24. «Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызметі туралы» 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес лауазымдары саяси мемлекеттiк қызметшiлерге жатқызылған мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарының, Қазақстан Республикасының Парламентi депутаттарының жеке қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мақсатында пайдалануына арналған қызметтік қаруды Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі беретін рұқсаттар бойынша мынадай тәртіппен:
депутаттарға - Қазақстан Республикасының Парламентi;
мемлекеттік қызмет туралы заңнамаға сәйкес лауазымдары саяси мемлекеттік қызметшiлерге жатқызылған мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарына - Қазақстан Республикасы Президентінiң Іс Басқармасы, Премьер-Министрiнің Кеңсесі сатып алады.
Қызметтiк қаруды (қысқа ұңғылы ойықты атыс қаруын) сақтау мен алып жүруге мынадай құжаттардың:
өтiнiш;
кадрларды есепке алу жөніндегі жеке парақ (сауалнама);
денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілеген қару ұстауға қарсылық жоқ екені туралы медициналық қорытынды;
қаруды қауiпсiз ұстаудың ережелерiн бiлетiндiгiн тексеру туралы анықтамалар;
3х4 см екi фотосурет;
түрi, үлгісі, моделі, жүйесi, калибрі, нөмiрi көрсетiле отырып, қарудың бекітілiп берiлгенi туралы бұйрықтың көшiрмесi негiзiнде берiледi.
Қазақстан Республикасы Парламентiнiң депутаттарына және «Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес лауазымдары саяси мемлекеттік қызметшiлерге жатқызылған мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарына қызметтiк қаруды (қысқы ұңғылы ойықты атыс қаруы) сақтау мен алып жүруге рұқсатты Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрi, оның орынбасарлары бередi.
Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес лауазымдары саяси мемлекеттік қызметшілерге жатқызылған облыстардың, астананың және республикалық маңызы бар қаланың мемлекеттік органдарының лауазымды адамдарына қызметтік қаруды (қысқы ұңғылы ойықты атыс қаруы) сақтау мен алып жүруге рұқсатты ІІД бастықтары береді.
Мемлекеттік қызмет туралы заңнамаға сәйкес лауазымдары саяси мемлекеттік қызметшiлерге жатқызылған мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарының - Қазақстан Республикасы Парламентi депутаттарының, прокурорлардың жеке қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мақсатында пайдалануға арналған қызметтiк қару осы Ережелердiң 7-9 тармақтарында жазылған талаптарға сәйкес сақталады.
Ескерту. Қызметтік қаруды (бір бірліктен артық емес) сақтау мен алып жүруге рұқсат бес жыл мерзiмге берiледі.
Қару мен оның патрондарын алып қою Қазақстан Республикасының «Жекелеген қару түрлерiнiң айналымын мемлекеттік бақылау туралы» Заңының 20-бабына сәйкес жүргiзiледi.
8. Қызметтiк қару мен оның патрондарын тасымалдаудың тәртібі
25. Қаруды, аңшылық оқ-дәрiнi, жабдықталған патрондарды автомобиль көлiгiмен тасымалдау кезiнде ұйым басшысы тасымалдауға жауапты адамды тағайындайды және жол бойында тиiстi қарулы күзетпен қамтамасыз етедi.
ҚР Үкіметінің 2011.07.11. № 1301 Қаулысымен 25-1-тармақпен толықтырылды
25-1. Осы Ережеге 13-қосымшаға сәйкес қару мен оның патрондарын тасымалдауға рұқсатты ішкі істер органы 15 күн мерзімге береді және ол Қазақстан Республикасының барлық аумағында қолданылады.
ҚР Үкіметінің 2014.14.11. № 1198 Қаулысымен 26-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
26. Аңшылық оқ-дәріні, жарақталған патрондарды Қазақстан Республикасының аумағы арқылы автомобиль көлігімен тасымалдау Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 12 наурыздағы № 316 қаулысымен бекітілген Автомобиль көлігімен қауіпті жүктерді тасымалдау қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
Тасымалданатын қару мен патрондар қорапқа орап салынады, оған жүк тасымалдаушы ұйым мөр басады немесе пломбалайды.
Оқ-дәріні тасымалдаған кезде жүру бағыты жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органмен келісіледі.
27. Қол жүгi ретiнде теміржол және су жолдары арқылы тасымалданатын патрондардың, оқ-дәрiнiң саны мынадай:
барлық калибрлi атыс қаруының патрондары - 10 кг;
түтiнсiз оқ-дәрi - 10 кг;
түтiндi оқ-дәрi бұйымдары - 5 кг;
түтiндi оқ-дәрi - 5 кг салмақтан аспауы керек.
Ескерту. Қол жүгi ретiнде тасымалдауға берiлген рұқсатта тек қана жүктiң таза салмағы көрсетiледi (металл гильзалар, жәшiктер және т.б. жүктің салмағына кiрмейдi).
ҚР Үкіметінің 2014.14.11. № 1198 Қаулысымен 28-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
28. Қаруды (оның негізгі (құрамдас) бөлшектерін) және оның патрондарын пошта арқылы, оның ішінде халықаралық пошта арқылы жөнелтуге жол берілмейді.
ҚР Үкіметінің 2014.14.11. № 1198 Қаулысымен 29-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
29. Қызметтік қаруды, патрондарды, оқ-дәріні түрлі көліктермен тасымалдау көліктің осы түрі үшін белгіленген қағидаларға сәйкес жүргізіледі. Қару оқсыз, қапталған түрде, ал патрондар қорапқа орап салынып тасымалданады.
30. Жүкке ерiп жүретін қызметкерлер белгiленген пунктке барған және жүк күзетумен байланысты жұмыс аяқталған кезде қызметтiк қаруды уақытша сақтау үшiн жүктi қабылдап алған ұйымның қару бөлмесiне немесе жергiлiктi iшкi iстер органына тапсырады.
Жауынгерлiк қол атыс қаруы мен оның патрондарын, сондай-ақ суық қаруды тасымалдау тәртібі заңнамада белгiленедi.
9. Спорттық қаруды сатып алудың, сақтаудың және тасымалдаудың тәртібі
ҚР Үкіметінің 2007.29.12 № 1370 Қаулысымен (бұр. ред. қара); 2016.29.12. № 909 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 31-тармақ жаңа редакцияда
31. Спорттық атыс қаруын (үрлемелі қуаты 3 Дж бастап 7,5 Дж дейінгі және калибрі 4,5 мм аспайтын пневматикалық қарудан басқа) және оның патрондарын сатып алуды спорттық ұйымдар ішкі істер органдары беретін рұқсаттар бойынша осы Ережеге 9-қосымшада көрсетілген түрлеріне, типтеріне, модельдеріне және санына сәйкес жүзеге асырады.
Лақтырылатын қаруды (арқанының керілу күші 14 кг жоғары садақтар мен арбалеттерді) спорттық ұйымдар ішкі істер органдары беретін рұқсаттар бойынша сатып алады.
Спорттық атыс және лақтырылатын қаруды сатып алу, сақтау және тасымалдау осы Ереженің 4, 5, 6, 8, 9-тармақтарында, 8 және 9-бөлімдерінде белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
32. Спорттық ұйымдардың қару мен патрондарды тасымалдауға жауапты лауазымды адамдары жарыстарды немесе оқу-жаттығу жиындарын өткізу пунктiне келгеннен кейiн, өздерi әкелген қаруды және оның патрондарын тасымалдау құқығын беретiн рұқсатпен бірге жарыстар немесе жиындар өтетiн жердегi арнайы жабдықталған үй-жайға уақытша сақтауға дереу тапсыруға мiндеттi.
Қару мен патрондарды спорт делегациялары (командалары) орналасқан қонақ үйлерiнде, жатақханаларда, спорт лагерьлерiнде және басқа демалыс орындарында сақтауға тыйым салынады.
Жиындар (жарыстар) өту кезінде қарудың сақталуына жауапты адамдар қаруды күнделiктi күзетке тапсыру алдында қару мен оның патрондарын беру және қабылдау журналына сәйкес барлық атыс қаруы бірліктерінiң болуын тексеруге мiндеттi.
ҚР Үкіметінің 2007.29.12 № 1370 Қаулысымен 32-1-тармақпен толықтырылды; ҚР Үкіметінің 2014.14.11. № 1198 Қаулысымен 32-1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
32-1. Спорттық мақсаттар үшін лақтырылатын қаруды (кермесінің тартылу күші 14 кг жоғары садақтар мен арбалеттерді) сатып алуға, сақтауға, сақтау мен алып жүруге Қазақстан Республикасының 16 жасқа толған азаматтарының да құқығы бар.
Сатып алынған лақтырылатын қару (садақтар мен арбалеттер) сатып алынған күннен бастап бір апта мерзімде тұрғылықты жері бойынша ішкі істер органдарында тіркелуі тиіс.
Лақтырылатын қаруды (садақтар мен арбалеттерді) сатып алу, алып жүру және сақтау, тасымалдау осы Ереженің 79-101-тармақтарына сәйкес жүзеге асырылады.
Лақтырылатын қаруды пайдалануға тек тиісті спорттық объектілерде ғана рұқсат етіледі.
10. ҚР Үкіметінің 2007.13.08. № 692 қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
11. ҚР Үкіметінің 2007.13.08. № 692 қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
12. ҚР Үкіметінің 2007.13.08. № 692 қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
13. Азаматтық, қызметтiк қару мен оның патрондарын коллекциялау мен экспонаттаудың тәртібі
47. Коллекциялық атыс қаруы қару-жарақ шеберханаларында мынадай:
жазулары мен таңбаларына зақым келтiрiлмей қарудың қазыналық бөлiгiнде диаметрi кемiнде 5 мм саңылау бұрғылау;
шаппасын алып тастау немесе кесу жолымен атуға жарамсыз күйге келтiрiлуi тиiс.
Атыс қаруының патрондары мұражайларда тек қана оқталмаған (оқ-дәрiсiз) күйде экспонатталады.
48. Бұрынғы ұрыс орындарынан табылған, азаматтардың сыйға тартқан, iшкi iстер органдарында тiркелмеген қаруды экспонаттау үшін пайдалануға тыйым салынады.
49. Коллекциялық қару иесiнiң қаруды тек қана коллекциялауға ішкi iстер органының лицензиясы бар адамның меншiгiне тапсыруға құқығы бар.
50. Коллекциялық қару ұрланған немесе жоғалған жағдайда иесi коллекциялауға лицензия берген аумақтық iшкi істер органына дереу мәлiмдеуге мiндеттi.
ҚР Үкіметінің 2013.14.11. № 1231 Қаулысымен 51-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
51. Экспонаттауға лицензиясы бар заңды және жеке тұлғалар көрме, сауда көрмесi немесе аукцион ұйымдастырылған кезде:
1) үй-жайды жалға алу, қару мен патрондарды экспонаттау тәртібі, олардың сақталуын қамтамасыз ету туралы шарт жасауға;
2) шетелдік қатысушылар үшін оларға тиесілі қаруды Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасынан әкетуге Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің қорытындысын, сондай-ақ оны тасымалдауға рұқсат алуға;
3) көрме немесе аукцион өтетiн жердегi iшкi iстер органына, олармен келiсу үшiн, экспонаттау жоспарлары мен экспозицияларды орналастыру сызбасын ұсынуға, сондай-ақ көрме немесе аукцион өткізу кезеңiне осы Ережемен бекітілген тәртiпте қару мен оның патрондарын сақтау үшiн рұқсат алуға;
4) экспонатталушы қару мен патрондар орналастырылған және сақталатын жерлерге бөтен адамдардың рұқсатсыз енуiне жол бермеуге;
5) қару мен патрондарды ашық сөрелер мен стендiлерде орналастырған жағдайда көрме немесе аукцион жұмысы аяқталғаннан кейiн күн сайын қару мен патрондардың сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі талаптарға сәйкес қару мен патрондарды жабдықталған үй-жайларға сақтау үшiн тапсыруға мiндеттi.
Жауынгерлiк қол атыс қаруы мен патрондарын коллекциялаудың және экспонаттаудың лицензиялары заңнамамен белгiленген тәртiпте берiледi.
14. Жөндеу шеберханасындағы азаматтық және қызметтiк қаруды есепке алудың тәртібі
ҚР Үкіметінің 2008.18.11. № 1068 Қаулысымен 52-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
52. Қару жөндеу шеберханасын ашуға лицензия беруге жауапты адам және шеберханада жұмыс істейтін адамдар туралы (тегi, аты, әкесiнің аты, туған күнi мен жерi, тұрғылықты мекен-жайы) мәлiметтер көрсетiлген шеберхананы ашушы ұйым басшысының өтiнiшi негiз болып табылады. Өтiнішке комиссияның үй-жайды қабылдап алу туралы актісі қоса тiркеледi.
Yй-жайдың қару жөндеу шеберханасы ретiнде жұмыс iстеуге жарамдылығын құрамында iшкi iстер органдарының, мемлекеттік өртке қарсы қызмет, санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органдарының және шеберхананы ашушы ұйымның өкiлдерi бар комиссия анықтайды.
53. Осы Ереженiң 7-8-тармақтарында жазылған талаптарға жауап беретiн арнайы жабдықталған үй-жайлар болған кезде қаруды қару жөндеу шеберханасында сақтауға жол берiледi.
54. Қаруды (оның ішінде аңшылық қаруларды) жөндеуге:
1) ішкі істер органының қаруды сақтауға, сақтау мен алып жүруге рұқсаты және жеке басын куәландыратын құжаттары болғанда - азаматтардан;
2) қарудың сақталуына жауапты адамда қаруды сақтауға ішкі істер органының рұқсаты, ұйым басшысының ілеспе хаты, сенімхат және жеке басын куәландыратын құжаты болғанда - ұйымдардан қабылдау жүргізіледі.
Ескерту. Тіркелмеген қару жөндеуге тапсырылған жағдайда шеберхана әкiмшiлігі осы қаруды тапсырған адам туралы iшкi iстер органына дереу хабарлайды.
55. Қару шеберханасында жөндеуден өткеннен кейiн қару:
1) шеберхананың түбіршегi, қаруды сақтауға немесе сақтау мен жүруге iшкi iстер органының рұқсаты және жеке басын куәландыратын құжаты болғанда - азаматтарға;
2) шеберхананың түбіршегi, қаруды сақтауға iшкi iстер органының рұқсаты, сенiмхат және жеке басын куәландыратын құжаты болғанда - ұйым өкiлдерiне берiледi.
Ескерту. Ойық ұңғылы қарудың iз қалдыратын бөлiктерi жөндеуден өткен жағдайда тексеру атысын жүргiзу үшiн міндеттi түрде iшкі істер органдарын хабардар ету қажет.
56. Жөндеуге қару тапсырған қару иесiнiң немесе ұйым өкiлiнің тапсырысты орындау түбіршегiнде көрсетiлген мерзiм еткеннен кейін отыз күн iшiнде келмеген жағдайда қару тиiстi тексерулердi жүзеге асыру үшiн аумақтық iшкi iстер органына тапсырылады.
57. Жөндеуге келiп түсетiн қаруды есепке алу үшiн қару жөндеу шеберханасында нөмiрленген, бау өткiзiлген және шеберхананың жұмыс iстеуiне рұқсат берген iшкi iстер органының «Лицензиялық-рұқсат ету жүйесi» деген белгiсi бар арнайы мөрi басылған есепке алу кiтабы жүргiзiледi.
ҚР Үкіметінің 2007.29.12 № 1370 Қаулысымен 58-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
58. Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын, суық қаруды, сондай-ақ газды қару мен оның патрондарын жасауға лицензиясы бар заңды тұлғалар мыналарды жүзеге асырады:
а) қарудың немесе патрондардың жаңа үлгiлерi мен модельдерiн жасаумен байланысты зерттеудi;
б) тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстар жүргiзу процесiнде қарудың немесе патрондардың жаңа үлгiлерi мен модельдерiнiң тәжiрибелік үлгiлерiн әзiрлеудi, сондай-ақ қаруды немесе патрондарды өндіруге ғылыми-техникалық құжаттар әзiрлеудi және сараптауды;
в) қарудың немесе патрондардың техникалық сипаттамаларын (қасиеттерін) анықтау үшiн, қызметтiң шекті мерзiмдерi мен пайдалану қауіпсіздігін белгiлеу үшiн оларды сынақтан өткізудi;
г) қару немесе патрондар жасап шығаруды, оның iшiнде қаруды құрастыруды және атыс қаруының негiзгi бөлiктерiн немесе патрондардың құрамдас бөлiктерiн (гильзаларды, капсюльдердi, оқ-дәрiнi, оқтарды, бытыралар мен картечтердi) жасауды, патрондарды құрастыру мен жарақтауды;
д) қарудың негiзгi бөлiктерiне конструкциясы жағынан өзгерістер енгізусiз және оның техникалық сипаттамаларын сақтай отырып, қаруды көркемдеп әрлеудi жүзеге асырады. Қаруды көркемдеп әрлеу кезінде қымбат металдар, қымбат және жартылай қымбат тастар, сондай-ақ қарудың нақты моделiн дайындауға қажеттi материалдар мен технологиялар қолданылуы мүмкiн;
е) қару жөндеудi, оның iшінде детальдарының ақауларын жою немесе оларды айырбастау арқылы оны жұмыс iстеу күйiне келтiрудi, сондай-ақ қарудың сыртқы түрi мен көркемдеп әрлеу элементтерiн қайта қалпына келтiрудi жүзеге асырады. Қарудың iз қалдыратын бөлiктерi жөнделген жағдайда тексеру атысын жүргiзу үшiн iшкi iстер органдарына хабарлау қажет.
Заңды тұлғалар қару мен патрондар өндiруге бақылау жасауды жүзеге асыруға, жұмыс өндірiсiмен байланысты қауiпсiздiктi, шығарылатын өнiмнiң тиiстi сапасын, оның есебi мен сақталуын қамтамасыз етуге мiндеттi.
59. Қару мен оның патрондарын өндiруге лицензиясы бар заңды тұлғаларға:
а) лицензияда көзделмеген қарудың немесе патрондардың түрлерi мен үлгiлерiн өндiрудi жүзеге асыруға;
б) импорттаушы елдердiң талаптарына жауап беретiн техникалық шарттарға сәйкес тек экспорттау үшiн ғана өндiрiлетiн қаруға немесе патрондарға Қазақстан Республикасының аумағында айналымда болатын осындай қарудың немесе патрондардың таңбалануын беруге тыйым салынады.
Жауынгерлiк қол атыс қаруы мен оның патрондарын өндiру лицензиясы заңнамада белгiленген тәртiппен берiледi.
ҚР Үкіметінің 2014.17.04. № 363 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2014.14.11. № 1198 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 15-бөлімнің тақырыбы жаңа редакцияда
15. Дүкендердегі азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын сатып алу,
сақтау, есепке алу, тасымалдау және сату тәртібі
ҚР Үкіметінің 2014.14.11. № 1198 Қаулысымен 59-1-тармақпен толықтырылды; ҚР Үкіметінің 2016.29.12. № 909 Қаулысымен 59-1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
59-1. Азаматтық және қызметтік қару саудасына лицензиясы бар заңды тұлғалар азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын оларды сатып алуға арналған рұқсаттар бойынша сатып алады.
Сатып алынған азаматтық және қызметтік қару сатып алынған күнінен бастап жеті күн мерзімде аумақтық ішкі істер органында рұқсат телнұсқасының түпнұсқасын немесе рұқсат телнұсқасына қосымшаны беру арқылы тіркеледі.
ҚР Үкіметінің 2007.29.12 № 1370 Қаулысымен 60-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара); ҚР Үкіметінің 2014.17.04. № 363 Қаулысымен 60-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
60. Азаматтық және қызметтік қару саудасына лицензиясы бар заңды тұлғалар қару мен оның патрондарын мынадай талаптарға сай келетін, арнайы жабдықталған қоймада (қару-жарақ бөлмесінде) сақтайды:
1) басқа қосалқы, қызметтік үй-жайлардан оқшауланған болуы, қабырғалары қалың, төбе жабыны мен едені темірбетонды болуы тиіс;
арнайы жабдықталған қойманың күзетілетін аймағының периметрі болып табылатын қалың емес қабырғалар, темірбетонды емес төбе жабулар мен еден диаметрі кемінде 15 мм жұмыр болат шыбықтан немесе жиегі кемінде 14 мм төртбұрышты болат шыбықтан орындалған металл тормен қапталады. Шыбықтар 150x150 мм аспайтын тор көз құрып, олардың әрбір қиылысқан жері дәнекерленеді;
2) екі есігі, бұл ретте сыртқысы - қалыңдығы кемінде 3 мм болат табақтан, ішкісі - торланған болаттан немесе болат рол-ставнядан орындалған болуы тиіс;
сыртқы есік ішкі құлыппен, ішкі торлы есік немесе рол-ставня ішкі немесе аспалы құлыппен жабылады;
арнайы жабдықталған қойма есігі ойығының (есіктің қорабы) диаметрі 10-12 мм арматуралы болаттан жасалған кемінде он шегемен және қабырғаға кемінде 80 мм тереңдікке қағылған болат профильден орындалады;
3) қару мен патрондар стеллаждарда, пирамидаларда немесе металл жәшіктерде (шкафтарда) сақталады;
4) желдеткіш терезелер, люктер болған жағдайда, оларға бұл жүйелер арқылы өту мүмкіндігін болдырмайтын көлемі 150x150 мм аспайтын тор көздері бар болат тор орнатылады. Инженерлік желілерді тартуға арналған қабырғалардағы тесіктердің диаметрі 200 мм аспайды;
5) терезелер болған жағдайда, оларға болат торлар, сондай-ақ металл қақпақтар немесе рол-ставнялар орнатылады. Торлардың, қақпақтардың және рол-ставнялардың жиектері диаметрі 10-12 мм болат арматурадан жасалған істікпен қабырғаға кемінде 80 мм тереңдікке қағылады. Шалқасынан ашылатын терезе қақпақтары берік аспалы немесе ішкі құлыптарға жабылады. Есік, терезе ойықтарына орнатылатын торлар диаметрі кемінде 15 мм жұмыр болат шыбықтан немесе қалыңдығы кемінде 14 мм шаршы болат шыбықтан, ал қақпақтар қалыңдығы кемінде 3 мм болат табақтан жасалады. Шыбықтар 150x150 мм аспайтын тор көз құрып, олардың әрбір қиылысқан жері дәнекерленеді;
6) өртке қарсы құралдар болуы керек;
7) қару мен оның патрондары бар арнайы жабдықталған қойманың және металл жәшіктер (шкафтар) кілттерінің екі жиынтығының болуы;
кілттердің бір жиынтығы қару мен оның патрондарын сақтауға жауапты адамда, екіншісі — ұйым басшысында ұдайы болады;
қару мен оның патрондары бар арнайы жабдықталған қойманың және металл жәшіктердің (шкафтардың) кілттерін үстелдерде және бөгде адамдардың қолы жететін өзге де жерлерде қалдыруға тыйым салынады;
8) электр қуатымен қамтамасыз ету қалқанына жасырын сым тарту арқылы орындалған екі және одан көп күзет-өрт дабылы құралдарымен жабдықталады, терезелерді, есіктерді, люктерді ашқанда, шыныларды жарғанда немесе қабырғаларды, төбелерді, едендерді, жәшіктерді (шкафтарды) бұзғанда және адам болғанда іске қосылатын датчиктер орнатылады. Күзет дабылы құралдарының шлейфтерін үй-жай ішінде ғана жүргізуге рұқсат етіледі;
жұмыстан тыс уақытта арнайы жабдықталған қойма ішкі істер органдарының кезекші бөлімдеріне шығарылатын жұмыс орындары бар оператор-фирмалардың орталықтандырылған бақылау пультіне сигнализация қосылып, күзетуге тапсырылады;
9) жалпы алаңы кемінде 10 м2 арнайы жабдықталған қойма сөрелерінде мыналарды:
150 кг аспайтын түтінсіз оқ-дәріні;
тегіс ұңғылы қарудың 200 000 дана патронын;
ойық ұзын ұңғылы қарудың ортадан соққылайтын 300 000 дана патронын;
ойық ұзын ұңғылы қарудың бүйірден соққылайтын 500 000 дана патронын;
қысқа ұңғылы ойық қарудың 50 000 дана патронын;
газды, травматикалық патронмен ату мүмкіндігі бар газды, ұңғысыз травматикалық қарудың 150 000 дана патронын;
жарық-дыбыстық әсері бар 10 000 дана патронды сақтауға рұқсат етіледі;
жекелеген жағдайларда, арнайы жабдықталған қойма алаңының, сондай-ақ азаматтық және қызметтік қару санының өзгеруіне байланысты оқ-дәрі мен патрондардың көрсетілген шекті саны ішкі істер органдарымен келісім бойынша азайтылады немесе көбейтіледі;
келісу хат жыл сайын еркін нысандағы жеке құжатпен ресімделеді, онда қару-жарақ бөлмесінің алаңы және ондағы нақты болған қарудың, қосалқы бөлшектерінің, түрлері мен калибрлері бойынша патрондарының нақты саны көрсетіледі және сақталатын түрлері мен калибрлері бойынша патрондарды азайту немесе көбейту мүмкіндігі туралы тұжырым жасалады.
ҚР Үкіметінің 2014.17.04. № 363 Қаулысымен 61-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2016.29.12. № 909 Қаулысымен 61-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
61. Қару мен патрондар сатылатын сауда залы мынадай талаптарға сәйкес жабдықталады:
1) мыналарды:
бейнетіркегішті (кемінде 2 арна);
кемінде 7 тәулік мерзімге дейін бейнеақпаратты сақтауға мүмкіндік беретін тиісті компьютерлік жабдықты;
дәлдік қабілеті фото-бейне сурет бойынша адамды сәйкестендіруге мүмкіндік беретін («күн-түн» үлгісіндегі) бейнебақылау камераларын қамтитын тәулік бойғы бейнебақылау жүйелерінің болуы;
2) орталықтандырылған бақылау пультіне жасырын сигнал беруге мүмкіндік беретін ұтқыр не стационарлық дабыл беру («Дабыл кнопкалары») құралдарының болуы;
3) сауда залында көруге қойылатын, сатып алуға рұқсаттар талап етілетін қару бекітпеде орналастырылады, ол сауда залына келушілердің бақылаусыз иеленуінен қорғалады («тростық» немесе ұқсас бекітпе не сөрелерде қорғау шыныларын, пленкаларды орнату);
4) атыс қаруының патрондары сөрелерге оқ-дәрі зарядынсыз қойылады және шынының астында тұрады;
5) сөрелерде тұрған қару жылдам атуды болдырмайтын күйге келтіріледі;
6) жасақталған патрондарды, капсюльдер мен оқ-дәріні сақтау үшін сөрелердің артына кемінде екі шкаф орнатылады. Оқ-дәріні капсюльдермен немесе жасақталған патрондармен бірге бір шкафта сақтауға тыйым салынады.
Оқ-дәрі сатып алушыға тапсыру үшін ғана сөрелерге капсюльдермен бірге қойылуы мүмкін;
7) терезе ойықтарындағы қақпақтарды қоспағанда, осы Ереженің 60-тармағының 4), 5) және 6) тармақшаларында көзделген талаптарға сәйкес болуы;
8) жасақталған патрондарды, капсюльдер мен оқ-дәріні сақтауға арналған сауда залы мен шкафтар кілттерінің екі жиынтығының болуы;
кілттердің бір жиынтығы қару мен оның патрондарын сақтауға жауапты адамда, екіншісі - ұйым басшысында ұдайы болады;
арнайы жабдықталған қойманың, қару мен оның патрондары бар металл жәшіктердің (шкафтардың) кілттерін үстелдерде және бөгде адамдардың қолы жететін өзге де жерлерде қалдыруға рұқсат етілмейді;
9) осы Ереженің 60-тармағының 1), 2) және 8) тармақшаларында көзделген талаптарға сәйкес болуы. Сауда залы көрсетілген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда, дүкенді жапқаннан кейін (жұмыс уақытынан тыс) сатып алу ішкі істер органдарының рұқсаттары бойынша жүзеге асырылатын қаруды, сондай-ақ қарудың патрондарын және оқ-дәріні онда қалдыруға жол берілмейді;
10) сауда залында витражды қоршаулар болған жағдайда, олар соққыға төзімді немесе шыныны тесуге төзімді материалдан жасалады, оққа төзімді шыны орнатуға жол беріледі.
62. Азаматтар немесе ұйымдардың өкілдері қаруды комиссиялық сатуға ішкі істер органдарының жолдамасы мен жеке басын куәландыратын құжаттары бойынша тапсырады. Қаруды комиссиялық сатуға көрсетілген жолдамасыз тапсырған жағдайда дүкен әкімшілігі оны қабылдап алады және қаруды тапсырған адам туралы мәліметтерді көрсете отырып, iшкi iстер органдарына тапсырады. Қаруды комиссиялық сатуға қабылдап алу туралы квитанцияны азамат қаруды сақтау рұқсатымен бірге оны тiркеген iшкi iстер органына он күндiк мерзімде ұсынады. Қарудың сатылғаны туралы хабарламаны алғаннан кейiн iшкi істер органы оны есептен шығарады.
ҚР Үкіметінің 11.11.03 ж. № 1127 қаулысымен 63-тармақ толықтырылды (бұр. ред. қара); ҚР Үкіметінің 2016.29.12. № 909 Қаулысымен 63-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
63. Дүкендерде атыс және газды қарудың патрондары:
қарудың тиiстi түрлерiн сақтауға немесе сақтау мен алып жүруге ішкі істер органдарының рұқсатын көрсеткенде - жеке тұлғаларға;