Осы Заңның 18-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген ақпарат берушілер уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген, өздерінің қызметін ұйымдастыру кезінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалануға және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды сақтайды.
2020.29.06. № 352-VI ҚР Заңымен 2-1-тармақпен толықтырылды
2-1. Осы Заңның 18-бабы 1-тармағының 3-1) тармақшасында көрсетілген ақпарат берушілер:
1) мемлекет қатысатын кредиттік бюромен және өзге де кредиттік бюролармен ақпарат беру туралы шарттар жасасуға;
2) осы баптың 2-тармағы бірінші бөлігінің 3), 4), 5), 6), 7) және 8) тармақшаларындағы талаптарды орындауға міндетті.
3. Осы Заңның 18-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында көрсетiлген ақпарат берушілер:
1) өздерi кредиттiк бюромен ақпарат беру туралы шарт жасасқан жағдайда осы Заңда белгiленген, өзге де ақпарат берушiлерге қойылатын талаптарды сақтауға тиiс;
2007.27.07 № 317-III ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
2) кредиттік тарих субъектiлерi туралы өздерiнде бар ақпаратты кредиттiк бюроларға тегін бередi.
2008.23.10. № 72-IV ҚР Заңымен бап 4 тармақпен толықтырылды
4. Кредиттік бюроларға кредиттік бюролар жүйесіне өздерінің бұған дейін қатысуына әкеп соққан қызметті жүзеге асырмайтын ақпарат берушілер кредиттік бюролардың деректер базаларына бұрын берілген барлық субъектілер бойынша ақпаратты көрсетілген субъектілермен шарттық қарым-қатынастар тоқтатылғанға дейін жаңартып отыруға міндетті.
2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 5-тармақпен толықтырылды
5. Осы Заңның 18-бабы 1-тармағының 2), 3-1) және 4) тармақшаларында көрсетілген ақпарат берушілер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жасалатын ақпарат беру және (немесе) кредиттік есептерді алу туралы шарттарда айқындалған, өздерінің қызметін ұйымдастыру кезінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалануға және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды сақтайды.
2007.27.07 № 317-III ҚР Заңымен 20-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
20-бап. Кредиттік есептерді алушылар
1. Мыналар:
2012.26.11 № 57-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2017.06.05. № 63-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1) тармақша жаңа редакцияда; 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2022.04.07. № 133-VII ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1) тармақша өзгертілді
1) банктер, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдар, коллекторлық агенттіктер, сервистік компаниялар, «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 36-1-бабының 4-тармағы бірінші бөлігінің оныншы абзацында және «Микроқаржылық қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-1-бабының 5-тармағы бірінші бөлігінің сегізінші абзацында аталған тұлғалар, егер банктік қарыз шарты бойынша және (немесе) микрокредит беру туралы шарт бойынша алынған құқықтарды (талаптарды) осы тұлғалар сервистік компанияның сенімгерлік басқаруына бермесе;
2) жүйелендірілген белгілерін Қазақстан Республикасының Yкіметі айқындайтын тауарларды және көрсетілетін қызметтерді кредитке өткізетін не төлемдердің мерзімін ұзартатын жеке кәсіпкер немесе заңды тұлға;
2009.30.12. № 234-IV ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
3) ақпарат беру туралы шарттар негiзiнде өзге де тұлғалар;
2008.23.10. № 72-IV ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
4) кредиттік тарих субъектісі;
2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 4-1) тармақшамен толықтырылды
4-1) пайдасына банк кепілдігі немесе кепілдеме берілген тұлға;
2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 4-2) тармақшамен толықтырылды
4-2) облигацияларды ұстаушылардың мүдделерін білдіру туралы шарт жасасқан облигациялар эмитентінің кредиттік есебіне қатысты облигацияларды ұстаушылардың өкілі;
2008.23.10. № 72-IV ҚР Заңымен 5) тармақшамен толықтырылды
5) уәкілетті орган кредиттік есептерді алушылар болып табылады.
Осы тармақтың 4) тармақшасында көрсетілген кредиттік есепті алушылар тек өздері туралы кредиттік есеп алуға құқылы.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің 4-1) тармақшасында аталған кредиттiк есептi алушылар өздерiнің пайдасына банк шығарған кепілдіктер немесе кепілгерліктер туралы ғана кредиттiк есепті алуға құқылы.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің 4-2) тармақшасында аталған кредиттік есепті алушылар облигацияларды ұстаушылардың мүдделерін білдіру туралы шарт жасасқан облигациялар эмитенті туралы ғана кредиттік есепті алуға құқылы.
Кредиттік есептерді осы тармақта көрсетілмеген тұлғаларға беруге жол берілмейді.
2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Осы баптың 1-тармағының 1), 2), 3) және 4-2) тармақшаларында көрсетілген тұлғалар кредиттік есептерді алу туралы шарт жасасқаннан кейін кредиттік есептерді алушылар ретінде кредиттік бюрода тіркелуге тиіс.
21-бап. Кредиттік есептi алушының құқықтары мен міндеттері
1. Кредиттiк есептi алушы:
1) кредиттiк есептi алуға;
2) Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес өзге де құқықтары болуға құқылы.
2007.27.07 № 317-III ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Кредиттік тарих субъектісі, осы Заңның 17-бабының 4) тармақшасында көзделген, субъектіге түзетілген кредиттік есеп берілетін жағдайды қоспағанда, өзі туралы кредиттік есепті күнтізбелік жыл ішінде бір рет тегін алуға құқылы.
2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 2-1-тармақпен толықтырылды
2-1. Кредиттік тарих субъектісі - жеке тұлға кредиттік бюро айқындайтын тәртіппен кредиттік бюродан өзінің кредиттік скорингі туралы ақпаратты өтеусіз алуға құқылы.
2007.27.07 № 317-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 3-тармақ өзгертілді
3. Осы Заңның 20-бабы 1-тармағының 1), 2), 3) және 4-2) тармақшаларында көрсетiлген кредиттiк есептi алушылар:
1) осы Заңның 25-бабының 4-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, кредиттiк тарих субъектiсi туралы кредиттiк есептi алуға оның келісімiн алғандығы туралы растауды кредиттік бюроға табыс етуге;
2) кредиттiк есептi алушы ретiнде тiркелген кезде оларға табысетiлген мәлiметтердiң өзгергенi туралы хабарлауға;
3) кредиттік есепке қатысты құпиялылықты сақтауға және ондағы ақпаратты үшiншi тұлғаларға жария етпеуге;
4) кредиттiк есептегi ақпаратты осы Заңның 26-бабында көзделген мақсаттар үшiн ғана пайдалануға;
5) кредиттiк тарих субъектiсiнің талабы бойынша оны кредиттiк есептiң мазмұнымен таныстыруға не оған кредиттiк есептi алушының iшкi ережелерiне сәйкес кредиттiк есептiң көшiрмесiн беруге;
6) кредиттiк бюроның кредиттiк есептi беру жөнiнде көрсететiн қызметiне ақы төлеуге;
7) Қазақстан Республикасының заң актілерiне сәйкес өзге де мiндеттердi атқаруға мiндеттi.
22-бап. Кредиттiк тарих субъектiсiнің құқықтары
Кредиттiк тарих субъектiсi:
2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
1) мемлекет қатысатын кредиттік бюроны қоспағанда, ақпарат беруші ақпарат беру туралы шарт жасасқан кредиттік бюроларға ақпарат берушiге кредиттiк тарихты қалыптастыру үшiн өзi жайында мәлiметтер табыс ету туралы келісім беруге;
2) кредиттiк есептi алушыға өзi туралы кредиттiк есептi алуына келісім беруге;
3) кредиттiк бюроға өзi туралы ақпарат түскен кезден бастап, осы Заңда белгiленген талаптарға сәйкес өзi туралы кредиттiк есептi алуға;
4) кредиттiк есептi алушыдан кредит алуға оның өтінiмiн қараған кезде кредиттiк есеппен таныстыруды не алушы кредиттiк бюродан алған кредиттiк есептiң көшiрмесiн кредиттiк есептi алушының iшкi ережелерiне сәйкес берудi талап етуге;
5) кредиттiк есептегi ақпаратпен, беруші туралы ақпарат алу мүмкiндiгiмен келiспеушілiктi мәлiмдеуге;
6) алушыға берiлген кредиттiк есепте кредиттiк бюро қызметкерлерінің әрекетi немесе әрекетсiздiгі салдарынан ақпарат берушiлер кредиттiк бюроға берген ақпаратқа сәйкес келмейтiн ақпарат болса, кредиттiк бюролардан түзетiлген кредиттiк есептi сұратуға;
7) дәйектемесiз ақпаратты түзету туралы талаппен ақпарат берушiге өтiнiш жасауға құқылы.
5-тарау. Кредиттік бюроларға ақпарат беру
23-бап. Кредиттік бюроларға ақпарат берудiң жалпы шарттары
2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2017.27.02. № 49-VI ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2020.29.06. № 352-VI ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Осы Заңның 25-бабының 4-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, осы Заңның 18-бабы 1-тармағының 1), 2) және 4) тармақшаларында көрсетілген ақпарат берушілер - мемлекет қатысатын кредиттік бюроға, сондай-ақ ақпарат беру туралы шарттар негізінде кредиттік тарих субъектісінің келісімі болған кезде өзге де кредиттік бюроларға ақпарат беруге міндетті.
Осы Заңның 18-бабы 1-тармағының 3-1) тармақшасында көрсетілген ақпарат берушілер мемлекет қатысатын кредиттік бюроға және өзге де кредиттік бюроларға ақпарат беруге міндетті.
Осы тармақтың бірінші және екінші бөліктерінде көрсетілген ақпарат берушілердің кредиттік бюроларға ақпарат беру және кредиттік есептерді алу талаптары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жасалатын ақпарат беру және (немесе) кредиттік есептер алу туралы шарттарда айқындалады.
2. 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2007.26.07 № 311-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2007.27.07 № 317-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.25.03. № 421-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 3-тармақ өзгертілді; 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 3-тармақ өзгертілді
3. Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды мемлекеттік тiркеуді жүзеге асыратын «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен және шарттарда кредиттік бюроларға өздерімен жасалатын ақпарат беру туралы шарттар негiзiнде ақпарат бередi.
Орталық атқарушы органдар және оларға ведомстволық бағынысты заңды тұлғалар мемлекет қатысатын кредиттік бюроға ақпарат беруді ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органның ақпарат алмасудың электрондық шлюзін пайдалана отырып, Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен онымен жасалған шарт негізінде жүзеге асырады.
2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4. Өнім берушілер кредиттік бюроларға ақпаратты электрондық нысанда береді. Ақпаратты қағаз жеткізгіште беру жағдайлары кредиттік бюролардың ішкі құжаттарында және олар ақпарат берушілермен жасасатын шарттарда айқындалады.
2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2020.29.06. № 352-VI ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5. Осы Заңның 18-бабы 1-тармағының 3-1) тармақшасында көрсетілген ақпарат берушілерді қоспағанда, ақпарат берушілер кредиттік тарих субъектілерінің өздері туралы ақпаратты кредиттік бюроларға (мемлекет қатысатын кредиттік бюроны қоспағанда) беруге алған келісімдерін есепке алуды жүргізеді.
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6. Кредиттiк тарих субъектілерiнің өздерi туралы мәлiметтердi кредиттiк бюроларға қағаз жеткiзгіште немесе электрондық нысанда ұсынуға келісімiн ақпарат берушi кредиттiк бюроларға олар туралы сoңғы ақпарат берiлген күннен бастап кемінде он жыл сақтауға тиiс.
24-бап. Кредиттік бюроларға берiлетін ақпарат
2007.27.07 № 317-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.26.11 № 57-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді
1. Кредиттiк бюроларға банктер, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдар беретiн ақпаратта:
1) тұлға осы банктен немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымнан алған кредит бойынша борыш сомасы, сондай-ақ ол алған барлық кредиттер, шартты және ықтимал міндеттемелер бойынша борыштың жалпы сомасы;
2008.23.10. № 72-IV ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
2) кредиттердi (өтеу көзін көрсете отырып), сондай-ақ шартты және ықтимал мiндеттемелердi беру күнi, өтеу күнi (график бойынша және iс жүзiнде);
3) мiндеттемелердi орындауды қамтамасыз етудiң (сейф жәшіктерiнде, шкафтарда және банктің үй-жайында сақтаулы тұрған қамтамасыз етудi қоспағанда) құрамы мен тәсілдерi туралы ақпарат;
3-1) ол болған кезде кредиттік тарих субъектісі туралы теріс ақпарат;
2021.24.05. № 43-VІІ ҚР Заңымен 3-2) тармақшамен толықтырылды (2021 ж. 1 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді)
3-2) банктік қарыз шартын, микрокредит беру туралы шартты жасасу күніне кредит бойынша номиналды және жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемелері туралы ақпарат;
4) тараптардың келісімi бойынша өзге де мәлiметтер болуға тиiс.
Осы тармақтың мақсаттары үшiн кредит деп банктік қарыз, лизинг, факторинг, форфейтинг операциялары, вексельдердi есепке алу, сондай-ақ микрокредиттер беру түсiніледi.
2017.06.05. № 63-VІ ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды; 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2022.04.07. № 133-VII ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-1-тармақ өзгертілді
1-1. Коллекторлық агенттіктер банктерден, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардан, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардан ие болған банктік қарыз шарттары, микрокредит беру туралы шарттар бойынша құқықтар (талаптар) жөнінде және сервистік компаниялар, «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 36-1-бабының 4-тармағы бірінші бөлігінің оныншы абзацында және «Микроқаржылық қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-1-бабының 5-тармағы бірінші бөлігінің сегізінші абзацында аталған тұлғалар кредиттік бюроларға беретін ақпаратта, егер банктік қарыз шарты бойынша және (немесе) микрокредит беру туралы шарт бойынша алынған құқықтарды (талаптарды) осы тұлғалар сервистік компанияның сенімгерлік басқаруына бермесе:
1) берешек сатып алынған күнгі негізгі борыштың, сыйақының, комиссиялардың, тұрақсыздық айыбының (айыппұлдың, өсімпұлдың) сомасын қамтитын берешектің жалпы сомасы;
2) борышты сатып алу күні;
3) борышты (график бойынша және нақты) өтеу күні;
4) міндеттемелердің құрамы және оларды орындауды қамтамасыз ету тәсілдері туралы ақпарат;
5) бар болған кезде, кредиттік тарих субъектісі туралы теріс ақпарат;
6) тараптардың келісуі бойынша өзге де мәліметтер қамтылуға тиіс.
2. Тауарларды және көрсетiлетiн қызметтердi кредитке өткiзетiн не төлемдердiң мерзімін ұзартатын жеке кәсіпкер немесе заңды тұлға кредиттiк бюроларға беретiн ақпаратта мынадай мәлiметтер:
1) кредит бойынша, сондай-ақ кредитке алынған барлық тауарлар және көрсетілетiн қызметтер бойынша борыш сомасы;
2) кредиттерді беру күнi, өтеу күнi (график бойынша және iс жүзiнде);
3) мiндеттемелердi орындауды қамтамасыз етудiң құрамы мен тәсiлдерi туралы ақпарат;
4) тараптардың келісімi бойынша өзге де мәлiметтер болуға тиiс.
2007.12.01. № 224-III ҚР Заңымен (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2007.27.07 № 317-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.12.01. № 538-ІV ҚР Заңымен (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); (2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3-тармақ өзгертілді
3. Осы баптың 1 және 2-тармақтарының талаптарына сәйкес кредиттік тарих субъектісі - жеке тұлға туралы берiлген ақпаратта тегi, аты, әкесінiң аты, туған күнi, тұрғылықты жерi, заңдық мекен-жайы, жеке басын куәландыратын құжаттың атауы мен деректемелерi, жеке сәйкестендiру нөмiрi болуға тиiс.
2007.12.01. № 224-III ҚР Заңымен (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.12.01. № 538-ІV ҚР Заңымен (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); (2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 4-тармақ өзгертілді
4. Осы баптың 1 және 2-тармақтарының талаптарына сәйкес кредиттiк тарих субъектiсi - заңды тұлға туралы берiлетін ақпаратта атауы, ұйымдық-құқықтық нысаны, орналасқан жері, заңды тұлға ретiнде мемлекеттік тiркеу нөмiрi және күнi, бизнес-сәйкестендiру нөмiрi, бiрiншi басшыларының тегi, аты, әкесiнің аты және олардың жеке сәйкестендiру нөмiрлерi болуға тиiс.
2007.12.01. № 224-III ҚР Заңымен (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2007.26.07 № 311-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2007.27.07 № 317-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.25.03. № 421-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.12.01. № 538-ІV ҚР Заңымен (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); (2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 5-тармақ өзгертілді
5. Кредиттiк бюроларға жылжымайтын мүлiкке құқықтарды мемлекеттік тiркеудi жүзеге асыратын «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы беретін ақпаратта мынадай мәлiметтер:
1) жеке тұлғалар үшін - тегi, аты, әкесiнiң аты, туған күнi, тұрғылықты жерi, заңдық мекен-жайы, жеке басын куәландыратын құжаттың атауы мен деректемелерi, жеке сәйкестендiру нөмiрi, меншiк құқығын және басқа құқықтарды, сондай-ақ жылжымайтын мүлiкке ауыртпалықтарды тiркеу туралы мәлiметтер;
2) заңды тұлғалар үшiн - атауы, ұйымдық-құқықтық нысаны орналасқан жерi, заңды тұлға ретіндe мемлекеттік тiркеу нөмiрi мен күнi, бизнес-сәйкестендiру нөмiрi, банк деректемелерi, меншiк құқығын және басқа да құқықтарды, сондай-ақ жылжымайтын мүлiкке ауыртпалықтарды тiркеу туралы мәлiметтер болуға тиіс.
2017.27.02. № 49-VI ҚР Заңымен 5-1-тармақпен толықтырылды
5-1. Осы Заңның 18-бабы 1-тармағының 3-1) тармақшасында көрсетілген ақпарат берушілердің кредиттік бюроларға ұсынатын ақпараты ақпарат беру туралы шартта айқындалады және онда мынадай мәліметтер:
1) адамның ақпарат берушіден алған көрсетілетін қызметі бойынша берешегінің сомасы;
2) берешектің пайда болуы және оны өтеу күні;
3) ақпаратты беру күніне мерзімін өткізіп алу күндерінің саны;
4) өсімпұл сомасы (бар болған жағдайда);
5) көрсетілетін қызметтің түрі;
6) кредиттік тарих субъектісі - жеке тұлға туралы ақпарат (тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), тұрғылықты жері, заңды мекенжайы, жеке сәйкестендіру нөмірі);
7) кредиттік тарих субъектісі - заңды тұлға туралы ақпарат (атауы, ұйымдастырушылық-құқықтық нысаны, орналасқан жері, бизнес сәйкестендіру нөмірі, бірінші басшылардың тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) және олардың жеке сәйкестендіру нөмірлері);
8) тараптардың келісімі бойынша өзге де мәліметтер қамтылуға тиіс.
Осы тармақтың мақсаттары үшін берешек деп көрсетілетін қызметтерді алушылардың ақпаратты берушінің алдындағы мерзімі өткен берешегі түсініледі.
2017.27.02. № 49-VI ҚР Заңымен 5-2-тармақпен толықтырылды
5-2. Осы Заңның 18-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген ақпарат берушілердің кредиттік бюроларға ұсынатын ақпараты ақпаратты беру туралы шартта айқындалады және онда мынадай мәліметтер:
1) адамның ақпарат берушіден алған көрсетілетін қызметі бойынша берешегінің сомасы;
2) берешектің пайда болуы және оны өтеу күні;
3) қамтамасыз ету ретіндегі және (немесе) берешектің болуына (бар болған жағдайда) байланысты ауыртпалығы бар мүлік туралы мәлімет;
4) тараптардың келісімі бойынша өзге де мәліметтер қамтылуға тиіс.
2007.27.07 № 317-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2017.27.02. № 49-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 6-тармақ өзгертілді
6. Осы баптың 1, 2 және 5-тармақтарында көзделген ақпарат тiзбесi кредиттiк бюро мен ақпарат берушi арасындағы келісім бойынша, олар жасасатын ақпарат беру туралы шарт негiзiнде, егер бұл Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға қайшы келмесе, толықтырылуы мүмкiн.
25-бап. Кредиттік тарих субъектісінің ақпарат беруге және кредиттік есепті беруге келісімін ресімдеу
2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді; 2020.29.06. № 352-VI ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Осы Заңның 18-бабы 1-тармағының 1), 2) және 4) тармақшаларында көрсетілген ақпарат берушілерге кредиттік тарих субъектісінің өзі туралы ақпаратты кредиттік бюроларға (мемлекет қатысатын кредиттік бюроны қоспағанда) беруге келісімі және (немесе) кредиттік тарих субъектісінің кредиттік есепті алушыға кредиттік бюродан өзі туралы кредиттік есепті беруге келісімі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ресімделеді.
2. Ақпарат субъектiсiнiң - жеке тұлғаның келісімiн Қазақстан Республикасының нотариат туралы заңдарына сәйкес ресiмделген сенімхат негiзiнде әрекет ететін сенім білдiрiлген тұлға да ресiмдеуi мүмкiн.
2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2020.29.06. № 352-VI ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Осы Заңның 18-бабы 1-тармағының 1), 2) және 4) тармақшаларында көрсетілген ақпарат берушілерге кредиттік тарих субъектісінің өзі туралы ақпаратты кредиттік тарихты қалыптастыру үшін кредиттік бюроларға (мемлекет қатысатын кредиттік бюроны қоспағанда) беруге және (немесе) кредиттік бюродан өзі туралы кредиттік есепті беруге келісімінің болмағаны үшін, сондай-ақ оны дұрыс ресімдемегені үшін ақпарат беруші, кредиттік есепті беру туралы сұрау салған кредиттік есепті алушы не олардың лауазымды адамдары Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес жауапты болады.
2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 4-тармақпен толықтырылды
4. Кредиттік тарих субъектісінің бұл субъект туралы теріс ақпаратты кредиттік бюроларға беруіне және кредиттік бюролардың ақпарат берушілерге кредиттік тарих субъектісі туралы теріс ақпаратты құрайтын кредиттік есептерді беруіне келісім беруі талап етілмейді.
26-бап. Ақпаратты және кредиттiк есептердi пайдалану негiздемелерi мен мақсаттары
2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2020.29.06. № 352-VI ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Осы Заңның 18-бабы 1-тармағының 3-1) тармақшасында көрсетілген ақпарат берушілерді қоспағанда, ақпарат берушілердің кредиттік бюроларға (мемлекет қатысатын кредиттік бюроны қоспағанда) ақпарат беруі, сондай-ақ кредиттік бюролардан кредиттік есептерді беруі үшін кредиттік тарих субъектісінің келісімі негіз болып табылады.
2. Кредиттiк есептi алушылар кредиттiк бюролар жүйесіндегі ақпаратты:
1) кредиттер беру, мониторинг жасау және кредиттердiң мерзiмiн ұзарту кезiнде тәуекелдердi бағалау;
2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды
1-1) кредиттік тарих субъектiсiнің кредит өтеу қабілетiн бағалау;
2) кредиттiк шарттардың талаптары өзгерген кезде тәуекелдердi бағалау;
3) мерзiмi ұзартылған төлемдермен жасалатын өзге де мәмiлелер бойынша тәуекелдердi бағалау;
4) кредиттік есептегi ақпараттың дұрыстығын растау мақсатында пайдалануы мүмкiн.
3. Кредиттік бюролар ақпарат берушiлерден алған мәлiметтердi маркетингтiк және статистикалық зерттеулердi жүзеге асыру үшiн пайдалануға құқылы.
2007.27.07 № 317-III ҚР Заңымен 4-тармақпен толықтырылды
4. Уәкілетті орган мен шет мемлекеттің тиісті қадағалау органы арасында ақпарат алмасу жөніндегі келісім болған кезде, кредиттік бюро шет мемлекеттердің кредиттік бюроларына субъектінің кредиттік тарихы бар немесе жоқ екендігі туралы ақпарат беруге және олардан ақпарат алуға құқылы.
6-тарау. Кредиттік тарихты қалыптастыру және оны пайдалану жөніндегі қатынастар
27-бап. Ақпарат берушiлермен және кредиттік есептерді алушылармен жасалатын шарттар
2007.27.07 № 317-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2020.29.06. № 352-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда
1. Осы Заңның 18-бабы 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген ақпарат берушілер ақпарат беру жөніндегі өз міндеттемелерін орындау мақсатында мемлекет қатысатын кредиттік бюромен мемлекет қатысатын кредиттік бюро мемлекеттік тіркелген және (немесе) ақпарат берушілер осы Заңның 18-бабы 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларында айқындалған белгілерге сәйкес келген күннен бастап күнтізбелік 180 күн ішінде ақпарат беру туралы шарттар жасасуға міндетті. Осы Заңның 18-бабы 1-тармағының 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген ақпарат берушілер ақпарат беру туралы шартта айқындалған мерзімдерде өзге кредиттік бюролармен ақпарат беру туралы шарт жасасуға құқылы.
Осы Заңның 18-бабы 1-тармағының 3-1) тармақшасында көрсетілген ақпарат берушілер осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзімдерде өзге кредиттік бюролармен ақпарат беру туралы шарт жасасуға міндетті.