31. «Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 17-1-бап мынадай мазмұндағы 6-1-тармақпен толықтырылсын:
«6-1. Кәсіпкерлік қызметті реттеу саласындағы пилоттық жобаны жүргізу үшін мемлекеттік органдар мұндай пилоттық жобаны жүргізу шарттарын заңнамалық деңгейде бекітуді қамтамасыз етуге тиіс.
Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің кәсіпкерлік қызметті реттеу саласындағы пилоттық жобаға қатысуы тек қана ерікті болып табылады.»;
2) 60-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Мемлекеттік саясатты жүргізетін, белгілі бір салада (қызмет аясында) реттеуді және басқаруды жүзеге асыратын немесе құзыретіне тиісті мәселелерді шешу жатқызылған мемлекеттік органдар не өзге де мемлекеттік органдар өздеріне берілген өкілеттіктерге сәйкес жеке немесе заңды тұлғалардың жүгінуі бойынша нақты субъектілерге қатысты немесе нақты жағдайға қолданылатын нормативтік құқықтық актілерге өз құзыреті шегінде түсіндірмелер беруге міндетті.
Мұндай түсіндірмелер:
1) жолданымда қойылған мәселелер шегінде түпкілікті сипатта болуға;
2) дербес деректерді қамтитын және (немесе) Қазақстан Республикасының заңдарымен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді қоспағанда, тиісті мемлекеттік органның интернет-ресурсында ұқсас жолданымдарды қорыту арқылы жалпыға қолжетімді режимде жариялануға тиіс.
Мұндай түсіндірмелердің міндетті заңдық күші болмайды және ұсынымдық сипатта болады.
Жолданымды жіберген және мемлекеттік органнан өзіне қатысты немесе нақты жағдайға қолдануға қатысты түсіндірме алған нақты субъектінің алынған түсіндірмеге сәйкес жүзеге асырылатын қызметі, егер мұндай түсіндірме кейіннен кері қайтарып алынса, қате деп танылса немесе мазмұны өзгермеген сол нормативтік құқықтық актіге қатысты мағынасы өзгеше, жаңа түсіндірме берілсе де тиісті міндетті талаптарды бұзу ретінде саралана алмайды.»;
3) 13-тарау мынадай мазмұндағы 62-1-баппен толықтырылсын:
«62-1-бап. Міндетті талаптарды сақтау рәсімдері туралы хабар беру
1. Мемлекеттік саясатты жүргізетін, белгілі бір салада (қызмет аясында) реттеуді және басқаруды жүзеге асыратын немесе құзыретіне тиісті мәселелерді шешу жатқызылған мемлекеттік органдар не өзге де мемлекеттік органдар өздеріне берілген өкілеттіктерге сәйкес міндетті талаптарды сақтауға міндетті тұлғалардың кең ауқымына міндетті талаптарды сақтау рәсімі, бақылау мен қадағалау субъектілерінің құқықтары мен міндеттері, мемлекеттік бақылауды (қадағалауды) жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың және олардың лауазымды адамдарының өкілеттіктері, міндетті талаптарды тиісінше сақтаудың өзге де мәселелері туралы хабар беруді қамтамасыз етеді.
2. Бақылау мен қадағалау субъектілеріне хабар беру міндетті талаптарды сақтау жөніндегі басшылықтарды шығару арқылы да жүзеге асырылады.
Міндетті талаптарды сақтау жөніндегі басшылыққа міндетті талаптарды сақтау тәсілдеріне қатысты түсінік беру, міндетті талаптарды сақтау үлгілері, бақылау мен қадағалау субъектілерінің міндетті талаптарды сақтауды қамтамасыз ету үшін нақты шаралар қабылдауы жөніндегі ұсынымдар енгізіледі.
Көрсетілген басшылықта жаңа міндетті талаптар қамтылмайды.
3. Міндетті талаптарды сақтау жөніндегі басшылықты тиісті мемлекеттік органның басшысы бекітеді және ол мемлекеттік органның интернет-ресурсында, сондай-ақ құқықтық ақпараттың бірыңғай жүйесінде жалпыға қолжетімді режимде жарияланады.
4. Бақылау мен қадағалау субъектілері міндетті талаптарды сақтау жөніндегі басшылықты ерікті негізде қолданады және ол ұсынымдық сипатта болады.
5. Бақылау мен қадағалау субъектілерінің және (немесе) олардың жұмыскерлерінің міндетті талаптарды сақтау жөніндегі басшылыққа сәйкес жүзеге асырылатын қызметі міндетті талаптарды бұзу ретінде саралана алмайды.».
32-тармақ ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізілді
32. «Пробация туралы» 2016 жылғы 30 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 1-баптың 3-тармағында:
1) тармақшадағы «пробация қызметінің есебінде тұратын» деген сөздер «өздеріне қатысты пробация қолданылатын» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) және 4) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«3) өздеріне қатысты сот пробациялық бақылау белгілеген сотталғандарға пробациялық бақылауды жүзеге асыру;
4) қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемесінде жазасын өтеп жатқан сотталған адамды босатуға дайындау.»;
2) 3-бапта:
5) тармақшадағы «пробация қызметінің есебінде тұратын» деген сөздер «өздеріне пробация қолданылатын» деген сөздермен ауыстырылсын;
6) тармақшадағы «пробация қызметінің есебінде тұратын» деген сөздер «өздеріне қатысты пробация қолданылатын» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 4-бапта:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«4-бап. Өздеріне қатысты пробация қолданылатын адамдар, олардың құқықтары мен міндеттері»;
2-тармақтың бірінші бөлігінің бірінші абзацындағы «Пробация қызметінің есебінде тұратын» деген сөздер «Өздеріне қатысты пробация қолданылатын» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақтың бірінші бөлігінде:
бірінші абзацтағы «Пробация қызметінің есебінде тұратын» деген сөздер «Өздеріне қатысты пробация қолданылатын» деген сөздермен ауыстырылсын;
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) пробациялық бақылаудың тәртібі мен шарттарын орындауға және сақтауға;»;
2) тармақша алып тасталсын;
4) 5-баптың 3-тармағындағы «әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетудің жеке бағдарламасы негізінде» деген сөздер алып тасталсын;
5) 6-баптың 2-тармағында:
бірінші бөліктегі «әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетудің жеке бағдарламасы негізінде» деген сөздер алып тасталсын;
екінші бөлік алып тасталсын;
6) 9-бапта:
2-тармақта:
2) тармақшадағы «, сондай-ақ оған әлеуметтік-құқықтық көмек ұсынудың көлемін айқындау үшін қажетті өзге де мәліметтерді» деген сөздер алып тасталсын;
3) тармақша алып тасталсын;
4) тармақшадағы «көмек алуды ұсыну және одан бас тарту» деген сөздер «көмек алу» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақтағы «пробация қызметінің есебінде тұратын адамдарға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету мәселелері бойынша» деген сөздер «Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес» деген сөздермен ауыстырылсын;
7) 12-баптың 1) тармақшасындағы «күдіктінің, айыпталушының мінез-құлқын түзеуге бағытталған, оларға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету жөніндегі» деген сөздер «сотқа дейінгі баяндаманы дайындау жөніндегі» деген сөздермен ауыстырылсын;
8) 13-бапта:
4-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Пробация қызметі осы Заңның 9-бабы 2-тармағының 9) тармақшасында көзделген тәртіппен алынған мәліметтер негізінде сот талқылауы басталғанға дейін сотқа дейінгі пробация қолданылатын адамға ұсынылатын сотқа дейінгі баяндаманы жасайды.»;
5-тармақтағы «Бұл ретте адамға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетудің жеке бағдарламасына сәйкес жалғасады.» деген сөздер алып тасталсын;
9) 14-бапта:
1-тармақтағы «, олардың әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетудің жеке бағдарламасында көзделген іс-шараларды орындауы, пробация қызметінің ұсынымдарын ұстануы және оның көмегін қабылдауы» деген сөздер алып тасталсын;
2-тармақтың үшінші бөлігінде:
2) тармақша алып тасталсын;
6) тармақшадағы «және оның көмегін алуы» деген сөздер алып тасталсын;
10) 15-баптың 6-тармағы алып тасталсын;
11) 16-бапта:
3 және 4-тармақтардағы «пробация қызметі қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемесінің әкімшілігімен бірлесіп» деген сөздер «қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемесінің әкімшілігі» деген сөздермен ауыстырылсын;
6-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Пенитенциарлық пробация қолданылатын сотталғандардың өтініші бойынша қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемесінің әкімшілігі босатылғаннан кейін өздері таңдаған тұрғылықты жердегі жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, олардың:»;
7-тармақтың бірінші абзацындағы «Пробация қызметі» деген сөздер «Қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемесінің әкімшілігі» деген сөздермен ауыстырылсын;
12) 17-бапта:
2-тармақтағы «Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оның тұрғылықты жері бойынша ішкі істер органдары жүзеге асыратын пробациялық бақылау, сондай-ақ пробация қызметінің әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету мәселелері бойынша жәрдемдесуі» деген сөздер «оның тұрғылықты жері бойынша полиция жүзеге асыратын пробациялық бақылау, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергілікті атқарушы органдардың, қоғамдық бірлестіктердің және өзге де ұйымдардың әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетуі» деген сөздермен ауыстырылсын;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Осы баптың 1-тармағының 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген адамдарға қатысты пенитенциарлықтан кейінгі пробация Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергілікті атқарушы органдарға жүгіну арқылы олардың бастамасы бойынша оларға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету нысанында жүзеге асырылады.»;
6-тармақ алып тасталсын;
13) 18-баптың 4) тармақшасындағы «кәмелетке толмаған адамға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету мәселелері бойынша» деген сөздер алып тасталсын;
14) 19-баптың 3-тармағының бірінші бөлігіндегі «және оған қажетті әлеуметтік-құқықтық көмек көлемін айқындау» деген сөздер алып тасталсын.
33. «Квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуы туралы» 2021 жылғы 8 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына:
6-баптың 1-тармағындағы «даму жоспарлары» деген сөздер «даму жоспарлары, іс-шаралар жоспарлары» деген сөздермен ауыстырылсын.
2-бап.
1. Осы Заң:
1) алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізілетін 1-баптың 2-тармағының 1) тармақшасын, 4) тармақшасының үшінші, төртінші, бесінші және тоғызыншы абзацтарын, 5), 6), 7), 8), 10), 11), 20), 21), 22), 23) және 24) тармақшаларын, 3-тармағының 20) тармақшасын, 21) тармақшасының екінші және үшінші абзацтарын, 7, 11, 15 және 32-тармақтарын;
2) 2022 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 1-тармағы 1) тармақшасының екінші абзацын, 2) тармақшасының екінші абзацын, 2-тармағы 4) тармақшасының алтыншы, жетінші және сегізінші абзацтарын, 5-тармағының 2), 3), 4), 5), 6), 10), 17), 19), 20), 21), 22) және 23) тармақшаларын, 8, 9 және 20-тармақтарын;
3) мынадай:
қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторларында ұсталатын адамдарға қатысты - 2022 жылғы 1 шілдеден бастап;
қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемелерінде ұсталатын адамдарға қатысты 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 2-тармағының 2), 3), 9), 12), 13), 14), 15), 16), 17), 18) және 19) тармақшаларын;
2022.30.12. № 177-VІІ ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (2022 ж. 31 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4) 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 1-тармағы 1) тармақшасының үшінші абзацын, 2) тармақшасының үшінші абзацын, 3-тармағының 4), 11) және 12) тармақшаларын, 13) тармақшасының екінші, үшінші және төртінші абзацтарын, 14) тармақшасының үшінші абзацын, 15) тармақшасын, 18) тармақшасының сегізінші және тоғызыншы абзацтарын, 21) тармақшасының төртінші - он бірінші, жиырма алтыншы, отыз екінші, отыз алтыншы - қырық бесінші, елу алтыншы - елу тоғызыншы, алпыс бесінші, алпыс жетінші - жетпіс жетінші, 22), 23), 24), 25), 26), 27), 28), 29), 30), 31), 32), 33), 34), 35), 36), 37), 38) және 39) тармақшаларын, 5-тармағының 1), 7), 8), 9), 11), 12), 13), 14), 15) және 16) тармақшаларын, 22-тармағын, 24-тармағының 4) тармақшасын, 26-тармағы 2) тармақшасының екінші және үшінші абзацтарын, 3) тармақшасын, 4) тармақшасының екінші және төртінші абзацтарын, 10) тармақшасының жетінші және сегізінші абзацтарын, 11) тармақшасының екінші - алтыншы, оныншы және он бірінші абзацтарын, 12) тармақшасының екінші және үшінші абзацтарын, 17) тармақшасының төртінші абзацын, 18) тармақшасын және 30-тармағын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
2. Осы Заңның 1-бабының 15-тармағы 2023 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады деп белгіленсін.
2022.30.12. № 177-VІІ ҚР Заңымен 3-тармақпен толықтырылды (2022 ж. 31 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді)
3. Осы Заңның 1-бабының 3-тармағы 21) тармақшасының он екінші - жиырма бесінші, жиырма жетінші - отыз бірінші, отыз үшінші - отыз бесінші, қырық алтыншы - елу бесінші, алпысыншы - алпыс төртінші және алпыс алтыншы абзацтары Қазақстан Республикасының тексерулер жүргізу тәртібін регламенттейтін заңдары қолданысқа енгізілген күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының осы заңдары қолданысқа енгізілгенге дейін бақылау және қадағалау органдары осы тексерулерді 2022 жылғы 31 желтоқсанға қолданыста болатын тәртіпке сәйкес жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. ТОҚАЕВ
Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2021 жылғы 30 желтоқсан
№ 95-VII