5) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілері;
6) мәслихаттардың нормативтік құқықтық шешімдері, әкімдердің нормативтік құқықтық шешімдері, әкімдіктердің нормативтік құқықтық қаулылары;
7) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес міндетті талаптарды қамтитын өзге де құжаттар деңгейінде мемлекеттің кәсіпкерлік субъектілерінің орындауы үшін міндетті талаптарды белгілеуіне негізделген.
4. Осы тараудың күші Қазақстан Республикасының қаржы заңнамасы саласындағы кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеуге, қаржы ұйымдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент - банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент - сақтандыру брокерлері филиалдарының және сақтандыру топтары мен банк конгломераттарының құрамына кіретін тұлғалардың қызметіне, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінің жобаларына қолданылмайды.
81-бап. Кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеудің нысандары мен құралдары
1. Кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеу:
1) кәсіпкерлік субъектілерін мемлекеттік тіркеу;
2) техникалық реттеу;
3) бағалар мен тарифтерді мемлекеттік реттеу;
4) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес кәсіпкерлік субъектілерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру;
5) бәсекелестікті қорғау және монополистік қызметті шектеу нысанында;
6) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеудің өзге де нысандарында жүзеге асырылады.
2. Мынадай реттегіш құралдар:
1) кәсіпкерлік субъектілерінің жекелеген қызмет түрлерін немесе әрекеттерді (операцияларды) жүзеге асыруының рұқсат беру немесе хабарлама жасау тәртібі;
2) мемлекеттік бақылау мен қадағалау;
3) Қазақстан Республикасының заңдарында кәсіпкерлік субъектілерінің жауапкершілігін белгілеу;
4) ақпараттық құралдар;
5) өзін-өзі реттейтін ұйымға міндетті мүшелікке (қатысуға) негізделген өзін-өзі реттеу кәсіпкерлік субъектілерінің орындауы үшін міндетті талаптардың орындалуын қамтамасыз ету құралдары болып табылады.»;
8) мынадай мазмұндағы 81-1-баппен толықтырылсын:
«81-1-бап. Кәсіпкерлік субъектілерінің орындауы үшін міндетті реттегіш құралдарды және (немесе) талаптарды қалыптастыру шарттары
1. Реттегіш құралдар және (немесе) талаптар мынадай шарттар:
1) негізділік;
2) кәсіпкерлік қызметті реттеудің теңдігі;
3) ашықтық;
4) орындаушылық;
5) айқындық;
6) мөлшерлестік және ұтымдылық;
7) дәйектілік және болжамдылық негізінде қалыптастырылады.
2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген шарттардың мынадай анықтамалары бар:
1) негізділік деп реттегіш құралдардың және (немесе) талаптардың жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін, адамдардың өмірі мен денсаулығын, қоршаған ортаны, Қазақстан Республикасының қорғанысы мен ұлттық қауіпсіздігін қорғау мақсатында ғана енгізілуі түсініледі;
2) кәсіпкерлік қызметті реттеудің теңдігі деп, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбесе, осы реттеуді жүзеге асыру кезінде нарықтың жекелеген субъектілері үшін, оның ішінде квазимемлекеттік сектор субъектілері мен табиғи монополиялар субъектілері үшін неғұрлым тиімді құқықтық жағдайлар белгілеуге жол бермеу түсініледі;
3) ашықтық деп енгізілетін (өзгертілетін) реттегіш құрал және (немесе) талап туралы ақпараттың қолжетімділігі, оларды енгізу уәждерінің анықтығы түсініледі;
4) орындаушылық деп кәсіпкерлік субъектілерінің енгізілетін реттегіш құралдың және (немесе) талаптың шарттарын орындау мүмкіндігі түсініледі;
5) айқындық деп реттегіш құралдарды және (немесе) талаптарды регламенттейтін нормативтік құқықтық актілердің нормаларын екіұдай түсінуге жол бермейтіндей етіп түсінікті, қолжетімді нысанда баяндау түсініледі;
6) мөлшерлестік пен ұтымдылық деп кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеудің әсер ету деңгейінің Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарында қорғалатын құндылықтар үшін қолайсыз оқиғалардың басталу тәуекелі дәрежесіне сәйкестігі түсініледі;
7) дәйектілік пен болжамдылық деп енгізілетін және (немесе) қолданыстағы реттегіш құралдардың және (немесе) талаптардың Қазақстан Республикасындағы Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарына сәйкестігі түсініледі.
3. Реттегіш құралдарды және (немесе) талаптарды енгізу, сондай-ақ қолданыстағыларын өзгерту осы бапта белгіленген шарттар сақталып жүзеге асырылады.
Реттегіш құралдар және (немесе) талаптар осы Кодекстің 3 және 80-баптарында белгіленген кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеу мақсаттарына, міндеттеріне және кәсіпкерлік субъектілері мен мемлекеттің өзара іс-қимыл жасау қағидаттарына сәйкес келуге тиіс.
4. Енгізілетін және қолданыстағы реттегіш құралдардың және (немесе) талаптардың шарттарына сәйкестікті бағалау реттегіш құралдардың және (немесе) талаптардың реттеушілік әсеріне талдауды жүргізу және пайдалану қағидаларына сәйкес реттеушілік әсерге талдау жүргізу шеңберінде жүзеге асырылады.»;
9) 82-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«82-бап. Кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты реттегіш құралдарды және (немесе) талаптарды енгізуді, реттеуді қатаңдатуды көздейтін нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және қабылдау ерекшеліктері
1. Егер мемлекеттік органдар кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты жаңа реттегіш құралды және (немесе) талапты енгізуді, реттеуді қатаңдатуды жоспарлаған болса, мемлекеттік органдар кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен реттеушілік әсерді талдау рәсімін алдын ала жүргізуге тиіс.
Кәсіпкерлік субъектілеріне қосымша міндеттер белгілеу немесе жүктемені өзгеше ұлғайту реттеуді қатаңдату болып табылады.
2. Кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты жаңа талапты енгізу немесе реттеуді қатаңдату, халықтың өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға және Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігіне жаппай қатер төндіруі мүмкін жағдайларды қоспағанда, реттегіш құралдардың және (немесе) талаптардың реттеушілік әсеріне талдауды жүргізу және пайдалану қағидаларында айқындалған тәртіппен кәсіпкерлік қызметті құқықтық реттеудің нақ сол саласындағы екі талаптың күшін жоюды көздеуге тиіс.
Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру кезінде тиісті құқықтық қатынастарды реттеу алғаш рет енгізілетін жағдайларға, сондай-ақ осы баптың 3-тармағы екінші бөлігінің 3) тармақшасында көзделген жағдайларға осы тармақтың ережелері қолданылмайды.
3. Кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты реттеушілік құралдарды және (немесе) талаптарды енгізуді немесе реттеуді қатаңдатуды көздейтін Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының жобалары, Қазақстан Республикасының заңдары жобаларының тұжырымдамалары, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің жобалары, Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттерінің жобалары реттеушілік әсерін талдауға жатады.
Бұл ретте, кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты реттегіш құрал және (немесе) талаптар енгізілгенге дейін және енгізілгеннен кейін және (немесе) реттеу қатаңдатылғанға дейін және қатаңдатылғаннан кейін реттеушілік әсерге талдау жүргізу туралы талап:
1) авариялардың, дүлей зілзалалардың және өзге де төтенше жағдайлардың салдарларын еңсеру жөніндегі мәселелерді реттеуге;
2) қару-жарақ пен әскери техниканың айналымын, азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының айналымын, есірткі құралдарының, психотроптық заттардың, сол тектестер мен прекурсорлардың айналымын реттеуге;
3) қаржы ұйымдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент - банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент - сақтандыру брокерлері филиалдарының және сақтандыру топтары мен банк конгломераттарының құрамына кіретін тұлғалардың қызметін реттеуге, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінің жобаларына;
4) Қазақстан Республикасының экономикалық қауіпсіздігіне және оның қаржы жүйесінің тұрақтылығына қатер төнген жағдайда арнаулы валюталық режим енгізуге;
5) мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді қамтитын нормативтік құқықтық актілердің жобаларына;
6) адамдардың инфекциялық және паразиттік аурулары мен жануарлардың жұқпалы аурулары туындаған жағдайда, тиісті аумақта карантиндік режимді енгізе отырып карантиндік аймақты, сондай-ақ карантинді немесе шектеу іс-шараларын белгілеу туралы шешімдер қабылдауға;
7) экстремизмге және терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі мәселелерді реттеуге;
8) қарсы барлау және барлау қызметі саласындағы мәселелерді реттеуге;
9) жедел-іздестіру қызметі саласындағы мәселелерді реттеуге;
10) күзетілетін адамдар мен объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша күзет іс-шараларын жүргізу мәселелерін реттеуге;
11) соғыс жағдайын енгізуге және қамтамасыз етуге байланысты мәселелерді реттеуге қолданылмайды.
Кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты жаңа реттегіш құралды және (немесе) талапты енгізу немесе реттеуді қатаңдату кезінде реттеушілік әсерге талдау жүргізу туралы талаптар Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Парламенті депутаттарының заң шығару бастамасы тәртібімен әзірленген заң жобаларына, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Парламентінде заң жобаларын қарау процесіне де қолданылмайды. Қазақстан Республикасы Парламенті депутаттарының заң шығару бастамасы тәртібімен енгізілген заң жобалары бойынша, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Парламентінің қарауындағы заң жобаларына депутаттардың түзетулері бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің қорытындысы шеңберінде, осы бапта белгіленген негіздер бойынша реттеушілік әсерге талдау жүргізілуі мүмкін.
4. Кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты жаңа реттегіш құралды және (немесе) талапты енгізу, реттеуді қатаңдату кәсіпкерлік қызметті реттеу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында мақұлдағаннан кейін ғана жүзеге асырылады.
Кәсіпкерлік қызметті реттеу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия Қазақстан Республикасының кәсіпкерлік саласындағы заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар тұжырымдау мақсатында құрылатын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады, оның негізгі функциялары:
1) реттеушілік әсерді талдау нәтижелерін қарау;
2) Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызметті реттеудің жай-күйі туралы жылдық есепті қарау және мақұлдау;
3) сараптама топтарының ұсынымдарын қарау және олар бойынша шешімдер қабылдау;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асыру болып табылады.
Кәсіпкерлік қызметті реттеу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның:
1) орталық атқарушы және басқа да мемлекеттік органдармен және ұйымдармен өзара іс-қимыл жасауға;
2) Қазақстан Республикасының кәсіпкерлік саласындағы заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар мен ұсынымдар енгізуге;
3) Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен басқа да ұйымдарының өкілдерін кәсіпкерлік қызметті реттеу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырыстарына шақыруға және оның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша тыңдауға;
4) мемлекеттік органдардан және басқа да ұйымдардан коммерциялық, банктік және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді қоспағанда, қажетті материалдарды сұратуға және алуға;
5) сараптама топтарын құруға, олар туралы ережені бекітуге және осындай сараптама топтарын қалыптастыру мен олардың қызметінің ашықтығын қамтамасыз етуге құқығы бар.
Осы тармақтың талаптары, Қазақстан Республикасының заңдары жобаларының тұжырымдамаларында және Қазақстан Республикасы заңдарының жобаларында кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты реттегіш құралды және (немесе) талапты енгізу, реттеуді қатаңдату жағдайларын қоспағанда, өңірлік маңызы бар актілердің жобаларына, сондай-ақ осы баптың 3-тармағы екінші бөлігінің 3) және 4) тармақшаларында көзделген жағдайларға қолданылмайды.
Өңірлік маңызы бар актілер деп Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттары және жергілікті өкілді және атқарушы органдар, оның ішінде тиісті аумақтың әкімі қабылдаған нормативтік құқықтық актілер түсініледі.
5. Әкімшілік және (немесе) қылмыстық жауаптылықты енгізу немесе кәсіпкерлік субъектілерінің бұрыннан бар әкімшілік және (немесе) қылмыстық жауаптылығын қатаңдату жағына қарай қайта қарау реттеушілік әсерді талдаудан басқа, мыналарды:
1) заңдық жауаптылық шараларының жазалау сипатына жол бермеуді;
2) сол бір құқық бұзушылық үшін заңдық жауаптылықтың бірнеше түрі енгізілген жағдайда, заңдық жауаптылық мөлшерінің қисынды арақатынасын;
3) бұзылуы реттеушілік әсерді талдау шеңберінде заңдық жауаптылыққа алып келетін талаптарды нақтылауды көздеуге тиіс.»;
10) 83-бапта:
1-тармақта:
бірінші бөліктегі «онымен байланысты талаптардың» деген сөздер «(немесе) талаптың, реттеуді қатаңдатудың» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші бөліктегі «құралдарды пайдалану» деген сөздер «құралдарды және (немесе) талаптарды пайдалану, реттеуді қатаңдату» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақта:
бірінші бөлік «реттегіш құрал енгізілгенге дейін және енгізілгеннен кейін» деген сөздер «реттегіш құрал және (немесе) талап енгізілгенге дейін және енгізілгеннен кейін, реттеу қатаңдатылғанға дейін және қатаңдатылғаннан кейін» деген сөздермен ауыстырылсын және «құралдар» деген сөзден кейін «және (немесе) талаптар» деген сөздермен толықтырылсын;
екінші бөлік «құралдардың» деген сөзден кейін «және (немесе) талаптардың, реттеуді қатаңдатудың» деген сөздермен толықтырылсын;
төртінші бөлік «құралдарды» деген сөзден кейін «және (немесе) талаптарды, реттеуді қатаңдатуды» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
«2-1. Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілдің ұсыныстарын қарау қорытындылары бойынша енгізілген кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органның ұсыныстары негізінде кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты реттегіш құралдың және (немесе) талаптың, реттеуді қатаңдатудың күші жойылуы немесе олар қайта қаралуы мүмкін.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген жағдайда мемлекеттік органдар осы бапқа сәйкес реттеушілік әсерді талдау рәсімін алдын ала жүргізуге тиіс.»;
5-тармақтағы «құралды енгізудің немесе» деген сөздер «құралды және (немесе) талапты енгізудің,» деген сөздермен ауыстырылсын;
6-тармақ мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
«3) кәсіпкерлік саласындағы міндетті талаптар тізілімін қалыптастыру және жүргізу кезінде нормативтік құқықтық актінің немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес міндетті талаптар қамтылатын өзге де құжаттың, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актісі жобасының, Қазақстан Республикасының заңы жобасы тұжырымдамасының, Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаты жобасының немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес міндетті талаптар қамтылатын өзге де құжат жобасының осы Кодекстің 9, 11, 80, 81-1 және 82-баптарының талаптарына сәйкестігін растауды қамтамасыз етеді.»;
7-тармақтың екінші бөлігіндегі «құралды енгізудің немесе» деген сөздер «құралды және (немесе) талапты енгізудің,» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармағының 11) тармақшасы 2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
2022.21.05. № 123-VII ҚР Заңымен (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2022.30.12. № 177-VІІ ҚР Заңымен (2022 ж. 31 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 11) тармақша өзгертілді
11) мынадай мазмұндағы 83-1-баппен толықтырылсын:
«83-1-бап. Кәсіпкерлік саласындағы міндетті талаптар тізілімі
1. Кәсіпкерлік саласындағы міндетті талаптар тізілімі (бұдан әрі - талаптар тізілімі) деп кәсіпкерлік қызметті реттеу салалары бөлінісінде реттеушілік актілердің жалпыға қолжетімді дерекқоры түсініледі.
Осы баптың мақсаттары үшін реттеушілік актілер деп қолданыстағы нормативтік құқықтық актілер, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кәсіпкерлік субъектілерінің орындауы үшін міндетті талаптар қамтылатын өзге де құжаттар түсініледі.
Талаптар тізілімі мынадай міндеттерді шешеді:
1) талаптардың осы Кодексте көзделген оларды қалыптастыру шарттарына және кәсіпкерлік субъектілері мен мемлекеттің өзара іс-қимыл жасау қағидаттарына сәйкестігін қамтамасыз ету;
2) кәсіпкерлік субъектілерінің қызметті жүзеге асыруы үшін міндетті талаптардың толық тізбесі туралы олардың хабардар болуын қамтамасыз ету.
2. Талаптар тізіліміне, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын қоспағанда, реттеудің тиісті салаларында кәсіпкерлік субъектілерінің орындауы үшін міндетті талаптар қамтылатын реттеушілік актілер енгізіледі.
Талаптар тізіліміне реттеушілік актілер олардың тиімділігін бағалау, оның ішінде мемлекеттік реттеудің мәлімделген мақсаттарына қол жеткізу және осы Кодексте көзделген міндетті талаптарды қалыптастыру шарттарына және кәсіпкерлік субъектілері мен мемлекеттің өзара іс-қимыл жасау қағидаттарына сәйкестігі тұрғысынан оларға кейіннен талдау жүргізу үшін енгізіледі.
Реттеушілік актілер талаптардың тізіліміне енгізілуге жататын кәсіпкерлік қызметті реттеу салаларын Қазақстан Республикасының Үкіметі кәсіпкерлік қызметті реттеу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның ұсынымдары негізінде айқындайды.
3. Реттеушілік актілер кәсіпкерлік саласындағы міндетті талаптардың тізілімін жүргізу қағидаларына сәйкес талаптар тізіліміне кәсіпкерлік қызметті реттеу кезінде оларды қолданатын реттеуші мемлекеттік органдардың ұсынуы бойынша енгізіледі.
Ұсынуда реттеуші мемлекеттік органдар кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша реттеушілік актілерге кейіннен талдау жүргізу мерзімдерін айқындайды.
4. Реттеушілік актілерді талдау реттегіш құралдардың және (немесе) талаптардың реттеушілік әсеріне талдауды жүргізу және пайдалану қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
5. Реттеушілік актілер талаптардың тізіліміне былайша:
1) Қазақстан Республикасының заңдары баптар бойынша;
2) Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілері және өзге де құжаттар деректемелері көрсетіле отырып, осы актілердің немесе құжаттардың атаулары бойынша енгізіледі.
6. Егер реттеуші мемлекеттік орган реттеушілік актіге уақтылы талдау жүргізбесе, бұл акт талаптар тізілімнен шығарылады.
Реттеуші мемлекеттік орган осы Кодекстің 81-1-бабына сәйкес келмейтін талаптарды бұзғаны үшін кәсіпкерлерді жауаптылыққа тартуға жол бермеу мақсатында реттеушілік актілер талаптардың тізілімінде болмаған және (немесе) одан алып тасталған жағдайда:
1) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген талаптар бойынша - талаптар тізілімінен алып тасталған не талаптар тізілімінде болмау фактісі анықталған күннен бастап алты ай ішінде;
2) өзге де нормативтік құқықтық актілер мен құжаттар бойынша -талаптар тізілімінен алып тасталған не талаптар тізілімінде болмау фактісі анықталған күннен бастап үш ай ішінде олардың күшін жоюға (күші жойылды деп тануға) не оларға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуге тиіс.
Осы тармақтың екінші бөлігінің 1) және 2) тармақшаларында көзделген мерзімдер бұзылған жағдайда, кәсіпкерлік субъектілерінің тиісті реттеушілік актілердің талаптарын сақтамауы оларды әкімшілік жауаптылыққа тартуға негіз болып табылмайды.
7. Талаптар тізілімін қалыптастыруды және жүргізуді кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган жүзеге асырады.»;
3-тармағының 12) тармақшасы 2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
12) 84-баптың 1-тармағының бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы 1-2) және 1-3) тармақшалармен толықтырылсын:
«1-2) кәсіпкерлік саласындағы міндетті талаптардың тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту;
1-3) реттеушілік актілері талаптар тізіліміне енгізілуге жататын кәсіпкерлік қызметті реттеу салаларын айқындау;»;
13) 85-баптың 2-тармағында:
3-тармағының 13) тармақшасының екінші - төртінші абзацтары 2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
мынадай мазмұндағы 5-1) және 5-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«5-1) кәсіпкерлік саласындағы міндетті талаптардың тізілімін жүргізу қағидаларын әзірлейді;
5-2) реттеуші мемлекеттік органдардың тәуекелдерді бағалау және басқару жүйесін қалыптастыруы қағидаларын әзірлейді және бекітеді;»;
7) тармақша «құралдардың» деген сөзден кейін «және (немесе) талаптардың» деген сөздермен толықтырылсын;
14) 86-бапта:
1-тармақтың 2) тармақшасындағы «реттегіш құрал» деген сөздер «кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты реттегіш құрал және (немесе) талап, реттеуді қатаңдату» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармағының 14) тармақшасының үшінші абзацы 2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
2-тармақтың 2) тармақшасындағы «141-бабының 2 және 3-тармақтарында,» деген сөздер алып тасталсын;
3-тармақтың бірінші абзацындағы «Реттегіш құрал» деген сөздер «Кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты реттегіш құрал және (немесе) талап, реттеуді қатаңдату» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармағының 15) тармақшасы 2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
15) 87-баптың 2-тармағының 2) тармақшасындағы «141-бабының 2 және 3-тармақтарында,» деген сөздер алып тасталсын;
16) 100-1-баптың 2-тармағының 3) тармақшасындағы «дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалардың, олармен үлестес заңды тұлғалардың, ұлттық басқарушы холдингтердің (Ұлттық әл-ауқат қорын қоспағанда), ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың (Ұлттық әл-ауқат қорының тобына кіретін ұлттық компанияларды қоспағанда) және олармен үлестес заңды тұлғалардың технологиялар мен инновацияларды дамыту бөлігінде даму стратегиялары мен жоспарларын» деген сөздер «технологиялар мен инновацияларды дамыту бөлігінде ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің және ұлттық компаниялардың даму жоспарларын, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалардың, олармен үлестес заңды тұлғалардың, ұлттық басқарушы холдингтердің (Ұлттық әл-ауқат қорын қоспағанда), ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың (Ұлттық әл-ауқат қорының тобына кіретін ұлттық компанияларды қоспағанда) және олармен үлестес заңды тұлғалардың даму жоспарлары мен іс-шаралар жоспарларын» деген сөздермен ауыстырылсын;
17) 101-баптың 2-тармағының 5) тармақшасындағы «дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалардың, олармен үлестес заңды тұлғалардың, ұлттық басқарушы холдингтердің (Ұлттық әл-ауқат қорын қоспағанда), ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың (Ұлттық әл-ауқат қорының тобына кіретін ұлттық компанияларды қоспағанда) және олармен үлестес заңды тұлғалардың даму стратегиялары мен жоспарларын» деген сөздер «ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің және ұлттық компаниялардың даму жоспарларын, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалардың, олармен үлестес заңды тұлғалардың, ұлттық басқарушы холдингтердің (Ұлттық әл-ауқат қорын қоспағанда), ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың (Ұлттық әл-ауқат қорының тобына кіретін ұлттық компанияларды қоспағанда) және олармен үлестес заңды тұлғалардың даму жоспарлары мен іс-шаралар жоспарларын» деген сөздермен ауыстырылсын;
18) 112-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«112-1-бап. Ақпараттық құралдар
1. Ақпараттық құралдар деп мемлекеттік органдарға немесе өзге де тұлғаларға Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген, бір мезгілде төмендегі өлшемшарттардың барлығына сәйкес келетін ақпаратты беру талаптары түсініледі:
1) ақпаратты беру міндетті болып табылады;