1. | 500-ге дейін | 0,15% |
2. | 501-ден 1000-ды қоса алғанға дейін | 500 гектардан бағалау құнының 0,15 % + 500 гектардан асатын жер алаңынан бағалау құнының 0,3 % |
3. | 1001-ден 1500-ді қоса алғанға дейін | 1000 гектардан бағалау құнының 0,3 % + 1000 гектардан асатын жер алаңынан бағалау құнының 0,45 % |
4. | 1501-ден 3000-ды қоса алғанға дейін | 1500 гектардан бағалау құнының 0,45 % + 1500 гектардан асатын жер алаңынан бағалау құнының 0,6 % |
5. | 3000-нан жоғары | 3000 гектардан бағалау құнының 0,6 % + 3000 гектардан асатын жер алаңынан бағалау құнының 0,75 % |
2. Жайылымдар, табиғи шабындықтар және арнаулы салық режимі қолданылатын қызметте пайдаланылатын басқа да жер учаскелері бойынша бiрыңғай жер салығын есептеу осындай жер учаскелерінің жиынтық бағалау құнына 0,2 % мөлшерлемені қолдану арқылы жүргізіледі.
3. Жергілікті атқарушы органдардың ұсыныстары негізінде жергілікті өкілді органдардың Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерге бірыңғай жер салығының мөлшерлемесін он еседен асырмай арттыруға құқығы бар.
4. Шаруа немесе фермер қожалықтары бірыңғай жер салығын салықтық кезеңде арнаулы салық режимі қолданылатын нақты кезең үшін, оның ішінде жер учаскесін жер пайдалануға алған (меншікке сатып алған) және (немесе) жер учаскесін жер пайдаланудан (өткізуден) бас тартқан жағдайда есептейді.
5. Әрбір жер учаскесі орналасқан жер бойынша бірыңғай жер салығының бюджетке төлеуге жататын сомасы барлық жер учаскелерінің жалпы алаңына осындай жер учаскелері алаңының үлес салмағына пропорционал айқындалады.
6. Бірыңғай жер салығының сомасы арнаулы салық режимі қолданылатын нақты кезең үшін:
салық төлеуші барлық жер учаскелері бойынша осы арнаулы салық режимін толық емес салықтық кезең қолданған жағдайда - салықтың жалпы сомасын он екіге бөліп, осындай нақты кезеңнің ай санына көбейту;
салық төлеуші арнаулы салық режимін осы ауданда толық емес салықтық кезең қолданған жағдайда - осы арнаулы салық режимі қолданылатын қызметте пайдаланылатын жер учаскелері аумағында орналасқан аудан бюджетіне төлеуге жататын салықтың жалпы сомасын он екіге бөліп, нақты кезеңнің ай санына көбейту;
салық төлеуші салықтық кезең ішінде осындай жер учаскесін жер пайдалануға алған (меншікке сатып алған) және (немесе) жер пайдаланудан бас тартқан (осы жер учаскесін өткізген) жағдайда - осы арнаулы салық режимі қолданыла отырып пайдаланылатын жер учаскесі бойынша толық салықтық кезең үшін төлеуге жататын салық сомасын он екіге бөліп, нақты кезеңнің ай санына көбейту арқылы айқындалады.
Бұл ретте осы тармақтың бірінші бөлігінің төртінші абзацында көрсетілген жағдайларда жер учаскесі бойынша арнаулы салық режимі қолданылатын нақты кезең үшін салықты есептеу:
жер учаскесі салықтық кезең ішінде берілген (өткізілген) жағдайда - егер осындай жер учаскесі бойынша арнаулы салық режимі салықтық кезеңнің басынан бастап қолданылса, салықтық кезеңнің бірінші айынан бастап осындай жер учаскесі берілген (өткізілген) айдың бірінші күніне дейін;
осындай жер учаскесі жер пайдалануға алынған (меншікке сатып алынған) айдың бірінші күнінен бастап салықтық кезеңнің соңына дейін немесе осындай жер учаскесі жер пайдалануға берілгеннен (өткізілгеннен) кейінгі айдың бірінші күніне дейін жүргізіледі.
7. Шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимi бiрыңғай жер салығын төлеу негiзiнде бюджетпен есеп айырысулардың ерекше тәртiбiн көздейдi және ауыл шаруашылығы өнiмiн (акцизделетінді қоспағанда) өндiру және оны өткізу, өзi өндiрген ауыл шаруашылығы өнiмiн (акцизделетінді қоспағанда) қайта өңдеу, осындай қайта өңдеу өнімдерін өткізу жөніндегі шаруа немесе фермер қожалықтарының қызметiне қолданылады.».
51-бап. Ұлттық даму институты болып табылатын, акцияларының бақылау пакеті ұлттық басқарушы холдингке тиесілі банкті қоспағанда, банк провизияларының (резервтерінің) мөлшерлерін төмендетуден түсетін кіріс болып 2017 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша бухгалтерлік есепте көрсетілген, бұрын алдыңғы салықтық кезеңдерде шегерімге жатқызылған серпінді резерв сомалар танылады деп белгіленсін. Осы бапта көрсетілген серпінді резерв сомасы 2018 жылға тура келетін салықтық кезең үшін банктің жылдық жиынтық кірісіне кіреді.
52-бап. 2018 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданыста болған Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес лизинг нысанасын беру кезінде қаржы лизингі шартына сәйкес лизингтік төлемдердің жалпы сомасын негізге ала отырып айналым мөлшерін көрсетіп шот-фактура жазып берген лизинг берушілер 2018 жылғы 30 қаңтарға дейінгі мерзімде 2017 жылғы 31 желтоқсаннан кейінгі салықтық кезеңдерде танылуға жататын айналымдар мөлшеріндегі теріс мән көрсетілетін қосымша шот-фактураны қосылған құн салығының сомасын көрсете отырып жазып беруге міндетті деп белгіленсін.
Осы баптың ережелері 2018 жылғы 1 қаңтарға дейін жасалған, айналым жасау күні 2018 жылғы 1 қаңтарға дейін және (немесе) 1 қаңтардан кейін басталатын қаржы лизингі шарттары бойынша қолданылады.
53-бап. Қазақстан Республикасының инвестициялар туралы заңнамасына сәйкес 2018 жылғы 1 қаңтарға дейін инвестициялар жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен жасалған инвестициялық стратегиялық жоба бойынша салық преференциялары 2018 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданыста болған Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айқындалған олардың қолданылу мерзімі өткенге дейін сақталады деп белгіленсін.
54-бап. Қазақстан Республикасының инвестициялар туралы заңнамасына сәйкес 2018 жылғы 1 қаңтарға дейін инвестициялар жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен жасалған инвестициялық басым жоба бойынша Қазақстан Республикасының салық заңнамасы тұрақтылығының кепілдігі 2018 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданыста болған Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айқындалған олардың қолданылу мерзімі өткенге дейін сақталады деп белгіленсін.
55-бап. «Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, 2017 жылғы желтоқсанда сатып алынған электр және (немесе) жылу энергиясы, жүйелік қызметтер көрсету бойынша есепке жатқызылатын қосылған құн салығы 2018 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданыста болған «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес есепке алынады деп белгіленсін.
2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 55-1-баппен толықтырылды (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
55-1-бап. Салық кодексінің 282-бабының 1-тармағында көзделген, қолданылу мерзімі ішінде, 2018 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес айқындалған кірістерге салық салу мақсатында кірістердің асып кетуі пайда болған ұзақ мерзімді келісімшарт бойынша 2018 жылы кірісті осындай асып кету мөлшеріне азайту жолымен түзету жүргізіледі деп белгіленсін.
56-бап. Қазақстан Республикасының инвестициялар туралы заңнамасына сәйкес 2009 жылғы 1 қаңтарға дейін инвестициялар жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен жасалған келісімшарттар бойынша инвестициялық салық преференциялары 2009 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданыста болған Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айқындалған олардың қолданылу мерзімі өткенге дейін сақталады деп белгіленсін.
57-бап. 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап 2018 жылғы 1 шілдеге дейінгі кезеңде Салық кодексінің 23-бөлімінің мақсаттары үшін терминдер мыналарды білдіреді деп белгіленсін:
көмірсутектер - мұнай;
мұнай - шикі мұнай, газ конденсаты, табиғи газ және ілеспе газ, сондай-ақ шикі мұнайды, табиғи газды тазартқаннан кейін және жанатын тақтатастарды немесе шайырлы құмдарды өңдегеннен кейін алынған көмірсутектер;
шикі газ - қалыпты атмосфералық температура мен қысым кезінде жер қойнауынан газ тәріздес күйде айырып алынатын, үлес салмағына қарамастан кез келген көмірсутектер, оның ішінде тазартылмаған табиғи, ілеспе, тақтатасты газ, көмір қабаттарындағы метан, сондай-ақ олардың құрамындағы көмірсутекті емес газдар.
2018.28.12. № 210-VІ ҚР Заңымен 57-1-баппен толықтырылды (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
57-1-бап. Салық төлеуші 2018 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша жеке шотындағы бересі сомасын 2018 жылғы 1 қазан - 2019 жылғы 31 желтоқсан аралығындағы кезеңде төлеген жағдайда салықтық берешек деп танылмайды және бюджетке енгізуге жатпайды, сондай-ақ уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мыналар есептен шығаруға жатады деп белгіленсін:
1) 2018 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша салық төлеушінің жеке шотындағы, сондай-ақ 2018 жылғы 1 қазаннан бастап, төлеу күнін қоса алғанда, төленген күніне дейінгі кезеңде көрсетілген бересі сомасына есепке жазылған өсімпұл сомасы. Бұл ретте өсімпұл бересі төленген салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлем түрі бойынша есептен шығарылады;
2) Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес салық салу саласындағы құқық бұзушылық үшін салынған, 2018 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша салық төлеушінің бересі төленген салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлем түрі бойынша жеке шотындағы айыппұл сомасы.
Өсімпұлдар мен айыппұлдардың осы бапта көзделген есептен шығарылуы салық төлеушінің төлеу мерзімі 2018 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасының салық заңнамасы мен Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамасына сәйкес өзгерген салықты немесе бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемді төлеу жөніндегі салықтық міндеттемесін толық көлемде мерзімінен бұрын орындау жағдайларына қолданылады.
Осы баптың ережелері:
1) ірі салық төлеушілердің мониторингіне жататын;
2) 2018 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша мынадай қызмет түрлерінің біреуін немесе бірнешеуін:
жерасты суларын, емдік балшықтарды өндіру құқығына ие болғандықтан ғана жер қойнауын пайдаланушылар болып табылатын осындай пайдаланушыларды қоспағанда, жер қойнауын пайдалануды;
акцизделетін өнім өндіруді жүзеге асыратын салық төлеушілерге;
3) кәсіпкерлік қызметті, жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіпқой медиатор қызметін жүзеге асыруға байланысты түзілген салықтық берешекті қоспағанда, жеке тұлғаларға қолданылмайды.
2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 57-2-баппен толықтырылды (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
57-2-бап. Қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақы бойынша салықтық міндеттемені орындау мәселелері бойынша 2018 жылғы 1 қаңтарға дейін тағайындалған салықтық тексерулерді аяқтау 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес жүзеге асырылады деп белгіленсін.
58-бап. Салық кодексі қолданысқа енгізілген күннен бастап Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілерінің күші жойылды деп танылсын:
1) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексі (Салық кодексі) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 22-I, 22-II, 112-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар; № 13-14, 63-құжат; № 15-16, 74-құжат; № 17, 82-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 100-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 29-құжаттар; № 11, 58-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; № 22, 130, 132-құжаттар; № 24, 145, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 21, 25-құжаттар; № 4, 37-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 116-құжат; № 14, 117-құжат; № 15, 120-құжат; № 16, 128-құжат; № 20, 151-құжат; № 21, 161-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 11, 15-құжаттар; № 3, 21, 22, 25, 27-құжаттар; № 4, 32-құжат; № 5, 35-құжат; № 6, 43, 44-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 11, 80-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 92-құжат; № 15, 97-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 2, 7, 10-құжаттар; № 3, 15-құжат; № 4, 21-құжат; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 12, 57-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 76, 81, 82-құжаттар; № 16, 83-құжат; № 21-22, 114, 115-құжаттар; № 23-24, 116-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 7, 37-құжат; № 8, 44, 49-құжаттар; № 10, 52-құжат; № 11, 63, 64, 65, 69-құжаттар; № 12, 82-құжат; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 128, 131-құжаттар; № 23, 143-құжат; № 24, 145-құжат; 2015 ж., № 7, 34-құжат; № 8, 44, 45-құжаттар; № 11, 52-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 78-құжат; № 19-I, 99, 100, 101-құжаттар; № 20-I, 110-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 115, 119-құжаттар; № 21-I, 124-құжат; № 21-II, 130-құжат; № 21-III, 136, 137-құжаттар; № 22-I, 140, 143-құжаттар; № 22-II, 144, 145-құжаттар; № 22-III, 149-құжат; № 22-V, 156, 158-құжаттар; № 22-VI, 159-құжат; № 22-VII, 161-құжат; № 23-I, 169-құжат; 2016 ж., № 1, 4-құжат; № 6, 45-құжат; № 7-II, 53, 55, 57-құжаттар; № 8-I, 62-құжат; № 8-II, 66, 72-құжаттар; № 12, 87-құжат; № 22, 116-құжат; № 24, 124-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; № 9, 22-құжат; № 10, 23-құжат; № 12, 34-құжат; № 13, 45-құжат; № 14, 49, 53, 54-құжаттар; № 15, 55-құжат; № 16, 56-құжат):
бұған 2018 жылғы 31 желтоқсанға дейін қолданыста болатын 317 - 324-баптар;
2022 жылғы 31 желтоқсанға дейін қолданыста болатын 20-баптың 1-тармағы 22) тармақшасының төртінші абзацы, 571-баптың 4-тармағының 4) тармақшасы, 573-баптың 5-тармағының 1) тармақшасы, 627-баптың 5-тармағы 2) тармақшасының сегізінші абзацы, 9-тармағы 2) тармақшасы бірінші бөлігінің жиырмасыншы абзацы, 638-баптың 9-тармағы екінші бөлігінің 4) тармақшасы;
2022 жылғы 31 желтоқсанға дейін қолданыста болатын, 2017 жылғы 31 желтоқсанға дейін бейрезидентке ашылған және салық органында тіркелген шартты банк салымы туралы шарт бойынша - 46-баптың 8-тармағы, 193-баптың 5-тармағының 9) тармақшасы, 216, 217, 218, 219-баптар, 610-баптың 4-тармағы, 627-баптың 5-тармағы бірінші бөлігі 2) тармақшасының он үшінші және он жетінші абзацтары, 9-тармағы бірінші бөлігі 2) тармақшасының он сегізінші, жиырма үшінші абзацтары, 629-баптың 5-тармағы бірінші бөлігінің 4-1) тармақшасы, 635-1-бап кірмейді;
2) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 23, 113-құжат; 2009 ж., № 13-14, 63-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 100-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 11, 58-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 101-құжат; № 22, 132-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; № 14, 117-құжат; № 15, 120-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 11, 14-құжаттар; № 6, 43-құжат; № 11, 80-құжат; № 14, 94-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 7, 37-құжат; № 11, 63-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 23-I, 169-құжат; 2016 ж., № 22, 116-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; № 9, 21-құжат).
Қазақстан Республикасының
Президенті
Н. НАЗАРБАЕВ
Астана, Ақорда, 2017 жылғы 25 желтоқсан
№ 121-VI ҚРЗ