9. «Алматы қаласының ерекше мәртебесі туралы» 1998 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
4-бапта:
6-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«6-1) «Тұрғын үй қатынастары туралы» және «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарына сәйкес жергілікті бюджет қаражаты есебінен кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін түгендеу тізбесін жасай отырып, пайдаланудағы көппәтерлі тұрғын үйлерге мемлекеттік техникалық зерттеп-қарау жүргізуді қамтамасыз етеді, сондай-ақ көппәтерлі тұрғын үйге және үй жанындағы жер учаскесіне жылжымайтын мүлік объектісінің кадастрлық паспортын дайындауды (қалпына келтіруді), оның ішінде көппәтерлі тұрғын үй пәтерлері, тұрғын емес үй-жайлары меншік иелерінің жиналысы шешімінің негізінде пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелерінен, көппәтерлі тұрғын үй мүлкінің меншік иелері бірлестігінің төрағасынан немесе кондоминиум объектісін басқару субьектісінен тиісті өтініш келіп түскен кезде қамтамасыз етеді;»;
6-2) тармақшадағы «көп пәтерлі тұрғын үйлерді» деген сөздер «кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін» деген сөздермен ауыстырылсын;
6-3) тармақшада:
«үй-жайлары» деген сөзден кейін «, орынтұрақ орындары, қоймалары» деген сөздермен толықтырылсын;
«көппәтерлі тұрғын үйлерді» деген сөздер «кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін» деген сөздермен ауыстырылсын;
6-5) тармақшада:
«пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар» деген сөздер «көппәтерлі тұрғын үйлердің пәтерлері, тұрғын емес үй-жайлары, орынтұрақ орындары, қоймалары» деген сөздермен ауыстырылсын;
«көппәтерлі тұрғын үйді» деген сөздер «кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін» деген сөздермен ауыстырылсын.
10. «Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы» 2000 жылғы 7 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 2-баптың 8-1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«8-1) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге қаражат жинақтарының салымшысы - көппәтерлі тұрғын үй пәтерлері, тұрғын емес үй-жайлары, орынтұрақ орындары, қоймалары меншік иелерінің атынан әрекет ететін, тұрғын үй құрылысы жинақ банкімен кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге қаражат жинақтау туралы шарт жасасқан көппәтерлі тұрғын үй мүлкінің меншік иелері бірлестігі немесе көппәтерлі тұрғын үй пәтерлерінің, тұрғын емес үй-жайларының меншік иелері кондоминиум объектісін басқарудың тікелей бірлесіп басқару түріндегі нысанын таңдаған кезде кондоминиум объектісін басқару субъектісі;»;
2) 5-баптың 2-тармағы бірінші бөлігінің 4) тармақшасындағы «эмиссиялау» деген сөз «шығару» деген сөзбен ауыстырылсын.
11. «Сақтандыру қызметі туралы» 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына:
26-бап мынадай мазмұндағы 23-тармақпен толықтырылсын:
«23. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушылары болып табылатын резидент-жеке тұлғалар, сондай-ақ олардың жұбайлары жыл сайын Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде кірістер мен мүлік туралы декларацияны ұсынуға міндетті.».
12. «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» 2001 жылғы 16 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына:
17-баптың 2-тармағы «кәсіби кеңес,» деген сөздерден кейін «пәтерлер (тұрғын емес үй-жайлар) меншік иелерінің кооперативі,» деген сөздермен толықтырылсын.
13. «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 27-баптың 1-тармағының 27-2), 27-4) және 27-6) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«27-2) «Тұрғын үй қатынастары туралы» және «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарына сәйкес жергілікті бюджет қаражаты есебінен кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін түгендеу тізбесін жасай отырып, пайдаланудағы көппәтерлі тұрғын үйлерге мемлекеттік техникалық зерттеп-қарау жүргізуді қамтамасыз етеді, сондай-ақ көппәтерлі тұрғын үйге және үй жанындағы жер учаскесіне жылжымайтын мүлік объектісінің кадастрлық паспортын дайындауды (қалпына келтіруді), оның ішінде көппәтерлі тұрғын үй пәтерлері, тұрғын емес үй-жайлары меншік иелерінің жиналысы шешімінің негізінде пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелерінен, көппәтерлі тұрғын үй мүлкінің меншік иелері бірлестігінің төрағасынан немесе кондоминиум объектісін басқару субьектісінен тиісті өтініш келіп түскен кезде қамтамасыз етеді;»;
«27-4) көппәтерлі тұрғын үйлердің пәтерлері, тұрғын емес үй-жайлары, орынтұрақ орындары, қоймалары меншік иелерінің қаражатты қайтаруын қамтамасыз ету шартымен, жергілікті бюджет қаражаты болған кезде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуді ұйымдастыру мен қаржыландыруды жүзеге асыруға құқылы;»;
«27-6) елді мекенге бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған, көппәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттерін, шатырларын ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын, сондай-ақ көппәтерлі тұрғын үй пәтерлері, тұрғын емес үй-жайлары, орынтұрақ орындары, қоймалары меншік иелерінің лифтілерді жөндеуге және ауыстыруға, кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге байланысты шығындардың орнын толтыруы қағидаларын әзірлейді және бекітеді;»;
2) 31-баптың 1-тармағының 16-1), 16-3) және 16-5) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«16-1) «Тұрғын үй қатынастары туралы» және «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарына сәйкес жергілікті бюджет қаражаты есебінен кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін түгендеу тізбесін жасай отырып, пайдаланудағы көппәтерлі тұрғын үйлерге мемлекеттік техникалық зерттеп-қарау жүргізуді қамтамасыз етеді, сондай-ақ көппәтерлі тұрғын үйге және үй жанындағы жер учаскесіне жылжымайтын мүлік объектісінің кадастрлық паспортын дайындауды (қалпына келтіруді), оның ішінде көппәтерлі тұрғын үй пәтерлері, тұрғын емес үй-жайлары меншік иелерінің жиналысы шешімінің негізінде пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелерінен, көппәтерлі тұрғын үй мүлкінің меншік иелері бірлестігінің төрағасынан немесе кондоминиум объектісін басқару субьектісінен тиісті өтініш келіп түскен кезде қамтамасыз етеді;»;
«16-3) көппәтерлі тұрғын үйлердің пәтерлері, тұрғын емес үй-жайлары, орынтұрақ орындары, қоймалары меншік иелерінің қаражатты қайтаруын қамтамасыз ету шартымен, жергілікті бюджет қаражаты болған кезде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуді ұйымдастыру мен қаржыландыруды жүзеге асыруға құқылы;»;
«16-5) елді мекенге бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған, көппәтерлі тұрғын үйлердің сыртқы қабырғаларын, шатырларын реконструкциялау, ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын, сондай-ақ пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар, орынтұрақ орындары, қоймалар меншік иелерінің лифтілерді жөндеуге және ауыстыруға, кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге байланысты ақшаны қайтаруын қамтамасыз ету қағидаларын әзірлейді және бекітеді;».
14. «Тұтыну кооперативі туралы» 2001 жылғы 8 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына:
3-баптың алтыншы абзацындағы «алуы принциптері негізінде жұмыс істейді.» деген сөздер «алуы;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы жетінші абзацпен толықтырылсын:
«оның мүшелерінің теңдігі қағидаттары негізінде жұмыс істейді.».
15. «Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
72-1-бап мынадай мазмұндағы 21-тармақпен толықтырылсын:
«21. Инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушылары болып табылатын резидент-жеке тұлғалар, сондай-ақ олардың жұбайлары жыл сайын Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде кірістер мен мүлік туралы декларацияны ұсынуға міндетті.».
16. «Жарнама туралы» 2003 жылғы 19 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 11-баптың 7-тармағының төртінші және бесінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
«Сыртқы (көрнекі) жарнама объектісінің меншік иесі, ғимараттардың (құрылысжайлардың) меншік иелері, көппәтерлі тұрғын үйдегі пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері немесе көппәтерлі тұрғын үй мүлкінің меншік иелері бірлестігі, пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері кондоминиум объектісін басқарудың тікелей бірлесіп басқару түріндегі нысанын таңдаған кезде кондоминиум объектісін басқару субъектісі, сыртқы жағына сыртқы (көрнекі) жарнама объектісі орналастырылған ғимараттарға (құрылысжайларға) өзге заттай құқықтары бар тұлғалар нұсқама берілген күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде сыртқы (көрнекі) жарнама объектісін бөлшектеуге міндетті. Сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерінің меншік иелері немесе ғимараттардың (құрылысжайлардың) сыртқы жағына орналастырылған сыртқы (көрнекі) жарнама объектілеріне өзге заттай құқықтары бар тұлғалар ғимараттар (құрылысжайлар) меншік иелерінің, көппәтерлі тұрғын үйдегі пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар меншік иелерінің немесе көппәтерлі тұрғын үй мүлкінің меншік иелері бірлестігінің, пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері кондоминиум объектісін басқарудың тікелей бірлесіп басқару түріндегі нысанын таңдаған кезде кондоминиум объектісін басқару субъектісінің, ғимараттарға (құрылысжайларға) өзге заттай құқықтары бар тұлғалардың талап етуі бойынша сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін бөлшектеуге байланысты келтірілген шығындарды өтеуге міндетті.
Сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерінің меншік иелері немесе ғимараттардың (құрылысжайлардың) сыртқы жағына орналастырылған сыртқы (көрнекі) жарнама объектілеріне өзге заттай құқықтары бар тұлғалар шығындарды ерікті түрде өтеуден бас тартқан жағдайда, ғимараттардың (құрылысжайлардың) меншік иелері, көппәтерлі тұрғын үйдегі пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері немесе көппәтерлі тұрғын үй мүлкінің меншік иелері бірлестігі, пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері кондоминиум объектісін басқарудың тікелей бірлесіп басқару түріндегі нысанын таңдаған кезде кондоминиум объектісін басқару субъектісі, ғимараттарға (құрылысжайларға) өзге заттай құқықтары бар тұлғалар сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін бөлшектеу кезінде келтірілген шығындарды өтеу туралы талап қою арызымен сотқа жүгінуге құқылы.»;
2) 17-2-бапта:
1-тармақтың 3) тармақшасындағы «тұрғын үйдегі (тұрғын ғимараттағы) тұрғын және тұрғын емес үй-жайлар меншік иелерінің немесе кондоминиум объектісін басқару органының» деген сөздер «көппәтерлі тұрғын үйдегі пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар меншік иелерінің немесе көппәтерлі тұрғын үй мүлкінің меншік иелері бірлестігінің, пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері кондоминиум объектісін басқарудың тікелей бірлесіп басқару түріндегі нысанын таңдаған кезде кондоминиум объектісін басқару субъектілерінің» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақтың 3) тармақшасындағы «тұрғын үйдегі (тұрғын ғимараттағы) тұрғын және тұрғын емес үй-жайлар меншік иелерінің немесе кондоминиум объектісін басқару органының» деген сөздер «көппәтерлі тұрғын үйдегі пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар меншік иелерінің немесе көппәтерлі тұрғын үй мүлкінің меншік иелері бірлестігінің, пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері кондоминиум объектісін басқарудың тікелей бірлесіп басқару түріндегі нысанын таңдаған кезде кондоминиум объектісін басқару субъектілерінің» деген сөздермен ауыстырылсын.
17-тармақ 2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
17. «Сауда қызметін реттеу туралы» 2004 жылғы 12 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына:
7-бап мынадай мазмұндағы 10-4), 10-5) және 10-6) тармақшалармен толықтырылсын:
«10-4) Экспорттық-кредиттік агенттік жасасатын сақтандыру, қайта сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру резервтерін қалыптастыруға, есептеу әдістемесіне, олардың құрылымына қойылатын талаптарды әзірлейді және оларды қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша бекітеді;
10-5) Экспорттық-кредиттік агенттіктің сақтандыру, қайта сақтандыру шарттарын жасасу және орындау жөніндегі есептілікті ұсыну тізбесін, нысандарын, мерзімдері мен тәртібін әзірлейді және оларды қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органмен, салықтар мен бюджетке төленетін төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті органмен, салық саясаты саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша бекітеді;
10-6) Экспорттық-кредиттік агенттік жасасатын сақтандыру және қайта сақтандыру шарттары бойынша еңбек сіңірілмеген сыйлықақылар, болмаған залалдар, мәлімделген, бірақ реттелмеген залалдар, болған, бірақ мәлімделмеген залалдар бойынша сақтандыру резервтері мөлшерінің Қазақстан Республикасының сауда қызметін реттеу туралы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкестігі туралы қорытындыны ұсыну қағидаларын салықтар мен бюджетке төленетін төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп әзірлейді және бекітеді;».
18. «Қазақстан Республикасындағы кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы» 2004 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 20-баптың 1-тармағында:
бірінші бөлік мынадай мазмұндағы 4-6) тармақшамен толықтырылсын:
«4-6) салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган;»;
мынадай мазмұндағы алтыншы және жетінші бөліктермен толықтырылсын:
«Осы тармақтың бірінші бөлігінің 4-6) тармақшасында көрсетілген кредиттік есепті алушылар уәкілетті органмен келісу бойынша салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген тәртіппен және нысан бойынша коллекторлық және микроқаржы ұйымдарының алдында берешегі бар, активтер мен міндеттемелер туралы, кірістер мен мүлік туралы декларацияларды ұсыну жөніндегі міндет туындаған жеке тұлғалар бойынша ғана кредиттік есептен мәліметтер алуға құқылы.
Осы тармақтың алтыншы бөлігінің ережесі жеке тұлғаның кредиттік тарихын қалыптастыру үшін банктер, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар кредиттік бюроларға ұсынатын мәліметтерге қолданылмайды.»;
2) 29-баптың 1-тармағының екінші бөлігіндегі «сауал салуы» деген сөздер «, сондай-ақ салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органның активтер мен міндеттемелер туралы, кірістер мен мүлік туралы декларацияларды ұсыну жөніндегі міндет туындаған жеке тұлғалардың коллекторлық және (немесе) микроқаржы ұйымдары алдындағы берешегі бойынша сұрау салуы» деген сөздермен ауыстырылсын.
19. «Электр энергетикасы туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
7-1-баптың үшінші бөлігінің 2) тармақшасындағы «тікелей» деген сөз «коммуналдық меншіктегі және бір мезгілде қызметін «Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 1-тармағының 3), 4) және 14) тармақшаларына сәйкес жүзеге асыратын, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) жүз пайызы мемлекетке тиесілі, олар үшін электр энергиясына тікелей қосылған он екі мың тұтынушының болуы жеткілікті болып табылатын заңды тұлғаларды қоспағанда, тікелей» деген сөздермен ауыстырылсын.
20. «Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына:
7-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының, мекемелерінің және өзге де заңды тұлғаларының ақпараттық жүйелері үшін электрондық ақпараттық ресурстар болып табылады.».
21. «Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 9-бапта:
19-4) тармақшадағы «үй-жайлардың (пәтерлердің)» деген сөздер «пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың» деген сөздермен ауыстырылсын;
19-7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«19-7) «Тұрғын үй қатынастары туралы» және «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарына сәйкес жергілікті бюджет қаражаты есебінен кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін түгендеу тізбесін жасай отырып, пайдаланудағы көппәтерлі тұрғын үйлерге мемлекеттік техникалық зерттеп-қарау жүргізуді, сондай-ақ көппәтерлі тұрғын үйге және үй жанындағы жер учаскесіне жылжымайтын мүлік объектісінің кадастрлық паспортын дайындауды (қалпына келтіруді), оның ішінде көппәтерлі тұрғын үй пәтерлері, тұрғын емес үй-жайлары меншік иелерінің жиналысы шешімінің негізінде пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелерінен, көппәтерлі тұрғын үй мүлкінің меншік иелері бірлестігінің төрағасынан немесе кондоминиум объектісін басқару субьектісінен тиісті өтініш келіп түскен кезде қамтамасыз етеді;»;
19-8) тармақшада:
«тұрғын емес үй-жайлары» деген сөздерден кейін «, орынтұрақ орындары, қоймалары» деген сөздермен толықтырылсын;
«көппәтерлі тұрғын үйлерді» деген сөздер «кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін» деген сөздермен ауыстырылсын;
19-10) тармақшада:
«тұрғын емес үй-жайлар» деген сөздерден кейін «орынтұрақ орындары, қоймалар» деген сөздермен толықтырылсын;
«көппәтерлі тұрғын үйді» деген сөздер «кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 12-бапта:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Астанаға бірыңғай сәулеттік келбет беру және оның дизайн-кодын сақтауды қамтамасыз ету мақсатында астананың жергілікті атқарушы органы көппәтерлі тұрғын үйлерге техникалық зерттеп-қараулар жүргізеді.
Техникалық зерттеп-қараулар актілерінің негізінде астананың жергілікті атқарушы органы астанаға бірыңғай сәулеттік келбет беруге және оның дизайн-кодын сақтауды қамтамасыз етуге бағытталған, жөндеуге жататын көппәтерлі тұрғын үйлердің тізбесін айқындайды.
Астананың жергілікті атқарушы органы үйлердің тізбесін айқындағаннан кейін көппәтерлі тұрғын үй пәтерлері, тұрғын емес үй-жайлары меншік иелерінің жиналысы:
уәкілетті ұйымды тарта отырып, астанаға бірыңғай сәулеттік келбет беруге және оның дизайн-кодын сақтауды қамтамасыз етуге бағытталған жөндеуді жүргізу;
мердігер ұйымды таңдау;
көппәтерлі тұрғын үй мүлкінің меншік иелері бірлестігі, пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері кондоминиум объектісін басқарудың тікелей бірлесіп басқару түріндегі нысанын таңдаған кезде кондоминиум объектісін басқару субъектісі арқылы астанаға бірыңғай сәулеттік келбет беруге және оның дизайн-кодын сақтауды қамтамасыз етуге бағытталған, көппәтерлі тұрғын үйлерді жөндеуге байланысты шығындарды толық өтеу жөнінде өтініш жасау туралы шешім қабылдайды.
Көппәтерлі тұрғын үй пәтерлері, тұрғын емес үй-жайлары меншік иелерінің жиналысы хаттамасының негізінде көппәтерлі тұрғын үй мүлкінің меншік иелері бірлестігі, пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері кондоминиум объектісін басқарудың тікелей бірлесіп басқару түріндегі нысанын таңдаған кезде кондоминиум объектісін басқару субъектісі уәкілетті ұйыммен жөндеу жүргізуді ұйымдастыруға шарт жасасады.
Көппәтерлі тұрғын үй мүлкінің меншік иелері бірлестігімен, пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері кондоминиум объектісін басқарудың тікелей бірлесіп басқару түріндегі нысанын таңдаған кезде кондоминиум объектісін басқару субъектісімен жасасқан шарттың және пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар меншік иелерінің жиналысы шешімінің негізінде уәкілетті ұйым мердігер ұйыммен шарт жасасады.
Жұмыстар аяқталғаннан кейін уәкілетті ұйым көппәтерлі тұрғын үй мүлкінің меншік иелері бірлестігімен, пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері кондоминиум объектісін басқарудың тікелей бірлесіп басқару түріндегі нысанын таңдаған кезде кондоминиум объектісін басқару субъектісімен бірлесіп мердігер ұйымнан жұмыстардың нәтижелерін қабылдайды.
Көппәтерлі тұрғын үй мүлкінің меншік иелері бірлестігі, пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері кондоминиум объектісін басқарудың тікелей бірлесіп басқару түріндегі нысанын таңдаған кезде кондоминиум объектісін басқару субъектісі астананың жергілікті атқарушы органына көппәтерлі тұрғын үй пәтерлері, тұрғын емес үй-жайлары меншік иелерінің жиналысы хаттамасының негізінде астанаға бірыңғай сәулеттік келбет беруге және оның дизайн-кодын сақтауды қамтамасыз етуге бағытталған, көппәтерлі тұрғын үйлерді жөндеуге байланысты шығындарды пәтерлердің, үй-жайлардың меншік иелеріне толық өтеу туралы өтініш жасайды.
Уәкілетті ұйым орындалған жұмыстар көлемі үшін мердігер ұйымға ақы төлеуді астананың жергілікті атқарушы органынан алынған және пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар меншік иелерінің көппәтерлі тұрғын үйлерді жөндеуге байланысты шығындарды толық өтеуіне арналған қаражаттың есебінен жүзеге асырады.»;
5-тармақтың 2) тармақшасының екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«көппәтерлі тұрғын үй мүлкінің меншік иелері бірлестігімен, пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері кондоминиум объектісін басқарудың тікелей бірлесіп басқару түріндегі нысанын таңдаған кезде кондоминиум объектісін басқару субъектісімен;».
22. «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» 2007 жылғы 26 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
39-бапта:
1-тармақтың бірінші бөлігіндегі «тұрғын емес үй-жайлары меншік иелерінің кемінде екеуінен» деген сөздер «тұрғын емес үй-жайлары, орынтұрақ орындары, қоймалары меншік иелерінің кемінде екеуінен, көппәтерлі тұрғын үй мүлкінің меншік иелері бірлестігінің төрағасынан» деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақта:
«жалпы алаңының» деген сөздер «пайдалы алаңының» деген сөздермен ауыстырылсын;
«тұрғын емес үй-жайлар,» деген сөздерден кейін «, орынтұрақ орындары, қоймалар» деген сөздермен толықтырылсын.
23. «Микроқаржылық қызмет туралы» 2012 жылғы 26 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына:
21-баптың 4-тармағының 5) тармақшасы «беріледі, кредиттік бюролар активтер мен міндеттемелер туралы, кірістер мен мүлік туралы декларацияларды ұсыну жөніндегі міндет туындаған қарыз алушы-жеке тұлға бойынша береді» деген сөздермен толықтырылсын.
24. «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 1-қосымшаның 53-жолы 3-бағанының 31-тармағы алып тасталсын;
2) 3-қосымша мынадай мазмұндағы 65-тармақпен толықтырылсын:
«65. Кондоминиум объектісін басқару жөніндегі қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама.».
25. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жеке тұлғалардың кірістері мен мүлкін декларациялау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 18 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына:
11-баптың 2-тармағы алып тасталсын.
26. «Коллекторлық қызмет туралы» 2017 жылғы 6 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына:
11-баптың 3-тармағының 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5) мемлекеттік кіріс органдарына:
тексерілетін тұлғаға салық салуға байланысты мәселелер бойынша, нұсқама негізінде;
кредиттік бюро активтер мен міндеттемелер туралы, кірістер мен мүлік туралы декларацияларды ұсыну жөніндегі міндет туындаған (берешегі бойынша (құқықтары (талаптары) коллекторлық агенттікке берілген) борышкер-жеке тұлға бойынша береді;».
27. «Квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуы туралы» 2021 жылғы 8 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 15-1) тармақшамен толықтырылсын:
«15-1) «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ағымдағы, жинақтаушы, нысаналы жарналарды және орынтұрақ орындарын, қоймаларды күтіп-ұстауға арналған ағымдағы жарналарды төлеу;».