42) осы Кодекстің 291-бабы 1-тармағының 2) және 3) тармақшаларында айқындалған дербес білім беру ұйымымен еңбек қатынастарында тұрмаған, бірақ осы Кодекстің 291-бабы 1-тармағының 1) - 5) тармақшаларында айқындалған басқа дербес білім беру ұйымымен еңбек қатынастарында тұрған жеке тұлғаны оқуға, біліктілігін арттыруға немесе қайта даярлауға осындай шығыстарды жүзеге асыратын дербес білім беру ұйымының шешімімен, мамандық көрсетіле отырып жіберілген кезде осы дербес білім беру ұйымының шығыстары:
жеке тұлғаны оқытуға, біліктілігін арттыруға немесе қайта даярлауға ақы төлеуге нақты жұмсалған шығыстар;
уәкілетті орган белгілеген нормалар шегінде жеке тұлғаның тұруына нақты жұмсалған шығыстар;
жеке тұлға оқуға түскен кезде оқу орнына баруға және оқу, біліктілігін арттыру немесе қайта даярлау аяқталғаннан кейін кері қайтуына нақты жұмсалған шығыстар;
дербес білім беру ұйымы:
оқитын адамның Қазақстан Республикасының шегінде оқудан, біліктілігін арттырудан немесе қайта даярлаудан өту мерзімі ішінде - жеке тұлға оқудан, біліктілігін арттырудан немесе қайта даярлаудан өткен әрбір күнтізбелік күн үшін республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 6 еселенген мөлшері;
оқитын адамның Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде оқудан, біліктілігін арттырудан немесе қайта даярлаудан өту мерзімі ішінде - жеке тұлға оқудан, біліктілігін арттырудан немесе қайта даярлаудан өткен әрбір күнтізбелік күн үшін республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 8 еселенген мөлшері шегінде жеке тұлғаға төлеуге тағайындаған ақша сомасы;
43) осы Кодекстің 291-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында айқындалған дербес білім беру ұйымы жұмсаған мынадай түрдегі төлемдер:
мынадай білім беру деңгейлері бойынша күндізгі оқу нысаны бойынша білім беру бағдарламасында көзделген оқуға және (немесе) кәсіптік практикадан өтуге ақы төлеуге нақты жұмсалған шығыстар:
орта білімнен кейінгі білім беру;
жоғары білім беру;
жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру;
сабақтан тыс қызмет іс-шарасына қатысуға ақы төлеуге нақты жұмсалған шығыстар;
жол жүруге және бронь үшін шығыстарды растайтын құжаттар (оның ішінде құнын төлеу фактісін растайтын құжат болған кезде электрондық билет) негізінде - бронь үшін шығыстарға ақы төлеуді қоса алғанда, осы тармақшада көзделген оқу және (немесе) кәсіптік практикадан өту орнына, сондай-ақ сабақтан тыс қызмет іс-шарасы өтетін орынға баруға және кері қайтуға нақты жұмсалған шығыстар;
уәкілетті орган белгілеген нормалар шегінде жеке тұлғаның тұруына нақты жұмсалған шығыстар;
мынадай:
жеке тұлға Қазақстан Республикасының шегінде жіберілген кезде осы Кодекстің 291-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында айқындалған дербес білім беру ұйымының шешімінде көзделген мерзім ішінде - оқыған және (немесе) кәсіптік практикадан өткен, сабақтан тыс қызмет іс-шарасына қатысқан әрбір күні үшін республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 6 еселенген мөлшері;
жеке тұлға Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге жіберілген кезде осы Кодекстің 291-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында айқындалған дербес білім беру ұйымының шешімінде көзделген мерзім ішінде - оқыған және (немесе) кәсіптік практикадан өткен, сабақтан тыс қызмет іс-шарасына қатысқан әрбір күні үшін республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 8 еселенген мөлшері;
растайтын құжаттар негізінде, келуге және кетуге арналған рұқсатты (визаны) ресімдеу кезінде жұмсалған шығыстар (визаның, консулдық көрсетілетін қызметтердің, міндетті медициналық сақтандырудың құны) шегінде жеке тұлғаға төлеуге тағайындалған ақша сомалары.
Осы тармақшаның ережелері осы Кодекстің 291-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында айқындалған дербес білім беру ұйымы шешім қабылдаған күніне және оқу және (немесе) кәсіптік практикадан өту, сабақтан тыс қызмет іс-шарасына қатысу кезеңінде мұндай дербес білім беру ұйымында:
дайындық бөлімінде;
мынадай білім беру деңгейлері:
мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды қамтитын бастауыш мектеп;
негізгі мектеп;
жоғарғы мектеп;
мынадай білім беру деңгейлері:
орта білімнен кейінгі білім беру;
жоғары білім беру;
жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бойынша күндізгі оқу нысаны бойынша оқитын жеке тұлғаларға қолданылады;
44) осы Кодекстің 291-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында айқындалған дербес білім беру ұйымының дайындық бөлімінде оқитын жеке тұлға, каникул кезеңін қоспағанда, оқу жылының әрбір күні үшін республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 2 еселенген мөлшері шегінде тамақтануға шығыстарды төлеу (өтеу) түрінде алған материалдық пайда;
45) осы Кодекстің 291-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында айқындалған дербес білім беру ұйымында күндізгі оқу нысаны бойынша оқитын жеке тұлға:
медициналық сақтандыруға, оның ішінде ауырған жағдайдан ерікті сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру сыйлықақыларына ақы төлеуге;
осы Кодекстің 291-бабының 1-тармағында айқындалған дербес білім беру ұйымының жатақханасында тұруға шығыстарды төлеу (өтеу) түрінде алған материалдық пайда;
46) байланыс операторы абонент қолма-қол ақшасыз операцияларды жүзеге асырғаны үшін абоненттің мобильдік балансына байланыс операторының қаражаты есебінен есепке жатқызатын сома;
47) резидент-жеке тұлғаның кірістерінен есептелген және салық агенті оны ұстап қалмай, өз қаражаты есебінен төлеген, осы Кодекстің ережелеріне сәйкес жеке табыс салығының, «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті зейнетақы жарналарының сомалары;
48) операторы Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы болып табылатын Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамыту саласындағы мемлекеттік бағдарламаға, Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен бағдарламаларға сәйкес кәсіпкерлік субъектілерді мемлекеттік қаржылай емес қолдау түрінде бюджеттік қаражат есебінен алынған көрсетілетін қызметтердің құны;
49) талап ету құқығын екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын, Қазақстан Республикасының Үкіметі жалғыз акционері болып табылатын ұйым иемденген кредит (қарыз) бойынша міндеттемелер тоқтатылған кезде түзілген:
негізгі борышты кешіру;
сыйақы, комиссия, тұрақсыздық айыбы (өсімпұл, айыппұл) бойынша берешекті кешіру түріндегі кіріс.
320-бап. Салық мөлшерлемелері
1. Осы баптың 2-тармағында көрсетiлген кірістерді қоспағанда, салық төлеушiнiң кірістеріне 10 пайыз мөлшерлеме бойынша салық салынады.
2. Қазақстан Республикасындағы көздерден алынған дивидендтер түрiндегi кірістерге 5 пайыз мөлшерлеме бойынша салық салынады.
321-бап. Жеке тұлғаның жылдық кірісіне кіретін кірістер
Жеке тұлғаның жылдық кірісіне мынадай кірістерінің барлық түрі кіреді:
1) жұмыскердің кірісі, оның ішінде үй жұмыскерінің кірісі және резидент-еңбекші көшіп келушінің кірісі;
2) дара кәсіпкер, жеке практикамен айналысатын адам болып табылмайтын жеке тұлға алған мүліктік кірістен басқа, тауарларды өткізуден, жұмыстарды орындаудан, қызметтерді көрсетуден түсетін кіріс;
3) жеке тұлға алған тауарлардың, орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің құнын үшінші тұлғаның төлеуі түріндегі кіріс;
4) жеке тұлға алдындағы берешекті өтеу есебіне орындалған, көрсетілген жұмыстар, қызметтер түріндегі кіріс;
5) өтеусіз алынған мүлік, оның ішінде жұмыстар, көрсетілетін қызметтер түріндегі кіріс;
6) борышты кешіру түріндегі кіріс;
7) есептен шығарылған айыппұлды, өсімпұлды және басқа да санкция түрлерін қоспағанда, борышкерге қойылатын талап мөлшерін азайту түріндегі кіріс;
8) репо операциялары бойынша сыйақы төлеу түріндегі кіріс;
9) зейнетақы төлемдері түріндегі кіріс;
10) дивидендтер, сыйақылар, ұтыстар түріндегі кіріс;
11) стипендия түріндегі кіріс;
12) жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша кіріс;
13) мүліктік кіріс;
14) дара кәсіпкердің кірісі;
15) жеке практикамен айналысатын адамның кірісі;
16) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шаруашылық бойынша есепке алу кітабында есепке алынған жеке қосалқы шаруашылықтан түсетін, салық салуға жататын, жеке қосалқы шаруашылықпен айналысатын тұлғаның салық агентіне анық емес мәліметтерді ұсынуына байланысты төлем көзінен жеке табыс салығын ұстап қалу жүргізілмеген кірістер;
17) осы баптың 1) - 16) тармақшаларында көрсетілмеген, салық агентінен немесе Қазақстан Республикасының шегінен тыс жердегі көздерден алынған басқа да кірістер;
18) бақыланатын шетелдік компаниялардың немесе бақыланатын шетелдік компаниялар тұрақты мекемелерінің осы Кодекстің 340-бабына сәйкес айқындалатын жиынтық пайдасы.
36-тарау. Кірістер
1-параграф. Төлем көзінен салық салуға жататын кірістер
322-бап. Жұмыскердің кірісі
1. Салық агенті болып табылатын жұмыс беруші есепке жазған және, оның ішінде Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасына сәйкес жұмыс берушінің бухгалтерлік есебінде шығыстар (шығындар) ретінде танылған мынадай кірістер жұмыскердің салық салуға жататын кірістері болып табылады:
1) еңбек қатынастарының болуына байланысты жұмыс беруші жұмыскердің меншігіне беруге жататын, қолма-қол және (немесе) қолма-қол емес нысандарындағы ақша;
2) осы Кодекстің 323-бабына сәйкес жұмыскердің заттай нысандағы кірістері;
3) осы Кодекстің 324-бабына сәйкес жұмыскердің материалдық пайда түріндегі кірістері.
2. Қазақстан Республикасының немесе шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес жасалған еңбек шарты (келісімшарты) бойынша алынған (алуға жататын) кіріс салық агенттері болып табылмайтын тұлғалардан алынған (алуға жататын) жұмыскердің салық салуға жататын кірісі болып табылады.
3. Жұмыскердің салық салуға жататын кірісіне мынадай кірістер жатпайды:
1) жеке тұлғаның салық агентінен алатын кірісі;
2) зейнетақы төлемдерi түріндегі кіріс;
3) дивидендтер, сыйақылар, ұтыстар түрiндегi кіріс;
4) стипендиялар;
5) жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша кіріс;
6) жеке тұлға дербес салық салуға жататын кірістер.
323-бап. Жұмыскердiң заттай нысандағы кірісі
Мыналар жұмыскердiң салық салуға жататын, заттай нысандағы кірісі болып табылады:
1) тауарлардың, бағалы қағаздардың, қатысу үлесінің және еңбек қатынастарының болуына байланысты жұмыс беруші жұмыскердің меншігіне беруге жататын өзге де мүліктің (ақшадан басқа) құны. Мұндай мүліктің құны қосылған құн салығы мен акциздердің тиісті сомасы ескеріле отырып, мынадай мөлшерде айқындалады:
мүліктің баланстық құны;
мұндай мүліктің баланстық құны болмаған жағдайда, мүліктің жұмыскерге берілуіне негіз болған шартта немесе өзге құжатта айқындалған мүлік құны;
2) еңбек қатынастарының болуына байланысты жұмыс берушінің жұмыскер пайдасына жұмыстарды орындауы, қызметтерді көрсетуі. Орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің құны қосылған құн салығы мен акциздердің тиісті сомасы ескеріле отырып, жұмыс берушінің осындай жұмыстарды орындауға, қызметтерді көрсетуге байланысты шеккен шығыстары мөлшерінде айқындалады;
3) жұмыс берушіден өтеусіз негізде алынған мүліктің құны. Жұмыскер жұмыс берушіден өтеусіз негізде алған, орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің құны жұмыс берушінің осындай жұмыстарды орындауға, қызметтерді көрсетуге байланысты шеккен шығыстары мөлшерінде айқындалады;
4) жұмыскер жұмыс берушіден немесе үшінші тұлғалардан алған тауарлардың, орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің құнын жұмыс берушiнiң жұмыскерге немесе үшінші тұлғаларға төлеуi. Мұндай тауарлардың, орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің құны қосылған құн салығы мен акциздердің тиісті сомасы ескеріле отырып, жұмыс берушінің осындай жұмыстарды орындауға, қызметтерді көрсетуге байланысты шеккен шығыстары мөлшерінде айқындалады.
324-бап. Жұмыскердiң материалдық пайда түрiндегi кірісі
Мыналар, оның ішінде:
1) жұмыскерге тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу кезінде - жұмыскерге өткізілген тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің құны мен осы тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтердi сатып алу бағасы немесе олардың баланстық құны арасындағы терiс айырма;
2) жұмыскерге борыш сомасын есептен шығару кезінде - жұмыс берушiнiң шешiмi бойынша борыш сомасын немесе жұмыскердің оның алдындағы міндеттемесін есептен шығару;
3) сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру сыйлықақыларының сомасын төлеу кезінде - жұмыс берушiнің өз жұмыскерлерiнің, оның ішінде жұмыскерлер жасасқан сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру сыйлықақыларын төлеуге шығыстары;
4) жұмыскерге шығындарды өтеу кезінде - жұмыскердің жұмыс берушiнің қызметiмен байланысты емес шығындарын өтеуге жұмыс берушiнің шығыстары жұмыскердiң салық салуға жататын, материалдық пайда түріндегі кірісі болып табылады.
325-бап. Өтеусіз алынған мүлік, оның ішінде жұмыстар, көрсетілетін қызметтер түріндегі кіріс
Өтеусіз алынған мүлік, оның ішінде жұмыстар, көрсетілетін қызметтер түріндегі кіріс қосылған құн салығы мен акциздердің тиісті сомасы ескеріле отырып, мынадай мөлшерде айқындалады:
мүліктің баланстық құны;
мұндай мүліктің баланстық құны болмаған жағдайда, мүліктің жеке тұлғаға берілуіне негіз болған шартта немесе өзге құжатта айқындалған мүлік құны.
326-бап. Зейнетақы төлемдері түріндегі кіріс
Салық салуға жататын, зейнетақы төлемдері түріндегі кіріске бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорлары:
1) салық төлеушілердің:
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес міндетті зейнетақы жарналары;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары;
ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт талаптарына сәйкес ерікті зейнетақы жарналары есебінен қалыптасқан зейнетақы жинақтарынан;
2) «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес зейнеткерлік жасқа толған және Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге тұрақты тұрғылықты жерге кеткен Қазақстан Республикасының резидент-жеке тұлғаларына;
3) «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес зейнеткерлік жасқа толмаған және Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге тұрақты тұрғылықты жерге кеткен Қазақстан Республикасының резидент-жеке тұлғаларына;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мұраға қалған зейнетақы жинақтары түрінде жеке тұлғаларға;
5) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен зейнетақы жинақтары бар қайтыс болған адамды жерлеуге арналған біржолғы төлем түрінде жеке тұлғаларға жүзеге асыратын төлемдер жатады.
327-бап. Дивидендтер, сыйақылар, ұтыстар түріндегі кіріс
Мыналар салық салуға жататын, дивидендтер, сыйақылар, ұтыстар түріндегі кіріс болып табылады:
1) осы Кодекстің 1-бабы 1-тармағының 16) тармақшасында айқындалған, төленген (төлуге жататын) дивидендтер;
2) төленген (төлуге жататын) сыйақылар;
3) төленген (төлуге жататын) ұтыстар.
Осы бөлімнің мақсаттары үшін салық салуға жататын, дивидендтер түріндегі кіріске сенімгерлік басқару құрылтайшысының сенімгерлік басқарудан түсетін, сенімгерлік басқарушы болып табылатын заңды тұлғадан алған таза кірісі де жатады.
328-бап. Стипендия түріндегі кіріс
Салық агенті:
Қазақстан Республикасының білім саласындағы заңнамасына сәйкес білім беру ұйымдарындағы білім алушыларға;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мәдениет, ғылым қайраткерлеріне, бұқаралық ақпарат құралдарының жұмыскерлеріне және басқа да жеке тұлғаларға төлеуге тағайындаған ақша сомасы салық салуға жататын, стипендия түріндегі кіріс болып табылады.
329-бап. Жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша кіріс
Мыналар салық салуға жататын, жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша кіріс болып табылады:
1) сақтандыру ұйымдары жүзеге асыратын, сақтандыру сыйлықақылары:
бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларындағы зейнетақы жинақтары есебінен;
жеке тұлға жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша өз пайдасына енгізетін сақтандыру сыйлықақылары есебінен;
жұмыс беруші жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша жұмыскердің пайдасына енгізетін сақтандыру сыйлықақылары есебінен төленген сақтандыру төлемдері;
2) осындай шарттар мерзімінен бұрын тоқтатылған жағдайларда төленетін өтеу сомалары;
3) сақтандыру ұйымы жүзеге асыратын сақтандыру төлемдері сомасының осы баптың 1) тармақшасында көрсетілмеген қаражат есебінен төленген сақтандыру сыйлықақыларының сомасынан асып кетуі.
2-параграф. Жеке тұлға дербес салық салуға жататын кірістер
330-бап. Мүліктік кіріс
1. Жеке тұлғаның салық салуға жататын мүліктік кірісіне мыналар жатады:
1) жеке тұлға осы Кодекстің 331-бабында көрсетілген Қазақстан Республикасындағы мүлікті өткізу кезінде құн өсімінен түсетін кіріс;
2) жеке тұлғаның Қазақстан Республикасының шегінен тыс жердегі көздерден алынған мүлікті өткізуден түсетін кірісі;
3) жеке тұлға осы Кодекстің 333-бабында көрсетілген мүлікті (ақшадан басқа) жарғылық капиталға салым ретінде беру кезінде құн өсімінен түсетін кіріс;
4) дара кәсіпкер болып табылмайтын жеке тұлға мүлікті салық агенттері болып табылмайтын тұлғаларға мүліктік жалдауға (жалға) беруден алған кіріс;
5) талап ету құқығын, оның ішінде тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарт бойынша тұрғын үйдегі (ғимараттағы) үлесті талап ету құқығын басқаға беруден түсетін кіріс;
6) шағын бизнес субъектілері үшін не шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкердің осы Кодекстің 334-бабында көрсетілген өзге активтерді өткізуі кезінде құн өсімінен түсетін кіріс.
2. Осы баптың 1-тармағы 1), 2) және 3) тармақшаларының ережелері жеке тұлғаларға, оның ішінде шағын бизнес субъектілері үшін не шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлерге қатысты қолданылады.
3. Мүліктік кіріс дара кәсіпкердің кірісі, жеке практикамен айналысатын адамның кірісі болып табылмайды.
331-бап. Жеке тұлғаның Қазақстан Республикасындағы мүлікті өткізуі кезінде құн өсімінен түсетін кіріс
1. Жеке тұлғаның мүлікті өткізуі кезінде құн өсімінен түсетін кіріс мынадай мүлікті өткізген кезде туындайды:
1) меншік құқығы тіркелген күннен бастап бір жылдан аз уақыт Қазақстан Республикасының аумағында меншік құқығында болған тұрғынжайлар, саяжай құрылыстары, гараждар, жеке қосалқы шаруашылық объектілері;
2) меншік құқығы туындаған күннен бастап өткізу күніне дейін нысаналы мақсаты жеке тұрғын үй құрылысы, саяжай құрылысы, жеке қосалқы шаруашылық жүргізу, гараж салу болып табылатын, осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген объектілер орналасқан, меншік құқығы тіркелген күннен бастап бір жылдан аз уақыт Қазақстан Республикасының аумағында меншік құқығында болған жер учаскелері және (немесе) жер үлестері;
3) меншік құқығы туындаған күннен бастап өткізу күніне дейін нысаналы мақсаты жеке тұрғын үй құрылысы, саяжай құрылысы, жеке қосалқы шаруашылық, бақ шаруашылығын жүргізу, гараж салу болып табылатын, осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген объектілер орналаспаған, меншік құқығы тіркелген күннен бастап бір жылдан аз уақыт Қазақстан Республикасының аумағында меншік құқығында болған жер учаскелері және (немесе) жер үлестері;
4) осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларында көрсетілмеген, Қазақстан Республикасының аумағындағы, нысаналы мақсаты бар жер учаскелері және (немесе) жер үлестері;
5) Қазақстан Республикасының аумағындағы инвестициялық алтын;
6) осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көрсетілгенді қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағындағы жылжымайтын мүлік;
7) бір жылдан аз уақыт меншік құқығында болған, Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіркеуге жататын механикалық көлік құралдары және (немесе) тіркемелер;
8) эмитенттері Қазақстан Республикасында тіркелген бағалы қағаздар, туынды қаржы құралдары (базалық активті сатып алу немесе өткізу арқылы орындалатын туынды қаржы құралдарын қоспағанда), Қазақстан Республикасында тіркелген заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлестері.
2. Осы баптың 1-тармағының 1) - 7) тармақшаларында көрсетілген мүлікті өткізу кезінде мүлікті өткізу бағасы (құны) мен оны сатып алу бағасы (құны) арасындағы оң айырма құн өсімінен түсетін кіріс болып табылады.
Осы тармақтың ережелері осы баптың 5, 6 және 7-тармақтарына сәйкес айқындалатын өтеусіз алынған мүлікті өткізу кезінде құн өсімінен түсетін кіріске қолданылмайды.
3. Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу арқылы сатып алынған жылжымайтын мүлік өткізілген жағдайда, мүлікті өткізу бағасы (құны) мен тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарт бағасы арасындағы оң айырма құн өсімінен түсетін кіріс болып табылады.
4. Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарт бойынша тұрғын ғимараттағы үлесті талап ету құқығын басқаға беру нәтижесінде сатып алынған жылжымайтын мүлік өткізілген жағдайда, мүлікті өткізу бағасы (құны) мен салық төлеуші тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарт бойынша тұрғын ғимараттағы үлесті талап ету құқығын сатып алған құн арасындағы оң айырма құн өсімінен түсетін кіріс болып табылады.
5. Жеке тұлға осы баптың 1-тармағында көрсетілген, бұрын осы Кодекстің 681-бабының 2-тармағына сәйкес өтеусіз алынған мүлік түрінде салық салу объектісіне енгізілген немесе бұрын осы Кодекстің 238-бабына сәйкес өтеусіз алынған мүлік түріндегі кіріс айқындалған мүлікті өткізген жағдайда, мүлікті өткізу бағасы (құны) мен өтеусіз алынған мүліктің бұрын кіріске енгізілген құны арасындағы оң айырма құн өсімінен түсетін кіріс болып табылады.
6. Жеке тұрғын үйді өткізетін тұлға салған жеке тұрғын үй, сондай-ақ осы баптың 1-тармағының 1) - 7) тармақшаларында көрсетілген, мұра, қайырымдылық көмек түрінде алынған мүлік өткізілген жағдайларда (осы баптың 5-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда), мүлікті өткізу бағасы (құны) мен меншік құқығы туындаған күнге өткізілетін мүліктің нарықтық құны арасындағы оң айырма құн өсімінен түсетін кіріс болып табылады.
Бұл ретте мұндай нарықтық құнды салық төлеуші осындай мүлік өткізілген салықтық кезең үшін жеке табыс салығы бойынша декларацияны тапсыруға белгіленген мерзімнен кешіктірмей айқындауға тиіс. Осы тармақтың мақсатында Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заңнамасына сәйкес бағалаушы мен салық төлеуші арасындағы шарт бойынша жүргізілген бағалау туралы есепте айқындалған құн нарықтық құн болып табылады.
7. Осы баптың 6-тармағында көрсетілген жағдайда осы баптың 1-тармағының 1) - 7) тармақшаларында көрсетілген өткізілген мүлікке меншік құқығы туындаған күнге айқындалған нарықтық құны болмаған кезде не нарықтық құнды айқындаудың осы баптың 6-тармағында белгіленген мерзімі сақталмаған кезде, сондай-ақ осы баптың 6-тармағында көрсетілмеген, мүлікті сатып алу бағасы (құны) болмаған басқа да жағдайларда, мыналар құн өсімінен түсетін кіріс болып табылады:
1) осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген мүлік бойынша - мүлікті өткізу бағасы (құны) мен бағалау құны арасындағы оң айырма. Бұл ретте «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы өткізілген мүлікке меншік құқығы туындаған жылдың 1 қаңтарына мүлік салығын есептеу үшін айқындаған құн бағалау құны болып табылады;