жетінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Көппәтерлі тұрғын үйді салуды немесе реконструкциялауды жүзеге асыратын тапсырыс берушіден (құрылыс салушыдан), мүліктің меншік иелері бірлестігіне немесе пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері кондоминиум объектісін басқарудың тікелей бірлесіп басқару түріндегі нысанын таңдаған кезде кондоминиум объектісін басқару субъектісіне берілетін қабылдау-беру актісіне кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін түгендеу тізбесі қоса берілуге тиіс.»;
мынадай мазмұндағы сегізінші бөлікпен толықтырылсын:
«Көппәтерлі тұрғын үйде кондоминиум объектісін басқару нысаны немесе пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері кондоминиум объектісін басқарудың тікелей бірлесіп басқару түріндегі нысанын таңдаған кезде кондоминиум объектісін басқару субъектісі болмаған жағдайда, кондоминиум объектісі тіркелген кезден бастап алты ай ішінде көппәтерлі тұрғын үйді салуды немесе реконструкциялауды жүзеге асырған тапсырыс беруші (құрылыс салушы) осы тармақтың сегізінші бөлігінде көрсетілген құжаттарды тұрғын үй инспекциясына қабылдау-тапсыру актісі бойынша қағаз және (немесе) электрондық жеткізгіштерде береді.»;
3-тармақта:
бірінші бөлік:
«2-тармағына сәйкес» деген сөздерден кейін «көппәтерлі тұрғын үйді салуды немесе реконструкциялауды жүзеге асыратын» деген сөздермен толықтырылсын;
«үй-жайдың» деген сөзден кейін «, орынтұрақ орнының, қойманың» деген сөздермен толықтырылсын;
екінші бөліктегі «Тапсырыс беруші» деген сөздер «Көппәтерлі тұрғын үйді салуды немесе реконструкциялауды жүзеге асыратын тапсырыс беруші» деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақтағы «(кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін айқындай отырып)» деген сөздер «кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін түгендеу тізбесін жасай отырып» деген сөздермен ауыстырылсын;
5-тармақ «тұрғын емес үй-жайлардың кемінде екі меншік иесінен тұратын бастамашы топтың» деген сөздер «тұрғын емес үй-жайлардың, орынтұрақ орындарының, қоймалардың кемінде екі меншік иесінен тұратын бастамашы топтың, мүліктің меншік иелері бірлестігі төрағасының» деген сөздермен толықтырылсын;
6-тармақтың екінші бөлігі алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 6-1-тармақпен толықтырылсын:
«6-1. Үй жанындағы жер учаскесін тіркеу:
жиналыстың шешімі негізінде пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың, орынтұрақ орындарының, қоймалардың кемінде екі меншік иесінен тұратын бастамашы топтан;
мүліктің меншік иелері бірлестігінің төрағасынан;
кондоминиум объектісін басқару субъектісінен өтініш берілген кезде астананың, республикалық, облыстық маңызы бар қаланың және ауданның жергілікті атқарушы органының шешімі бойынша жүзеге асырылады;»;
8-тармақта:
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Көппәтерлі тұрғын үйдің көзделген жобалау-сметалық құжаттамасына сәйкес кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін дара (бөлек) меншікке иеліктен шығаруға жол берілмейді.»;
мынадай мазмұндағы үшінші және төртінші бөліктермен толықтырылсын:
«Объектіні пайдалануға қабылдау актісінде және көппәтерлі тұрғын үйдің жобалау-сметалық құжаттамасында көрсетілмеген, сондай-ақ кондоминиум объектісінде тіркелмеген пәтерлерді, тұрғын емес үй-жайларды, орынтұрақ орындарын, қоймаларды дара (бөлек) меншікке сатуға (бірінші пәтерді, тұрғын емес үй-жайды, орынтұрақ орнын, қойманы сатуды қоспағанда) жол берілмейді.
Көрсетілген талаптар сақталмаған кезде жасалған мәміле маңызсыз деп есептеледі.»;
11) 32-бап алып тасталсын;
12) 33-баптың тақырыбы «үй-жай» деген сөзден кейін «, орынтұрақ орны, қойма» деген сөздермен толықтырылсын;
13) 34-бапта:
2, 3 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың, орынтұрақ орындарының, қоймалардың меншік иелері кондоминиум объектісін басқаруды жиналысқа қатысу, кондоминиум объектісін басқару нысаны мен субъектісін таңдау арқылы жүзеге асыруға міндетті.
3. Пәтердің, тұрғын емес үй-жайдың, орынтұрақ орнының, қойманың меншік иесі өзіне тиесілі пәтерді, тұрғын емес үй-жайды, орынтұрақ орнын, қойманы, сондай-ақ кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстау ауыртпалығын көтереді.
4. Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкінің құрамына кірмейтін пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың, орынтұрақ орындарының, қоймалардың меншік иесі болып табылатын көппәтерлі тұрғын үйге тапсырыс беруші (құрылыс салушы) объектіні пайдалануға қабылдау актісі тіркелгеннен кейін ағымдағы, жинақтаушы, нысаналы жарналарды және орынтұрақ орындарын, қоймаларды күтіп-ұстауға арналған ағымдағы жарналарды, оларды уақтылы төлемегені үшін өсімпұлдарды осы Заңда айқындалған тәртіппен төлеуге міндетті.»;
4-1-тармақ алып тасталсын;
5 және 6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері жиналыста белгіленген ағымдағы жарналарды пәтерлердің меншік иелері үшін белгіленген ағымдағы жарналардың мөлшерінен екі еседен асып кетпейтін мөлшерде төлеуге міндетті.
6. Пәтердің, тұрғын емес үй-жайдың, орынтұрақ орнының, қойманың меншік иесі өзіне тиесілі пәтерді, тұрғын емес үй-жайды, орынтұрақ орнын, қойманы мүліктік жалдауға (жалға) беру туралы мүліктің меншік иелері бірлестігінің төрағасын немесе кондоминиум объектісін басқару субъектісін жалдаушы (жалға алушы) туралы ақпарат бере отырып хабардар етуге міндетті.
Пәтер, тұрғын емес үй-жай, орынтұрақ орны, қойма меншік иесінің Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген міндеттерінен басқа өзге де міндеттері мен жауапкершіліктері болады, оның ішінде:
тыныштықты сақтау, оның ішінде пәтерде, тұрғын емес үй-жайда және олардың сыртында шұғыл қажеттікпен байланысы жоқ шу шығаратын, азаматтардың белгілі бір уақыттағы қалыпты демалысы мен тыныштығына кедергі келтіретін жұмыстарды жүргізбеу;
темекі бұйымдарын, оның ішінде қыздырылатын темекісі бар бұйымдарды, қорқорға арналған темекіні, қорқор қоспасын, темекі қыздыруға арналған жүйелерді осы үшін айқындалған арнаулы орындарда ғана тұтыну;
Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген құрылыс, санитариялық, экологиялық, өртке қарсы және басқа да міндетті нормалар мен қағидаларды сақтау.»;
мынадай мазмұндағы 8, 9, 10 және 11-тармақтармен толықтырылсын:
«8. Пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері коммуналдық көрсетілетін қызметтерді ұсынатын ұйымдармен пәтерлерде, тұрғын емес үй-жайларда коммуналдық қызметтер көрсету туралы шарттарды өз бетінше жасасуға міндетті.
9. Пәтер меншік иесінің өзге мекенжайда тұруы, сондай-ақ пәтерді, тұрғын емес үй-жайды, орынтұрақ орнын, қойманы мүліктік жалдауға (жалға) беруі пәтер, тұрғын емес үй-жай, орынтұрақ орны, қойма меншік иесінің Қазақстан Республикасының заңдарында, мүліктің меншік иелері бірлестігінің жарғысында, жиналыстың және үй кеңесінің шешімінде айқындалған құқықтарын шектемейді және оны міндеттерінен босатпайды.
10. Пәтердің, тұрғын емес үй-жайдың, орынтұрақ орнының, қойманың ағымдағы, жинақтаушы, нысаналы жарналарды және орынтұрақ орындарын, қоймаларды күтіп-ұстауға арналған ағымдағы жарналарды төлейтін әрбір меншік иесінің ағымдағы және жинақ шоттарының жай-күйі туралы ақпарат алуға құқығы бар.
11. Пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың, орынтұрақ орындарының, қоймалардың меншік иелері кондоминиум объектісінің шектеулі пайдаланылатын ортақ мүлкінің өздеріне бекітіліп берілген бөліктерін мүлікті шектеулі пайдалануға беру туралы мүліктік жалдау (жалға беру) шартында белгіленген талаптармен пайдалануға құқылы.
Бұл ретте жалға алу ақысы мүліктің меншік иелері бірлестігінің ағымдағы шотына немесе пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері кондоминиум объектісін басқарудың тікелей бірлесіп басқару түріндегі нысанын таңдаған кезде кондоминиум объектісін басқару субъектісінің осы кондоминиум объектісіне ашылған шотына есепке жатқызылады.»;
14) мынадай мазмұндағы 34-1 және 34-2-баптармен толықтырылсын:
«34-1-бап. Пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар, орынтұрақ орындары, қоймалар меншік иелерінің кондоминиум объектісін басқаруға арналған жарналары
1. Пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері ағымдағы, жинақтаушы және нысаналы жарналарды төлеуге міндетті.
Орынтұрақ орындарының, қоймалардың меншік иелері орынтұрақ орындарын, қоймаларды күтіп-ұстауға арналған ағымдағы жарналарды, сондай-ақ жинақтаушы және нысаналы жарналарды төлеуге міндетті.
2. Ағымдағы жарналардың мөлшері республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті өкілді органдары бекіткен кондоминиум объектісін басқаруға арналған жарналардың ең төмен мөлшерінен аз болмауға тиіс.
Ағымдағы жарналардың ең төмен мөлшері кондоминиум объектісін басқаруға арналған жарналардың ең төмен мөлшерін есептеу әдістемесінің негізінде республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің мөлшерлерімен есептеледі.
Ағымдағы жарналардың мөлшері пәтердің пайдалы алаңына, тұрғын емес үй-жайдың алаңына мөлшерлес белгіленеді.
Орынтұрақ орындарын, қоймаларды күтіп-ұстауға арналған ағымдағы жарналардың мөлшері кондоминиум объектісін басқаруға арналған жарналардың ең төмен мөлшерін есептеу әдістемесіне сәйкес айқындалады.
Пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар меншік иелерінің ағымдағы жарналары кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін ағымдағы жөндеуге, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеуге жұмсалады.
3. Жинақтаушы жарна пәтердің пайдалы алаңының, тұрғын емес үй-жай, орынтұрақ орны, қойма алаңының бір шаршы метріне есептегенде республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің кемінде 0,005 еселенген мөлшерінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеу жүргізуге ақша жинақтау үшін пәтер, тұрғын емес үй-жай, орынтұрақ орны, қойма меншік иелерінің ай сайынғы міндетті жарналарын қамтиды.
Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге арналған ақша кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеу мақсаттарына ғана талап етілуі мүмкін және пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар, орынтұрақ орындары, қоймалар меншік иелерінің міндеттемелері бойынша кепіл нысанасы бола алмайды. Жинақ шотында жинақталған ақшаны жұмсау жиналыстың шешімі бойынша ғана жүзеге асырылады.
4. Нысаналы жарналарды жинау, олардың мөлшері, мерзімдері туралы шешім және өзге де шарттар жиналыста қабылданады.
Нысаналы жарналар мүліктің меншік иелері бірлестігінің немесе пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері кондоминиум объектісін басқарудың тікелей бірлесіп басқару түріндегі нысанын таңдаған кезде кондоминиум объектісін басқару субъектісінің ағымдағы шотына есепке жатқызылады.
5. Кондоминиум объектісін басқаруға арналған шығыстарға жатпайтын қосымша шығыстар жиналыстың шешімінсіз пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың, орынтұрақ орындарының, қоймалардың меншік иелеріне жүктелмейді.
6. Мүліктің меншік иелері бірлестігінің төрағасы немесе кондоминиум объектісін басқару субъектісі кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға тұтынылған коммуналдық көрсетілетін қызметтер үшін ақы төлеуді ағымдағы шоттан жүргізуге міндетті.
Коммуналдық көрсетілетін қызметтерді, энергиямен жабдықтауды және сумен жабдықтауды ұсынатын ұйымдарға ақы төлеу жасалған шарттардың негізінде, пайдалану жауапкершілігі шекарасында белгіленген есепке алу аспаптары бойынша және белгіленген тәртіппен бекітілген тарифтер бойынша жүргізіледі.
Желілердің теңгерімдік тиесілілігінің шекаралары болмаған жағдайда, шекаралар коммуналдық көрсетілетін қызметтерді ұсынудың үлгілік қағидаларына сәйкес белгіленеді.
7. Тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері кондоминиум объектісін басқаруға арналған шығыстардың жылдық сметасында белгіленген шығыстардан артық, өздері жүзеге асыратын өндірістік, сауда және өзге де қызметке байланысты кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін пайдалану бойынша шығыстарды өтеуге міндетті.
Пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар, орынтұрақ орындары, қоймалар меншік иелерінің өздеріне мүліктің меншік иелері бірлестігі немесе кондоминиум объектісін басқару субъектісі берген шектеулі пайдаланылатын ортақ мүлікті немесе жер учаскесін жеке пайдалануға байланысты жарналары да осындай тәртіппен төленеді.
Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін жеке мақсаттар үшін пайдалануға байланысты шығыстарды пәтердің, тұрғын емес үй-жайдың, орынтұрақ орнының, қойманың осы мүлікті шектеулі пайдалану құқығы тиесілі меншік иесі, сондай-ақ үшінші тұлға өтеуге тиіс.
8. Пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар, орынтұрақ орындары, қоймалар меншік иелерінің ағымдағы, жинақтаушы жарналарды және орынтұрақ орнын, қойманы күтіп-ұстауға арналған ағымдағы жарналарды төлеуі есепті айдан кейінгі айдың жиырма бесіне дейін қоса алғанда жүргізіледі.
9. Пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері ағымдағы және жинақтаушы жарналарды уақтылы төлемеген, орынтұрақ орындарының, қоймалардың меншік иелері орынтұрақ орнын, қойманы күтіп-ұстауға арналған ағымдағы жарналарды, сондай-ақ нысаналы жарналарды уақтылы төлемеген кезде осы баптың 8-тармағында белгіленген күннен кейінгі күннен бастап Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өсімпұлдар есепке жазылады.
Талап қоюдың ескіру мерзімі осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген төлемдер бойынша берешекті өтеу жөніндегі талапқа қолданылмайды.
10. Пәтердің, тұрғын емес үй-жайдың, орынтұрақ орнының, қойманың меншік иесі осы Заңның 42-бабы 5-тармағының 7), 8), 9), 10) және 11) тармақшаларында айқындалған жарналар бойынша берешекті өтемеген кезде мүліктің меншік иелері бірлестігінің төрағасы немесе кондоминиум объектісін басқару субъектісі төлемнің белгіленген күнінен кейін екі ай өткен соң нотариусқа немесе сотқа берешекті өндіріп алу туралы өтініш жасауға құқылы.
34-2-бап. Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуді қаржыландырудың ерекшеліктері
1. Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге ақша жинақтау үшін мүліктің меншік иелері бірлестігінің төрағасы не кондоминиум объектісін басқару субъектісі күнтізбелік он бес күн ішінде екінші деңгейдегі банктердің бірінде жинақ шотын ашады.
2. Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге ақша жинақтауға қатысу екінші деңгейдегі банктер үшін құқық болып табылады. Олар кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге ақша жинақтауға қатысқан жағдайда екінші деңгейдегі банктер Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарын сақтауға тиіс.
3. Тұрғын үй инспекциясы кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне бюджет қаражаты есебінен күрделі жөндеу жүргізуді талап ететін көппәтерлі тұрғын үйлердің тізбесіне көппәтерлі тұрғын үйді қосқан кезде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін жергілікті бюджет қаражаты есебінен күрделі жөндеуге жобалау ұйымын айқындауға және жобалау-сметалық құжаттаманы дайындауға конкурс өткізеді.
4. Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеу жүргізу үшін мердігерді таңдауды, егер жиналыста бұл құқық үй кеңесіне немесе кондоминиум объектісін басқару субъектісіне берілген болса, олар жүзеге асырады.
5. Жергілікті атқарушы органдар жергілікті бюджет қаражаты болған кезде, тұрғын үй инспекциясы күрделі жөндеу жүргізуді талап ететін көппәтерлі тұрғын үйлердің тізбесіне көппәтерлі тұрғын үйді қосқан кезде жобалау-сметалық құжаттамасы бар кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеуді пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар, орынтұрақ орындары, қоймалар меншік иелерінің қаражатты қайтаруын қамтамасыз ету шартымен жүргізуге құқылы.
Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалған нақты шығындарды пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың, орынтұрақ орындарының, қоймалардың барлық меншік иелері дара (бөлек) меншіктегі пәтердің пайдалы алаңына, тұрғын емес үй-жайдың, орынтұрақ орнының, қойманың алаңына пропорционалды түрде өтейді.
6. Көппәтерлі тұрғын үй кіреберістерінің бірінің лифтін бюджет қаражаты есебінен ауыстыруды (жөндеуді) ұйымдастыру және қаржыландыру көппәтерлі тұрғын үйдің осы кіреберісіндегі пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар меншік иелерінің қаражатты қайтаруын қамтамасыз ету шартымен жүзеге асырылған жағдайда, олар көппәтерлі тұрғын үйдің осы кіреберісіндегі пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар меншік иелерінің жалпы санының үштен екісінен астамының келісімі болған кезде, жиналыстың тиісті хаттамасын ресімдей отырып, көппәтерлі тұрғын үйдің осы кіреберісіндегі лифтіні ауыстыру (жөндеу) туралы шешім қабылдауы мүмкін.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген жағдайда лифтіні ауыстыру (жөндеу) бойынша шығыстарды төлеуді көппәтерлі тұрғын үйдің осы кіреберісіндегі пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері жүзеге асырады.»;
15) 36-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«36-бап. Пәтерді жалдаушының (қосымша жалдаушының), тұрғын емес үй-жайды, орынтұрақ орнын, қойманы жалға алушының міндеттері
1. Пәтерді жалдаушының (қосымша жалдаушының), тұрғын емес үй-жайды, орынтұрақ орнын, қойманы жалға алушының пәтерді, тұрғын емес үй-жайды, орынтұрақ орнын, қойманы (немесе олардың бір бөлігін) жалдау (қосымша жалдау), жалға беру шарты негізінде ғана тұрақты немесе уақытша иеленуге немесе пайдалануға құқығы бар.
Жеке тұрғын үй қорынан пәтер жалдаушының (қосымша жалдаушының), тұрғын емес үй-жайды, орынтұрақ орнын, қойманы жалға алушының жиналыста дауыс беруге құқығы жоқ және олар кондоминиум объектісін басқаруға өзгеше түрде қатыса алмайды.
Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды жалдау (қосымша жалдау) шартында жалға беруші жалдаушының (қосымша жалдаушының) кондоминиум объектісін басқаруға қатысу мүмкіндігін және дауыс беру құқығын көздеуге құқылы.
2. Пәтерді жалдаушының (қосымша жалдаушының), тұрғын емес үй-жайды, орынтұрақ орнын, қойманы жалға алушының Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген міндеттерінен басқа өзге де міндеттері болады, оның ішінде:
тыныштықты сақтау, оның ішінде тұрғынжайда және оның сыртында шұғыл қажеттікпен байланысы жоқ шу шығаратын, азаматтардың белгілі бір уақыттағы қалыпты демалысы мен тыныштығына кедергі келтіретін жұмыстарды жүргізбеу;
темекі бұйымдарын, оның ішінде қыздырылатын темекісі бар бұйымдарды, қорқорға арналған темекіні, қорқор қоспасын, темекі қыздыруға арналған жүйелерді осы үшін айқындалған арнаулы орындарда ғана тұтыну;
Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген құрылыс, санитариялық, экологиялық, өртке қарсы және басқа да міндетті нормалар мен қағидаларды сақтау.»;
16) 38-бапта:
бірінші бөліктегі «пәтердің, тұрғын емес үй-жайдың меншік иесі» деген сөздер «меншік иесі, жалдаушы (қосымша жалдаушы) не меншік иесінің, жалға алушының пәтерінде тұратын не болатын не тұрғын емес үй-жайда, орынтұрақ орнында, қоймада болатын өзге де адам» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Пәтерде, тұрғын емес үй-жайда, орынтұрақ орнында, қоймада орналасқан кондоминиум объектісі ортақ мүлкінің жай-күйін тексеру, оны жөндеу немесе ауыстыру қажет болған жағдайда, меншік иесі, жалдаушы (қосымша жалдаушы) не меншік иесінің (жалға алушының) пәтерінде тұратын не болатын не тұрғын емес үй-жайда, орынтұрақ орнында, қоймада болатын өзге де адам пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың, орынтұрақ орындарының, қоймалардың меншік иелерін, үй кеңесінің мүшелерін, мүліктің меншік иелері бірлестігінің төрағасын немесе кондоминиум объектісін басқару субъектісінің өкілдерін кіргізуге міндетті.»;
үшінші бөліктегі «өзі дербес» деген сөздер «дереу, дербес және өз есебінен» деген сөздермен ауыстырылсын;
төртінші бөлікте:
«төндіретін» деген сөзден кейін «және (немесе) меншік иесінің, жалдаушының (қосымша жалдаушының) не меншік иесінің (жалға алушының) пәтерінде тұратын не тұрғын емес үй-жайда, орынтұрақ орнында, қоймада болатын өзге де адам мүлкінің бүлінуіне алып келетін» деген сөздермен толықтырылсын;
«пәтердің, тұрғын емес үй-жайдың, орынтұрақ орнының, қойманың меншік иесін» деген сөздер «пәтердің меншік иесін, оны жалдаушыны (қосымша жалдаушыны), тұрғын емес үй-жайдың, орынтұрақ орнының, қойманың меншік иесін (жалға алушыны)» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы бесінші бөлікпен толықтырылсын:
«Адамның денсаулығына немесе өміріне қатер төндіретін және (немесе) меншік иесінің, жалдаушының (қосымша жалдаушының) не меншік иесінің пәтерінде тұратын не тұрғын емес үй-жайда, орынтұрақ орнында, қоймада болатын өзге де адамның, тұрғын емес үй-жайды, орынтұрақ орнын, қойманы жалға алушының мүлкінің бүлінуіне алып келетін және (немесе) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкінің бүлінуіне алып келетін авариялық жағдайды оқшаулау және (немесе) жою мақсатында немесе өзге де төтенше жағдай кезінде мүліктің меншік иелері бірлестігі төрағасының немесе кондоминиум объектісін басқару субъектісі өкілінің авариялық жағдай немесе өзге де төтенше жағдай оқшауланған және (немесе) жойылған кезге дейін үйге ортақ инженерлік жүйелерге және (немесе) коммуналдық көрсетілетін қызметтерге қолжетімділіктен айыруға құқығы бар.»;
17) 39-бап мынадай мазмұндағы 3 және 4-тармақтармен толықтырылсын:
«3. Кондоминиум объектісін басқару жөніндегі функцияны орындау процесінде пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың, орынтұрақ орындарының, қоймалардың меншік иелеріне келтірілген шығындарды өтеу Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
4. Мүліктің меншік иелері бірлестігінің төрағасы немесе кондоминиум объектісін басқару субъектісінің өкілі не үй кеңесі мүшелерінің бірі авариялық жағдай немесе төтенше жағдай фактісі туралы актіні фото және бейнетіркеу арқылы туындау күнін, орнын, уақытын және себебін көрсете отырып жасауға міндетті.
Бұл актіге пәтердің меншік иесі, оны жалдаушы (қосымша жалдаушы), тұрғын емес үй-жайдың меншік иесі (жалға алушы) не пәтерде тұратын немесе тұрғын емес үй-жайда, орынтұрақ орнында, қоймада болатын, залал келтірілген өзге де адам, залал келтірген меншік иесі, сондай-ақ мүліктің меншік иелері бірлестігінің төрағасы немесе басқару субъектісінің өкілі не үй кеңесінің мүшесі қол қояды.»;
18) 40-баптың 4-тармағының сегізінші абзацындағы «инженерлік жүйелер;» деген сөздер «инженерлік жүйелер жатады.» деген сөздермен ауыстырылып, тоғызыншы абзацы алып тасталсын;
19) 6-1-тарау алып тасталсын;
20) 7-тарау мынадай редакцияда жазылсын:
«7-тарау. Кондоминиум объектісін басқару
1-параграф. Кондоминиум объектісін басқару рәсімдері мен тәсілдері
42-бап. Жиналыс
1. Пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері жиналыста кондоминиум объектісін басқаруға байланысты мәселелерді қарайды және (немесе) шешімдерді қабылдайды.
Орынтұрақ орындарының, қоймалардың меншік иелері жиналыста орынтұрақ орындарын, қоймаларды күтіп-ұстауға байланысты мәселелерді қарайды және (немесе) шешімдерді қабылдайды.
2. Жиналыс:
1) кондоминиум объектісін басқаруға байланысты мәселелерді талқылау және олар бойынша шешімдер қабылдау үшін - келіп қатысу форматында;
2) осы Заңның 43 және 44-баптарында көзделген тәртіппен жазбаша сауалнама жүргізу жолымен және (немесе) тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы ақпараттандыру объектісі арқылы сырттай форматта өткізілуі мүмкін.
Тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы ақпараттандыру объектісі арқылы алынған дауыс беру нәтижелері келіп қатысу және сырттай форматтарда өткізілетін жиналыстарда дауыс беру қорытындыларын шығару кезінде ескеріледі.
Жиналыста осы баптың 5-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көзделген шешімдерді қабылдау үшін пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері пәтерге, тұрғын емес үй-жайға меншік құқығын Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған кез келген тәсілмен растайды.
3. Жиналысқа:
мүліктің меншік иелері бірлестігінің төрағасы;
кондоминиум объектісін басқару субъектісі;