4) орталық және жергілікті атқарушы органдардың азаматтық қорғау жөніндегі іс-шараларды орындауына талдау жүргізуге;
5) азаматтық қорғау мәселелері бойынша талдамалық, сараптамалық және басқа да жұмыстарды орындау үшін ұйымдардың мамандарын (олардың басшыларымен келісу бойынша) тартуға;
6) Қазақстан Республикасының Премьер-Министріне табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою кезінде халықтың тіршілігін қамтамасыз ету үшін бекітілген нормалар негізінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлу туралы ұсыныс енгізуге құқығы бар.
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
6. Аумақтық деңгейде жергілікті атқарушы органдардың шешімдерімен төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі комиссиялар құрылады, олар өз қызметін оларды құру туралы шешімдермен айқындалатын өкілеттіктер мен міндеттерге сәйкес жүзеге асырады.
Жергілікті атқарушы органдардың басшылары - төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі комиссиялардың төрағалары, уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшелерінің басшылары төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі комиссиялар төрағаларының орынбасарлары болып табылады.
8-бап. Азаматтық қорғау қызметтері және эвакуациялық органдар
1. Азаматтық қорғаудың арнайы іс-шараларын орындауды қамтамасыз ету және осы мақсаттарда күштер мен құралдарды дайындау үшін республикалық, облыстық, қалалық, аудандық азаматтық қорғау қызметтері құрылады.
2. Республикалық азаматтық қорғау қызметтерінің тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
3. Азаматтық қорғаудың аумақтық кіші жүйелерінің азаматтық қорғау қызметтері тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктер әкімдерінің шешімдерімен құрылады.
4. Эвакуациялық іс-шараларды орындауды ұйымдастыру мақсатында орталық және жергілікті атқарушы органдарда, азаматтық қорғаныс бойынша санаттарға жатқызылған ұйымдарда эвакуациялық органдар құрылады.
9-бап. Азаматтық қорғау құралымдары
1. Азаматтық қорғау құралымдары бейбіт уақытта және соғыс уақытында авариялық-құтқару жұмыстары мен кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізуге арналған.
2. Азаматтық қорғау құралымдары орталық және жергілікті атқарушы органдарда, ұйымдарда құрылады.
3. Азаматтық қорғау құралымдарына бірінші, екінші және үшінші топтағы мүгедектерді, жүкті әйелдерді, сегіз жасқа дейінгі жастағы балалары бар әйелдерді және соғыс уақытында - жұмылдыру нұсқаулары бар әскери міндеттілерді қоспағанда, еңбекке қабілетті еркектер мен әйелдер қабылданады.
2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен 10-баптың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
10-бап. Ведомствоның білім беру ұйымдары
2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Ведомствоның білім беру ұйымдары уәкілетті органмен келісу бойынша білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындайтын мамандықтар бойынша жоғары білімі бар мамандарды даярлау мақсатында, сондай-ақ азаматтық қорғау саласындағы мамандардың біліктілігін арттыру мақсатында құрылады.
2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Ведомствоның білім беру ұйымдарының басты міндеттері:
1) азаматтық қорғау саласындағы мамандарды даярлау;
2) азаматтық қорғау саласындағы мамандардың кәсіби өсуі және біліктіліктерін арттыру үшін жағдайлар жасау;
3) мамандар даярлау бейініне сәйкес қызметті жетілдірудің өзекті проблемалары бойынша ғылыми зерттеулер жүргізу, зерттеулердің алынған нәтижелерін оқу процесі мен практикаға енгізу болып табылады.
3-тарау. АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ
11-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң азаматтық қорғау саласындағы құзыретi
Қазақстан Республикасының Үкіметі:
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1) азаматтық қорғау саласындағы мемлекеттiк саясаттың негiзгi бағыттарын, өнеркәсіптік қауіпсіздік және мемлекеттік материалдық резерв салаларында оны жүзеге асыру жөніндегі стратегиялық және тактикалық шараларды әзiрлейдi;
2) мемлекеттік резервті құрады;
3) жалпы басшылықты жүзеге асырады және мемлекеттік резервті дамытудың бірыңғай саясатын айқындайды;
4) Қазақстан Республикасының аумағындағы төтенше жағдайлар мен олардың салдарларын жоюға, сондай-ақ басқа да мемлекеттерге гуманитарлық көмек көрсетуге Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервiнен қаражат бөледi;
5) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
6) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілейді;
7), 8) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
9) мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарының номенклатурасын және сақтау көлемін бекітеді;
10) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
11) мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын сақтау пункттерінің тізбесін бекітеді;
12) мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарымен операциялар жүргізу қағидаларын бекітеді;
13), 14) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
15) өрт қауіпсіздігі қағидаларын бекітеді;
16) - 22) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
SUB110018SUB110019SUB110020SUB110021SUB110022
23) мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын есептен шығару және кәдеге жарату (жою) қағидаларын бекітеді;
24) республикалық азаматтық қорғау қызметтерінің тізбесін бекітеді;
25) міндетті түрде мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет құрылатын ұйымдар мен объектілердің тізбесін бекітеді;
26) төтенше жағдай аймағындағы халықтың ең төменгі тіршілігін қамтамасыз ету нормаларын бекітеді;
27) - 30) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
31) азаматтық қорғаныс объектілерін құру және пайдалану қағидаларын бекітеді;
32) мемлекеттiк резервтiң материалдық құндылықтарын сақтау пункттеріне шығындарды өтеу, сондай-ақ мемлекеттiк резервтiң төтенше жағдайлар мен олардың салдарларының алдын алу және оларды жою, нарыққа реттеушiлiк ықпал ету, босқындарға көмек көрсету және гуманитарлық көмек көрсету үшiн пайдаланылған материалдық құндылықтары үшiн шығындарды өтеу қағидаларын бекітеді;
33) 2015.28.10. № 367-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
34) жаңарту және броньнан шығару тәртібімен мемлекеттік резервтен материалдық құндылықтарды шығару қағидаларын бекітеді;
35) - 37) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
38) нарыққа реттеушiлiк ықпал ету үшін мемлекеттiк резервтi пайдаланған жағдайда, сауда қызметiнің субъектiлерi - материалдық құндылықтарды алушылардың тiзбесiн, сауда үстемеақысының көлемiн, бағасын және мөлшерiн бекітеді;
39) ірі ауқымды авариялар, апаттар мен дүлей зілзалалар кезінде авариялық-құтқару жұмыстары мен кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізу үшін азаматтық қорғаныстың жекелеген әскери бөлімдерін өрістету туралы шешім қабылдайды;
40) республикалық және аумақтық кәсіби авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарын басқа жерге орын ауыстыру, авариялық-құтқару жұмыстары мен кезек күттірмейтін жұмыстардың басқа түріне қайта бейіндеу немесе тарату туралы шешім қабылдайды;
41) Қазақстан Республикасы аумағының шегінен тыс жердегі төтенше жағдайлар мен олардың салдарларын жоюға кәсіби авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарын тарту туралы шешім қабылдайды;
42) төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі шараларды қолдану үшін материалдық құндылықтарды шығару жағдайларын қоспағанда, қарызға беру және броньнан шығару тәртібімен мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын шығару туралы шешім қабылдайды;
43) мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын сақтауға арналған объектілерді орналастыру және салу жөнінде шешімдер қабылдайды;
44) жаңартуға жататын мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын басқа мемлекеттік органдардың балансына беру туралы шешім қабылдайды;
45) мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарының орнын ауыстыру туралы шешім қабылдайды;
46) мемлекеттік резервке бюджет қаражаты есебінен белгіленген көлемдерден тыс материалдық құндылықтарды қосымша салу туралы шешім қабылдайды;
47) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
48) адамдарды құтқару үшін және аса қажет болған жағдайда төтенше жағдайлар аймағындағы ұйымдардың байланыс, көлік құралдарын, мүлкі мен өзге де материалдық құралдарын пайдалану тәртібін белгілейді;
49) - 51) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
52) медициналық мекемелер мен оңалту орталықтары базасында азаматтық қорғау органдарының қызметкерлерін медициналық және психологиялық оңалту қағидаларын бекітеді;
53) - 57) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
58) мемлекеттік өртке қарсы қызмет өрттерден қорғайтын аса маңызды мемлекеттік меншік объектілерінің тізбесін бекітеді;
59) уәкілетті органның жедел резервінің материалдық құндылықтарының номенклатурасы мен көлемін айқындайды;
60), 61) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
62) табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан зардап шеккендерге келтірілген зиянды (нұқсанды) өтеу қағидаларын бекітеді;
63) жаһандық және өңірлік ауқымдардағы төтенше жағдайларды жою жөніндегі іс-қимылдар жоспарларын бекітеді;
64) мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарының бар-жоғы және қозғалысы туралы есептерді дайындау және ұсыну қағидаларын бекітеді;
65) қажет болған кезде шет мемлекетке, халықаралық ұйымға Қазақстан Республикасының аумағындағы төтенше жағдайды жоюға көмек көрсетуге өтініш білдіреді;
66) - 68) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
69) өзіне Конституциямен, осы Заңмен, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жүктелген өзге де функцияларды орындайды.
12-бап. Уәкілетті орган
1. Уәкілетті орган мынадай өкілеттіктерді жүзеге асырады:
1) азаматтық қорғау іс-шараларын ұйымдастыру және жүргізу кезінде азаматтық қорғау күштеріне басшылық етеді;
2) өз құзыреті шегінде орталық және жергілікті атқарушы органдардың, ұйымдар мен азаматтардың орындауы үшін міндетті азаматтық қорғанысты дайындау және жүргізу мәселелері бойынша шешімдер қабылдайды;
3) уәкілетті органның жедел резервінің материалдық құралдарын бөледі және пайдаланады;
4) уәкілетті органның жедел резервінің материалдық құндылықтарымен операция жүргізу, олардың орнын ауыстыру, пайдалану, толықтыру қағидаларын бекітеді;
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5) уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшелерінің, азаматтық қорғаныстың әскери бөлімдерінің және мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелерінің жауынгерлік және жұмылдыру әзірлігін қамтамасыз етеді;
2015.29.10. № 374-V ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
6) өз құзыреті шегінде табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою, халыққа шұғыл медициналық және психологиялық көмек көрсету жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын қызметкерлерді, мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерлерін және әскери қызметшілерді қызметке қабылдауды, қызмет бойынша ауыстыруды, қызметтен шығаруды, әскери және арнайы атақтар беру мәселелерін шешуді жүзеге асырады;
7) ведомстволық наградалармен наградтайды және мемлекеттік наградалармен наградтауға ұсынады;
8) - 10) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
11) халыққа, азаматтық қорғаудың басқару органдарына төтенше жағдайдың туындау қатері туралы болжам болған кезде күні бұрын және (немесе) төтенше жағдай туындаған кезде жедел хабар беруді және оларды құлақтандыруды қамтамасыз етеді;
12) авариялық-құтқару жұмыстары мен кезек күттірмейтін жұмыстар жүргізуді жүзеге асырады;
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 13) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
13) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою, халыққа шұғыл медициналық және психологиялық көмек көрсету, өрт қауіпсіздігін және Азаматтық қорғанысты ұйымдастыруды қамтамасыз ету бөлігінде азаматтық қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;
14), 15) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 16) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
16) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған мұнай өнімдерін беру жөніндегі бірыңғай оператордан мұнай өнімдерін сатып алады;
17), 18) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
19) өз өкілеттіктері шегінде өрттерге байланысты қылмыстар туралы істер бойынша анықтау жүргізуді жүзеге асырады;
20) өртке қарсы қызметтердің қызметін үйлестіреді;
21) өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
22) азаматтық қорғаныс саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
23) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
24) азаматтық қорғау саласында ғылыми-зерттеулерді, білімді насихаттауды, халықты және мамандарды оқытуды ұйымдастырады;
25) елді мекендердегі және объектілердегі өрт сөндіру бөлімшелерінің өртке қарсы күреске әзірлігін бақылауды жүзеге асырады;
26) азаматтық қорғаныс жоспарларының және төтенше жағдайларды жою жөніндегі іс-қимылдар жоспарларының құрылымын айқындайды;
27) Қазақстан Республикасының, облыстардың, қалалардың, аудандардың азаматтық қорғаныс жоспарларын әзірлейді және оларды тиісті азаматтық қорғаныс бастықтарына бекітуге ұсынады;
28) жаһандық және өңірлік ауқымдардағы төтенше жағдайларды жою жөніндегі іс-қимылдар жоспарларын әзірлейді және оларды Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге ұсынады;
29) азаматтық қорғаудың басқару органдары мен күштерін дайындау жөнінде іс-шаралар жоспарын әзірлейді және бекітеді;
30) азаматтық қорғау құралдарына қажеттілікті айқындайды;
31) азаматтық қорғаныс мүлкін сақтау, есепке алу, есептен шығару және кәдеге жарату қағидаларын бекітеді;
32) азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылыстарын есепке қою және есептен шығару қағидаларын бекітеді;
33) 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
34) өз құзыреті шегінде азаматтық қорғау саласындағы Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің, нормативтік актілер мен стандарттардың жобаларын әзірлейді, бекітеді және келіседі;
35) 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
36) мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтердің мамандарын даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру жөніндегі өрт қауіпсіздігі саласындағы мамандандырылған оқу орталықтарына қойылатын біліктілік талаптарын бекітеді;
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 37) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
37) мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтердің мамандарын арнайы даярлау бойынша оқыту курстарының бағдарламасын, сондай-ақ оларды бітіргені туралы куәліктің үлгісін бекітеді;
38) азаматтық қорғаныстың инженерлік-техникалық іс-шараларының көлемі мен мазмұнын бекітеді;
39) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
40) авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарының құтқарушыларын даярлау бағдарламаларын бекітеді;
41) ерікті өрт сөндірушілерді бастапқы даярлаудың оқу бағдарламасын бекітеді;
42) төтенше жағдайлар мен әскери қақтығыстар туындаған кезде немесе осы қақтығыстар салдарынан қорғану тәсілдері мен іс-қимылдарға азаматтық қорғаудың басқару органдары мен күштерінің басшыларын, мамандарын даярлаудың, халықты оқытудың оқу бағдарламасын бекітеді;
43) республикалық азаматтық қорғау қызметтері туралы ережені бекітеді;
44) ұйымдардың жұмыскерлері мен халықты өрт қауіпсіздігі шараларына оқыту тәртібін және өрт қауіпсіздігі шараларына оқыту жөніндегі оқу бағдарламаларының мазмұнына қойылатын талаптарды бекітеді;
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 45) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
45) мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша броньнан шығару тәртібімен төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөнінде шаралар қолдану үшін мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын шығару туралы шешім қабылдайды;
46), 47) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
48) объектілік кәсіби авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарын құру, орнын ауыстыру, қайта бейіндеу немесе тарату туралы ұйымдар басшылығының шешімдерін келіседі;
49) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
50) азаматтық қорғау күштерінің қызметін қамтамасыз етеді;
51) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 52) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
52) Қазақстан Республикасының Үкіметіне төтенше жағдайлар мен олардың салдарларының алдын алу, жою үшін мемлекеттік және жұмылдыру резервтерінің құрамындағы қолда бар материалдық-техникалық, азық-түлік, медициналық және басқа да ресурстар запастарын пайдалану туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен бөлінетін қаражатты пайдалану туралы ұсыныстар енгізеді;
2016.08.04. № 490-V ҚР Заңымен 52-1) тармақшамен толықтырылды
52-1) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою және олардың салдарларын бағалау үшін Жерді ғарыштан қашықтықтан зондтау деректерін пайдаланады;
53) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
54) төтенше жағдайларды жою кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ұйымдардың материалдық-техникалық ресурстарын жұмылдырады;
55) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
56) мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтерді ұйымдардағы, елді мекендердегі және объектілердегі өрттердің алдын алу және сөндіру, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу жөніндегі жұмыстарды жүргізу құқығына аттестаттауды жүргізеді;
57) азаматтық қорғау саласында мемлекеттік есепке алуды жүргізеді;
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 58) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
58) азаматтық қорғау органдарының және уәкілетті органның ведомствосына ведомстволық бағынысты мемлекеттік кәсіпорындардың қызметкерлері мен өзге де жұмыскерлері үшін арнайы нысанды киім үлгілерін белгілейді;
59) - 62) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
63) 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
64) елді мекендер мен аса маңызды мемлекеттік меншік объектілерінің аумақтарын өрттерден қорғауды қамтамасыз етеді;
65) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
66) қосалқы (қалалық, қала сыртындағы), көмекші және жылжымалы басқару пункттерін құруды қамтамасыз етеді;
67) азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің корпоративтік ақпараттық-коммуникациялық жүйесінің, ахуалдық-дағдарыс орталықтарының жұмыс істеуін қамтамасыз етеді;
68) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша құтқарушылардың денсаулық жағдайының сай келуіне және оларды медициналық куәландырудан өткізуге қойылатын талаптарды бекітеді;
69) төтенше жағдайлар аймағындағы халықтың ең төменгі тіршілігін қамтамасыз ету нормаларын әзірлейді;
70) Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің тапсырмасы негізінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою кезінде халықтың тіршілігін қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөледі;
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 70-1) - 70-27) тармақшалармен толықтырылды
70-1) азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесін ұйымдастыру және оның қызметі қағидаларын бекітеді;
70-2) азаматтық қорғаудың құлақтандыру жүйесін ұйымдастыру қағидаларын және бейбіт уақытта және соғыс уақытында төтенше жағдайлар кезінде халықты, мемлекеттік органдарды құлақтандыру қағидаларын бекітеді;
70-3) азаматтық қорғаныс мүлкін сатып алу, құру және пайдалану қағидаларын бекітеді;
70-4) су айдындарындағы қауіпсіздік қағидаларын бекітеді;
70-5) мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтердің қызметін жүзеге асыру қағидаларын бекітеді;
70-6) азаматтық қорғау құралымдарын құру, ұстау, материалдық-техникалық қамтамасыз ету, дайындау және оларды тарту қағидаларын бекітеді;
70-7) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды мемлекеттік есепке алуды жүзеге асыру қағидаларын бекітеді;
70-8) азаматтық қорғаныс іс-шараларын ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекітеді;
70-9) азаматтық қорғауды бейбіт жағдайдан соғыс жағдайына көшіру, эвакуациялық іс-шараларды жүргізу қағидаларын бекітеді;
70-10) бейбіт уақытта азаматтық қорғаныс әскери бөлімдерін қолдану қағидаларын бекітеді;
70-11) еңбек сіңірген жылдарына пайыздық үстемеақылар төлеу үшін кәсіби авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдары құтқарушыларының өтілін есептеу қағидаларын бекітеді;
70-12) авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдары құтқарушыларының сыныптылығына үстемеақылар төлеу қағидаларын бекітеді;
70-13) халыққа және азаматтық қорғау саласындағы мамандарға хабар беру, білімді насихаттау, оқыту қағидаларын бекітеді;
70-14) төтенше жағдайлардың туындауына әкеп соққан аварияларды, зілзалаларды, апаттарды тергеп-тексеру қағидаларын бекітеді;
2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 70-15) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
70-15) құтқарушыларды аттестаттау және қайта аттестаттау қағидаларын бекітеді;
70-16) авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарына қойылатын біліктілік талаптарын бекітеді;
2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 70-17) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
70-17) мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтерге қойылатын рұқсат беру талаптарын бекітеді;
70-18) жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелері жоқ елді мекендерде өртке қарсы бекеттер құру, оларды материалдық-техникалық жарақтандыру қағидаларын бекітеді;
70-19) дала өрттерін, сондай-ақ мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелері жоқ елді мекендерде өрттерді сөндіру қағидаларын бекітеді;
70-20) Қазақстан Республикасының аумағында кезекшілік-диспетчерлік қызметтердің қызметін үйлестіру қағидаларын және бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік «112» қызметінің өкілеттіктерін бекітеді;
70-21) сүңгуірлік жұмыстарын жүргізу кезіндегі қауіпсіздік қағидаларын бекітеді;
2015.29.10. № 374-V ҚР Заңымен 70-22) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
70-22) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою, халыққа шұғыл медициналық және психологиялық көмек көрсету жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын қызметкерлердің, мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары қызметкерлерінің саны нормативтерін бекітеді;
70-23) өз құзыреті шегінде азаматтық қорғау саласындағы техникалық регламенттерді бекітеді.
70-24) бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша кезекшілік атқару кезінде, сондай-ақ авариялық-құүтқару және кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізу кезеңінде кәсіби авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарын ұстауға бөлінетін қаражаттар есебінен шығыстардың ақысын төлей отырып, құтқарушыларды тамақ өнімдерімен қамтамасыз ету нормаларын бекітеді;
70-25) бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша кәсіби авариялық-құтқару қызметтерін жарақтандыру және кинологиялық қызметтерді қамтамасыз ету нормаларын бекітеді;
2015.29.10. № 374-V ҚР Заңымен 70-26) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
70-26) бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органымен келісу бойынша табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою, халыққа шұғыл медициналық және психологиялық көмек көрсету жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын қызметкерлердің, мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары қызметкерлерінің нысанды киімі мен арнайы киім-кешегінің тиесілілігі нормаларын бекітеді;
2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен 70-27) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
70-27) бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша ведомствоның білім беру ұйымдарының курсанттарын тамақпен қамтамасыз ету жөніндегі нормаларды бекітеді;