2) тармақша «қуатын» деген сөзден кейін «және (немесе) реттеуші электр қуатын» деген сөздермен толықтырылсын;
3) тармақша алып тасталсын;
7-тармақта:
бірінші бөлікте:
«1) - 3) тармақшаларында» деген сөздер «1) және 2) тармақшаларында» деген сөздермен ауыстырылсын;
«қағидаларына сәйкес электр қуатын» деген сөздерден кейін «және реттеуші электр қуатын» деген сөздермен толықтырылсын;
екінші бөлік «электр қуатын» деген сөздерден кейін «, оның ішінде реттеуші электр қуатын» деген сөздермен толықтырылсын;
8-тармақта:
бірінші абзац «электр қуатын» деген сөздерден кейін «, оның ішінде реттеуші электр қуатын» деген сөздермен толықтырылсын;
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«3) электр қуаты уәкілетті орган жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға тендер өткізу, сондай-ақ уәкілетті орган аукциондық сауда-саттық өткізу тетігін қолданбай енгізілген;»;
9-тармақтағы «1) - 3) тармақшаларында» деген сөздер «1) және 2) тармақшаларында» деген сөздермен ауыстырылсын;
10-тармақ «электр қуатының» деген сөздерден кейін «және (немесе) реттеуші электр қуатының» деген сөздермен толықтырылсын;
11-тармақтағы «1) - 3) тармақшаларында» деген сөздер «1) және 2) тармақшаларында» деген сөздермен ауыстырылсын;
12-тармақта:
екінші бөлік «сатып алатын электр қуатының» деген сөздерден кейін «және (немесе) реттеуші электр қуатының» деген сөздермен толықтырылсын;
үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Тиісті тұлғалар тобының Тізіліміне енгізілген көтерме сауда нарығының субъектісімен жасалған электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы шарттың қолданылу мерзімі жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға арналған тендерлер жеңімпаздарымен, сондай-ақ аукциондық сауда-саттық жеңімпаздарымен жасалған дәл сол кезеңге белгіленеді.»;
13-тармақ «орындау жолымен электр қуатын» деген сөздерден кейін «немесе реттеуші электр қуатын» деген сөздермен толықтырылсын;
15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«15. Осы Заңның 9-бабы 1-1-тармағының екінші және үшінші бөліктеріне сәйкес айқындалған бақылау болған кезде бір тұлғалар тобына кіретін, бірақ Тізілімге енгізілмеген энергия өндіруші ұйымдар мен тұтынушыларға осы баптың және осы Заңның 15-3, 15-4, 15-6 және 15-8-баптарының тұлғалар тобы үшін белгіленген ережелері қолданылмайды.»;
14) 15-7-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Заңды тұлға осы бапта көрсетілген өлшемшарттарға сәйкес келген және құжаттар болған кезде, сондай-ақ заңды тұлға аукциондық сауда-саттықтың жеңімпазы ретінде айқындалған жағдайда электр станцияларының тізбесіне енгізіледі.»;
2-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Электр станцияларының тізбесіне енгізу үшін заңды тұлға жиынтығында мынадай өлшемшарттарға сәйкес келуге тиіс:»;
3-тармақтағы «энергия өндіруші ұйым» деген сөздер «заңды тұлға» деген сөздермен ауыстырылсын;
15) мынадай мазмұндағы 15-8-баппен толықтырылсын:
«15-8-бап. Аукциондық сауда-саттықты ұйымдастыру мен өткізу тәртібі
1. Осы Заңның 15-1-бабының 9-тармағында көрсетілген жағдайда уәкілетті орган генерацияның маневрлік режимі бар генерациялайтын қондырғыларды орналастыру жоспарында, оның ішінде реттеуші электр қуатының болжанатын тапшылығын жабу үшін енгізілетін қуаттардың көлемдерін және осы Заңның 15-5-бабының 11-тармағында көзделген, уәкілетті органмен жасалған электр қуатын құруға арналған шартқа сәйкес Тізілімге енгізілген көтерме сауда нарығының субъектілері құрған немесе құратын реттеуші электр қуатының көлемдерін ескереді.
2. Генерацияның маневрлік режимі бар генерациялайтын қондырғыларды орналастыру жоспарын іске асыру мақсатында уәкілетті орган жобаларды іріктеуді жүргізеді.
3. Генерацияның маневрлік режимі бар жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салу жөніндегі жобаларды іріктеу (реттілікпен басымдық тәртібімен):
1) генерацияның маневрлік режимі бар генерациялайтын қондырғыларды орналастыру жоспарына енгізілген және жүйелік оператор әзірлеген техникалық тапсырма негізінде уәкілетті органның тапсырысы бойынша бірыңғай сатып алушы дайындаған алдын ала техникалық-экономикалық негіздемелері бар алаңдар;
2) жұмыс істеп тұрған энергия өндіруші ұйымдардың алаңдары;
3) алдын ала техникалық-экономикалық негіздемелері жоқ алаңдар арасында аукциондық сауда-саттықты ұйымдастыру мен өткізу арқылы жүргізіледі.
Бұл ретте аукциондық сауда-саттықтар осы Заңның 15-5-бабының 11-тармағында көзделген, уәкілетті органмен жасалған реттеуші электр қуатын құруға арналған шартқа сәйкес Тізілімге енгізілген көтерме сауда нарығының субъектілері құратын генерациялайтын қондырғыларға қатысты өткізілмейді.
4. Генерацияның маневрлік режимі бар жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғылар:
1) реттеуші электр қуатының жабылмайтын тапшылығы бар және (немесе) болжанатын Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесінің аймағында 2022 жылғы 1 қаңтардан кейін құрылады және пайдалануға беріледі;
2) генерациялайтын қондырғыларды автоматты реттеуге қосылады;
3) олардың осы Заңның 5-бабының 70-41) тармақшасына сәйкес айқындалатын реттеу диапазоны болады.
Қарсы реттеуші гидроэлектр станциясының типі бойынша генерацияның маневрлік режимі бар генерациялайтын қондырғыны салу кезінде оның жұмыс істеу режимі өзен арнасы бойымен жоғары орналасқан, жұмыс істеп тұрған гидроэлектр станциясының жұмыс істеу режиміне тікелей байланысты жасалады.
Өтініш беруші тіркелуге рұқсат алғаннан кейін аукциондық сауда-саттықты ұйымдастырушы өтініш берушілерді электрондық жүйеде тіркеуді жүргізеді.
Аукциондық сауда-саттықты ұйымдастырушының электрондық жүйесінде тіркелу үшін өтініш беруші онлайн-тіркеуден өту үшін аукциондық сауда-саттықты ұйымдастырушының ресми интернет-ресурсына өтініш жасайды және оның атына электрондық түрде мынадай құжаттарды ұсынады:
1) жарғының көшірмесі;
2) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманың көшірмесі;
3) заңды тұлғаның тиісті органының бірінші басшыны тағайындау туралы шешімінің көшірмесі;
4) өкілге сенімхат (мүдделерді білдіруді бірінші басшы жүзеге асырмаған жағдайда);
5) заңды тұлғаның деректемелері (банктік деректемелері, мекенжайы, байланыс телефондары, электрондық мекенжайы) туралы ақпарат.
5. Осы баптың 3-тармағы бірінші бөлігінің 1) тармақшасына сәйкес аукциондық сауда-саттықты ұйымдастыру мен өткізу мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:
1) аукциондық сауда-саттықтың құжаттамасы осы Заңның 5-бабының 70-41) тармақшасына сәйкес бірыңғай сатып алушы дайындаған алдын ала техникалық-экономикалық негіздеме негізінде әзірленеді. Алдын ала техникалық-экономикалық негіздемеде орналастыру орны, ұлттық электр желілеріне қосылу нүктесі, жобаны іске асырудың болжамды құны, генерацияның маневрлік режимі бар жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салу кезінде электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке арналған болжамды жеке тариф, электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алудың он бес жылға тең мерзімі, электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтің көлемі, Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесіндегі реттеуші электр қуаты тапшылығының аймағы, генерацияның маневрлік режимі бар жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғылардың талап етілетін техникалық, технологиялық және пайдалану сипаттамалары қамтылуға тиіс;
2) уәкілетті орган генерацияның маневрлік режимі бар генерациялайтын қондырғыларды салуға жер учаскелерін резервке қою қажеттілігі туралы ақпаратты облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарына жібереді;
3) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары салуға жоспарланатын генерацияның маневрлік режимі бар жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғылар үшін алдын ала техникалық-экономикалық негіздемеде айқындалған жер учаскелерін резервке қоюды Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 49-2-бабына сәйкес аукциондық сауда-саттық жеңімпаздарына жер учаскесіне құқықтар берілген кезге дейін жүзеге асырады және тиісті ақпаратты уәкілетті органға жібереді;
4) уәкілетті орган аукциондық сауда-саттықты өткізудің болжамды күніне дейін алты айдан кешіктірмей аукциондық сауда-саттықты өткізу графигін әзірлейді және өзінің интернет-ресурсында жариялайды;
5) өтініш беруші аукциондық сауда-саттыққа қатысу үшін аукциондық сауда-саттық өткізілгенге дейін күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей, уәкілетті органға құрылтай құжаттарының көшірмелерін, осы Заңның 5-бабының 70-41) тармақшасына сәйкес уәкілетті орган айқындайтын қаржы ресурстарының бар-жоғын растайтын құжаттарды ұсынады;
6) уәкілетті орган комиссияны қалыптастырады, ол аукциондық сауда-саттық өткізілгенге дейін күнтізбелік он бес күннен кешіктірмей, өтініш беруші ұсынған құжаттардың бар-жоғын және осы тармақта белгіленген талаптарға сәйкестігін тексереді.
Өтініш беруші ұсынған құжаттар осы тармақтың талаптарына сәйкес келген кезде өтініш беруші аукциондық сауда-саттықты ұйымдастырушының электрондық жүйесінде тіркелуге рұқсат алады;
7) комиссия құжаттарды тексергеннен кейін уәкілетті орган ақпаратты және тіркелуге рұқсат алған өтініш берушілердің тізімін аукциондық сауда-саттықты ұйымдастырушыға жібереді.
Электр энергиясын өндіру үшін тауарлық газды аукциондық сауда-саттық өткізілгенге дейін пайдаланатын, генерацияның маневрлік режимі бар жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғылар салынған жағдайда:
газды өндіруді, тасымалдауды (тасуды), сақтауды және көтерме саудада өткізуді, сондай-ақ тауарлық және сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізуді және тұтынуды мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган табиғи монополиялардың тиісті салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органмен келісу бойынша «Газ және газбен жабдықтау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабына сәйкес тауарлық газды көтерме саудада өткізудің көлемі мен шекті бағаларын айқындайды;
«Газ және газбен жабдықтау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес магистральдық газ құбыржолына және (немесе) газ тарату жүйесіне қосуға техникалық шарттар беріледі.
6. Осы баптың 3-тармағы бірінші бөлігінің 2) тармақшасына сәйкес аукциондық сауда-саттықты ұйымдастыру мен өткізу мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:
1) аукциондық сауда-саттықтың құжаттамасы осы Заңның 5-бабының 70-41) тармақшасына сәйкес әзірленеді. Құжаттамада инфрақұрылым салуға жұмсалған шығындар шегеріле отырып, ұқсас жобалардың алдын ала техникалық-экономикалық негіздемелері және (немесе) осы баптың 3-тармағы бірінші бөлігінің 1) тармақшасына сәйкес ұқсас жобалардың аукциондық сауда-саттығының нәтижелері бойынша есептелген, генерацияның маневрлік режимі бар жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салу кезінде электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке арналған болжамды жеке тариф, электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алудың он бес жылға тең мерзімі, электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтің көлемі, Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесіндегі реттеуші электр қуаты тапшылығының аймағы қамтылуға тиіс;
2) өтініш беруші аукциондық сауда-саттыққа қатысу үшін күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей уәкілетті органға құрылтай құжаттарының көшірмелерін, осы Заңның 5-бабының 70-41) тармақшасына сәйкес уәкілетті орган айқындайтын қаржы ресурстарының бар-жоғын растайтын құжаттарды ұсынады;
3) жұмыс істеп тұрған энергия өндіруші ұйымдар Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесінің уәкілетті орган аукциондық сауда-саттық өткізуді жариялаған аймағында болуға тиіс;
4) жұмыс істеп тұрған энергия өндіруші ұйымдар генерацияның маневрлік режимі бар жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салу кезінде электр энергиясын өндіру үшін судың гидродинамикалық энергиясы және (немесе) газ пайдаланылатын жобаларды іске асыруға міндетті;
5) уәкілетті орган комиссияны қалыптастырады, ол аукциондық сауда-саттық өткізілгенге дейін күнтізбелік он бес күннен кешіктірмей, өтініш беруші ұсынған құжаттардың бар-жоғын және осы тармақта белгіленген талаптарға сәйкестігін тексереді.
Өтініш беруші ұсынған құжаттар осы тармақтың талаптарына сәйкес келген кезде өтініш беруші аукциондық сауда-саттықты ұйымдастырушының электрондық жүйесінде тіркелуге рұқсат алады;
6) комиссия құжаттарды тексергеннен кейін уәкілетті орган ақпаратты және тіркелуге рұқсат алған өтініш берушілердің тізімін аукциондық сауда-саттықты ұйымдастырушыға жібереді;
7) уәкілетті орган аукциондық сауда-саттықты өткізудің болжамды күніне дейін алты айдан кешіктірмей, аукциондық сауда-саттықты өткізу графигін әзірлейді және өзінің интернет-ресурсында жариялайды.
7. Осы баптың 3-тармағы бірінші бөлігінің 3) тармақшасына сәйкес аукциондық сауда-саттықты ұйымдастыру мен өткізу мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:
1) аукциондық сауда-саттықтың құжаттамасы осы Заңның 5-бабының 70-41) тармақшасына сәйкес әзірленеді. Құжаттамада осы баптың 3-тармағы бірінші бөлігінің 1) тармақшасына сәйкес ұқсас жобалардың алдын ала техникалық-экономикалық негіздемелері және (немесе) ұқсас жобалардың аукциондық сауда-саттығының нәтижелері бойынша есептелген, генерацияның маневрлік режимі бар жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салу кезінде электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке болжамды жеке тариф, электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алудың он бес жылға тең мерзімі, электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтің көлемі, Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесіндегі реттеуші электр қуаты тапшылығының аймағы қамтылуға тиіс;
2) өтініш беруші аукциондық сауда-саттыққа қатысу үшін күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей уәкілетті органға құрылтай құжаттарының көшірмелерін, осы Заңның 5-бабының 70-41) тармақшасына сәйкес уәкілетті орган айқындайтын қаржы ресурстарының бар-жоғын растайтын құжаттарды ұсынады;
3) уәкілетті орган комиссияны қалыптастырады, ол аукциондық сауда-саттық өткізілгенге дейін күнтізбелік он бес күннен кешіктірмей, өтініш беруші ұсынған құжаттардың бар-жоғын және осы тармақта белгіленген талаптарға сәйкестігін тексереді.
Өтініш беруші ұсынған құжаттар осы тармақтың талаптарына сәйкес келген кезде өтініш беруші аукциондық сауда-саттықты ұйымдастырушының электрондық жүйесінде тіркелуге рұқсат алады;
4) комиссия құжаттарды тексергеннен кейін уәкілетті орган ақпаратты және тіркелуге рұқсат алған өтініш берушілердің тізімін аукциондық сауда-саттықты ұйымдастырушыға жібереді;
5) уәкілетті орган аукциондық сауда-саттықты өткізудің болжамды күніне дейін алты айдан кешіктірмей, аукциондық сауда-саттықты өткізу графигін әзірлейді және өзінің интернет-ресурсында жариялайды.
8. Бірыңғай сатып алушы аукциондық сауда-саттық қорытындылары шығарылған күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде аукциондық сауда-саттық жеңімпазына электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы шарттың жобасын жібереді.
Аукциондық сауда-саттық жеңімпазы электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы шарттың жобасын алған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде көрсетілген шартқа аукциондық сауда-саттықтың нәтижесі бойынша айқындалған, генерацияның маневрлік режимі бар жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салу кезінде электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке арналған жеке тариф бойынша өзінің бірінші аттестатталу күнінен бастап он бес жылға тең мерзімге қол қояды.
Бұл ретте генерацияның маневрлік режимі бар жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салу кезінде электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке арналған жеке тариф, аукциондық сауда-саттық жеңімпазының электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу көлемі мен мерзімі ұлғаю жағына қарай түзетілуге жатпайды.
Аукциондық сауда-саттық жеңімпазы осы Заңның 5-бабының 70-37) тармақшасына сәйкес айқындалатын тәртіппен электр қуатын реттеу бойынша қызметтерді көрсетуге арналған шартты жыл сайын жасасуға міндетті.
Электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы және электр қуатын реттеу бойынша қызметтерді көрсетуге арналған шарттар бойынша міндеттемелерді орындамағаны үшін жауаптылық электр қуаты нарығының осы Заңның 5-бабының 42) тармақшасына сәйкес айқындалатын тетіктерін пайдалану арқылы туындайды.
Генерацияның маневрлік режимі бар жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғылардың шарттық электр қуаты пайдалануға берілген күнінен бастап жүйелік оператордың жыл сайынғы аттестаттауына жатады.
Егер электр қуатын кезекті аттестаттауды жүргізу нәтижесінде генерацияның маневрлік режимі бар жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғылардың аттестатталған электр қуатының мәні электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы шартта белгіленген электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтің көлемінен аз болған жағдайда, электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша іс жүзінде көрсетілген қызметтерді есептеу кезінде қабылданатын электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтің көлемі кезекті аттестаттау өткізілгенге дейін аттестатталған мәнге дейін төмендетіледі.
9. Аукциондық сауда-саттық:
1) аукциондық сауда-саттыққа қатысушылар екеуден аз болған;
2) аукциондық сауда-саттыққа барлық қатысушылар ұсынған құжаттар осы баптың 5, 6 және 7-тармақтарының және осы Заңның 5-бабы 70-41) тармақшасының талаптарына сәйкес келмеген жағдайларда өтпеді деп танылады.
Аукциондық сауда-саттық өтпеді деп танылған жағдайда уәкілетті орган осы баптың 3-тармағы бірінші бөлігінің 1), 2) және 3) тармақшаларында айқындалған алаңдар арасында қайтадан аукциондық сауда-саттық өткізуге құқылы.
10. Аукциондық сауда-саттық жеңімпаздары аукциондық сауда-саттық өткізуге негіз болған алдын ала техникалық-экономикалық негіздемені әзірлеуге жұмсалған шығындарды бірыңғай сатып алушыға өтейді.
11. Уәкілетті орган аукциондық сауда-саттық жеңімпазын электр станцияларының тізбесіне қосады.
12. Аукциондық сауда-саттық шеңберінде енгізілген генерациялайтын қондырғылар осы Заңның 5-бабының 70-41) тармақшасына сәйкес айқындалатын реттеу диапазонын сақтауға міндетті.»;
16) 17-бап мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
«4. Электр энергиясын сатып алу-сату, беру шарттары бойынша міндеттемелер орындалмаған немесе тиісінше орындалмаған жағдайларда, осы арқылы келтірілген нақты залалды міндеттеменің орындалмауына жауапты тарап өтейді.»;
17) 20-баптың 2 және 3-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Жүйелік авариялардың алдын алу немесе оларды жою үшін жүйелік оператор меншік нысанына қарамастан, кез келген энергия өндіруші ұйымдардың резервтерін (генерацияланатын қуатты жүктеуге де, жүктен босатуға да) және тұтынушылардың дербес қоректену көздерін іске қосады.
3. Авариялық бұзушылықтардың алдын алу немесе оларды жою үшін гидроэлектр станцияларының генерацияланатын қуатын өзгерту қажет болған кезде жүйелік оператордың гидроэлектр станцияларының реттеушілік қабілетін пайдалану үшін гидротораптар арқылы суды шығындаудың бекітілген графиктеріне өзгерістерді жедел енгізуге құқығы бар.»;
18) 25-бап мынадай мазмұндағы 8-тармақпен толықтырылсын:
«8. Электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектілері болып табылатын тұтынушылар 2023 жылғы 1 қаңтардан кешіктірмей, осы Заңның 13-бабының 6-2-тармағында белгіленген талапқа сәйкес келуге тиіс.».
2. «Жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау туралы» 2009 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2009 ж., № 13-14, 61-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 14, 92-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 75-құжат; № 15, 79-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 20-ІV, 113-құжат; 2016 ж., № 8-ІІ, 72-құжат; № 24, 124-құжат; 2017 ж., № 14, 54-құжат; № 23-ІІІ, 111-құжат; 2018 ж., № 24, 93-құжат; 2020 жылғы 10 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне энергетика, көлік және мемлекеттік наградалар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 9 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 1-бапта:
2) тармақшаның бірінші абзацы «энергиясын» деген сөзден кейін «және тасқындық электр энергиясын» деген сөздермен толықтырылсын;
3) тармақшада «энергиясын» деген сөзден кейін «және тасқындық электр энергиясын» деген сөздермен толықтырылсын;
4) тармақша «энергиясын» деген сөзден кейін «және тасқындық электр энергиясын» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:
«5-1) жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдауға арналған үстемеақы - осы Заңға сәйкес шартты тұтынушылар не басым шартты тұтынушылар болып табылатын энергия өндіруші ұйымдар үшін электр энергиясын тұтыну аймағына сәйкес қаржы-есеп айырысу орталығы айқындайтын баға;»;
6) тармақша «шығындары,» деген сөзден кейін «тасқындық электр энергиясын сатып алуға жұмсалатын шығындар,» деген сөздермен толықтырылсын;
8-1) тармақша «энергиясын» деген сөзден кейін «, тасқындық электр энергиясы» деген сөздермен толықтырылсын»;
мынадай мазмұндағы 9-4) тармақшамен толықтырылсын:
«9-4) тасқындық электр энергиясы - Қазақстан Республикасында электр энергиясын өндірудің-тұтынудың нақты теңгеріміне сәйкес көлемде Қазақстан Республикасының су заңнамасына сәйкес суды табиғат қорғау мақсатында ағызу кезеңінде энергия өндіруші ұйымдар (гидроэлектр станциялары) өндіретін және осы Заңда белгіленген тәртіппен электр энергиясына арналған шекті тариф бойынша қаржы-есеп айырысу орталығына өткізілетін электр энергиясы;»;
14) тармақшадағы «тұтынуға» деген сөз «және тасқындық электр энергиясын тұтынуға» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 5-бап мынадай мазмұндағы 8-1) және 8-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«8-1) қаржы-есеп айырысу орталығының оның жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері өндірген электр энергиясын сатудан түсетін кірістерінің жеткіліксіз болуы салдарынан жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдардың алдындағы міндеттемелерін орындауы мүмкін болмаған жағдайда, оған мемлекеттік қаржылық қолдауды жүзеге асырады;
8-2) қаржы-есеп айырысу орталығына мемлекеттік қаржылық қолдау ұсыну қағидаларын бекітеді;»;
3) 6-бапта:
7) тармақша «пайдаланылуына» деген сөзден кейін «және жаңартылатын энергия көздерін пайдалану бойынша жоспарланатын объектілердің іске асырылуына» деген сөздермен толықтырылсын;
10) тармақшада:
«энергиясын» деген сөзден кейін «және тасқындық электр энергиясын» деген сөздермен толықтырылсын;
«ұйымдармен» деген сөзден кейін «тасқындық электр энергиясын өндіруді және желіге жіберуді жүзеге асыратын энергия өндіруші ұйымдармен» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 7-баптың 3-1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3-1) жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерін салу үшін Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес жер учаскелерін резервке қояды және береді;»;
5) 7-1-бапта:
1-тармақтағы «айқындалған,» деген сөз «айқындалған тасқындық электр энергиясының және» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақтың 1) тармақшасы «энергиясын» деген сөзден кейін «және тасқындық электр энергиясын» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-1-тармақтың екінші бөлігі «энергиясын» деген сөзден кейін «және тасқындық электр энергиясын» деген сөздермен толықтырылсын;
3-тармақта:
мынадай мазмұндағы 1-3) тармақшамен толықтырылсын:
«1-3) осы Заңда белгіленген тәртіппен энергия өндіруші ұйымдардан (гидроэлектр станцияларынан) Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесіне олар берген тасқындық электр энергиясын электр энергетикасы саласындағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган бекіткен шекті тариф бойынша сатып алуға;»;
2) тармақшада «энергиясын» деген сөзден кейін «және тасқындық электр энергиясын» деген сөздермен толықтырылсын;
3) тармақшадағы «жариялауға міндетті.» деген сөздер «жариялауға;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 4) және 5) тармақшалармен толықтырылсын:
«4) осы Заңның 6-бабының 10-1) тармақшасына сәйкес уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен, жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдауға арналған шығындар және жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын шартты тұтынушылар, басым шартты тұтынушылар мен энергия өндіруші ұйымдар болып табылатын энергия өндіруші ұйымдардың электр энергиясын босату көлемдері негізінде алдағы жылға жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдауға арналған үстемеақыны айқындауға міндетті.