ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
ЗАҢЫ
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне
тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, кәсіпкерлік және
экспорттық-кредиттік агенттіктің қызметі мәселелері бойынша
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Осы Заңды іске асыру жөніндегі шаралар туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2025 жылғы 20 тамыздағы № 138-ө Өкімін қараныз
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексіне:
1) 9-баптың 3-тармағы бірінші бөлігінің 1) тармақшасы «пәтерлердің» деген сөзден кейін «, тұрғын емес үй-жайлардың, орынтұрақ орындарының, қоймалардың» деген сөздермен толықтырылсын;
2) 62-бапта:
2-тармақта:
бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіндегі меншік иесіне тиесілі әрбір пәтерге, тұрғын емес үй-жайға, орынтұрақ орнына, қоймаға тиісті үлес оған тиесілі пәтерге, тұрғын емес үй-жайға, орынтұрақ орнына, қоймаға меншік құқығынан ажыратылмайды. Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіндегі үлестің мөлшері дара (бөлек) меншіктегі пәтердің пайдалы алаңының немесе тұрғын емес үй-жай, орынтұрақ орны, қойма алаңының осы кондоминиум объектісіндегі барлық пәтерлердің пайдалы алаңдарының және барлық тұрғын емес үй-жайлар, орынтұрақ орындары, қоймалар алаңдарының жиынтығына арақатынасымен айқындалады. Егер осы Кодексте өзгеше көзделмесе, мұндай үлесті нақтылы түрде (мінсіз үлес) бөліп шығаруға болмайды.»;
екінші және үшінші бөліктер «үй-жайлары», «үй-жайларының» деген сөздерден кейін тиісінше «, орынтұрақ орындары, қоймалары», «, орынтұрақ орындарының, қоймаларының» деген сөздермен толықтырылсын;
4-тармақ «тұрғын емес үй-жайға» деген сөздерден кейін «орынтұрақ орнына, қоймаға» деген сөздермен толықтырылсын.
2. 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне:
35-баптың 2-тармағының 2) тармақшасында:
«ең төмен жалақының 12 еселенген» деген сөздер «айлық есептік көрсеткіштің 360 еселенген» деген сөздермен ауыстырылсын.
орыс тіліндегі мәтінге түзету енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді.
3. 2015 жылғы 31 қазандағы Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексіне:
1) 130-бапта:
екінші бөліктің бірінші абзацындағы «үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелері кооперативінің немесе көппәтерлі тұрғын үйлер мүлкінің меншік иелері бірлестігінің не жай серіктестігінің, тұрғын үй-пайдалану және коммуналдық қызметтер көрсету қызметінің уәкілетті тұлғасына не тұрғын үй басқарушысына» деген сөздер «көппәтерлі тұрғын үй мүлкінің меншік иелері бірлестігінің немесе кондоминиум объектісін басқару субъектісінің не тұрғын үй-пайдалану және коммуналдық қызметтер көрсету қызметінің уәкілетті адамына» деген сөздермен ауыстырылсын;
үшінші бөліктегі «үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелері кооперативінің немесе көппәтерлі тұрғын үйлер мүлкінің меншік иелері бірлестігінің не жай серіктестігінің, тұрғын үй-пайдалану және коммуналдық қызметтерді көрсету қызметінің уәкілетті тұлғасы не тұрғын үй басқарушысы» деген сөздер «көппәтерлі тұрғын үй мүлкінің меншік иелері бірлестігінің немесе кондоминиум объектісін басқару субъектісінің не тұрғын үй-пайдалану және коммуналдық қызметтер көрсету қызметінің уәкілетті адамы» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 131-баптың бірінші бөлігіндегі «үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелері кооперативінің немесе көппәтерлі тұрғын үйлер мүлкінің меншік иелері бірлестігінің не жай серіктестігінің, тұрғын үй-пайдалану және коммуналдық қызметтер көрсету қызметінің уәкілетті адамы не тұрғын үй басқарушысы» деген сөздер «көппәтерлі тұрғын үй мүлкінің меншік иелері бірлестігінің немесе кондоминиум объектісін басқару субъектісінің не тұрғын үй-пайдалану және коммуналдық қызметтер көрсету қызметінің уәкілетті адамы» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 133-баптың бірінші бөлігінің бірінші абзацындағы «үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелері кооперативінің немесе көппәтерлі тұрғын үйлер мүлкінің меншік иелері бірлестігінің не жай серіктестігінің, тұрғын үй-пайдалану және коммуналдық қызметтер көрсету қызметінің уәкілетті тұлғасы не тұрғын үй басқарушысы» деген сөздер «көппәтерлі тұрғын үй мүлкінің меншік иелері бірлестігінің немесе кондоминиум объектісін басқару субъектісінің не тұрғын үй-пайдалану және коммуналдық қызметтер көрсету қызметінің уәкілетті адамы» деген сөздермен ауыстырылсын.
4. 2023 жылғы 20 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне:
1) 124-баптың 2-тармағындағы «көппәтерлі тұрғын үйлердің жай серіктестіктерінің (жай серіктестіктер)» деген сөздер «көппәтерлі тұрғын үйлердің» деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармағының 2) тармақшасы 2025 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
2) 245-баптың 7-тармағының бірінші бөлігінде:
1) тармақшадағы «3), 4) тармақшаларында және 31) тармақшасының тоғызыншы абзацында» деген сөздер «25) тармақшасының тоғызыншы абзацында» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) тармақшадағы «17) тармақшасының алтыншы абзацында, 21) және 50) тармақшаларында» деген сөздер «22) тармақшасының алтыншы абзацында, 26) және 53) тармақшаларында» деген сөздермен ауыстырылсын.
5. 2025 жылғы 9 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Су кодексіне:
97-баптың 2-тармағындағы «пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері, кондоминиум объектісін басқару органы» деген сөздер «көппәтерлі тұрғын үйдегі пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері немесе көппәтерлі тұрғын үй мүлкінің меншік иелері бірлестігі немесе кондоминиум объектісін басқару субъектісі» деген сөздермен ауыстырылсын.
6. «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 17-1-бап мынадай мазмұндағы 22-тармақпен толықтырылсын:
«22. Банктің ірі қатысушылары болып табылатын резидент-жеке тұлғалар, сондай-ақ олардың жұбайлары жыл сайын Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде кірістер мен мүлік туралы декларацияны ұсынуға міндетті.»;
2) 50-баптың 6-2-тармағында:
бірінші бөлікте:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) активтер мен міндеттемелер туралы, кірістер мен мүлік туралы декларацияларды ұсыну жөніндегі міндет туындаған жеке тұлғалардың банктік шоттарының бар-жоғы, нөмірлері туралы және осы шоттардағы ақша қалдықтары туралы;»;
мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
«1-1) күнтізбелік жыл ішінде республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және есепті салық кезеңінің 31 желтоқсанына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 20 000 еселенген мөлшерінен құны асатын мүлікті сатып алуға байланысты кірістер мен мүлік туралы декларацияны ұсыну жөніндегі міндет туындаған жеке тұлғалар бойынша банктік шоттардағы ақшаның қозғалысы туралы;»;
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) сыйақыны қоса алғанда, өтеу сомаларын көрсете отырып, кірістер мен мүлік туралы, активтер мен міндеттемелер туралы декларацияларды ұсыну жөніндегі міндет туындаған жеке тұлғаларға берілген кредиттер туралы мәліметтерді ұсынады.»;
екінші және үшінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:
«Осы тармақшада көрсетілген мәліметтерді салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган осы тармақтың бірінші бөлігінің 1-1) тармақшасын қоспағанда, Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес жеке тұлғаларда активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны не кірістер мен мүлік туралы декларацияны ұсыну жөніндегі міндет туындаған жылдың алдындағы жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша сұратады.
Салықтар мен бюджетке төленетін төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органның осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген сұрау салуына активтер мен міндеттемелер туралы, кірістер мен мүлік туралы декларацияларды ұсыну жөніндегі міндет туындаған жеке тұлғалардың тізімі қоса берілуге тиіс.».
7. «Тұрғын үй қатынастары туралы» 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 1-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Егер пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың, орынтұрақ орындарының, қоймалардың меншік иесі мемлекет қатысатын ұйым болып табылса, мыналарды:
1) ағымдағы жарналарды;
2) жинақтаушы жарналарды;
3) нысаналы жарналарды;
2) орынтұрақ орындарын, қоймаларды күтіп-ұстауға арналған ағымдағы жарналарды төлеу бөлігінде осы Заңмен реттелген құқықтық қатынастарға «Мемлекеттік сатып алу туралы» және «Квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуы туралы» Қазақстан Республикасы заңдарының күші қолданылмайды.»;
2) 2-бапта:
1-1), 1-2), 1-3), 1-4), 1-5) және 1-6) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«1-1) ағымдағы жарналар - пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар меншік иелерінің кондоминиум объектісін басқару бойынша шығыстарды жабуға арналған ай сайынғы міндетті жарналары;
1-2) аз қамтылған отбасылар (азаматтар) - Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасына сәйкес тұрғын үй көмегін алуға құқығы бар адамдар;
1-3) әскери қызметшілер - Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құрылымдарында әскери қызметте тұрған Қазақстан Республикасының азаматтары;
1-4) басқарушы компания - кондоминиум объектісін басқарудың жасалған шартының немесе көппәтерлі тұрғын үй пәтерлері, тұрғын емес үй-жайлары меншік иелерінің жиналысы хаттамасының негізінде кондоминиум объектісін басқару бойынша қызметтер көрсететін кәсіпкерлік субъектісі;
1-5) бірыңғай республикалық электрондық база - осы Заңға сәйкес жергілікті атқарушы органдар тұрғынжайға мұқтаждар есебіне қойған Қазақстан Республикасының азаматтары, қандастар туралы мәліметтерді қамтитын электрондық дерекқор;
1-6) бюджеттік ұйымдар - мемлекеттік мекемелер және қазыналық кәсіпорындар;»;
мынадай мазмұндағы 1-7) тармақшамен толықтырылсын:
«1-7) ведомстволық тұрғын үй қоры - мемлекеттік мекемелердің балансында тұрған, лауазымға ротациялау тәртібімен тағайындалатын мемлекеттік қызметшілерге тұрғын үй комиссиясының шешімі бойынша лауазымдық міндеттерін атқару кезеңінде тұру үшін одан әрі жекешелендіру құқығынсыз беруге арналған қызметтік тұрғынжайлар;»;
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«3) дауыс беру - пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың, орынтұрақ орындарының, қоймалардың меншік иелері кондоминиум объектісін басқаруға байланысты мәселелер бойынша шешім қабылдау үшін дауыстарды санау арқылы өз пікірлерін білдіретін рәсім;»;
мынадай мазмұндағы 9-1) тармақшамен толықтырылсын:
«9-1) жинақтаушы жарналар - пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар, орынтұрақ орындары, қоймалар меншік иелерінің кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін немесе оның жекелеген бөліктерін күрделі жөндеуге арналған ай сайынғы міндетті жарналары;»;
12) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«12) кондоминиум объектісін басқару - пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар, орынтұрақ орындары, қоймалар меншік иелерінің қауіпсіз және жайлы тұру (болу) жағдайларын қамтамасыз етуге, сондай-ақ кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін тиісінше күтіп-ұстауға, оны пайдалану тәртібін реттеуге, коммуналдық көрсетілетін қызметтерді ұсынуды ұйымдастыруға бағытталған іс-шаралар кешені;»;
14) тармақшада:
«және ұялы байланыс операторларының меншігі болып табылатын телекоммуникациялық жабдықтан» деген сөздер алып тасталсын;
«шатырлар,» деген сөзден кейін «кіреберіс жерлердегі қорғауыштар (қалқалар),» деген сөздермен толықтырылсын;
15-2), 15-3), 16-2) және 16-5) тармақшалар алып тасталсын;
16-7), 16-8), 18) және 22-1) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«16-7) көппәтерлі тұрғын үй паркингі (бұдан әрі - паркинг) - автокөлік құралдарын қоюға арналған, орынтұрақ орындарынан тұратын тұрғын емес үй-жай;
16-8) көппәтерлі тұрғын үй пәтерлері, тұрғын емес үй-жайлары меншік иелерінің жиналысы (бұдан әрі - жиналыс) - кондоминиум объектісін басқаруға байланысты шешімдерді ұжымдық талқылауды және (немесе) қабылдауды қамтамасыз ететін кондоминиум объектісін басқарудың жоғары органы;»;
«18) қайта жоспарлау - пәтердің, тұрғын емес үй-жайдың шекараларын өзгертумен ұштасқан осы пәтердің, тұрғын емес үй-жайдың жоспарлануын өзгерту;»;
«22-1) нысаналы жарналар - кондоминиум объектісін басқаруға арналған шығыстардың жылдық сметасында көзделмеген іс-шараларға ақы төлеу үшін пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар, орынтұрақ орындары, қоймалар меншік иелерінің жарналары;»;
мынадай мазмұндағы 23-2) тармақшамен толықтырылсын:
«23-2) орынтұрақ орындарын, қоймаларды күтіп-ұстауға арналған ағымдағы жарналар - орынтұрақ орындары, қоймалар меншік иелерінің орынтұрақ орындарын, қоймаларды күтіп-ұстау бойынша шығыстарды жабуға арналған ай сайынғы міндетті жарналары;»;
24-1) және 24-3) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«24-1) пәтерлер (тұрғын емес үй-жайлар) меншік иелерінің кооперативі - кондоминиум объектісін басқарудың жасалған шартының немесе көппәтерлі тұрғын үй пәтерлері, тұрғын емес үй-жайлары меншік иелерінің жиналысы хаттамасының негізінде кондоминиум объектісін басқару бойынша қызметтер көрсету үшін пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері құрған коммерциялық емес ұйым;»;
«24-3) ротациялық төлемдер - басқа елді мекенге ротацияланған мемлекеттік қызметшілерге Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасына сәйкес белгіленетін тұрғынжайды жалдау мақсатындағы төлемдер;»;
3) 6-бап алып тасталсын;
4) 10-2-бапта:
9), 10-4), 10-10), 10-11) және 10-17) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«9) кондоминиум объектісін басқару жөніндегі шешімдерді қабылдау қағидаларын, сондай-ақ көппәтерлі тұрғын үй пәтерлері, тұрғын емес үй-жайлары меншік иелерінің жиналысы хаттамаларының үлгілік нысандарын және кондоминиум объектісін басқару жөніндегі ай сайынғы және жылдық есептердің нысандарын әзірлейді және бекітеді;»;
«10-4) кондоминиум объектісін басқаруға арналған шығыстардың жылдық сметасын есептеу әдістемесін, сондай-ақ кондоминиум объектісін басқаруға арналған жарналардың ең төмен мөлшерін есептеу әдістемесін әзірлейді және бекітеді;»;
«10-10) кондоминиум объектісін басқару жөніндегі қағидаларды әзірлейді және бекітеді;
10-11) мүліктің меншік иелері бірлестігі немесе кондоминиум объектісін басқару субъектісі мен коммуналдық көрсетілетін қызметтерді ұсынатын ұйымдар арасындағы ынтымақтастықтың үлгілік шарттарын әзірлейді және бекітеді;»;
«10-17) көппәтерлі тұрғын үй мүлкінің меншік иелері бірлестігінің үлгілік жарғысын және пәтерлер (тұрғын емес үй-жайлар) меншік иелері кооперативінің үлгілік жарғысын әзірлейді және бекітеді;»;
10-20) тармақша алып тасталсын;
10-22) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«10-22) кәсіптік стандарттарды, салалық біліктілік шеңберлерін, кадрлар даярлаудың білім беру бағдарламаларын әзірлеуге, кондоминиум объектісін басқару жөніндегі мамандарды сертификаттау, олардың біліктілігін растау және арттыру жүйесін құруға қатысады;»;
10-25) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«10-25) кондоминиум объектісін басқарудың үлгілік шартын әзірлейді және бекітеді;»;
10-26) тармақша алып тасталсын;
10-28) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«10-28) тұрғын үй инспекциясының кондоминиум объектісін басқару үшін уақытша басқарушы компанияны айқындау және тағайындау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;»;
мынадай мазмұндағы 10-39) және 10-40) тармақшалармен толықтырылсын:
«10-39) көппәтерлі тұрғын үйді басқарушыға қойылатын біліктілік талаптарын әзірлейді және бекітеді;
10-40) кондоминиум объектісін басқару нысандары мен кондоминиум объектісін басқару субъектілері бойынша көппәтерлі тұрғын үйлер тізілімін және кондоминиум объектісін басқару субъектілері мен көппәтерлі тұрғын үйлерді басқарушылар тізілімін жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;»;
5) 10-3-бапта:
1-тармақта:
«кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстардың» деген сөздер «республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіш мөлшерлеріндегі, кондоминиум объектісін басқаруға арналған жарналардың» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«6) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін түгендеу тізбесін жасай отырып, жергілікті бюджет қаражаты есебінен пайдаланудағы көппәтерлі тұрғын үйлерге мемлекеттік техникалық зерттеп-қарау жүргізуді, сондай-ақ көппәтерлі тұрғын үйге және үй жанындағы жер учаскесіне жылжымайтын мүлік объектісінің кадастрлық паспортын дайындауды (қалпына келтіруді), оның ішінде:
жиналыстың шешімі бойынша пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелерінен;
мүліктің меншік иелері бірлестігінің төрағасынан;
кондоминиум объектісін басқару субъектісінен тиісті өтініштің түсуі негізінде қамтамасыз етеді;»;
6) 10-6-бапта:
2-тармақтағы «жай серіктестіктер, көппәтерлі тұрғын үйді басқарушылар, басқарушы компаниялар, сервистік қызмет субъектілері, пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері» деген сөздер «кондоминиум объектісін басқару субъектілері, пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың, орынтұрақ орындарының, қоймалардың меншік иелері» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақ алып тасталсын;
7) 1-1-тарау мынадай мазмұндағы 10-9-баппен толықтырылсын:
«10-9-бап. Елді мекендер шекаралары шегінде тұрғын үй қорын басқару, газ және газбен жабдықтау салаларындағы әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінде мемлекеттік бақылау және елді мекендер шекаралары шегінде өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінде қауіпті техникалық құрылғыларды қауіпсіз пайдалану талаптарының сақталуын мемлекеттік бақылау және қадағалау
1. Тұрғын үй инспекциясының лауазымды адамдары елді мекендер шекаралары шегінде тұрғын үй қорын басқару, газ және газбен жабдықтау салаларындағы әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріндегі бақылау субъектілеріне қатысты мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады, сондай-ақ елді мекендердің шекаралары шегінде өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріндегі бақылау және қадағалау субъектілеріне қатысты қауіпті техникалық құрылғыларды қауіпсіз пайдалану талаптарының сақталуын мемлекеттік бақылау және қадағалау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жоспардан тыс тексерулер мен бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізу жолымен жүзеге асырылады.
2. Мыналар:
1) мүліктің меншік иелері бірлестігі;
2) кондоминиум объектісін басқару субъектілері мемлекеттік бақылау және қадағалау субъектілері болып табылады.
3. Тұрғын үй инспекциясы:
1) көппәтерлі тұрғын үйді мемлекеттік техникалық зерттеп-қарауды ұйымдастыру;
2) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкінің тізбесін, оған күрделі жөндеу жүргізудің кезеңдері мен кезектілігін айқындау;
3) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеу бойынша орындалған жұмыстарды қабылдау жөніндегі комиссияларға қатысу;
4) уақытша басқарушы компанияны айқындау және тағайындау;
5) кондоминиум объектісін басқару нысандары мен кондоминиум объектісін басқару субъектілері бойынша көппәтерлі тұрғын үйлердің тізілімін жүргізу;
6) кондоминиум объектісін басқару субъектілері мен көппәтерлі тұрғын үйлерді басқарушылардың тізілімін жергілікті атқарушы органның интернет-ресурсында орналастыра отырып, осындай тізілімді жүргізу;
7) осы Заңды және кондоминиум объектісін басқару жөніндегі қағидаларды бұзушылықтарды жою бойынша орындалуы міндетті нұсқамалар (ұсынулар) шығару және әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамалар жасау жөніндегі өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Осы баптың 1-тармағында көрсетілген мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын тұрғын үй инспекциясының лауазымды адамдары:
1) пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың, орынтұрақ орындарының, қоймалардың меншік иелері өтініш жасаған кезде белгіленген мерзімдерде кондоминиум объектісін басқару жөніндегі ай сайынғы және жылдық есептерді ұсыну;
2) пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың, орынтұрақ орындарының, қоймалардың меншік иелері өтініш жасаған кезде белгіленген мерзімдерде осы Заңның талаптарына сәйкес екінші деңгейдегі банктерде ақшаны кондоминиум объектісін басқаруға аудару үшін ағымдағы шот (ағымдағы шот) және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге ақша жинақтауға арналған жинақ шотын (жинақ шотын) ашу;
3) инженерлік желілер мен жабдықтарды жылыту маусымына дайындау, лифтілер мен халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтарына арналған көтергіштерді, түтін жою, өрт дабылы, ішкі өртке қарсы су құбыры жүйелерін тиісінше пайдалану жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру;
4) кондоминиум объектісін басқару жөніндегі шарттардың болуы;
5) кондоминиум объектілерін тіркеудің болуы;
6) кондоминиум объектісін басқаруға арналған шығыстардың жиналыс хаттамасымен бекітілген жылдық сметасының болуы;
7) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін түгендеу тізбесінің негізінде кондоминиум объектісін қарап-тексерудің жыл сайынғы актісін жүргізуді растайтын құжаттардың болуы;
8) жертөле үй-жайларды, паркингтерді және ортақ пайдаланылатын басқа да орындарды дезинфекциялау, дезинсекциялау және дератизациялау жұмыстарының орындалғанын растайтын құжаттардың болуы;
9) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкінің бөліктерін (қасбеттер, кіреберістер, вестибюльдер, холлдар, дәліздер, баспалдақ марштары мен баспалдақ алаңдары, лифтілер, шатырлар, кіреберіс жердегі қорғауыштар (қалқалар), шатырастылар, техникалық қабаттар, жертөлелер, үйге ортақ инженерлік жүйелер мен жабдықтар, абоненттік пошта жәшіктері, көппәтерлі тұрғын үй тұрған жер учаскесі және (немесе) үй жанындағы жер учаскесі, абаттандыру элементтері және ортақ пайдаланылатын басқа да мүлік) пайдалану (жарамды) күйінде ұстау;
10) мүліктің меншік иелері бірлестігі төрағасының, үй кеңесінің және ревизиялық комиссияның (ревизордың) өкілеттіктерінің мерзімдерін сақтау;
11) жиналыстар хаттамаларының көппәтерлі тұрғын үй пәтерлері, тұрғын емес үй-жайлары меншік иелерінің жиналыстары хаттамаларының үлгілік нысандарына сәйкес келуі;
12) мүгедектігі бар адамдар мен халықтың жүріп-тұруы шектеулі басқа да топтары үшін кедергісіз ортаның болуы;
13) кондоминиум объектісін басқару субъектісінде, көппәтерлі тұрғын үйді басқарушыда кондоминиум объектісін басқару жөніндегі функцияларды жүзеге асыруға біліктілігін растайтын құжаттың болуы жөніндегі талаптардың сақталуына бақылау жүргізеді.
4. Тұрғын үй инспекциясының өкілеттіктеріне Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге мәселелер де кіреді.
5. Тұрғын үй инспекциясының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалған тәртіппен шағым жасалуы мүмкін.»;
8) 18-баптың 3-тармағы алып тасталсын;
9) 21-баптың 2-тармағы «жүргізсе,» деген сөзден кейін «өзара келісім бойынша ғана» деген сөздермен толықтырылсын;
10) 31-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Көппәтерлі тұрғын үйде пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың, орынтұрақ орындарының, қоймалардың екі және одан көп меншік иесі болған кезде жылжымайтын мүлікке меншік құқығы кондоминиум нысанында туындайды.
Кондоминиум объектісі Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалатын тәртіппен мемлекеттік тіркелуге жатады.
Кондоминиум объектісінде пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар, орынтұрақ орындары, қоймалар дара (бөлек) меншікте болады, ал дара (бөлек) меншікте болмайтын бөліктері, оның ішінде бөлінбейтін біртұтас жер учаскесі ортақ үлестік меншік құқығында пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың, орынтұрақ орындарының, қоймалардың меншік иелеріне тиесілі болады.»;
2-тармақта:
мынадай мазмұндағы алтыншы және жетінші бөліктермен толықтырылсын:
«Жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес паркинг көппәтерлі тұрғын үйдің арнайы айқындалған бөлігінде орналасады немесе көппәтерлі тұрғын үйге жапсарлас салынуы мүмкін.
Паркинг кондоминиум объектісінің ортақ мүлкінің құрамына кіруі немесе дара (бөлек) меншікте болуы мүмкін.»;
алтыншы бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Көппәтерлі тұрғын үйді салуды немесе реконструкциялауды жүзеге асыратын тапсырыс беруші (құрылыс салушы) пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері кондоминиум объектісін басқару нысанын немесе пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері кондоминиум объектісін басқарудың тікелей бірлесіп басқару түріндегі нысанын таңдаған кезде кондоминиум объектісін басқару субьектісін таңдағаннан кейін күнтізбелік отыз күн ішінде қабылдау-тапсыру актісі бойынша қағаз және (немесе) электрондық жеткізгіштерде:»;