9) тармақшадағы «отандық жоғары технологиялық тауарлары мен» деген сөздер «Қазақстанда шығарылған жоғары технологиялық тауарларының жəне» деген сөздермен ауыстырылсын;
10), 10-1) жəне 10-2) тармақшалардағы «отандық тауарлары мен» деген сөздер «Қазақстанда шығарылған тауарларын жəне» деген сөздермен ауыстырылсын;
20-тармақтың 9) тармақшасы 2025 ж. 31 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді
9) 15-баптың 3-тармағы 1) тармақшасының үшінші абзацындағы «отандық тауарларын, жұмыстары» деген сөздер «Қазақстанда шығарылған тауарларын, орындалатын жұмыстары» деген сөздермен ауыстырылсын;
20-тармақтың 10) тармақшасы 2025 ж. 31 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді
10) 25-баптың 5-тармағы мынадай мазмұндағы бесінші абзацпен толықтырылсын:
«қазақстандық тауар өндірушілер тізілімінде қазақстандық тауар өндірушінің болуы.»;
20-тармақтың 11) тармақшасы 2025 ж. 31 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді
11) 29-баптың 9) тармақшасындағы «отандық тауарлары мен» деген сөздер «Қазақстанда шығарылған тауарларының жəне» деген сөздермен ауыстырылсын;
20-тармақтың 12) тармақшасы 2025 ж. 31 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді
12) 37-баптағы «Отандық», «отандық» деген сөздер «Қазақстанда шығарылған» деген сөздермен ауыстырылсын;
20-тармақтың 13) тармақшасы 2025 ж. 31 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді
13) 38-бапта:
тақырыптағы «отандық тауарлары мен көрсетілетін қызметтерінің экспортын дамыту жəне» деген сөздер «Қазақстанда шығарылған тауарларының жəне көрсетілетін қызметтерінің экспортын дамыту мен» деген сөздермен ауыстырылсын;
1-тармақта:
1) тармақшадағы «отандық тауарлары мен» деген сөздер «Қазақстанда шығарылған тауарларын жəне» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) тармақшадағы «отандық жоғары технологиялық тауарлары мен» деген сөздер «Қазақстанда шығарылған жоғары технологиялық тауарларын жəне» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақтағы «отандық жоғары технологиялық тауарлары мен» деген сөздер «Қазақстанда шығарылған жоғары технологиялық тауарларын жəне» деген сөздермен ауыстырылсын;
20-тармақтың 14) тармақшасы 2025 ж. 31 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді
14) 43-бапта:
1-тармақтағы «отандық тауарлары мен» деген сөздер «Қазақстанда шығарылған тауарларын жəне» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақта:
бірінші абзацтағы «отандық тауарлары мен» деген сөздер «Қазақстанда шығарылған тауарларын жəне» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) тармақшадағы «отандық» деген сөз «қазақстандық» деген сөзбен ауыстырылсын;
3) тармақшадағы «отандық өндірушілер» деген сөздер «қазақстандық тауар өндірушілер, қызметтерді көрсетушілер» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) тармақшадағы «отандық тауарлары мен» деген сөздер «Қазақстанда шығарылған тауарларының жəне» деген сөздермен ауыстырылсын;
5) тармақшадағы «отандық тауарлары мен» деген сөздер «Қазақстанда шығарылған тауарларын жəне» деген сөздермен ауыстырылсын;
15) 46-бапта:
1-тармақтың бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
«1-1) қолда бар өндірістік қуаттарда өндірілген тауарларды сатып алудың ұзақ мерзімді кепілдік берілген көлемін көздейтін кепілдендірілген сатып алу шарттары;»;
2-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Ірі тапсырыс берушілер өнеркəсіпті дамытуға бағытталған шарттар бойынша тапсырыс берушілер болып табылады.»;
16) 47-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«47-бап. Өнеркəсіпті дамытуға бағытталған шарттарды жоспарлау жəне жасасу тəртібі
1. Өнеркəсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уəкілетті орган жыл сайын 10 желтоқсанға дейінгі мерзімде:
1) квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінен Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес əзірленетін жəне бекітілетін сатып алу жоспарларын (алдын ала, жылдық, ұзақ мерзімді);
2) кең таралған пайдалы қазбаларды қоспағанда, пайдалы қатты қазбаларды өндіруге құқығы бар жер қойнауын пайдаланушылардан «Жер қойнауы жəне жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне сəйкес қалыптастырылатын тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алудың жылдық (бір қаржы жылына) жəне орта мерзімді (бес қаржы жылына) бағдарламаларын;
3) табиғи монополиялар субъектілерінен «Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сай бекітілетін табиғи монополиялар субъектілерінің қызметті жүзеге асыру қағидаларына сəйкес жасалатын алдағы қаржы жылына немесе ұзақ мерзімді кезеңге сатып алуға жоспарланатын тауарлар тізбелерін;
4) жүйе құраушы кəсіпорындардан алдағы қаржы жылына немесе ұзақ мерзімді кезеңге арналған тауарлар ды сатып алу жоспарларын алады.
2. Ірі тапсырыс берушілердің осы баптың 1-тармағында көрсетілген сатып алу жоспарлары (бағдарламалары, тауарлар тізбелері) сатып алуды жүзеге асырудың бірінші жылының алдындағы жылы ұсынылады.
3. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген сатып алу жоспарларында (бағдарламаларында, тауарлар тізбелерінде) ішкі нарықта сатып алынатын тауарларды немесе кепілдік міндеттемелері қолданылатын шетелде шығарылған тауарларды қоспағанда, сатып алуға жоспарланатын тауарлардың тізбесі көзделеді.
4. Өнеркəсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уəкілетті орган елішілік құндылықты дамыту саласындағы ұлттық даму институтын тарта отырып, күнтізбелік отыз күн ішінде ірі тапсырыс берушілердің сатып алу жоспарларын (бағдарламаларын, тауарлар тізбелерін) осы баптың 3-тармағында көрсетілген ерекшеліктерге сəйкестігін қарайды.
Өнеркəсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уəкілетті орган осы баптың 3-тармағында көрсетілген талаптарға сəйкессіздіктер анықталған жағдайда ірі тапсырыс берушілерге сатып алу жоспарларына (бағдарламаларына, тауарлар тізбелеріне) ескертулерді көрсете отырып хабарлама жібереді.
Ірі тапсырыс берушілер өнеркəсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уəкілетті органның хабарламасын алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде осы баптың 1-тармағында көрсетілген өзінің сатып алу жоспарларына (бағдарламаларына, тауарлар тізбелеріне) өзгерістер енгізеді жəне өнеркəсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уəкілетті органға қайта жібереді.
Бұл ретте өнеркəсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уəкілетті органның ірі тапсырыс берушілердің сатып алу жоспарларын (бағдарламаларын, тауарлар тізбелерін) келісу мерзімі он жұмыс күнінен аспауға тиіс.
5. Сатып алуға жоспарланатын тауарлардың келісілген тізбесі 1 ақпанға дейінгі мерзімде жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер, оларды өндірушілер тізілімінде орналастырылады.
6. Өнеркəсіпті дамытуға бағытталған шарттар жасасуға мүдделі өңдеу өнеркəсібі кəсіпорындары жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер, оларды өндірушілер тізілімінде осы Заңның 48-бабына сəйкес офтейк-келісімшарттар жəне осы Заңның 48-1-бабына сəйкес кепілдендірілген сатып алу шарттарын жасасу үшін өтінімді жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер, оларды өндірушілер тізілімінде сатып алуға жоспарланатын тауарлар тізбесі жарияланғаннан кейін күнтізбелік отыз күннен аспайтын мерзімде береді.
7. Ірі тапсырыс берушілер өңдеу өнеркəсібі кəсіпорындарының өтінімдерін қарайды жəне өнеркəсіпті дамытуға бағытталған шарттарды жоспарлау жəне жасасу, сондай-ақ олардың орындалуын мониторингтеу қағидаларына сəйкес өтінімдерді беру аяқталған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен аспайтын мерзімде офтейк-келісімшарттар немесе кепілдендірілген сатып алу шарттарын жасасады.
8. Өнеркəсіпті дамытуға бағытталған шарттар жасалғаннан кейін ірі тапсырыс берушінің өңдеу өнеркəсібі кəсіпорны тауарының тəжірибелік-өнеркəсіптік топтамасына зертханалық жəне (немесе) индустриялық сынақтар жүргізуге құқығы бар.
Өңдеу өнеркəсібі кəсіпорны тауарының тəжірибелік-өнеркəсіптік топтамасына зертханалық жəне (немесе) индустриялық сынақтар өнеркəсіпті дамытуға бағытталған шарт жасалғанға дейін ірі тапсырыс беруші ұсынатын тауардың техникалық сипаттамалары, физикалық жəне (немесе) химиялық қасиеттері, жиынтықталуы негізінде жүргізіледі.
Өңдеу өнеркəсібі кəсіпорны тауарының тəжірибелік-өнеркəсіптік топтамасының зертханалық жəне (немесе) индустриялық сынақтарының оң нəтижелері алынған жағдайда осы тауар топтамасын беру жүргізіледі. Өңдеу өнеркəсібі кəсіпорны тауарының тəжірибелік-өнеркəсіптік топтамасының зертханалық жəне (немесе) индустриялық сынақтарының теріс нəтижелері алынған кезде өнеркəсіпті дамытуға бағытталған шарт өңдеу өнеркəсібі кəсіпорнының кінəсінан орындалмаған болып есептеледі жəне бұзуға жатады.
Өнеркəсіпті дамытуға бағытталған шарттар шеңберінде тауар берілген кезге дейін ірі тапсырыс берушілер тауарды Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес сатып ала алады.
Өнеркəсіпті дамытуға бағытталған шартқа қол қойылғаннан кейін тауардың қосымша техникалық сипаттамаларын, физикалық жəне (немесе) химиялық қасиеттерін, жиынтықталуына қойылатын талаптарды көрсетуге тыйым салынады.»;
17) мынадай мазмұндағы 47-1, 48-1, 51-1, 51-2, 51-3, 51-4, 51-5, 51-6 жəне 51-7-баптармен толықтырылсын:
«47-1-бап. Жүйе құраушы кəсіпорындардың сатып алуы
1. Өндіріс көлемі тиісті облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жиынтық өндіріс көлемінің үш пайызынан астамын құрайтын өңдеу өнеркəсібі кəсіпорындары жүйе құраушы кəсіпорындар болып табылады.
2. Жүйе құраушы кəсіпорындар тізбесін өнеркəсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уəкілетті орган бекітеді.
3. Жүйе құраушы кəсіпорындардың тауарларды сатып алуы өнеркəсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уəкілетті органның елішілік құндылықты мониторингтеуіне жатады.
4. Жүйе құраушы кəсіпорындардың тауарларды сатып алуы осы Заңның 47, 48, 48-1 жəне 49-баптарында айқындалған талаптар сақталған жағдайда алдағы қаржы жылына немесе ұзақ мерзімді кезеңге арналған тауарларды сатып алу жоспарларына сəйкес жүзеге асырылады.»;
«48-1-бап. Кепілдендірілген сатып алу шарттары
1. Кепілдендірілген сатып алу шарттары бойынша өңдеу өнеркəсібі кəсіпорны тауарлардың кепілдік берілген көлемін жасалған кепілдендірілген сатып алу шартының талаптарына сəйкес ұзақ мерзімді негізде беруді қамтамасыз етуге міндеттенеді.
Жасалған кепілдендірілген сатып алу шарттары қаржы ұйымдарында, оның ішінде екінші деңгейдегі банктерде жəне Қазақстанның Даму Банкінде кепіл нысанасы ретінде пайдаланылуы мүмкін.
2. Жасалған кепілдендірілген сатып алу шартына өзгерістер енгізу ірі тапсырыс берушінің жəне өңдеу өнеркəсібі кəсіпорнының келісуі бойынша жүзеге асырылады.
3. Кепілдендірілген сатып алу шартының қолданылу мерзімі шартта айқындалады, бірақ бір жылдан кем болмайды. Кепілдендірілген сатып алу шартының ең ұзақ қолданылу мерзімі он жылдан аспайды.
4. Кепілдендірілген сатып алу шартында: тауарлардың егжей-тегжейлі техникалық сипаттамалары, физикалық жəне (немесе) химиялық қасиеттері, жиынтықталуы көрсетіле отырып, олардың атаулары;
шарттың бүкіл қолданылу мерзіміне өнім беру көлемі;
шарт бойынша міндеттемелерді орындамағаны жəне тиісінше орындамағаны үшін шарт тараптарының жауапкершілігі;
тараптардың келісуі бойынша өзге де талаптар қамтылуға тиіс.»;
20-тармақтың 17) тармақшасының он жетінші - тоқсан үшінші абзацтары 2025 ж. 31 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді
«51-1-бап. Қазақстандық тауар өндірушілер тізілімін қалыптастыру тəртібі
1. Қазақстандық тауар өндірушілер тізілімін (бұдан əрі - тізілім) қалыптастыру қазақстандық тауар өндірушілер тізілімін жүргізу қағидаларына сəйкес жүзеге асырылады жəне мынадай кезеңдерден тұрады:
1) «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектісінің веб-порталындағы пайдаланушының жеке кабинеті арқылы өтінім беру;
2) цифрлық верификация;
3) өндірісті бағалау;
4) өнеркəсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уəкілетті органның тізілімге енгізу не енгізбеу туралы шешім қабылдауы.
2. Өтінім беру кезінде:
1) Қазақстан Республикасының дербес деректер жəне оларды қорғау туралы заңнамасына сəйкес ақпаратты жинауға жəне өңдеуге келісім;
2) өндірісті бағалау жəне мониторингті жүзеге асыру үшін өндірістік объектіге қолжетімділік беруге келісім;
3) өндірістік объектіде бейнебақылау жүйесін орнату жөніндегі міндеттемелерді қабылдауға, мониторингті жүзеге асыру үшін өнеркəсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уəкілетті органға бейнеақпаратты қарауға қашықтан қолжетімділік беруге келісім;
4) тауар өндірудің мəлімделген технологиялық процесін көрсететін (растайтын) бейнематериалды қоса алғанда, өндірістің мəлімделген шарттарының, өндірістік жəне технологиялық операциялардың орындалғанын растайтын мəліметтер ұсынылады.
3. Өтінім берілгеннен кейін өндірістік қызметті растайтын қазақстандық тауар өндірушілер тізілімін жүргізу қағидаларында айқындалған өлшемшарттар бойынша цифрлық верификация жүзеге асырылады.
Тізілімге енгізу үшін қажетті мəліметтерді «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектісі қалыптастырады.
Цифрлық верификация нəтижелері өтінім берушіге «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектісінің веб-порталындағы пайдаланушының жеке кабинетіне жіберіледі.
Цифрлық верификация нəтижесі теріс болған жағдайда шешімде негіздемелері бар уəжді жауап қамтылуға тиіс.
4. Өндірісті бағалау кезінде өнеркəсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уəкілетті орган салалық мемлекеттік органдарды, салалық қауымдастықтарды (одақтарды) тарта отырып, өндірістің мəлімделген шарттарының, өндірістік жəне технологиялық операциялардың орындалуын тексеруді, тауар өндірудің мəлімделген технологиялық процесін көрсететін (растайтын) бейнематериалды қоса алғанда, өндірістің мəлімделген шарттарының, өндірістік жəне технологиялық операциялардың орындалғанын растайтын мəліметтер негізінде жүзеге асырады.
Бұл ретте өтінім беруші мəлімдеген өндірістік жəне технологиялық операциялар өндірістік жəне технологиялық операциялардың ең төмен шегіне сай келуге тиіс.
5. Осы баптың 2-тармағына сəйкес өтінім беруші мəлімдеген мəліметтер негізінде өндірісті бағалау мүмкін болмаған кезде өнеркəсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уəкілетті орган салалық мемлекеттік органдарды, салалық қауымдастықтарды (одақтарды) тарта отырып, көшпелі инспекцияны жүзеге асырады.
Салалық қауымдастықтардың (одақтардың) өкілдерін көшпелі инспекцияға қатысуға тарту ерікті сипатта болады жəне өтеусіз негізде жүзеге асырылады.
Көшпелі инспекцияның қорытындысы бойынша өндірісті бағалау актісі жасалады.
6. Өндірісті бағалау нəтижесі оң болған кезде өнеркəсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уəкілетті орган өтінім берушіні тізілімге енгізеді.
Өндірісті бағалау нəтижесі теріс болған кезде «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектісінің веб-порталындағы пайдаланушының жеке кабинетіне негіздемелері бар уəжді жауап автоматты түрде жіберіледі.
Кəсіпкерлік субъектісі анықталған сəйкессіздіктерді жойғаннан кейін тізілімге енгізу үшін өтінімді қайта беруге құқылы.
7. Өтінім беруші өтінімде көрсетілген, берілген мəліметтердің анықтығы үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.
8. Қазақстандық тауар өндіруші, тауар жəне елішілік құндылық үлесі туралы мəліметтерді көрсете отырып, өзі өндіретін тауар туралы мəліметтер қамтылуға тиіс тізілімнен үзінді-көшірме қазақстандық тауар өндірушінің тізілімде болуын растау болып табылады.
9. Толығымен Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген тауарларды өндіретін қазақстандық тауар өндірушілерді тізілімге енгізу кезінде өндірісті бағалау талап етілмейді.
10. Осы баптың талаптары бағдарламалық қамтылымды қазақстандық өндірушілерге қолданылмайды жəне осы Заңның 51-2-бабымен регламенттеледі.
51-2-бап. Бағдарламалық қамтылымды өндірушілерді тізілімге енгізу жəне одан шығару тəртібі
1. Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген жəне Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес сенімді бағдарламалық қамтылым мен электрондық өнеркəсіп өнімдерінің тізіліміне енгізілген бағдарламалық қамтылым Қазақстанда шығарылған тауарларға теңестіріледі.
2. Тізілімге енгізу үшін бағдарламалық қамтылымды қазақстандық өндірушіні растау тəртібін ақпараттандыру саласындағы уəкілетті орган айқындайды.
3. Ақпараттандыру саласындағы уəкілетті орган тоқсан сайын тізілімдегі бағдарламалық қамтылымды қазақстандық өндірушілерге мониторинг жүргізеді жəне оның нəтижелері туралы өнеркəсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уəкілетті органды хабардар етеді.
4. Бағдарламалық қамтылымды қазақстандық өндірушілерді тізілімге енгізуді жəне одан шығаруды ақпараттандыру саласындағы уəкілетті органның хабарламасы негізінде өнеркəсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уəкілетті орган жүзеге асырады.
5. Бағдарламалық қамтылымды қазақстандық өндірушілер тізілімнен шығарылған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде хабарламаға ақпараттандыру саласындағы уəкілетті органға шағым жасауға құқылы.
51-3-бап. Толығымен Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген тауарлар
1. Толығымен Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген тауарлар:
1) Қазақстан Республикасының жер қойнауынан, оның аумағында не оның аумақтық теңізінде (өзге де ішкі су айдындарында) немесе оның түбінен не Қазақстан Республикасының аумағындағы атмосфералық ауадан өндірілген табиғи ресурстар (пайдалы қазбалар мен минералдық ресурстар, су, жер ресурстары);
2) Қазақстан Республикасында өндірілген ауыл шаруашылығы өнімдері;
3) Қазақстан Республикасының аумағында жиналған немесе пайда болған түсті жəне қара металдардың сынықтары мен қалдықтары.
2. Кең таралған пайдалы қазбаларды, Қазақстан Республикасының аумағында жиналған немесе пайда болған түсті жəне қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын қоспағанда, Қазақстан Республикасының жер қойнауы жəне жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сəйкес пайдалы қатты қазбаларды өндіруге арналған лицензиялар немесе келісімшарттар туралы мəліметтерді пайдалы қатты қазбалар саласындағы уəкілетті орган тізілімге енгізу үшін ұсынады.
3. Қазақстан Республикасының жер қойнауы жəне жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сəйкес көмірсутектерді немесе уранды өндіруге арналған келісімшарттар туралы мəліметтерді көмірсутектер саласындағы уəкілетті орган тізілімге енгізу үшін ұсынады.
4. Қазақстан Республикасының жер қойнауы жəне жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сəйкес кең таралған пайдалы қазбаларды өндіруге арналған лицензиялар немесе келісімшарттар туралы мəліметтерді облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары тізілімге енгізу үшін ұсынады.
5. Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген ауыл шаруашылығы өнімдері туралы мəліметтерді агроөнеркəсіптік кешенді дамыту саласындағы уəкілетті орган тізілімге енгізу үшін ұсынады.
6. «Рұқсаттар жəне хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сəйкес түсті жəне қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, қайта өңдеу жəне өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға арналған рұқсаттар туралы мəліметтерді жергілікті атқарушы органдар тізілімге енгізу үшін ұсынады.
7. Толығымен Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген тауарлар туралы мəліметтерді тізілімге осы баптың 2, 3, 4, 5 жəне 6-тармақтарына сəйкес ұсынылған мəліметтер негізінде өнеркəсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уəкілетті орган енгізеді.
51-4-бап. Тізілімді мониторингтеу
1. Қазақстандық тауар өндіруші тізілімге енгізілгеннен кейін өнеркəсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уəкілетті орган тоқсанына бір реттен кем болмайтындай кезеңділікпен цифрлық верификация арқылы мониторингтеуді жүзеге асырады.
2. Мониторинг қорытындысы бойынша осы Заңның 51-1-бабының 3-тармағында айқындалған өлшемшарттарға сəйкессіздіктер анықталған жағдайда, анықталған сəйкессіздіктерді жою қажеттілігі туралы «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектісінің веб-порталындағы пайдаланушының жеке кабинетіне хабарлама жіберіледі.
Анықталған сəйкессіздіктер жойылмаған жағдайда қазақстандық тауар өндіруші тізілімнен шығарылады.
51-5-бап. Апелляциялық комиссия
1. Цифрлық верификация арқылы мониторинг нəтижелері бойынша тізілімнен шығару жөніндегі қазақстандық тауар өндірушілердің қарсылықтарын, шағымдарын апелляциялық комиссия қарайды.
2. Апелляциялық комиссияның құрамы мен ол туралы ережені өнеркəсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уəкілетті орган бекітеді.
3. Қазақстандық тауар өндірушілердің қарсылықтары, шағымдары апелляциялық комиссияға тізілімнен шығарылған күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде беріледі.
4. Апелляциялық комиссия берілген қарсылық, шағым бойынша шешімді қажетті құжаттарды сұрату жəне (немесе) тыңдау өткізу жəне (немесе) көшпелі комиссия өткізу арқылы қабылдайды.
5. Апелляциялық комиссия қарсылықты, шағымды қарау нəтижелері бойынша:
қарсылықты, шағымды толық немесе ішінара қанағаттандыру туралы;
қарсылықты, шағымды қанағаттандырудан бас тарту туралы шешімнің қабылдануын негіздей отырып, осындай шешімдердің бірін шығарады.
6. Апелляциялық комиссияның шешімі жазбаша түрде шығарылады жəне өнеркəсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уəкілетті органның орындауы үшін міндетті болып табылады.
7. Апелляциялық комиссияның шешіміне сотқа шағым жасалуы мүмкін.
8. Қарсылықтар, шағымдар қанағаттандырылған кезде өнеркəсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уəкілетті орган осындай қарсылық, шағым берген қазақстандық тауар өндірушіні осы Заңның 51-1-бабында көзделген кезеңдерден өткізбей тізілімге енгізеді.
51-6-бап. Тізілімнен шығару
Қазақстандық тауар өндірушіні тізілімнен шығаруды өнеркəсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уəкілетті орган:
1) тізілімді мониторингтеуді жүргізу кезіндегі цифрлық верификация нəтижелері;
2) бағдарламалық қамтылымды өндірушілерді мониторингтеу нəтижелері;
3) қазақстандық тауар өндірушінің тізілімнен шығару туралы өтініші негізінде жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес заңды тұлға таратылған немесе қайта құру нысанында қайта ұйымдастыруды қоспағанда, заңды тұлға қайта ұйымдастырылған жағдайда қазақстандық тауар өндірушіні тізілімнен шығару автоматты түрде жүзеге асырылады.
Қайта ұйымдастыру кезінде жаңадан құрылған заңды тұлға тізілімге қайта енгізу үшін өтінім береді.
Тізілімнен шығарылған қазақстандық тауар өндірушілердің осы Заңның 51-1-бабына сəйкес тізілімге енгізу үшін қайта өтінім беруге құқығы бар.
51-7-бап. Өндіріс шарттары, өндірістік жəне технологиялық операциялар
1. Мақсаты тауарды алу болып табылатын шикізатты немесе материалды қайта өңдеу, өңдеу, сондай-ақ материалды жинау өндірістік жəне технологиялық операциялар болып табылады.
2. Өндіріс шарттарында бір немесе бірнеше өлшемшарттар:
тауарды шикізаттың жəне (немесе) жиынтықтау материалдарының белгілі бір түрінен өндіру;
өнімді сынақтан өткізу;
нормативтік-техникалық немесе рұқсат беру құжаттарының болуы қамтылуға тиіс.
3. Өндіріс шарттарын, өндірістік жəне технологиялық операцияларды өнеркəсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уəкілетті орган салалық мемлекеттік органдармен келісу бойынша əзірлейді жəне бекітеді.
Салалық мемлекеттік органдар өз құзыреті шегінде өндіріс шарттарын, өндірістік жəне технологиялық операцияларды əзірлеуге қатысады.
Өндіріс шарттарында, өндірістік жəне технологиялық операцияларда Қазақстан Республикасының аумағында белгіленген өндірістік жəне технологиялық операциялар туралы, сондай-ақ əрбір тауар үшін өндірістік жəне технологиялық операциялардың ең төмен шегі туралы мəліметтер қамтылуға тиіс.
4. Тауар өндірісінің өндіріс шарттарына, өндірістік жəне технологиялық операцияларына өзгерістер жəне (немесе) толықтырулар енгізу кезінде өндірістің бұрын белгіленгеннен гөрі неғұрлым қолайлы шарттарын белгілеуге жол берілмейді.»;
18) 4-тараудың 1-параграфы мынадай мазмұндағы 61-1-баппен толықтырылсын:
«61-1-бап. Елішілік құндылықты дамыту
1. Ірі тапсырыс берушілер елішілік құндылықты дамыту бағдарламаларын əзірлеу, келісу, бекіту, іске асыру жəне мониторингтеу қағидаларына жəне олардың үлгілік нысанына сəйкес елішілік құндылықты дамыту бағдарламаларын əзірлеуге, бекітуге жəне іске асыруға міндетті.
2. Елішілік құндылықты дамыту бағдарламаларын, кең таралған пайдалы қазбаларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының жер қойнауы жəне жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сəйкес пайдалы қатты қазбаларды өндіру құқығына ие жер қойнауын пайдаланушылар өнеркəсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уəкілетті органмен келісу бойынша үш жылдан басталатын мерзімге əзірлейді жəне бекітеді.
Елішілік құндылықты дамыту бағдарламаларын квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілері өнеркəсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уəкілетті органмен келісу бойынша үш жылдан басталатын мерзімге əзірлейді жəне бекітеді.
Елішілік құндылықты дамыту бағдарламаларын қуаты аз табиғи монополиялар субъектілерін қоспағанда, табиғи монополиялар субъектілері өнеркəсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уəкілетті органмен, сондай-ақ табиғи монополиялардың тиісті салаларында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органмен келісу бойынша үш жылдан басталатын мерзімге əзірлейді жəне бекітеді.