Жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдауға арналған үстемеақы 2021 жылғы 1 шілдеден бастап қолданылады;
5) 2021 жылға жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдауға арналған үстемеақының есебі мен шамасын өзінің интернет-ресурсында 2021 жылғы 1 сәуірден кешіктірмей жариялауға міндетті. Кейіннен алдағы жылға 20 қарашадан кешіктірмей жариялауға міндетті.»;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Қаржы-есеп айырысу орталығы осы Заңға сәйкес қолдау жүзеге асырылатын жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын және уәкілетті орган жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдардың тізбесіне енгізген энергия өндіруші ұйымдармен электр энергиясын сатып алу-сату шарттарын жасасады және бұрын басталуына қарай Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесіне электр энергиясын босату жүзеге асырылған кешенді сынақтар басталған күннен бастап не сатып алу-сату шартына сәйкес объектіні пайдалануға қабылдау актісін ұсыну мерзімі аяқталған күннен бастап он бес жыл бойы электр энергиясын сатып алуды жүзеге асырады.»;
мынадай мазмұндағы 4-2 және 4-3-тармақтармен толықтырылсын:
«4-2. 2021 жылғы 1 қаңтардан кейін өткізілген аукциондық сауда-саттық қорытындылары бойынша қаржы-есеп айырысу орталығы осы Заңға сәйкес қолдау жүзеге асырылатын, жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын және уәкілетті орган жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдардың тізбесіне енгізген энергия өндіруші ұйымдармен электр энергиясын сатып алу-сату шарттарын жасасады және бұрын басталуына қарай Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесіне электр энергиясын босату жүзеге асырылған кешенді сынақтар басталған күннен бастап не сатып алу-сату шартына сәйкес объектіні пайдалануға қабылдау актісін ұсыну мерзімі аяқталған күннен бастап жиырма жыл бойы электр энергиясын сатып алуды жүзеге асырады.
4-3. Қаржы-есеп айырысу орталығы және тасқындық электр энергиясын өндіру мен желіге жіберуді жүзеге асыратын энергия өндіруші ұйымдар (гидроэлектр станциялар) жыл сайын ағымдағы жылғы 31 қаңтарға дейін уәкілетті орган бекіткен үлгілік нысанға сәйкес тасқындық электр энергиясын сатып алу-сату шарттарын жасасады.»;
8-тармақтың бірінші сөйлемі «өндіруші ұйымдарды» деген сөздерден кейін «және тасқындық электр энергиясын өндіру мен желіге жіберуді жүзеге асыратын энергия өндіруші ұйымдарды» деген сөздермен толықтырылсын;
6) 9-бапта:
2-тармақтың бірінші бөлігі «шығындарды» деген сөзден кейін «энергия өндіруші ұйымдар (гидроэлектр станциялары) өндіретін және желіге жіберетін тасқындық электр энергиясының көлемін ескере отырып,» деген сөздермен толықтырылсын;
2-1-тармақтың 1) тармақшасы «энергиясы» деген сөзден кейін «және тасқындық электр энергиясы» деген сөздермен толықтырылсын;
3-тармақтың бірінші бөлігінде:
«сатудан» деген сөз «және тасқындық электр энергиясын сатудан» деген сөздермен ауыстырылсын;
«өтеу» деген сөзден кейін «және тасқындық электр энергиясын сатып алуға жұмсалатын шығындарды өтеу» деген сөздермен толықтырылсын;
4-тармақтағы «шығындарын» деген сөзден кейін «және тасқындық электр энергиясын сатып алуға жұмсалатын шығындарды» деген сөздермен толықтырылсын;
4-1-тармақтағы «жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері өндірген электр энергиясын сатып алуға жұмсалатын шығындары электр энергиясына шекті тарифтің шамасын айқындау кезінде» деген сөздер «тасқындық электр энергиясын қоса алғанда, жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері өндірген электр энергиясын сатып алуға жұмсалатын шығындары осы Заңның 7-1-бабы 3-тармағының 4) тармақшасына сәйкес» деген сөздермен ауыстырылсын;
7-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Бұл ретте жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдар мен тасқындық электр энергиясын өндіруді және желіге жіберуді жүзеге асыратын энергия өндіруші ұйымдар (гидроэлектр станциялары) (суды табиғат қорғау мақсатында ағызу кезеңінде және тасқындық электр энергиясы көлемінде) электр энергиясын беру кезінде энергия беруші ұйымдардың электр энергиясын беру қызметтеріне ақы төлеуден босатылады.».
2-бап.
Осы Заң 2021 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 1-тармағы 1) тармақшасының отызыншы және отыз үшінші абзацтарын, 7) тармақшасының бесінші және сегізінші абзацтарын, 8) тармақшасының үшінші абзацын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. ТОҚАЕВ
Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2020 жылғы 7 желтоқсан
№ 380-VІ ҚРЗ