 ж. № 586-II ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
3. Өнеркәсiптiк меншiк объектiсiнiң патент иеленушi болып табылмайтын авторына уәкiлеттi орган оның авторлығын растайтын ресми куәлiк бередi.
09.07.04 ж. № 586-II ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
4. Қорғау құжаты мен автор куәлiгiнiң нысанын, оларда көрсетiлген мәлiметтер құрамын уәкiлеттi орган белгiлейдi.
26-бап. Қорғау құжаттарын беру туралы мәлiметтердi жариялау
09.07.04 ж. № 586-II ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара); 2007.02.03. № 237-III ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2012.12.01. № 537-ІV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2015.07.04. № 300-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)