3) бақылау-касса машинасын техникалық ақауына байланысты одан әрі қолдану мүмкін болмаған;
4) бақылау-касса машинасы мемлекеттік тізілімнен алып тасталған;
5) бақылау-касса машинасының техникалық жағынан жарамды моделі бақылау-касса машинасының жаңа моделіне ауыстырылған;
6) ішкі істер органдарына берілген ұрланғаны туралы өтініштің көшірмесі және (немесе) Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарында жарияланған жоғалғаны туралы хабарландырудың көшірмесі болған кезде бақылау-касса машинасы ұрланған, жоғалған;
7) Қазақстан Республикасының салық заңнамасына қайшы келмейтін өзге де жағдайларда жүргізіледі.
2. Аппараттық-бағдарламалық кешендерді қоспағанда, бақылау-касса машинасын есептен шығару үшін ол пайдаланылатын жердегі салық органына:
1) бақылау-касса машинасын есептен шығару туралы салықтық өтініш;
2) бақылау-касса машинасы;
3) нөмірленген, тігілген, лауазымды адамның қолымен және салық органының мөрімен куәландырылған қолма-қол ақшаны есепке алу кітабы;
4) нөмірленген, тігілген, лауазымды адамның қолымен және салық органының мөрімен куәландырылған тауар чектерінің кітабы;
5) бақылау-касса машинасының тіркеу карточкасы ұсынылады.
Осы тармақтың бірінші бөлігі 3) тармақшасының ережесі деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарына қолданылмайды.
3. Аппараттық-бағдарламалық кешен болып табылатын бақылау-касса машинасын есептен шығару үшін салық төлеуші салық органына осындай бақылау-касса машинасын есептен шығару туралы салықтық өтінішті, бақылау-касса машинасының тіркеу карточкасын ұсынады және «Салық инспекторының жұмыс орны» модуліне қол жеткізуді қамтамасыз етеді.
4. Бақылау-касса машинасын есептен шығаруды салық органы бақылау-касса машинасын есептен шығару туралы салықтық өтінішті алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жүргізеді.».
24-бап. Салық кодексінің 172-бабы 15-тармағы 4) тармақшасының қолданысы 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұру кезеңінде осы тармақша мынадай редакцияда қолданылады деп белгiленсін:
«4) акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлеріне ілеспе жүкқұжаттарын ресімдеу қағидалары акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлерін өндіруді және олардың айналымын реттейтін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес белгіленеді.».
25-бап. Салық кодексінің 204-бабы 2-тармағының қолданысы 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұру кезеңінде осы тармақ мынадай редакцияда қолданылады деп белгiленсін:
«2. Салық төлеуші (салық агенті) салық нысандарын қағаз және (немесе) электрондық жеткізгіштерде қазақ және (немесе) орыс тілдерінде жасайды, қол қояды, (Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда мөрмен не электрондық цифрлық қолтаңбамен) куәландырады.».
26-бап. Салық кодексінің 206-бабы 3-тармағы бірінші абзацының қолданысы 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұру кезеңінде осы абзац мынадай редакцияда қолданылады деп белгiленсін:
«3. Импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі декларацияны, тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтінішті қоспағанда, салықтық есептілік мынадай түрлерге бөлінеді:».
27-бап. Салық кодексінің 213-бабы 7-тармағы 2) тармақшасының қолданысы 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұру кезеңінде осы тармақша мынадай редакцияда қолданылады деп белгiленсін:
«2) ойын бизнесі салығын және (немесе) тіркелген салықты төлеушіге;».
28-бап. Салық кодексінің 228-бабы 6-тармағы бірінші абзацының қолданысы 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұру кезеңінде осы абзац мынадай редакцияда қолданылады деп белгiленсін:
«6. Егер осы баптың 9-тармағында өзгеше белгіленбесе, осы баптың 2-тармағының 1) - 6) және 8) тармақшаларында көрсетілген активтердің бастапқы құны мынадай тәртіппен айқындалады:».
29-бап. Салық кодексінің 232-бабы 5-тармағы бірінші абзацының және 4) мен 5) тармақшаларының қолданысы 2027 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұру кезеңінде осы нормалар мынадай редакцияда қолданылады деп белгiленсін:
«5. Есепті және (немесе) алдыңғы салықтық кезеңдерде шегерімге жатқызылған провизиялар (резервтер) сомасы борышкерге қойылатын талаптар мөлшерi мынадай жағдайларда азайтылған кезде осы Кодекстiң 250-бабының 1, 2, 3, 6 және 7-тармақтарына сәйкес провизияларды (резервтердi) құру бойынша шығыстар сомасын шегеруге құқығы бар салық төлеушi құрған провизиялардың (резервтердiң) мөлшерлерiн төмендетуден түсетiн кiрiс деп танылмайды:»;
«4) борышкердің және осы Кодекстің 250-бабының 1, 2, 3, 6 және 7-тармақтарына сәйкес провизияларды (резервтерді) құру бойынша шығыстар сомасын шегеруге құқығы бар салық төлеуші алдында борышкермен бірлесіп ортақ немесе субсидиарлық жауапкершілігі бар үшінші тұлғалардың өндіріп алуды қолдануға болатын мүлкі, оның ішінде ақшасы, бағалы қағаздары, немесе кірістері болмаған және оның мүлкін немесе кірістерін анықтау бойынша сот орындаушысы қолданған, Қазақстан Республикасының атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы заңнамасында көзделген шаралар нәтижесіз болған жағдайда, сот орындаушысының осы Кодекстің 250-бабының 1, 2, 3, 6 және 7-тармақтарына сәйкес провизияларды (резервтерді) құру бойынша шығыстар сомасын шегеруге құқығы бар салық төлеушіге атқарушылық құжатты қайтару туралы қаулысының заңды күшіне енуі;
5) осы Кодекстің 250-бабының 1, 2, 3, 6 және 7-тармақтарына сәйкес провизияларды (резервтерді) құру бойынша шығыстар сомасын шегеруге құқығы бар салық төлеушіге борышкердің мүлкіне, оның ішінде ақшасына, бағалы қағаздарына, немесе кірістеріне өндіріп алуды қолданудан бас тарту туралы сот шешімінің заңды күшіне енуі;».
30-бап. Салық кодексінің 250-бабы 1-тармағы бірінші бөлігінің қолданысы 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұру кезеңінде осы бөлік мынадай редакцияда қолданылады деп белгiленсін:
«1. Егер осы Кодекстің 232-бабының 3-тармағында өзгеше белгіленбесе, ұлттық даму институты болып табылатын, акцияларының бақылау пакеті ұлттық басқарушы холдингке тиесілі банкті қоспағанда, банктердің халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес және уәкілетті органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі айқындаған тәртіппен құрылған провизиялар (резервтер) бойынша шығыстар сомасын шегеруге құқығы бар.».
31-бап. Салық кодексінің 257-бабы 2-тармағының қолданысы 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұру кезеңінде осы тармақ мынадай редакцияда қолданылады деп белгiленсін:
«2. Салық төлеушінің осы Кодекстің 319-бабы 2-тармағының 1), 5), 7), 8), 9), 10) және 12) тармақшаларында, 341-бабы 1-тармағының 42) және 44) тармақшаларында айқындалған, жеке тұлғаларға төлемдер түріндегі шығыстары шегерімге жатады.».
2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 31-1-баппен толықтырылды
31-1-бап. Салық кодексінің 268-бабы 7-тармағының қолданысы 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап 2021 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұру кезеңінде осы тармақ мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
«7. Осы тармақтың екінші және үшінші бөліктерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, салық төлеушіні бірігу, қосылу, бөліну немесе бөлініп шығу арқылы қайта ұйымдастыруға байланысты тіркелген актив алынған кезде, осы баптың 2-тармағының негізінде тіркелген активтердің бастапқы құнына қосылмайтын шығындарды (шығыстарды) қоспағанда, халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес бастапқы тану кезінде осындай активтің құнын ұлғайтатын іс жүзіндегі шығындар есепке алына отырып, осындай активтің беру актісінде немесе бөлу балансында көрсетілген баланстық құны оның бастапқы құны болып табылады.
Берiлетiн тiркелген активтердiң салықтық есепке алу деректерi бойынша құны осы Кодекстiң 270-бабының 6-тармағының екiншi бөлiгiне сәйкес беру актiсiнде көрсетiлген жағдайда, бірігу арқылы құрылып, жаңадан пайда болған заңды тұлғаның немесе өзіне басқа заңды тұлға қосылған заңды тұлғаның кiшi тобының (тобының) құндық балансы осындай құнға ұлғайтылады.
Берiлетiн тiркелген активтердiң салықтық есепке алу деректерi бойынша құны осы Кодекстiң 270-бабы 6-тармағының екінші және үшiншi бөлiктерiне сәйкес беру актiсiнде көрсетiлген жағдайда, осындай құн Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешіміне сәйкес бөлініп шығу арқылы немесе қайта ұйымдастырылу күнінде ірі салық төлеушілер мониторингінде болған заңды тұлғадан бөлініп шығу арқылы құрылып, жаңадан пайда болған заңды тұлғаның кiшi тобының (тобының) құндық балансына қосылады.».
2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 31-2-баппен толықтырылды
31-2-бап. Салық кодексінің 270-бабы 6-тармағының қолданысы 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап 2021 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұру кезеңінде осы тармақ мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
«6. Егер осы тармақта өзгеше көзделмесе, тіркелген активтер бірігу, қосылу, бөліну немесе бөлініп шығу арқылы қайта ұйымдастыру нәтижесінде шығып қалған кезде қайта ұйымдастырылатын заңды тұлғаның кіші тобының (тобының) құндық балансы берілген активтердің беру актісінде немесе бөлу балансында көрсетілген баланстық құнына азайтылады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешіміне сәйкес заңды тұлғаны бөлініп шығу арқылы немесе қайта ұйымдастырылу күнінде ірі салық төлеушілер мониторингінде болған заңды тұлғадан бөлініп шығу арқылы қайта ұйымдастыру кезінде, сондай-ақ бірігу, қосылу арқылы қайта ұйымдастыру кезінде салық төлеушілер салықтық есепке алу мақсаттары үшін, беру актісінде берілетін тіркелген активтердің қайта ұйымдастырылатын заңды тұлғаның салықтық есепке алу деректері бойынша құнын:
1) I топтың тіркелген активтері бойынша - тіркелген активтердің осы Кодекстің 267-бабының 3-тармағында айқындалған тәртіппен есептелген қалдық құнын;
2) II, III, ІV топтардың тіркелген активтері бойынша топтың барлық тіркелген активтерін беру шартымен - топтың құндық балансының осы Кодекстің 267-бабының 8-тармағында айқындалған тәртіппен есептелген шамасын көрсетуге құқылы. Осы тармақшаның ережелері осы Кодекстің 194-бабында көзделген бөлек салықтық есепке алуды жүргізу қағидаларына сәйкес қалыптастырылатын топтардың құндық баланстарына қатысты да қолданылады.
Осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген жағдайларда, бірігу, қосылу, сондай-ақ бөлініп шығу арқылы қайта ұйымдастырылатын заңды тұлғаның кіші тобының (тобының) құндық балансы берілетін тіркелген активтердің осы тармаққа сәйкес беру актісінде көрсетілген салықтық есепке алу деректері бойынша құнына азайтылады.».»;
32-бап. Салық кодексінің 287-бабы 1-тармағы бірінші абзацының қолданысы 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұру кезеңінде осы абзац мынадай редакцияда қолданылады деп белгiленсін:
«1. Егер осы Кодекстің 232-бабының 3-тармағында өзгеше белгіленбесе, кірістер немесе шегерімдер мынадай жағдайларда:».
2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 32-1-баппен толықтырылды
32-1-бап. Салық кодексінің 294-бабы 1-тармағының қолданысы 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұру кезеңінде осы тармақ мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
«1. Бір мезгілде мынадай шарттарға сәйкес келетін тұлға:
1) осындай тұлға мынадай тұлғалардың бірі:
Қазақстан Республикасы қосарланған салық салуды болғызбау және салықтарды төлеуден жалтаруға жол бермеу мәселелерін реттейтін халықаралық шарт жасасқан шет мемлекетте тіркелген бейрезидент-заңды тұлғаны қоспағанда, бейрезидент-заңды тұлға;
Қазақстан Республикасы қосарланған салық салуды болғызбау және салықтарды төлеуден жалтаруға жол бермеу мәселелерін реттейтін халықаралық шарт жасасқан шет мемлекетте тіркелген ұйымның өзге нысанын қоспағанда, заңды тұлғаны құрмай кәсіпкерлік қызметті ұйымдастырудың өзге шетелдік нысаны (бұдан әрі - ұйымның өзге нысаны) болып табылса;
2) осындай тұлға мынадай шарттардың біріне сай келсе:
тұлғаға қатысу үлесінің (дауыс беретін акциялардың) 25 және одан да көп пайызы Қазақстан Республикасының резиденті болып табылатын заңды немесе жеке тұлғаға (бұдан әрі осы тараудың мақсаттарында - резидент) тікелей немесе жанама немесе конструктивті тиесілі болса;
тұлға резидентпен бақылау арқылы байланысты болса (егер резиденттің тұлғаға тікелей немесе жанама немесе конструктивті бақылауы болған жағдайда);
3) осындай тұлға мынадай шарттардың біріне сай келсе:
осы баптың 4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес айқындалған, бейрезидент-заңды тұлғаның немесе ұйымның өзге нысанының пайдасына салынатын салықтың тиімді мөлшерлемесі 10 пайыздан азды құраса;
бейрезидент-заңды тұлға немесе ұйымның өзге нысаны немесе оның құрылтай құжаты (құрылуы туралы құжаты) немесе өзіне осындай ұйымның өзге нысаны бойынша кірістер мен шығыстарды есепке алуды жүргізу немесе активтерді басқару жүктелген қатысушы жеңілдікті салық салынатын мемлекетте тіркелсе, бақыланатын шетелдік компания болып танылады.
Бақыланатын шетелдік компанияны айқындау мақсаттарында «бақылау» ұғымы осы баптың 4-тармағының 3) тармақшасына сәйкес айқындалады.».
2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 32-2-баппен толықтырылды
32-2-бап. Салық кодексінің 297-бабы 4-тармағының және 10-тармағы 6) тармақшасының қолданысы 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұру кезеңінде осы нормалар мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
«4. Резиденттің растайтын құжаттары болған кезде бақыланатын шетелдік компанияның салық салынғанға дейінгі қаржылық пайдасын мынадай сомаларға азайтуға құқығы бар:
1) егер бақыланатын шетелдік компанияның салық салынғанға дейінгі шоғырландырылған қаржылық пайдасы осындай соманы есепке алған жағдайда, бақыланатын шетелдік компанияның шоғырландырылған қаржылық есептілігінде танылған, топішілік операциялардан болатын пайда (залал) сомасына, қауымдастырылған (бірлескен) ұйымдардың кірістеріндегі үлеске азайтылған еншілес ұйымдардың салық салынғанға дейінгі қаржылық пайдасының (залалының) сомалары. Осы тармақшаның ережесі, егер бақыланатын шетелдік компания тіркелген мемлекеттің заңнамалық актілерінде шоғырландырылмаған жеке қаржылық есептілік жасамай, еншілес (қауымдастырылған, бірлескен) ұйымдардың деректерін көрсете отырып, шоғырландырылған қаржылық есептілік жасау жөнінде міндеттеме белгіленген жағдайда қолданылады;
2) мына формула бойынша айқындалатын шама:
А = ҚП × (К/ЖКС), мұнда:
А - азайту сомасы;
ҚП - бақыланатын шетелдік компанияның салық салынғанға дейінгі қаржылық пайдасының оң шамасы;
К - егер бақыланатын шетелдік компанияның салық салынғанға дейінгі қаржылық пайдасы осы тармақшада көрсетілген салық салынатын кірісті есепке алған жағдайда, бақыланатын шетелдік компанияның филиал, өкілдік, тұрақты мекеме арқылы Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік қызметтен түскен, Қазақстан Республикасында 20 пайыз мөлшерлеме бойынша корпоративтік табыс салығы салынған салық салынатын кірісі;
ЖКС - бақыланатын шетелдік компанияның немесе бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесінің есепті салықтық кезең үшін аудитпен расталған қаржылық есептілікте көрсетілген жиынтық кірісінің сомасы;
3) мына формула бойынша айқындалатын шама:
А = ҚП × (К/ЖКС), мұнда:
А - азайту сомасы;
ҚП - бақыланатын шетелдік компанияның салық салынғанға дейінгі қаржылық пайдасының оң шамасы;
К - егер бақыланатын шетелдік компанияның салық салынғанға дейінгі қаржылық пайдасы осы тармақшада көрсетілген кірісті есепке алған жағдайда, бақыланатын шетелдік компания Қазақстан Республикасындағы көздерден алған, бұдан бұрын Қазақстан Республикасында төлем көзінен 20 пайыз мөлшерлеме бойынша корпоративтік табыс салығы салынған, Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме құрмай қызметтер көрсетуден (жұмыстар орындаудан) түскен кіріс;
ЖКС - бақыланатын шетелдік компанияның немесе бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесінің есепті салықтық кезең үшін аудитпен расталған қаржылық есептілікте көрсетілген жиынтық кірісінің сомасы;
4) мына формула бойынша айқындалатын шама:
А = ҚП × (К/ЖКС), мұнда:
А - азайту сомасы;
ҚП - бақыланатын шетелдік компанияның салық салынғанға дейінгі қаржылық пайдасының оң шамасы;
Д - егер бақыланатын шетелдік компанияның салық салынғанға дейінгі қаржылық пайдасы осындай дивидендтерді қамтыған жағдайда, бақыланатын шетелдік компания Қазақстан Республикасындағы көздерден алған дивидендтер;
ЖКС - бақыланатын шетелдік компанияның немесе бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесінің есепті салықтық кезең үшін аудитпен расталған қаржылық есептілікте көрсетілген жиынтық кірісінің сомасы;
5) мына формула бойынша айқындалатын шама:
А = ҚП × (К/ЖКС), мұнда:
А - азайту сомасы;
ҚП - бақыланатын шетелдік компанияның салық салынғанға дейінгі қаржылық пайдасының оң шамасы;
К - егер бақыланатын шетелдік компанияның салық салынғанға дейінгі қаржылық пайдасы осы тармақшада көрсетілген кірісті қамтыған жағдайда, бақыланатын шетелдік компания Қазақстан Республикасындағы көздерден алған, бұдан бұрын Қазақстан Республикасында төлем көзінен 20 пайыз мөлшерлеме бойынша корпоративтік табыс салығы салынған, осы тармақтың бірінші бөлігінің 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделгеннен өзге кіріс;
ЖКС - бақыланатын шетелдік компанияның немесе бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесінің есепті салықтық кезең үшін аудитпен расталған қаржылық есептілікте көрсетілген жиынтық кірісінің сомасы;
6) мына формула бойынша айқындалатын шама:
А = ҚП × (К/ЖКС), мұнда:
А - азайту сомасы;
ҚП - бақыланатын шетелдік компанияның салық салынғанға дейінгі қаржылық пайдасының оң шамасы;
К - шоғырландырылған топтың біртұтас ұйымдық құрылымына кіретін бақыланатын шетелдік бір компания бақыланатын шетелдік басқа компаниядан алған дивидендтер сомасы. Егер бақыланатын шетелдік бір компанияның қаржылық пайдасы бұдан бұрын Қазақстан Республикасында осындай бақыланатын шетелдік басқа компанияның қаржылық пайдасынан корпоративтік табыс салығы салынған және (немесе) есепті немесе алдыңғы салықтық кезеңде осы баптың 4-тармағының 4) тармақшасына немесе осы тармақшаға сәйкес азайтылған осындай дивидендтерді қамтыған жағдайда;
ЖКС - бақыланатын шетелдік компанияның немесе бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесінің есепті салықтық кезең үшін аудитпен расталған қаржылық есептілікте көрсетілген жиынтық кірісінің сомасы.
Осы тармақтың ережелері жеңілдікті салық салынатын мемлекеттерде тіркелген бақыланатын шетелдік компанияға және (немесе) бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесіне қолданылмайды.»;
«6) осы баптың 4-тармағы бірінші бөлігінің 6) тармақшасын қолдану үшін:
резиденттің бақыланатын шетелдік екі компаниясының арасында дивидендтердің бөлінгенін және төленгенін растайтын құжаттардың көшірмесі;
бақыланатын шетелдік компанияның Қазақстан Республикасында салық салынуға жататын (салық салынған) қаржылық пайдасына резиденттің бақыланатын шетелдік басқа компаниясы төлеген (төлейтін) дивидендтердің қосылғанын растайтын, шет тілде жасалған (қазақ немесе орыс тіліне міндетті түрде аударма жасалған) ішкі құжаттың (құжаттардың) көшірмесі;
бақыланатын шетелдік компанияның қаржылық пайдасынан корпоративтік табыс салығының есептелгенін және төленгенін растайтын құжаттардың көшірмесі;
шоғырландырылған топтың барлық қатысушысының толық атауы, резиденттік елі және қатысу үлестері (дауыс беретін акциялары) көрсетілген құрылымын айқындайтын құжаттар. Осындай құжаттармен қатар сауда тізілімінен (акционерлер тізілімінен) үзінді-көшірме немесе шоғырландырылған топтың қатысушысы тіркелген мемлекеттің заңнамасында көзделген өзге ұқсас құжат ұсынылады.
Осы баптың 3 немесе 4-тармақтарының ережелерін қолданатын резидентте осы тармақта көрсетілген құжаттар немесе олардың көшірмесі бар болуға тиіс.».
33-бап. Мыналар:
1) Салық кодексінің мазмұнындағы 316 - 366-баптары тақырыптарының қолданысы 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұру кезеңінде осы тақырыптар мынадай редакцияда қолданылады деп белгiленсін:
«8-бөлім. Жеке табыс салығы
35-тарау. Жалпы ережелер
316-бап. Төлеушілер
317-бап. Жекелеген жағдайларда кірістерге салық салу ерекшеліктері
318-бап. Салық салу объектілері
319-бап. Жеке тұлғаның жылдық кірісі
320-бап. Салық мөлшерлемелері
321-бап. Жеке тұлғаның жылдық кірісіне кіретін кірістер
36-тарау. Кірістер
1-параграф. Төлем көзінен салық салуға жататын кірістер
322-бап. Жұмыскердің кірісі
323-бап. Жұмыскердiң заттай нысандағы кірісі
324-бап. Жұмыскердiң материалдық пайда түрiндегi кірісі
325-бап. Өтеусіз алынған мүлік, оның ішінде жұмыстар, көрсетілетін қызметтер түріндегі кіріс
326-бап. Зейнетақы төлемдері түріндегі кіріс
327-бап. Дивидендтер, сыйақылар, ұтыстар түріндегі кіріс
328-бап. Стипендия түріндегі кіріс
329-бап. Жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша кіріс
2-параграф. Жеке тұлға дербес салық салуға жататын кірістер
330-бап. Мүліктік кіріс
331-бап. Жеке тұлғаның Қазақстан Республикасындағы мүлікті өткізуі кезінде құн өсімінен түсетін кіріс
332-бап. Жеке тұлғаның мүлікті өткізуден Қазақстан Республикасының шегінен тыс жердегі көздерден алған кірісі
333-бап. Жеке тұлғаның мүлікті (ақшадан басқа) жарғылық капиталға салым ретінде беруі кезінде құн өсімінен түсетін кіріс
334-бап. Шағын бизнес субъектілері үшін не шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимін қолданатын, дара кәсіпкердің өзге активтерді өткізуі кезінде құн өсімінен түсетін кіріс
335-бап. Талап ету құқығын, оның ішінде тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарт бойынша тұрғын ғимараттағы үлесті талап ету құқығын басқаға беруден түсетін кіріс
336-бап. Жеке практикамен айналысатын адамның кірісі
337-бап. Дара кәсіпкердің кірісі
338-бап. Қазақстан Республикасының шегінен тыс жердегі көздерден түсетін басқа да кірістер
339-бап. Бақыланатын шетелдік компания бойынша жалпы ережелер
340-бап. Бақыланатын шетелдік компанияның пайдасына салық салу
3-параграф. Кірісті түзету
341-бап. Кірісті түзету
37-тарау. Салықтық шегерімдер
342-бап. Салықтық шегерімдер бойынша жалпы ережелер
343-бап. Салық агентінде салықтық шегерімдерді қолдану ерекшеліктері
344-бап. Жеке тұлғаның салықтық шегерімдерді дербес қолдану ерекшеліктері
345-бап. Зейнетақы төлемдері және жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша салықтық шегерім
346-бап. Стандартты шегерімдер
347-бап. Ерікті зейнетақы жарналары бойынша салықтық шегерім
348-бап. Медицинаға арналған салықтық шегерім
349-бап. Сыйақылар бойынша салықтық шегерім
38-тарау. Төлем көзінен ұстап қалатын жеке табыс салығы бойынша есептеу, төлеу және салықтық есептілікті ұсыну тәртібі
350-бап. Төлем көзінен ұстап қалатын жеке табыс салығы бойынша жалпы ережелер
351-бап. Жеке табыс салығын есептеу, ұстап қалу және төлеу
352-бап. Мемлекеттік мекемелердің жеке табыс салығын есептеу, ұстап қалу және төлеу ерекшеліктері
353-бап. Төлем көзінен салық салынатын кірісті айқындау
354-бап. Салықтық және есепті кезеңдер
355-бап. Жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бойынша декларация
39-тарау. Жеке тұлға дербес есептейтін жеке табыс салығы бойынша есептеу, төлеу және салықтық есептілікті ұсыну тәртібі
356-бап. Жеке тұлға дербес есептейтін жеке табыс салығы бойынша жалпы ережелер
357-бап. Жеке тұлға дербес салық салуға жататын жеке тұлғаның салық салынатын кірісін айқындау
358-бап. Жеке тұлға дербес салық салуға жататын кірістер бойынша жеке табыс салығын есептеу
359-бап. Шетелдік салықты есепке жатқызу
360-бап. Резидент-еңбекші көшіп келушінің кірісі
361-бап. Салықтық кезең
362-бап. Салықты төлеу мерзімдері
363-бап. Жеке табыс салығы бойынша декларация
364-бап. Декларацияны тапсыру мерзімдері
9-бөлім. Жеке практикамен айналысатын адамның және дара кәсіпкердің кірістерінен жеке табыс салығы
40-тарау. Жеке практикамен айналысатын адамның және жалпыға бірдей белгіленген салық салу режимін қолданатын дара кәсіпкердің кірісі
365-бап. Жеке практикамен айналысатын адамның кірісі