11) Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінде көзделген негіздер бойынша қылмыстық қудалау органының тапсырмасы;
12) Қазақстан Республикасының атом энергиясын пайдалану саласындағы жəне (немесе) радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу саласындағы заңнамасының талаптарын бұзу бойынша бақылау мен қадағалау субъектілеріне (объектілеріне) қатысты шаралар қабылдау туралы жоғары тұрған мемлекеттік органның бірінші басшысының тапсырмасы;
13) тұрақты бақылау мен қадағалау жүргізу барысында берілген, анықталған бұзушылықтарды жою туралы жедел нұсқамалардың орындалмауы;
14) масс-медиадағы, мемлекеттік органдардың цифрлық жүйелеріндегі Қазақстан Республикасының атом энергиясын пайдалану саласындағы жəне (немесе) радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу саласындағы заңнамасының талаптарын бұзу туралы жарияланымдар мен хабарлар;
15) тексеруді жүзеге асыру үшін қажетті ақпарат алу мақсатында, тексерілетін субъект азаматтық-құқықтық қатынастарда болған үшінші тұлғаларға қатысты қарсы тексеру.
8. Жоспардан тыс тексеру нысанасына жатпайтын, ядролық, радиациялық жəне ядролық физикалық қауіпсіздік деңгейін төмендетуге алып келетін, Қазақстан Республикасының атом энергиясын пайдалану саласындағы жəне (немесе) радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу саласындағы заңнамасының талаптарын бұзу фактілері анықталған кезде олар тексеру нəтижелері туралы актіде көрсетіледі.
9. Анонимдік жолданымдар келіп түскен жағдайда жоспардан тыс тексерулер жүргізілмейді.
7-3-бап. Тұрақты мемлекеттік бақылау мен қадағалау режимі
1. Радиациялық қауіптілігі 1-санаттағы қондырғылармен қызметті жүзеге асыратын бақылау мен қадағалау субъектілеріне қатысты тұрақты мемлекеттік бақылау мен қадағалау режимі белгіленеді.
2. Тұрақты мемлекеттік бақылау мен қадағалау бақылау жəне қадағалау органының уəкілетті лауазымды адамдарының тікелей радиациялық қауіптілігі 1-санаттағы қондырғыларда тұрақты болуы жəне қауіпсіздіктің жай-күйін бақылау мен қадағалау жөніндегі іс-шараларды жүргізуі арқылы жүзеге асырылады.
3. Радиациялық қауіптілігі 1-санаттағы қондырғылармен қызметті жүзеге асыратын бақылау мен қадағалау субъектілерінің осы қондырғылардың өмірлік циклінің барлық кезеңінде ядролық, радиациялық, ядролық физикалық қауіпсіздік жөніндегі талаптарды, ядролық қаруды таратпау режимін сақтауы, сондай-ақ радиациялық қауіптілігі 1-санаттағы қондырғылардың, олардың жүйелері мен элементтерінің көрсетілген талаптарға сəйкестігі тұрақты мемлекеттік бақылау мен қадағалаудың нысанасы болады.
4. Тұрақты мемлекеттік бақылау мен қадағалау осы Заңға жəне уəкілетті орган бекітетін атом энергиясын пайдалану саласында тұрақты мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүргізу қағидаларына сəйкес жүргізіледі.
5. Тұрақты мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүргізуге уəкілетті лауазымды адамдардың тізімдерін бақылау жəне қадағалау органының аумақтық бөлімшесінің басшысы мынадай шарттарды сақтай отырып бекітеді:
1) радиациялық қауіптілігі 1-санаттағы бір қондырғыға бақылау жəне қадағалау органының кемінде екі лауазымды адамы тағайындалады;
2) радиациялық қауіптілігі 1-санаттағы бір қондырғыға лауазымды адамдарды тағайындау мерзімі үш жылдан аспайды;
3) лауазымды адамдарды радиациялық қауіптілігі 1-санаттағы қондырғылар арасында əрбір үш жыл сайын ротациялау жүргізіледі.
6. Тұрақты мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүргізуге уəкілетті лауазымды адамдардың өзекті тізімдері бақылау мен қадағалау субъектілеріне жыл сайын тұрақты мемлекеттік бақылау мен қадағалау жүргізілген жылдың алдындағы жылдың 10 желтоқсанына дейінгі мерзімде жіберіледі.
7. Бұл ретте тұрақты мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүргізуге уəкілетті лауазымды адамдардың құрамы бақылау жəне қадағалау органының аумақтық бөлімшесі басшысының шешімімен өзгеруі мүмкін, бұл туралы бақылау мен қадағалау субъектісі (объектісі) шешім қабылданғаннан кейін хабардар етіледі.
8. Радиациялық қауіптілігі 1-санаттағы қондырғылармен қызметті жүзеге асыратын бақылау мен қадағалау субъектілері уəкілетті адамдар қызметтік куəлігін көрсеткен кезде уəкілетті лауазымды адамдардың объектілерге, олардың жүйелері мен элементтеріне, сондай-ақ құжаттарға кедергісіз қол жеткізуін қамтамасыз етуге міндетті.
9. Тұрақты мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүргізу барысында атом энергиясын пайдалану саласындағы жəне (немесе) радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу саласындағы заңнама талаптарының бұзылуы, сондай-ақ объектілердің, олардың жүйелері мен элементтерінің көрсетілген талаптарға сəйкес келмеуі анықталған жағдайларда уəкілетті лауазымды адам бұзушылықтарды жою туралы жедел нұсқама ресімдейді жəне береді.
10. Бұзушылықтарды жою мерзімдері оны орындаудың нақты мүмкіндігіне əсер ететін мəн-жайлар ескеріле отырып айқындалады.
11. Бақылау мен қадағалау субъектісіне байланысты емес себептер бойынша жедел нұсқаманы (жедел нұсқаманың тармағын) белгіленген мерзімде орындау мүмкін болмаған жағдайда, бақылау мен қадағалау субъектісі нұсқаманы орындау мерзімі аяқталғанға дейін бес жұмыс күнінен кешіктірмей жедел нұсқаманы берген уəкілетті лауазымды адамға қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі өтеу шараларын көрсете отырып жəне көрсетілген шаралардың тиімділігі мен жеткіліктілігін негіздей отырып, жедел нұсқаманың (жедел нұсқама тармағының) орындалу мерзімін ұзарту туралы уəжді өтінішхатпен жүгінуге құқылы.
12. Жедел нұсқаманы берген бақылау жəне қадағалау органының уəкілетті лауазымды адамы баяндалған дəлелдерді ескере отырып, жедел нұсқаманы орындау мерзімдерін ұзарту туралы өтінішті алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде нақты орындау мерзімдерін көрсете отырып, анықталған бұзушылықтарды жою туралы жедел нұсқаманы орындау мерзімдерін ұзарту туралы немесе уəжді негіздемемен ұзартудан бас тарту туралы шешім қабылдайды.
13. Бұзушылықтарды жою туралы жедел нұсқамаларды белгіленген мерзімде орындамау осы Заңда белгіленген тəртіппен бақылау мен қадағалау субъектісін (объектісін) жоспардан тыс тексеруді тағайындау үшін негіз болады.
14. Бақылау жəне қадағалау органының уəкілетті лауазымды адамдарының тұрақты мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүргізу кезінде:
1) бақылау мен қадағалау субъектісінің (объектісінің) аумағында, үй-жайларында тұрақты болуға, жабдықтарына, элементтеріне, жүйелеріне, техникалық құралдарына, материалдарына, сондай-ақ құжаттары мен қауіпсіздікті бақылау құралдарына кедергісіз қол жеткізуге;
2) ядролық қауіпсіздікті жəне (немесе) радиациялық қауіпсіздікті жəне (немесе) ядролық физикалық қауіпсіздікті бағалау мен сараптамалар жүргізу үшін атом энергиясын пайдалану саласындағы ғылыми-техникалық қолдау ұйымының мамандарын тартуға;
3) мемлекеттік бақылау мен қадағалау нысанасына сəйкес құжаттарды (мəліметтерді) қағаз жəне электрондық жеткізгіштерде не олардың көшірмелерін алуға, сондай-ақ автоматтандырылған дерекқорларға (цифрлық жүйелерге) қол жеткізуге;
4) аудио-, фото- жəне бейнетүсірілімді жүзеге асыруға;
5) регистрограммаларды, осциллограммаларды, техникалық бақылау құралдарының, қадағалау жəне тіркеп-белгілеу аспаптарының жазбаларын, жедел журналдардан үзінді көшірмелерді, түсініктеме жазбаларды, схемаларды, сызбаларды, фото-, аудио- жəне бейнематериалдарды, сауалнама парақтарын жəне мемлекеттік бақылау мен қадағалау нысанасына жататын басқа да материалдарды пайдалануға;
6) түсініктеме алу үшін бақылау мен қадағалау субъектісін шақыруға;
7) ядролық қауіпсіздікке жəне (немесе) радиациялық қауіпсіздікке жəне (немесе) ядролық физикалық қауіпсіздікке зерттеулер, сынақтар мен сараптамалар жүргізуге бастама жасауға;
8) аварияға қарсы жаттығулар мен оқу-жаттығуларға қатысуға құқығы бар.
15. Бақылау жəне қадағалау органының уəкілетті лауазымды адамдары мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүргізу кезінде:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасын, бақылау мен қадағалау субъектілерінің (объектілерінің) құқықтары мен заңды мүдделерін сақтауға;
2) осы Заңда жəне уəкілетті орган бекітетін атом энергиясын пайдалану саласындағы тұрақты мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүргізу қағидаларында белгіленген тəртіп негізінде жəне соған қатаң сəйкестікте тұрақты мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүргізуге;
3) егер осы Заңда өзгеше көзделмесе, мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүргізу кезеңінде бақылау мен қадағалау субъектілерінің (объектілерінің) белгіленген жұмыс режиміне кедергі келтірмеуге;
4) Қазақстан Республикасының заңдарына сəйкес берілген, Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзушылықтардың алдын алу, оларды анықтау жəне жолын кесу жөніндегі өкілеттікті уақтылы жəне толық көлемде жүзеге асыруға;
5) бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) не оның уəкілетті өкіліне мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүргізу кезінде қатысуға, мемлекеттік бақылау мен қадағалау нысанасына қатысты мəселелер бойынша түсіндірмелер беруіне кедергі келтірмеуге;
6) бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) мемлекеттік бақылау мен қадағалау нысанасына жататын қажетті ақпаратты беруге;
7) бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) анықталған бұзушылықтарды жою туралы жедел нұсқаманы табыс етуге;
8) тұрақты мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүргізу нəтижесінде алынған құжаттар мен мəліметтердің сақталуын жəне құпиялылығын қамтамасыз етуге міндетті.
16. Бақылау мен қадағалау субъектілері не олардың уəкілетті адамдары тұрақты мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүргізу кезінде:
1) бақылау жəне қадағалау органының лауазымды адамдарын:
тұрақты мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүргізу бақылау жəне қадағалау органының тиісті өкілеттіктері жоқ лауазымды адамдарына тапсырылған;
осы Заңда белгіленген талаптар өрескел бұзылған жағдайларда тұрақты мемлекеттік бақылау мен қадағалауға жібермеуге;
2) ядролық, радиациялық жəне ядролық физикалық қауіпсіздік деңгейінің төмендеуіне алып келетін, Қазақстан Республикасының атом энергиясын пайдалану саласындағы жəне (немесе) радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу саласындағы заңнамасының талаптарын бұзу фактілері анықталған жағдайларды қоспағанда, құжаттар мен мəліметтерді, егер олар тексеру нысанасына жатпаса, ұсынбауға;
3) бақылау жəне қадағалау органы лауазымды адамдарының бұзушылықтарды жою туралы жедел нұсқамасына, сондай-ақ əрекеттеріне (əрекетсіздігіне) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тəртіппен шағым жасауға;
4) бақылау жəне қадағалау органының уəкілетті лауазымды адамының бақылау мен қадағалау субъектілерінің қызметін шектейтін, заңға негізделмеген тыйым салуларын орындамауға;
5) бақылау жəне қадағалау органының уəкілетті лауазымды адамдарының қызметіне кедергі келтірмей, тұрақты мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру процесін, сондай-ақ бақылау жəне қадағалау органының уəкілетті лауазымды адамдарының тұрақты мемлекеттік бақылау мен қадағалау шеңберінде жүргізетін жекелеген əрекеттерін аудио-, фото- жəне бейнетүсірілім арқылы тіркеп-белгілеуге құқылы.
17. Бақылау мен қадағалау субъектілері не олардың уəкілетті адамдары тұрақты мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүргізу кезінде:
1) бақылау жəне қадағалау органының уəкілетті лауазымды адамдарының бақылау мен қадағалау субъектісінің (объектісінің) аумағына, үй-жайларына, жабдықтарына, элементтеріне, жүйелеріне, техникалық құралдарына, материалдарына, сондай-ақ құжаттары мен қауіпсіздікті бақылау құралдарына кедергісіз қол жеткізуін қамтамасыз етуге;
2) қызметтік үй-жай (жұмыс орнын), жеке қорғану құралдарын, байланыс құралдарын жəне объектінің цифрлық жүйелеріне қолжетімділік беруді қоса алғанда, бақылау жəне қадағалау органының уəкілетті лауазымды адамдарын олардың өз өкілеттіктерін жүзеге асыруы үшін қажетті жағдайлармен қамтамасыз етуге;
3) коммерциялық, салықтық не заңмен қорғалатын өзге де құпияны қорғау жөніндегі талаптарды сақтай отырып, бақылау жəне қадағалау органының уəкілетті лауазымды адамдарына тұрақты мемлекеттік бақылау мен қадағалау нысанасына сəйкес құжаттардың (мəліметтердің) көшірмелерін қағаз жəне электрондық жеткізгіштерде ұсынуға, сондай-ақ автоматтандырылған дерекқорларға (цифрлық жүйелерге) қолжетімділік беруге;
4) жедел нұсқаманың екінші данасында алғаны туралы белгі қоюға;
5) бақылау жəне қадағалау органының уəкілетті лауазымды адамдарының тұрақты мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүргізу кезінде осы объект үшін белгіленген нормативтерге сəйкес зиянды жəне қауіпті өндірістік ықпал ету факторларынан қауіпсіздігін қамтамасыз етуге міндетті.
18. Бақылау мен қадағалау субъектісі жедел нұсқамада көрсетілген бұзушылықтармен келіспеген жағдайда, жедел нұсқама берілген күннен кейінгі күннен бастап бес жұмыс күні ішінде бақылау жəне қадағалау органының аумақтық бөлімшесіне қарсылық жіберуге құқылы.
Қарсылықта бақылау мен қадағалау субъектісі бақылау жəне қадағалау органына жіберілетін ескертулерді жəне (немесе) дəлелдерді баяндауға міндетті.
Бақылау жəне қадағалау органының аумақтық бөлімшесі қарсылықты алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде ескертулерді жəне (немесе) дəлелдерді ескере отырып, қарсылықты қабылдау немесе қабылдаудан дəлелді негіздемемен бас тарту туралы шешім қабылдайды.»;
5) 5-тарау мынадай мазмұндағы 7-4, 7-5, 7-6, 7-7, 7-8, 7-9 жəне 7-10-баптармен толықтырылсын:
«7-4-бап. Қашықтан бақылау
1. Қашықтан бақылауды бақылау жəне қадағалау органы атом энергиясын пайдалану объектілерімен жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік пен сенімділікке əсер ететін бұзушылықтарды анықтау тұрғысынан бақылау мен қадағалау субъектілерінің (объектілерінің) қызметін талдау арқылы тұрақты негізде жүргізеді.
2. Қашықтан бақылауды бақылау жəне қадағалау органы осы баптың 1-тармағына сəйкес бұзушылыққа жол берген бақылау мен қадағалау субъектілеріне (объектілеріне) қатысты бақылау мен қадағалау субъектілерінің (объектілерінің) қызметін жəне цифрлық жүйелер деректерін, бақылау мен қадағалау субъектілері (объектілері) ұсынған есептілікті, ашық көздерді, бұқаралық ақпарат құралдарын, сондай-ақ бақылау мен қадағалау субъектісінің (объектісінің) қызметі туралы басқа да мəліметтерді, оның ішінде мемлекеттік органдармен ведомствоаралық өзара іс-қимыл жасау шеңберінде алынған ақпаратты талдау негізінде жүргізеді.
3. Қашықтан бақылау нəтижелері бойынша бұзушылықтар анықталған жағдайда, бұзушылықтар анықталған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде бұзушылықтарды жою туралы қорытынды жасалады жəне бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) жіберіледі.
Қашықтан бақылау нəтижелері туралы қорытындының нысанын уəкілетті орган бекітеді.
4. Бақылау жəне қадағалау органы қашықтан бақылауды жүргізу шеңберінде:
1) бақылау мен қадағалау субъектілерінен (объектілерінен) жəне олардың лауазымды адамдарынан мəліметтер мен құжаттарды не олардың көшірмелерін жазбаша түрде сұратуға;
2) бақылау нысанасына қатысты түсініктемелер алу үшін бақылау мен қадағалау субъектілерін шақыруға құқылы.
5. Бақылау мен қадағалау субъектілері (объектілері) бақылау жəне қадағалау органының сұрау салуында көрсетілген мəліметтер мен құжаттарды бақылау жəне қадағалау органы белгілеген мерзімдерде ұсынуға міндетті.
6. Қашықтан бақылау нəтижелері туралы қорытынды екі данада жасалады. Бір данасы бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) жіберіледі, екінші данасы бақылау жəне қадағалау органында қалады.
Төменде санамаланған тəсілдердің бірімен жіберілген қашықтан бақылау нəтижелері туралы қорытынды мынадай жағдайларда:
1) қолма-қол - қорытындыда алғаны туралы белгі жасалған күннен бастап;
2) поштамен - хабарламасы бар тапсырысты хатпен;
3) ұялы байланыстың абоненттік құрылғыларына, оның ішінде «цифрлық үкімет» веб-порталында тіркелген құрылғыларға, жедел хабар алмасу сервистеріне, электрондық поштамен жіберілген жағдайда, бақылау жəне қадағалау органы бақылау мен қадағалау субъектісінің (объектісінің) ресми өзара іс-қимыл жасау үшін пайдаланылатын мекенжайына жіберген күннен бастап тиісті түрде табыс етілді деп есептеледі.
7. Қашықтан бақылау нəтижелері туралы қорытындыны алған бақылау мен қадағалау субъектісі оны табыс еткен күннен кейінгі күннен бастап он жұмыс күні ішінде қашықтықтан бақылау жүргізген бақылау жəне қадағалау органына анықталған бұзушылықтарды жоюдың нақты мерзімдерін көрсете отырып, оларды жою жөніндегі іс-шаралар жоспарын ұсынуға міндетті.
Қашықтан бақылау нəтижелері туралы қорытындыда көрсетілген мерзімдер өткеннен кейін бақылау мен қадағалау субъектісі қашықтан бақылау нəтижелері туралы қорытындының орындалуы туралы ақпарат береді.
Бақылау мен қадағалау субъектісі (объектісі) қашықтан бақылау нəтижелері туралы қорытындының орындалуы туралы берілген ақпаратқа бұзушылықты жою фактісін дəлелдейтін материалдарды қоса береді.
8. Бақылау мен қадағалау субъектісі қашықтан бақылау нəтижелері туралы қорытындыда көрсетілген бұзушылықтармен келіспеген жағдайда, қашықтан бақылау нəтижелері туралы қорытындыны жіберген, қашықтан бақылауды жүргізген бақылау жəне қадағалау органына қашықтан бақылау нəтижелері туралы қорытынды табыс етілген күннен кейінгі күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қарсылық жіберуге құқылы.
Бақылау мен қадағалау субъектісі қарсылықта бақылау жəне қадағалау органына жіберілетін ескертулерді жəне (немесе) дəлелдерді баяндауға міндетті.
Қашықтан бақылауды жүргізген бақылау жəне қадағалау органы қарсылықты алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде ескертулерді жəне (немесе) дəлелдерді ескере отырып, қарсылықты қабылдау немесе қабылдаудан дəлелді негіздемемен бас тарту туралы шешім қабылдайды.
9. Қашықтан бақылау нəтижелері туралы қорытындыны белгіленген мерзімде орындамау осы Заңға сəйкес бақылау мен қадағалау субъектісін (объектісін) жоспардан тыс тексеруді тағайындау үшін негіз болады.
10. Атом энергиясын пайдалану саласында қашықтан бақылауды жүзеге асыру құқықтық статистика жəне арнайы есепке алу саласындағы уəкілетті органда тіркеуді жəне бақылау мен қадағалау субъектісін (объектісін) алдын ала хабардар етуді талап етпейді.
7-5-бап. Атом энергиясын пайдалану саласындағы тергеп-тексеру
1. Атом энергиясын пайдалану саласындағы тергеп-тексеру (бұдан əрі - тергеп-тексеру) мынадай негіздерде жүргізіледі:
1) адамның өміріне, денсаулығына, қоршаған ортаға, жеке жəне заңды тұлғалардың, мемлекеттің құқықтары мен заңды мүдделеріне зиян келтірудің нақты фактілері бойынша, мұндай факт адамдардың кең тобына қатысты болған жəне бұзушылыққа жол берген нақты тұлғаны (нақты тұлғаларды) анықтау талап етілетін жағдайларда жеке жəне (немесе) заңды тұлғалардың, сондай-ақ мемлекеттік органдардың жолданымдары;
2) ядролық, радиациялық жəне ядролық физикалық қауіпсіздікке байланысты, олардың алдындағы мəн-жайларды анықтау, олардың себептерін, бұзушылықтардың сипатын анықтау, салдарын жою жəне осындай бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі іс-шараларды айқындау қажеттілігі туындайтын авариялар мен оқыс оқиғалар туралы ақпарат.
2. Тергеп-тексеруді бақылау жəне қадағалау органының лауазымды адамдары осы Заңға жəне атом энергиясын пайдалану саласында тергеп-тексеруді жүргізу қағидаларына сəйкес жүргізеді.
3. Тергеп-тексеруге қажет болған жағдайда атом энергиясын пайдалану саласындағы ғылыми-техникалық қолдау ұйымының мамандары, мемлекеттік органдар мен ұйымдардың мамандары, консультанттары мен сарапшылары, атом энергиясын пайдалану саласындағы халықаралық сарапшылар тартылады.
Тартылған сарапшылар мен мамандардың қорытындылары тексеру нəтижелері бойынша материалдарға міндетті түрде қоса тіркеледі.
4. Бақылау мен қадағалау субъектілері тергеп-тексеру шеңберінде:
1) бақылау жəне қадағалау органының лауазымды адамына немесе комиссия мүшелеріне, тартылған сарапшылар мен мамандарға болуы туралы талап бақылау мен қадағалау субъектісінің ішкі құжаттарында көзделген арнайы киім мен жеке қорғану құралдарын беруді;
2) тергеп-тексеруге қатысты, оның ішінде мұрағаттық құжаттарды жəне (немесе) материалдарды, жазбаша жəне (немесе) ауызша нысанда түсініктемелерді ұсынуды;
3) зерттеп қарауды, қарап тексеруді жүргізу үшін кедергісіз мүмкіндікті;
4) бақылау жəне қадағалау органының лауазымды адамдарының, комиссия мүшелерінің, тартылған сарапшылар мен мамандардың тергеп-тексеру нысанасына жататын объектінің аумағына (əкімшілік ғимараттарға, құрылыстарға, құрылысжайларға, үй-жайларға жəне басқа да объектілерге) кедергісіз кіруін қамтамасыз етуге міндетті.
5. Тергеп-тексеруді жүргізу барысында Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзудың себептері анықталады, тергеп-тексеруді жүргізуге негіз болған, Қазақстан Республикасы заңнамасы талаптарының бұзылуына жол берген бақылау мен қадағалау субъектілері (объектілері) айқындалады.
6. Тергеп-тексеру нəтижелері бойынша тергеп-тексеру нəтижелері туралы акт жасалады, онда анықталған бұзушылықтар, оларды жою жөніндегі нұсқаулар, анықталған бұзушылықтарды жою мерзімдері де көрсетіледі.
Анықталған бұзушылықтарды жою мерзімдері тергеп-тексеру нəтижелері туралы актіні орындаудың нақты мүмкіндігіне əсер ететін мəн-жайлар ескеріле отырып айқындалады жəне ол табыс етілген күннен бастап кемінде күнтізбелік он күнді құрайды.
Бақылау мен қадағалау субъектісі тергеп-тексеру нəтижелері туралы актіде көзделген мерзімдер өткенге дейін бұзушылықты жою фактісін дəлелдейтін материалдарды (қажет болған кезде) қоса бере отырып, анықталған бұзушылықтардың жойылғаны туралы ақпарат беруге міндетті.
7. Анықталған бұзушылықтарды жою үшін қосымша уақыт жəне (немесе) қаржы шығыны қажет болған жағдайда, бақылау мен қадағалау субъектісі өзіне тергеп-тексеру нəтижелері туралы акт табыс етілген күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей анықталған бұзушылықтарды жою мерзімдерін ұзарту туралы өтінішпен бақылау жəне қадағалау органына жүгінуге құқылы.
8. Қазақстан Республикасы заңнамасы талаптарының бұзылуына жол берген бақылау мен қадағалау субъектісі анықталған жағдайда адамдарды Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тəртіппен жауаптылыққа тарту жөнінде шаралар қабылданады.
Əкімшілік құқық бұзушылық белгілерін көрсететін жеткілікті деректер анықталған кезде Қазақстан Республикасының Əкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сəйкес əкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасалады.
9. Анықталған бұзушылықтардың жойылғаны туралы ақпарат берілген жағдайда немесе оларды жою мерзімдері өткеннен кейін жоспардан тыс тексеру жүргізіледі.
10. Атом энергиясын пайдалану саласында тергеп-тексерулерді жүргізу тəртібінің сақталмауы тергеп-тексеруді тағайындау, оның мерзімдерін ұзарту жəне нəтижелері туралы актілерді жарамсыз деп тануға жəне (немесе) олардың күшін жоюға негіз болады.
11. Тергеп-тексеруді жүргізу қорытындылары, мемлекеттік құпияларды не Қазақстан Республикасының заңдарымен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мəліметтерді қоспағанда, бақылау жəне қадағалау органының интернет-ресурсында тергеп-тексеру аяқталған күннен кейін он жұмыс күні ішінде жарияланады.
12. Тергеп-тексеру нəтижелері туралы актіге шағым жасау актінің орындалуын тоқтата тұрмайды.
7-6-бап. Атом энергиясын пайдалану саласындағы жедел ден қою шаралары жəне оларды қолдану тəртібі
1. Бақылау жəне қадағалау органы мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру барысында жəне (немесе) оның нəтижелері бойынша Қазақстан Республикасының атом энергиясын пайдалану саласындағы жəне (немесе) радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу саласындағы заңнамасының талаптарын бұзушылықтар анықталған жағдайларда, егер бақылау мен қадағалау субъектісінің (объектісінің) қызметі жеке жəне заңды тұлғалардың құқықтарына, бостандықтары мен заңды мүдделеріне, адамдардың өмірі мен денсаулығына, мүлікке, қоршаған ортаға, Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігіне тікелей қатер төндіретін болса, атом энергиясын пайдалану саласындағы жедел ден қою шараларын (бұдан əрі - жедел ден қою шаралары) қолданады.
2. Тексеруді жəне (немесе) тергеп-тексеруді жүзеге асыру барысында жəне (немесе) оларды жүргізу нəтижелері бойынша бақылау мен қадағалау субъектілеріне (объектілеріне) қолданылатын ықпал ету тəсілдері жедел ден қою шаралары болып саналады, олардың түрлері осы бапта көзделеді.
3. Жедел ден қою шаралары мынадай түрлерді қамтиды: