34) 2019.18.03. № 237-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2019 ж. 30 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен 35) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
35) ашық деректер - машинада оқылатын түрде ұсынылған және өзгермеген түрде одан әрі пайдалануға, қайта жариялауға арналған деректер;
2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен 36) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
36) ашық деректердің интернет-порталы - ашық деректер бойынша сипаттаушы және сілтемелік ақпараттың орталықтандырылып сақталуын қамтамасыз ететін ақпараттандыру объектісі;
37) бағдарламалық қамтылым - бағдарламалардың, бағдарламалық кодтардың, сондай-ақ оларды пайдалану үшін қажетті техникалық құжаттамасы бар бағдарламалық өнімдердің жиынтығы;
38) бағдарламалық өнім - әзірлеушілеріне қарамастан, техникалық құжаттамада белгіленген жүйелік талаптарға сәйкес көзделген мақсаттарда пайдаланылуы мүмкін, тауар болып табылатын дербес бағдарлама немесе бағдарламалық қамтылымның бір бөлігі;
2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен 38-1) тармақшамен толықтырылды
38-1) биометриялық сәйкестендіру - жеке басты физиологиялық және биологиялық өзгермейтін белгілері негізінде сәйкестендіретін шаралар кешені;
2020.25.06. № 347-VІ ҚР Заңымен 38-2) тармақшамен толықтырылды
38-2) блокчейн - өзара байланысты деректер блоктарының, тұтастығын растаудың берілген алгоритмдері мен шифрлау құралдарының тізбектері базасында деректердің таратылған платформасындағы ақпараттың өзгермеуін қамтамасыз ететін ақпараттық-коммуникациялық технология;
39) бір реттік пароль - электрондық нысанда көрсетілетін қызметтерді алушы субъектілерді сәйкестендірудің бір сеансы үшін ғана жарамды пароль;
2020.25.06. № 347-VІ ҚР Заңымен 39-1) тармақшамен толықтырылды
39-1) деректердің таратылған платформасы - құрамбөліктері берілген алгоритмдермен байланысқан, желінің түрлі тораптарында орналастырылған, бір немесе одан көп иеленушісі болуы мүмкін, сондай-ақ деректер ұқсастығының түрлі деңгейіне ие болуы мүмкін технологиялық платформа;
2020.25.06. № 347-VІ ҚР Заңымен 39-2) тармақшамен толықтырылды
39-2) деректерді талдау - шешім қабылдау үшін ақпарат пен тұжырымдар алу мақсатында деректерді өңдеу процесі;
2024.05.07. № 115-VІІІ ҚР Заңымен 39-5) тармақшамен толықтырылды (2024 ж. 17 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
39-5) деректерді талдау - шешім қабылдау үшін ақпарат пен тұжырымдар алу мақсатында деректерді өңдеу процесі;
40) домендiк ат - Интернетті адрестеу қағидаларына сәйкес қалыптастырылған, белгiлi бiр желiлiк адреске сәйкес келетiн және Интернеттің объектiсiне атауландырып өтініш жасауға арналған символдық (әрiптiк-цифрлық) белгiлеме;
41) еркін бағдарламалық қамтылым - құқық иеленуші пайдаланушыға бағдарламалық қамтылымға қатысты шектеусіз орнату, іске қосу және көшірмесін түсіріп алу, сондай-ақ еркін пайдалану, зерделеу, дамыту және тарату құқығын беретін, ашық бастапқы коды бар бағдарламалық қамтылым;
42) жергілікті желі - телекоммуникациялардың басқа желілеріне қосылу нүктесіне дейін тұйық инфрақұрылымы бар және ақпарат беруді және объектінің аумақтық шектелген кеңістігіндегі (үй-жай, ғимарат, құрылыс және оның кешені) желілік құрылғыларға бірлесіп қол жеткізуді ұйымдастыруды қамтамасыз ететін телекоммуникациялар желісінің бір бөлігі;
43) жүйелік-техникалық қызмет көрсету - аппараттық-бағдарламалық кешен мен телекоммуникациялар желілерінің үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар;
2020.25.06. № 347-VІ ҚР Заңымен 43-1) тармақшамен толықтырылды
43-1) зияткерлік робот - қабылданған және танылған сыртқы ортаны ескере отырып, белгілі бір әрекет жасайтын немесе әрекет жасамайтын автоматтандырылған құрылғы;
44) Интернет - электрондық ақпараттық ресурстарды жіберуге арналған телекоммуникациялардың біріктірілген желілерінің және есептеу ресурстарының дүниежүзілік жүйесі;
2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен 45) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
45) Интернетке қол жеткізудің бірыңғай шлюзі - Интернетке және (немесе) Интернетке шыға алатын байланыс желілеріне қол жеткізу кезінде ақпараттандыру объектілерін қорғауға арналған аппараттық-бағдарламалық кешен;
2019.18.03. № 237-VІ ҚР Заңымен 46) тармақша өзгертілді (2019 ж. 30 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
46) интернет-ресурс - бірегей желілік адресі және (немесе) домендік аты бар және Интернетте жұмыс істейтін аппараттық-бағдарламалық кешенде орналастырылған (мәтіндік, графикалық, аудиокөрінімді немесе өзге де түрдегі) ақпарат;
2020.25.06. № 347-VІ ҚР Заңымен 46-1) тармақшамен толықтырылды
46-1) интернеттің қазақстандық сегментінің кеңістігі - Қазақстан Республикасы аумағында орналасқан аппараттық-бағдарламалық кешендерде орналастырылатын интернет-ресурстар жиынтығы;
2021.30.12. № 96-VII ҚР Заңымен 46-2) тармақшамен толықтырылды (2022 ж. 2 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)
46-2) көпфакторлы аутентификациялау - әртүрлі параметрлер комбинациясының, оның ішінде парольдерді немесе аутентификациялық белгілерді (цифрлық сертификаттарды, токендерді, смарт-карталарды, бірреттік парольдердің генераторларын және биометриялық сәйкестендіру құралдарын) генерациялаудың және енгізудің көмегімен пайдаланушының шынайылығын тексеру тәсілі;
47) Қазақстан Республикасының ұлттық шлюзі - мемлекеттердің ақпараттық жүйелері мен электрондық ақпараттық ресурстарының мемлекетаралық ақпараттық өзара іс-қимылын қамтамасыз етуге арналған ақпараттық жүйе;
2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен 47-1) тармақшамен толықтырылды
47-1) қорғау бейіні - ақпараттандыру объектілерінің құрамдастары болып табылатын бағдарламалық және техникалық құралдардың қауіпсіздігіне қойылатын ең төмен талаптардың тізбесі;
47-2) 2023.10.07. № 19-VIІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2023 ж. 10 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
48) мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының бірыңғай платформасы - мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарын орналастыруға арналған технологиялық платформа;
49) 2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2023 ж. 1 қаңтардан қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2020.25.06. № 347-VІ ҚР Заңымен 50) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
50) мемлекеттік техникалық қызмет - Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған акционерлік қоғам;
51) нормативтік-техникалық құжаттама - ақпараттандыру объектілерін құруға және пайдалануға (іске қосуға), сондай-ақ олардың ақпараттандыру саласындағы белгіленген талаптарға сәйкестігін бақылауға қойылатын жалпы міндеттерді, қағидаттар мен талаптарды айқындайтын құжаттар жиынтығы;
51-1) 2023.10.07. № 19-VIІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2023 ж. 10 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
51-2) 2023.10.07. № 19-VIІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2023 ж. 10 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2023.11.12. № 44-VIII ҚР Заңымен 51-3) тармақшамен толықтырылды (2024 ж. 11 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді)
51-3) осалдық - пайдаланылуы ақпараттандыру объектісі тұтастығының және (немесе) құпиялылығының және (немесе) қолжетімділігінің бұзылуына алып келуі мүмкін ақпараттандыру объектісінің кемшілігі;
52) пайдаланушы - нақты функцияны және (немесе) міндетті орындау үшін ақпараттандыру объектілерін пайдаланатын ақпараттандыру субъектісі;
2019.18.03. № 237-VІ ҚР Заңымен 52-1) тармақшамен толықтырылды (2019 ж. 30 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)
52-1) сенім білдірілген бағдарламалық қамтылымның және электрондық өнеркәсіп өнімінің тізілімі - ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкес келетін бағдарламалық қамтылымның және электрондық өнеркәсіп өнімінің елдің қорғанысын және мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсаттары үшін құрылған тізбесі;
53) 2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2023 ж. 1 қаңтардан қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 53-1) тармақшамен толықтырылды
53-1) техникалық қолдау - лицензиялық бағдарламалық қамтылымның және техникалық құралдардың жұмыс істеу қабілеттілігін қолдау жөнінде консультациялық, ақпараттық-технологиялық және өзге де қызметтерді көрсету;
2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 53-2) тармақшамен толықтырылды; 2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен 53-2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
53-2) техникалық құжаттама - ақпараттандыру объектісін құру мен дамыту, сондай-ақ оны тәжірибелік және өнеркәсіптік пайдалану өзінің негізінде жүзеге асырылатын ақпараттандыру объектісіне арналған құжаттамалар жиынтығы;
2020.25.06. № 347-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 54) тармақша жаңа редакцияда
54) ұлттық жасанды интеллект платформасы - деректер жиынтығын жинауға, өңдеуге, сақтау мен таратуға және жасанды интеллект саласында көрсетілетін қызметтер ұсынуға арналған технологиялық платформа;
2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 55) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
55) ұлттық жасанды интеллект платформасының операторы - өзіне бекітілген Ұлттық жасанды интеллект платформасының дамуы мен жұмыс істеуін қамтамасыз ету жүктелген, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын заңды тұлға;
55-1) 2023.06.02. № 194-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2023 ж. 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2020.25.06. № 347-VІ ҚР Заңымен 55-2) тармақшамен толықтырылды; 2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен 55-2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
55-2) цифрлық құжаттар сервисі - «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторға бекітіп берілген және ақпараттандыру объектілерінен алынған мәліметтер негізінде қалыптастырылған электрондық түрдегі құжаттарды көрсетуге және пайдалануға арналған объектісі.
Мемлекеттік органдар, жеке және заңды тұлғалар пайдаланатын және оларға ұсынылатын цифрлық құжаттар сервисіндегі құжаттардың қағаз жеткізгіштегі құжаттармен мәні бірдей;
55-3) 2023.06.02. № 194-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2023 ж. 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
56) цифрлық сауаттылық - адамның ақпараттық-коммуникациялық технологияларды білуі және оларды күнделікті әрі кәсіптік қызметінде пайдалана білуі;
56-1) 2023.06.02. № 194-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2023 ж. 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2020.25.06. № 347-VІ ҚР Заңымен 57) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2023.06.02. № 194-VІІ ҚР Заңымен 57) тармақша өзгертілді (2023 ж. 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
57) электрондық ақпараттық ресурстар - электрондық жеткізгіште және ақпараттандыру объектілерінде қамтылған электрондық-цифрлық нысандағы деректер;
2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 57-1) тармақшамен толықтырылды
57-1) электрондық ақпараттық ресурстарда қамтылған, қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді сақтау, өңдеу және тарату процестерінің қорғалуын қамтамасыз етуді зерттеп-қарау - электрондық ақпараттық ресурстарда қамтылған қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді өңдеуді, сақтауды, таратуды және қорғауды жүзеге асырған кезде қолданылатын қауіпсіздік шаралары мен қорғау әрекеттерін бағалау;
58) «электрондық әкiмдiк» - жергiлiктi атқарушы органдардың мемлекеттік функцияларды автоматтандыруға және оңтайландыруға негізделген, сондай-ақ және электрондық нысанда қызметтер көрсетуге арналған, «электрондық үкіметтің» бір бөлігі болып табылатын мемлекеттік органдармен, жеке және заңды тұлғалармен ақпараттық өзара іс-қимыл жүйесі;
59) 2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2023 ж. 1 қаңтардан қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
60) электрондық жеткізгіш - ақпаратты электрондық нысанда сақтауға, сондай-ақ оны техникалық құралдар көмегімен жазуға немесе тыңдатып-көрсетуге арналған материалдық жеткізгіш;
2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 61) тармақша өзгертілді
61) электрондық нысанда көрсетілетін қызметтерді алушы субъект - мемлекеттік немесе өзге де көрсетілетін қызметтерді электрондық нысанда алуға өтініш білдірген жеке немесе заңды тұлға;
62) электрондық нысанда қызметтер көрсету субъектісі - мемлекеттік немесе өзге де қызметтерді электрондық нысанда көрсететін жеке немесе заңды тұлға;
2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен 62-1) тармақшамен толықтырылды; 2019.18.03. № 237-VІ ҚР Заңымен (2019 ж. 30 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2020.25.06. № 347-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 62-1) тармақша жаңа редакцияда
62-1) электрондық өнеркәсіп - тұтынушыларға арналған компьютерлер, компьютерлік перифериялық жабдық, коммуникациялық жабдық, электрондық аспаптар, ғарышқа арналған өлшеу, тестілеу және авиациялық, иррадиациялық-төзімді құрамдастар, электромедициналық және электротерапиялық жабдық, оптикалық аспаптар мен жабдық, магниттік және оптикалық ортаны зерттеуге арналған жабдық сияқты құрылғыларды әзірлеуді, құрастыруды, сынауды және өндіруді, сондай-ақ электрондық өнеркәсіп өнімдеріне арналған тораптар, құрауыштар (интегралды микросхемалар, «активті» және «пассивті» электрондық компоненттер) мен қосалқы бөлшектер өндірісін қамтитын өнеркәсіп саласы;
2020.25.06. № 347-VІ ҚР Заңымен 62-2) тармақшамен толықтырылды
62-2) электрондық өнеркәсіп өнімі - электрондық құрамдастар және олардан жасалған түрлі мақсаттағы бұйымдар;
2020.25.06. № 347-VІ ҚР Заңымен 62-3) тармақшамен толықтырылды
62-3) электрондық өнеркәсіп саласындағы уәкілетті орган - электрондық өнеркәсіп саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
63) «электрондық үкімет» - мемлекеттік органдардың мемлекеттік функцияларды автоматтандыруға және оңтайландыруға негізделген, сондай-ақ электрондық нысанда қызметтер көрсетуге арналған өздерінің арасындағы және жеке және заңды тұлғалармен ақпараттық өзара іс-қимыл жүйесі;
2019.18.03. № 237-VІ ҚР Заңымен 64) тармақша жаңа редакцияда (2019 ж. 30 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2020.25.06. № 347-VІ ҚР Заңымен 64) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
64) «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілері - мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстар, мемлекеттік органдардың бағдарламалық қамтылымы, мемлекеттік органның интернет-ресурсы, «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектілері, оның ішінде өзге де тұлғалардың мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстарды қалыптастыруға, мемлекеттік функцияларды жүзеге асыруға және мемлекеттік қызметтер көрсетуге арналған ақпараттандыру объектілері;
65) 2020.25.06. № 347-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
66) «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы - «электрондық үкіметтің» жұмыс істеуін қамтамасыз ететін ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым;
67) «электрондық үкiметтiң» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторы (бұдан әрі - оператор) - өзіне бекітіп берілген «электрондық үкiметтiң» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының жұмыс істеуін қамтамасыз ету жүктелген, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын заңды тұлға;
2019.18.03. № 237-VІ ҚР Заңымен (2019 ж. 30 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 68) тармақша өзгертілді
68) «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық платформасы - мемлекеттік органның қызметін автоматтандыруға, оның ішінде мемлекеттік функцияларды автоматтандыруға және олардан туындайтын мемлекеттік қызметтерді көрсетуге, сондай-ақ мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстарды орталықтандырылған жинауға, өңдеуге, сақтауға арналған технологиялық платформа;
2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен 69) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
69) «электрондық үкіметтің» архитектурасы - тиісті салалар (аялар) бөлінісінде мемлекеттік басқарудың міндеттерін, функцияларын қоса алғанда, «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерінің цифрлық нысандағы сипаттамасы;
2023.11.12. № 44-VIII ҚР Заңымен 69-1) тармақшамен толықтырылды (2024 ж. 11 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді)
69-1) «электрондық үкіметтің» бірыңғай репозиторийі - «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерінің бастапқы кодтары мен олардан құрастырылған орындалатын кодтарды сақтау орны;
70) «электрондық үкіметтің» веб-порталындағы пайдаланушы кабинеті - «электрондық үкімет» веб-порталының электрондық нысанда қызметтер көрсету мәселелері, өтініштерді қарайтын субъектілерге жеке және заңды тұлғалардың өтініш жасау, сондай-ақ дербес деректерді пайдалану мәселелері бойынша көрсетілген тұлғалардың мемлекеттік органдармен ресми ақпараттық өзара іс-қимылына арналған құрамдасы;
2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен 71) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
71) «электрондық үкiметтiң» сервистік интеграторы - «электрондық үкіметтің» архитектурасын дамытуды әдістемелік қамтамасыз ету жөніндегі функциялар, сондай-ақ осы Заңда көзделген өзге де функциялар жүктелген, Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын заңды тұлға;
2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен 71-1) тармақшамен толықтырылды
71-1) «электрондық үкіметтің» сыртқы шлюзі - мемлекеттік органдардың бірыңғай көліктік ортасында тұрған ақпараттық жүйелердің мемлекеттік органдардың бірыңғай көліктік ортасынан тыс тұрған ақпараттық жүйелермен өзара іс-қимылын қамтамасыз етуге арналған «электрондық үкімет» шлюзінің кіші жүйесі;
72) «электрондық үкіметтің» электрондық поштасының бірыңғай шлюзі - ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкес «электрондық үкіметтің» электрондық поштасының қорғалуын қамтамасыз ететін аппараттық-бағдарламалық кешен.
2-бап. Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңнамасы
1. Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.
2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңда қамтылғаннан өзгеше қағидалар белгiленсе, халықаралық шарттың қағидалары қолданылады.
3-бап. Ақпараттандыру саласындағы қоғамдық қатынастарды мемлекеттiк реттеудiң мақсаттары мен қағидаттары
2021.27.12. № 87-VIІ ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Ақпараттандыру саласындағы қоғамдық қатынастарды мемлекеттiк реттеудiң мақсаттары ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымды қалыптастыру және оны дамытуды қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасының әлеуметтік және экономикалық дамуы мен бәсекеге қабілеттілігін ақпараттық жағынан қамтамасыз ету үшін ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер өндірісінде елішілік құндылықты дамыту үшін жағдайлар жасау болып табылады.
2. Ақпараттандыру саласындағы қоғамдық қатынастарды мемлекеттiк реттеу мынадай:
1) заңдылық;
2) жеке тұлғалардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін, сондай-ақ заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін сақтау;
3) жеке және заңды тұлғалардың ақпараттандыру саласындағы қызметке қатысу және оның нәтижелерiн пайдалану құқықтарының теңдігі;
4) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қол жеткiзілуі шектелген электрондық ақпараттық ресурстардан басқа, мемлекеттiк органдардың қызметi туралы ақпаратты қамтитын электрондық ақпараттық ресурстарға еркiн қол жеткiзуді және олардың міндетті түрде берілуін (ашықтық презумпциясы) қамтамасыз ету;
5) Қазақстан Республикасының заңдарында жариялы таратылуының не мемлекеттік органдармен берілуінің міндетті сипаты белгіленген электрондық ақпараттық ресурстардың уақтылы берілуі, объективтілігі, толымдылығы және анықтығы;
6) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қолжетімділігі шектелмеген кез келген электрондық ақпараттық ресурстарды iздеу, қалыптастыру және беру еркiндiгi;
7) ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану кезiнде жеке бастың, қоғам мен мемлекеттің қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету;
8) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласын және адал бәсекелестікті дамыту үшін жағдай жасау;
9) «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерін орталықтандырып басқаруды қамтамасыз ету;
10) Қазақстан Республикасының аумағында ақпараттандыру объектілерінің сенімділігі мен басқарылуын қамтамасыз ететін бірыңғай стандарттар негiзiнде ақпараттандыру жөніндегі қызметті жүзеге асыру қағидаттарына негізделеді.
4-бап. Осы Заңның қолданылу саласы
1. Қазақстан Республикасының аумағында, ақпараттандыру объектілерін құру, дамыту, қолдап отыру, пайдалану кезінде, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласын дамытуды мемлекеттік қолдау кезінде мемлекеттік органдар, жеке және заңды тұлғалар арасында туындайтын ақпараттандыру саласындағы қоғамдық қатынастар осы Заңның қолданылу саласы болып табылады.
2. Осы Заңның күші:
1) ақпараттың мазмұны мен таратылу тәсілдеріне;
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2020.25.06. № 347-VІ ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2) тармақша өзгертілді; 2024.19.06. № 97-VIII ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (2024 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2024.05.07. № 115-VІІІ ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2024 ж. 17 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мен оның құрылымына кіретін ұйымдар, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау жəне қадағалау жөніндегі уəкілетті орган «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы объектілерімен интеграцияланбайтын интернет-ресурстарды, ақпараттық жүйелерді құру немесе дамыту жөніндегі, деректерді басқару жөніндегі талаптарға сəйкес мемлекеттік органдардың функцияларды іске асыруы мақсатында деректерді талдауды жүзеге асыру үшін электрондық ақпараттық ресурстарды жинау, өңдеу, сақтау, беру жөніндегі жұмыстарды жүзеге асырған кезде, сондай-ақ ақпараттандыру саласында тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүргізген кезде туындайтын қатынастарға қолданылмайды.
3) 2024.19.06. № 97-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2024 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 3-тармақпен толықтырылды (2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді)
3. Осы Заңның екінші деңгейдегі банктерге қатысты қолданылатын ережелері Қазақстан Республикасының аумағында ашылған Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдарына қолданылады.
2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 4-тармақпен толықтырылды
4. Қазақстан Республикасы арнаулы мемлекеттік органдарының ақпараттық жүйелерін құру және дамыту осы Заңның 39-1-бабында айқындалатын тәртіппен жүзеге асырылады.
2-тарау. АҚПАРАТТАНДЫРУ САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ
5-бап. Ақпараттандыру саласындағы мемлекеттік басқарудың негізгі міндеттері
Ақпараттандыру саласындағы мемлекеттік басқарудың негізгі міндеттері:
1) ақпараттық қоғамды қалыптастыру мен дамыту;
2) мемлекеттік органдардың әкімшілік реформасын іске асыру мен қолдап отыруды қамтамасыз ету;
3) «электрондық үкіметті» және «электрондық әкімдікті» дамыту;
4) цифрлық сауаттылықты арттыру;
5) білім беру процесінің қатысушыларын электрондық оқытудың электрондық ақпараттық ресурстарына қол жеткізуге арналған жағдайлармен қамтамасыз ету;
6) қазіргі заманғы ақпараттық-коммуникациялық технологияларды дамыту және оларды өндірістік процестерге ендіру үшін жағдайларды қамтамасыз ету;
7) ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың отандық саласын қалыптастыруға және дамытуға жәрдемдесу;
2021.27.12. № 87-VIІ ҚР Заңымен 8) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
8) ақпараттандыру саласында бірыңғай ғылыми, техникалық, мемлекеттік технологиялық және өнеркәсіптік саясатты қалыптастыру және іске асыру;
9) мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстарды, ақпараттық жүйелер мен телекоммуникация желілерін қалыптастыру, дамыту және қорғау, олардың бірыңғай ақпараттық кеңістікте өзара іс-қимылын қамтамасыз ету;
2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен 9-1) тармақшамен толықтырылды
9-1) ақпараттандырудың сервистік моделіне көшуді қамтамасыз ету;
10) мемлекеттік органдардың, жеке және заңды тұлғалардың ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мониторингі;
11) ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғаларына, оның ішінде әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде, төтенше жағдай немесе соғыс жағдайы енгізілген кезде олардың алдын алу және оларға жедел ден қою;