28. «Мемлекеттік сатып алу туралы» 2024 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1-бап мынадай мазмұндағы 11) тармақшамен толықтырылсын:
«11) «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ағымдағы, жинақтаушы, нысаналы жарналарды және орынтұрақ орындарын, қоймаларды күтіп-ұстауға арналған ағымдағы жарналарды төлеу.».
2-бап.
1. Осы Заң:
1) 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 17-тармағын;
2) 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 4-тармағының 2) тармақшасын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
2. Осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін тіркелген және қызметін жүзеге асыратын үй-жайлар (пәтерлер) меншік иелерінің кооперативтері, пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар меншік иелерінің тұтыну кооперативтері өз қызметін осы Заңның талаптарына сәйкес келтіруге және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін бір жыл ішінде қайта тіркеу рәсімінен өтуге міндетті.
3. Үй-жайлар (пәтерлер) меншік иелерінің кооперативтерін, пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар меншік иелерінің тұтыну кооперативтерін қайта тіркеу кезінде «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының талаптары қолданылмайды.
Үй-жайлар (пәтерлер) меншік иелерінің кооперативтері, пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар меншік иелерінің тұтыну кооперативтері қайта тіркелу үшін:
1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі белгілеген нысан бойынша өтінішті;
2) екі және одан көп кондоминиум объектісінің пәтерлері, тұрғын емес үй-жайлары меншік иелерінің жиналыстарында ұсынылған өкілдерден тұратын, үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелері кооперативтерін, пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар меншік иелерінің тұтыну кооперативтерін қайта тіркеу туралы бастамашы топ жиналысының хаттамасын;
3) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркегені үшін бюджетке тіркеу алымы төленгенін растайтын түбіртекті немесе өзге де құжатты ұсынады.
4. Осы баптың 2-тармағында белгіленген талаптар орындалмаған жағдайда тұрғын үй инспекциясы үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелері кооперативтерін, пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар меншік иелерінің тұтыну кооперативтерін мәжбүрлеп тарату туралы өтінішпен сотқа жүгінеді.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ.ТОҚАЕВ
Астана, Ақорда, 2025 жылғы 15 шілде
№ 207-VIII ҚРЗ