Елішілік құндылықты дамыту бағдарламаларын жүйе құраушы кəсіпорындар өнеркəсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уəкілетті органмен келісу бойынша үш жылдан басталатын мерзімге əзірлейді жəне бекітеді.
Тиісті мемлекеттік органдардың елішілік құндылықты дамыту бағдарламаларын келісуден бас тартуына негіздер:
1) тауарларды сатып алудағы елішілік құндылық үлесі бойынша төмендетілген нысаналы индикаторлар;
2) өнеркəсіптік-инновациялық қызмет субъектілері өтінімдерінің санын ескере отырып, өнеркəсіпті дамытуға бағытталған шарттарды жоспарлау, жасасу бойынша сай келмейтін индикаторлар;
3) шағын жəне орта кəсіпкерлікті дамыту жөніндегі іс-шаралардың болмауы.
3. Елішілік құндылықты дамыту бағдарламаларында мынадай бағыттар көзделеді:
1) тауарларды сатып алудағы елішілік құндылық үлесін арттыру;
2) өнеркəсіпті дамытуға бағытталған шарттарды жоспарлау, жасасу жəне орындау;
3) шағын жəне орта кəсіпкерлік субъектілерін дамыту;
4) өзге де бағыттар.
4. Елішілік құндылықты дамыту бағдарламаларының əрбір бағыты бойынша ірі тапсырыс берушілердің нақты іс-қимылдары, сондай-ақ осындай субъектілерге қатысты Қазақстан Республикасының Кəсіпкерлік кодексінде айқындалатын жеке кəсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шаралары жəне нақты нысаналы көрсеткіштері бар өзге де іс-шаралар қамтылатын іс-шаралар жоспарлары көзделеді.
5. Елішілік құндылықты дамыту бағдарламасының іске асырылуын мониторингтеу мақсатында ірі тапсырыс берушілер елішілік құндылықты дамыту бағдарламаларын əзірлеу, келісу, бекіту, іске асыру жəне мониторингтеу қағидаларына жəне олардың үлгілік нысанына сəйкес олардың іске асырылуы туралы ақпарат береді.
Елішілік құндылықты дамыту бағдарламаларының іске асырылуын мониторингтеуді өнеркəсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уəкілетті орган елішілік құндылықты дамыту бағдарламаларын əзірлеу, келісу, бекіту, іске асыру жəне мониторингтеу қағидаларына жəне олардың үлгілік нысанына сəйкес жүзеге асырады.
6. Осы бапта белгіленген міндеттемелерді орындалған деп тану тəртібі елішілік құндылықты дамыту бағдарламаларын əзірлеу, келісу, бекіту, іске асыру жəне мониторингтеу қағидаларына жəне олардың үлгілік нысанына сəйкес айқындалады.
Елішілік құндылықты дамыту бағдарламаларын орындамау, мұндай орындамау ірі тапсырыс берушінің кінəсінан болмаған жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа алып келеді.»;
20-тармақтың 19) тармақшасы 2025 ж. 31 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді
19) 68-бап мынадай мазмұндағы екініш және үшінші бөліктермен толықтырылсын:
«Осы Заңның 51-1, 51-2, 51-3, 51-4, 51-5, 51-6 жəне 51-7-баптары қолданысқа енгізілгенге дейін берілген «СТ-KZ» нысанындағы тауардың шығу тегі туралы сертификаттар мен индустриялық сертификаттар, сондай-ақ Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының солармен байланысты барлық актілері өз қолданысын 2026 жылғы 1 қаңтарға дейін сақтайды деп белгіленсін.
«СТ-KZ» нысанындағы тауардың шығу тегі туралы сертификаттар мен индустриялық сертификаттарды беру 2026 жылғы 1 қаңтарға дейін жүзеге асырылады деп белгіленсін. Осындай «СТ-KZ» нысанындағы тауардың шығу тегі туралы сертификаттар мен индустриялық сертификаттар, сондай-ақ Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының солармен байланысты барлық актілері өз қолданысын 2026 жылғы 1 қаңтарға дейін сақтайды.»;
20-тармақтың 20) тармақшасы 2025 ж. 31 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді
20) 69-бап 2) тармақшасындағы «18-бапты қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.» деген сөздер «18-бапты;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
«3) 2026 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылатын 51-бапты қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.».
21-тармақ 2025 ж. 31 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді
21. «Ғылым жəне технологиялық саясат туралы» 2024 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
24-баптың 2-тармағының 7) тармақшасындағы «отандық тауарлар мен» деген сөздер «Қазақстанда шығарылған тауарлардың жəне» деген сөздермен ауыстырылсын.
22-тармақ 2025 ж. 31 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді
22. «Мемлекеттік сатып алу туралы» 2024 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 3-баптың 32) тармақшасындағы «отандық шығарылатын тауарлармен,» деген сөздер «Қазақстанда шығарылатын тауарлармен, орындалатын» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 5-баптың 1-тармағының 5) тармақшасындағы «отандық тауар өндірушілерге, сондай-ақ жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді отандық берушілерге» деген сөздер «қазақстандық тауар өндірушілерге, жұмыстарды орындаушылар мен қызметтерді көрсетушілерге» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 9-баптың 2-тармағындағы «отандық» деген сөз «қазақстандық» деген сөзбен ауыстырылсын.
2-бап 2025 ж. 31 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді
2-бап. Қызметтің басталатыны туралы хабарлама негізінде түсті жəне қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, қайта өңдеу жəне өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын жəне «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бизнес жүргізу мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 2-бабының 2-тармағына сəйкес 2024 жылғы 10 қарашаға дейінгі мерзімде екінші санаттағы рұқсатты алмаған немесе түсті жəне қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, қайта өңдеу жəне өткізу жөніндегі қызметті тоқтататыны туралы хабарлама жібермеген заңды тұлғалар қызметтің басталатыны туралы бұрын жіберілген хабарлама негізінде өз қызметін жалғастыруға құқылы жəне «Рұқсаттар жəне хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тəртіппен 2025 жылғы 10 қазанға дейінгі мерзімде екінші санаттағы рұқсатты алуға немесе түсті жəне қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, қайта өңдеу жəне өткізу жөніндегі қызметті тоқтататыны туралы хабарлама жіберуге міндетті.
3-бап. Осы Заң:
1) алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілетін 1-баптың 2, 3, 4, 5 жəне 6-тармақтарын, 7-тармағының 2), 4), 5), 6), 7), 9) жəне 10) тармақшаларын, 8, 11 жəне 12-тармақтарын, 13-тармағының 2) тармақшасын, 15 жəне 17-тармақтарын, 19-тармағының 2) тармақшасын, 20-тармағы 1) тармақшасының төртінші - он бірінші абзацтарын, 2) тармақшасын, 4) тармақшасының үшінші, бесінші - жетінші абзацтарын, 5) жəне 7) тармақшаларын, 8) тармақшасының екінші, төртінші - жетінші абзацтарын, 9), 10), 11), 12), 13) жəне 14) тармақшаларын, 17) тармақшасының он жетінші - тоқсан үшінші абзацтарын, 19) жəне 20) тармақшаларын, 21 жəне 22-тармақтарын, 2-бапты;
2) 2025 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 10-тармағын;
3) 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 1-тармағын, 7-тармағының 1) тармақшасын, 3) тармақшасының екінші - бесінші абзацтарын, 8) тармақшасын, 13-тармағының 1), 3), 4) жəне 5) тармақшаларын, 14 жəне 18-тармақтарын, 20-тармағы 4) тармақшасының екінші абзацын, 8) тармақшасының үшінші абзацын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. ТОҚАЕВ
Астана, Ақорда, 2025 жылғы 19 мамыр
№ 188-VIII ҚРЗ