Аңшылық суық қару қапталған күйде тек қана аңшылық куәлігі болған жағдайда тасымалданады.
ҚР Үкіметінің 2014.14.11. № 1198 Қаулысымен 93-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
93. Қаруды сақтауға, сақтау мен алып жүруге рұқсаттардың қолданылуын тоқтата тұру, қалпына келтіру және тоқтату, сондай-ақ оларды беруден бас тарту «Жекелеген қару түрлерінің айналымына мемлекеттік бақылау жасау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 19-бабының талаптарына сәйкес жүргізіледі.
ҚР Үкіметінің 2014.14.11. № 1198 Қаулысымен 94-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
94. Қаруды сақтауға, сақтау мен алып жүруге рұқсаттардың қолданылуын тоқтата тұру, қалпына келтіру және тоқтату туралы дәлелді қорытынды шығарылады, оны ішкі істер органының бастығы бекітеді. Қорытындыда мұндай шешім қабылдаудың негіздері мен дәлелдері жазылады.
ҚР Үкіметінің 2007.29.12 № 1370 Қаулысымен (бұр. ред. қара); 2014.14.11. № 1198 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 95-тармақ өзгертілді
95. Рұқсаттың қолданылуын тоқтата тұрған, тоқтатқан кезде, ол қару мен оның патрондарымен бірге алынып қойылады. Ішкі істер органдарының жолдамасы бойынша қару иелері немесе олардың заңды өкілдері алынып қойылған қару мен оның патрондарын комиссиялық сатуға тапсырады не қаруды сатып алуға немесе сақтау мен алып жүруге ішкі істер органдарының рұқсаты бар адамның иелігіне берілуі мүмкін.
Ескерту. Қылмыстық iстер бойынша айып тағылған адамдардың қару мен оның патрондары рұқсатпен бірге алынып қойылады және тергеу органдарының немесе соттық қылмыстық iс бойынша түпкiлiктi шешiмiне дейiн iшкі iстер органдарында сақталады. Егер аталған адамға қатысты қылмыстық iс тоқтатылған болса немесе сот ақтау үкiмін шығарса, оған қаруы мен оның патрондары, қаруды сақтау немесе сақтау мен алып жүру рұқсаты қайтарылады.
96. Iшкi iстер органдары:
ұңғысының немесе ұңғылы қорапшасымен қоса, ұңғысының ұзындығы 500 мм-ге жетпейтiн және қарудың жалпы ұзындығы 800 мм-ге жетпейтiн, сондай-ақ конструкциясы оның ұзындығын 800 мм-ге жетпейтiн етiп жасауға мүмкiндiк беретiн және сонымен бірге бұл ретте ату мүмкiндiгi жойылмайтын ұзын ұңғылы атыс қаруын;
оқты түйдектете атуға мүмкiндiк беретiн азаматтық атыс қаруын;
нөмiрi жоқ, қолдан жасалған немесе нөмiрлерi қисайған атыс қаруын сатып алуға, сақтауға немесе сақтау мен алып жүруге рұқсаттар бермейдi.
97. Азаматтық қарудың иесi қайтыс болған жағдайда отбасы мүшелерi бір айлық мерзiмде бұл қаруды қайта тiркеуге немесе комиссиялық өткізуге тапсыруға мiндеттi немесе олар оны азаматтық қаруды сатып алуға iшкi iстер органдарының рұқсаты бар адамға бөлек беруi тиiс. Мұраға қалдыру, сыйға тарту Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгiленедi.
ҚР Үкіметінің 2007.29.12 № 1370 Қаулысымен 98-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
98. Iшкi iстер органдарында қаруды бір адамнан екiншi адамға тапсыруға құжаттар ресiмдеуге рұқсат беріледi. Мұның өзi, рұқсат ету жүйесiн жүзеге асыратын ішкi істер органының қызметкерi қару иесiнiң және қарудың бұл түрiн сатып алуға iшкi iстер органының рұқсаты бар адамның қатысуымен, тапсырылатын қарудың есепке алынған жерiнде жүргiзедi. Мұндай жағдайда тапсырылатын қарудың маркасы, калибрі мен нөмірі рұқсат қағазға және сатып алу рұқсатының төлнұсқасына жазылады. Жазбаларды ішкі істер органының бастығы қол қойып және «Лицензиялық-рұқсат ету жүйесi» деген бедерi бар арнайы мөрмен куәландырады. Рұқсаттың төлнұсқасы қаруды тұрғылықты жерінде есепке қою үшін жаңа иесіне қайтарылады. Сонымен бір мезгiлде, қаруды тапсыруды жүргізудің негізінде қаруды есептен шығару туралы тиiстi жазбалар қару иелерiн есепке алу журналына енгізіледі.
ҚР Үкіметінің 2007.29.12 № 1370 Қаулысымен (бұр. ред. қара) 99-тармақ өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2011.01.07. № 751 Қаулысымен 99-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
99. Қарудың иесі тұрғылықты жерін өзгерткен кезде қаруды ішкі істер органының есебінен шығарады және оны он күн мерзімде жаңа тұрғылықты жері бойынша тиісті есепке қоюды, ал бір ауданның не ауданға бөлінбейтін қаланың шегінде тұрғылықты жерін өзгерткен кезде ол туралы аумақтық ішкі істер органына бес күн мерзімде хабарлайды.
ҚР Үкіметінің 2007.29.12 № 1370 Қаулысымен 100-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
100. Қарудың техникалық күйiн анықтау жөніндегі комиссия қаруды жарамсыз (жөндеуге келмейдi) деп тапса, қару тiркелмейді (қайта тіркелмейдi) және дереу қару айналымын бақылау саласындағы уәкілетті орган белгiлеген тәртiппен жойылуы тиіс.
Ескерту. Қарудың техникалық күйiн анықтау жөніндегі комиссия ішкі істер органында құрылады, оның құрамы 3-4 адамнан: iшкi iстер органының рұқсат ету жүйесiн жүзеге асыраушы қызметкерiнен, криминалистен, қару шеберi-техниктен тұрады және ІІД (К) бастығының бұйрығымен бекітіледi.
Азаматтардың iшкi iстер органдарына ұсынған атыс қаруын тiркеу (қайта тіркеу) кезiнде оның техникалық күйiн анықтау үшiн қаруға тексеру жүргiзу комиссияның мiндетi болып табылады. Жұмыс барысында комиссия аңшылық атыс қаруының техникалық санатталу нормаларын басшылыққа алады.
Алынып қойылған, ерiктi түрде тапсырылған, тауып алынған қару мен оқ-дәрілердiң iшкi iстер органдарында сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі жұмыс тәртібін Қазақстан Республикасының Iшкіiсминi белгілейді.
ҚР Үкіметінің 2007.29.12 № 1370 Қаулысымен (бұр. ред. қара); 2011.01.07. № 751 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 101-тармақ өзгертілді
101. Қару жоғалған немесе ұрланған жағдайда иесі ол туралы ішкі істер органына бір күн мерзімде хабарлауға міндетті.
Жауынгерлік қол атыс қаруы мен оның патрондарын, сондай-ақ суық қаруды сатып алудың, сақтаудың, алып жүрудiң және тасымалдаудың тәртібі заңнамада белгiленедi.
ҚР Үкіметінің 2014.14.11. № 1198 Қаулысымен 17-бөлімнің тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
17. Марапаттық қаруды сатып алу, сақтау және алып қою тәртібі
ҚР Үкіметінің 2014.14.11. № 1198 Қаулысымен 102-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
102. Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы негізінде Қазақстан Республикасының азаматтары алған қысқа ұңғылы ойық атыс қаруы марапаттық қаруға жатады.
Қазақстан Республикасының азаматтары шет мемлекеттер басшыларының, шет мемлекеттер үкіметтерінің басшылары мен мүшелерінің марапаттау құжаттары негізінде марапаттық қару алуы мүмкін.
Қазақстан Республикасының азаматтарына марапаттық қаруды сақтау мен алып жүруге рұқсатты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі береді.
Түйдектете атуға мүмкіндік беретін, сыйымдылығы 10 патроннан асатын оқжатары (барабаны) бар, сондай-ақ «Жекелеген қару түрлерінің айналымына мемлекеттік бақылау жасау туралы» 1998 жылғы 30 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңымен тыйым салынған қару марапаттық қаруға жатпайды.
Азаматты қысқа ұңғылы ойық атыс қаруымен марапаттауға бастамашылық еткен мемлекеттік органдар (атауын, моделін, калибрін, сериясы мен нөмірін көрсете отырып) марапаттау туралы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығының, Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобаларын өздері әзірлейді.
ҚР Үкіметінің 2014.14.11. № 1198 Қаулысымен 102-1-тармақпен толықтырылды
102-1. Марапаттық қысқа ұңғылы ойық атыс қаруын беру Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қаруынан құрылған марапаттау қорынан жүзеге асырылады.
103. Марапаттық атыс (суық) қаруы бар адамдарға Қазақстан Республикасы Iшкiiсминi қарудың қолданылу мерзiмiн көрсетпей, «марапаттық» деген белгiсi бар сақтау және алып жүруге рұқсаттар бередi.
Марапаттық қаруды сақтау мен алып жүрудiң рұқсаты бір мезгiлде оны тасымалдаудың рұқсаты болып табылады.
104. Марапаттық атыс (суық) қаруы жетi күндiк мерзiм iшiнде Қазақстан Республикасының Iшкiiсминiнде тiркелiп, оны сақтау мен алып жүрудiң рұқсаты алынуы тиiс.
ҚР Үкіметінің 11.11.03 ж. № 1127 қаулысымен (бұр. ред. қара); 2007.29.12 № 1370 Қаулысымен (бұр. ред. қара); 2011.01.07. № 751 Қаулысымен (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара) 105-тармақ өзгертілді
105. Марапаттық қаруды сақтауға рұқсат алу үшiн Қазақстан Республикасының Iшкiiсминiне мынадай құжаттар:
1) толтырылған өтiнiш-карточка;
2) қарумен марапаттау туралы құжаттың түпнұсқасы немесе нотариалды тәртiппен куәландырған көшiрмесi;
3) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілеген қару ұстауға қарсылық жоқ екені туралы медициналық қорытындыны;
4) Қазақстан Республикасының азаматтығын растайтын құжаттың көшірмесі;
5) қаруды қауiпсiз ұстаудың ережелерiн бiлетiндiгiн тексеру туралы анықтама;
6) алынып тасталды
7) қару мен оның патрондарын сақтауға және алып жүруге рұқсат берiлу үшiн мемлекеттік баждың төленгенi туралы түбіртек;
8) көлемi 3х4 см екі фотосурет ұсынылады.
ҚР Үкіметінің 2014.14.11. № 1198 Қаулысымен 105-1-тармақпен толықтырылды
105-1. Марапаттық қаруды сақтау осы Ереженің 91-тармағының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
ҚР Үкіметінің 2014.14.11. № 1198 Қаулысымен 105-2-тармақпен толықтырылды
105-2. Марапаттық қысқа ұңғылы ойық атыс қаруы оны сақтауға және алып жүруге рұқсат ішкі істер органдарында ресімделерден бұрын, кейіннен әрбір бес жылдан кейін атып тексеріледі.
106. Лауазымды адамдардан алынған, осы Ереженiң 102-тармағында көрсетiлмеген атыс (суық) қаруы марапаттық қару қатарына жатпайды және аумақтық iшкi істер органына:
1) әскери қол атыс және суық қару - оны берген тиiстi ведомствоға кейiннен табыс ету арқылы тегiн тапсырылуы тиіс;
2) аңшылық қару - осы Ережелердің 77-80 және 89-тармақтарына сәйкес оны сақтау мен алып жүруге рұқсат беру арқылы тiркелуi немесе оны сатып алу рұқсаты бар адамға бөлек берiлуi мүмкiн.
Ескерту. Марапаттық қаруға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы азаматтарының «Жекелеген қару түрлері айналымын мемлекеттік бақылау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы күшiне енгенге дейін атаулы қарумен марапаттау құқығы болған лауазымды адамдардың, өкiлдi және атқарушы органдардың бұйрықтары негiзiнде алынған, заңнамада белгiленген тәртiпте оны алып жүру мен сақтауға ішкі iстер органдарының рұқсаты бар қарулар жатады.
107. Марапаттық қаруды ішкі істер органдары Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңнамасына сәйкес сақтаудың, тасымалдаудың және пайдаланудың ережелерін бұзғаны үшін азаматтардан алып қоюы мүмкін.
108. Марапаттық атыс (суық) қарудың иесi қайтыс болған жағдайда аталған қару бір айлық мерзiмде iшкi iстер органдарына өткiзiледi.
109. Марапаттық қару iшкi істер органдары оны тиiсiнше қайта тiркеп, қайта жасағаннан кейiн сақтау үшiн мұражайларға тапсырылуы мүмкiн.
ҚР Үкіметінің 2013.14.11. № 1231 Қаулысымен 18-бөлімнің тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2016.29.12. № 909 Қаулысымен 18-тарау жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
18. Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын Қазақстан Республикасының аумағына әкелу, Қазақстан Республикасының аумағынан әкету және Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттеу тәртібі
110. Осы тараудың талаптары:
1) қаруды, оның негізгі (құрама) бөлшектері мен патрондарын Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының мұқтаждығы үшін әкелу және (немесе) әкету кезінде;
2) 1899 жылдың соңына дейін жасалған атыс, лақтырылатын және пневматикалық қаруды (ортадан соққылайтын унитарлық патрондармен атуға арналған атыс қаруын қоспағанда) және 1945 жылдың соңына дейін жасалған суық қаруды әкету кезінде қолданылмайды.
111. Азаматтық және қызметтік қаруды, оның негізгі (құрама) бөлшектері мен патрондарын (бұдан әрі - қару) әкелу, әкету және транзиттеу Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының 2012 жылғы 16 мамырдағы № 45 шешімімен бекітілген нысан бойынша жасалған қорытынды (рұқсат құжаты) (бұдан әрі - қорытынды) болған кезде жүзеге асырылады.
Қаруды уақытша әкелуге (уақытша әкетуге) қорытынды қаруды кері әкетуге (әкелуге) арналған рұқсат құжаты болып табылады.
112. Заңды тұлғаларға қаруды әкелуге немесе әкетуге арналған қорытындылар қаруды жеткізу шартында (келісімшартта) айқындалған, бірақ күнтізбелік бір жылдан артық емес мерзімге беріледі.
113. Қаруды әкелу, әкету құқығына қорытындыларды ресімдеу кезіндегі жалпы талаптар:
1) ұйым басшысының (жеке тұлғаның) өтініші, онда қару мен оның патрондарының саны, әкелуге (әкетуге) жауапты адамның (жеке тұлғаның) тегі, аты-жөні, паспортының немесе жеке куәлігінің сериясы мен нөмірі, қару мен оның патрондары әкелінетін мемлекет, әкелу жүзеге асырылатын кеден пункті (шекарадан өту пункті) көрсетіледі;
2) Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының 2012 жылғы 16 мамырдағы № 45 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық қоғамдастық шеңберінде Кеден одағына мүше мемлекеттер үшінші елдермен саудада әкелуге немесе әкетуге тыйым салулар немесе шектеулер қолданылатын тауарлардың бірыңғай тізбесіне енгізілген жекелеген тауарларды әкелуге, әкетуге және транзиттеуге қорытындыны толтырудың бірыңғай нысанын толтыру жөніндегі әдістемелік нұсқауларға сәйкес ресімделген қорытындының жобасы;
3) қаруды әкелу немесе әкету құқығына қорытынды бергені үшін мемлекеттік баждың төленуі.
Заңды тұлғалар үшін қосымша:
1) сәйкестік сертификаты немесе қаруды Қазақстан Республикасының аумағына әкелгеннен кейін сертификаттау жүргізуге арналған шарт;
2) заңды тұлғаны мемлекеттік қайта тіркеу туралы анықтама болуы қажет.
Жеке тұлғалар үшін қосымша жеке басын куәландыратын құжаттар немесе жеке басын куәландыратын құжаттардың мәліметтері (сериясы, нөмірі, қашан және кімнің бергені, жеке сәйкестендіру нөмірі, тұрғылықты мекенжайы) болуы қажет.
113-1. Заңды тұлғаларға қаруды сату үшін әкелуге қорытындыны ресімдеу кезінде қосымша мыналардың болуы қажет:
1) тауарды импорттаушының азаматтық және қызметтік қарудың, оның негізгі (құрамдас) бөлшектері мен патрондарының «Жекелеген қару түрлерінің айналымына мемлекеттік бақылау жасау туралы» 1998 жылғы 30 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 5 және 6-баптарында көрсетілген пайдаланушыларға сатылатыны туралы кепілхат.
Егер қару мен патрондардың импорты кезінде Қарулы Күштер, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар, арнаулы және құқық қорғау органдары соңғы тұтынушылар болып табылған жағдайда импортқа лицензия ресімдеу «Экспорттық бақылауға жататын өнімнің номенклатурасын (тізімін) бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 5 ақпандағы № 104 қаулысымен бекітілген «Әскери қолданылатын (мақсаттағы) тауарлар мен технологиялар» деген бөлімді ескере отырып, әскери мақсаттағы өнім ретінде жүзеге асырылады.
2) уәкілетті ішкі істер органы берген азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондары саудасына лицензия;
3) қарудың нақты түрлері, типтері, модельдері, саны көрсетілетін ерекшелігі қоса берілген қаруды жеткізу шарты (келісімшарты);
4) қаруды сатып алу құқығына рұқсат;
5) қарудың атауы мен моделінің белгісі, негізгі техникалық көрсеткіштері, қаруды шығарған елдің және фирманың атауы туралы ақпарат, оның түрлі-түсті фотосуреті;
6) жарақат салатын патрондармен ату мүмкіндігі бар ұңғысыз атыс, газды қарудың, электр қаруының, сондай-ақ жарақат салатын патрондардың зақымдаушы факторларының адам ағзасына тигізетін шекті әсері туралы денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган берген қорытындының не қаруды әкелгеннен кейін адам ағзасына тигізетін шекті әсер нормаларына сәйкестігіне медициналық-биологиялық сынақтар өткізілгені туралы кепілхат болуы қажет.
113-2. Заңды тұлғаларға қаруды сату үшін әкетуге қорытындыны ресімдеу кезінде қосымша:
1) уәкілетті ішкі істер органы берген азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондары саудасына лицензия;
2) қарудың нақты түрлері, типтері, модельдері, саны көрсетілетін ерекшеліктері қоса берілген қаруды жеткізу шарты (келісімшарты);
3) қарудың атауы мен моделінің белгісі, негізгі техникалық көрсеткіштері, қаруды шығарған елдің және фирманың атауы туралы ақпарат, оның түрлі-түсті фотосуреті;
4) оны әкелу болжанып отырған мемлекеттің құзыретті органы берген қаруды әкелуге рұқсат құжаты;
5) шет мемлекеттің уәкілетті мемлекеттік органының осы қарудың тек бейбіт мақсатта пайдаланылатыны және басқа елдерге экспортталмайтыны туралы жазбаша кепілдік міндеттемесі болуы қажет.
113-3. Қару саудасына лицензиясы бар заңды тұлғаларға қарудың сәйкестігін растау, медициналық-биологиялық зерттеулер жүргiзу, жөндеу, ауыстыру, қайтару мақсатында сынақтарды жүргiзу үшін әкелуге (әкетуге), сондай-ақ көрмелерге қатысу үшін уақытша әкелуге (әкетуге) қорытындыны ресімдеу кезінде қосымша:
1) уәкілетті ішкі істер органы берген азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондары саудасына лицензия;
2) қарудың нақты түрлері, типтері, модельдері, саны көрсетілетін ерекшеліктері қоса берілген қаруды жеткізу шарты (келісімшарты);
3) қаруды сатып алу құқығына рұқсат;
4) қарудың атауы мен моделінің белгісі, негізгі техникалық көрсеткіштері, қаруды шығарған елдің және фирманың атауы туралы ақпарат, оның түрлі-түсті фотосуреті;
5) оны әкелу болжанып отырған мемлекеттің құзыретті органы берген қаруды әкелуге рұқсат құжаты болуы қажет.
113-4. Қарудың сәйкестігін растау, медициналық-биологиялық зерттеулер жүргізу, жеке пайдалану үшін сатып алу, жөндеу, ауыстыру, қайтару мақсатында жеке тұлғаларға қаруды әкелуге қорытындыны ресімдеу кезінде қосымша:
1) қаруды сатып алу құқығына рұқсат;
2) сәйкестік сертификаты немесе қаруды Қазақстан Республикасының аумағына әкелгеннен кейін сертификаттау жүргізу шарты (тек жеке пайдалану үшін сатып алған кезде);
3) жарақат салатын патрондармен ату мүмкіндігі бар ұңғысыз атыс, газды қарудың, электр қаруының, сондай-ақ жарақат салатын патрондардың зақымдаушы факторларының адам ағзасына тигізетін шекті әсері туралы денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган берген қорытындының не қаруды әкелгеннен кейін адам ағзасына тигізетін шекті әсер нормаларына сәйкестігіне медициналық-биологиялық сынақтар өткізілгені туралы кепілхат (тек жеке пайдалану үшін сатып алған кезде);
4) қарудың жөндеу, ауыстыру, қайтару үшін (тек жөндеу, ауыстыру, қайтару үшін) әкелінгенін растайтын құжат (шарт, хат) болуы қажет.
113-5. Жеке тұлғаларға қаруды жөндеу, ауыстыру, қайтару үшін әкетуге қорытындыны ресімдеу кезінде қосымша:
1) қаруды әкелу болжанып отырған мемлекеттің құзыретті органы берген қаруды әкелуге рұқсат құжаты;
2) әкетілуі көзделген қаруды сақтау құқығына немесе сақтау және алып жүру рұқсаты;
3) қарудың жөндеу, ауыстыру, қайтару үшін әкетілетінін растайтын құжат (шарт, хат) болуы қажет.
113-6. Шетелдік заңды тұлғаларға немесе шетелдіктерге (спорт ұйымдарына немесе спортшыларға) спорттық іс-шараларға қатысу үшін қаруды уақытша әкелуге арналған қорытындыны ресімдеу кезінде қосымша:
1) халықаралық спорттық жарыстарға немесе оқу-жаттығу жиындарына қатысуға шақыру;
2) қару мен оның патрондарының нақты түрінің спортшыға бекітілгені туралы ақпарат (тізім);
3) әкелінетін қаруды сақтау үшін жағдайлардың барын растайтын құжаттама (үй-жайды жалға алу шарты, қаруды сақтауға рұқсат) болуы қажет.
113-7. Заңды немесе жеке тұлғаларға (спорт ұйымдарына немесе спортшыларға) спорттық іс-шараларға қатысу үшін қаруды уақытша әкетуге арналған қорытындыны ресімдеу кезінде қосымша:
1) халықаралық спорттық жарыстарға немесе оқу-жаттығу жиындарына қатысуға шақыру;
2) қаруды әкелу болжанып отырған мемлекеттің құзыретті органы берген қаруды әкелуге рұқсат құжаты;
3) спорт ұйымы басшысының қарудың нақты түрін спортшыға бекіту туралы бұйрығы;
4) әкетілуі көзделген спорт қаруын сақтау құқығына рұқсат;
5) спорт ұйымы басшысының спортшыны(ларды) іссапарға жіберу туралы тиісті бұйрығы болуы қажет.
113-8. Шетелдіктерге аңшылыққа қатысу үшін аңшылық атыс қаруының бірлі-жарым даналарын (екі бірліктен артық емес), олардың патрондары мен аңшылық пышақтарды уақытша әкелуге қорытындыны ресімдеу кезінде қосымша:
1) аңшылық шаруашылығы ұйымының шетелдік аңшымен аң аулауға жасасқан шарты;
2) жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті органмен келісілген аңшылық алқаптарды бекітіп беру туралы облыстық атқарушы органның шешімі;
3) аңшылық атыс және суық қаруды әкелуге (әкетуге) қорытынды алуға арналған сенімхат;
4) шетелдік аңшының жеке басын куәландыратын құжаттар (паспорт) болуы қажет.
Өтінішпен мүдделі аңшылық шаруашылығы ұйымы жүгінеді, онда әкелінетін патрондар саны, шетелдіктің паспортының немесе жеке куәлігінің сериясы мен нөмірі қосымша көрсетіледі.
Өтініш уәкілетті орман және аңшылық шаруашылығы органының облыстық аумақтық органымен келісіледі.
113-9. Жеке тұлғаларға аңшылық атыс қаруының бірлі-жарым даналарын (екі бірліктен артық емес), олардың патрондары мен аңшылық пышақтарды уақытша әкетуге қорытындыны ресімдеу кезінде қосымша:
1) аң аулау жүзеге асырылатын мемлекеттің заңнамасында көзделген аң аулауға қатысуын растайтын (қызметтер көрсету туралы шарт немесе шақыру және т.б.) құжат;
2) қаруды әкелу көзделіп отырған мемлекеттің құзыретті органы берген қаруды әкелуге рұқсат құжаты;
3) әкетілуі көзделген аңшылық қаруды сақтау құқығына рұқсаты болуы қажет.
Жеке тұлға Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерге аң аулауға қатысу үшін шыққан кезде аңшылық қару мен оның патрондарын уақытша әкетуге (әкелуге) қорытынды ресімделмейді.
Бұл ретте, жеке тұлға (аңшы) қаруды әкеткенге дейін кемінде 10 күн бұрын қару тіркелген аумақтық ішкі істер органына Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің заңнамасында көзделген аң аулауға қатысуын растайтын құжатты (қызметтер көрсету туралы шарт немесе шақыру) ұсынады.
Жеке тұлға аңшылыққа қатысу кезінде пайдалану үшін әкеткен азаматтық қару көрсетілген азаматтық қару тіркелген мүше мемлекетке әкелуге арналған рұқсат құжаттың жарамдық мерзімі аяқталғанға дейін әкелінуі тиіс.
Құзыретті органдардың азаматтық қаруды аңшылыққа қатысу кезінде пайдалану үшін әкелуге рұқсат құжаттарын беру мерзімі күнтізбелік 15 күннен аспауы тиіс.
113-10. Басқа мемлекетке тұрақты тұруға кететін жеке тұлғаларға азаматтық қаруды, оның патрондарын әкетуге қорытындыны ресімдеу кезінде қосымша:
1) қаруды әкету жүзеге асырылатын мемлекеттің заңнамасында көзделген тұрақты тұруға кететінін растайтын құжат;
2) қаруды әкету болжанып отырған мемлекеттің құзыретті органы берген қаруды әкелуге рұқсат құжаты;
3) әкету болжанып отырған аңшылық қаруды сақтау құқығына рұқсат болуы қажет.
113-11. Қазақстан Республикасына тұрақты тұруға келетін жеке тұлғаларға қару мен оның патрондарын әкелуге қорытындыны ресімдеу кезінде қаруды әкетуге рұқсат құжаты қосымша болуы қажет.
Әкелінгеннен кейін қару ішкі істер органына жауапты сақтауға тапсырылады, ал оны тіркеу осы Ережеде көзделген жалпы негіздерде жүргізіледі.
113-12. Қазақстан Республикасының азаматы марапаттық қаруды әкелуге арналған қорытындыны ресімдеу кезінде үшінші мемлекеттер басшыларының және үшінші мемлекеттердің үкімет басшыларының марапаттық құжаттары қосымша болуы қажет.
113-13. Шетелдіктерге марапаттық қаруды әкетуге қорытындыны ресімдеу кезінде әкетілетін қарумен марапаттау туралы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы немесе Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы қосымша болуы қажет.
114. Жеке тұлғаларға азаматтық қарудың бірлі-жарым даналары (екі бірліктен артық емес) мен оның патрондарын Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттеуге арналған қорытындыны ресімдеу кезінде мыналар болуы қажет: