8-тармақ 2022 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
8. «Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде, арнаулы үй-жайларда ұстау тәртібі мен шарттары туралы» 1999 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 23-бапта:
2-тармақтағы «Ішкі істер министрлігі,» деген сөздер алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
«2-1. Қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі тергеу изоляторының әкімшілігі күдіктілер мен айыпталушыларға медициналық қызмет көрсету үшін үй-жайлар береді және осы үй-жайлардың тиісінше жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.»;
3-тармақтағы «мекеменің» деген сөз «ұйымдардың» деген сөзбен ауыстырылсын;
2) 24-баптың 3-тармағындағы «дәрі-дәрмектермен» деген сөз «дәрілік заттармен» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 25-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«25-бап. Қосымша ақылы көрсетілетін қызметтермен қамтамасыз ету
1. Тергеу изоляторларында күдіктілер, айыпталушылар және сотталушылар мүмкіндігіне қарай, қосымша ақылы тұрмыстық және медициналық көрсетілетін қызметтермен қамтамасыз етіледі.
2. Күдіктілерге, айыпталушыларға және сотталушыларға ақылы тұрмыстық қызметтерді тергеу изоляторының әкімшілігі көрсетеді, олардың тізбесі мен көрсетілу тәртібін Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі, Ұлттық қауіпсіздік комитеті белгілейді.
3. Күдіктілерге, айыпталушыларға және сотталушыларға ақылы медициналық қызметтерді Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тергеу изоляторларында орналасқан медициналық ұйымдар көрсетеді.»;
4) 29-баптың 2-тармағында:
«қызмет көрсету» деген сөздер «қамтамасыз ету» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Мамандандырылған медициналық қамтамасыз ету денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады.».
9-тармақ 2022 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
9. «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 6-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 4-4) тармақшамен толықтырылсын:
«4-4) денсаулық сақтау ұйымдарын, оның ішінде қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде ұсталатын адамдарға медициналық көмек көрсететін ұйымдарды дамыту мен олардың жұмыс істеуіне бағытталған іс-шараларды бекіту;»;
2) 27-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 14-5) және 14-6) тармақшалармен толықтырылсын:
«14-5) қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінде сотталғандарға медициналық көмек көрсету үшін медициналық ұйымдарды (соматикалық, психиатриялық және туберкулезге қарсы ауруханалар (бөлімшелер), амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін ұйымдар) ұйымдастырады;
14-6) қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде ұсталатын адамдарға медициналық көмектің қосымша көлемі шеңберінде дәрілік қамтамасыз етуді қоса алғанда, медициналық көмек көрсетуді, оның ішінде әлеуметтік маңызы бар аурулардың және айналадағыларға қауіп төндіретін аурулардың профилактикасын және оларды емдеуді ұйымдастырады;».
10. «Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі туралы» 2002 жылғы 7 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына:
15-2-бапта:
тақырыптағы «Мемлекеттік қызметшілердің өзге мемлекеттік органдардан» деген сөздер «Өзге мемлекеттік органдардан мемлекеттік қызметшілердің және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі қызметкерлерінің» деген сөздермен ауыстырылсын;
1-тармақтағы «мемлекеттік қызметшілердің Қазақстан Республикасының өзге мемлекеттік органдарынан» деген сөздер «Қазақстан Республикасының өзге мемлекеттік органдарынан мемлекеттік қызметшілердің, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі қызметкерлерінің» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақ «мемлекеттік қызметшілерге» деген сөздерден кейін «, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметкерлеріне» деген сөздермен толықтырылсын.
11-тармақ ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізілді
11. «Темекi өнiмдерiнiң өндiрiлуi мен айналымын мемлекеттiк реттеу туралы» 2003 жылғы 12 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 3-баптың 2-тармағының 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) фильтрлі, фильтрсіз сигареттерге, папиростарға, сигариллаларға және қыздырылатын темекісі бар бұйымдарға ең төмен бөлшек сауда бағаларын белгілеуді қамтиды.»;
2) 5-бап 2-1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2-1) фильтрлі, фильтрсіз сигареттерге, папиростарға, сигариллаларға және қыздырылатын темекісі бар бұйымдарға ең төмен бөлшек сауда бағаларын белгілейді;».
12. «Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы» 2005 жылғы 30 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына:
5-бап 6-тармағының 10) тармақшасындағы «нәтижелері қамтылуға тиіс.» деген сөздер «нәтижелері;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 11) тармақшамен толықтырылсын:
«11) жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының жобалары, сондай-ақ Қазақстан Республикасы қатысушысы болуға ниеттенетін халықаралық шарттар бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының және жеке кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптама кеңесі мүшелерінің сараптама қорытындысы қамтылуға тиіс.».
13. «Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегі банктерiнде орналастырылған депозиттерге мiндеттi кепiлдiк беру туралы» 2006 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
18-баптың 1-тармағында:
бірінші бөліктің екінші абзацындағы «он бес» деген сөздер «жиырма» деген сөзбен ауыстырылсын;
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Депозитордың қатысушы банкте осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген кепілдік берілген депозиттердің бірнеше алуан түрі болған кезде депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым олар бойынша жиынтық кепілдік берілген өтемді депозиттің әрбір түрі бойынша жеке белгіленген кепілдік берілген өтемнің ең жоғары мөлшері шегінде, бірақ жиырма миллион теңгеден асырмай төлейді.».
14. «Босқындар туралы» 2009 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 6-бапта:
9), 10), 11) және 12) тармақшалар алып тасталсын;
13) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«13) босқын мәртебесін беру, ұзарту, одан айыру және оны тоқтату рәсімдерін жүзеге асыру жөніндегі комиссия туралы үлгілік ережені әзірлейді және бекітеді;»;
13-1), 13-2), 13-3), 13-4) және 13-5) тармақшалар алып тасталсын;
2) мынадай мазмұндағы 6-1-баппен толықтырылсын:
«6-1-бап. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарының құзыреті
Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары:
1) өз құзыреті шегінде босқындар мәселелері бойынша мемлекеттік саясатты іске асырады;
2) пана іздеген адамның куәлігін береді;
3) босқын мәртебесін беру, ұзарту, одан айыру және оны тоқтату рәсімдерін жүзеге асырады;
4) босқын куәлігін береді;
5) пана іздеген адамдардың және босқындардың тізімдерін қалыптастырады және ай сайын уәкілетті органға, ұлттық қауіпсіздік органдарына және ішкі істер органдарына жібереді;
6) босқын мәртебесін беру, ұзарту, одан айыру және оны тоқтату рәсімдерін жүзеге асыру жөніндегі комиссияларды құрады;
7) пана іздеген адамдар мен босқындар құқықтарының сақталуын қамтамасыз етеді;
8) Қазақстан Республикасының заңнамасында жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде жүзеге асырады.»;
3) 7-бап мынадай мазмұндағы 2-2-тармақпен толықтырылсын:
«2-2. Ішкі істер органдары:
1) пана іздеген адамдар мен босқындарды Қазақстан Республикасының аумағында тұрғылықты жері бойынша тіркеуді жүзеге асырады;
2) жол жүру құжатының үлгісін бекітеді;
3) жол жүру құжатын беруді жүзеге асырады;
4) ұлттық қауіпсіздік органдарының ұсынуы бойынша табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын бұзушыларды шекаралық іздестіру, шектес мемлекет азаматтарының Қазақстан Республикасының аумағына қарулы басып кіруіне немесе жаппай өтуіне тойтарыс беру кезінде пана іздеген адамдар мен босқындардың шекаралық аймақта (белдеуде) орналасқан жергілікті жердің жекелеген учаскелеріне немесе объектілерге кіруін шектейді немесе тыйым салады;
5) заңды күшіне енген сот шешімдерін орындау үшін пана іздеген адамдар мен босқындарды мәжбүрлеп шығарып жіберуді жүзеге асырады;
6) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.»;
4) 8-бапта:
1-тармақтың 4) тармақшасындағы «уәкілетті органның» деген сөздер «облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органының» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақта:
4) тармақшадағы «уәкілетті органға» деген сөздер «облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органына» деген сөздермен ауыстырылсын;
5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«5) Қазақстан Республикасының аумағында тұрғылықты жері өзгерген кезде бұрынғы тұрғылықты жері бойынша облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органының есебінен шығуға және келген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде жаңа тұрғылықты жері бойынша облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органында есепке тұруға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тұрғылықты жері бойынша тіркеуді ресімдеуге;»;
5) 9-бапта:
1-тармақтың 3) тармақшасындағы «уәкілетті органның» деген сөздер «облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органының» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақта:
2) тармақшадағы «уәкілетті органға» деген сөздер «облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органына» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«3) Қазақстан Республикасының аумағында тұрғылықты жері өзгерген кезде бұрынғы тұрғылықты жері бойынша облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органының есебінен шығуға және келген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде жаңа тұрғылықты жері бойынша облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органында есепке тұруға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тұрғылықты жері бойынша тіркеуді ресімдеуге міндетті.»;
6) 10-бапта:
1-тармақтағы «жазбаша өтінішхатпен өзі немесе осыған уәкілетті өкіл арқылы өзінің келген жері бойынша босқын мәртебесін беру туралы уәкілетті органға» деген сөздер «босқын мәртебесін беру туралы жазбаша өтінішхатпен жеке өзі немесе осыған уәкілеттік берілген өкілі арқылы өзінің келген жері бойынша облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органына» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақ алып тасталсын;
3-тармақта:
бірінші бөліктегі «- көші-қон бақылауы пунктіне, ал мұндай пункт болмаған жағдайда» деген сөздер алып тасталсын;
екінші бөліктегі «уәкілетті органға» деген сөздер «облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органына» деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақтың бірінші және екінші бөліктеріндегі «уәкілетті органға», «Уәкілетті орган» деген сөздер тиісінше «облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органына», «Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органы» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 8-тармақпен толықтырылсын:
«8. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органы тиісті шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде уәкілетті органға және ішкі істер органдарына босқын мәртебесін беру, ұзарту немесе босқын мәртебесін беруден, ұзартудан бас тарту туралы хабар береді.»;
7) 11-бапта:
1-тармақтағы «Уәкілетті орган» деген сөздер «Жергілікті атқарушы орган» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақтың төртінші бөлігіндегі «уәкілетті органға» деген сөздер «жергілікті атқарушы органға» деген сөздермен ауыстырылсын;
5-тармақтағы «уәкілетті орган» деген сөздер «облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органы» деген сөздермен ауыстырылсын;
6-тармақтағы «уәкілетті орган» деген сөздер «облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органы» деген сөздермен ауыстырылсын;
8) 13-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органы босқын мәртебесінен айыру туралы шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде аталған адамға бұл шешімнің себептері көрсетілген және қабылданған шешімге шағым жасау тәртібі түсіндірілген шешімнің көшірмесін табыс етеді немесе жібереді, сондай-ақ қабылданған шешім туралы уәкілетті орган мен ішкі істер органдарына хабар береді.»;
9) 15-баптағы «Уәкілетті органның» деген сөздер «Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органының» деген сөздермен ауыстырылсын;
10) 18-бапта:
1-тармақтағы «уәкілетті органның немесе соттың» деген сөздер «облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органының, уәкілетті органның не соттың» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақтың бірінші бөлігіндегі «уәкілетті орган» деген сөздер «ішкі істер органдары» деген сөздермен ауыстырылсын;
11) 21-баптың екінші бөлігі 3) тармақшасының екінші абзацындағы «Уәкілетті орган» деген сөздер «Жергілікті атқарушы орган» деген сөздермен ауыстырылсын.
15-тармақ ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізілді және 2023 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылды
15. «Мемлекеттік статистика туралы» 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына:
12-2-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«12-2-бап. Респонденттерге қатысты мемлекеттік статистика саласындағы мемлекеттік бақылау
1. Респонденттерге қатысты мемлекеттік статистика саласындағы мемлекеттік бақылауды мемлекеттік статистиканың тиісті органдары Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне және осы Заңға сәйкес респонденттерге бармай профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асырады.
2. Респонденттерге бармай профилактикалық бақылаудың мақсаты респонденттердің алғашқы статистикалық деректерді ұсыну тәртібін бұзуына жол бермеу, оларға бұзушылықтарды өз бетінше жою құқығын беру және оларға түсетін әкімшілік жүктемені азайту болып табылады.
3. Респонденттерге бармай профилактикалық бақылау респонденттердің алғашқы статистикалық деректерді ұсыну графигінде көрсетілген мерзімдерде респонденттердің алғашқы статистикалық деректерді ұсынбағанын, сондай-ақ олардың анық емес алғашқы статистикалық деректерді ұсынуын анықтау түрінде жүзеге асырылады.
4. Респонденттерге бармай профилактикалық бақылау статистикалық нысанда белгіленген мерзімдерде мыналарды:
1) респонденттер Қазақстан Республикасының мемлекеттік статистика саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкес ұсынатын статистикалық нысандарды;
2) алғашқы статистикалық деректердің анықтығын растау үшін статистикалық ақпаратты түзу кезінде - өз құзыреті шегінде мемлекеттік статистика органдарының сұрау салуы бойынша алынған ақпаратты талдау арқылы жүргізіледі.
5. Респонденттерге бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша бұзушылықтар анықталған жағдайда, бұзушылықтарды жою туралы қорытынды ресімделеді, ол бұзушылықтар анықталған күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде респондентке жіберіледі.
6. Төменде санамаланған тәсілдердің бірімен жіберілген қорытынды мынадай жағдайларда:
1) алғаны туралы белгі қойылып - қолма-қол;
2) тапсырыс хат арқылы - поштамен;
3) респондент бұрын ұсынған статистикалық нысанда көрсетілген респонденттің электрондық мекенжайына жөнелтілген күннен бастап - электрондық тәсілмен;
4) респондент бұрын ұсынған статистикалық нысанда көрсетілген ұялы байланыстың абоненттік нөміріне жіберілген күннен бастап - мәтіндік хабарламамен табыс етілді деп есептеледі.
7. Респонденттерге бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы қорытынды табыс етілген күнінен кейінгі күннен бастап бес жұмыс күні ішінде орындалуға тиіс.
8. Респонденттерге бармай профилактикалық бақылау жүргізудің жиілігі Қазақстан Республикасының мемлекеттік статистика саласындағы заңнамасында көзделген статистикалық нысандарды ұсынудың кезеңділігі бойынша айқындалады.
9. Респонденттерге бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы қорытынды белгіленген мерзімде орындалмаған кезде, мемлекеттік статистика органдары әкімшілік іс жүргізу қозғайды.
10. Респонденттерге бармай профилактикалық бақылау нәтижелерін тиісті мемлекеттік статистика органдары мемлекеттік статистика органдарының тиісті ақпараттық жүйелерінде электрондық түрде есепке алады.».
16. «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 1-бапта:
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«3) даму жоспары - мемлекеттік кәсіпорынның, акцияларының бақылау пакеті (жарғылық капиталға қатысу үлесі) мемлекетке тиесілі акционерлік қоғам мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің бесжылдық кезеңге арналған негізгі қызмет бағыттарын және қаржы-шаруашылық қызметінің көрсеткіштерін айқындайтын құжат;»;
4) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 32-2) және 37-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«32-2) ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің және ұлттық компаниялардың даму жоспары - ұлттық басқарушы холдингтің, ұлттық холдингтің, ұлттық компанияның онжылдық кезеңге арналған миссиясын, пайымын, стратегиялық мақсаттары мен міндеттерін айқындайтын және негіздейтін құжат;»;
«37-2) іс-шаралар жоспары - ұлттық басқарушы холдингтің, ұлттық холдингтің және ұлттық компанияның бесжылдық кезеңге арналған негізгі қызмет бағыттарын және қаржы-шаруашылық қызметінің көрсеткіштерін айқындайтын құжат;»;
2) 4-бап мынадай мазмұндағы 9-тармақпен толықтырылсын:
«9. Егер «Астана» халықаралық қаржы орталығының актілерінде заңды тұлғалардың қатысушылары (акционерлері) арасында өзге тәртіп орнату мүмкіндігі көзделмесе, осы Заңның акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерге қатысты қолданылатын ережелері мемлекет «Астана» халықаралық қаржы орталығының қолданыстағы құқығына сәйкес тіркелген заңды тұлғалардың құрылтайшысы (қатысушысы, салымшысы, акционері, мүшесі) ретінде әрекет ететін жағдайларға, оның ішінде мемлекеттің акцияларға (жарғылық капиталға қатысу үлестеріне) мүліктік құқықтарды сатып алуы бөлігінде қолданылады.»;
3) 8-баптың 5-тармағының бірінші бөлігі «жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің» деген сөздерден кейін «, «Астана» халықаралық қаржы орталығының қолданыстағы құқығына сәйкес тіркелген заңды тұлғалардың» деген сөздермен толықтырылсын;
4) 11-бап мынадай мазмұндағы 15-3) тармақшамен толықтырылсын:
«15-3) «Астана» халықаралық қаржы орталығының қолданыстағы құқығына сәйкес тіркелген заңды тұлғалардағы акцияларды, үлестерді, пайларды және үлестік қатысудың басқа да нысандарын сатып алу туралы шешім қабылдайды, мемлекеттің акционер (қатысушы, салымшы, мүше) ретінде осындай заңды тұлғаларды басқаруға қатысу құқығын жүзеге асырады немесе осы құқықты мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органға береді;»;
5) 13-бапта:
3) тармақшаның екінші және үшінші абзацтарындағы «акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтердiң, ұлттық холдингтердiң, ұлттық компаниялардың даму стратегиялары мен даму жоспарларын», «акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың даму стратегиялары мен даму жоспарларының» деген сөздер тиісінше «ұлттық басқарушы холдингтердiң, ұлттық холдингтердiң және ұлттық компаниялардың даму жоспарларын және акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтердiң, ұлттық холдингтердiң, ұлттық компаниялардың іс-шаралар жоспарларын», «ұлттық басқарушы холдингтердiң, ұлттық холдингтердiң және ұлттық компаниялардың даму жоспарларының және акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың іс-шаралар жоспарларының» деген сөздермен ауыстырылсын;
4-3) тармақшадағы «акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың даму стратегиялары мен даму жоспарларының» деген сөздер «ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің және ұлттық компаниялардың даму жоспарларының және акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың іс-шаралар жоспарларының» деген сөздермен ауыстырылсын;
4-4) тармақшадағы «акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың даму стратегиялары мен даму жоспарларын» деген сөздер «ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің және ұлттық компаниялардың даму жоспарларын және акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың іс-шаралар жоспарларын» деген сөздермен ауыстырылсын;
6) 14-бап мынадай мазмұндағы 26-4) және 26-5) тармақшалармен толықтырылсын:
«26-4) Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша, орналастырылатын акцияларға ақы төлеуді, «Астана» халықаралық қаржы орталығының қолданыстағы құқығына сәйкес тіркелген заңды тұлғалардың жарғылық капиталына Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес ақшаны, сондай-ақ республикалық мүлікті, оның ішінде акцияларды, үлестерді, пайларды және жарғылық капиталға қатысудың өзге де нысандарын енгізу арқылы салым енгізуді жүзеге асырады;
26-5) Қазақстан Республикасы Үкіметінің атынан мемлекеттің акционер (қатысушы, салымшы, мүше) ретінде «Астана» халықаралық қаржы орталығының қолданыстағы құқығына сәйкес тіркелген заңды тұлғаларды басқаруға қатысу құқықтарын «Астана» халықаралық қаржы орталығының актілерінде айқындалған тәртіппен жүзеге асырады;»;
7) 15-баптың 7) тармақшасындағы «акционері мемлекет болып табылатын тиісті саладағы ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың даму стратегиялары мен даму жоспарларының» деген сөздер «ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің және ұлттық компаниялардың даму жоспарларының және акционері мемлекет болып табылатын тиісті саладағы ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың іс-шаралар жоспарларының» деген сөздермен ауыстырылсын;
8) 114-бапта:
тақырып «сатып алу ақысына» деген сөздерден кейін «не «Астана» халықаралық қаржы орталығының қолданыстағы құқығына сәйкес тіркелген заңды тұлғалардың жарғылық капиталына (акцияларын төлеуге)» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
«5. Осы баптың ережелері мемлекеттік мүлікті «Астана» халықаралық қаржы орталығының қолданыстағы құқығына сәйкес тіркелген заңды тұлғалардың жарғылық капиталына (акцияларды төлеуге) мүліктік салым ретінде беру үшін де қолданылады.»;
9) 169-бапта:
тақырып «жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің» деген сөздерден кейін «, сондай-ақ «Астана» халықаралық қаржы орталығының қолданыстағы құқығына сәйкес тіркелген өзге де заңды тұлғалардың» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
«5. Осы баптың ережелері мемлекеттің «Астана» халықаралық қаржы орталығының қолданыстағы құқығына сәйкес тіркелген заңды тұлғалардағы акцияларды, үлестерді, пайларды және үлестік қатысудың басқа да нысандарын сатып алуы жағдайларына да қолданылады.»;
10) 173-бап мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Осы баптың күші мемлекеттің «Астана» халықаралық қаржы орталығының қолданыстағы құқығына сәйкес тіркелген заңды тұлғалардағы акцияларды, үлестерді, пайларды және үлестік қатысудың басқа да нысандарын сатып алуы жағдайларына қолданылмайды.»;
11) 181-баптың 5-тармағының бірінші бөлігінде:
3) тармақша «даму жоспарларын» деген сөздерден кейін «, іс-шаралар жоспарларын» деген сөздермен толықтырылсын;