1) азаматтық қарудың бірлі-жарым даналары (екі бірліктен артық емес) мен оның патрондарын Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттеуге қорытынды беру туралы өтініш;
2) қару мен оның патрондарын әкелетін елдің және әкететін елдің уәкілетті органдары берген, қару мен оның патрондарын сатып алу құқығын растайтын, мөрмен және өтініш берушінің қолымен расталған өтініш берушінің атына берілген рұқсат құжаты. Егер әкелу елінің немесе әкету елінің заңнамасында қару мен оның патрондарын сатып алуға рұқсат құжаттарын беру көзделмеген жағдайда, қару мен оның патрондарын сатып алудың заңдылығын көрсететін құжаттың көшірмесі ұсынылады. Ұсынылған құжат көшірмелерінде қарудың типі, моделінің түрі, калибрі, сериясы мен нөмірі көрсетіледі;
3) кеден органының «транзит» кедендік режимін белгілеу туралы белгісі бар кеден декларациясының данасы;
4) жеке тұлғаның (өтініш берушінің) жеке басын растайтын құжат;
5) қаруды әкету елінің уәкілетті органы берген қару мен оның патрондарын әкетуге арналған рұқсаттың болуы туралы құжат;
6) қаруды әкелу елінің уәкілетті органы берген қару мен оның патрондарын әкелуге арналған рұқсаттың болуы туралы құжат;
7) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру шарты немесе сақтандыру полисі.
2), 3), 5), 6), 7) тармақшаларда көрсетілген құжаттар Қазақстан Республикасының мемлекеттік тіліндегі немесе орыс тіліндегі ресми аудармасымен қоса, сондай-ақ 7) тармақшада көрсетілген құжаттарды қоспағанда, нотариалды куәландырылған көшірмелері ұсынылады.
Үшінші тұлғалардың азаматтық қарудың бірлі-жарым даналары (екі бірліктен артық емес) мен оның патрондарын Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттеуі осы Ереженің 115-тармағына сәйкес жүзеге асырылады.
115. Заңды тұлғаларға азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттеуге қорытындыны ресімдеу кезінде:
1) азаматтық және қызметтік қаруды, олардың негізгі (құрама) бөлшектері мен патрондарын Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттеуге қорытынды беру туралы өтініш;
2) мөрмен және өтініш берушінің қолымен куәландырылған, сыртқы сауда мәмілесіне қатысушылар арасындағы иеліктен шығару құжаты;
3) мөрмен және өтінім берушінің қолымен куәландырылған, қаруды жасаушы елден экспорттауды жүзеге асыратын заңды тұлға мен қару жасаушы немесе қаруды сатып алушы елге импорттауды жүзеге асыратын заңды тұлға мен қаруды сатып алушы арасындағы шарт;
4) кеден органының «транзит» кеден режимін белгілеу туралы белгісі бар кеден декларациясының данасы;
5) қарудың түрлерін, типтерін, модельдерін, калибрлері мен нөмірлерін, сондай-ақ патрондардың типтері, калибрлері, дайындау партиялары мен саны туралы мәліметтер көрсетілген кеден органы растаған тасымалданатын қаруды нөмірлік есепке алу тізімі;
6) заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелгенін растайтын құжат;
7) экспорттаушы елдің уәкілетті органы берген өнімді әкетуге арналған рұқсаттың болуы туралы құжат;
8) өнім транзитіне байланысты өтініш беруші мемлекеттің заңнамасына сәйкес қызметті жүзеге асыру құқығын растайтын құжат;
9) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру шарты немесе сақтандыру полисі;
10) өтініш берушінің транзитпен тасымалданатын өнімнің жеке қорғалуын жүзеге асыруды қамтамасыз ететінін растайтын құжат және жеке қорғауды жүзеге асыратын заңды немесе жеке тұлғалардың күзет қызметін жүзеге асыру құқығын растайтын құжат;
11) оған қатысы жоқ себептер бойынша жүк қабылдаушыға жүкті беру мүмкін болмаған жағдайда, жүк жөнелтушінің осы жүктерді қайта қабылдауға келісімін растайтын құжат болуы қажет.
2), 3), 4), 5), 6), 7), 8) және 9) тармақшаларда көрсетілген құжаттар Қазақстан Республикасының мемлекеттік тіліндегі немесе орыс тіліндегі ресми аудармасымен, сондай-ақ 7) және 9) тармақшаларда көрсетілген құжаттарды қоспағанда, нотариалды куәландырылған көшірмелері ұсынылады.
116. Осы Ереженің 115-тармағында көрсетілген құжаттар консулдық заңдастыру туралы талаптарды сақтай отырып немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес апостиль қойылып ұсынылады.
117. Әкелінетін (әкетілетін) қару кеден пунктінде бір-бірлеп тексеріледі. Ол туралы деректер әкелінетін (әкетілетін) қару мен патрондарды есепке алу журналына енгізіледі және жинақталған мәліметтер ай сайын Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігіне ұсынылады.
Ескертпе. Әкелінетін (әкетілетін) патрондар туралы деректер журналға: жарақталған патрондар саны бойынша, ал оқ-дәрілер салмағы бойынша енгізіледі.
19. Шетелдiк құқық қорғау органдарының арнаулы қызметтерi мен әскерилендiрiлген ұйымдары қызметкерлерiнiң жауынгерлiк қол атыс қаруын Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және Қазақстан Республикасынан әкету тәртібі
ҚР Үкіметінің 2014.14.11. № 1198 Қаулысымен 118-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
118. Жауынгерлік және жедел қызметтік міндеттерді шешу үшін жауынгерлік қол атыс қаруы мен суық қарудың бірлі жарым даналарын Қазақстан Республикасынан әкетуді және Қазақстан Республикасының аумағына әкелуді Қазақстан Республикасының тиісті мемлекеттік органдары мен олардың бөлімшелерінің (бұдан әрі - Қарулы Күштер, басқа әскерлер мен әскери құралымдар, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдары, өртке қарсы қызмет органдарын қоспағанда) әскери қызметшілері және қызметкерлері қаруды алып жүру құқығын растайтын құжат пен әкетілетін (әкелінетін) қару жазылған іссапар куәлігінің негізінде жүзеге асырылады. Көрсетілген құжат іссапар куәлігінің көшірмесімен бірге Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пунктінде орналасқан кеден органына ұсынылады. Іссапар куәлігінің көшірмесін кеден органының қызметкері түпнұсқасымен салыстырғаннан кейін нөмірлік мөр басу арқылы куәландырады және ол әкетілетін (әкелінетін) қаруды кедендік ресімдеуді жүзеге асырған кеден органының ісінде қалады.
ҚР Үкіметінің 2013.14.11. № 1231 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2014.14.11. № 1198 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 119-тармақ жаңа редакцияда
119. Өртке қарсы қызмет органдарын қоспағанда, Қазақстан Республикасына шақыру бойынша немесе қызметтік тапсырмаларды орындауына байланысты келген шетелдік құқық қорғау органдары, арнаулы қызметтері мен әскерилендірілген ұйымдары қызметкерлерінің жауынгерлік қол атыс қаруын Қазақстан Республикасының аумағына әкелуі мен Қазақстан Республикасының аумағынан әкету, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиті тиісінше Қарулы Күштер, басқа әскерлер мен әскери құралымдар, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдары басшыларының жазбаша қорытындысы бойынша жүзеге асырылады.
ҚР Үкіметінің 2013.14.11. № 1231 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2014.14.11. № 1198 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 120-тармақ жаңа редакцияда
120. Жазбаша қорытындыда шетелдік құқық қорғау органдары, арнаулы қызметтері мен әскерилендірілген ұйымдары қызметкерлерінің тегі, аты, әкесінің аты, қарудың түрі (маркасы), нөмірі және калибрі, әкелінетін қарудың әрбір бірлігіне арналған оқ-дәрілердің саны көрсетіледі. Өртке қарсы қызмет органдарын қоспағанда, жазбаша қорытындыға тиісінше Қарулы Күштердің, басқа әскерлер мен әскери құралымдардың, арнаулы мемлекеттік органдардың басшысы немесе оның орнындағы адам қол қояды.
ҚР Үкіметінің 2013.14.11. № 1231 Қаулысымен 121-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
121. Жазбаша қорытынды және оның көшірмесін қабылдаушы тараптың өкілі Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пунктінде орналасқан кеден және шекара органына ұсынады және кеден және шекара органының қызметкері мөр басу арқылы куәландырады, жазбаша қорытындының көшірмесі әкелінетін қаруды ресімдеуді жүзеге асыратын кеден және шекара органының ісінде қалады.
Қаруды Қазақстан Республикасына әкелу кезінде кеден және шекара органы растаған жазбаша қорытындының түпнұсқасы қаруды әкету кезінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пунктінде орналасқан кеден және шекара органына ұсынылады және оның ісінде қалады.
Ескертпе: Еуразиялық экономикалық қоғамдастық шеңберінде Кеден одағына мүше мемлекеттермен мемлекеттік шекарада қару мен оның патрондарын әкелу және/немесе әкету жағдайында ресімдеу тек қана шекара органында жүргізіледі.
122. Қазақстан Республикасының аумағына әкелiнген қару Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қолданылады.
123. Қазақстан Республикасының аумағына әкелiнген қаруды сақтау, алып жүру және пайдалану тәртібін бақылауды Қазақстан Республикасының тиiстi мемлекеттік органдары мен олардың бөлiмшелерi жүзеге асырады.
20. ҚР Үкіметінің 2016.04.02. № 53 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
1-қосымша. ҚР Үкіметінің 05.04.02 ж. № 407 қаулысымен алып тасталды
ҚР Үкіметінің 11.11.03 ж. № 1127 қаулысымен 2-қосымша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); ҚР Үкіметінің 2007.29.12 № 1370 Қаулысымен 2 қосымша өзгертілді (бұр. ред. қара)
Қазақстан Республикасындағы
қару мен оның патрондары
айналымының ережесіне
2-қосымша
Қазақстан Республикасының аумағында инкассацияны жүзеге асыратын ұйымдардың қызметкерлерiн қаруландыру үшiн белгіленген қару мен оның патрондарының түрлерi, үлгiлерi, модельдерi, саны
Қару:
1. Ақшалай түсiмдердi инкасса. Әрбір инкассаторға 1
циялау мен құндылықтарды тапанша немесе револьвер
тасымалдауды жүзеге асыратын Инкассаторлар бригадасына
инкассация қызметiнiң қызмет. (3-5 адам) 1 винтовка
керлерi (инкассаторлар) немесе карабин немесе
жекелей атуға қайта
жасалған автомат немесе
инкассаторлар командасына
(10-15 адам) 6 винтовка
немесе карабин немесе
жекелей атуға қайта
жасалған автомат
2. Инкассация қызметiнің ақшалай Әрбір жүргiзушiге 1 тапан.
түсiмдердi инкассациялау мен ша немесе револьвер
құндылықтарды тасымалдауға
арналған арнайы автомобиль.
дерiнің жүргізушілерi
3. Қару резервi Әрбір 10 бірлік қаруға
1 бірлік
Оқ-дәрiлер:
P/c № | Қарудың атауы | Патрондардың саны (дана) |
инкассаторлар, инкассациялауға жарақталған арнайы авто. мобильдердің жүргiзушiлерi | қару бірлігінің азаймайтын қоры | жылдық шығын: |
бір адамға практика. лық атыс. тар үшін | қару бірлігіне атылыс тексеруі үшін |
1 2 3 4 | Жекелей атуға қайта жасалған автомат Винтовка, карабин Тапанша Револьвер | 30 (1 оқжатарда) 15 (оқтізерлерде) 16 (2 оқжатарда) 14 (қорапта) | 60 30 32 28 | 120 120 96 72 | 8 8 8 8 |
Ескерту. Қарудың атылысын тексеруге арналған оқ-дәрiлердi басқа мақсаттарға жұмсауға тыйым салынады.
3-қосымша. ҚР Үкіметінің 2011.01.07. № 751 Қаулысымен алып тасталды (2012 жылғы 22 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
ҚР Үкіметінің 05.04.02 ж. № 407 қаулысымен 4-қосымша жаңа редакцияда; ҚР Үкіметінің 11.11.03 ж. № 1127 қаулысымен (бұр. ред. қара); 2007.29.12 № 1370 Қаулысымен (бұр. ред. қара) 4-қосымша өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2011.01.07. № 751 Қаулысымен (2012 жылғы 22 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.14.11. № 1198 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 4-қосымша жаңа редакцияда
Қазақстан Республикасындағы
қару мен оның патрондары
айналымының ережесіне
4-қосымша
Жеке күзет ұйымдарының күзетшілері пайдаланатын
қызметтік қарудың және оларға патрондардың түрлері,
үлгілері, модельдері және саны
1. Жеке күзет ұйымдарының күзетшілері бір бекетке 2 бірлік қарудан аспайтын есеппен қаруланады.
2. Сыртқы бекеттегі күзетші, сондай-ақ жылдам қимылдайтын ұтқыр топтың құрамындағы күзетші (жүргізуші-күзетшіні қоспағанда) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган қолдануға рұқсат берген жарақат салатын патрондармен ату мүмкіндігі бар азаматтық ұңғысыз атыс қаруымен, газды қарумен немесе электр қаруымен немесе ұзын тегіс ұңғылы қарумен қарулана алады.
3. Ауысым тобының аға күзетшісі, жылдам қимылдайтын ұтқыр топтың аға күзетшісі, ішкі бекеттегі күзетші, жылдам қимылдайтын ұтқыр топтың құрамындағы жүргізуші-күзетші, сондай-ақ жеке тұлғалардың өмірі мен денсаулығын күзетуді жүзеге асыратын күзетші денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган қолдануға рұқсат берген жарақат салатын патрондармен ату мүмкіндігі бар азаматтық ұңғысыз атыс қаруымен, газды қарумен немесе электр қаруымен немесе ұзын тегіс ұңғылы қарумен қарулана алады.
4. Күзеттің барлық түрі үшін қару резерві - қаруланудағы әр 10 бірлікке 1 бірлік қару.
5. Объектіні күзетуге түсетін күзетшілерге:
1) тегіс қысқа ұңғылы қарудың, жарақат салатын патрондары бар азаматтық ұңғысыз атыс қаруының, газды қарудың әр бірлігіне 16 патронға (2 оқжатарға, барабанға) дейін;
2) тегіс ұзын ұңғылы қарудың әр бірлігіне 10 патроннан беріледі;
3) оқу атыстарын өткізу үшін 1 күзетшіге жылына кемінде 12 патрон беріледі.
Тегіс ұңғылы қаруға арналған патрондар № 7 немесе № 8 оқ-дәрімен оқталады, сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның нормаларына сәйкес келетін жарақат салатын патрондар қолданылуы мүмкін.
Бағалы металдар мен алмасты, көмірсутек шикізатын өндіруді, сақтауды, тасымалдауды, қайта өңдеуді қамтамасыз ететін объектілерді, банктерді, электр станцияларын, жылу-электр орталықтарын және электр беру желілерін, жарылғыш, улы және есірткі заттары, радиоактивті материалдар қоймаларын (сақтау орындарын), мемлекеттік материалдық резервтер қоймаларын (сақтау орындарын), сондай-ақ бағалы және қауіпті жүктерді тасымалдау кезінде теміржол және әуе көлігін күзету кезінде тегіс ұңғылы қаруға арналған патрондарды № 0; 1 оқ-дәрімен немесе оқпен оқтауға рұқсат етіледі.
Патрондардың азаймайтын қоры:
1) тегіс қысқа ұңғылы, жарақат салатын патрондары бар азаматтық ұңғысыз атыс қаруының, газды қарудың бір бірлігіне - 16 патрон;
2) тегіс ұзын ұңғылы атыс қаруының бір бірлігіне - 10 патрон.
ҚР Үкіметінің 12.12.00 ж. № 1830 қаулысымен 4-1-қосымшамен толықтырылды (құпия); ҚР Үкіметінің 11.11.03 ж. № 1127 қаулысымен 4-1-қосымша жаңа редакцияда (құпия)
4-1-қосымша. ҚР Үкіметінің 2011.01.07. № 751 Қаулысымен алып тасталды (2012 жылғы 22 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
ҚР Үкіметінің 26.09.01 ж. № 1240 қаулысымен 4-2-қосымшамен толықтырылды (құпия); ҚР Үкіметінің 11.11.03 ж. № 1127 қаулысымен 4-2-қосымша өзгертілді (құпия); ҚР Үкіметінің 2009.16.11. № 1856 Қаулысымен (құпия)
4-2-қосымша. ҚР Үкіметінің 2011.01.07. № 751 Қаулысымен алып тасталды (2012 жылғы 22 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасындағы
қару мен оның патрондары
айналымының ережесіне
5-қосымша
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің кадрларына енетін,
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік құпияларды сақтау жөніндегі
агенттігінің жанындағы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік фельдъегерлік
қызметінің жеке құрамының қарулануы үшін белгіленген қару мен оның
патрондарының түрлері, үлгілері, модельдері және саны
─────────────┬─────────┬────────────────────┬─────────────────────────────-
Қарудың түрі │ Калибрі │ Басшылық құрамының │ Мемлекеттік фельдъегерлік
мен атауы │ │ санына қару бірлі. │ қызмет бөлімшелеріне тиесілі
│ │ гінің саны │
─────────────┼─────────┼────────────────────┼─────────────────────────────-
1 │ 2 │ 3 │ 4
─────────────┴─────────┴────────────────────┴─────────────────────────────-
ҰРЫСҚА АРНАЛҒАН
«Макаров» 9,00 мм 1 адамға 1 дана Қазақстан Республикасының
тапаншасы Мемлекеттік фельдъегерлік
қызметі және оның арнайы
тапсырмалар орындауға
арналған бөлімшелері.
Автомат Қазақстан Республикасының
(КА, ЖМКА) 7,62 мм Мемлекеттік фельдъегерлік
(САТ) 9,00 мм 15 адамға 1 дана қызметі.
Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік фельдъегерлік
қызметінің бөлімдері мен
1 бөлімшеге 1 дана бөлімшелері.
ОҚУ Қазақстан Республикасының
«Макаров» Мемлекеттік фельдъегерлік
тапаншасы 9,00 мм 100 адамға 1 дана қызметі.
Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік фельдъегерлік
қызметінің бөлімдері мен
1 бөлімшеге 1 дана бөлімшелері.
Автомат Қазақстан Республикасының
(КА, ЖМКА) 7,62 мм Мемлекеттік фельдъегерлік
100 адамға 1 дана қызметі.
Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік фельдъегерлік
қызметінің бөлімдері мен
1 бөлімшеге 1 дана бөлімшелері.
СПОРТТЫҚ ШАҒЫН КАЛИБРЛІ
«Марголина» 5,6 мм 50 адамға 1 дана Қазақстан Республикасының
өздігінен Мемлекеттік фельдъегерлік
зарядталатын, қызметі.
спорттық
тапаншасы
Нысаналы шағын 5,6 мм 100 адамға 1 дана Қазақстан Республикасының
калибрлі Мемлекеттік фельдъегерлік
спорттық қызметі.
винтовка Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік фельдъегерлік
қызметінің бөлімдері мен
1 бөлімшеге 1 дана бөлімшелері.
ОҚ-ДӘРІЛЕРДІҢ НОРМАЛАРЫ
| Калибрі | Қару бірлігінің азаймайтын қоры (дана) | Жылдық норма (дана) |
1 адамға | 1 ұңғыға |
Қару. дағы | Қару қойма. сындағы | оқу прак. тикасына | ату-спорт іс-шара. ларына | атып сынауға |
«Макаров» 9,00 мм 16 8 60 - 4 тапаншасы «Стечкиннің» 9,00 мм 20 180 20 - 10 автомат- тапаншасы «Калашников» 7,62 мм 120 180 20 - 10 автоматы «Марголина» 5,6 мм - - 10 60 - өздігінен зарядталатын спорттық тапаншасы Нысаналы 5,6 мм - - 10 60 - шағын-калибрлі спорттық винтовка |
| | | | | | |
Ескерту. Ату-спорт іс-шараларын өткізуге арналған оқ-дәрілердің жалпы саны фельдъегерлік қызмет бөлімшелерінің басшы құрамы штаттық санының 20% ғана жылдық есептен бөлінеді.
ҚР Үкіметінің 05.03.03 ж. № 224 қаулысымен; 11.11.03 ж. № 1127 қаулысымен (бұр. ред. қара); 2011.01.07. № 751 Қаулысымен (2012 жылғы 22 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 6-қосымша жаңа редакцияда
Қазақстан Республикасындағы
қару мен оның патрондары
айналымының ережесіне
6-қосымша
«Қазпошта» АҚ - Ұлттық пошта операторының қызметкерлерін қаруландыру үшін белгіленген қару мен оның патрондарының түрлері, үлгілері, модельдері, саны