Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын әзірлеу, жасау, жөндеу, сату, коллекциялау, экспонаттау және сатып алу жөніндегі қызметке және азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды әзірлеу, жасау, сату, пайдалану және сатып алу жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 13 тамыздағы № 692 Қаулысы
(2011.15.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 6 желтоқсандағы № 1554 Қаулысымен күші жойылды
ҚР Үкіметінің 2011.15.12. № 1534 Қаулысымен тақырыбы жаңа редакцияда (ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң, бірақ 2012 жылғы 30 қаңтардан ерте емес қолданысқа енгізіледі) (бұр.ред.қара)
«Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
ҚР Үкіметінің 2011.15.12. № 1534 Қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң, бірақ 2012 жылғы 30 қаңтардан ерте емес қолданысқа енгізіледі) (бұр.ред.қара)
1. Қоса беріліп отырған:
1) ҚР Үкіметінің 2011.15.12. № 1534 Қаулысымен алып тасталды (ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң, бірақ 2012 жылғы 30 қаңтардан ерте емес қолданысқа енгізіледі) (бұр.ред.қара)
2) ҚР Үкіметінің 2011.15.12. № 1534 Қаулысымен алып тасталды (ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң, бірақ 2012 жылғы 30 қаңтардан ерте емес қолданысқа енгізіледі) (бұр.ред.қара)
3) азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын әзірлеу, жасау, жөндеу, сату, коллекциялау, экспонаттау жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары;
3-1) азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын сатып алу жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары;
4) азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды әзірлеу, жасау, сату, пайдалану жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары;
4-1) азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды сатып алу жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары бекітілсін.
2. «Жекелеген қару түрлерінің айналымына мемлекеттік бақылау жасау туралы» Қазақстан Республикасының Заңын жүзеге асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 3 тамыздағы № 1176 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., № 32-33, 399-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы қару және оның патрондары айналымының ережесінде:
2, 10, 11, 12-тараулар, 11 және 12-қосымшалар алынып тасталсын.
3. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) «Азаматтық пиротехникалық заттарды және олардың қолданылуымен жасалған бұйымдарды әзірлеуге, өндіруге, жөндеуге, сатуға, сатып алуға, коллекциялауға, экспонаттауға байланысты қызметті лицензиялау жөніндегі біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 16 шілдедегі № 787 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 22, 240-құжат);
2) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 16 шілдедегі № 787 қаулысына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 20 қаңтардағы № 57 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 2, 29-құжат);
3) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 30 маусымдағы № 662 қаулысымен (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 27, 341-құжат) бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 8-тармағы.
4. Осы қаулы ресми жарияланған күннен бастап жиырма бір күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
Ережесі. ҚР Үкіметінің 2011.15.12. № 1534 Қаулысымен алып тасталды (ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң, бірақ 2012 жылғы 30 қаңтардан ерте емес қолданысқа енгізіледі) (бұр.ред.қара)
ҚР Үкіметінің 2011.01.07. № 751 Қаулысымен біліктілік талап өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2011.15.12. № 1534 Қаулысымен біліктілік талаптары жаңа редакцияда (ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң, бірақ 2012 жылғы 30 қаңтардан ерте емес қолданысқа енгізіледі) (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 13 тамыздағы
№ 692 қаулысымен бекітілген
Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын әзірлеу, жасау, жөндеу,
сату, коллекциялау, экспонаттау жөніндегі қызметке қойылатын
біліктілік талаптары
1. Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын әзірлеу, жасау, жөндеу, сату, коллекциялау, экспонаттау жөніндегі қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптары:
1) толық сауалнамалық деректерді (кадрларды есепке алу жөніндегі жеке парағын), қаруды иелену үшін көру қабілетінің бұзылуына, психикалық ауруларға, алкоголизм немесе нашақорлыққа байланысты қарсы көрсеткіштердің болмауы туралы медициналық қорытындыларды қоса бере отырып, қаруға рұқсаты бар адамдар туралы мәліметтердің;
2) соттылығының жоқтығы және қаруды қолдануда қауіпсіздік ережелерін бар білуін тексеру туралы анықтаманың бар болуын қамтиды.
2. Қару мен оның патрондарын әзірлеуге байланысты қызметті жүзеге асыру үшін:
1) заңды тұлғаның басшысы мен оның орынбасарының жоғары техникалық білімінің, сондай-ақ тиісті Қауіпсіздік ережелерін білуі;
жеке тұлға үшін - жоғары техникалық білімінің, сондай-ақ тиісті Қауіпсіздік ережелерін білуі;
2) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органда Қауіпсіздік ережелерін білуін тексеруден өткен білікті мамандардың;
3) қаруды әзірлеу саласындағы нормативтік-техникалық құжаттар жиынтығы түрінде ғылыми базаның, қарудың негізгі (базалық) модельдеріне және (немесе) патрондардың типтеріне конструкторлық құжаттамалардың;
4) мыналарды:
мамандандырылған өндірістік ғимараттарды (үй-жайларды), жабдықтарды, стенділерді, сынақ өткізу зертханасын, бақылау-өлшеу аппаратурасын;
қару мен оның патрондарын әзірлеу жөніндегі цехтың белгіленген тәртіппен келісілген және бекітілген жұмыс жобасын;
бөлшектерді, құрастыру бөліктерін есепке алу және сақтау жөніндегі талаптарды қамтамасыз ете отырып, оқшауланған үй-жайларда орналастырылатын негізгі бөліктерді (ұңғыларды, бекітпелерді, барабандарды, жақтауларды, ұңғы қораптарын және т.б.) дайындау жөніндегі механикалық өндіретін және құрастыру цехын (учаскені);
техникалық нығайту жөніндегі талаптарға жауап беретін және өрт-күзет дабылдамасы құралдарымен жабдықталған қару мен патрондардың әзірленген жиынтықтарын сақтауға арналған мамандандырылған үй-жайларды қамтитын қару немесе патрондардың тәжірибеден өткен үлгілерін дайындау және сынау үшін меншік немесе жалға алу құқығындағы өндірістік техникалық базаның;
5) қару мен оның патрондарын әзірлеуге жоспарланған тактикалық-техникалық мінездемелердің;
6) қару мен оның патрондарының тәжірибеден өткен модельдерін әзірлеу жөніндегі нұсқаулықтардың, ережелер мен нормативтік-техникалық құжаттардың;
7) қару мен оның патрондарын сақтау, сақталуы және есепке алу тәртібі жөніндегі ішкі істер органдарының талаптарына сәйкес келуінің;
8) үшінші тұлғаларға келтірілетін зиянды өтеу жөніндегі жауапкершілікті сақтандыру шартының бар болуы қосымша талап етіледі.
3. Қару мен оның патрондарын жасауға байланысты қызметті жүзеге асыру үшін:
1) заңды тұлғаның басшысы мен оның орынбасарының жоғары техникалық білімінің, сондай-ақ тиісті Қауіпсіздік ережелерін білуі;
жеке тұлға үшін - жоғары техникалық білімінің, сондай-ақ тиісті Қауіпсіздік ережелерін білуі;
2) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органда Қауіпсіздік ережелерін білуін біліктілік тексеруден өткен білікті мамандардың;
3) қару мен оның патрондарын жасау мәселелері жөніндегі нормативтік-техникалық және ғылыми-техникалық құжаттардың жиынтығы түріндегі ғылыми базаның;
4) мыналарды:
мамандандырылған өндірістік ғимараттарды, көлік құралдарын, жабдықты, стенділерді, сынақ өткізу зертханасын, бақылау-өлшеу аппаратурасын;
қаруды және оның патрондарын жасау жөніндегі цехтың белгіленген тәртіппен келісілген және бекітілген жұмыс жобасын;
бөлшектерді, құрастырылған бөліктерді есепке алу және сақтау жөніндегі талаптарды қамтамасыз ете отырып, оқшауланған үй-жайларда орналастырылатын негізгі бөліктерді (ұңғыларды, бекітпелерді, барабандарды, жақтауларды, ұңғы қораптарын және т.б.) дайындау жөніндегі механикалық өндіретін цехты (учаскені);
бөлшектерді, құрастыру бөліктерін есепке алу және сақтау жөніндегі талаптарды қамтамасыз ете отырып, техникалық нығайту жөніндегі талаптарға жауап беретін, өрт-күзет дабылдамасы құралдарымен жабдықталған оқшауланған үй-жайларда орналастырылатын құрастыру цехын;
техникалық нығайтылу жөніндегі талаптарға жауап беретін және өрт-күзет дабылдамасы құралдарымен жабдықталған оқшауланған жеке үй-жайларда орналастырылатын дайын қару мен патрондарды сақтауға арналған мамандандырылған қоймаларды;
өндіріс үдерісінде қару мен оның патрондарының негізгі жарамсыз бөлшектерін сақтауға арналған ақау изоляторын қамтитын меншік немесе жалға алу құқығындағы өндірістік техникалық базасының.
Өндірістік базаның аумағына мынадай талаптар қойылады: оқшауландыру, қоршаудың, тәуліктік қарулы күзеттің, техникалық нығайтылудың, өртке қарсы қауіпсіздіктің болуы, қолданыстағы нормативтерде көзделген тұрғын және өндірістік объектілерден қауіпсіз қашықтықта орналастыру;
5) қару мен оның патрондарын жасауға ниеттену туралы хаттаманың немесе қаруды сатып алу және пайдалану құқығы бар субъектімен шарттың (келісім-шарттың);
6) қару мен оның патрондарын жасауға жоспарланған тактикалық-техникалық сипаттамалардың;
7) жұмысты қауіпсіз жасау жөніндегі нұсқаулықтардың, ережелер мен нормативтік-техникалық құжаттардың, сондай-ақ материалдарды, жартылай дайындалған өнімдерді (дайындамалар), жинақтаушы бөлшектерді, дайын және ақау бұйымдарды есепке алу, сақтау:
бөлшектерді, құрастыру бөліктерін және дайын бұйымдарды жасау, тасымалдау және сақтау үдерісінде оларды есепке алу;
кірісті және шығысты есепке алу журналын жүргізу (дайындамаларды, бөлшектерді, қосалқы бөлшектерді нөмірлеп есепке алу, сандық есепке алу, сандық немесе өлшеп есепке алу) жөніндегі құжаттардың;
8) Ұлттық қауіпсіздік комитетінің немесе оның аумақтық бөлімшелерінің мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді жұмыста пайдалануға рұқсатының, сондай-ақ режимдік іс-шаралардың қамтамасыз етілуінің және олардың жеткіліктілігінің;
9) қару мен оның патрондарын сақтау, сақталуы және есепке алу жөніндегі ішкі істер органдарының талаптарына сәйкес келуі;
10) үшінші тұлғаларға келтірілетін зиянды өтеу жөніндегі жауапкершілікті сақтандыру шартының бар болуы қосымша талап етіледі.
4. Қару мен оның патрондарын жөндеуге байланысты қызметті жүзеге асыру үшін:
1) қаруды жөндеу жөніндегі білікті мамандардың;
2) техникалық нығайту жөніндегі талаптарға жауап беретін және өрт-күзет дабылдамасы құралдарымен жабдықталған меншік немесе жалға алу құқығындағы мамандандырылған шеберхананың;
3) арнайы жабдық пен құрылғылардың;
4) жұмысты қауіпсіз жасау жөніндегі нұсқаулықтардың, ережелер мен нормативтік-техникалық құжаттардың;
5) қаруды қабылдауды және өткізуді есепке алу журналының;
6) қару мен оның патрондарын сақтау, сақталуы және есепке алу тәртібі жөніндегі ішкі істер органдарының талаптарына сәйкес келуінің бар болуы қосымша талап етіледі.
5. Қару мен оның патрондарын сатуға байланысты қызметті жүзеге асыру үшін:
1) техникалық нығайту жөніндегі талаптарға жауап беретін және өрт-күзет дабылдамасы құралдарымен жабдықталған қару мен оның патрондарын, аңшылық оқ-дәріні сақтауға, сатуға арналған меншік немесе жалға алу құқығындағы арнайы жабдықталған үй-жайлардың;
2) келіп түскен, сатылған қару мен оның патрондарын есепке алу жөніндегі құжаттаманың;
3) қару мен оның патрондарын сақтау, сақталуы және есепке алу тәртібі жөніндегі ішкі істер органдарының талаптарына сәйкес келуінің бар болуы қосымша талап етіледі.
6. Қару мен оның патрондарын коллекциялауға байланысты қызметті жүзеге асыру үшін қосымша қару мен оның патрондарының сақталуын, оларды сақтау қауіпсіздігін және оларға бөгде адамдардың жетімділігінің болмауын қамтамасыз ететін жағдайлардың болуы талап етіледі.
Қаруды коллекциялау мынадай тәртіппен:
1) мұражай - күзет дабылдамасымен жабдықталған, жекелеген, осы мақсаттарға арнайы арналған үй-жайлардағы кілтпен жабылатын витриналарда, сейфтерде немесе металл шкафтарда;
2) жеке - қару мен оның патрондары иелерінің тұрғылықты жері бойынша үй-жайлардағы кілтпен жабылатын сейфтерде немесе металл шкафтарда жүзеге асырылуы мүмкін.
Коллекцияланған қару заңнамада белгіленген тәртіпте аумақтық ішкі істер органдарында міндетті түрде тіркелуге тиіс.
7. Қару мен оның патрондарын экспонаттауға байланысты қызметті жүзеге асыру үшін:
1) кілтпен жабылатын витриналары, сейфтері немесе металл шкафтары бар күзет дабылдамасы жабдықталған жеке үй-жайлардың;
2) үй-жайды тәулік бойы күзетудің (күзет қызметтерін көрсетуге арналған шарттың);
3) бұйымдарды есепке алу, кезеңдік тексеру және сақтау жөніндегі құжаттамалардың;
4) қару мен оның патрондарын сақтау, сақталуы және есепке алу жөніндегі ішкі істер органдарының талаптарына сәйкес келуінің бар болуы қосымша талап етіледі.
ҚР Үкіметінің 2011.15.12. № 1534 Қаулысымен біліктілік талаптарымен толықтырылды (ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң, бірақ 2012 жылғы 30 қаңтардан ерте емес қолданысқа енгізіледі)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 13 тамыздағы
№ 692 қаулысымен
бекітілген
Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын сатып алу жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы
Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын сатып алу жөніндегі қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарына:
1) толық сауалнамалық деректерді (кадрларды есепке алу жөніндегі жеке парағын), қаруды иелену үшін денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілеген қарсы көрсеткіштерінің болмауы туралы медициналық қорытындыларды қоса бере отырып, қаруға рұқсаты бар адамдар туралы мәліметтердің;
2) соттылығының жоқтығы және қаруды қолдануда қауіпсіздік ережелерін білуін тексеру туралы анықтаманың;
3) азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын әзірлеуге және (немесе) жасауға және (немесе) жөндеуге және (немесе) сатуға және (немесе) коллекциялауға және (немесе) экспонаттауға лицензиялардың (осы қызметпен айналысатын заңды тұлғалар үшін);
4) күзет қызметіне арналған лицензиялардың (күзет қызметі субъектілері үшін);
5) банкноттар, ақшалар мен құндылықтарды инкассациялауға арналған лицензиялардың (инкассациямен айналысатын заңды тұлғалар үшін);
6) техникалық нығайту талаптарына жауап беретін және өрт-күзет дабылдамасы құралдарымен жабдықталған қару мен оның патрондарын сақтауға және (немесе) сатуға арналған арнайы жабдықталған үй-жайдың;
7) қару мен оның патрондарын сатып алуға, сақтауға жауапты адамды тағайындау туралы бұйрық көшірмесінің;
8) қару мен оның патрондарының ерекшеліктерін қоса бере отырып, оларды жеткізуге дайындаушы кәсіпорынмен шарт (келісімшарт) көшірмесінің (қаруды әкелетін заңды тұлғалар үшін);
9) жарақаттайтын патрондары бар қарудың көрсетілген қарудың зақым келтіру факторларының адамға әсер етуіне жол берілген белгіленген нормаларына сәйкес келуі туралы уәкілетті орган қорытындысының (қаруды сатуды жүзеге асыратын ұйымдар оны сатып алуға ниеттенген кезде);
10) осы Біліктілік талаптарына қосымшаға сәйкес аумақтық ішкі істер департаменттерімен және (немесе) Ішкі істер министрлігімен келісілген қолда бар және қажетті қару мен оның патрондары туралы мәліметтердің бар болуын қамтиды.
Ескертпе: Қазақстан Республикасының аумағында қару сатуды жүзеге асыратын заңды тұлғалар арасында қаруды берген кезде азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын олардың түрлерін көрсете отырып, сатып алу-сату шарты (келісімшарты) көшірмелерінің бар болуы қажет.
Азаматтық және қызметтік
қару мен оның патрондарын
әзірлеу, жасау, жөндеу, сату,
сатып алу, коллекциялау,
экспонаттау жөніндегі қызметке
қойылатын біліктілік талаптарына
қосымша
Келісілді ________________ (ІІМ) М.О. 20___жылғы «___» ______ ______________ қолы | Келісілді ______________ (ІІД (К) М.О. 20___жылғы «___» ________ ________________ қолы |
Қару мен оның патрондарының қолда бары және қажетті
саны туралы мәліметтер
1._____________________________________________________________________________________________________________________
(заңды тұлғаның атауы, поштаның индексі, толық мекенжайы)
2. Қызмет түрі __________________________________________________________________________________________________________
3. Ішкі, сыртқы бекеттердің және ұтқыр топтардың саны (бөлек)________________________________________________________________
4. Ішкі, сыртқы бекеттер және ұтқыр топтар жеке құрамының саны (бөлек)
______________________________________________________________________________________________________________________
5. Қолда бар қару мен патрондардың саны:
5.1. жалғыз оқ атуға қайта жасалған автоматтар _____________________________________________________________________________
5.2. винтовкалар, карабиндер_____________________________________________________________________________________________
5.3. пистолеттер _______________________________________________________________________________________________________
5.4. тапаншалар ________________________________________________________________________________________________________
5.5. электр қаруы _______________________________________________________________________________________________________
5.6. мылтықтар ________________________________________________________________________________________________________
6. Патрондар __________________________________________________________________________________________________________
(әр қару түрі бойынша бөлек)
7. Жарамсыз ретінде тапсыруға жататын қару мен олардың патрондарының саны:
7.1. жалғыз оқ атуға қайта жасалған автоматтар _____________________________________________________________________________
7.2. винтовкалар, карабиндер_____________________________________________________________________________________________
7.3. пистолеттер ________________________________________________________________________________________________________
7.4. тапаншалар ________________________________________________________________________________________________________
7.5. электр қаруы_______________________________________________________________________________________________________
7.6. мылтықтар ________________________________________________________________________________________________________
8. Патрондар __________________________________________________________________________________________________________
(әр қару түрі бойынша бөлек)
9. Қажетті саны:
9.1. Атыс қаруы:
9.1.1. жалғыз оқ атуға қайта жасалған автоматтар ____________________________________________________________________________
9.1.2. винтовкалар, карабиндер ___________________________________________________________________________________________
9.1.3. пистолеттер ______________________________________________________________________________________________________
9.1.4. тапаншалар ______________________________________________________________________________________________________
9.1.5. электр қаруы_____________________________________________________________________________________________________
9.1.6. мылтықтар ______________________________________________________________________________________________________
9.2. Патрондар:
9.2.1. ортаймайтын қор_________________________________________________________________________________________________
(әр қару түрі бойынша бөлек)
9.2.2. оқу-жаттығу атыстары ____________________________________________________________________________________________
(әр қару түрі бойынша бөлек)
9.2.3. қаруды атып көру үшін_____________________________________________________________________________________________
(әр қару түрі бойынша бөлек)
10. ауысымға (қарауылға) шығу үшін сатып алынатын патрондар саны:___ ______________________________________________________
11. Қару мен патрондардың қажетті санына мәліметтер
_____________________________________________________________________________________________________________________
_______________________________________________________________________________________________________негізінде жасалды.
(тиесілік нормасының атауы, қашан және кім белгіледі)
М.О.
Заңды тұлға басшысының қолы ______________________________
ҚР Үкіметінің 2011.15.12. № 1534 Қаулысымен біліктілік талаптарымен толықтырылды (ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң, бірақ 2012 жылғы 30 қаңтардан ерте емес қолданысқа енгізіледі)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 13 тамыздағы
№ 692 қаулысымен
бекітілген
Азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды сатып алу жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары
Азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды сатып алу жөніндегі қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптары:
1) лицензия алуға үміткер жеке тұлғаның немесе заңды тұлғаның қызметкерінің пиротехникалық бұйымдарға рұқсаты болатын мәлімделген қызметті жүзеге асыруға байланысты теріс көрсеткіштерінің (психикалық аурулардың, алкоголизмнің немесе нашақорлықтың) болмауы туралы медициналық анықтамаларының;
2) өтініш берушінің пиротехникалық бұйымдарды әзірлеу және (немесе) жасау және (немесе) сату және (немесе пайдалану) құқығына лицензиясының;
3) пиротехникалық бұйымдарды сатып алуға және олардың сақталуына жауапты адамның;
4) өрт қауіпсіздігі ережелерінің талаптарына сәйкес келетін және есепке алынған өнімнің сақталуын, оны қатаң есепке алуды және бар-жоғын тексеру мүмкіндігін қамтамасыз ететін дайын пиротехникалық бұйымдарды өткізуге арналған меншік немесе жалға алу құқығындағы арнайы жабдықталған үй-жай мен оларды сақтауға арналған қоймалардың;
5) азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдардың ерекшеліктерін қоса бере отырып, оларды жеткізуге дайындаушы кәсіпорынмен шарт (келісімшарт) көшірмесінің бар болуын қамтиды;
6) әзірлеу, жасау, сату жөніндегі лицензиясы бар заңды тұлға немесе дара кәсіпкер сатып алуға лицензиясы бойынша пиротехникалық бұйымдарды сатып алады, ал 1-3 сыныпты қауіптілігі бар пиротехникалық бұйымдарды оларды сатып алуға лицензия талап етпей, халыққа еркін сатады.