2) ақпаратты бермеу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылыққа алып келеді;
3) ақпаратты жеке кәсіпкерлік субъектілері береді.
2. Ақпараттық құралдар енгізу көзделетін Қазақстан Республикасының заңдары қолданысқа енгізілгеннен кейін реттеуші мемлекеттік орган ақпараттық құралдардың тізбесіне, сондай-ақ талаптар тізіліміне толықтырулар енгізуге бастама жасауға тиіс.
3-тармағының 18) тармақшасының сегізінші және тоғызыншы абзацтары 2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
3. Ақпараттық құралдарды беру ақпараттық жүйелер пайдаланыла отырып, электрондық нысанда немесе қағаз жеткізгіште жүргізіледі. Ақпараттық құралды беру тәсілін жеке кәсіпкерлік субъектісі айқындайды.
Бұл ретте, ақпараттың берілуін автоматтандыру енгізілмейтін және қамтамасыз етілмейтін ақпараттық құралдарды беруді талап етуге тыйым салынады.
4. Осы тараудың ережелері салық, кеден, қаржы саясаты, статистикалық қызмет саласында бар, сондай-ақ бір реттеу субъектісіне қолданылатын ақпараттық құралдарға қолданылмайды.
Осы тараудың мақсаттары үшін қаржы саясаты деп қаржы ұйымдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент - банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент - сақтандыру брокерлері филиалдарының, қаржы ұйымдары болып табылмайтын сақтандыру нарығына қатысушылардың, коллекторлық агенттіктердің, қаржы ұйымдарына ірі қатысушылардың, эмиссиялық бағалы қағаздар эмитенттерінің, кредиттік бюролардың, сақтандыру топтарының және банк конгломераттарының құрамына кіретін тұлғалардың, төлем қызметтерін көрсететін нарық субъектілерінің қызметіне, валюталық құқық қатынастарын реттеуге, қаржылық қызметтер көрсетуге, сондай-ақ қаржы құралдарын шығаруға, олардың айналысына, оларды өтеуге және күшін жоюға байланысты қатынастар жиынтығы түсініледі.»;
19) 112-2 және 112-3-баптар алып тасталсын;
3-тармағының 20) тармақшасы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізілді
20) 116-баптың 3-тармағының 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«8) фильтрлі, фильтрсіз сигареттерге, папиростарға, сигариллаларға және қыздырылатын темекісі бар бұйымдарға ең төмен бөлшек сауда бағаларын белгілеуге;»;
21) 124, 129 және 130-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
2-тармағының 21) тармақшасының екінші және үшінші абзацтары ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізілді
«124-бап. Фильтрлі, фильтрсіз сигареттерге, папиростарға, сигариллаларға және қыздырылатын темекісі бар бұйымдарға ең төмен бөлшек сауда бағаларын белгілеу
Мемлекет Қазақстан Республикасының темекi өнiмдерiнiң өндiрiлуi мен айналымын мемлекеттiк реттеу туралы заңнамасына сәйкес фильтрлі, фильтрсіз сигареттерге, папиростарға, сигариллаларға және қыздырылатын темекісі бар бұйымдарға ең төмен бөлшек сауда бағаларын белгілейді.»;
3-тармағының 21) тармақшасының төртінші - он бірінші абзацтары 2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
«129-бап. Мемлекеттік бақылау мен қадағалау саласындағы қатынастар
1. Мемлекеттік бақылау мен қадағалау саласындағы қатынастарды реттеу Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалаудың жалпы құқықтық негіздерін белгілеу мақсатында жүзеге асырылады және бақылау мен қадағалау қызметін жүзеге асырудың бірыңғай қағидаттарын белгілеуге, сондай-ақ өздеріне қатысты мемлекеттік бақылау мен қадағалау жүзеге асырылатын мемлекеттік органдардың, жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға бағытталған.
2. Мемлекеттік бақылау мен қадағалау субъектілеріне (объектілеріне) мемлекеттік бақылау және қадағалау жүргізуді ұйымдастыру саласындағы қатынастарды мемлекеттік реттеу, осы баптың 4, 5, 6, 7, 8, 9, 11, 12 және 14-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, құқықтық мәртебесі мен қызмет түрлеріне қарамастан, осы Кодекске сәйкес жүзеге асырылады.
3. Осы Кодексте:
1) мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүргізу тәртібі;
2) мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүргізу кезінде бақылау және қадағалау органдарының өзара іс-қимыл жасау тәртібі;
3) мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүргізу кезінде мемлекеттік бақылау мен қадағалау субъектілерінің құқықтары мен міндеттері, олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау жөніндегі шаралар;
4) мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүргізу кезінде бақылау және қадағалау органдары мен олардың лауазымды адамдарының құқықтары мен міндеттері белгіленеді.
3-тармағының 21) тармақшасының он екінші - жиырма бесінші абзацтары Қазақстан Республикасының тексерулер жүргізу тәртібін регламенттейтін заңдары қолданысқа енгізілген күннен бастап қолданысқа енгізіледі
4. Осы бапты, осы Кодекстің 130-бабын, 131-бабының 1, 2, 3 және 4-тармақтарын және 131-1-бабын қоспағанда, осы тараудың күші:
1) жол жүрісі қауіпсіздігі талаптарын сақтауға;
2) көліктегі қауіпсіздік талаптарын сақтау тұрғысынан көліктік бақылау бекеттерінде автомобиль көлігі құралдарының Қазақстан Республикасының аумағы арқылы жүріп өтуіне;
3) «Ішкі су көлігі туралы» және «Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес кемелерді қауіпсіз пайдалану жөніндегі талаптардың орындалуын мемлекеттік бақылау мен қадағалауға;
4) тірі малды, жануарлардан және (немесе) өсімдіктерден алынатын өнім мен шикізатты өткізетін сауда базарларында, жануарлардан және (немесе) өсімдіктерден алынатын өнімдер мен шикізатты бірыңғай технологиялық циклде өндіруді, дайындауды (мал союды), сақтауды, қайта өңдеуді жүзеге асыратын ұйымдарда мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау мен қадағалауды және мемлекеттік карантиндік фитосанитариялық бақылау мен қадағалауды жүзеге асыруға;
5) ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда және мемлекеттік орман қоры аумағында ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, мемлекеттік орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру мен орман өсіру саласындағы талаптардың сақталуына, сондай-ақ жануарлар және өсімдіктер дүниесі объектілерінің санкциясыз алып қойылуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру мақсатына;
6) жануарлар дүниесі объектілерінің санкциясыз алып қойылуын мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру мақсатында:
балық шаруашылығы су айдындарында - балықтардың белгіленген кәсіпшілік өлшемі, балық аулау мөлшерлері, құралдарының түрлері мен тәсілдері, жануарлар дүниесін пайдалануға шектеулер мен тыйым салулар, кейдейсоқ аулау бөлігінде, сондай-ақ балық ресурстарын және басқа да су жануарларын аулауды есепке алу журналын (кәсіпшілік журналы) жүргізуге;
аңшылық шаруашылығы аумағында - жануарларды аулау құралдарын алып қою, аулау тәсілі мен түрі, олардың жыныстық-жастық құрамы, жануарлар дүниесін пайдалануға шектеулер мен тыйым салулар бөлігінде жануарлар дүниесін пайдалану талаптарын сақтауға;
7) карантиндік аймақтардағы және жануарлардың аса қауіпті ауруларының қолайсыз пункттеріндегі, ошақтарындағы, карантиндік объектілердің, аса қауіпті зиянды организмдердің таралу ошақтарындағы іс-шараларды мемлекеттік бақылауға және қадағалауға;
8) жолаушылар пойыздарында жүру жолында жолаушыларды, багажды және жүк-багажды тасымалдау қағидаларының сақталуын мемлекеттік бақылауға;
9) жергілікті атқарушы орган белгілеген орындардан тыс сауда-саттыққа;
10) халықтың көші-қоны саласындағы мемлекеттік бақылауға;
11) жиырма бір жасқа толмаған адамдарға алкоголь өнімін, темекі өнімін сатуды, балалар үшін тыйым салынған ақпарат қамтылатын ақпараттық өнімді он сегіз жасқа толмаған адамдарға таратуды, сондай-ақ кәмелетке толмағандардың ойын-сауық мекемелерінде болу тәртібін регламенттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарының сақталуына байланысты мемлекеттік бақылау мен қадағалау субъектісін (объектісін), оларды жүргізу уақытын, мемлекеттік бақылау мен қадағалау субъектісінің (объектісінің) тұрған жерін күні бұрын айқындау мүмкін болмаған кезде мемлекеттік бақылау мен қадағалауға қолданылмайды.
3-тармағының 21) тармақшасының жиырма алтыншы абзацы 2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
5. Осы бапты, осы Кодекстің 130-бабын, 131-бабының 1, 2, 3 және 4-тармақтарын, 154-бабының 2 және 3-тармақтарын және 157-бабын қоспағанда, осы тараудың күші Қазақстан Республикасы бюджет заңнамасы талаптарының және Қазақстан Республикасының мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы заңнамасына сәйкес жүргізілетін, республикалық және жергілікті бюджеттерді жоспарлау мен атқару мәселелерін реттейтін өзге де нормативтік құқықтық актілер талаптарының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыруға қолданылмайды.
3-тармағының 21) тармақшасының жиырма жетінші - отыз бірінші абзацтары Қазақстан Республикасының тексерулер жүргізу тәртібін регламенттейтін заңдары қолданысқа енгізілген күннен бастап қолданысқа енгізіледі
6. Осы Кодекстің 130-бабын, 131-бабының 1, 2, 3 және 4-тармақтарын, 131-1-бабын, 154-бабының 2 және 3-тармақтарын және 157-бабын қоспағанда, осы тараудың күші:
1) жер қойнауын пайдаланушылардың жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар және (немесе) лицензиялар талаптарын орындауын мемлекеттік бақылау;
2) жеке-дара қолданылатын құқықтық актілердің сақталуын мемлекеттік бақылау;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шарттар мен өзге де мәмілелердің орындалуын мемлекеттік бақылау бөлігінде шарттық қатынастарды орындауға байланысты мемлекеттік бақылауға қолданылмайды.
7. Осы тараудың күші «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларда және егер Қазақстан Республикасының заңнамасында рұқсаттық бақылау көзделген болса, рұқсат және (немесе) рұқсатқа қосымша берілгенге дейін өтініш берушінің біліктілік немесе рұқсат беру талаптарына сәйкестігіне рұқсаттық бақылау жүргізуге қолданылмайды.
3-тармағының 21) тармақшасының отыз екінші абзацы 2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
8. Осы Кодекстің 131-бабының 1, 2, 3 және 4-тармақтарын және 131-1-бабын қоспағанда, осы тараудың күші кеден ісі саласындағы мемлекеттік бақылауға қолданылмайды.
3-тармағының 21) тармақшасының отыз үшінші - отыз бесінші абзацтары Қазақстан Республикасының тексерулер жүргізу тәртібін регламенттейтін заңдары қолданысқа енгізілген күннен бастап қолданысқа енгізіледі
9. Осы бапты (мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау мен қадағалау, мемлекеттік карантиндік фитосанитариялық бақылау мен қадағалау, өсімдіктерді қорғау саласындағы мемлекеттік бақылау бөлігінде), осы Кодекстің 130-бабын, 131-бабының 1, 2, 3 және 4-тармақтарын және 131-1-бабын қоспағанда, осы тараудың күші:
1) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өтуге;
2) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасын және (немесе) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өткен кезде және (немесе) халықаралық шарттарға сәйкес айқындалатын жеткізу орындарында, кедендік тазартуды аяқтау орындарында мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау мен қадағалауды, мемлекеттік карантиндік фитосанитариялық бақылау мен қадағалауды, өсімдіктерді қорғау саласындағы мемлекеттік бақылауды жүргізуге, сондай-ақ фитосанитариялық және ветеринариялық бақылау бекеттерінде мемлекеттік карантиндік фитосанитариялық бақылау мен қадағалауды, ветеринариялық-саниатариялық бақылауды жүргізуге байланысты мемлекеттік бақылау мен қадағалауға қолданылмайды.
3-тармағының 21) тармақшасының отыз алтыншы - қырық бесінші абзацтары 2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
10. Осы бапты, осы Кодекстің 130-бабының 1-тармағын, 131-1, 143, 144, 151, 153, 154, 155, 156 және 157-баптарын қоспағанда, осы тараудың күші орындалуын мемлекеттік бақылау мемлекеттік кірістер органдарына жүктелген Қазақстан Республикасының салық заңнамасы, Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасы нормаларының орындалуын қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыруға қолданылмайды.
11. Осы бапты, осы Кодекстің 130-бабын, 131-бабының 1, 2, 3 және 4-тармақтарын, 138 және 139-баптарын, 154-бабының 2 және 3-тармақтарын және 157-бабын қоспағанда, осы тараудың күші Қазақстан Республикасының қаржы заңнамасы талаптарының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік бақылау мен қадағалауды, сондай-ақ қаржы нарығын, қаржы ұйымдарын, төлем жүйелерінің операторлары мен операциялық орталықтарын, төлем ұйымдарын, сондай-ақ коллекторлық агенттіктерді мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыруға қолданылмайды.
12. Осы тараудың күші:
1) прокуратура органдары жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасының аумағында заңдылықтың сақталуына жоғары қадағалау;
2) қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу барысында бақылау мен қадағалау;
3) сот төрелігі;
4) жедел-іздестіру қызметі;
5) қарсы барлау қызметі;
6) жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру саласындағы мемлекеттік бақылау;
7) Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасы талаптарының сақталуын бақылау салаларындағы қатынастарға қолданылмайды.
3-тармағының 21) тармақшасының қырық алтыншы - елу бесінші абзацтары Қазақстан Республикасының тексерулер жүргізу тәртібін регламенттейтін заңдары қолданысқа енгізілген күннен бастап қолданысқа енгізіледі
13. Осы бапты, осы Кодекстің 130, 131-1, 133-баптарын, 154-бабының 2 және 3-тармақтарын және 157-бабын қоспағанда, осы тараудың күші:
1) ішкі істер органдары:
Қазақстан Республикасының азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының айналымы саласындағы заңнамасы талаптарының сақталуы;
жеке тұлғалардың азаматтық қаруды сақтау, алып жүру және пайдалану талаптарын сақтауы;
осы Кодекстің 133-бабының талаптары және ішкі істер органдары жүргізетін жедел-профилактикалық іс-шаралар шеңберінде Қазақстан Республикасының есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың, азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдардың айналымы саласындағы заңнамасы талаптарының сақталуы бойынша жүзеге асыратын мемлекеттік бақылау;
2) террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын қамтамасыз ету бөлігінде Қазақстан Республикасының терроризмге қарсы іс-қимыл туралы заңнамасы талаптарының сақталуы;
3) Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасы талаптарының сақталуы;
4) Қазақстан Республикасының мемлекеттік статистика саласындағы заңнамасының сақталуы;
5) Қазақстан Республикасының жарылғыш заттардың заңды айналымы саласындағы заңнамасы талаптарының сақталуы салаларындағы қатынастарға қолданылмайды.
Монополияға қарсы орган жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасы талаптарының сақталуына мемлекеттік бақылауды жүргізу кезінде туындайтын қатынастар осы Кодекстің 20-тарауында реттеледі.
3-тармағының 21) тармақшасының елу алтыншы - елу тоғызыншы абзацтары 2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
14. Осы бапты, осы Кодекстің 130-бабының 1 және 3-тармақтарын, 131-бабының 1, 2, 3 және 4-тармақтарын қоспағанда, осы тараудың күші жеке және заңды тұлғалардың әуе кемелерінің ұшу қауіпсіздігі мен авиациялық қауіпсіздік жөніндегі талаптарды сақтауына байланысты мемлекеттік бақылау мен қадағалауға қолданылмайды.
15. Бұл ретте, осы баптың 4-тармағының 11) тармақшасында, 5 (ішкі аудит қызметтерінің тексерулерін қоспағанда) және 10 (акциздік бекеттердегі бақылауды қоспағанда)-тармақтарында, 13-тармағының 1), 2) және 5) тармақшаларында көрсетілген негіздер бойынша жүзеге асырылатын тексерулер құқықтық статистика және арнаулы есепке алу саласындағы уәкілетті органда міндетті тіркелуге жатады.
Бұл ретте, осы баптың 4-тармағының 11) тармақшасында, 13-тармағының 1) (есірткі құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорлар саласындағы) және 2) тармақшаларында көрсетілген тексерулерді тағайындау туралы акт тексеру басталғаннан кейін келесі жұмыс күні ішінде құқықтық статистика және арнаулы есепке алу саласындағы уәкілетті органда тіркелуге жатады.
Бақылау және қадағалау органдары тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың бесінен кешіктірмей, құқықтық статистика және арнаулы есепке алу саласындағы уәкілетті органға осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген жеке кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты жүргізілген тексерулер туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы айқындаған нысан бойынша ұсынады.
3-тармағының 21) тармақшасының алпысыншы - алпыс төртінші абзацтары Қазақстан Республикасының тексерулер жүргізу тәртібін регламенттейтін заңдары қолданысқа енгізілген күннен бастап қолданысқа енгізіледі
16. Осы Кодекстің 130-бабын, 131-бабының 1, 2, 3 және 4-тармақтарын, 131-1-бабын, 154-бабының 2 және 3-тармақтарын және 157-бабын қоспағанда, осы тараудың күші:
1) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылауды;
2) мемлекеттік органдар субъектілері болып табылатын Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыруға қолданылмайды.
17. Осы баптың 4, 5, 6, 11, 12 және 14-тармақтарында көрсетілген мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүргізу тәртібі және бұл ретте туындайтын қатынастар Қазақстан Республикасының заңдарында реттеледі.
Осы баптың 8 және 9-тармақтарында көрсетілген мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүргізу тәртібі және бұл ретте туындайтын қатынастар Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында және Еуразиялық экономикалық одақтың құқығын құрайтын актілерде регламенттеледі.
3-тармағының 21) тармақшасының алпыс бесінші абзацы 2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
18. Осы баптың 5, 6 және 12-тармақтарында санамаланған қатынастарға ішкі бақылау бөлігінде Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі 38-бабының күші қолданылады.
3-тармағының 21) тармақшасының алпыс алтыншы абзацы Қазақстан Республикасының тексерулер жүргізу тәртібін регламенттейтін заңдары қолданысқа енгізілген күннен бастап қолданысқа енгізіледі
19. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында осы баптың 4, 5, 6, 9, 11, 12 және 14-тармақтарында көрсетілген мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүргізу тәртібін регламенттеу болмаса, мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүргізуге тыйым салынады.
3-тармағының 21) тармақшасының алпыс жетінші - жетпіс жетінші абзацтары 2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
Егер Қазақстан Республикасының заңдарында, халықаралық шарттарда және Еуразиялық экономикалық одақтың құқығын құрайтын актілерде осы баптың 8-тармағында көрсетілген мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүргізу тәртібін регламенттеу болмаса, мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүргізуге тыйым салынады.
20. Кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты мемлекеттік бақылау мен қадағалау осы Кодекстің 138 және 139-баптарында көзделген кәсіпкерлік субъектілерінің қызметі салаларында ғана жүзеге асырылады.
21. Осы Кодекстің 138 және 139-баптарына қызметтің жаңа салаларын енгізу үшін реттеуші мемлекеттік органдар осы Кодекстің 83-бабына сәйкес реттеушілік әсерді талдау рәсімін алдын ала жүргізуге тиіс.
22. Қазақстан Республикасының заңдарында тікелей көзделген жағдайларда, осы тараудың ережелері Қазақстан Республикасының осы заңдарында реттелген қатынастарға қолданылады.
130-бап. Мемлекеттік бақылау мен қадағалаудың мақсаты мен міндеттері
1. Экономикалық қауіпсіздікті, алдау практикасының алдын алуды, табиғи және энергетикалық ресурстарды үнемдеуді, отандық өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру мен жеке және заңды тұлғалардың конституциялық құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қоса алғанда, мемлекеттік бақылау мен қадағалау субъектісі өндіретін және өткізетін өнімнің, технологиялық процестердің адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіпсіздігін, олардың мүлкін қорғауды, қоршаған ортаға қауіпсіздігін, Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мемлекеттік бақылау мен қадағалаудың мақсаты болып табылады.
2. Осы Кодекстің 141-бабының 6-тармағында, 143-бабының 1-тармағында, 144-3-бабының 1-тармағында және 144-4-бабының 5-тармағында көзделген нормативтік құқықтық актілерді қоспағанда, мемлекеттік органдардың кәсіпкерлік субъектілеріне мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүргізу тәртібі мәселелері бойынша заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді қабылдауына тыйым салынады.
3. Мемлекеттік бақылау мен қадағалаудың міндеттері:
1) құқық бұзушылықтардың, зиян (нұқсан) келтірудің профилактикасын қамтамасыз ету;
2) мемлекеттік бақылау мен қадағалаудың адал субъектілерін ынталандыру;
3) анықталған құқық бұзушылықтарды жою бойынша шаралар қабылдау болып табылады.»;
3-тармағының 22) тармақшасы 2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
22) 131-бапта:
тақырыптағы «кезіндегі» деген сөз «кезінде кәсіпкерлік субъектілеріне арналған» деген сөздермен ауыстырылсын;
1-тармақта:
«бақылауды,» деген сөз «бақылау мен қадағалауды» деген сөздермен ауыстырылсын;
орыс тіліндегі мәтінге түзету енгізілді, мемлекеттік тілдегі мәтін өзгермейді;
2-тармақ «бейтараптылық,» деген сөзден кейін «мемлекеттік» деген сөзбен толықтырылсын;
4-тармақта:
«тексерілетін адал субъектiлерді» деген сөздер «мемлекеттік бақылау мен қадағалаудың адал субъектілерін» деген сөздермен ауыстырылсын;
«құқық бұзушыларға» деген сөздерден кейін «мемлекеттік» деген сөзбен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 5 және 6-тармақтармен толықтырылсын:
«5. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында мемлекеттік бақылау мен қадағалау субъектілеріне (объектілеріне) бармай профилактикалық бақылауды жүргізу көзделсе, осы Кодекстің 144-1-бабына сәйкес мемлекеттік бақылау мен қадағалау субъектілеріне (объектілеріне) бармай профилактикалық бақылау жүргізбестен, мемлекеттік бақылау мен қадағалау субъектілеріне (объектілеріне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізуге тыйым салынады.
6. Жоспардан тыс тексерулерді қоспағанда, шағын кәсіпкерлік, оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектілері мемлекеттік тіркелген (қайта ұйымдастыру тәртібімен құрылған заңды тұлғалардан және қайта ұйымдастырылған заңды тұлғалардың құқық мирасқорларынан басқа) күннен бастап үш жыл ішінде оларға қатысты мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүргізуге тыйым салынады.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) айқындалған мемлекеттік бақылау бөлігіндегі ережесі салықтық тексерулерге ғана қолданылады.»;
3-тармағының 23) тармақшасы 2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
23) 132-баптың 1-тармағының бірінші бөлігіндегі «оның ішінде мемлекеттік органдар, заңды тұлғалардың филиалдары мен өкілдіктері» деген сөздер «олардың филиалдары мен өкілдіктері, мемлекеттік органдар» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармағының 24) тармақшасы 2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
24) 134-бапта:
1-тармақта:
«тексерiлетiн субъектiлер» деген сөздер «бақылау мен қадағалау субъектілері (объектілері)» деген сөздермен ауыстырылсын;
«, оны жүзеге асыру барысында және оның нәтижелерi бойынша жедел ден қоюсыз құқық шектеуші сипаттағы шаралар қолданылуы мүмкiн» деген сөздер алып тасталсын;
4-тармақтың бірінші бөлігінде:
«тексерiлетiн субъектiлер» деген сөздер «бақылау мен қадағалау субъектілері (объектілері)» деген сөздермен ауыстырылсын;
«132-бабының 2-тармағында көрсетiлген талаптарға сәйкестiгiне» деген сөздер «132-бабының 2-тармағында және 143-бабының 3-тармағында көрсетiлген талаптарға сәйкестігі тұрғысынан» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармағының 25) тармақшасы 2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
2022.05.11. № 157-VII ҚР Заңымен 25) тармақша өзгертілді (2022 ж. 18 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
25) 135-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«135-бап. Мемлекеттік қадағалау
1. Бақылау және қадағалау органының бақылау мен қадағалау субъектілері (объектілері) қызметінің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкестігі тұрғысынан тексеру және байқау жөніндегі қызметі мемлекеттік қадағалау (бұдан әрі - қадағалау) болып табылады, оны жүзеге асыру барысында жедел ден қою шараларын қолдану құқығы беріледі.
2. Қадағалау бақылау және қадағалау органының әкімшілік іс жүргізуді қозғамай жедел ден қою шараларын қолдануын білдіреді.