Қазақстан Республикасының
Заңы
Мақта саласын дамыту туралы
(2018.05.10. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2019 жылғы 28 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Осы Заңға өзгерістер енгізу туралы:
2015 жылғы 2 тамыздағы № 342-V ҚР Заңын қараңыз (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-тарау. Жалпы ережелер
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
2-бап. Қазақстан Республикасының мақта саласын дамыту туралы заңнамасы
2-тарау. Мақта саласын мемлекеттік реттеу
3-бап. Мақта саласын мемлекеттік реттеудің мақсаты
3-1-бап. Мақта саласын мемлекеттік реттеудің негізгі бағыттары мен қағидаттары
4-бап. Мақта саласын мемлекеттік реттеудің нысандары
5-бап. Мақта саласын дамытуды мемлекеттік қолдау
5-1-бап. Мақта нарығына қатысушыларды ақпараттық қамтамасыз ету
6-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті
7-бап. Уәкілетті органның құзыреті
8-бап. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарының құзыреті
3-тарау. Мақтаның қауіпсіздігі мен сапасы саласындағы мемлекеттік бақылау
9-бап. Мақтаның қауіпсіздігі мен сапасы саласындағы мемлекеттік бақылау
10-бап. Шитті мақтаның сапасына сараптама жасау
11-бап. Мақта талшығының сапасына сараптама жасау
4-тарау. Мақта өндірумен айналысатын ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің, мақта дайындау және мақта өңдеу ұйымдарының қызметі
12-бап. Мақта өндірумен айналысатын ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің құқықтары мен міндеттері
12-1-бап. Мақта дайындау ұйымы
12-2-бап. Мақта саласындағы кооперациялау
13-бап. Мақта өңдеу ұйымы
14-бап. Мақта өңдеу ұйымының қызметтеріне ақы төлеу
15-бап. Мақта өңдеу ұйымының қызметін шектеу
16-бап. Мақта өңдеу ұйымының есебі және есептілігі
17-бап. Мақта қолхаттары бойынша міндеттемелердің орындалуына кепілдік беру жүйесі
18-бап. Мақта өңдеу ұйымының аудиті
19-бап. Мақта өңдеу ұйымының мүлкін иеліктен шығару (сатып алу) ерекшеліктері
5-тарау. Мақта қолхаты
20-бап. Мақта қолхаты
21-бап. Мақта қолхатын беру тәртібі
22-бап. Мақта қолхаты мен оның бөліктері бойынша құқықтарды беру
23-бап. Мақта қолхаты мен оның бөліктерін ұстаушылардың құқықтары
24-бап. Мақтаны беру
25-бап. Кепіл куәлігі бойынша құқықтарды жүзеге асыру тәртібі
26-бап. Кепілге қойылған мақтаны сату
27-бап. Мақта қолхатын немесе оның бөліктерін жоғалту
6-тарау. Мақта дайындау және мақта өңдеу ұйымдарының қызметін мемлекеттік бақылау
28-бап. Мақта дайындау және мақта өңдеу ұйымдарының қызметін инспекциялау (тексеру)
29-бап. Мақта саласындағы мемлекеттік инспектор
30-бап. Мақта дайындау және мақта өңдеу ұйымдарына ықпал ету шаралары
31-бап. Мақта қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығына арналған лицензияның қолданысын тоқтата тұру, одан айыру
7-тарау. Мақта өңдеу ұйымын уақытша басқару
32-бап. Мақта өңдеу ұйымын уақытша басқару
33-бап. Алып тасталды
34-бап. Уақытша басқару жөніндегі комиссия
35-бап. Уақытша әкімшілік
36-бап. Мақта өңдеу ұйымын уақытша басқаруды тоқтату
8-тарау. Мәжбүрлеп таратылатын мақта өңдеу ұйымын тарату және оның кредиторларының талаптарын қанағаттандыру тәртібі
37-бап. Мақта өңдеу ұйымын тарату үшін негіздер
38-бап. Мақта өңдеу ұйымын мәжбүрлеп тарату үшін негіздер
39-бап. Мүліктік массаны қалыптастырудың ерекшелiктерi
40-бап. Мәжбүрлеу тәртібімен таратылатын мақта өңдеу ұйымы кредиторларының талаптарын қанағаттандыру кезектілігі
9-тарау. Қорытынды ережелер
41-бап. Қазақстан Республикасының мақта саласын дамыту туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық
42-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
2015.21.07. № 336-V ҚР Заңымен бүкіл мәтін бойынша «сарапшы ұйым», «сарапшы ұйымды», «сарапшылық ұйымға», «сарапшы ұйымның», «сарапшылық ұйымның», «сарапшылық ұйым» деген сөздер тиісінше «сараптама ұйымы», «сараптама ұйымын», «сараптама ұйымына», «сараптама ұйымының», «сараптама ұйымының», «сараптама ұйымы» деген сөздермен ауыстырылды (бұр.ред.қара)
2015.21.07. № 336-V ҚР Заңымен кіріспе өзгертілді (бұр.ред.қара)
Осы Заң мақта саласын дамытудың құқықтық, ұйымдастырушылық және экономикалық негіздерін айқындайды және Қазақстан Республикасында мақтаны өндіру, дайындау, сатып алу, өңдеу, сақтау және өткізу процесінде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді.
1-тарау. Жалпы ережелер
2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен 1-бап жаңа редакцияда (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
1) кепiл куәлiгiн ұстаушы - кепiл куәлiгiмен куәландырылған мiндеттемеде мақтаны кепiлге ұстаушы болып табылатын жеке немесе заңды тұлға;
2) қойма куәлiгiн ұстаушы - кепiлмен ауыртпалық жасалған мақта иесi; қойма куәлiгiмен индоссамент жасалған жағдайларда - индоссат;
3) линт - мақта талшығын мақта тұқымынан ажыратқаннан кейiн қалған тұқымның талшықты қабығы;
4) мақта - шиттi мақта, мақта талшығы, мақта тұқымы;
2015.21.07. № 336-V ҚР Заңымен 4-1) тармақшамен толықтырылды
4-1) мақта дайындау ұйымы - шитті мақта сатып алуды және дайындауды жүзеге асыратын заңды тұлға;
5) мақта иесi - меншiк құқығында шиттi мақта және (немесе) мақта талшығы және (немесе) мақта тұқымы бар жеке немесе заңды тұлға;
6) мақта қабылдау пунктi - шиттi мақтаны қабылдауға, сақтауға және беруге арналған арнаулы ғимарат;
7) мақта қолхаттары бойынша мiндеттемелердiң орындалуына кепiлдiк беру қоры - мақта өңдеу ұйымдарының өздерi берген мақта қолхаттары бойынша мiндеттемелерiн орындамауынан мақта қолхаттарын ұстаушылардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғауды қамтамасыз ету мақсатында өз қызметiн жүзеге асыратын заңды тұлға;
8) мақта қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызмет - шитті мақтаны сақтау; мақта талшығы мен мақта тұқымын сақтау, беру және шитті мақтаны мақта талшығы етіп бастапқы өңдеу жөніндегі мақта өңдеу ұйымдары жүзеге асыратын қызмет;
9) мақта қолхаты - шиттi мақтаны сақтауға және (немесе) бастапқы өңдеуге; мақта талшығын және мақта тұқымын сақтауға қабылдап алғанын растау үшiн мақта өңдеу ұйымы беретiн қосарлы қойма куәлiгi;
10) мақта қолхатын ұстаушы - мақта өңдеу ұйымына шиттi мақтаны сақтауға және (немесе) бастапқы өңдеуге; мақта талшығын және мақта тұқымын сақтауға өткiзген мақта иесi; мақта қолхатында индоссамент жасалған жағдайларда - индоссат;
2015.21.07. № 336-V ҚР Заңымен 11) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
11) мақта нарығына қатысушылар - шитті мақтаны өндіруге, дайындауға, сатып алуға, оны мақта талшығы етіп бастапқы өңдеуге және мақтаны өткізуге қатысатын жеке және заңды тұлғалар;
12) мақта нарығының мониторингi - мақта нарығына қатысушылар жүзеге асыратын мақтаны өндiрудi, өңдеудi, сақтауды және өткізудi қоса алғанда, мақта нарығы деректерiн жинауға, пысықтауға және талдауға бағытталған iс-шаралар жиынтығы;
2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен 13) тармақша жаңа редакцияда (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
13) мақтаның сапасы - стандарттау жөніндегі құжаттардың талаптарына сәйкестігін анықтайтын мақтаның тұтыну қасиеттерінің жиынтығы;
2015.21.07. № 336-V ҚР Заңымен 14) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
14) мақта өңдеу ұйымы - меншiк құқығында мақта тазалау зауыты бар, мақта қолхаттарын беру арқылы шитті мақтаны бастапқы өңдеу және қойма қызметі жөнiнде қызметтер көрсететiн заңды тұлға;
15) мақта саласын дамыту жүйесiндегi уәкiлеттi орган (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) - Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын, мақта саласындағы мемлекеттік реттеудi жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
16) мақта тазалау зауыты - шиттi мақтаны мақта талшығы етiп бастапқы өңдеуге арналған арнаулы ғимарат;
17) мақта талшығы - шиттi мақтаны бастапқы өңдеу кезiнде алынатын негiзгi өнiм;
2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен 18) тармақша жаңа редакцияда (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
18) мақта талшығы бумасы - техникалық регламенттердің және стандарттау жөніндегі құжаттардың талаптары сақтала отырып, шитті мақтаны мақта талшығы етіп бастапқы қайта өңдеу нәтижесінде алынған мақта талшығының ерекше тәсілмен нығыздалған белгілі бір көлемі;
19) мақта талшығының сапасына сараптама жасау - сынаманы iрiктеу мен сынақтан өткізудi, мақта талшығының сапа паспортын ресiмдеудi қамтитын мақта талшығы сапасының нақты көрсеткiштерiн анықтау мен растауға бағытталған шаралар кешенi;
2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен 20) тармақша жаңа редакцияда (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
20) мақта талшығы сапасының паспорты - мақта талшығы сапасының нақты көрсеткіштерін және олардың стандарттау жөніндегі құжаттардың және (немесе) келісім шарттардың талаптарына сәйкестігін куәландыратын құжат;
21) мақта тұқымы - шиттi мақтаны бастапқы өңдеу кезiнде алынған мақта ұрығы;
22) мақта шаруашылығы - өсiмдiк шаруашылығының мақта өндiру жөніндегі саласы;
23) мамандандырылған ауыспалы мақта егiсi - бір ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiнiң жер пайдалану аумағындағы егiстiк жердiң құрылымында мақтаның үлесi жетпiс пайыздан аспайтын жағдайда, өсiмдiктер аурулары мен зиянкестердiң жиналуына кедергi болатын, топырақ құнарлылығын сақтау мен арттыруға, шиттi мақтаның өнiмдiлiгi мен сапасын арттыруға әсер ететiн, мақтаның басқа ауыл шаруашылығы дақылдарымен ғылыми негiзделген кезектестiрiлiп егiлуi;
24) өңдеу шарты - шиттi мақтаны мақта талшығы етiп бастапқы өңдеу жөніндегі жария шарты;
25) сақтау шарты - шиттi мақтаны сақтаудың жария шарты;
26) сараптама ұйымы - Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген талаптарға сәйкес мақта талшығы сапасына сараптама жасауды және мақта талшығы сапасының паспортын берудi жүзеге асыратын заңды тұлға;
27) шиттi мақта - тұқымынан ажыратылмаған талшық;
2015.21.07. № 336-V ҚР Заңымен 27-1) тармақшамен толықтырылды
27-1) шитті мақтаны дайындау - мақта дайындау және (немесе) мақта өңдеу ұйымдары жүзеге асыратын, шитті мақтаны қабылдауды, сақтауды және беруді қамтитын қызметтер кешені;
28) шитті мақтаны мақта талшығы етіп бастапқы өңдеу - шитті мақтаны мақта талшығы, тұқым, линт, талшықты қалдықтар (құрамдарында үлік бар және мамық бар) етіп тазалау жөніндегі технологиялық операциялар кешені;
29) шиттi мақтаның сапасына сараптама жасау - сынаманы iрiктеу мен сынақтан өткізудi, шиттi мақтаның сапасы туралы куәлiктi ресiмдеудi қамтитын шиттi мақта сапасының нақты көрсеткiштерiн анықтау мен растауға бағытталған шаралар кешенi;
30) шиттi мақтаны өңдеудiң жанама өнiмдерi - тұқым, линт, талшықты қалдықтар (құрамында үлiк және мамық бар);
2015.21.07. № 336-V ҚР Заңымен 31) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
31) шитті мақтаны сақтау - мақта қолхаттарын беру арқылы шитті мақтаны сақтау және (немесе) бастапқы өңдеу үшін қабылдау;
32) шиттi мақта өндiрiсi - шиттi мақта өсiруге бағытталған агротехнологиялық iс-шаралар кешенi;
2015.21.07. № 336-V ҚР Заңымен 33) тармақшамен толықтырылды
33) шитті мақтаны сатып алу - келісімшарт жасасу шарты арқылы шитті мақтаны сатып алу, оған сәйкес мақта өндірумен айналысатын ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер шитті мақтаны осындай өнімді сатып алуды жүзеге асыратын мақта дайындау және (немесе) мақта өңдеу ұйымдарына шартта айқындалатын баға және талаптар бойынша сатады.
2-бап. Қазақстан Республикасының мақта саласын дамыту туралы заңнамасы
1. Қазақстан Республикасының мақта саласын дамыту туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.
2015.21.07. № 336-V ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше қағидалар белгіленсе, онда халықаралық шарттың қағидалары қолданылады.
2-тарау. Мақта саласын мемлекеттік реттеу
2015.21.07. № 336-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3-бап жаңа редакцияда
3-бап. Мақта саласын мемлекеттік реттеудің мақсаты
Мақта саласын мемлекеттік реттеудің мақсаттары ғылыми негізделген инновациялық технологияларды енгізу, мақта шаруашылығын техникалық реттеу, стандарттау және индустрияландыру, оны тоқыма және тамақ өнеркәсібімен интеграциялау негізінде отандық мақта саласын дамыту, бәсекеге қабілеттілігін арттыру, мақта нарығына қатысушылар арасындағы қатынастарды реттеу болып табылады.
2015.21.07. № 336-V ҚР Заңымен 3-1-баппен толықтырылды
3-1-бап. Мақта саласын мемлекеттік реттеудің негізгі бағыттары мен қағидаттары
1. Мақта саласын мемлекеттік реттеудің негізгі бағыттары:
1) отандық мақта саласының бәсекеге қабілеттілігін арттыру;
2) қатысушыларының кірістілігін арттыруды және осы нарықтың инфрақұрылымын дамытуды қамтамасыз ететін, тиімді жұмыс істейтін мақта нарығын қалыптастыру;
3) мақта нарығына қатысушыларды мемлекеттік қолдау;
4) қолайлы инвестициялық ахуал қалыптастыру және мақта саласына салынатын инвестициялар көлемін арттыру;
5) мақта саласында ғылым мен инновациялық қызметті дамыту, мақта нарығы үшін кадрларды оқыту, даярлау және қайта даярлау жүйесін жетілдіру;
6) мақта нарығына отандық қатысушылардың экономикалық мүдделерін ішкі және сыртқы нарықтарда қорғау болып табылады.
2. Мақта саласын мемлекеттік реттеу мынадай:
1) мақта нарығына қатысушыларды мемлекеттік қолдаудың ашықтығы, қолжетімділігі және оның атаулылығы;
2) өткізілетін іс-шаралардың экологиялық қауіпсіздігі;
3) мемлекеттік реттеу шараларының дәйектілігі мен тиімділігі;
4) Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен, сондай-ақ мақта нарығына қатысушылардың одақтарымен (қауымдастықтарымен) өзара іс-қимыл жасау қағидаттарына негізделеді.
2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен 4-бап өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4-бап. Мақта саласын мемлекеттік реттеудің нысандары
Мақта саласын мемлекеттік реттеу:
1) мақта саласын дамытуды мемлекеттік қолдау;
2) мақта қолхаттары бойынша міндеттемелердің орындалуына кепілдік беру жүйесін дамыту;
2015.21.07. № 336-V ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
3) кластерлік даму қағидаттарын ескере отырып, мақта саласының тоқыма және тамақ өнеркәсібімен интеграциялануын ынталандыру;
2015.21.07. № 336-V ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4) мақта қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметті лицензиялау;
2015.21.07. № 336-V ҚР Заңымен 4-1) тармақшамен толықтырылды
4-1) мақта дайындау және мақта өңдеу ұйымдарының қызметін мемлекеттік бақылау;
5) техникалық реттеу;
2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
6) сараптама ұйымын айқындау бойынша ашық конкурс өткізу, сондай-ақ оның мақта талшығының сапасына сараптама жүргізу қағидаларын сақтауын бақылау;
7) мақта нарығының мониторингі;
8) ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің мақта егілетін аймақтарда мамандандырылған ауыспалы мақта егістерін сақтауының мониторингі;
9) мақта саласын дамыту жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді шығару арқылы жүзеге асырылады.
2009.11.12. № 229-IV ҚР Заңымен 5-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
5-бап. Мақта саласын дамытуды мемлекеттік қолдау
Мақта саласын дамытуды мемлекеттік қолдау мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылады:
1) инвестициялық, салықтық, бюджеттік және кедендік ынталандыру саясатын қалыптастыру және іске асыру;
2015.21.07. № 336-V ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2) бюджет қаражаты есебінен мынадай іс-шараларды ұйымдастыру:
тұқымдық мақсаттар үшін пайдаланылатын мақта тұқымының мемлекеттік ресурстарын қалыптастыру;
мақтаны өндіру, сақтау және өңдеу, селекция және тұқым шаруашылығы, топырақтың құнарлылығын сақтау және арттыру саласындағы ғылыми зерттеулер мен іс-шараларды жүргізу;
шитті мақта өндірудің ғылыми негізделген технологиялары мен мамандандырылған ауыспалы мақта егісін енгізу;
мелиоративтік және ирригациялық жұмыстарды жүргізу;
ауыл шаруашылығы ақылдары зиянкестерінің, ауруларының, карантиндік арамшөптердің пайда болуын, көбеюін және таралуын жүйелі түрде бақылау мен есепке алуды жүргізу және оларға қарсы күресте инновациялық биологиялық және басқа да әдістерді енгізу;
мақта саласы мен тоқыма өнеркәсібі үшін мемлекеттік білім беру тапсырысына сәйкес мамандар даярлау;
мақта өндірумен айналысатын ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді, сондай-ақ шитті мақта мен мақта талшығы сапасының сараптамасына арналған шығындардың құнын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес субсидиялау;
3) мақта өндірушілер мен мақта өңдеу ұйымдарына техника мен құрал-жабдықтарды лизингтік беруді жүзеге асыру үшін мамандандырылған ұйымдарға қаражат бөлу;
4) шитті мақта өндірушілерге мақта тұқымының мемлекеттік ресурстарынан тұқымдық несие беру;
5) 2015.21.07. № 336-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
6) тұқым шаруашылығын дамыту, оның ішінде бірегей мақта тұқымын өндіруге жұмсалған шығынды өтеу, отандық ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне сатылған мақтаның элиталық тұқымдарының, бірінші және екінші көбейтілген тұқымдарының құнын арзандатуды қамтамасыз ету, мақта тұқымдарының сорттық және егістік сапасын айқындау;
7) мақта нарығына қатысушыларды кредиттеу жүйесін ұйымдастыру;
2015.21.07. № 336-V ҚР Заңымен 7-1) тармақшамен толықтырылды
7-1) мақта нарығына қатысушылардың тәуекелдерін сақтандыру жүйесін ұйымдастыру және дамыту;
8) Қазақстан Республикасының өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы заңнамасына сәйкес мақта егістерін сақтандыру;
2015.29.10. № 373-V ҚР Заңымен 9) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
9) су ресурстарын ұтымды пайдалануға, су үнемдейтін технологиялар енгізуге, ауыл шаруашылығы кооперативтері мен олардың қауымдастықтарының (одақтарының) құрылуына және қалыптасуына жәрдемдесу.
2015.21.07. № 336-V ҚР Заңымен 5-1-баппен толықтырылды
5-1-бап. Мақта нарығына қатысушыларды ақпараттық қамтамасыз ету
1. Уәкілетті орган және мақта саласын дамыту жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыратын облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органдары өздерінің интернет-ресурстарында мақта нарығына қатысушылардың мүдделерін қозғайтын ақпарат пен материалдарды қазақ және орыс тілдерінде уақтылы әрі тұрақты түрде орналастырады және жаңартып отырады.
2. Интернет-ресурстарда міндетті түрде орналастырылуға және жаңартылуға жататын ақпаратқа:
1) мақта саласының дамуын мемлекеттік қолдауды жүзеге асыру тәртібін белгілейтін нормативтік-құқықтық актілер;
2) кедендік баждардың мөлшерлері, тарифтік квоталардың көлемдері және оларды қолдану тәртібі, мақта импорты мен экспортының көлемдері;
3) Қазақстан Республикасында мақта өндірісінің болжамы мен нақты көрсеткіштері;
4) уәкілетті орган және мақта саласын дамыту жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыратын облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органдары белгілеген өзге де ақпарат жатады.
3. Осы баптың 2-тармағында көрсетілген ақпарат тегін және оған қол жеткізу тең шарттармен беріледі.
2009.11.12. № 229-IV ҚР Заңымен 6-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 6-бап өзгертілді
6-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті
Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыретіне:
1) мақта саласын дамыту жөніндегі мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын, оны жүзеге асыру жөніндегі стратегиялық және тактикалық шараларды әзірлеу;
2) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
3) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
3-1) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
4) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
5) сараптама ұйымын айқындау;
6) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
7) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 8) тармақша өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
8) мақта саласын дамыту мәселелері бойынша халықаралық ұйымдармен ынтымақтастықты және өзара іс-қимылды жүзеге асыру;
9) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
10) өзіне Қазақстан Республикасының Конституциясымен, заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жүктелген өзге де функцияларды орындау жатады.
2009.11.12. № 229-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара.); 2010.19.03 № 258-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 7-бап өзгертілді
7-бап. Уәкілетті органның құзыреті
Уәкілетті органның құзыретіне:
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1) мақта саласын дамыту жөніндегі мемлекеттік саясатты қалыптастыруды қамтамасыз ету;
2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды; 2015.21.07. № 336-V ҚР Заңымен 1-1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1-1) мақта саласын дамыту аясында жергілікті атқарушы органдардың қызметін үйлестіруді және оларға әдістемелік басшылық жасауды жүзеге асыру;
2015.21.07. № 336-V ҚР Заңымен 1-2) тармақшамен толықтырылды
1-2) мақта нарығына қатысушылардың қызметін үйлестіру мен реттеу;
2) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 3) тармақша жаңа редакцияда
3) мақта нарығына мониторинг жүргізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
4) мақта қолхатының нысаны (үлгісі) мен сипаттамасын әзірлеп, бекіту;
2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5) мыналарға:
мақта қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметке;
сараптама ұйымына қойылатын біліктілік талаптарын әзірлеу және бекіту;
2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
6) мыналарды:
шитті мақтаның сапасына сараптама жүргізу және шитті мақтаның сапасы туралы куәлік беру қағидаларын;
шитті мақтаның сапасы туралы куәлік нысанын (үлгісін);
мақта талшығының сапа паспортының нысанын (үлгісін) әзірлеу және бекіту;
7) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
8) - 10) 2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
11) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
12) 2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
13) 2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2015.21.07. № 336-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 14) тармақша жаңа редакцияда
14) техникалық регламенттерді әзірлеу туралы ұсыныстарды дайындау және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен техникалық реттеу саласындағы уәкілетті органға енгізу, сондай-ақ құзыреті шегінде стандарттау жөніндегі құжаттардың жобаларын қарау және стандарттау саласындағы уәкілетті органға енгізу үшін ұлттық, мемлекетаралық стандарттарды, ұлттық техникалық-экономикалық ақпарат сыныптауыштарын және стандарттау жөніндегі ұсынымдарды әзірлеу, өзгерістер енгізу, қайта қарау және күшін жою жөнінде ұсыныстар дайындау;